5В010300 «Педагогика және психология»



бет2/3
Дата17.05.2020
өлшемі420.05 Kb.
1   2   3

Курс


Семестр

Кредит

ДС (сағ)

СПС (сағ)

ОСӨЖ

(сағ)


СӨЖ(сағ)

Бар

(сағ)


Бақылау түрі

1

2

3

4

5

7

8

9

10

1

2

3

30

15

22,5

67,5

135

Емтихан



4 ОҚУ ПӘНІНІҢ (МОДУЛЬДІҢ) МАЗМҰНЫ

2 Кесте



Тақырыптардың атауы мен мазмұны

Сағат саны

1

2

Дәріс сабақтары

Модуль 1. Психологияға кіріспе.

Тақырып 1. Психология пәні, міндеті және зерттеу әдістері.

Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологиясы жаңғырту арқылы пайда болады. Ресейлік атақты психолог Б.Г.Ананьев адам танымының жүйесін төрт негізгі ұғымға бөліп қарастырған: индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға және жеке даралық.Ғылымдар пәндердің негізгі құрылымына байланысты үшке бөлінеді: жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық. Адам - әлеуметтік тірі организм, оның барлық психикалық құбылысы қоғамдық ортада қалыптасады, сондықтан психология гуманитарлық пәндерге жатады. «Психология» ұғымы ғылыми және тұрмыстық мағынаға ие. Сонымен, психология негізінен грек сөзінен аударғанда «жан туралы ғылым», ал «психология» термині қолданысқа алғаш рет XVI ғ. енді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде «жанды» немесе психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейіннен XVII-XIX ғ.ғ. психология – бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды. XIXғ-дың аяғы XX ғ-дың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша ж/е нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде – психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде-сана туралы ғылым, үшінші кезеңде-мінез-құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде-психика туралы ғылым болып қалыптасады. Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми ззертеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару ж/е ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар.

Кез келген дербес ғылымның өзіне ғана тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психологияда да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті ж/е объективті. Бақылау әдісі психологиядағы есуі ж/е бір қарағанда өте қарапайым әдіс секілді. Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын әдісі. Сауалнама зерттелетіндерден сұрақ-жауап қою арқылы ақпарат алуға негізделген. Ауызша сауал, әдетте зерттелушінің реакциясы мен мінез-құлқына бақылау жасау үшін қолданылады. Жазбаша сауал, аз уақыттың ішінде көптеген адам санын қамти алады. Еркін сауалжазбаша ж/е ауызша сауалнаманың бір түрі, мұнда қойылатын сұрақтар алдын ала белгілі болмайды. Сауалнама-тест. Тапсырма-тест. Бүгінде тестер – психологиялық зерттеуде кеңінен пайдаланылатын әдіс.


2

Тақырып 2. Психологияның методологиялық принциптері.

Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы. Ерте замандардан бастап адам баласының назары, ақыл-ойы өзінің маңындағы дүниенің сырын танып білу мен бірге, өз денесінің, ішкі дүниесінің, ақыл-ойы мен іс-әрекетінің, тіршілік бейнесінің құпия сырларын ашып білуге ұмтылған. Біздің дәуірімізге дейінгі бірнеше мыңдаған жылдар бұрын Шығыс елдері Мысыр мсн Үндістанда, Қытай мен өзге елдерде адам баласының мәдениеті өсіп, дамып, осы заманғы ғылыми білімнің бастапқы іргетасы қалана бастаған. Ертедегі Қытай медицинасында б. з. д. XIII ғасырда денені басқарушы жүрек қызметі деп санап, ол ауа тектес нәрседен жаралған деді. Б.з.д. VI ғасырда Үндістанда адамның жан дүниесі жайындағы діни нанымдарға негізделген джайнизм мен буддизм бағыттары кеңінен тарады. Ерте дәуірдегі Қытай елінде кеңінен таралған философиялық - діни ой-пікір әйгілі ғұлама Конфуцийдің (б. з. д. 551—479 жж.) есімімен байланысты. Оның іргесін өзі қалаған мектебі конфуцияндық деп аталады. Ежелгі грек жұртының ғұламалары — Гераклит (б. з. д. VI ғ.), Демокрит (б. з. д. V ғ.) жан-табиғаттың бір бөлігі, ол сол табиғат заңына ыңғайланбайды деген пікірді колдады. Алайда VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылыми зерттеулер және адамның жан дүниесі жайындағы ілім жанданып, жаңа сипатқа ие болды. Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.




1

Тақырып 3. Психика және сана.

Психика - психологияда көптеген түсініктерді біріктіретін субъективті құбылыс. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша, психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі (рефлексия) жоғарғы дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрылысын өзгертуге әсерін тигізеді. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі пайда болады. Қоршаған ортаны жақсырақ бағдарлай алу жүзеге асты. Сонда психиканың жетілуіне шыңдық өмір әсер етті: ол тіршілік иелерінде жоғарғы нерв жүйесі мен жоғарғы психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті. Бұл түсініктер материалистік болып табылады.Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты болжамды А.Н.Леонтьев өзінің «Психиканың даму проблемасы» еңбегінде ұсынады. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Салыстырмалы зерттеулер адам психикасы мен жануарлар психикасында ортақ белгілер бар екендігін көрсетті. Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы.



1

Тақырып 4. Іс-әрекет психологиясы.

Адам қоғамындағы белсенділік көрінісі іс-әрекет деп аталады. Адам іс-әрекеті күрделі құбылыс. Оның қыртараптарын әртүрлі ғылым салалары зерттейді.

Ортақ мақсат үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық қызмет атқаратын әрекеттер жиынтығын іс-әрекет деп атаймыз. Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады, яғни адам өзін табиғаттан саналы түрде бөліп көрсетеді. Адам өз алдына мақсат қояды, белсенді қызмет істеуге итермелейтін себептерді түсінеді.

Адамның іс-әрекеті саналы, болжамды, бағыт-бағдарлы, мақсатты, жоспарлы, есепті, себепті және өзгерісті сипатта болады.Адамның жеке басы іс-әрекет үстінде қалыптасады. Алдына қойған мақсат-міндеттерін орындай отырып, адам өзінің іс-әрекет белсенділігін көрсетеді.Адамның іс-әрекеті алдына қойған мақсаттарымен, міндеттерімен және оны іс-әрекет итермелеген мотивтермен анықталады.

Іс - әрекеттің құрылымы:мақсат, себеп, түрткі,әрекет. Психалогияда әрекеттің 2 түрі болады: Нақты немесе заттық. Ақыл – ой әрекеті немесе ішкі.


1

Модуль 2. Адамдардың өзара қатынас психологиясы.





Тақырып 5. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.

Қарым-қатынас жасауды қажетсіну адамнық әлеуметтік табиғатын танытады. Қарым-қатынас жасауды қажетсіну жеке адам дамуына игі әсерін тигізеді. Адамдармен қарым-қатынас бұл – ғылым және өнер. Түр аралық және түр ішіндегі қатынасты қарым-қатынас дейміз. Қарым-қатынас аспектілері. Қарым-қатынастың ең негізгі құралы тіл болып табылады. Қарым – қатынастың құрылымы: Коммуникативті жағы, интерактивті жағы, перцептивті жақтары. Қарым – қатынастың 2 түрі бар: вербальды және вербальды емес. Қарым-қатынастың сөз арқылы болуы вербальды деп аталады (грек тіл аудр. сөздік). Вербальды емес қарым – қатынастың құралы информация беру болып табылады. Вербальды емес белгілермен (поза, жест, мимика, интонация, көзқарас, т.б.). Қарым-қатынас нәтижесінде жеке адамның қалыптасуы іске асады Қарым-қатыңас процесінде адамдар сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Қарым-қатынас процесінде психологиялық қауымдастықтар қалыптасады, яғни өз заңдары бар қоғамдық психология пайда болады.



1

Тақырып 6. Топ және ұжым.

Белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар қауымдастығы топ деп аталады. Бұл қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты. Шағын және бастапқы топтар. Құрылу приципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Формалды және формалды емес топтар. Жеке адамның топтың нормасына қатынасы белгілеріне сәйкес референт тобы пайда болады. Референт тобы. Топтардың даму деңгейі. Әрбір әлеуметтік қауымдастықтың өз тарихы болады. Дүниеге келеді, дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді, аса жоғары дәрежеге жетеді, сондай – ақ өмір сүруін тоқтатуы мүмкін. Бұл формалды топқа да, формалды емес топқа да бірдей дәрежеде қатысады. Ұжым адамдардың әлеуметтік қауымдастығының ең жоғарғы формасы. Ұжым ол қоғамға пайдалы қызметте ортақ мақсатқа жұмыла еңбек ететін және психологиялық тұрғыда топтасқан адамдар тобы. Топқа әдетте жетекшілік міндетін өзіне алатын бір адам болады. Әлеуметтік психологиялық мұндай адамды «лидер» деп атайды. Жеке адам өз өмірінде басқа адамдармен тікелей қарам – қатынаста болып өзінің әлеуметтік мәнін жүзеге асырады.



1

Модуль 3. Психикалық үрдістер.




Тақырып 7. Зейін туралы түсінік.

Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Зейін бізге сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын анығырақ және толығырақ бейнелеу үшін, психикалық әрекетіміздің оларға бет алып жинақталуы үшін керек. Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ сәулелендіруге болмас еді. Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді. Ырықсыз зейін. Ырықты зейін. Үйреншікті зейін. Зейіннің қасиеттері:зейіннің тұрақтылығы, аударылуы, бөлінуі, көлемі және алаң болушылық деп бөлінеді.



1

Тақырып 8. Түйсік туралы түсінік.

Түйсік сезгіштіктің ең маңызды көрінісі. Түйсік организмнің ортамен психикалық байланысы орнығатын бастапқы форма болып табылады.Түйсікте психиканың танымдық, эмоциялық және реттегіштік жақтары ажырамастай тығыз байланысқан. Түйсік – біздің айналамызда, ішкі жан (психикалық) дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлай, соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік деп атайды. Түйсіну әлем жөніндегі білімнің – заттардың сезім мүшелеріне әсер етуімен тікелей байланысты болып келетін кезде шындықтың сезімдік бейнелеу сатысы. Түйсіктің физиологиялық негіздері. Түйсік туғызатын бүкіл физиологиялық аппаратты анализатор деп атайды. Көру түйсіктері. Есту түйсіктері. Діріл түйсіктері. Иіс түйсіктері. Дәм түйсіктері. Тері түйсіктері. Статикалық түйсіктер. Кинестезиялық түйсіктер. Органикалық түйсіктер. Түйсіктің қасиеттері. Адаптация. Контраст. Синестезия. Сенсибилизация.



2

Тақырып 9. Қабылдау.

Қабылдау дегеніміз — заттар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер ету кезінде бейнеленуі. Айнала қоршаған дүниедегі белгілі заттар мен құбылыстардың біздегі сезім мүшелеріне әсері нәтижесінде қабылдаудың заттылығы қалыптасады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңызды орын алады. Қабылдаудың физиологиялық негіздері. Қабылдаудың физиологиялық негізі – талдағыштар (анализаторлар) жүйесінің комплекстік қызметі болып табылады. Қабылдау қабылдайтын объектіге байланысты түр-түрге бөлінеді. Қабылдаудың қасиеттері. Қабылдаудың таңдамалылығы. Апперцепция. Қабылдаудың константтылығы – тұрақтылығы. Қабылдаудағы иллюзиялар. Қабылдаудағы фигура (зат) және фон.



2

Тақырып 10. Ес туралы жалпы түсінік.

Адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен бейнелерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Қайта жаңғырту тану мен еске түсіру қызметі бірін- бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы- ассоциациялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы- ассоциациялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принципі болып саналады. Аралас не іргелес ассоциациялар. Ұқсастық ассоциациялар. Қарама- қарсылық ассоциациялар. Мұндай ассоциациялық принциптерді тұнғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған- ертедегі грек философы Аристотель (б.з.д. 384- 322 жж.). Қимыл- қозғалыс есі. Эмоциялық ес. Бейнелі- көрнекілік ес. Сөздік- мағыналық (логикалық) ес. Ерікті және еріксіз естер. Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес.



2

Тақырып 11. Қиял туралы түсінік.

Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады. Қиял - нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі, түсініктерді кайта, жасайтын процесс. Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады. Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сиякты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады. Қайта жасау қиял. Шыгармашылық қиял. Арман. Қиялдағы образды қайта жасау механизмі. Агглютинация. Қиял образдардын қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және акцентировка болып табылады.Қиялдын индивидуалды ерекшеліктері және олардын дамуы.

1

Тақырып 12. Ойлау туралы жалпы түсінік.

Ойлау дегеніміз–сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс– қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау процесі елестермен де тығыз байланысты.Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау–аса күрделі психикалық процесс. Ойлаудың негізгі түрлері.Теориялық ойлау.Практикалық ойлау. Ойлаудың негізгі формалары. Ой қорытындылары. Ой қорытындысының негізгі үш түрі бар:1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы. Ойлау операциялары. Ойлау күнделікті өмірде кездесетін міндеттерді шешуден басталатын болғандықтан, адамда ойлаудың операциялары болады. Мұндай операцияларға талдау мен біріктіру, салыстыру, абстракциялау мен нақтылау, қорыту жатады.



2

Тақырып 13. Сөйлеудің жалпы сипаттамасы.

Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Тіл, сөйлеу- ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой санасын дамытып жетілдіруге аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу –пікір алмасу процесінде жеке адамның белгілі тілдің пайдалануы. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Сөйлеу бірнеше түрлерге бөлінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа бөлінеді. Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып екіге бөлінеді.



1

Модуль 4. Жеке адам психологиясы.




Тақырып 14. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.

Жеке адам дегеніміз — қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады. Жеке адам қоғамдық қатынастардың әрі объектісі, «Адам», «Жеке адам», «Даралық» түсініктерінің арақатынасы. Қоғамдық ғылымдарда да, сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «адам» «жеке адам», «даралық» түсініктері кеңінен қолданылады.

Адам туралы түсінік. Түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Жеке адам — қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивидЖеке адамның позициясы дегеніміз — оның қатынастарының жүйесі. Даралық туралы түсінік. Жеке адамның психологиялық құрылымы. Жеке адам құрылымының негізгі компоненттері. Мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады.


2

Тақырып 15. Темперамент.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді. Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Темпераменттің типтері. Сангвинник. Холерик. Флегматик. Меланхолик. Түрлі темепераменттердің ішінде ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Сөйтіп, темпераментті тәрбиелеудің көп әдістері мен жолдары бар.



1

Тақырып 16. Мінез туралы түсінік.

Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез туралы ілім өзінің ішкі бастауын ежелгі Грециядан алады. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Мальпер, Фулье т.б. мінездің туапайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.т.б. Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.



1

Тақырып 17. Қабілет туралы жалпы түсінік.

Адамның  қабілеті  жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Қабілет  қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып табылады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды. Қабілеттіліктің өлшемі- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілеттердің  құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді.  Қабілеттердің  дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі. Физиологиялық нышан қабілеттің дамуында белгілі орын алады. Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге болады. Себебі адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай қалыптасады



2

Тақырып 18.Эмоция және сезім.

Сезімдер- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналадағы заттар мен құбылыстарға көңіл – күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс. Сезім - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Эмоция - адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру мен қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық күйлер. Адамның шамадан тыс зорлануын психологияда стресс. Күрделі эмоциялардың бірі көңіл. Көңіл – күй деп – біршама бәсең, бірақ әжептәуір ұзағырақ, психикалық процестер мен адамның барлық мінез – құлқында көрінетін жалпы эмоциялық жағдайларды айтады. Аффектер дегеніміз – қысқа уақытқа созылса да бұрқ етіп, қатты көрінетін эмоцияның бір түрі. Адамгершілік сезімдер. Интеллектік сезімдер. Эстетикалық сезімдер.



1

Тақырып 19. Еріктің жалпы сипаты.

Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болады, мұны психологияда мотив не түрткі д.а. Кез-келген түрткі сан-қилы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі- оның қажеттіліктері. Адам өз қажеттеріне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Осы мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Осының салдарынан қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.

Ерік-бұл адамның мақсат қоя отырып жұмыс орындау барысында кезіккен сыртқы немесе ішкі кедергілерді жеңумен байланысты өз әрекеттерін қолдап, реттей білу қасиеті.

Ерік адамның практикалық және танымдық әрекетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады. Ерік табиғатын материалистік түсіну әрекеттер мен қылықтардың қозғаушы күштері адамның өзіде емес, сыртқы ортада жатады деген жайтты сөзсіз мойындаудан көрінеді. Ерік туралы эмоциялық теорияны ұсынушы неміс психологы В.Вундт. Еріктің физиологиялық негіздері. Ерік құрылымы.



1

Модуль 5. Әртүрлі жас кезеңіндегілердің психикалық даму ерекшеліктері




Тақырып 20. Мектепке дейінгілердің психикасының дамуы.

Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы. Мектепке дейінгі балалардың ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас формаларының және іс-әрекеттің әр түрлі формаларының даму ерекшеліктері. Ойын – мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті. Ойын туралы жалпы түсінік. Шет елдік психологияда ойын теорияларына сыни талдау (К.Гросс., Г.Спенсер., К.Бюлер). Отандық психологияда ойын іс-әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның пайда болуы. Баланың психикалық дамуы мен қалыптасуындағы ойынның ролі.

Мектепке оқытуға баланы психологиялық дайындау. Мектепке даяр баланың жеке басының мәселелері. Бастапқы кезде оқуға үлгермеушіліктің себебі. Баланың мектепке оқытуға даярлығын анықтау. 7 жас дағдарысы.


1

Тақырып 21. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

Кіші оқушылардың оқуға недәуір мүмкіншілігі бар. Егер осы жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу қызметі шешуші роль атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы ірі өзгерістерге ұшырайды. Бұл жаста дененің барлық органдары мен ткаьдарында елеулі өзгерістер болады. Оқу іс-әрекетінің құрылымы. Бастауыш мектеп жасындағылардың танымдық әрекеттерінің өрістеуі. Зейіннің дамуы және зейінділігі. Қабылдау мен бақылампаздығының артуы. Ес процесінің дамуы. Ойлауының дамуы және ақыл-ой әрекеттерін өрістету. Қиялының дамуы. Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы. Өзгелермен қарым-қатынасында мінез-құлықтың өзгеруі. Құрбылармен және өзара қарым-қатынас жасау ерекшеліктері. Жалпы және арнайы қабілеттерінің көрінуі. Олардың дүние танымының дамуы мен өзіндік ерекшеліктері.



1

Тақырып 22. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «ауысу жастары», «сыналатын» деп атайды. Балалаық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелішгі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады.

Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға бағытталады.

Аффектілік-қажеттіліктер сферасының дамуы. Қарым-қатынастағы Жеткіншектің жеке басының қалыптасуы. Өнегелік сенімдер, олардың қалыптасуы. Сана сезімдердің дамуының басталуы, оның негізігі заңдылықтары. Талпыну деңгейі. Жеткіншек жасына өтудің алғы шарттары.



1

Тақырып 23. Балаң жас психологиясы.

Жеткіншек жасынан, ересек жасына өту – жас өспірімдік шақтың өзіндік өмірге дайындығы депте айтуға болады. Осы кезең бұл жастың дамуындағы әлеуметтік ситуацияны анықтайды. Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың жағдайы оның ересектерге тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің басты мазмұны мен бағытын белгілейді.

Өмір әрекетінің дамумен алғашқы жастық жасөспірімдік шақта сандық және сапалық өзгерістер болады. Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Балаң жастағылардың оқу іс-әрекеті, олардың өзіндік санасының дамуы. Өзін-өзі бағалау мен өзгелерді бағалауы. Бейімділігі мен қабілеттерінің даму ерекшеліктері. Ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі мен теориялық ойлауын қалыптастыру. Балаң жастағы достық пен махаббат. Құрбы-құрдастарымен және үлкендермен өзара қатынастарының дамуы. Мамандық таңдауда әсер ететін факторлар қатары. Қоғамдық пайдалы еңбекпен шұғылдануы, оның нәтижесінде мамандық таңдауға ынта-ықыласының тууы. Балаң жастарды мамандық таңдауға даярлау.


1

Тәжірибелік (семинар) сабақтар




1 Тәжірибелік. Психология пәні, міндеті және зерттеу әдістері.

1.Психология жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде.

2.Психологияның ғылым ретінде қалыптасуының негізгі кезеңдері.

3.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы.

4.Психология ғылымындағы зерттеу принципетрі.

5.Зерттеу әдістерін топтастыру негіздері.

6.Обьективті және субьективті әдістер.

7.Зерттеу әдістерінің негізгі және қосалқы түрлері.



1

2-Тәжірибелік. Ми және психика.

1.Адамның жоғары жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі.

2.Жүйке клеткасының құрылысы.

3.Талдағыштар, оның құрылымы.

4.Мидың анализдік-синтездік қызметі.

5.Ми және психиканың байланысы. Адам және жануарлар психикасын салыстыру.

6.Адам санасының пайда болуы мен дамуы. И.М.Сеченов және И.П.Павловтың психиканың шартты-рефлекторлы сипаттамасы.


1

3-тәжірибелік. Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік.

1.Қарым-қатынас ұғымы.

2.Қарым-қатынас және іс-әрект.

3.Қарым-қатынастың мақсаты, құралдары, түрлері және олардың сипаттамасы.

4.Қарым-қатынастың перцептивті, коммуникативті және интерактивті жағы.


1

4-тәжірибелік. Топ және ұжым.

1.Топ және ұжым туралы түсінік.

2.Топтың жеке адамға жағымды әсері.

3.Топтың жеке адамға жағымсыз әсері. Адамдардың бір – біріне қабылдауы және түсінуі. Жеке адамның топта өзін ұстауы.

4.Ұжым және оның негізгі белгілері. Лидер және жетекшілік стилі.


1

5-Тәжірибелік. Зейін туралы түсінік.

1.Зейін туралы жалпы түсінік.

2.Зейіннің физиологиялық негіздері

3.Зейіннің түрлері

4.Зейіннің қасиеттері


1

6 Тәжірибелік. Қабылдау.

1.Қабылдаудың негізгі қасиеттері.

2.Кеністікті қабылдау.

3.Уақытты қабылдау.

4.Көлемді,

5. Қозғалысты қабылдау.



1

7 Тәжірибелік. Ес туралы жалпы түсінік.

  1. Ес туралы жалпы түсінік.

  2. Ес процестері. Олардың сипаттамасы.

  3. Ес түрлері.

  4. Естің дара ерекшеліктері.

1

8- Тәжірибелік. Ойлау туралы жалпы түсінік.

1.Ойлау түрлері және олардың ерекшеліктері.

2.Ойлауды дамыту.

3.Адамның шығармашылық ойлауын қамтамасыз ететін факторлар. 4.Сөйлеу және тіл. Сөйлеу және ойлаудың байланысы.



1

9-Тәжірибелік. Психологиядағы тұлға туралы түсінік.

1.Тұлға психологиясының методологиялық мәселелері.

2.Тұлға теориялары және оқытудың негізгі деңгейлері.

3.Тұлға теориялары.

4.Отандық психологтар зерттеулеріндегі жеке тұлға мәселелері.

5. ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы жеке тұлға мәселесінің даму психологиясы. Жеке тұлғаның шетелдік теориясы.



1

10-Тәжірибелік. Мінез туралы түсінік.

1.Мінез туралы теориялар.

2.Мінез құрылымы мен қасиеттері.

3. Мінез бітістері. Мінез және темперамент.

4.Мінездің ұлттық ерекшеліктері.



2

11-Тәжірибелік. Қабілет туралы жалпы түсінік.

1.Қабілет туралы түсінік.

2.Адамдардағы қабілеттілік түрлері

3.Қабілеттілік, нышан және адамдардың даралық ерекшеліктері. 4.Қабілеттілікті дамыту.



1

12-тәжірибелік. Эмоция және сезім

1.Күрделі эмоционалды күйлер.

2.Сезімнің түрлері.

3.Жоғары деңгейдегі сезімдер.



1

13-тәжірибелік. Еріктің жалпы сипаты

1.Күрделі эмоционалды күйлер.

2.Сезімнің түрлері.

3.Жоғары деңгейдегі сезімдер.



1

14-тәжірибелік. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы.

1.Бастауыш мектеп оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

2.Бастауыш мектеп оқушыларының зейіні, есте сақтауы, қабылдау, елестетуі.

3.Бастауыш мектеп оқушысының ойлауын дамыту.

4.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті.


1

15-тәжірибелік. Жеткіншектердің психикалық дамуы.

1.Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасына теориялық көзқарастар.

2.Жеткіншеітің оқу қызметі.

3.Жеткіншектің танымдық процестерінің дамуы.



1


5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Психологияның методологиялық принциптері

5.2 Қарым-қатынас туралы жалпы түсінік

5.3 Зейін туралы түсінік

5.4 Ойлау туралы жалпы түсінік

5.5 Психологиядағы тұлға туралы түсінік

5.6 Мінез туралы түсінік

5.7 Мектепке даярлау мәселесі. 7 жас дағдарысы

5.8 Жеткіншектердің психикалық дамуы.




6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ

3-Кесте


Тақырыптар

Көрнекі құралдар, плакаттар, лабораториялық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау

Түрі


Дәріс сабақ


Тәжірибелік сабақ


1

2

5

6




Психология пәні, міндеті және зерттеу әдістері

Психология ғылым ретінде. Психологиялық зерттеудің әдістері

Библиографиялық жұмыс. Кесте – зерттеу әдістері



Психололгияның даму кезеңдері. Объективті және субъективті әдістер

Жазбаша, ауызша

Психологияның методологиялық принциптері

Психологияның методологиялық принциптері

Психологияның методологиялық принциптеріне сипаттама

Жалпы методологиялық принциптері

ауызша

Психика және сана

Ми және психика

Мидың құрылысы мен қызметі.- Сурет

Адамның пайда болуы және психикалық дамуы.


Жазба жұмыстарын тексеру, әңгімелесу

Іс-әрекет психологиясы

Іс-әрекет психологиясы

Сызба нұсқалары-


Іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттері

Жазбаша түрінде

Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік

Қарым – қатынас туралы жалпы түсінік

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Қарым-қатынас және іс-әрекет.

Жазбаша, әңгімелесу

Топ және ұжым.

Топ және ұжым.

Кестелер

Топ түрлері

Әңгімелесу. Талдау

Зейін туралы түсінік

Зейін туралы түсінік

Кесте, сызбалары

Зейін теориялары

Жазбаша, ауызша

Түйсік туралы түсінік

Түйсік туралы түсінік

Кестелер,

бақылау тапсырмалары



Түйсіктің заңдылықтары

Жазбаша, әңгімелесу

Қабылдау

Қабылдау

Кестелер

Қабылдау қасиеттері

жазбаша, әңгімелесу

Ес туралы жалпы түсінік

Ес туралы жалпы түсінік

Сызба нұсқалары

Естің теориялары

Жазбаша, әңгімелесу

Ойлау туралы жалпы түсінік

Ойлау туралы жалпы түсінік

Сызба нұсқа. кестелер

Ойлау теориялары

Әңгімелесу. Талдау

Қиял туралы түсінік

Қиял туралы түсінік

Түпнұсқамен жұмыс

Зерттеулерді саралау

Тірек схема, ауызша

Сөйлеудің жалпы сипаттамасы

Сөйлеудің жалпы сипаттамасы

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Сөйлеудің стильдері

Жазбаша, ауызша

Психологиядағы тұлға туралы түсінік

Психологиядағы тұлға туралы түсінік

Кестелер

Тұлға теориялары

Тірек схема әңгімелесу

Темперамент

Темперамент

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Темперамент типтері

Әңгімелесу

Мінез туралы түсінік

Мінез туралы түсінік

Түпнұсқамен жұмыс

Мінез бітістері

Ауызша талдау

Қабілет туралы жалпы түсінік

Қабілет туралы жалпы түсінік

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Қабілет түрлері

Жазбаша, әңгімелесу

Еріктің жалпы сипаты

Еріктің жалпы сипаты

Түпнұсқамен жұмыс

Ерік теориялары

Жазбаша, әңгімелесу

Эмоция және сезім

Эмоция және сезім

Сызба нұсқалары

Сезім теориялары

Жазбаша, әңгімелесу

Мектепке дейінгілердің психикалық дамуы.

Мектепке педагогикалық-психологиялық даярлау

Презентациялар

Мектепке дейінгі баланың жеке басының дамуы

Жазбаша, әңгімелесу

Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы

Бастауыш мектеп оқушыларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

кіші мектеп оқушыларының танымдық процестері

Жазбаша, әңгімелесу

Жеткіншектердің психикалық дамуы

Жеткіншек кезеңдегі «дағдарыс» проблемасы

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Жеткіншектердің құрбы-құрдастарымен қатынас проблемасы

Жазбаша, әңгімелесу

Балаң жас психологиясы

Жоғары сынып оқушыларының жеке басының қалыптасуы.

Түпнұсқамен жұмыс, сызба нұсқалары

Жоғары сынып оқушыларының танымдық процестеріне сипаттама.

Жазбаша, әңгімелесу

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет