Атырау қаласы, Махамбет ауданы, Алға орта мектебінің психологы «Өмір қымбат»



бет1/2
Дата17.05.2020
өлшемі1.97 Mb.
  1   2
Батқашова Салтанат Әділжанқызы-

Атырау қаласы, Махамбет ауданы,

Алға орта мектебінің психологы

«Өмір қымбат»тренинг

Адам баласы үшін өмірде қымбат нәрселер көп, мысалы: өмірге әкелген ата-анасы, туған-туыстары, бірге туған бауырлары, өмірлік жары, бауыр еті балалары, қимас сырлас достары, кіндік қаны тамған туған жері, тіпті денсаулығы да қымбат. Қара топырақтан нәр алып, күннің нұрынан жылулық алған әрбір тіршілік иесіне өмір қымбат. Осы қымбат дүниелерді бір арнаға тоғыстырып мен тренингімнің тақырыбын «Өмір қымбат» деп алдым.



Мақсаты: «Адам – өмір,

Өмір – адам».

Өмір жолында кездескен қиыншылық – уақыттың сатысы ,әуелі қорқыныш, күйзеліс, қиналыс содан соң күрес одан кейін ояну, көңілдену өмір сүруге үміттің болуы толық жеңіске әкеледі. Өмірге деген құштарлығымызды оятады. Құштарлық бар жерде өмір сүру бар, талпыныс бар.

Міндеті: Жеке «Мен» сөзіне ұстамды болуға тәрбиелеу. Тұлғаның өзіңің және өзгенің өмірін бағалай білуге жауапкершілігін дамыту.

Көрнекі құралдар:табиғаттың төрт мезгілін бейнелейтін слайдтары,қанатты сөздер,өлеңнен үзінді.

Тренингтің түрі: Философиялық ақыл-ой тренингі.

Тренинге ортаға бес қатысушы шығады .

М.Таукеевтің «Көңіл қымбат» өлнңінен үзнді жбереміз.

Жеке адамның бойында қандай ізгі қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар? Енді әрбір жеке адамның өзіне тиісті несі бар? Әрине әрбір адамға қойылатын есімі бар.Ортаға шыққан әр қатсушылар өздерінің есімдерін айтып танстырып өтеді.Қазақта «Кісі есімінің киесі бар» - дейді.



I.Әрі қарай қартысушыларға бес сезім мүшесіне байланысты, бес түрлі заттарды таңдап алуға нұсқау беріледі.Қатысушылар берілген бес түрлі заттарға өз пікірлерін білдіріп,талдау жасайды.Тапсырманы орындап болғаннан кейін психолог өз нұсқасын төмендегідей түсіндіреді

  1. Дүрбі - көзбен көріп, көңілге түю.

  2. Әтір - алдын ала сезу, жаманмен жақсыны айыру.

  3. Секер, тұз – өмірдің ащысы мен тұщысына төзе білуге дағдыландыру

  4. Телефон – әрбір естіген сөзден ғибрат алу.

  5. Шам – сипап сезіп, сырттан ішке барған әр нәрсенің суретін анық сезініп түсіру.

«Адам баласы бес сезім мүшесімен ,сыртқы дүниелерді қабылдап өмір сүреді.Көзбенен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады. Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен әрнешік өз суретімен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нәрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек.Жақсы нәрседен көңілге жақсы хасил болып, жаман нәрседен көңілде жаман әсер болғаны секілді нәрселер.. Ескеріп баққан адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады.Қабылдаған нәрселері ескерусіз қалса ол қуаттың қайсысы болса да жоғалады. Жоғалмаса да еш нәрсеге жарамсыз болады. Кімде-кім – сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алған адам – тәжірибелі, ақылды адам дейміз.Адам баласын һәм ақыл, һәм қайрат-екі мықты қуат қосылып тоқтатады.Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуат мұнан салсаң онан шығатын бір жорға атпенен тең.Егерде бұл екі қуаттың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі қуаттар - бірі басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, жарға ұра ма ,суға ұра ма - құдай білсін,әйтеуір жолда көрген есті,ақылы дұрыс адамдар әлі де сұрамай да қалады»,-деп жазады ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде.

II.«Табиғатпен біргеміз»жаттығуы.

Мақсаты: Адам баласы да табиғаттың жемісі.Табиғаттың төрт мезгілі секілді , жас сәби өмір есігін ашқан соң; көгереді, көктейді,өседі,өнеді ,жемісін береді ,уақыты жеткенде сарғайады ,солады. Табиғаттың төрт мезгіліне сай дыбыстарды қолданамыз(дауыл ,нөсер жаңбыр,боран,мұзды сең).Естіген дыбыстарына сәйкес әр қатысушы ,табиғаттың дүлей күшіне қалай қарсы тұратындарын іс қимылдарымен көрсетеді.

III. Ой толғау. Ы.Алтынсарйынның «Бақша ағаштары» әңгімесінде мол ұлағатты тәрбие бар. Қатсушыларға түзіу және қисық ағаштың суретін слайд арқылы көрсетеміз. Содан кейін түзіу ағаштың құлап қисайып жатқанын ,ал қисық ағаштың түзеліп өсіп кеткенін көрсетеміз. Көрген суреттері бойынша әрбір қатсушы ойларын ортаға салып талдайды.

Психолог:Қазақта «Балаңды беске дейін патшаңдай сыйла» бүлдіршініңді аялай отырып, бойындағы келеңсіздіктен арылтып адам болуға бағышта десе, «Бестен он беске дейін құлыңдай жұмсау» арқылы еңбекке баулу-парызың. «Он бестен асқасын құрбыңдай сыйласу»-сенім артып,ұл-қызыңды сыйлай білуге шақырады. «Жастай берген тәрбие, жас ағашты игендей» дегендей балаға жастайынан төзімді болуға үйрету керек.Баланың бойында өмірдің өзі күрес екеніне көз жеткізуіміз қажет.

«Ата-бабаңнан жүз жасқа үлкен бол,ал балаңнан жүз жасқа кіші бол»,-деген мақалды атам қазақ бекерге айтпаса керек.



YI.«Мен қандай адаммын?»жаттығу

1.Менің өмірімде қандай кемшіліктер мен жетістіктер бар?

2.Менің жеке басыма отбасымның әсері қандай?

3.Маған әлеуметтік қоршаған ортаның әсері қандай?

қортынды: оқушы әр кез өзін бағалап кемшіліктерін біліп,қортынды жасап ,есеп беруге дағдыланады.

Ұлы Абай айтқандай ,әр адамның бес сезім мүшесіде сыртқы дүниені қабылдауы да әр түрлі.Табиғат біздің әр қайсысымызға баға жетпес «Өмір» атты ғажайыпты сыйға тартты.Жапырақтан аққан екі тамшыда бірін бірі қайталамайтыны секілді, адам баласы өмірге екі қайтара ешқашан келмек емес.Кейде біз әлемде жалғыз қалғандай, ал өмір өз ағысымен өтіп бара жатқандай сезінеміз. Дегенменде адам баласы болашағын білмегені үшін бақытты.Әрбір жеке тұлға кездескен қиындыққа мойымай күресеуі қажет.Саламон патшаның өсиетіндей «Бұл да өткінші» деген ұранмен өмір сүруі керек. Әр жеке тұлғаның бойында Абай айтқандай «һәм ақыл, һәм қайрат, һәм жігер, һәм ерік, ақылдың сөзіне бағынатын, ұғып алытын жүрек» болуы керек. Олай болса әр адамның жүрегінде әрқашанда өмірде тек күн жылуығы жарқырасын. Ең керемет күн- бүгінгідей болсын



!
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет