5 в 050400 «Журналистика» мамандығына арналған


Алжир журналистикасының тарихы



бет8/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.53 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Алжир журналистикасының тарихы – тұрғындардың саны 23 млн-құрайтын Алжирде 150 мерзімді басылым жарыққа шығады. [1]

Олардың көпшілігі француз тілінде жарық көреді. Ең ірі ықпалды басылымы ретінде 1965 жылы «Альжереспублике»,«Пепль» газеттерінің базасында пайда болған «Эль-Мужахидті» атауға болады. Сонымен қатар күнделікті «Аш шааб» (халық), «АнНаср» (жеңіс) басылымдары 60–шы жылдардан бастап жарыққа шығып келеді. Газет беттерінде елдің хал-ақуалы, мен елде болып жатқан күнделікті маңызы бар жаңалықтар, оқиғалар жарияланып отырады.

Ал апталық газеттердің ішіндегі ықпалдысы АзияАфрикаЛатын Америкасы елдерінің саяси әлеуметтік мәселелерін көтеретін «Альжериакуалите» (Алжирдің соңғы жаңалықтары) атауға болады. 1961 жылдан бері БАҚ-ты түрлі ақпараттармен қамтамасыз ететін Алжир үкіметінің ақпараттық агенттігі «Альжери Пресс сервис».

10 дәріс. Азия елдерінің журналистикасы

Азия елдерінің радиосы мен теледидары. Ауғанстан радиосы мен теледидары (Radio Afghan, TV and Film) ел астанасы Кабулда орналасқан мемлекеттік қызмет. Теледидар хабарлары 1978 жылдың наурыз айынан бастап беріледі.

АРАМКО радио (Арабиен америка ойл компани) Дахранда орналасқан 1957 жылдан бері хабар таратады.

Сауд Арабиясының мемлекеттік телехабарлар қызметі (Сауди Арабиан говермент тв зионсервис) Ақпараттар министірлігінің құрамында Эр-Риядта орналасқан. Дахран ТВ Дахранда орналасқан. 1957 жылдан бері хабарлар көрсетеді.

Серия теледидары (Сириян твзион) Дамаск қаласында орналасқан 1960 жылдан бері хабар береді, үкіметтік коммерциялық қызмет.

Радио және телехабарлар бас дерекциясы негізі 1946 жылы қаланды. Дамаскіде орналасқан.

Азиядағы қазіргі халықаралық қарым-қатынастардың негізгі сипаты және оның бұқаралық ақпарат құралдарында бейнеленуі

1990 жылдары дүние жүзі халықтары 5 млрд. адамнан асты, ғасырдың аяғында 6 млрд , 2019 жылдары 8млрд жетеді.

Қазіргі кезде БАҚ дамуына эканомикалық және әлеуметтік-мәдени факторлар әсер етеді, 48 елі ғана радиоқабылдағышпен, 22 елі теледидармен, 30 елі газетпен қамтамасыз етілген.

Азия аймағы саяси, мідени, әлеуметтік және діни әдетғұрыптары, сондай-ақ тұрмыс дәрежесі, демократиялық институттарында елеулі өзгешіліктермен ерекшеленеді. Азияда теледидар 60-шы жылдардың басында пайда болды.

Ол кезде 13 елде, 70-жылдардың ортасында 30елде, 90-жылдары 43 елде тұрақты хабар берілді. Осындай құбылыс радио ісінде де байқалады. соңғы он жылдықта Азиядағы радиоқабылдағыштар саны көбейді. Радиохабары азияда телевизор саны 3 онжылдықта 3 есе өсті. Азияда бір жылда тележүйеге 15 млрд доолар жұмсалады. Алаида радио мен теледидардың дамуы мен деңгейі Азия континентіндегі елдерге байланысты әртүрлі. Мысалы, Азияның 18 елінде 1000 адамға 6-дан (Бангладеш) 100 қабылдағыштан келеді (Түркия) (1000 тұрғынға 100 газет, 50 радиоқабылдағыш, 2орын кинотеатр. 20телевизор.

Азияның тоғыз елінде радиоқабыладағыш саны 1000 адамға шыққанда 120 (Малайзия, Тайланд), 170 (Ирак), 331 (Кипр) – 400-ге дейін (Оңтүстік Корея), 356 Гонконг, 571 (Жапония), Қытай мен Үндістан сияқты ірі Азия елдерінде қоғамдық жерлерде, дауыс үдейткіш ұжымдық хабар тарату өріс алады.

80-жылдардың екінші жартысында Тайландтың экономикалық дамуы әлемде ең жоғары денгеиде болды, Гонконг Жапониядан кейінгі адамдардың өмір жасының ұзақтығы жөнінен екінші орында. Ал Индонезия мен Қытай әйелдерінің өмір сүру ұзақтығы 1965 жылдары 45-59 жасқа дейін болса, 1989 жылы 71-ден 63 жасқа жетті.

Азиядағы хабар таратудың көптеген ұқсастықтары бар. Үкімет БАҚ-қа бақылау жасайды, тұрғылықты ұлт тілінде жалпы ұлттық хабарды күшейту, элитарлы – ағылшын тілді хабарлардың үлес салмағын азайту сияқты міндеттер тұр.



Әдебиеттер:

Негізгі: [2]; [21];  [25]; [26]; [34];

Қосымша: [1]; [14]; [18

13 дәріс. Африка және араб елдерінің телевизиясы мен радио хабарларын тарату

Адамзат тарихындағы баспасөз тарихына көз жүгіртіп, ондағы құбылысты зерделеп қарайтын болсақ, көптеген елдердің баспасөзі оларды басқа елдердің отарлау мақсатын жүзеге асыру жолында дамыған екен. Сондай-ақ Африка құрлығындағы араб елдерінің де бұқаралық ақпарат құралдарының алғашқы қызметі отарлаушы Франция, Англияның билігін жүргізуге көмек болып табылатын. Қазақ бұқаралық ақпарат құралдарының да қызметі осы мақсаттың жолында жұмыс істеуді бастаған. Оған дәлел қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты» газеттері. Алайда, тарихтан белгілі, қазақ газеттері де, араб баспасөзі де отарлаушылардың бастамасымен басталып, оларға қызмет етсе де, кейіннен халықтың көзін ашып, ұлт-азаттық күрес жолындағы құралдарына айналған. Оған төмендегі Африка құрлығындағы журналистика тарихы дәлел бола алады.  

Араб елдерінде кітап шығару ісі ерте дамыды. Арнайы кітапханалар болмаса да «Мың бір түн», шығыстың ұлы ойшылдары Ибн Сина, әл-Фараби т.б. еңбектері көшіріліп басу арқылы қолдан-қолға жетіп жаты.

ХVI ғасыр Италияда араб тілінде басатын баспахана дүниеге келіп, құран кітабы және Ибн Синаның бір томдығы осы баспаханадан шығарылды.

Алжир журналистикасының тарихы

Алжирді француз басқыншыларының отарлауы 1830 жылдан басталады. Осы кезеңнен бастап Алжир халқы өз бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Бұл күрес баспасөзде де орын алады. Француз отаршылдары өзінің мәдениетін, тілін орнықтырды. Газеттер көп уақыт бойы француз тілінде болды.

Араб тіліндегі алғашқы газет «Әл-Мубашир» 1847 жылы Алжирде шықты. Одан кейін елу үш жылдан соң «Аль-Джахзаир» газеті дүниеге келді, бірақ төртінші санынан кейін шыққан жоқ.

1960 жыл Африка құрлығы үшін тарихи жыл болды. Өз тәуелсіздіктерімен қоса бұқаралық ақпарат құралдары пайда бола бастады. 1961 жылы Алжери Пресс Сервис – үкіметтік ақпарат агенттігі құрылды. Бұл агенттік Алжир баспасөзін, радиосы мен теледидарын ішкі және халықаралық ақпараттармен қамтамасыз етеді.



Египет журналистикасы

Африка құрлығындағы журналистика 18 ғасырда Египет жерінде бастау алған. Оынң басты себебі отарлаушы мақсатпен келген француз, ағылшын экспедициялары болатын.

Египет экспедициясына дайындық жүріп жатқан кезде Директорий үкіметі араб, француз, грек тіліндегі басылымдарды ұйымдастыруға қажетті жабдықтарды дайындау үшін арнайы шешім қабылдады. 3 типография ашылды.

Египетке бет алған «Лорьян» кораблінде флот типографиясы орналасты. Бұл типографияны басқарған экспедицияның басылымдар жөніндегі директоры, француз ориенталисі, арабист, Ливандағы француз елшісінің ұлы Жан Марсель болды. Типографияның шығыс бөлімін сириялық И. Фатхалл басқарды. Типография жол-жөнекей Наполеонның «Египет халқына үндеуі» мен «Француз армиясының бұйрықтарын» басып шығарған.

Француздар Египет жеріне табаны тиісімен, газет шығаруды қолға алды. Сонымен, 1798 жылдың 29 шілдесінде әскери үкіметінің ресми органы ретінде «Курье д' Эжипт» газеті дүниеге келді. Бұл газет беттерінде француз армиясының әскери іс-қимылдары, Франциядан берілген ақпараттар және Каирдан, провинциялардан берілген жаңалықтар басылды. Газет редакторы – Париж ғылым академиясының мүшесі Жан Батис Жозеф Фурье болды. Газеттің бар жоғы 115 номері шыққан.

1819 жылы Каирда Бұлақ ауданында баспахана салынды.

Билік басындағы Мұхаммед Әли Египетте түрлі реформалар жүргізді, армияны Еуропалық үлгіде құрды, типографияға үлкен мән берді. Кадрлар даярлауға әдебиеттің қажеттілігін жақсы түсінді. Бірнеше адамды Италияға баспа ісін үйренуге жіберді. Ал 1821 жылы, баспа мамандарын даярлайтын арнайы техникалық мектеп ұйымдастырылды.

XІX ғасырдың 60-70 жылдарындағы маңызды басылымдар: «Вади ан-Нил», «Нурхат аль-Афкар», «Раудат аль-Мадарис». Абдолла Абу ас-Саудтың басқаруымен шыққан «Вади ан-Нил» газеті осы тұстағы билік басындағы Исмаил хедивтің ісін насихаттады. Өкімет қаржысымен аптасына екі рет шығып тұрды. 1869 жылы жарық көрген «Нурхат аль-Афкар» газеті өкіметке қарсы оппозициядағы басылым болды. Газет редакторы Ибраһим аль-Мувейлихи түрік басқаруына қарсы болды. Хедив бұл газетті екі санынан кейін жауып тастады. Газет жабылғаннан кейін Ибраһим аль-Мувейлихи өз ісін Еуропада жалғастырды. Парижде «Аль-Иттихад», «Аль-Анба», «Ар-Ахбар» газетіжарнама басумен айналысты. Ислам хедив 1875 жылы жарық көрген «Раудат аль-Мадарис» журналының редакторы етіп Рифа ат-Тахтавиді бекітті. Журнал айына екі рет шығып тұрды. Бастапқыда тиражы 350 болса, кейіннен 700-ге жетті. Бұл мерзімді басылымның басқалардан ерекшелігі, тұңғыш рет ғылым мен әдебиет мәселелеріне назар аудара бастады. 1953 жылдың сәуірінде «Арабтар дауысы»бағдарламасы бойынша хабарлар Еуропаға және Таяу Шығысқа тарайды. Басқ араб елдеріне арналған бұл хабардың негізгі мақсаты Египеттің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы жайлы мағлұматтар беру, елдің сыртқы саясатымен таныстыру. Көптеген хабарлары жалпы Араб әлемінің бірлігіне, ынтымақтастығына арналған.

Сонымен, көз жеткізгеніміз Африка құрлығындағы журналистиканың бастауы сонау Египетке шүйліккен отарлаудан басталып, өз жалғасын әр түрлі қарқында алып отырған. 18 ғасырдың аяқ шенінде басталған бұқаралық ақпарат құралдарының даму тарихы 20 ғасырдың ортасына дейін жалғасқан. Тіпті одан да кенже дамыған мемлекеттер бар. Оынң барлығы елдегі саяси, мәдени хал-ахуалға байланысты деп ойлаймын.  Қазіргі кезде Африка елдері журналистикасы әлемдегі үздік журналистиканың бірі болып табылады.   

Әдебиеттер:

Негізгі: [6]; [11];  [14]; [27]; [31];

Қосымша: [1]; [11]; [12];
4 апта

1. Ресей тележурналистикасының тарихына шолу

2. Ресейдің мемлекеттік және авторлық бағдарламалары

3. Ресей тележурналистері, бағдарламалары



5 апта

1. Монғолия тележурналистикасы. Белгілі телебағдарламалар, тележурналистер шығармашылығы.

2. Австралия және мұхит жағалауы елдері тележурналистикасы.

6 апта

1. Жапонияның тележурналистикасы.

2. Жапония сандық телевидениесінің болашағы.

3. Жапонияның ірі компаниялары.

4. Жапония тележурналистері.

талдау жасаңыз.



10 апта

1. Әлемдік теледидардың қазіргі заманғы сипаты.

2. Латын Америкасы тележурналистикасының ерекшеліктері.

12 апта

1. Әлемнің ірі медиамагнаттары мен журналистері: медиатрестер, шығармашылық пен кәсіпкерлік.

2. Руперд Мэрдок (АҚШ) – жетістіктің құпиялары.

3. О́пра Гэйл Уи́нфри (АҚШ) – танымалдыққа жол.

4. Ларри Кинг – репартер және жүргізуші

14 апта

1. Сильвио Берлускони – Италия медиамагнаты.

2. Германиядағы Лео Кира.

3. Оңтүстік Африкадағы Иохан Руперд





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет