Адам өмірінің мәнісі неде екенін кім біледі, бұл қиын сұрақ. Дүниеде қанша адам болса, олардың түрі-түсі, ойлау қабілеті, білімі, әлеуметтік жағдайлары да соншама



Дата21.11.2020
өлшемі51.33 Kb.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Жаратылыстану ғылымдар факультеті

Физикалық және экономикалық география кафедрасы



ЭССЕ

Тақырыбы: Адам өмірінің категориялары

Орындаған:Миртан Балнұр

Тобы:Гид-21

Тексерген:Әбдібек Арайлым



Нұр-Сұлтан,2020


Адам өмірінің категориялары: бақыт, сенім, өмір мен өлім



Адам өмірінің мәнісі неде екенін кім біледі, бұл қиын сұрақ. Дүниеде қанша адам болса, олардың түрі-түсі, ойлау қабілеті, білімі, әлеуметтік жағдайлары да соншама. Біреулері теңдесі жоқ сұлу, біреулері бай, біреулері тақыр кедей. Біреулер зор денсаулық иесі, ал кейбіреулер төсек тартқан науқас. Мінеки, осыған байланысты әрбір адам үшін өмірдің мәні әртүрлі.Алайда кез-келген адам өмірінің мәні,өмір категориялары ол:біріншіден өмір.

Өмір-үлкен жол.Өмірдің мәні ол- өмір сүре білу.Сол өмірде Алланың бізге деген шексіз махаббатын сезіну және де Алланың бізге,яғни сүйген құлына берген сынағын өткеру,амал жолымен жүріп өту.Алла,жаратушы иеміз бізге жүрек берді,яғни географияда көп айтылатын компас,қазіргі замандағы навигатор немесе 2Gis секілді бағыттаушы құралды .Ол бізді бағыттайды.Ал ол бағыттар біздің мына дүниеде жасап жатқан амал-істерімізге байланысты болмақ. Өмірдің мәні-біздің мына әлемге тап-таза періште күйінде келуіміз,жүрек тазалығы,аналарымыздың сүйіспеншілігі,басқаларға көмек көрсетіп игі іс жасауымыз,өзгенің сенімін иелену,сенімін аяқ-асты етпеу,отбасы деген шағын мемлекетпен бақытты болу,қуанышты да қайғыны да бөлісе білу және ең бастысы,Алланы сезіне білу.Сондай-ақ,Алланың бізге берген барша дүниелерін бақытыңа балау.Көңіл толмаушылық болмау қажет,керісінше соның барына тәуба етіп,қалағаныңа жету жолында әрекет ету қажет. «Әр істің бір қайыры бар» демей ме?Сол жолда қадам нық,ісіміз нақ болу қажет.Алайда,нық басам деп Алла жолынан таймай, жүрек деген бағыттаушыға жүгінген жөн.Алламыз бізге көтере алмайтын сынақ,жасай алмайтын іс бұйырмайды. Әр нәрсенің өлшемін біледі. Осы тұста бақ,бақыт деген сөз есіме түскені...

Бақ,бақыт.Ол не?Бақыт деген-өмірдің оң балансы,ең жақсыға ие болу,тағдырдың және Алланың мейірімділігі,сәттілігі.Бақытты болу деген жақсы ғой,шіркін!Алайда сол бақты көтере алмай жатқандар қаншама.Осы орайда бір даналық ойыма лезде келгені.Айта кетсем:

«Бақ әуелі адамның аяғына ілінеді. Аяғына келген бақты көтере алмаған, аяғын шалыс басып, жүрісінен жаңылады.

Егер аяғына келген бақты көтере алса, бақ өрлеп белге келеді. Белге жеткен бақты көтере алмаған не ұрпақсыз қалады, не өзінен тараған ұрпағына кесірі тиеді.

Егер беліне келген бақты көтере алса, бақ өрлеп кеудеге келеді. Кеудеге келген бақты көтере алмағанның кеудесіне нан піседі. Өзгеден гөрі өзін жоғары санағыш болып, менмен, өркеуде болады. Ондайдан бақ кетіп қалады.

Егер кеудеге келген бақты көтере алсаң, бақ өрлеп аузыңа келеді. Бұл кезде айтқаныңа ел ұйыйды. Аузындағы бақты ұстағанның ендігі кезегі – көзінде. Көзіне келген бақты кетере алмағанның көзін шел басып, бар мен жоқты, жақсы мен жаманды айыра алмайтын халге жетеді.

Көздегі бақты көтере алсаң, бақ жоғарылап басыңа орнайды. Кетпес бақ деп соны айтады.



Басына бақ орнаған адам – дана адам. Өйткені аяққа ілінген бақты жоғалтпай, басына шығару – тек ақылдының ісі…», -деген екен бабақазақ!Қалай жақсы айтқан ия?Бұлай жасау да бірінің қолынан келсе,бірінің қолынан келмесі анық.Себебі,бірі аяққа ілінген бақтан лезде айырылып қалатыны бар,ал бірі белге жеткен кезде айырылса,бірі шарықтау шегіне жеткен кезде де айырылып жатқаны бар.Бұл даналық жолына жете алмау делінеді.Адам басына бақ орнаған сәтте барынша адам сеніміне кіруге,баққа ортақтасуға көз тігетіндер баршылық,жасыратыны жоқ.Бұл өмір болғаннан кейін жақсы мен жаманның,періште мен шайтанның қатарласып жүретіні айқын.Сол тұста бәріне бірдей сене берушілік болмау қажет.Осы уақытта сенім деген сөзге анықтама беретін болсам,сенім дегеніміз-адамдық қасиет, бір адамның адамдар арасындағы жауапкершілігі мен тұрақтылығы,сөзінде тұруы, сертіне адалдығы мен беріктігі.Мана айта кеткенімдей,бәріне бірдей сене берушілік болмау қажет.Қазіргі заманның өзі соған үйрететін сыңайлы.Өйткені,қазір қой терісін жамылған қасқырлар баршылық.Қазірді заман бәсеге толы болғандықтан бақталастар көп болады.Және ол бақталастар бастапқыда адамдық қасеттерін көрсетіп,сенімге кіреді.Барынша сенімді иеленеді.Сол мақсаттан да сене берушілік қажет емес.

Сондай-ақ,пенде болған соң адам өмірінің тағы бір категориясы өлім деген тармақ бар.Алла тағаланың өлшеп берген,қамшының сабындай ғана өміріміздің аяқталар жері. Табиғаттағы тірі жан-жануарлардың бәрі де өз тіршілігін өліммен аяқтайды, яғни мәйітке айналады. Сол сияқты адам баласы да...«Өмір сүру-өлу деген сөз» деп Ф.Энгельстің айтқаны осының дәлелі болса керекӨлмейтін пенде жоқ. Біреуге ерте, біреуге кеш келетін ажал тірі жанның бәрін жалмайтын тойымды білмейтін тажал сияқты. Бес күндік ғұмырында тірі пенде ажалды еске алмай мәңгі жасардай сезініп, еш қаперсіз күн кешеді. Ал өткен әрбір күніміз ажал атты аяушылықты білмейтін қатыгез жендетті жақындата түспек. Өлімді ойламау, өлімнен құтқармайды. Сондықтан, өлім атты еш пенде қашып құтыла алмайтын және түптің түбінде келмей қоймайтын құбылыстан,ажал алдындағы қорқыныштан арылып, ажалдан кейінгі беймәлім әлемге дайындық жасай алмақпыз.



Қорытындылай келе,адам өмірінің категорияларын ғылыми тұрғыдан да,діни тұрғыдан да қарастырамыз. Ғылыми түсінік адамды бес күнгі мына жалғанда ойына келгенді жасап, еш жауапкершілікті сезінбей нәпсінің құлы болуға итермелейді. Діни түсінік те ажалдан кейін не күтіп тұрғанын нақты болжамдауға мүмкіндік бермей, бәрі Жаратқанның еркінде дегізіп, екіұдай күйге түсірмек. Жалпы, өлімнен кейін не күтіп тұрғанын нақты біліп, соған орай белгілі әрекеттер жасау арқылы бақи дүниедегі жағдайымызды, нақты орнымызды табуға мүмкіндік бар ма? Яғни, осы өмірдегі жағдайымызды өзіміз анықтайтын сияқты, о дүниедегі ахуалымызды да өзіміз анықтай алатын мүмкіндік жоқ па?Ол біздің санамыздағы сұрақ белгісі болып қалмақ. Мен үшін өмірдің мәні,зор денсаулық, бақытты отбасы, бейбітшілік, адал еңбекпен нан табу, салауатты өмір салтын сақтау және Аллах берген қысқа ғана ғұмырда ата-анам,бауырларым жанымда барында,жолын берсе Мекке-Мединаға бару.Алла жолынан таймау.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет