«Алгоритмдер, мәліметтер құрылымы және программалау»



бет11/12
Дата02.05.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

14 апта



Тақырып 12. Модульдер ұғымы
Дәріс №14. Модульдер
Turbo Pascal тілінде модульдерді ұйымдастыру және пайдалану

Модуль дегеніміз нақты бір типті есептерді шығаруға арналған тұрақтылар, деректер типтері, айнымалылар, процедуралар мен функциялар жиынтығы.

Әрбір модуль әрбір жеке программада әртүрлі құрылымда болады. Модульді кейде кітапхана деп те атайды.

Модульді сонымен қатар, біреудің сізге және сіздің қолдануыңызға жазған қарапайым үрдіс деп те қарастыруға болады.

Turbo Pascal тілінде стандартты (встроенными) модульдер бар, олардың негізгілері мыналар:



  • System

  • Dos

  • Overlay

  • Graph

  • Crt

  • Printer

и др.

Модульдер System, Dos, Overlay, Crt, Printer біріктірілген және Turbo.tpl файлында сақталады.



Graph модулі Graph.tpu файлында сақталады.

System модулі деректердің кіру – шығу, жолдардың өңделуін және т.б. процедуралары мен функцияларын қолдайды.

Dos модулі көбісі MS-DOS командаларына эквивалентті стандартты процедуралар мен функцияларды қамтиды.

Overlay модулі Оверлейлер жүйесін қолдауды қамтамасыз етеді. (Оверлей – арнайы программа, негізгі программаға мәндер беріп тұрады)

Crt модулі поддерживает ряд стандартных процедур и функций, которые обеспечивают работу с экраном монитора в текстовом режиме, управление звуком и работу с клавиатурой.

Printer модулі ақпаратты баспаға басып шығаратын баспа құрылғысының драйверін сақтайды және баспаға шығаруды ұйымдастырады.

Graph модулі монитор экранының графиктік режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Процедураны немесе қандай да бір модульді пайдалану үшін оны программаға қосу қажет. Бұл uses бөлімінде орындалады, оның түрі мынадай:
uses модуль _ аты_1, модуль_аты_2, …, модуль_ аты_N;
System модулі кез – келген программаға автоматты түрде қосылады, сондықтан uses бөлімінде көрсетудің қажеті жоқ.
Стандартты модульдер. CRT модулі. GRAPH модулі.
Crt модулі

1. Мәтіндік режимді қою

Мәтіндік режим компьютердің кодтық кестесінің символдарын көрсету қызметін атқарады және жолдардағы символдар саны мен экрандағы жолдар санымен сипатталады.

Мәтіндік режим TextMode(M) процедурасымен орнатылады, мұндағы М – режим.
2.Курсорды басқару

Курсордың орны жолдың нөмірі мен курсордың координаталары ретінде есептеуге болатын жолдағы позициясымен анықталады.



GotoXY(X,Y); процедурасы курсорды (X,Y) координаталы позицияға жылжытады
3. Түсті басқару

Келесі үрдістерді пайдалануға болады:


TextColor(C); енгізілетін символдардың түсін қою үшін.

TextBackGround(C); фонның түсін қою үшін.
мұндағы С – түс.
4. Экранды, жолдарды тазалау,жолдарды жою және жолдар қою

ClrScr; - экранды толық тазалайды, мұнда курсор экранның сол жақ жоғары бұрышына орналасады.

ClrEol; - курсордың тұрған орнынан бастап жолодың соңына дейін барлық символдарды өшіреді. DelLine; - курсор орналасқан жолды жояды, барлық астыңғы жолдарды бір позиция жоғары көтереді.

InsLine; - курсор тұрған позициядан бастап, жаңа жол қояды.
5. Программаның орындалуының кідіруі

Delay(N); - программаның орындалуын N миллисекундқа кідіртеді.
6. Пернетақтамен жұмыс

Әрбір перненің өз коды бар, ол пернетақтаның панелінде перненің орнына тәуелді және пернедегі салынған бейнеге қатысы жоқ..



  1. Функция Ord(C) – C символының кодын анықтайды.

  2. Функция Chr(X) – Коды X – ке тең символды анықтайды.

Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Модуль дегеніміз не?

  2. Стандарттық модульдердің қандай түрі бар және олар не үшін қажет?

  3. программаға модульді қалай қосу керек?

  4. Қандай модуль програмаға автоматты түрде қосылады?

  5. CRT модулі не үшін қолданылады?

  6. CRT модулінің қандай процедураларымен функциялары бар және олар не үшін қолданылады?


Дәріс №015. Модуль
1. Адаптер ұғымы, адаптер типтері, драйверлер және режимдер ұғымы

Графикалық режимде кез – келген монитор экранындағы бейне көптеген пиксельдерден тұрады.

Монитор экранының графикалық режимде жұмыс істеуін графикалық адаптер деп аталатын арнаулы электрондық схема қамтамасыз етеді. Адаптерлердің негізгі иптері: CGA, EGA, VGA SVGA. Графикалық режимнің жұмысын драйвер деп аталатын арнайы программа. ТР драйверлер BGI өсімшелі файлдарда сақталады. Пайдаланылған драйвер әртүрлі режимде жұмыс істеуі мүмкін.
2. Инициализация және графикалық режимнен шығу

Graph модулін қосқан соң, алдымен мүмкін бір графикалық режимді орнататын процедура шақырылады.


InitGraph(D,M,P);

мұнда D – драйверді береді, М – режимді береді, Р – драйвер файлына жол көрсетеді, яғни сәйкес BGI өсімшелі файлға. (Ескерту: Егер драйвер файлы ағымдағы каталогта орналасса жол ретінде '' (екі апостроф)).


Графикалық режимнен шығу үшін CloseGraph; процедурасы
3. Координат жүйесі

Экранда бейнені тұрғызу үшін координаттар жүйесі қолданылады



Графикалық режимде көрінетін курсор жоқ, бірақ көрінбейтін ағымдағы сілтеме бар.

Ағымдағы сілтемені жылжыту үшін келесі процедуралар қолданылады:

MoveTo(X,Y); - ағымды сілтемені (Х,У) координаты бар нүктеге ауыстырады.

MoveRel(X,Y); - ағымды сілтемені көлденеңінен X нүктеге, тігінен Y нүктеге ауыстырады.

Тігінен және көлденеңінен нүктелердің максималды санын анықтау үшін келесі функциялар қолданылады:



GetMaxX – X-ң макималды мүмкін мәндерін анықтайды.

GetMaxY - У-ң макималды мүмкін мәндерін анықтайды.
Инициализация және графикалық режимнен шығу.
Негізгі фигураларды тұрғызу
1. PutPixel(X,Y,C);

(X,Y) координаталы С түсті нүктені тұрғызу.
2. Построение линий
Line(X1,Y1,X2,Y2);

(X1,Y1) координата нүктесінен (X2,Y2) координата нүктесіне дейінгі сызықты сызады.


LineTo(X,Y);

Ағымды сілтемеден (Х,У) координата нүктесіне дейінгі сызықты сызады.

Сызық түсі мына процедурамен беріледі:

SetColor(C);
Сызық стилі мына процедурамен беріледі:

SetLineStyle(L,P,T);

мұнда L сызықтың стилін береді;



Т сызықтың жуандығын көрсетеді;

Р үлгіні береді
Егер қандай да бір стандартты стильдің бірі қолданса, онда Р мәні 0 - ге тең.

Егер қолданушы өз стилін пайдаланса, онда Р мәні 4 - ке тең.


3. Тікбұрыштарды тұрғызу
Rectangle(X1,Y1,X2,Y2);

Боялмаған тікбұрышты сызу



Сызық түсі SetColor процедурасымен, стиль мен қалыңдығы SetLineStyle процедурасымен беріледі.


Bar(X1,Y1,X2,Y2);

Боялған тікбұрышты сызу

Бояу кезінде мына шаблонмен анықталатын шаблон мен түс қолданылады: SetFillStyle(N,C);

Мұндағы N толтыру стилі, ал С-түсі.

4. Параллелепипед тұрғызу
Bar3D(X1,Y1,X2,Y2,D,T);
Мұнда D үш өлшемді контурдың тереңдігін береді, Т тікбұрышты параллелепипед төбесін құру керек пе (T=True) , әлде жоқ па (T=False), соны көрсетеді.

Сызық түсі SetColor процедурасымен, стиль мен қалыңдығы SetLineStyle процедурасымен беріледі.


5. Шеңбер, доға, эллипстер тұрғызу
Circle(X,Y,R);

(X,Y) нүктесінде R радиусы бойынша шар салады.

Түс SetColor процедурасымен беріледі.
Arc(X,Y,B,E,R);

Центрі (Х,У) нүктесінде, В бастапқы бұрыштан Е соңғы бұрышқа дейінгі радиусы R болатын доға сызу.


Ellipse(X,Y,B,E,XR,YR);

В бастапқы бұрыштан Е соңғы бұрышқа дейінгі центрі (Х,У) нүктесінде, Х осі бойынша радиусы ХR болатын, У осі бойынша радиусы YR болатын эллипс сызу.


6. Толтыру түсі мен фон түсі
SetBkColor(C);

Графикалық режимде фонның түсін қояды.


ClearDevice;

Графикалық режимде экранды тазалау процедурасы.


FloodFill(X,Y,C);

SetFillStyle процедурасымен анықталған шектелген облысты ағымды түспен және толтыру стилімен бояйды.

(X, Y) – шектелген боялған облыстың ішінде орналасқан нүктелер координаты, С – шектелген облыстың шеттерінің түсі.
7. Мәтінді графикалық режимде шығару
OutText(S);

Мәтін жолын сілтеменің ағымды жағдайынан бастап шығарады.

S – жолдық типтегі айнымалы немесе константа
OutTextXY(X,Y,S);
(X, Y) – мәтінді шығарудың басының координаттары.
Ескерту: Сандық деректерді экранға шығару үшін санды жолға айналдыру қажет.
.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. GRAPH модулі не үшін қажет?

  2. Адаптер деген не?

  3. Адаптерлердің қандай типтері бар?

  4. Драйвер деген не?

  5. Графикалық режимді қалай инициализациялау қажет және одан шығу?

GRAPH модулінің қандай процедуралар мен функциялары бар және олар не үшін керек?




Әдебиет: (1) бет. 130-140

зертханалық сабақтар
1 апта

1 Зертханалық сабақтар



Тақырып 1. Алгоритмдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Алгоритм ұғымымен танысу, алгоритмдер жазылуымен, олардың типтері мен қасиетімен танысу.

  2. Сызықтық, тармақталған, циклдық алгоритмдерді құруды үйрену.

  3. Компьютерде есептерді шығару этаптарымен танысу.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Алгоритм дегеніміз не?

  2. Алгоритмдерді жазу тәсілдері?

  3. Алгоритмдерді блок – схема түрінде жазу үшін қандай блоктар қолданылады?

  4. Алгоритмнің қасиеттері нені білдіреді: түсініктілік, анықтылық,орындалу, массалық?

  5. Сызықтық алгоритм деген не?

  6. Тармақталған алгоритм деген не?

  7. Циклдық алгоритм деген не?

  8. Компьютерде есептерді шығарудың негізгі этаптары.


СӨЖ сұрақтары

Алгоритмдерді алгоритмдік тілде жазу.



Сабақтың барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


2 апта

2 Зертханалық сабақтар



Тақырып 2. Программалау тілдері

Сабақтың мақсаты:

  1. Мына ұғымдармен танысу:

  • Программалау тілі;

  • Программалау тілдерінің классификациясы;

  • программа;

  • трансляция, транслятор, компилятор, интерпретатор;

  1. ИСП TP жұмыс істеп үйрену.



Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Программалау тілі деген не?

  2. Машиналық тіл деген не?

  3. Төмен деңгейдегі программалау тілі деген не? Мысал келтіріңіз.

  4. Жоғары деңгейдегі программалау тілі деген не? Мысал келтіріңіз.

  5. Программа деген не?

  6. Трансляция деген не?

  7. Компилятор деген не?

  8. Интерпретатор деген не?

  9. ИСП TP үшін қандай файлдар негізгі деп аталады?

  10. ИСП TP файлдармен негізгі операциялар қалай орындалады: жаңа құру, сақтау, ашу?

  11. ИСП TP терезелермен негізгі операциялар қалай орындалады: жабу, орын ауыстыру, екпінді терезені ауыстыру, көлемін өзгерту?

  12. Программаны орындауға жіберу, нәтижені талдау?


Вопросы СӨЖ

  1. Ассемблер деген не?

  2. Ассемблера тілі деген не?

  3. Компьютерге арналған машиналықтіл және ассемблер тілінің айырмашылығы неде?

  4. ИСП TP жұмыс істеуде дискте программаның exe-файл файлын құру?


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


3 апта

3 Зертханалық сабақтар



Тақырып 3. Паскаль тілінің жалпы мінездемесі

Сабақ мақсаты:

  1. TP тілінің алфавитімен танысу.

  2. Мына ұғымдармен танысу:

  • идентификатор;

  • айнымалылар және тұрақтылар;

  • деректердің типтері.

  1. ТР тілінде деректердің стандартты типімен танысу.

  2. Деректердің типтерін анықтай білу.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. TP тілінің алфавитіне қандай символдар кіреді?

  2. Идентификатор деген не? Идентификаторларды қалыптау ережелері?

  3. Айнымалылар деген не?

  4. Тұрақтылар деген не?

  5. Деректердің типтері деген не?

  6. TP тілінде деректердің стандартты типі?


СӨЖ сұрақтары

  1. Деректертиптерін келтірудің қандай ережелері бар?

  2. Абсолюттік айнымалылар деген не?


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


4 апта

4 Зертханалық сабақтар



Тақырып 3. Паскаль тілінің жалпы мінездемесі

Сабақ мақсаты:

  1. Мына ұғымдармен танысу:

  • өрнек;

  • арифметикалық өрнек;

  • логикалық өрнек;

  • операциялар;

  • стандарттық функциялар.

  1. TP математикалық өрнектерді жазу.

  2. Логикалық өрнектердің мәнін анықтай білу.

  3. TP программа құрылымыменн танысу және программа бөлімдерінің қызметін білу.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Өрнек деген не?

  2. Арифметикалық өрнек деген не?

  3. Логикалық өрнек деген не?

  4. Бүтінсенды, заттық, символдық, логикалық типті айнымалылармен жасалатын операциялар?

  5. Қандай стандарттық функциялар бар?

  6. Өрнектерде амалдар қандай ретте орындалады?

  7. TP программа құрылымы қандай?

  8. Программа бөліктері не үшін қажет?


СӨЖ сұрақтары

Есептеу үшін қандай формуланы қолдануға болады:



  • Санның дәредесі;

  • tg x

  • ctg x

  • csc x

  • sc x

  • arcsin x

  • arccos x

  • arcctg x

  • loga x


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.



5 апта

5 Зертханалық сабақтар



Тақырып 4. Меншіктеу операторлары. Енгізу – шығару процедуралары

Сабақ мақсаты:

  1. Мына ұғымдармен танысу:

  • оператор;

  • оператордың жазылу форматы.

  1. Айнымалыларға мәндер меншіктеу операторын пайдалану ережесімен, жазу форматымен, қызметімен танысу.

  2. Мына ұғымдармен танысу:

  • Ақпаратты енгізу;

  • Ақпаратты шығару;

  • Енгізу – шығарудың стандартты файлы.

  1. Шығару процедураларының пайдалану ережесімен, жазу форматымен, қызметімен, деректерді форматты түрде шығарумен танысу.

  2. Айнымалыларға мәндерді енгізу процедураларының пайдалану ережесімен, жазу форматымен танысу.

  3. Сызықтық құрылымды программаларды құруды үйрену.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Оператор деген не?

  2. Оператордың жазу форматы?

  3. Айнымалыларға мәндерді енгізу процедураларының пайдалану ережесі, жазу форматы деген не?

  4. Ақпаратты енгізу деген не?

  5. Ақпаратты шығару деген не?

  6. Input және Output стандартты файлдар қызметі?

  7. Мәндерді шығару процедураларының қызметі, жазылу форматы?

  8. Ақпараттық форматты шығарылуы не үшін қолданылады?

  9. Мәндерді енгізу процедураларының қызметі, жазылу форматы?


СӨЖ сұрақтары

  1. Read, Readln енгізу процедурасының көмегімен қандай айнымалылар енгізуге болмайды?

  2. Write, Writeln шығару процедурасымен қандай айнымалылар шығаруға болмайды?

  3. Символдық деректерге форматты шығаруды қалай қолданамыз?


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


6 апта

6 Зертханалық сабақтар



Тақырып 5. Шартсыз және шартты көшу операторлары

Сабақ мақсаты:

  1. Мына ұғымдармен танысу:

  • құрамды оператор;

  • метка.

  1. Операторларды пайдалану ережелері және жазылу форматы, қызметімен танысу:

  • goto

  • if…then…else…

  • case… of…

  1. Тармақталған құрылымды программалар құруды үйрену.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Тармақталған алгоритм деген не?

  2. Метка деген не? Меткалар программаның қандай бөлігінде сипатталады?

  3. goto шартсыз көшу операторының жазылу форматы және қызметі?

  4. if…then…else… шартты көшу операторының жазылу форматы және қызметі?

  5. Қысқа форматта жазылған шартты көшу операторы қалай жұмыс істейді?

  6. Толық форматта жазылған шартты көшу операторы қалай жұмыс істейді?

  7. Қарапайым оператор дген не?

  8. Құрамды оператор деген не? Ол не үшін қолданылады?

  9. case… of…операторының жазылу форматы және қызметі?


СӨЖ сұрақтары

  1. Кездейсоқ шама ұғымы.

  2. Кездейсоқ шама мен жұмыс істейтін процедуралар және функциялар.


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


7 апта

7 Зертханалық сабақтар



Тақырып 6. Цикл операторы

Сабақ мақсаты:

  1. Операторлардың жазылу форматы және қызметіменг танысу:

  • while …

  • repeat …

  • for …

  1. Циклдық құрылымды программалар құру.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Циклдық алгоритм деген не?

  2. Шарты алдын ала берілген цикл операторының жазылу форматы және қызметі? Шарты алдын ала берілген цикл операторының жұмысын блок – схема түрінде беру?

  3. Шарты соңынан берілген цикл операторының жазылу форматы және қызметі? Шарты соңынан берілген цикл операторының жұмысын блок – схема түрінде беру?

  4. Параметрмен берілген цикл операторының жазылу форматы және қызметі. Параметрмен берілген цикл операторының жұмысын блок – схема түрінде?


СӨЖ сұрақтары

Кіріктірілген цикл құрылымы.


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


8 апта

8 Зертханалық сабақтар



Тақырып 7. Ішкіпрограммалар

Сабақ мақсаты:

  1. TP ішкіпрограмма ұғымымен,ішкіпрограмма типтерімен танысу.

  2. Процедуралар мен функцияларды сипаттау ережелерімен танысу.

  3. Мына ұғымдармен танысу:

  • Формальды және фактілі параметрлер;

  • параметрлер-мәндер;

  • параметрлер-айнымалылар;

  • ауқымды және локальды айнымалылар.

  1. Негізгі программада процедуралар мен функцияларды шақыру тәсілдерімен танысу.

  2. Процедуралар мен функцияларды пайдаланып программа құруды үйрену.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Ішкіпрограммалар ұғымы.

  2. Процедуралар мен функциялар.

  3. Процедуралар құрылымы,олардың сипаты және шақыру операторы.

  4. Формальды және фактілі параметрлер, олардың сәйкестік ережелері.

  5. Параметрлер-мәндер қозғалысын өзгерту.

  6. Параметрлер-айнымалылар – нәтижесін алу.

  7. Функцияның құрылымы.

  8. Функцияны шақырту.

  9. Процедуралар мен функциялар арасындағы айырмашылық (бірғана шешімді алу).

  10. Айнымалылар сатысы.



СӨЖ сұрақтары

Процедуралар мен функциялардың салыстырмалы мінездемесі.


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


9 апта

9 Зертханалық сабақтар



Тақырып 8. Деректердің құрылымданған типтері: массивтер

Сабақ мақсаты:

  1. Деректер типімен танысу: шектелген, диапазондық.

  2. Шектелген және диапазондық типтегі деректерді сипаттау тәсілдерімен танысу.

  3. Мына ұғымдармен танысу:

  • массив;

  • массив өлшемділігі;

  • массивтерді сипаттау тәсілдері.

  1. Бірөлшемді массивтерді пайдаланып программа құруды үйрену.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Шектелген типтегі айнымалылар?

  2. Диапазондық типтегі айнымалылар?

  3. Массив деген не?

  4. Массивтің өлшемділігі деген не?

  5. Программадағы бірөлшемді, екіөлшемді массивтерді қалай сипаттаймыз?

  6. Массив элементі?

  7. Массивті қалай толтыру қажет?

  8. Массивті экранға шығару?


СӨЖ сұрақтары

Программа құру.


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


10 апта

10 Зертханалық сабақтар

Тақырып 8. Деректердің құрылымдалған типі: массивтер

Сабақ мақсаты:


  1. Екіөлшемді массивті сипаттау тәсілдерімен танысу.

  2. Екіөлшемді массивті қолданып программа құру.


Зертханалық сабақтарға дайындық сұрақтары

  1. Екі өлшемді массивті сипаттау?

  2. Екіөлшемді массив элементі?

  3. Екіөлшемді массивті толтыру?

  4. Екіөлшемді массивті экранға шығару?


СӨЖ сұрақтары

Программа құру.


Сабақ барысы:

  1. Сабақтың тақырыбы бойынша теоретикалық сұрақтарды қарастыру.

  2. Сабақтың тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау.


11 апта

11 Зертханалық сабақтар



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет