2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы



Дата28.04.2016
өлшемі43.21 Kb.
2010 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар туралы

Сартерек ауылдық округ әкіміне қарасты барлық елді мекендерде қаңтар айының 12-19 аралығында ауыл әкімінің елді мекендердегі тұрғындар арасында есеп беру жиналыстары өтті.

Көпшілік жиынында тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелер жинақталып, тиісті орындарға орындалуын басшылыққа алып, орындау жөнінде жіберілді.

Округ бойынша 2010 жылға арналған ауылды дамытудың әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жасалды. Онда ағымдағы 2010 жылы атқарылатын жалпы жиыны 35 жұмыстарды атқару жоспарланды.

Сондай-ақ 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспар жасалды.

Елбасының биылғы жылғы «Жаңа онжылдық, жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолддауын насихаттау мақсатында округ бойынша құрылған ақпараттық топ мүшелері барлық елді мекендерде болып, халық арасында жолдауды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сартерек ауылында биылғы қалың қардың салдарынан Сартерек ауылына су тасқынынан келетін қауіптің алдын алуға байланысты тиісті жерге тасқынға тосқауыл жасалып жатыр. Сондай-ақ су тасқынының алдын алу жұмыстарына қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты «Дарын» мекемесімен келісім шарт жасалып, дамбы (бөгет) жасалынуда. Қыс бойы қалың жауған қардан елді мекендер ішіндегі жолдар, қоқыс төгетін орындарға баратын жолдарды жеке меншік тракторымен Ш.Байғозин, «Болашақ» шаруа қожалығының жетекшісі Б.Балғабаевтың жеке меншік ДТ-75 тракторларымен ауыл тұрғындарына қолдан келген көмектерін жасап, қалың қардан тазалау жұмыстарына белсене араласуда. Ауыл тұрғындары су тасқынынан қорғану шараларын жасауда. Ауыл әкімінде округкке қарасты мектептер мен мекемелерде күндіз-түні кезекшілік атқарылуда. Су тасқынының алдын алу жұмыстарына округке көмекке келген құрамында 15 адамымен Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары, подполковник құтқару тобының жетекшісі О.Ш.Джумабеков және Қызылорда облысының судан құтқару қызметінің құтқарушысы А.Т.Исаевтар ауыл тұрғандары оның ішінде тыл ардагерлері мен жалғыз басты аналарға көп көмек көрсетті.

Аудан аумағында қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты округ аумағындағы шаруа қожалықтарына, ауыл тұрғындарына көмек ретінде 41 тонна мал азығы (жем) таратылды.

Елбасының 2009 жылғы Жолдауын іске асыру бағытында биылғы жылы 64 көп балалы аналардың құжаттары «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградасына ұсынуға жіберілді.Сондай-ақ округ бойынша 1934-37 жылы туған 30 азаматтың құжаттары тыл ардагерлеріне теңестірілгендер қатарына жатқызу үшін аудандық комиссияға жіберілді.

Округ бойынша тұрмысы төмен, аз қамтылған 15 отбасына 15 тонна тегін қысқы отын берілді.

2010 жылы ауылдық округ бойынша «Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылады.Атап айтқанда құны 3650,0 мың тұратын Сартерек ауылындағы Абай көшесін жарықтандыру, Сартерек Майқапшағай трассасынан Сартерек ауылының кіре берісіне дейін жол жөндеу жұмыстары және Бұланбай көшесіне 8 су құбырын тарту үшін 4 220 067 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары жасалды. 2010 жылдың 22 ақпан күні баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу арқылы конкурс өткізілді. Конкурс нәтижесінде ЖШС «Жанбиша» жеңімпаз болып табылды, бұл жұмысты 2010 жылдың мамыр айында бастап, шілде айында аяқтау жоспарлануда.

Округ бойынша биылғы жылы тойланатын Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өту жөнінде жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізіліп жатыр.

2010 жылдың 5 наурыз күні ауыл әкімі округ аумағындағы аз қаражатты тұрмысы төмен 36 отбасына 25,0 теңге көлемінде сый құрмет көрсетіліп, соңынан концерттік қойылым көрсетілді.Осы шараны өткізуде мәдениет қызметкерлері өз белсенділіктерін көрсетіп, аналарға мерекелік әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Сартерек ауылдық округ әкіміне 2010 жылдың 8 сәуір айынан бастап 1 бас маман-мал дәрігері әкімшілік мемлекеттік орынға жетекші маман А.Батиев қабылданды.

2010 жылдың наурыз айының 3 күні округке қарасты барлық елді мекендерде көктемгі су

тасқынының алдын алуға байланысты сенбіліктер ұйымдастырылды .

Сенбілікке округ бойынша 427 адам қатысты .

Онда барлық су ағатын арықтар аршылды Сарытерек,Көгедай, Шалқар, Жанабаз елді мекендеріндегі қоқыс төгетін орындар мен мал өлексесін тастайтын орындарға баратын жолдар қардан тазартылды. Сенбілікке 3 автомашина және тұрғындардың жеке меншігіндегі 8 трактор қатыстырылды . Сенбілік күні барлық мекемелер алдындағы және тұрғын үйлер маңайындағы қар тазартылды.

2010 жылдың 10 сәуір күні ауылдық округ аумағындағы көп балалы 18 анаға аудан әкімі Ә.М.Мұхтарханов және облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Әбденов «Алтын алка» және «Күміс алка» наградаларын тапсырды. Марапаттау соңы ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

2010 жылдың сәуір айының 24 күні Сартерек ауылдық округ әкімінде ҰОС жеңістің 65 жылдығына байланысты салтанатты жиын болды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Биқадамов қатысып, ауыл әкімі Ғ.Серікбаева салтанатты жиын ашты. Жиынға округ аумағындағы тыл ардагерлері қатысты. Құттықтау сөз аудан әкімінің орынбасары Қ.С.Биқадамов Ұлы Жеңістің 65 жылдығының мерейтойлық медальін 67 тыл ардагерлеріне тақса, балалары өздерінің ата-аналарына сый құрметтерін жасады.

Жиын соңынан тыл ардагерлеріне көркемөнерпаздар концерттік бағдарлама берді. Адагерлер бір серпіліп, көңілді тарасты.

Сартерек ауылдық округі бойынша қысқа дайындық шаралары жасалып, штаб отырысын өткізіп әр апта сайын бюджеттік мекемелер есебін беріп отырды. Бүгінгі күнде қысқа толық дайын, қажетті көмірге келісім шартқа отырып, Сайқан ЖШС мекемесі көмірмен қамтамасыз етуде. Шаруа қожалықтары мен ауыл халқының жаздайғы еккен өнімдерін толығымен жинап алды. Бұл орайда комбайнерлар «Мұса» шаруа қожалығының комбайны және жеке тұлға Қ.Улгібаев пен оралман ағайын Әбен Сайлау бір комбайн сатып алып, халыққа қызмет көрсетті.

«Ата Заң аясында» Конституция күні мерекесімен қатарлас келіп отырған «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлерінде 42 ананы осы мерекеге шақырып, наградалары тапсырылды. Соңынан ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасы беріліп, балалары өздерінің аналарына сый құрметтерін жасады.



Әр жұма сайын тазалық күні белгіленіп, ауыл халқы барлық бюджеттік мекемелер сенбілік ұйымдастырып, ауыл тазалығына мән беруде. Айталық әр мекемеме, ауыл тұрғындары өз ауларына тазалық жүргізеді. Күз жиын терін уақыты, сондықтан да халық қысқа дайындық жұмыстарын жүргіуде.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында жұмыстар атқарылды.Құны 3650,0 мың тұратын Сартерек ауылындағы Абай көшесі жарықтандырылды. Сартерек Майқапшағай трассасынан Сартерек ауылының кіре берісіне дейін жол жөндеу жұмыстары және 3 км ауылдың ішін меморандум арқылы жөнделіп, асфальт төселді. 8 су құбырын тарту үшін 4 220,0 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттары жасалып, іске қосылды.
Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет