2017 жылға Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша



Дата17.05.2020
өлшемі40.47 Kb.
2017 жылға Ақтөбе облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

қызметі туралы

Есебі
Ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметтерді көрсету және оларды дамыту бойынша үйлестріруші орган болып табылады. Басқарма мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласын дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) сәйкес, Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 202 түрі көрсетіледі, оның ішіндегі, 86-сы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы, 121-і – «электрондық үкімет» порталы арқылы, 117-сі – мемлекеттік орган арқылы көрсетіледі.


Көрсетілген қызметтер саны

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдармен 2018 жылы 6 119 019 қызмет көрсетілді. Электрондық форматта көрсетілген мемлекеттік қызметтер үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санынан 82,8 % құрады. (2017 жылы - 16,2 % немесе 5 есе рет өсті).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация арқылы – 134 420 қызмет (2017 жылы – 146 709), электрондық форматьта – 5 071 760 қызмет (2017 жылы – 406 330), мемлекеттік органдар арқылы – 912 839 (2017 жылы – 3 551 534).

2018 жылы қызметті көрсетушілердің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілген қызметтердің нысаны «электрондық» болып есептелуі - электрондық түрде көрсетілген қызметтер үлесінің өсуіне әсер етті («Е-акимат» АЖ, «Е-собес» АЖ, «Социальная помощь» АЖ, «Рынок труда» АЖ, «ИРС» АЖ, «ИСЖ» АЖ, «Қолдау» АЖ, «Қамқор» АЖ). Мысалы, егер бұрын дәрігерге телефон арқылы жазылатын едік, ал, бүгін «Даму мед» мобильдік бағдарламасын пайдаланып дәрігерге жазылып және оны үйге шақыртуға да болады.



Ішкі бақылау

Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен 541 ішкі бақылау шаралары өткізілді. Нәтижесі бойынша 2 980 бұзушылықтар фактісі анықталды. (2017 жылы 1 063 тексеріс жүргізілсе, қорытындысы бойынша 1 686 бұзушылық анықталды). Олар:



  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету фактілері – 283 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 9,4% құрайды);

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 979 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 32,8% құрайды);

  • мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері - 637 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 21,3% құрайды);

  • мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу фактілері – 25 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 0,8% құрайды);

  • мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту мерзімінің бұзылу фактілері - 401 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 13,4% құрайды);

  • ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі бар құжаттарды талап ету фактілері - 301 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 10,1% құрайды);

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері - 315 факт (жалпы анықталған бұзушылық сандарынан 10,5% құрайды).

Ішкі бақылау шараларының нәтижесі бойынша 754 ұсыныс берілді, оның ішінде 726-сы орындалды, 4–і орындалған жоқ, 24-і орындалуда.

Анықтама ретінде: мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін 182 лауазымды тұлғалар әртүрлі тәртіптік жаупкершілікке тартылды (оның ішінде: «ескерту» -161, «сөгіс» -18, «қатаң сөгіс» - 2, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту -1).

Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы түйінді мәселелердің бірі – мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін сақталуы болып табылады. 2018 жылы 104 қызметтің мерзімі бұзылды (2017 жылы – 135 факт). Ең көп бұзушылық Темір ауданында (37 факт), Ақтөбе қаласы әкімдігі – (21 факт), Қарғалы ауданы (7 факт).

Мемлекеттік қызметтердің мерзімдерін бұзған үшін жергілікті атқарушы органдардың 13 лауазымды тұлғасы жалпы сомасы 1,1 млн. теңгеге әкімшілік айыппұлға тартылды. Қалған бұзушылықтар бойынша жауапты мамандар тәртіптік жауапкерщілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметтер мерзімдерінің сақталмауы:



  • бірінші басшыларының тиісті бақылауының жоқтығын;

  • мемлекеттік қызметтер сапасына бақылау мен талдауының жоқтығы;

  • мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершілігінің төмен болуы болып табылады.

Мемлекеттік қызметтер мерзімдерін бұзылмауын болдырмау мақсатында облыстық басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдеріне «Мониторинг» АЖ күнделікті негізде бақылау жүргізу тапсырылды.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында есептік кезеңде 800 астам түсіндіру жұмыстары жүргізілді (дөңгелек үстел, семинар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкелері). 237 қызметкерлер біліктілік арттыру курстарынан өтті.



Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы

2018 жылы Ақтөбе облысының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына халықтың қанағатанушылық деңгейі қоғамдық мониторинг нәтижесі бойынша 81,3 % (республика бойынша орташа деңгей 69,8%). Республика бойынша Ақтөбе облысы 5 орында.
Каталог: sites -> default -> files -> osnovnaya
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет