Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе



бет5/5
Дата25.04.2016
өлшемі1 Mb.
1   2   3   4   5

Сағыныш, тілек —
тілге тиек….

көңілге —медет.

Әкем Мүтәліп Қыраубаев 1987 жылы 23 желтоқсанда қайтыс болғаннан кейін шыққан арнау.

Облыстық, аудандық сабан тойларда жауырыны жерге тимеген, 51 жасына дейін күрескен, “Түйе палуан” атанған атпал азамат еді. Пенсияға шыққан соң республикаға аты шыққан ақын болды. Қызылорда облысында Манап Көкеновтен бастап, айтысқан ақындардың бәрін жеңген болатын. Бірақ тағдыр 66 жасында алып кетті.

Асқар тауым шайқалып, үлкейгенімді сонда сездім. Қайтейін, әкеме деген сағыныш осы күнге дейін бір толастаған емес….
Әкеме арнау
Түсті әке ойыма

Жүгірдім қаламға

Жырласам бір сәтке

Қайғы, мұң тарар ма…?

Жалғызбын әкесіз,

Қалғандай аралда.

Өткелсіз өмірім

Бар шығар әлі алда

Сүйенер дарағым

Құлады даламда.

Құлазып көңілім,

Кетемін әр ойға.

Сағындым әкемді

Жас келіп жанарға.

Сағыныш қайғының

Орнына толар ма….

Көлдеген көз жасым

Әкемдей болар ма!..

Бір ғасыр әкеме

Налимын қимаған

Өмірдей сараңға.

Қайтейін жанымды

Тасқа ұрып жарам ба?!..

Қайғыны неге осы,

Берді екен адамға!…

Сонда да сілкінтіп,

Өзімді алам да

Батырдай сезінем,

Тұрғандай алаңда.

Тағдырдай алдырмас,

Ұмтылам қамалға.

Тоқтатпай сүйрейді,

Тағдырдың жолы алда.

Жүремін, күлемін,

Білмеймін тағы да

Тосарын тағдырдың

Әлі де нені алға.

О, әке, теңейтін

Тең нәрсе таппадым!

Білемін көп жанның

Биік!-деп жатқанын

Сіз барда тиетін

Төбеме аспанның.

Иіліп көрдім бе..?

Алдында басқаның…

Жақсы іс атқарсам

Бір мақтап тастадың.

Кеудеме нұр құйып,

Жаңа іске бастадың.

Өзіңнің үлесің

Бел болса асқаным.

Бір кірпіш ел үшін,

Болса егер қосқаным.

Үйрендім өзіңнен

Өмірдің дастанын.

Кім білген ғайыптан

Ажалдың тосқанын.

Қоштастың қолымда,

Қиналды – ау жас жаным.

Қимадым өлімге

Егілдім, сасқаным

Мәңгіге қоштастық…

Әке жан-асқарым!

Кеттіңіз өмірден

Жастығым-тоқтадың.

Енді мен қалайша

Борышты ақтадым..?!

Жаспын деп жүгірдім

Тұлпардай баптадың

Алдыма әкелдің

Бар болса тапқаның.

Кім білген дүние –

Болар деп қас – қағым.

Көзіңнің тірінде

Көңіліңді ашпадым.

Үстіңе дүрімді

Неге әкеп шашпадым!..

Осылай жегідей

Жейді ой жанымды.

Келмесін білемін

Көзден жас ағылды.

Ақылдың кені едің

Дарақ ең тамырлы.

Көлеңкең түспейді – ау…

Көңілім сағынды…!

Филология ғылымының докторы, профессор Алма Қыраубайқызы бауырым 2001 жылы 5 ақпан айында қайтыс болған еді.

Жанымды күйзелтіп, көңілімді құлазытқан ауыр қайғы болды. Қайран бауырым – ай өмір бойы өзіңді жоқтап өтер жүрегімдегі орныңды бұл жалғанда толтыра алар емеспін…..
Бауырым маңдайыма жаратылған,

Сен кеттің айырылдым ғой қанатымнан.

Кеудемнен «АҺ» дегенде шыққан жалын,

Қайғыдан от сияқты жан атылған.

Барады ішім қайнап жанатындай,

Жүрегім қақ жарылған қара қылдай.

Жалтақтап есік жаққа қарай берем,

Жан апам қайта келіп қалатындай.

Жан апам көздерімнің қарашығы,

Қиналғанда жанымның жанашыры.

Өзіңді аңсап үзілген бір тамшы жас,

Секілді мөлдіреген дала шығы.


Сағынсам көзден жасым төгіледі,

Өзің барда өміршең өмір еді.

Маңымда жан бауырым жүрген кезде,

Кеудемде күндей күлген көңіл еді.


Бұл өмір біреуге арзан, біреуге арман,

Кезекпен келіп – кетер өмір жалған.

Басыңды жастық болып демеп тұрсын,

Бір уыс топырағың анаң салған.

Мәңгілікке жамылдың сұрыпты алып,

Денең тоңып қалды ма суық қарып.

Құдайдың құдіретінен аса алмадық.
Кешір бауырым! Көмдік – ау буып салып.



Бауырым Жақыпбекке
Бауырым, несін айтам түсіндіріп,

Қызықтың жүргеніңде құсын қуып.

Өмірде таразы бар, талқысы бар,

Қоярсың уақыттың күшін көріп.


Жүректен жүректегі жалынды ұрып,

Жаратты екеумізді бауыр қылып.

Қайда жүрсең өзіңді жебесін деп,

Жолыңа желбіретем жанымды іліп.


Тірлікте дүниеге алаңдаймыз,

Қарызға алған жанда қала алмаймыз.

Түсінші, бұл сұм дүние қаталдығы

Бір кетсек қайтып бауыр бола алмаймыз.




Алақан жайып сұрарым! Құдайдан менің тілерім:

«Ұрпақтарымызды аман-есен сақтап, көмек ете жүр, ұзақ нұр өмір, ақыл-парасат, ауызбіршілік, бақ, дәулеттен береріңіз көп болса екен» деп басымды иемін.
Марал қызыма
Сиқырлы тылсым дүние – адам жаны,

Көрмекке сұлу ғана беттің әрі.

Сұлулық, ақыл – ойға сай кеп тұрса,

Арналар сол жандарға бақыт дәмі.


Алғыр бол, табанды да танымды бол,

Ұғымды, салмақты да жалынды бол.

Болғайсың елін сүйген, өршіл, көпшіл,

Адал бол, еңбекшіл де дарынды бол,


Болмағай ерме, кербез, керілмелі,

Ұшқалақ ермек қана көзіндегі.

Жеңілтек, сөзуарлы, ойсыз, жөнсіз

Жалынсыз, жалқау, аңқау, ерілмелі.


Құбылтар қызықтар көп жан жүйесін,

Болсыншы елге пайда барда үлесің.

«Бәрін айт – бірін айт та» деген сөз бар,

Ұмытпа ұлы қазақ тәрбиесін.


Немерем Арайлымға!
Айналайын Арайлым,

Ай жүзіне балаймын.

Көл бетіндей ақ айдын

Өзіңе тоймай қараймын.


Тәй – тәй басқан тапылдап,

Аяқтарың ұнайды.

Асылдайын жарқылдап,

Жанарларың шырайлы.


Күміс күлкі ойнаған,

Сыңғырлаған үніңді,

Жүрегіммен айналам,

Былдырлаған тіліңді.


Күшейе әлі алмаған,

Саусақтарың сыртылдап.

Отырасың бал балам,

Буындарың былқылдап.


Күндеріңді санаймын,

Сенен жарық таң жоқтай.

Ержетсең деп қалаймын.

Сенен тәтті жан жоқтай.


«Атажан!» - деп еркелеп,

Томпаң – томпаң жүгіріп,

Есейсең деймін ертерек,

Сөйлегенің білініп.


Боласың бөбек қашанғы

Өсесің қыз боп майысып

Қуантасың атаңды

Тұлымшағың жарысып.



Немерем Мұхаммедярға!
Елдің сөзін сөйлеген шешен бол деп тілейміз!

Елін алға бастаған көсем бол деп тілейміз!

Білім қонған басыңа, бақ дәулетің шалқыған

Өмір ұзақ, денің сау – есен бол деп тілейміз!


Пайғамбарлар қолдаған данам бол деп тілейміз!

Бойыңда талант қайнаған маман бол деп тілейміз!

Ақылды, палуан, сабырлы, ұрпағың елдей көбейген,

Жанның бәрі сүйсінер Адам бол деп тілейміз!


Немерелерім Ақеркеге және Нұрданаға
Балдырған балдайсың.

Момақан жандайсың.

Тарпылдап, томпаңдап,

Соңымнан қалмайсың.


Жақсыны қалайсың.

Бәрін дос санайсың?...

Төменнен жоғары,

Үмітпен қарайсың.


Мәз болып күлесің.

Тәттіні білесің...

Айтқаның болмаса,

Қабақты түйесің.


Былдырлап тұрмасым.

Сен менің сырласым.

Балапан ұрпағым

Қымбаттым, қимасым.


Жүрегім тілесін.

Болғайсың ұлы есім!

Бақыт пен бақ болсын

Өмірден үлесің.



Немерем

Нұртуғанға
Ақ ордалы,алып бол

Бас иіп, елің сенетін

Ақылды, күндей жарық бол

Халқыңа үлгі беретін


Төгілген тілді шешен бол

Ойыңды дәндей себетін

Ұрпақты, ұзақ есен бол

Өркендеп, өсіп - өнетін

Бақытты, барлы ,баянды

Тарихтан озсын есімің

Үйретсін барлық адамды

Қабылдаған шешімің


Сен айтты деген сөздерің

Дүйім елге тарасын

Жәй лебізің, өзгенің

Қадіріне жарасын

Ел аузыңа қараған

Білімің мол, кең болсын

Ұрпағың мыңдап тараған

Әрбірі өсіп ел болсын


Ұлы болсын бәрі де

Ұлылық ешбір кетпесін

Ғасырлардан әріге

Жалғаса берсін текті есім


Еңбегін елге арнаған

Қасиетті адам бол

Бір Құдайым қолдаған

Жүз жаста да аман бол!




МАЗМҰНЫ
Кіріспе .............................................................................................................3

Үш қасиет .......................................................................................................5

Өз тілің – ұлы тіл ............................................................................................7

Ұлы Омарға еліктесек ..............................................................................9-21

Мәре .............................................................................................................22

Кешіріңдер достарым! .................................................................................23

Қайта оралмас жиырма бес ........................................................................24

Әлі де аялашы арман мені ..........................................................................25

Қандай қиын .................................................................................................28

Намыс ...........................................................................................................28

Үлкеннің қасиеті ...........................................................................................29

Жабырқау .....................................................................................................30

Уақыт ............................................................................................................30

Ауыр ой .........................................................................................................31

Қайдасыңдар армандар! .............................................................................32

Сап көңілім ...................................................................................................33

Заманым! ......................................................................................................34

Білімге құлаш сермейік ................................................................................36

Ой, тойымсыз иттер-ай! ..............................................................................38

Ауылдағы ақсақалдан Астанаға хат ...........................................................42

Дайындал балам өмірге ..............................................................................48

Өмір деген сол екен ....................................................................................52

Күз бен қаңғыбас .........................................................................................54

Жағада жатыр бір кеме ...............................................................................55

Жапырақ көңіл желігер ................................................................................59

Халық болсаң – қазақ бол! ..........................................................................61

Мен қазақпын! ..............................................................................................65

Қазақ атын қадірле ......................................................................................66

Адам үшін .....................................................................................................67

Мазасыз ой ...................................................................................................68

Домбыра .......................................................................................................71

Қасиеттім – көз көрген .................................................................................71

Жер ананың хаты ........................................................................................72

Өшпес оттың жанында ................................................................................76

Репрессия құрбандары суреттерін көргенде ...........................................77

Дала реликвиясы .........................................................................................79

Білесің бе Банког деген қаланы .................................................................83

Отаны барлар алшаңдар ............................................................................86

Жазира .........................................................................................................88

Ұстаз қалам ..................................................................................................89

Ұстазым өзің кеш мені .................................................................................90

Ауылым ........................................................................................................92

Торғайлар .....................................................................................................93

Таңғы шақ .....................................................................................................94

Қос арна .......................................................................................................95

Алматым .......................................................................................................98

Наурыз монологы ........................................................................................99

Қадірлі мамандық ......................................................................................101

Жалындай бер жастығым .........................................................................105

Ақындық ......................................................................................................105

Ақын замандасқа .......................................................................................106

Сыпайы .......................................................................................................108

Шешім .........................................................................................................109

Ар ................................................................................................................110

Қос жүрек ....................................................................................................111

Албыртқан алау жүзіңнен ..........................................................................112

Сырбаз жар ................................................................................................113

Көгілдір көйлек қайдасың?! .......................................................................114

Сұлудың көркі ...........................................................................................115

Қасы, жүзі ...................................................................................................116

Жанар нұры ................................................................................................117

Бал еріні .....................................................................................................118

Мойыл шашы .............................................................................................118

Кәрі қыздың қиялы .....................................................................................119

Кей келіннің арманы ..................................................................................120

Ата-ененің арманы ....................................................................................123

Баланың ойы ..............................................................................................125

Аңсадым .....................................................................................................126

Көш ілгері ...................................................................................................129

Інім ..............................................................................................................130

Өтіп жатыр ..................................................................................................131

Жауымсың! .................................................................................................132

Ашу .............................................................................................................134

Қыл қалам ...................................................................................................135

Елуге келдім арман көп .............................................................................137

60 жас .........................................................................................................139

Әкеме арнау ...............................................................................................142

Алма апам ..................................................................................................145

Бауырым маңдайыма жаратылған ..........................................................148

Марал қызыма ...........................................................................................149

Немерем Арайлымға .................................................................................149

Немерем Мұхаммедярға ...........................................................................151

Немерелерім Ақеркеге және Нұрданаға ..................................................151

Нұртуғанға ..................................................................................................152






Каталог: files -> docs -> books
books -> Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет