Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы



Дата18.02.2020
өлшемі51.74 Kb.
Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологияфлық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі- адамның санасы пайда болады.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғары кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы- бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан- жақты сипаттаманы А.Н. Леонтьев өзінің “Іс- әрекет, Сана, Жеке тұлға” атты еңбегінде берген болатын- ды.

Сана – психика дамуының сапалы ереуше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюцияда сананңы өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болады. Адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі- адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың адамдардың саналы қызметі, биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағындайды, олармен қарама- қарсылықта болады немес оларды басып тастайды.

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі- жануарлардың мінез- құлқынан адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталғанг және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез- құлық тәсілдері оның өз тәжірибесініңнәтижесі емес,ұрпақтардың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез- құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды.Еңбек құралдарын жасау арқылы алғашқы қауымдағы адамның іс- әрекетін түбірімен өзгертті.

Сана- психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс- әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық- тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрлымы, оның негізгі психологиялық сипатттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.

Сананың құрлымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.

Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан- жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажетілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімдейді. Демек, сана,- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбктің қарым- қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-бірне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігенен пайда болды.

Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптстыруда шешуші роль атқарды. Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды. Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық- тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық- тарихи сана болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихи көрсеткендей, сана, ой, сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.

Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.

Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық актілерінің) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Инстинкт жануарлардың тіршілік жағдайларына бейімделу формасы болып саналады; мысалы, үйрек балапанының жұмыртқадан шыға салысымен суда жүзуі. Инстинкт (латынша іnstіnctus – түйсік деген ұғымды білдіреді) туралы түсініктер ежелден белгілі. Биологиялық маңызына қарай инстинкт: қоректік (олжасының ізіне түсу, азық жинау, т.б.), қорғаныстық немесе сақтық (қатер төнгенде айбат шегу, тырнау, қозғалмай қатып қалу, т.б.), жыныстық (уылдырығын шашу үшін балықтардың ағынға қарсы немесе ағын ығымен ауа жүзуі), т.б. түрлерге бөлінеді. Барлық бейімделу факторлары сияқты инстинкт орта жағдайының өзгеруіне байланысты өзінің мәнділігін жоғалтуы мүмкін.

Адам инстинкті тәрбие процесі кезінде қалыптасып, көбінесе, оның саналы іс-әрекетіне бағынышты болады. Сәбилерде инстинкт ми қызметінің толық қалыптасуымен байланысты дамиды. Инстинкт туралы алғашқы ұғымдар оны саналы әрекетке, туа пайда болатын мінез-құлықтың жүре қалыптасатынына қарсы қоюға себепші болды.

Адамдар мен жануарлар психикасының айырмашылыгы:

Біріншіден, адамдар жануарларға қарағанда танымдық процестері ерекше сапаларға ие: қабылдау - заттылық сақтау, қайта жаңғырту т.б. Міне осы сапалар адамның өмір сүру барысында оқытуға байланысты дамытылады.

Екіншіден, жануарлар есі адамға қарағанда оқшау, тар. Олар өмірде өздері пайдаланған информацияны ғана пайдалана алады. Келесі ұрпаққа олар генотипті бейнеленген тұқым қуалаушылық арқылы ғана бере алады. Ал өздері тіршілігін жойған кезде пайдаланған тәжірибе келесі ұрпаққа жетпейді, өзімен бірге жойылады, өледі.

Адамдарда өзгеше. Оның еске сақтау қабылеті шексіз. Ол әртүрлі информацияны еске сақтай алуына байланысты кез-келген уақытта қайта жаңғырта алады. Ол үшін адамдар әртүрлі белгі, таңбаларды шығарды. Олар осы белгілер арқылы келесі ұрпаққа өздерінің материалдар, рухани мәдениетін қалдыра алады.

Келесі айырмашылық ойлау. Айтылған екі тіршілік иелері де туа сала қарапайым элементарлы мысалдарды көрнекі-әрекетті бағдарламада шешу алдында потенциалды қабілеттілікке ие.

Психика дамуы туралы көптеген көзқарастар бар.

Антропопсихизм - Декарт есімімен байланысты. Психиканың пайда болуын адаммен байланыстырады. Психика тек адамға тән. Осылайша адамға дейінгі психиканың дамуы жоққа шығарылады. Бұл көзқарасты жақтаушылар әлі күнге дейін кездеседі.

Жануарлар мен адам психикасының ерекшелігі, мәні.

1. Жануарлар іс-әрекеті биологиялық. Кез-келген затқа жануарлардың іс-әрекеті биологиялық қажеттіліктен тұрады. Сонымен жануарларда қоршаған ортаны бейнелеуде тұрақтылық болмайды. Жануарларға әр зат оның инстинктивті қажеттілігінің бөлінбес әрекет.

2. Жануарлар психикасының адам санасынан айырмашылығы мынада: жануарларда өзі тектестерге сыртқы объектілерге қатынасынан айырмашылығы жоқ. Бұл жануарларда қоғам деген түсінік фактісі жоқ дегенді білдіреді. Кейбір авторлар жануарларда еңбек бөлінісі бар, Мысалы: ара, құмырсқа т.б. атайды. Алайда бұл жәндіктерде еңбек бөлінісі жоқ, олар тек биологиялық факторларға байланысты ғана еңбек бөлінісін жүргізеді.

3. Жануарлардың бір-бірімен қарым-қатынаста «тілді» пайдалану. Әрине, жануарлар бір-бірімен қарым-қатынаста дыбыстарды пайдаланады, бірақ бұл адам тіліне ешқандай байланысы жоқ.

Әдебиеттер:

Рубинштейн С.Л, Основы общей психологии. Питер. 1999

Маклаков А.Г. Общая психология. С.Пит.

Немов Р.С. Психология.1 том. 2000.

Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики



Шабельников А., Бердібаева С Психика- функционалдық жүйе. А., 1998

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет