Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет3/22
Дата02.05.2016
өлшемі4.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Өңдеуші өнеркәсіп

Аталған сектордың неғұрлым ірі салалары: тамақ өнеркәсібі (52,1%), металлургия өнеркәсібі мен дайын металл бұйымдарын өндіру (17,6%) және машина жасау (15%). Сонымен қатар химия өнеркәсібі (3,3%), резина мен пластмасс бұйымдарын өндіру (2,7%) және басқа да бейметалдық минералдық өнімдерді шығаруды (2,7%) айта кеткен жөн.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің көлемі 37 млрд. 529,3 млн. теңгеден 63 млрд. 161 млн. теңгеге дейін, пайызбен есептегенде 168,3 көрсеткішіне дейін өскен.



КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, млн. теңге

37 529,3

43 399,4

52 150,3

63 219,0

63 161

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсібі саласының үлестік салмағы, %

60,5

55,9

61,3

51,3

55,2

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

13 455

13 914

14 392

14 774

13 791

Еңбекақы қоры, мың теңге

4 380 237,1

5 474 957,3

7 099 925,1

8 738 845,9

8 581 424,8

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2 789,2

3 119,1

3 623,6

4 279,1

4 579,9



Тамақ өнеркәсібі

Тамақ өнеркәсібінде осы кезеңдегі басты міндеттердің бірі қарқынды импорт және азық-түліктік (ең алдымен арзан және орта баға сегментіндегі) қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Қаладағы тамақ өнеркәсібінің өнімдерін шығаратын негізгі кәсіпорындарға: «Эфес Қарағанды» ШК АҚ, «Қарағанды конфеттері» АҚ, «Қарағанды Нан» ЖШС, «Евразиан фудс» АҚ және басқалары жатады. Аталған саладағы кәсіпорындардың көбісі әрі облыстық, әрі республикалық нарықтарға бағытталған. «Евразиан фудс» ЖШС-ң өнімдері Орта Азия нарығында көрсетілген.

«Евразиан фудс» АҚ Қазақстанның 1971 жылдан бастап маргарин мен май өнімдерінің түр-түрін шығаратын май өнімдері саласындағы алғашқы орындағы кәсіпорын болып табылады.

2009 жылы өндірілген өнімдер көлемі 2005 жыл көлемінен гөрі 246,4% артық; жұмыс істейтіндер саны – 4%-ға; еңбек өнімділігі – 136,8%-ға өсті.

«Евразиан фудс» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері




КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

3 031

3 491

4 268

7 095

7 467

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

497

506

500

505

517

Еңбек өнімділігі, мың теңге

6 098,6

6 899,2

8 536

14 049,5

14 442,9

1997 жылдан бастап кәсіпорынды қалпына келтіруге 15 миллион доллардан астам ақша қаражаттары салынған. Жаңа технологиялар енгізіліп, өндіріс көлемі артып, өнім сапасы жақсарып, еңбек өнімділігі көтерілді.

2006 жылы жаңа бағыттар ашылды, яғни: ҚР алғашқы «OHMI» неміс фирмасының майды қайта этерификациялау құрылғысы мен «Tetra-LavaT» майдың жағымсыз иісін кетіру құрылғысы. Ескі жабдықтау қазіргі уақытқа сай жоғарғы автоматтандырылған «Gerstenberg Schroder» әлемге танымал өндірушінің құрылғыларына ауыстырылды. Нәтижесінде өндірілетін маргарин ассортиментін кесекшеленген, сонымен қатар кондитерлік және нан пісіруші өнеркәсіпке қажетті маргарин түрлерімен байыту мүмкіндігі пайда болды.

Дәл осыған орай «Евразиан фудс» АҚ Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары арасындағы «Тағам өнімдерін өндірушілер» номинациясында «Жоғарғы сапа жетістігі үшін» жүлдесімен Үкімет тарапынан берілген сыйлыққа ие болған алғашқы кәсіпорындардың бірі болды.

«Евразиан фудс» АҚ-мен 2010 жылдың желтоқсан айында Қарағанды облысының индустриализация Картасына енген, құны 357,0 млн. теңгеге тең «Абсорбциялық рафинаттау мен буып тию бағытындағы цехті ашу» жобасын жүзеге асыруын жоспарлайтынын айта кеткен жөн. 2011 жылы берілген жобаның өндірістік қуаттылығы: абсорбциялық рафинаттау бойынша – тәулігіне 250 тонна, буып-тию бағыты бойынша – 3-6 тонна сағатына дейін жетеді.

Қазақстанның кондитерлік бұйымдарды және шоколадты өндірудің аса ірі кәсіпорындарының бірі «Қарағанды конфеттері» АҚ өз қызметін 1956 жылдың қараша айында бастады.

2009 жылы «Қарағанды конфеттері» АҚ кондитерлік бұйымдар өндірісі 16,4%-ға төмендеді. Бұның алғашқы себептерінің бірі, Лондондық сауда биржасындағы какао-бұршақтарына бағалардың өсуі (мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда бағалар 2 есе көтеріліп, қазіргі уақыттағы бағасы 1 тонна үшін 4 мың АҚШ долларынан асады); бұрынғы жылмен салыстырғанда басқа да шикізатқа (қант, ұн, сүт, өсімдік майы) бағалардың өсуі байқалған. Сонымен қатар Кедендік Одақтың қызмет етуі Ресей мен Белоруссиядан жеткізілетін кондитерлік бұйымдар көлемінің өсуіне әкеліп, осылайша кондитерлік тағамдардың отандық нарығындағы қарағандылық өнімдер үлесін шегеріп тастады.
«Қарағанды конфеттері» АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, мың тонна

8 456,2

8 949,5

8 316,1

6 907,5

7 071,9

Еңбекақы қоры, мың теңге

19 925,1

21 565,8

25 265,1

26 152,2

26 438,4

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

845

852

864

844

810

Еңбек өнімділігі, тонна

10 007,3

10 504,1

9 625,1

8 184,2

8 730,7

Фабриканың құрылымы 8 негізгі өндіріс цехтерімен және қосымша өндірістерімен сипатталады.

Өндірістік қуаттылығы жылына 30 мың тоннаға жуық кондитерлік бұйым.

Эксплуатацияға фабрика үшін жаңа болып табылатын нуга қосылған көпқабатты шоколадты батончиктер, жарылған күріштен жасалған бұйымдар, чипсы және т.б. кондитерлік бұйымдарды өндіретін жабдықтамалары бар жаңа цехтер іске қосылып, фабрика үшін дәстүрлі болып табылатын бұйымдар өндірісі қайтадан бой көтерген тәрізді.

Кәсіпорын жаңғыруын жалғастыруда, сонымен қатар негізгі қорларға 2015 жылға дейін шамамен 70 млн. теңгені инвестициялауды жоспарлап отыр: печенье өндіру бағытын қосу, араласқан ішкі қоспалары бар кәмпиттер шығару үшін Ван-Шотт маркасындағы пішін беруші машинасын іске қосу, пішіндік (мини-плиткалық) шоколадты өндіру бағытын қосу, кондитерлік бұйымдарды орайтын жабдықтамаларды жетілдіру.

Бұның бәрі 2015 жылға қарай кондитерлік бұйымдарды шығару көлемін 2 есе ұлғайтуға жағдай жасайды.

«Эфес Қарағанды сырақайнату зауыты» ШК АҚ, 1998 жылдан бастап іске қосылған. Қазақстан нарығында алғашқы орындардың бірін ала отырып, Түркияда, Шығыс Еуропада және ТМД мемлекттеріндегі сыра мен алкогольсіз сусындарды өндіру мен сату бойынша мамандандырылған 34 компаниядан тұратын, «Efes Beverage Group» сусындарын өндіретін, сонымен қатар солод пен құлмақ өндірісі бойынша мульти ұлттық топқа кіреді,.

Талданып отырған кезең ішіндегі өндірістік параметрлер өзгерісі оң сипатта болып табылады. 2009 жылы өндіріс көлемі 2005 жылғы деңгейге қарағанда 3,6 есе үлкен; еңбек өнімділігі 4,2 есе үлкен.


«Эфес Қарағанды сырақайнату зауыты» ШК АҚ өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

2 871,2

3 154

2 592,7

6 452

10 358,4

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

349

360

361

354

296

Еңбек өнімділігі, мың теңге

8 226,9

8 761,1

7 182

18 226

34 994,6

Компания нарықтың әртүрлі сегменттеріне сәйкес келетін сыра маркаларын шығарады: «Карагандинское», «Старый Мельник», «Сокол», «Эфес Пилсенер», «Варштайнер», «Амстердам», «Бавария», «Белый Медведь», «Голд Майн», «Кружка свежего» және т.б.

«Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС («ҚСК» ЖШС) 2005 жылдың 20 сәуірінде іске қосылған.

2009 жылы өндіріс көлемі 764,6 млн. теңгеге, немесе өткен жылмен салыстырғанда 114,2%-ға және 2005 жылмен салыстырғанда 261%-ға дейін жеткен. Еңбек өнімділігі 5097,3 мың теңгені құраған. Бұл 2005 жылғы деңгейден 3,4 есе көп және 2008 жыл көрсеткішінен 37% үлкен болып табылады.

«Нәтиже» сауда маркасы бар «ҚСК» ЖШС – жоғарғы сапалы өнімдерді шығарудың көпжылғы дәстүрлері бар тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын. Өндіріс көлемін әрқашан ұлғайта отырып, қышқылсүтті өнімдер мен сусындар түр-түрлілігін кеңейте отырып, кәсіпорын жоғарғы сапалы айырылмаған сүттен жасалатын өнімдер өндірісіне маманданған. Кәсіпорындағы сапалық бақылау маңызды орын ала отырып, барлық өндірістік үдерістің микробиологиялық бақылауына көп көңіл бөлінеді.
«Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

293

456

534,9

669,7

764,6

Еңбекақы қоры, мың теңге

5 606,3

6 571,5

7 562,8

8 577

8 688,3

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

195

210

214

180

150

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1 502,6

2 171,4

2 499,5

3 720,6

5 097,3



Жеңіл өнеркәсіп

Аталған сала «Еско» ЖШС, «Тэгам» ЖШС, «Smartex» ЖШС, «Экспериментальный завод № 1» ЖШС, «Absolute Kazakstan Production» ЖШС-мен көрсетілген.

«Smartex» ЖШС 2003 жылы Қарағанды қаласының тоқыма фабрикасы негізінде құрылды. Қазақстан жеңіл өнеркәсібіндегі тау-кен, металургия, мұнай, газ және т.б. салалар үшін арнайы киім тігетін ең ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады; фирмалық белгі немесе логотиптерді термо көшіру немесе кесте тігу тәсілімен киімге салу мүмкіндігі бар.

Бес жылдық уақыт аралығындағы жұмысының нәтижесінде 2009 жылы өндіріс көлемі бұрынғы жылмен салыстырғанда 4,9%-ға және 2005 жылдың деңгейіне 5,8%-ға өскен. Сонымен қатар кәсіпорынның жұмыскерлер саны да ұлғайып, 2009 жылы 62 адамды құраған, яғни 2008 жылға қарағанда 103,3% және 2005 жылға қарағанда 114,8%-ды құраған. Онымен бірге еңбек өнімділігінің 2008 жылғы деңгейге қатысты 1,5%-ға өскендігін және 2005 жылғы деңгейге қатысты 7,8%-ға төмендегендігін көруге болады.

«Smartex» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

203,3

210

208

205,1

215,1

Еңбекақы қоры, мың теңге

1 258,2

1 450

1 795,5

1 980

2 201

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

54

58

63

60

62

Еңбек өнімділігі, мың теңге

3 764,8

3 620,7

3 301,6

3 418,3

3 469,4

Сонымен қатар кәсіпорын үй шаруашылық материалдарынан өнімдер шығару мүмкіндігі бар: бұл түйе жүнінен, қой жүнінен, синтепон немесе холлофайберден жасалынған заманауи көрпелер, сонымен қатар жастықтар, көрпешелер, перделер мен төсек жабдықтары. Оларды өндіру үшін Ресей мен Түркиядан әкелінетін қазіргі заманға сай сапалы маталар қолданылады.

Қарағанды облысындағы тоқыма өндірісінің қайта жандануын қамтамасыз ету мақсатында «Smartex» ЖШС келесі міндеттерді қояды:

- өндіріс цехін жөндеу;

- бу қазан құрылғысын сатып алу мен орнату;

- өндірістік жабдықтарды сатып алу;

- өндірістің жобалық қуатына шығу.

«Еско» фирмасы 1997 жылы өнімдері 1967 жылдан мәлім Қарағандылық «Гея» АҚ шұлық-нәски фабрикасының негізінде ашылған. Өнім ассортименті ерлер, әйелдер мен балаларға арналған 50-ден астам нәски үлгілерінен, әйелдер мен балалар шұлықтарынан тұрады. Өндірісте көбінен таралған мақтақағаздық иірілген жіп, көпэфирлі-вискоздік иірілген жіп және полиамидті жіптер қолданылғандықтан, шығарылатын өнім сапасының жоғары және оның бәсекеге қабілетінің артуы қамтамасыз етіледі.

2005-2009жж. өндірістік көрсеткіштердің динамикасы оң сипатта. Осылайша 2009 жылы шығарылған өнім көлемі 2005 жылдың деңгейімен салыстырғанда 11%-ға, ал еңбек өнімділігі 97,1%-ға көтерілген.
«Еско» ЖШС фирмасының өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

55,4

52,1

62

57,2

61,5

Еңбекақы қоры, мың теңге

913,5

962,5

1 200,6

930

1 048,6

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

87

77

69

50

49

Еңбек өнімділігі, мың теңге

636,8

676,6

898,6

1 144

1 255,1

Дүниежүзілік стандарттарға жауап беретін, арзан емес, жоғарғы сапалы өнімдердің түрін айтарлықтай кеңейтуге әсер ететін, жабдықтар паркін жаңартуға бағытталған, өндірістік қуаттарды кеңейту бағдарламасы бекітіліп, жүзеге асырылуда.

«Еско» ЖШС ұсынатын жобаның мақсаты – ішкі нарықта импортпен ауыстырудың жоғарғы әлеуеті бар өнімдерін келешекте Кедендік Одақ мемлекеттері мен Еуропалық, Азиялық аймақтардың нарықтарына экспортталатын шұлық-нәски өнімдерінің қазіргі заманғы үлгідегі қатарды шығаруды ұйымдастыру үшін тоқыма машиналарын жасайтын жүргізуші компаниялардан жаңа жабдықтаулар сатып алу арқылы өндірісті кеңейту болып табылады.
Ағаш өңдеу саласы

Ағаш өңдеу саласында «Экспериментальный завод №1» ЖШС 1968 жылдан бастап жұмыс істейді, яғни Қарағанды Политехникалық Институтының жанынан оқу-зертханалық жабдықтау мен ТСО өндіретін тәжірибелік-өндірістік кәсіпорын құрылғануақыттан бастап, кейіннен айтарлықтай ұлғая келіп «Экспериментальный завод №1» ЖШС-не айналған. 200-ден астам өнім түрлерін шығару ретке келтірілген, яғни: оқу орындарына, кітапханаларға, офистерге, мекемелерге, қонақ үйлер мен жатақханаларға арналған жиһаз; медициналық жиһаз, әскери жиһаз және балаларға арналған ойын-сауық және спорт аулаларына жабдықтаулар шығарады.

2005-2009жж. өндірістік көрсеткіштер динамикасы жалпы алғанда оң сипатта. Осылайша 2009 жылы өндірілген өнім көлемі 2005 жыл көрсеткішінен 49,3%-ға өсіп, еңбек өнімділігі – 47,2%-ға артқан.
«Экспериментальный завод №1» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КөРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

147,7

166,5

272,9

253,6

220,5

Еңбекақы қоры, мың теңге

2 760,8

3 327,6

5 081,8

5 934,8

5 193

Жылына орта есеппен алғанда қызметкерлердің тізімдік саны, адам

141

145

149

157

143

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1 047,5

1 148,3

1 831,5

1 615,3

1 542


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет