Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет5/22
Дата02.05.2016
өлшемі4.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Зауыт алғашқыда шығарған өнімдерінің толықтай номенклатурасын сақтап, бұрынғыша ол сутіректерін өндіру мен сату саласынде және ТМД мемлекеттеріндегі күш пен басқару гидравликасы саласында алғашқы орындардың біріне ие болып отыр. Оның үстіне зауыттың жұмысына стандарттық емес жабдықтаулар, қосымша бөлшектер шығару, тау-кен-шахталық, металургиялық және энергетикалық жабдықтауларды капиталды жөндеу, тракторлар мен ауыл шаруашылығы машиналарына гидравлика жасау да кіреді. Сонымен қатар ол Қарағанды машина жасау концорциумының құрылуына да қатысып, өшпес із қалдырған еді.

«Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС 1998 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеуде. Іс-әрекетінің негізгі түрі – электрстанциялар турбиналарын жөндеу, машина жасау. Энергетикада қызмет көрсетулермен, автоматизация құралдарын, өнеркәсіп кәсіпорындарына жабдықтаулар жасаумен айналысады. Шикізат көздері – Ресей, Қазақстан.

Көруімізше, 2009 жылы «Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС 2005 жылмен салыстырғанда 127,8%-ға өндіріс көлемін, 45,8%-ға жұмыскерлердің тізімдік санын, 56,2%-ға еңбек өнімділігін ұлғайту байқалады.


«Қарағанды турбомеханикалық зауыты» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

265,5

303,3

229,9

454,5

604,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

4 830

6 139

8 502,2

11 753,6

12 627

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

120

130

133

159

175

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2 212,5

2 333,1

1 728,6

2 858,5

3 456

«КарГорМаш-М» ЖШС тау-кен және тау-кен-шахталық жабдықтаулар, оны жөндеу, қызмет көрсету мен қосымша бөлшектер шығару саласындағы нарықта мығым орныққан, қарқынды даму үстіндегі компания болып табылады. Кәсіпорын жұмысын 2008 жылы бастаған. Зауыты қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорынға сай дамыған инфрақұрылымға ие болып отыр.

2009 жылы өндіріс көлемі бұрынғы жылға қарағанда 104,5%-ды қамтып, адамдар саны 12,7%-ға артқан.
«КарГорМаш-М» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге

363,4

379,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

4 661,0

5 407,1

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

79

89

Еңбек өнімділігі, мың теңге

4 600

4 267,4

Кәсіпорынның Ресей Федерациясының әртүрлі аймақтарымен, ТМД мемлекеттерімен, Еуропамен, Солтүстік және Оңтүстік Америкамен әріптестік қатынастары бар. Компанияның филиалдары Мәскеу, Қостанай, Ақтөбе, Өскемен, Жезқазған, Балқаш сияқты қалаларда бар.

«КарГорМаш-М» ЖШС Қарағандылық машина жасау концорциумына кіре отырып, келешекте машина жасау жобаларын жүзеге асыруға қатысуды жоспарлап отыр.

Электр қуатын жеткізу, газ, бу тарату мен ауамен салқындату, су жеткізу

Аталған саланың өкілдері: «Қарағандылық Энергоорталық» ЖШС, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «ГорСвет» КМК, «Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы» ЖШС, «Энерго Мұнай» ЖШС, электр қуатын жеткізу, газ, бу тарату және ауамен салқындатумен айналысатын «ТемірЖолЖылу – Қарағанды» ЖШС; «ТемірЖолСу – Қарағанды» ЖШС, суды жинау, өңдеу және бөлумен айналысатын «Қарағанды Су» ЖШС; қоқыстарды жинау, өңдеу және жоюмен айналысатын «Қарағанды қаласының ГорКомТранс» ЖШС.

2005-2009жж. аралығында саланың өндіріс көлемі 21208,5 млн. теңгеден 42130,2 млн. теңгеге дейін өсіп, өсу пайызын 98,6%-ға жеткізген. Жұмыспен қамтылғандар саны 3,4%-ға өсіп, 2009 жылы 7 мың 882 адамды құраған; еңбек өнімділігі 91,7%-ға дейін өскен.


Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Өндіріс көлемі, млн. теңге (электр қуатын жеткізу, газ, бу тарату және ауамен салқындату, су жеткізу)

21 208,5

27 519,9

22 053,4

40 997,4

42 130,2

Саладағы үлес салмағы, %

34,2

35,5

25,9

33,3

36,9

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

7 605

7 724

7 714

7 474

7 882

Еңбек өнімділігі, мың теңге

2 788,8

3 562,9

2 858,9

5 485,3

5 345,1

2009 жылдың нәтижелері бойынша берілген салаға Қарағанды қаласының өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемінің 36,9% келеді.

«Қарағанды Жарық» ЖШС мен «Горсвет» КМК қызметіне жасалынған талдау нәтижелері бойынша 2005 жылмен салыстырғанда электр қуатын тарату және бөлу көлемінің «Қарағанды Жарық» ЖШС-не 103,0%, ал «Горсвет» КМК-на 214,1%-дық оң динамикасы байқалады.


«Қарағанды Жарық» ЖШС өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері

КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Электр қуатын тарату және бөлу көлемі, мың кВт

2 981 550

3 052 005

3 004 491

3 100 077

3 070 019

Еңбекақы қоры, мың теңге

33 799,5

37 988,7

46 449,5

61 913

80 714,9

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

1 174

1 193

1 366

1 401

1 516

Еңбек өнімділігі, мың кВт

2 539,7

2 558,3

2 199,5

2 212,8

2 025,1

«Горсвет» КМК өндірістік қызметінің негізгі көрсеткіштері



КӨРСЕТКІШ

2005

2006

2007

2008

2009

Электр қуатын тарату және бөлу көлемі, мың кВт

169,9

191,3

296,7

330,5

363,8

Еңбекақы қоры, мың теңге

2 316

3 006

4 288,4

5 759,9

6 757,1

Жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам

91

104

98

111

116

Еңбек өнімділігі, мың теңге

1 867

1 839,4

3 027,6

2 977,5

3 136,2

2011-2015 жылдарда электр қуаты саласында 2 жаңа жоба жүзеге асырылады:

1. Қарағандылық ЖЭО-3 жетілдіру мен қуаттылығын ұлғайту, «Қарағанды Энергоорталық» ЖШС. Инвестициялар көлемі – 31300 млн. теңге;

2. Қарағанды қаласында ЖЭО-4 құрылысы, жобаны атқаруға жауапты – «Сарыарқа» СПК ҰК АҚ. Жобаның жалпы бағасы – 84763 млн. теңге.



Шағын және орта кәсіпкерлік. 2009 жылы қаладағы белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 21973 бірлікті қамтып, 2008 жылдың деңгейінен 107,7%, яғни бұл 2008 жылдан гөрі 1 580 бірлікке артық екендігін көрсетеді.

2009 жылы шағын және орта бизнес субъектілері өндірген өнім мен көрсеткен қызметтерінің көлемі номиналдық көрсеткіште 14 697,7 млн. теңгеге артып, 2009 жылы 70 522,1 млн. теңгені құраған. Бұл дегеніміз 2008 жылға қарағанда 126,3% құрайды. Қаланың облыстық көлеміндегі үлес салмағы 46,6%-ды құрайды.

2009 жылы шағын және орта бизнестегі адамдар саны 754 адамға көбейді, яғни: 79,7 мың адамнан 80,4 мың адамға дейін, бұл дегеніміз бұрынғы жылға қарағанда 100,9%, және де халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 34%.

Қаладағы экспортқа бағытталған шағын және орта кәсіпорындардың бөлігі айтарлықтай аз болып қала беріп, шағын бизнестің ішкі сұранысқа деген тәуелділігін үдететінін айта кеткен жөн. Осылайша 2009 жылы шағын кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген төлемқабілетті сұраныстың төмендеуі салдарынан өнімдерді шығару көлемін төмендету, жұмыскерлер санын қысқарту, даму жобаларын уақытша тоқтату арқылы шығындарды оңтайландыруға тап болған, жоғарыда айтылып кеткен шағын кәсіпорындар айналымдағы қаражаттар жоқтығына душар болды.

Осылайша, бүгінгі күні қаланың шағын кәсіпкерлігінде неғұрлым көкейкесті мәселелер, бұл:


  1. Шағын және орта бизнес субъектілерінің несие ресурстарына қол жеткізулерінің шектелгендігі;

  2. Шағын бизнес өнімдеріне ішкі төлемқабілетті сұраныстың төмендеуі;

  3. Инновациялық экономикадағы ШК субъектілері инновациялық белсенділігінің аздығы, яғни бизнесті жүргізу барысында жаңа ғылыми игерулер мен технологияларды әзер дегенде пайдалануы мен енгізулері;

  4. Кәсіпкерліктің интеллектуалдық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

  5. Жердің аздығы мен қымбат құны;

  6. Маманданған кадрлық қамтудың жеткіліксіз деңгейі, басқарушылардың көбісі нарықтық ойлау негіздерін білмеуі, қаладағы кәсіпкерлік белсенділіктің тиімді өсуін шектейтін коммуникациялар.

Кәсіпкерлік қызмет саласы бәсекелік ортаның қалыптасуына мүмкіндік беретін және қосымша жұмыс орындарын таптыратындықтан шағын және орта бизнесті дамыту Қазақстанның мемлекеттік саясатының басыңқы бағыттарының бірі болып табылмақ.

Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік арасында дисбаланстың пайда болмауы мақсатында біз аймақтық кәсіпкерлікті дамытумен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауын нығайтуымыз қажет.

Қазіргі уақытта қаланың 26 жобасынан тұратын «Бизнестік жол картасы - 2020» Бағдарламасы іске асуда.

Мемлекетпен шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында қолайлы жағдай жасаудың, сонымен қатар бұл банк-операторлар санын көбейту, микронесиелік ұйымдар санын көбейту мен оларды ашудың жолын жеңілдетудің нақты шаралары жүргізілуде.

Жеке кәсіпкерлік саласында білімнің айтарлықтай жоқтығы салдарынан туатын мәселелерді шешу мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Акционерлік Қоғамының Қарағанды қаласындағы Филиалы және «Серіктестік пен бизнес институты» ЖИ қатысуымен қаламызда тегін қысқамерзімдік тренинг-сабақтар жүргізіледі. 2009-2010жж. аралығында берілген бағдарлама бойынша Қарағанды қаласында 143 адам оқытылды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырудың Бағдарламалары іске асырылады: Тұрақтандыру бағдарламалары – 1, 2, 3 транш, «Даму-Регионы» Бағдарламасы, «Даму-Өндіріс» Бағдарламасы.

Экономиканы дебюрократияландыру, артық әкімшілік бөгеттерін алып тастау, мемлекеттік органдардың лицензиялық-рұқсаттық жүйесі мен бақылаушы-қадағалаушы функцияларын оңтайландыру жұмыстары ұйымдастырылды. Жасалынатын жұмыстар шеңберінде Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерімен берілетін рұқсаттық процедураларын (құжаттар) түгендеу жүргізілді. Нәтижесінде рұқсаттық процедураларды (құжаттарды) қайта қарауға Қарағанды қаласының 15 Мемлекеттік мекемесі (оның ішінде «Қарағанды қ. Жер қатынастары бөлімі» ММ, «Қарағанды қ. Құрылыс бөлімі» ММ, «Қарағанды қ. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі» ММ және т.б.) душар болды.

Оңтайландыруға 53 рұқсаттық процедура (құжат) жатқызылып, процедураларды оңтайландыру пайызы 79,1% құрады.

Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерімен берілетін барлық рұқсаттық процедураларға (құжаттарға) қаржылық шығындар көлемі оңтайландыруға дейін 4806112089,0 ш.б. құраса, оңтайландырудан кейін 2976012168,0 ш.б. құрайтын болды. Қаржылық шығындарды оңтайландыру пайызы 38,1%-ды құрады.

Қарағанды қаласының мемлекеттік мекемелерімен берілетін барлық рұқсаттық процедуралар (құжаттар) бойынша уақыттық шығындардың көлемі оңтайландыруға дейін 2171504,0 ш.б. құраса, оңтайландырудан кейін 1344320,0 ш.б. құрайтын болды. Уақыттық шығындарды оңтайландыру пайызы 38,1%-ды құрады.


Сауда мен қызмет көрсетулер. Сауда экономикалық қызметтің ең ірі салаларының бірі болып табылады.

Қалада 2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша сауда қызметін 2550 объект жүргізіп отыр, оның ішінде 1517 сауда объектілері, 639 қоғамдық тамақтану объектілері, 371 қызмет көрсету саласының объектілері, 23 сауда нарығы бар.

Қарағанды қаласында дамыған сауда желісі бар 25 супермаркет және 31 облыста өндірілмейтін азық-түлік (жармалар, қант, өсімдік майы, тұз, шай, ірімшік) тауарларының көтерме жеткізушілері жұмыс істейді. Неғұрлым ірі супермаркеттерге: «Южный», «Юма», «Грин-март», «Вестер – Гипер – Казахстан», «Рамстор», «Аян», «Корзина», «Магнум» жатқызылады.

2010 жылдың желтоқсан айында «METRO» халықаралық сауда байланысы супермаркетінің ашылуы жоспарлануда.

2005-2009 жылдар аралығындағы бөлшектік тауар айналымы 1,8 есеге, ал көтерме тауар айналымы 2 есеге артқан.

Қарағанды облысы бойынша бөлшектік тауар айналымының жалпы көлемінде Қарағанды қаласы ең үлкен үлес салмағына ие болып отыр. 2009 жылдың нәтижелері бойынша облыстық көлемдегі тауар айналымының үлесі 77,2%-ды құрайды.

2009 жылы бөлшектік тауар айналымының жалпы көлемі 210593,3 млн. теңгені құрап, сәйкесінше, өткен жылмен салыстырғанда 12,0%-ға көтерілген (тұрақты бағалар бойынша).

Бөлшектік тауар айналымының негізгі көлемін жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар қамтиды. Олардың қызметі нәтижесіндегі тауар айналымы 128973,9 млн. теңгені (бөлшектік тауарайналымының жалпы көлемінің 61,2%) құрайды. Оның ішінде бөлшектік тауар айналымының жалпы көлеміндегі (42467,6 млн. теңге) жеке кәсіпкерлердің нарықтағы бөлшектік сатуының үлес салмағы 20,3%-ды құрайды.

Талданған уақыт аралығында сауда кәсіпорындарының, яғни заңды тұлғалар тауар айналымының көлемі 81619,4 млн. теңгені құрады.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында қаланың көтерме нарығында 365516,4 млн. теңгеге тауар сатылып, облыстық көрсеткіштің 93,3%-ын қамтыған.

Сатылған өнімдердің негізгі көлемі де - 97,3% немесе 355633,3 млн. теңге, бұл жерде жеке меншік нысандағы кәсіпорындарға жатады.

Басқа мемлекеттер меншігіндегі кәсіпорындармен 9888,1 млн. теңгеге (2,7%) тауарлар сатылған еді.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1768,1 млн.теңге құрамында қалыптасып, бұрынғы жылдың сәйкес уақыт аралығынан гөрі 10,3%-ға өсті.

2010 жылдың 10 айы ішіндегі бөлшектік тауарайналымының жалпы көлемі 207 млрд. 209,8 млн.теңгені құрап, бұрынғы жылдың сәйкес уақыт аралығынан гөрі 17,9%-ға өсті, ал көтерме тауар айналымының көлемі 382 млрд. 661,3 млн. теңгені құрап, облыстық көрсеткіштің 92,7%-ын қамтыды.

Тауар айналымы көлемін арттыру және қала тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдері және жергілікті өндіріс тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын «АуылБереке» жәрмеңкелері өткізіледі. Осылайша 2010 жылы 4 жәрмеңке өткізіліп, сатудың өспелі нәтижесі бар жалпы сомасы 326,1 млн. теңгені құраған.

Қарағанды қаласында «Қарағанды Агро-Орталық» КМК иелілігіндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін нарық бағаларынан 15 %-ға төмен сату мақсатында облыстың 78 шаруа қожалығы тұрақты негізде орындарды жалға алып отыратын 2 коммуналдық базар қызметін істеп жатыр.

2005-2008жж. көрсетілген қызметтер көлемі номиналдық көрсеткіште 3 есеге көтеріліп, 2008 жылы 47 135,1 млн. теңгені (облыстық көлемнің 77,3%) құраған.

Көлемнің құрылымында 57% орын алатын басқа да коммерциялық қызметтен бұрын жылжымайтын мүлікпен байланысты қызмет көрсетулер (22%) мен демалыс, мәдениет және спорт шараларын ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулер (8,7%) де айтарлықтай орын алады.

Қарастырылатын уақыт аралығында қаланың тұтынушылық нарығындағы бағалар орта есеппен ағанда жыл сайын 8,8%-ға көтеріліп келген. Инфляцияның неғұрлым биік деңгейі 2007 жылы байқалған. 2009 жылы тұтынушылық бағалар индексі 106,0%-ды, яғни 2005-2009жж. ең төмен деңгейді құраған. Сонымен қатар азық-түлік тауарларының бағалары 2,2%-ға, азық-түліктік емес тауарлар бағалары 8%-ға, төлемді қызмет көрсетулер бағалары 9,6%-ға көтерілген.

Негізгі мәселелер:



  1. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайының, айналымдағы капиталды басқару және кредиторлар алдындағы берешектерді қайта қаржыландыруды қамтамасыз етудің күрделене түсуі;

  2. Көтерме сауда саласындағы импорттық жеткізулерден тәуелділік;

  3. Нарықтардағы санитарлық сараптама зертханалары бөлімшелерінің қысқаруы;

  4. Облыстық ғылыми-инновациялық ортамен тығыз байланыстардың жоқтығы;

  5. Кадрлар тұрақсыздығының жоғары деңгейі.



Сыртқы экономикалық қызмет.

2005-2009 жылдағы қаланың сыртқы сауда айналымы 3 902,1 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 50,9 млн. АҚШ долларын, импорт – 3851,2 млн. АҚШ долларын құраған.

Негізгі экспорттық өнімдерге «Гефест» Көмір өнеркәсіптері қауымдастығы кәсіпорындарымен және сәйкесінше «Вторпром» ЖШС жүзеге асырылатын көмірді жеткізулер, қара метал илемдері жатқызылады. Олардың жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 85%-ды құрайды. Талданған уақыт аралығы ішінде 27,3 млн. АҚШ долларына көмір, 16,1 млн. АҚШ долларына қара металдар сатылған еді. Көмірдің неғұрлым үлкен бөлігі (80%) ТМД мемлекеттеріне, ал қара метал Қытайға жеткізіледі.

Шетелден импортталатын тауарлардың негізгілеріне машиналар мен жабдықтаулар (577,6 млн. АҚШ доллары), қант (73 млн. АҚШ доллары), газдалған, газдалмаған сулар (160,3 млн. АҚШ доллары), дәрі-дәрмек (553,2 млн. АҚШ доллары) пен азық-түлік тауарлары (962,8 млн. АҚШ доллары) жатады. Негізгі жеткізушілерге үлес салмағы 50%-ды құраған ТМД елдері, Қытай, Германия және т.б.

2009 жылы қаланың сыртқы сауда айналымы 680 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 9,9 млн. АҚШ долларын, импорт – 670,1 млн. АҚШ долларын құраған. Өткен жылмен салыстырғанда сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі 5,4%-ға, оның ішінде экспорт – 15,9%-ға, импорт – 5,2%-ға көтерілді. Экспорт көрсеткіштерінің өсуі алдымен көмірді экспорттық жеткізудің 14,7%-ға ұлғаюымен; қара металдарды жеткізудің 12,2%-ға ұлғаюымен сипатталады.

Сыртқы сауда айналымын кеңейтудің жолдары келесі міндеттердің шешілуіне тікелей байланысты:

– Инвестициялық жобаларды қаржыландыру жағдайының, айналымдағы капиталды басқару және кредиторлар алдындағы берешектерді қайтақаржыландыруды қамтамасыз етудің күрделенуі;

– Көтерме сауда саласындағы импорттық жеткізулерден тәуелділік;

– Нарықтардағы санитарлық сараптама зертханалары бөлімшелерінің қысқаруы;

– Облыстық ғылыми-инновациялық ортамен тығыз байланыстардың жоқтығы;

– Кадрлар тұрақсыздығының жоғары деңгейі.

млн. АҚШ доллары

Көрсеткіш

2005

2006

2007

2008

2009

Сыртқы сауда айналымы

650,7

712,4

894,7

964,3

680

Экспорт

8,5

9,6

11,1

11,8

9,9

Импорт

642,2

702,8

893,6

952,5

670,1



2005-2009жж. СЫӘ өзгеруінің динамикасы
млн. АҚШ доллары

Инвестициялар. 2005-2009 жж. уақыт аралығында Қарағанды қаласы бойынша инвестициялардың жалпы көлемі 279 млрд. 831,2 млн. теңгені құрады.

2005-2009 жылдағы негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көздері кәсіпорындар, ұйымдар мен халық қаражаттары болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінің 58,2% келеді. Шетел инвестицияларының үлесі жалпы соманың 5,7%-ын құрады.

2005 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 112791,8 млн. теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 40,3%-ын құрады. 2009 жылы бұл көрсеткіш 26,1 млрд. теңгені құрады. Бұл дегеніміз 2005 жылғы көрсеткіш деңгейінен 64,3% жоғары.

2005-2009 жж. Қарағанды қаласы кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар номиналдық көрсеткіште 2 есе көтеріліп, 2009 жылы 71 млрд. 461,6 млн. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша қаланың облыстық көлемдегі үлес салмағы 7,6 пайыздық тармаққа көтеріліп, 30,9%-ды құрайтын болды.

Негізгі капиталға инвестициялардың технологиялық құрылымы: 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы негізгі капиталға инвестициялардың үлкен бөлігі жабдықтаулар, құрал-саймандар мен керек-жарақтарға - 57,0% кетеді.

Құрылысшылардың меншік нысандары бойынша негізгі капиталға инвестициялардың құрылымы: 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі 25,8 млрд. теңгені немесе 2008 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көлемге қарағанда 79,8%-ды құрады.

Инвестициялардың неғұрлым үлкен үлестік салмағы (72,8%) жеке меншік кәсіпорындарына келеді.

2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көздері кәсіпорындар, ұйымдар мен халық қаражаттары болып табылды. Олардың үлесіне инвестициялардың жалпы көлемінің 43,6% келеді. 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы қаланың шағын, орта және ірі кәсіпорындарының негізгі капиталдарына инвестициялардың басым бөлігі өңдеуші өнеркәсіпте (38,6%), тау-кен өнеркәсібінде (9,6%), іс-әрекетінің түрі бойынша «жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсету» саласында (14,8%), «көлік пен байланыс» саласында (13,2%) игерілді.

Бұрынғы жылдың сәйкес уақыт аралығымен салыстырғанда негізгі капиталға инвестициялардың неғұрлым артуы «өңдеуші өнеркәсіп» (3,0 есе), «тау-кен өнеркәсібі» (1,2 есе), «көлік пен байланыс» (1,4 есе) іс-әрекетінің түрлері бойынша байқалды.

Инвестицияларды қолдану бағыттары бойынша құрылыс, жылжымайтын мүлікпен байланысты операциялар, жалға беру мен кәсіпорындарға қызмет көрсетулер, сауда салаларының үлес салмақтарының түсуін айта кеткен жөн.

Егер 2005-2009 жж. инвестициялардың жалпы көлемі 279 млрд. 831,2 млн. теңгені құраса, 2011-2015 жж. инвестициялардың жоспарланатын көлемі – 317 млрд. 767,1 млн. теңгені құрайтын болады.

Инвестициялар көлемін ұлғайтудың жолдары келесі міндеттердің шешілуіне тікелей байланысты:



  1. Инвестициялық үдеріске әлеуетті қатысушыларының арасындағы өзара қарым-қатынасының төмен дәрежесі;

  2. Инновациялық бағыттағы және инфрақұрылымдық сипаттағы инвестициялық кірістердің төмен үлесі;

  3. Аймақтық экономиканың басыңқы салаларындағы негізгі капитал тозуының өсуі;

  4. Қалада бар инвестициялық әлеуетті жеткіліксіз пайдалану, аймақаралық бірлескен инвестициялық жобалардың аз болуы;

  5. Инвестициялық стратегиялардың нақсыз анықталуы.

2011-2015 жылдар ішінде Қарағанды қаласында жалпы сомасы 222743,3 млн. теңгені құрайтын 25 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланып отыр.

Оның ішінде экономика салалары бойынша:

- металургия өнеркәсібінде – 5 жоба;

- тамақ өнеркәсібінде – 5 жоба;

- химия өнеркәсібінде – 2 жоба;

- фармацевтика өнеркәсібінде – 3 жоба;

- машина жасау саласында – 4 жоба;

- құрылыс индустриясы саласында – 3 жоба;

- электроэнергетика саласында – 2 жоба;

- жеңіл өнеркәсіпте – 1 жоба.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет