6. Жағдаяттық тапсырма. Теледидардан көрсететін «Егер мен президент болсам…»



Дата11.09.2020
өлшемі16.38 Kb.
6. Жағдаяттық тапсырма. Теледидардан көрсететін «Егер мен президент болсам…» ток-шоу бағдарламасына қатысуға шақырылдың. Не айтасың?

Президент бір елдің көшбасшысы, халықты алға бастаушы бірден-бір адам.

Президент болу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін үлкен кемеңгерлік пен асқан жауапкершілік  және ең бастысы мықты саясаткер болуың керек. Елбасының басты міндеті біреу ғана, ол халықты тек жарқын келешекке жетелеу.

Ал егер де мен Президент болсам, елбасы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың сара жолын жалғастырып, еліміздің ғұмыры ұзақ болуы үшін қолымнан келгенін аямас едім. Ең алдымен тілдің  мәртебесін  көтерер едім. Себебі,  тілі мен дінін жоғалтқан халық, тамырынан айырылған ағаш сияқты, ғұмыры қысқа болады. Екіншіден, өзіміздің ұлттық тағамдарымыз бен ұлттық ойындарымызды, ою-өрнектерімізді, ұлттық киімдерімізді патенттеп, әлемге танытатын едім. Қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Үшіншіден, Қазақстанда дамымаған жол торабын, теңіз жолын жандандыруға күш салар едім. Әрине, мүмкін еместей көрінер, бірақ осыдан 23 жыл бұрын да  Қазақстанның аяққа тұрып кетуіне де күмәнмен қарағандар көп болды, алайда еліміз қысқа уақыт ішінде көркейіп, жоғары деңгейге жетті, сондықтан мүмкін емес нәрсе жоқ деп ойлаймын. Төртіншіден, бірінші байлық - денсаулық демекші, халықтың денсаулығына көңіл бөліп, өзіміздің медицина саласын дамытар едім. Өйткені дені, жаны сау ұлт ұрпағы - Мәңгілік Елдің жарқын болашағы. Бесіншіден, білім саласына көңіл бөлемін. Білімді ұрпақ - еліміздің өсіп – өркендеуіне өзіндік үлесін қоса алады.

Алтыншыдан,өзіміздіңтарихымыздың  ескерткіштерін    сақтауға  көптеген  жұмыстар атқарар едім, болашақ  жастар өз тарихын  сыйлауға міндетті, өйткені ол тарихи  мұра. Қазақ халқын әлемдегі күллі жұрт танитындай деңгейге жеткізуге тырысамын. Келесі басты мәселелердің бірі – жастар. Жастарға деп барлық мүмкіншіліктер мен мүмкін еместерді пайдаланар едім. Өйткені жастар еліміздің капиталы, инвестициясы, ең бастысы болашағы мен бар байлығы. Мемлекет байлығы - ол адам болып саналады. Сондықтан да мемлекетіміздің басты байлығы - халқымыздың әл-ауқатын жақсарта отырып, бейбіт өмір сүруді қамтамасыз ету керек. Ол үшін жүрегі қазақ деп соққан әрбір қазақ азаматы еліміздің өркендеуі үшін өз үлесін қосу керек деп ойлаймын. Бірлігі жарасқан қазақ елінің ұрпақтарының келешек өмірінің жарқын болуы өз қолында. Елімнің гүлденіп, әлемдегі алпауыт елдердің алдыңғы қатарында тұратынына сенімдімін.



Ең бастысы әр қазақтың жүрегі "Мен – қазақпын" деп соқ-са, еліміз бұзылмас қамалға айналады. Еліміз аман, жұртымыз  тыныш  болсын!!

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет