Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы



бет9/22
Дата02.05.2016
өлшемі4.07 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

* 2011 жылға жеткізілген лимиттер мен 7% инфляциялық коэффициентке сәйкес
Жолаушылар көлігі

Қаланың маршруттік желісі 690 жылжымалы құрамдары жұмыс істейтін 58 қалалық автобустық маршраттарынан тұрады. Олардың 51 маршруты жалпы саны 642 бірліктен (93%) тұратын орта және үлкен сыйымдылығы бар автобустармен және 5 маршрут жалпы саны 48 бірліктен (7%) тұратын микроавтобустармен қызметін жүзеге асырады.

Оның үстіне Қарағанды қаласында келістірілген келісімдерге сай жалпы жылжымалы құрамы 229 бірліктен тұратын 8 тасымалдаушылар жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырып отыр.
2.2-5 кесте. 2005-2009жж. барлық көлік түрлерімен жүк айналымы мен жолаушылар айналымының динамикасы




Өлшем бірлігі

2007

2008

2009

Жүк айналымы

мың ткм

214 703,7

265 175,2

166 742,0

Жолаушылар айналымы

т.пкм.

1 708 751,1

1 644 074,1

1 549 109,0

Жүк тасылды

мың тн

13 640,7

6 447,5

8 122,7

Жолаушылар тасылды

мың адам

97 778,9

108 776,8

116 629,4

Қайнар көзі: Қарағанды қаласының Статистика басқармасы
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2011 жылы бұл бағдарламаны жүзеге асыруға қала бюджетімен 137 763 мың теңге көлеміндегі қаражаттар жол қозғалысын реттеу құралдарын пайдалану мен ұстауға (108 бағдаршам объектісін падалану, 4918 жол белгілерін сәйкес ұстау, 184 УЗДП (транзиттік көліктің бағытын көрсету белгілері), VMS белсенді жол белгісі мен метеобекет – 1 объектісін пайдалану, 2 белсенді жол белгісін пайдалану), 43 мың м2 көлемінде жол белгілеулерін салу, жол белгілерін, ақпараттық тақталар мен бағдаршамдық объектілерді орнатуға жұмсалуы қарастырылады.

2012-2013 жылдары жол қозғалысын реттеудің ағымды құралдарын ұстауға 147 406 мың теңге мен сәйкесінше 157 725 мың теңге көлеміндегі қаражаттар жұмсалуы қарастырылды.

Бұнымен қатар бүгінгі күнге 826 жол белгісі жоқ, 600 белгіні ауыстыру қажет, 25 бағдаршам объектісін салу және 26 бағдаршам объектісін қайта құру қажет болып отыр, сонымен қатар майқұдық пен Пришахтинск аудандарында жол белгілеулерін салу жұмыстары айтарлықтай өткізілген жоқ.

Қалыптасқан жағдайға сәйкес жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі міндеттерді, яғни қозғалыс қауіпсіздігінің дегейіне тиімді ықпал етуге қабілетті, қаланың көшелік-жол желісінің өткізу қабілеттілігін арттыруы мүмкін жол қозғалысын реттеудің қазіргі уақыттағы құралдарын енгізу, жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізуді жүзеге асыру мақсатында бағдарламаны 2011 жылы – 684,3 млн. теңгеге, 2012 жылы 495, млн. теңгеге, 2013 жылы 505 млн. теңгеге қосымша қаржыландыру қажеттілігі туып отыр.

2014 жылы 766 млн. теңгеге, ал 2015 жылы 828 млн. теңгеге шаралардың өткізілуі жоспарлануда.

Бұл қаражаттарға 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейінгі уақыт аралығында 37 бағдаршам объектісін салуға, неғұрлым авария қаупі бар жол тораптарында 46 бағдаршам объектісін (ескірген, қажетсіздікке жеткен) қайта құруға, жоғарғы жарық қайтаратын бағдаршамдарды ауыстыру, «Жаяу адамдар өтпелі» белсенді жол белгілерін, «Назар аударыңыз, балалар» ақпараттық тақтасын, жаяу адамдар бөгеттерін (жаяу адамдар қозғалысын реттеу үшін қажет), қисықсызықты бөренені (қозғалмалы жол бөлігінің үстіртінде, 3 метрден жоғары жерлерде, яғни ескі қала ауданындағы өтпе жолдар және т.б.) орнату бойынша жұмыстардың жасалынуы жоспарлануда.

Жол-көліктік инфрақұрылымның негізгі проблемалары:



  • Жақсы дәрежедегі автожолдардың төмен үлесі (21,8%);

  • Аялдамалардың күту павильондарымен жеткіліксіз жабдықталуы;

  • Таңертеңгі және кешкі пик сағаттарда көлік санының шектен тыс көбеюі;

  • Қаладағы жол қозғалысын реттеудің қазіргі уақыттағы құралдарын енгізу қажеттілігі.


Инженерлік инфрақұрылым

Сумен қамту мен суды ағызу

Сумен қамту жүйесі тәулігіне 650 мың м3 жобалық өнімділігі бар су өткізгіш тазалағыш құрылғылардан және 92 насос бекеті бар ұзақтығы 972 км су өткізгіш желілерінен тұрады.

Су өткізгіш желінің тығыздығы өте жоғары, яғни шаршы метрге 2 км желіден көп.

Қаланың су қажеттілігін толық көлемде «Қарағанды су» ЖШС қызмет көрсетуші ретінде қамтамасыз етеді. Қаланың жылдық су пайдалануы 28,8 млн.м3 құрап, сумен қамту көзі Сәтпаев атындағы арна болып табылады.

2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Қарағанды Су» ЖШС-мен Қарағанды қаласының халқы үшін есептеу құралдары және субөлгіш колонкалар арқылы тұтынуға тиісті тарату желілері арқылы суды жіберу бойынша қызмет көрсету тарифтері енгізіліп, ҚҚС-сыз куб.м су үшін 42,9 теңге, ал ҚҚС-мен куб.м су үшін 48,05 теңгені құрайтын болды. Ағынды суды шығару мен тазарту бойынша қызмет көрсетулер ҚҚС-сыз куб.м су үшін 34,89 теңге, ал ҚҚС-мен куб.м су үшін 39,07 теңгені құрайтын болды.

Бүгінгі күні Қарағанды қаласындағы су өткізгіш желілер мен құрылыстардың тозуы 80%-қ шегіне жетті. Тозу деңгейі 85-90% құрайтын магистральдік кәріздік коллекторлар аса қауіп төндіріп отыр. Коллекторлардың көп бөлігінің нормативті пайдаланылу мерзімдері бітіп, олармен жұмыс апаттық тәртіпте жүргізілгендіктен, бұзылулардың жиілілігі көрініс тауып отыр.

Қазіргі уақытта келесі авариялық учаскелер ауыстырылды:



  • № 10 коллектор – 550 п.м. (d -800 мм.);

  • негізгі коллектор – 160 п.м. (d -800 мм.);

  • № 16 коллектор – 1100 п.м. (d -500 мм.);

  • КНС-1-ден бастап КНС-13-ке дейінгі коллектор – 180 п.м. (d -800 мм.).

Сумен қамтудың және суды ағызудың негізгі мәселелері:

  • қаланың су өткізгіш желілерінің мүлдем тозуы;

  • магистральдік кәріздік коллекторлардың мүлдем тозуы.


Жылуэнергетикалық кешен

Қарағанды қаласының жылу және электр қуатының көздері 1960 жылы қолданысқа берілген ЖЭО-1 жылуэлектрстанциясы мен 1977 жылы қолданысқа берілген ЖЭО-3 орталықтандырылған көздері болып табылады. Қарағандылық ЖЭО-1 – солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан (Қарағанды қаласынан 3 км жерде) жергілікті маңыздылығы бар станция, қуаттылығы: электрикалық – 24 МВт; жылулық – 220 Гкал/сағ. Қарағандылық ЖЭО-3 – қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде Октябрь ауданының өнеркәсіптік аймағында орналасқан, Қарағанды қаласында барлық жылу қуатының 83%-ын және электр қуатының 98%-ын өндіретін аймақтық маңыздылығы бар станция. Қуаттылығы: электрикалық – 395 МВт; жылулық – 736 Гкал/сағ. ЖЭО-ры аралас циклдерде (жылу және электр қуаты) жұмыс істейді.

Жылу желілерінің ұзақтығы 869,11 км құрап, оның іщінде жер үстіндегісі – 578,4 км, жер астындағысы – 251,5 км, транзит – 39,21 км. Қаладағы қазандықтар саны – 11, насостық станциялар саны – 59 бірлікті құрайды.

ЖЭО-1 мен ЖЭО-3 жылу көздерінен орталықтандырылған жылумен 2254 көпқабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік-мәдени тұрмыстың 329 объектісі қамтылып, қалған объектілер жылу өткізудің автономиялық жүйелері мен пештік жылу өткізгіштері арқылы жылу қуатымен қамтылады.

2006-2009 ж.ж. аралығында жылу және электр қуатын өндіру:


Көрсеткіштер

2007

2008

2009

Электр қуаты, жылына млн.кВт/сағ

2110,4

2177,4

2252

Жылу қуаты, жылына мың Гкал

5250,2

4567,6

4096,8

Қазіргі уақытта жылу желілерінің тозуы 75%-ға жетіп, бұл жағдай жылу көзінен соңғы тұтынушыға жылудың тасымалдануы кезінде 50%-ға жуық жылудың жоғалуына әкеледі. 2009-2010 ж.ж. жылу беру кезеңінде кемшіліктердің бар болуы 2502 оқиғаны қамтыды, 2008-2009 ж.ж. жылу берудің сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің 20,7%-ға төмендеуі анықталды.

Көздерден электр қуатын жіберу мен тарату 2509,31 км ұзақтығы бар электр желілері мен 887 шағын станциялар арқылы қамтамасыз етіледі. Қарағанды қаласының тұтыну қуаттылығы – 340 МВт. Қалада электростанциялардың қуаттылығын пайдалану 394 МВт құрайды, ол барлық электростанциялардың жалпы қуаттылығының 86%-ын құрайды.

Ағымдағы электр желілерінің жағдайын қанағатсыз деп анықтауға болады, олардың тозуы 65-70% құрайды.

2010 жылы 2509,3 км электр желілерінің 282,4 км, оның ішінде ВЛ – 189,2 км мен КЛ – 93,2 км жөндеу жүргізілуі жоспарланды. 887 шағын станциялардың 111-і жөндеуден өтеді. Жөндеу жұмыстарына 1 281 млн теңге (өзіндік қаражаттар: электр желілерін жөндеуге 700,0 млн теңге, подстанцияларды жөндеуге 581,0 млн теңге) жұмсау жоспарланып отыр.

Энергетикалық сектордың негізгі мәселелері:



  • қаланың энергетикалық кешеніндегі кәсіпорындардың жабдықтауларының, жылу және электр желілерінің тозуының жоғарғы дәрежесі;

  • жылуды тасымалдағанда оны жоғалтуға әкеп соғатын жылу изоляциясының (изоляциясыз жылуқұбырларының жалпы ұзындығы 74,5 км құрайды) жоқтығы;

  • жылу беру мезгілінде апаттар санының өсуі;

  • желілердің өткізу қабілеттілігінің қаланың өспелі қажеттіліктеріне сәйкес келмеуі.


Тұрғын-үй қорының жағдайын талдау

Қаланың тұрғын-үй қоры 9,9 млн. шаршы м құрайды, оның ішінде 2010 жылдың қаңтар-сәуір айларында 37,4 мың м2 қолданысқа енгізілді, бұл жоспардың 95,6%-ын қамтып, 2009 жылдың сәйкес кезеңіне 73,3%-ды қамтыды.

Тұрғын-үйлер саны 2 479 көпқабатты үйлер мен 24 522 жеке сектордағы үйлерді қамтиды. Қаладағы тұрғын-үй қорын сәйкес ұстау мақсатында 1 225 үйді қамтитын 172 ПИК құрылып, өз жұмыстарын атқаруда.

Халықтың әлеуметтік-қорғаулы бөлігіне тұрғын-үй жағдайын жетілдіру саясатын жүзеге асыру барысында үй-жайға мұқтаждығы бар тұлғаларды анықтаудың бөлек тізімдерін: жеңілдік берілген адамдар мен қызметтік мәртебеге теңестірілген үй-жай алуға есепте тұрған адамдар тізімдерін қалыптастыру жұмыстары іске асырылады.

Жеңілдік берілген адамдар тізіміне сәйкес 2010 жылы (01.01.2009ж. жағдай бойынша) есепте 3 117 адам тұр. Қызметтік мәртебеге теңестірілген үй-жай алуға есепте тұрған адамдар тізімінде 2010 жылы (01.01.2010ж. жағдай бойынша) есепте 1 375 адам тұр.

2010 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша тұрғын-үйлердегі жалпы аумақтың 1 м2 орташа құны 47,9 мың теңгені құрады.



Лифт шаруашылығы

Қалада бар 957 лифт ішінде 319 лифт қолданыстың нормативті мерзімі өтіп, қалпына келтіру қажеттілігі туындап отыр, оның ішінде 134 лифт Қазыбек би атындағы ауданда және 184 лифт Октябрь ауданында.

Лифт шаруашылығын қалпына келтірудің айтарлықтай шығындары мен тұрғындардың өз бетімен лифттерді қалпына келтірулерінің мүмкін еместігі салдарынан, осы мақсаттарға бюджттік қаражаттар тартылады.

Лифттерді қолдану мерзімі 25 жылды құрайды. Ұсынылып отырған бағдарлама тұрғын-үй қорын сақтап, оның бұзылуың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Лифттерді қалпына келтіру тұрғындардың қолайлы өмір сүрулерін қамтамасыз етіп, сондай-ақ халықтың, әсіресе, қарт адамдар мен мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жол береді.
2010 жылға Қарағанды қаласындағы лифт жабдықтарының жағдайы
Қарағанды қаласында 957 лифт, оның ішінде Қазыбек би атындағы ауданда 737, Октябрь ауданында 220 лифт бар. Жалпы саннан 318 лифт жұмыс істемейді: Қазыбек би атындағы ауданда 134, Октябрь ауданында – 184. 2010 жылы 15 лифт қалпына келтірілді.
Лифт шаруашылығын қалпына келтірудің басымдылықтары:


  • зейнеткерлер, мүгедектер мен ҰОС қатысушылар көптеп тұратын үйдің әлеуметтік келбеті;

  • лифт шаруашылығының сақталуын қамтамасыз етуді міндеттеуге болу мақсатында әрекет етуші ПИК мәртебесін көтеру;

  • көппәтерлі үйлердің 100 % қамтылуы;

  • тұрғын-үйлердің барлық кіреберістерінің 100 % қамтылуы.

Күтілетін нәтижелер:



  • лифттердің қалпына келтіріліп, жұмыс істеуі;

  • лифт шаруашылығын сақтау және сәйкес ұстау;

  • халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызу;

  • халық арасында өкіметтің жағымды имиджін қалыптастыру;

Тұрғын-үй секторы мен қаланы абаттандырудың негізгі мәселелері:



  • апаттық қаупі бар және ескі құрылыстардың бар болуы;

  • тұрғын-үй қорын пайдалану мен сәйкес ұстау бойынша толық мәнді қызмет көрсетулер нарығының жоқтығы, коммуналдық инфрақұрылымның негізгі қорларының физикалық және моральдік тозуы;

  • төмен сапалы үй-жайлардың жоғарғы үлесі;

  • тұрғын-үй жағдайын жақсартудың үлкен қажеттілігі бар қала тұрғындары санының жыл сайынғы өсуі;

  • қала шетіндегі елді-мекендердің инженерлік-инфрақұрылымның тозғандығынан онымен қамтылуының төмендеуінің қаупі.


Газбен қамту

2009 жылы Қарағанды қаласындағы газбен қамту тұрақты болды, сыйымдылық және баллондық газды пайдаланудағы бұзушылықтар азайды. Қарағанды қаласындағы халықты газбен қамтамасыз етуді 8 кәсіпорын жүзеге асырып отыр.

Газбен қамту екі тәсіл арқылы жүргізіледі: газды тарату құрылғылары (бұдан әрі - ГТҚ) арқылы және тікелей баллондық газ арқылы.

Халықты газбен ГТҚ арқылы қамтуды «Әлем газ» ЖШС жүзеге асырылады.

Жеке меншікте 491 ГТҚ, олардың ішінде қазіргі күнде жұмыс істейтіні 302 ГТҚ, уақытша істемей тұрғаны, бірақ қосылуы мүмкін (жөндеу жұмыстары қажет) – 70 және 119 ГТҚ келешегі жоқ (олардың 63-де газбен қамту жүйелері апаттық жағдайда, 30 қайта жөндеуі қажет –баллондық газға ауыстырылатын 2 қабатты үйлер, 13 – жартылай жайластырылған үйлер, 13 рентабельді емес, яғни электр пештерін қолданушылар).

Бүгінгі күні орнатылған есептеу құрылғыларының саны 42000 құрайды. «Әлем газ» ЖШС айына 300 бірліктен орнату жоспарымен қалған 3000 есептеу құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр. Аталған шараларды жүзеге асырғаннан кейін есептеу құрылғылары бойынша газды тұтынуға ақша төлейтін абоненттердің саны 100%-ға дейін жетеді.

Қарағанды облысы Қаржы басқармасының сауалдамасына сәйкес Коммуналдық меншіктегі 43 ГТҚ «Қарағанды қ. қаржы бөлімі» ММ-мен жекешелендіру жүргізуге тиісті объектілер тізіміне қосылған.

Сыйымдылық газды (ГТҚ) пайдаланушылар саны – 44 789 пәтер (2009 ж. – 44 553 пәтер).

Баллондық газды пайдаланушылар саны – 12 024 (2009ж. – 7 134 пәтер).

«Әлем Газ» ЖШС мен «Газ Ойл» ЖШС баллондық газды пайдалануды бақылаудың мүмкіндігін күшейтетін куәландыру мен газ баллондарын жөндеуге, ілмектік арматуралар мен өзіндік таңбаларды куәландырылған және жөнделген газ баллондарына қою мүмкіндіктері бар.

Келісімге қосымша негізінде «Әлем Газ» ЖШС тапсырыстарына сәйкес сұйықтатылған көмірсутектік газды (СКСГ) жеткізу тапсырысты алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жеткізушімен жүзеге асырылады. Төленген СКСГ көлемі толығымен және уақытында жеткізілуі тиіс.

Тұтынушы тұрғысынан сұраныс жасалған сұйықтатылған көмірсутектік газ қажеттілігі 100 % қамтылады.

Тұрмыста газды пайдалану кезінде мүмкін болатын ТЖ-дың алдын алу мен оларды жою бойынша жедел көмек беру мақсатында «Әлем Газ» ЖШС-де апаттық-диспетчерлік қызмет бар.

Басқа газбен қамтитын кәсіпорындар апаттық жұмыстар бойынша «Әлем Газ» ЖШС-мен келісім-шартқа отырған.

Апаттық-диспетчерлік қызметі бар «Әлем Газ» ЖШС-мен мүмкін болатын апаттарды жою мен сәтсіз оқиғалардың алдын алуы кезінде арнайы қызметтермен бірігіп жұмыс істеуінің жоспары құрылды.

Қарағанды қаласы әкімінің 30.06.2007 жылғы №439-р «Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерін құру туралы» бұйрығына сәйкес «Әлем Газ» ЖШС базасында газ шаруашылығы қызметі құрылды.

ТЖАЖ бойынша комиссия Төрағасы - Қарағанды қ. әкімі орынбасарының 10.07.2009 жылғы №3 бұйрығы негізінде Қарағанды қ. газ шаруашылығы қызметінің төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюға бағытталған әрекеттерге дайындығын бағалау жұмыстары өткізілді. Тексеріс нәтижелері бойынша Қарағанды қ. газ шаруашылығы қызметі төтенше жағдайларды алдын алу мен жоюға бағытталған әрекеттерге дайын деп жарияланып, қызметті техникамен және апаттық-техникалық команданы материалдық-техникалық құралдармен қосымша жабдықтау қажеттілігі жайында ұсыныстар енгізілді.

Тұрмыста газды пайдаланумен байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері газбен қамту кәсіпорындары үшін Газ шаруашылығын жүргізудегі қауіпсіздік ережелерімен реттелген.


Байланыс

Қарағанды қаласының барлық аудандарының телефондық байланысқа қосылу мүмкіндіктері бар және оның қамтылуы 68%-ды құрайды.

Сонымен қатар қалада филиалдары әр ауданда орналасқан «Қазпошта» АҚ өндірістік объектілерінің желісі қызмет істеп жатыр.

КОФ құрылымына «Поштаны сұрыптау мен тасымалдау учаскесі», «Арнайы байланыстың облыстық қызметі» және «Автобаза» кіреді. Пошталық байланыс бөлімшелерін оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Компьютерлік ақпараттық желі құрылды, барлық бөлімшелер корпоративтік спутниктік телефондық және электрондық байланыспен қамтылған. Мұның барлығы қазіргі уақытта ұқсас қызмет ететін компаниялардың мерзімдерінен кем емес қызмет көрсетудің (төлемдерді қабылдау, аударымдарды қабылдау мен төлеу, жылдам мерзімді пошталық жіберулердің жеткізілуін бақылау, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу мен т.б.) мерзімдерін жылдамдатуға жол берді.

2006 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі уақыт аралығында байланыс бөлімшелерінде Интернет желісіне қоғамдық қол жеткізудің 16 бөлімшесі ашылды.


2.2.4. Аумақтық (кеңістіктік) дамыту
Қарағанды қаласының аумағы 49 780 га немесе 497 ш.км-ден және оған кіретін Қазыбек би атындағы аудан мен Октябрь ауданынан тұрады.

Қарағанды қаласы аумағының балансының көрінісі келесідей: қаланың жалпы аумағы 49 780 га, оның ішінде селитебтік аумақтың ауданы 10 281 га, ауыл шаруашылықпен пайдаланылатын аумақтың ауданы 8 864 га, өнеркәсіптік аумақтың ауданы 16 090 га, орман егістіктерінің ауданы (рекреациялық аумақ) 4 405 га, басқа жер аумағы 10 140 га құрайды.

Қазіргі күнге Қарағанды мемлекетіміздің Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан кейінгі тығыз қоныстанған аймақтардың бірі болып табылады, 2010 жылдың 1 қаңтары күнгі қалпына халық саны 471,8 мың адамды қамтыды.

Қарағанды – Қазақстанның ірі индустриалдық-өнеркәсіптік, ғылыми әрі мәдени орталығы болып табылады. Қарағанды қаласының аумақтық дамуының бәсекелестік артықшылықтары пайдалы географиялық орналасуына орай, аймақтың аумағы арқылы республикалық әрі халықаралық маңыздылығы бар теміржол және автомобильдік көліктік дәліздердің өтуіне байланысты айтарлықтай транзиттік әлеуетінде көрінеді.

Қаланың басты бәсекелестік артықшылығы қазіргі уақытта Қарағанды Қазақстанның ірі өнеркәсіптік қалаларының бірі болып табылатындығы. Облыста металургия мен құрылыс индустриясына қажетті кен емес шикізаттың ең үлкен қоры бар. Ірі барланған әрі пайдаланудағы минералдық-шикізаттық ресурстардың бар болуына, шикізаттардың әртүрлілігіне қатысты, сумен және электр қуатымен қамту көздерінің, жанармайдың бар болуына байланысты қалада қара және түсті металлургия, көмір өнеркәсібі, энергетика, химия өндірісі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы сияқты салалардың дамуы көрініс тауып отыр.

Аймақ аумағындағы пайдалы қазбалардың бірегей қорлары, қазба жұмыстарының жоғарғы пайдалылығы, айтарлықтай көлемдер, алуан түрлілік, пайдалы компоненттердің жоғары нәрлілігі қаланың аумақтық жоспарда әрі қарай дамуын болжауға жол ашады.

2009 жылы ауыл шаруашылықтық қызметке жататын 37 182 объектілер тіркелді. Қалада тамақ өнімдерін өндіретін 96 кәсіпорын жұмыс істеуде. Қарағанды қаласы бойынша жұмыс істеп жатқан өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны 828 бірлікті құрайды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық дамуы Стратегиясының қағидаларына сәйкес Қарағанды облысының динамикалық дамуы өзінде экономикалық белсенділікті шоғырландыратын және аймақтың сыртқы нарықтармен интеграциясын қамтамасыз ететін тіреу қалаларын басымды түрде дамыту арқылы қамтамасыз етіледі. Ұлттық деңгейдегі тіреу қаласы және Сары-Арқа аймағының орталығы ретінде айқындалған Қарағанды қаласы аймақтың агломерациялық дамуының әлеуетті қаласы болып табылады. Қарағанды қаласының агломерация тартылуының аймағына Қарағанды облысының Қарағанды қаласына қолайлы көлік жетерлік аумақта орналасқан оңтүстік аудандары кіруі мүмкін: Абай, Қарабас, Топар, Шахтинск және Саран, сонымен қатар қала қасындағы аумақтардың маятниктік миграциясы орын алуы мүмкін. Оның үстіне Қарағанды агломерациясының қалыптасып жатқан Қазақстанның астанасының өсуінің желілік аймағына жақындығын және астананың еңбек ресурстарына, құрылыс материалдарына, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылықтық өңдеудің өнімдеріне, жаңа өндірістерді құру, консалтингтік, көліктік қызмет көрсету, ғылыми жұмыстар жүргізу, еңбек кадрларын даярлау мақсатында жер телімдері мен инфрақұрылымды бөліп беруге күннен-күнге өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы Астана қаласының дамуына келешектегі қосатын үлесін атап өткен жөн.

Қаланың аумақтық жақсы дамуына әсер ететін басымды факторлардың бірі халықты қолайлы экологиялық ортамен қамтамасыз ету болып табылады. Қалада тазарту құрылғылары мен кәріздік жүйелердің қайта құрылысы және қалпына келтіру, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын рекультивациялау жұмыстары жүргізіліп, өнімдердің жаңа түрлерін шығару және сұрыптау өндірісі бар, қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысы жөніндегі жобалар қарастырылып жатыр. Қуатты сақтаудың ірі жобалары енгізіліп жатыр. Бұл шаралардың барлығы қала экологиясына тиімді ықпалын тигізе отырып, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтар көлемін төмендету арқылы атмосфералық ауаның жақсаруына әсерін тигізеді.

Қаланың қоршаған ортасына антропогендік әсердің үлесі Қазақстанда ең үлкен болып табылады, республиканың түгел жалпы зиянды шығындылардың жартысына жуығы тек осы субъект аумағынан ғана атмосфераға келуі, қаланың төмен экологиялық жағдайын түсіндіреді.

Экологиялық жағдайды одан сайын төмендететін жағдайлар:


  • улы қалдықтарды қауіпсіз емес сақтау және жою (аса улы және химиялық қауіпті қалдықтарды зиянсыздандыру мен көму полигонының жоқтығы).

  • Қарағанды көмір бассейнінің жойылған көмір шахталарынан шахталық газ метанының шығуы.

  • қатты тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың жиналуы. Жыл сайын қала ішінде жиналатын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі 8 млн. м3 жоғары.

Қаланың аумақтық дамуының негізгі мәселелері:

  • техногендік минералдық пайда болулардың бар болуы (981,5 млн. тоннадан көп қалдықтар);

  • аталған аймақтың төмен экологиялық сақтандырылуы;

  • облыстың ресурстық әлеуетін кешенді пайдаланудың жоқтығы;

  • инновациялық және инфрақұрылымдық сипаттағы инвестициялар енгізілуінің төмен үлесі;

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кәсіпорындардың жоқтығы;

  • қала шетіндегі аудандар мен қала қасындағы кенттердің инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуінің төмен деңгейі.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет