2013 жылғы 14 ақпандағы №23 аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген



Дата28.04.2016
өлшемі99.08 Kb.


2013 жылғы 14 ақпандағы №23

аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген



«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1.Жалпы ережелер
1. Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының  9-1-бабы 4-тармағына сәйкес жасалған.

2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен көрсетiледi (бұдан әрi – уәкілетті орган). Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған кезде ауылдық округтің әкімі мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушыдан құжаттарды қабылдайды және уәкілетті органға жібереді.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

5. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында http:/www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стендтерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

Уәкілетті органның мекен-жайы: Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 11/1, электрондық пошта: syrym_rozisp@mail.ru, телефоны: 8(71134) 31347.

Ауылдық округ әкімі аппараттарының мекен-жайлары осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібінің талаптары

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) Тұтынушы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

уәкілетті органға – жеті жұмыс күн күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне – жиырма екі жұмыс күн күнінен кешіктірмей;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.

Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болады, үй-жайға кіру режимі – еркін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушылар Стандарттың 11-тармағына айқындалған құжаттарды тапсырады.

13. Тұтынушы қажетті құжаттардың барлығын уәкілетті органға немесе ауылдық окург әкіміне тапсырғаннан кейін тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

14. Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:

1) ауылдық округ әкімі;

 2) уәкілетті органның қызметкері;

3) уәкілетті органның басшысы.

16. Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес берілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі
18. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған жауапкершілікке тартылады.     

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттiк көрсету қызмет регламентіне 1-қосымшасы
Ауылдық округтер әкімі аппараттарының мекен-жайлары


Р/с №

Сырым ауданындағы ауылдық округ әкімі аппараттарының атаулары

Орналасқан мекен - жайы

Байланыс деректерi

1.

«Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090900, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесі, 12

871134-31-218

871134-31-308



2.

«Бұлан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090903, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Бұлан ауылы, Школьная көшесі, 1

871134-31-221

871134-21-997



3.

«Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090901, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Алғабас ауылы Советская көшесі, 19

871134-99-127

871134-99-135



4.

«Шолақаңқаты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090912, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Тоғанас ауылы Коммунистическая көшесі, 1

871134-97-236

871134-97-221



5.

«Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090902, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Аралтөбе ауылы Абай көшесі, 1

871134-31-215

871134-95-148



6.

«Талдыбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090910, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Талдыбұлақ ауылы Коктобе көшесі, 5

871134-52-157

871134-52-158



7.

«Елтай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090911, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Тасқұдық ауылы Сырым Дат Ұлы көшесі, 1

871134-52-236

871134-52-237



8.

«Қособа ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090907, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ауылы, Қособа көшесі 279

871134-31-220

871134-93-337



9.

«Сарой ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090908, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Шағырлой ауылы Советская көшесі, 5

871134-92-178

871134-92-123



10.

«Жосалы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090909, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қоңыр ауылы Жумагалиева көшесі, 1

871134-91-117

871134-91-112



11.

«Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090906, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Қосарал ауылы Комсомольская көшесі, 1

871134-90-413

871134-90-465



12

«Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

Индекс 090904, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы Бұлдырты ауылы Маметов көшесі, 1

871134-92-329

871134-92-350




«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

тағайындау» мемлекеттiк қызмет

регламентіне 2-қосымша

Әр әкімшілік әрекеттің (рәсімнің) орындау мерзімін көрсете отырып, әр ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдерінің) өзара

әрекеттестігі мен реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы



іс -әрекет (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-1

Ауыл округінің әкімі

ҚФБ -2

Уәкілетті органның қызметкері

ҚФБ -3

Уәкілетті органның басшысы

1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.


1 іс-әрекет

Арызды қабылдайды, құжаттарды тексереді, тіркейді және талон береді.


1 іс-әрекет

Мемлекеттік қызметтің қорытындыларына қол қою және уәкілетті органның қызметкеріне жіберу



2 іс-әрекет

Құжаттарды уәклетті органға жібереді


2 іс-әрекет

Хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты уәкілетті органның бастшысына жіберу және дайындау


3 іс-әрекет

Тұтынушыға уәкілетті органнан хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты береді


3 іс-әрекет

Тұтынушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызметті тағайындаудан бас тартқаны туралы дәлелді қағаз жеткізгіштегі жауапты беру


Орындау мерзімі:

уәкілетті орган – жеті жұмыс күн күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкім – жиырма екі жұмыс күн

күнінен кешіктірмей.


«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

тағайындау» мемлекеттік қызмет

регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба









Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет