Атырау мұнай және газ институты


/1/ 153-162 бет /2/ 166-175 бет./5/ 149-158 бет



бет6/8
Дата03.04.2016
өлшемі1.41 Mb.
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

/1/ 153-162 бет /2/ 166-175 бет./5/ 149-158 бет.
25-26 шы дәріс.
Тақырып. Қоғам және оның жүйесі
Негізгі мақсаты: Қоғамның адамдар үшін, әлем үшін маңызын түсіндіру, қоғамдық сананы тағы да нақтылау.

Негізгі түсініктер: қоғам, қоғамдық сана, қоғам құрылымы, ашық қоғам, құндылықтық аспект.
58

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.


  1. Қоғамды зерттеудің методологиялық негізі.

  2. Қоғам туралы әр – түрлі көз қарастар, тұжырымдар.

  3. Қоғамның тарихи типтері, қозғаушы күштері.

  4. Қоғамның жүйесі туралы түсінік.

Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой – пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде – ақ қалыптаса бастаған. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болады, ол қалай дамиды, дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде қоғамды құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеб, қарым – қатынастар заңдылықтары бар ма деген және басқа да көптеген сұрақтар, ой – пікірлермен идеялар туады.

Қоғамдық құбылыстарды процестерді, тарихты танып білуге, өзгертуде философия тарихында материализммен идиолизмнің арасында ұдайы қарама – қарсы күрес болып келді.

Қоғамның ілгерлеп дамуы, таптардың пайда болуы, ой еңбегімен дене еңбегінің бөлінуі, еңбекші бұқараны қанаудың күшейюі қоғам туралы ой пікірлерді, идеяларды одан әрі дамыта, тереңдете түсті. Қоғамдық өмірге, оның дамуына байланысты көз қараста бұрын идеолизм үстемдік етіп келді. Оның үш түрлі себебтері бар тарихты ғылыми тұрғыдан түсіндіру белгілі бір нақтылы объективтік жағдайлар талабына байланысты туындаған соның рухани нәтежесі еді. Ол қоғамның, философияның, ғылымның жаңа практикалық талабына сәйкес өмірге ойдың жетістіктеріне сүйену арқылы, соның жалғасы ретінде және ғылым, практика жаңалықтарына сүйене отырып, солардың талабына сай қалыптаса бастады.

Тарихты объективтік тұрғыдан түсіну өзінен бұрынғы алдыңғы қатарлы қоғамдық ойдың жәй жалғасы емес, қоғам тану тарихындағы мүлдем жаңа сапалы кезең. Тарихқа объективтік көз қарастың қалыптасуы табиғатты да, қоғамды да қамтитын біртұтас ғылыми – философиялық дүниетанымдық негіз болды.

Қоғамды ғылыми принциптер негізінде зерттеу нәтижесінде оның даму заңдылықтарын ашу барысында әлеуметтік тану саясаттану ілімдері дүниеге келді. Ол ғылымдар адамзат тарихин түсіндірудің кілтің, көзін қоғамның материалдық – экономикалық қатынастар жүйесінен шығарып, оны жан – жатқы терең талап дәлелдеді.

Қоғам заңдары бадырайып көрініп тұрмайды,оларды тікелей байқау, көру, бақылау арқылы қабылдау өте қиын. Осы себебті қоғам заңдарын терең танып – білу арқылы пайдалану онай емес, ол көп күш жұмсап,
59

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
зерттеуді керек етеді. Олар абстрактілі ойлау арқылы белгілі болады.

Қоғамды ғылыми тұрғыдан түсінудің басты өзгешелігі – ол алуан түрлі қоғамды қатынастардың байланыстардың ішінен ең бастысын – материалдық - өндірістік қатынастарды бөліп алады.

Қоғамдық болмыс – адам өмірінің, оның іс - әрекетінің қажетті шарты және қайнар көзі. Адам өзінің жасампаздық күш – қуатымен табиғи мүмкіндіктерді шындыққа айналдыру арқылы болмысты өзгертіп отырады. Қоғамдық болмыс – адамзат тарихының даму кезеңдеріндегі әлемметтік практиканың нәтижесі.

Қоғамда тұрлі қатынастар бар. Олардың негізіне алғанда марериалдық және идеологиялық қатынастар болып екіге бөлінеді. Материалдық қатынастар адам санасынан тыс, ой елегінен өтпей – ақ қалыптаса береді. Оған жататындарды ең алдымен табиғатты адам арқылы өңдеу деп айтады.

Қоғамды қатынастардың екінші бір тобы – идеологиялық қатынастар оларға адамды адам арқылы өндеу жатады. Олар саяси, құқылық, марольдық, діни, эстетикалық философиялық қатынастар болып бөлінеді.

Нағыз демократиялық қоғам адамдар бостандығынан, еркіндігінен көрінеді. Бірақ бостандық ойға келгенді жасау емес, қоғам болған соң белгілі тәртіп болады.

Демократияның бір көрінісі либерализм. Ол адам құқығы деген ұранды желеу етіп адам не істесе де берікті болу керек дейді.

Қоғам дамуындағы ерекше заңдар әр – бір жеке – экономикалық формациялардың өзіне тән ерекшелігін көрсетеді.

Қоғамды бір тұрас, тірі әлеуметтік организм деп қараудың негізгі шарты – барлық дәуірлердің әлеуметтік – экономикалық даму типологиясын құру, яғни қоғамдық – экономикалық фармация туралы қғымды тұжырымдауды қажет етті.

Сондықтан тарихты әлеуметтік философия тұрғысына пайымдау, талдау әдісін – біз қоғамдық құылыстардың жалпы теориясымен методологиясы дейміз. Айта кеу керек, қоғамды басқа да толып жатқан нақтылы ғылымдар (әдебиет, заң, тарих, саяси экономия, саясаттану, әлеуметтану, т.б.) зерттейді.

Материалистік философия ілімдерінде адамзат қоғамы ешқашан өзгермейтік, әрқашан өзіне тән құбылыс ретінде қаралып келді. Қоғамдық құбылыстар кездейсоқ, оларға ешқандай заңдылық жоқ деп санаған, не биологиялық заңдылықтарды қоғам өміріне қолданған реттер де кездесті.

Қоғамның тарихи үлгілері бір – бірінен материалдық игілікті өндіру тәсілі арқылы ажыратылады ал қоғамның формацияның саналық ерекшелігі ондағы өндірістік қатынастарға байланысты болады.


60

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Әр бір қоғамдық формацияның негізінде белгілі бір өндіріс тәсілі болады. Өндірс тәсілінің алмасуы қоғамдық формацияның ауысуына бастайды.

Қоғамның қозғаушы күштері туралы мәселенің принципті маңызы бар, Өйткені бұл проблеманы шеше отырып, біз қоғамның ілгері дауының басты қозғаушысы, оның жүргізушісі кім, адамдардың саналы жасампаздық қызметінің басты ынталандырушысы неде, олардың көріністері қандай деген сұрақтарға жауап іздейміз.

Қоғам дамуының объективті қозғаушы кұштері өздерін терең түсінуді, білуді қажет етеді сондықтан олар өздерінің идеологтарын қалыптастырады.

Қоғамның данму процесі, оның жоғары қарай ілгері басуы қозғаушы күштер, қайшылықтар, қарама қарсы күрестер, әлеуметтік өзгерістердің қарқымды секірістері арқылы жүзеге асырылынатын. Бұл арада қозғаушы күштер болып белгілі бір әлеуметтік топтын жыйынтығы да шығады. Бұлар қоғам дамуының прогресшіл мүдделеріне сәйкес нақтылы – тарихи жағдайларға байланысты толғағы пісіп – жетілген қайшылықтарды шешуге бағытталған.

Марериалдық – экономикалық мүдделерден басқа рухани мүддерлерде бар. Рухани мүдделер қоғамның эстетикалық адамгершілік діни мүдделері – оның білімге мәдениетке, оқуға үмтылуы.

Мүдделердің өзгеру негізіне объективті болмыс және адамның материалдық дүниеде өмір сүруі, адам мен қоғамдағы өзгеру барысының бейнесі жатады. Бір мүдделерді қанағаттандыру қоғам дамуында жаңа мүдделерді туғызады. Саондықтан мүдделердің де жоғарлау, өрлеу заңы тарихтың қозғаушы кұшіне енеді.

Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтарды шешуде адамдардың ынта – ықыласы, көз қарастары жүзеге асырылады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Қоғам көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі.

  2. Әлеуметтік философияның негізгі принциптері, түсінігі.

  3. Қоғам жүйесі, әлеуметтік кеңістік және уақыт.

/1/ 163-172 бет /2/ 176-185 бет./5/ 159-168 бет.

61

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

27-ші дәріс
Тақырып. Прогресс
Негізгі мақсаты: Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің жастар үшін маңыздылығын анық көрсету.

Негізгі түсініктер: прогресс, регресс, қоғам, даму, ақпараттық қоғам.


  1. Прогресс идеясының қалыптасуы

  2. Қоғамдық прогрестің алғы шарттары, тарихи типтері.

  3. Дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктері.

  4. Прогресс идеясы, ғылыми техникалық прогресс ұғымы

Қоғам өмірін тарихи процесс ретінде бейнелеу үшін қолданатын ұғымдарының бірі – прогресс ұғымы (лат. – ілгері қозғалу табыс деген сөзден аланған).

Прогресс – қоғамның материалдық күш қуатының артуы оның қатынастарының кемелдене түсуі, қоғам мүшелерінің жан – жақты жетілуіні қажетті мүмкіндіктердің молаюы, яғни қоғамның ұдайы төменнен жоғарға қарай өрлей дамуының түрі сипаты.

Жалпы алғанда, қоғамның даму бағыты, болашағы туралы мәселе – адамзаттың қоғамдық ойының ежелгі мәселелерінің бірі.

Батыстың алғашқы идеологтары прогресті ең алдымен адамның ақыл – ойының парасатының кемелденуі мен байланыстырады. Адам парасатының кемелденуі негізінде ғана адамды әлеуметтік бұғаудың барлық түрінен азат етуге болады, оның кейбір қажеттерін қамтамасыз ету ізгіліктің, адамгершіліктің жетілуі деп есептеледі. Парасат пен ғылым жетістіктерін қалын көпшілік арасына кең тарату арқылы қоғамды адам табиғатына лайықсыз жағдайлардан арылтып, шексіз прогреске жол ашу мүмкін болып көрінеді.

Қоғамдық прогресс – күрделі процесс. Адамзат тарихының дамуы барысында қоғам өмірінің бір саласының жетілуі, кемелденуі басқа салаларының мешеулігімен, тіпті кері кетуімен (регреспен) қабаттаса жүріп орыратынын да көрсетеді.

Қоғам туралы диалектикалық – материалистикалық ілім тұрғысынан алғанда, прогресс идеясын ғылыми жолмен негіздеу үшін: 1) қоғамдық прогрестің тарихи қажеттілігін дәлелдеу, яғни қоғам дамуы нысаналығының себебін табу керек; 2) прогрестік объективті өлшемін анықтау қажет; 3)нақтылы тарихи кезеңге сәйкес прогрестің сипаттамасын

62

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
беру, яғни прогрестің тарихи үлгілерін ажырата білу керек.

Даму қашанда қалыптасқан дағдыны бұзуымен, өзгертумен байланысты ол әдетте көпшілікке ұнамайды. Үйреншікті жағдайды өзгерту қашанда ауыр. Бірақ онсыз даму жоқ.

Қоғамды зерттеу принциптерінің ең негізгі – қоғамдық болмыстың алғашқы қоғамдық сананың кейінгі болу яғни қоғам өмірінің негізгі материалдық өндіріс екендігі. Сондықтан қоғамдық прогресс туралы ілім нақтылы бір тарихи кезеңдегі материалдық өндіріске талдау жасаудан басталады.

Ғылым тұрғысынан материалдық өндірістін екі жағының - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастардың арасындығы объективті диалектикалық қатынастардың сипаты, мысалы, өндіріс құрал – жабдықтарына жекеменшіктің немесе қоғамдық меншіктік болуы өндіргіш күштердің даму дәрежесіне тәуелді.

Қоғамның дамуы қоғамдық – экономикалық формациялардың бір – біріне ауысу түрінде жүзеге асатын прогресс болғандықтан, қоғамдық прогресстің өлшемі бір қоғамдық экономикалық формацияны екіншісімен тұтастай салыстыруға мүмкіндік береді. Ғылыми әдіс қоғамы өндіргіш күштерінің дамуын осындай таланттарға сай келетін өлшем ретінде қарастырады. Қоғам өндіргіш күштерінің дамуы жалпы адамзат тарихының арқауы болып табылады, өйткені, тарихы дамудың қай сатысында тұрса да, қоғамның негізгі міндеті - өз қмірінің материалдық жағдайларын қамтамасыз ету, ал оның алғы шарты - өндіргіш күштер болып, олардың жетілдіріліп отырылуы.

Дүниеге бірімен – бірі байланыссыз, өзінен өзі болатын жеке – дара ешбір құбылыс жоқ. Қандай бір зат болсын, ол айналадағы басқа заттармен міндетті түрде қатынаста болады. Ал өмір сүріп, бірақ ешқандай қатынаста болмайтын, басқа заттардың әсерінен ұшырамайтын не өзі әсер етпейтін зат, құбылыс әлемінде болмайды, болуы да мүмкін емес.

Сонымен, қоғамның өндіргіш күштерінің даму қоғамдық прогресті қоғамның барлық салалары тұрғысынанда, адамның жеке басының даму тұрғысынанда көріне алатын объективті өлшем болып табылады. Бұл өлшем прогрестің қоғам өмірінің барлық салаларын тұтас қамтитын заңды прогресс екенін дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Қоғам дамуының нақты сатылары қоғамдық экономикалық формациялар болғандықтан, прогрестің тарихи типтеріне талдау жасау дегеніміз әрбір қоғамдық экономикалық формацияға прогрестің жүзеге асуы жағдайларын, мүмкіндіктерін нәтижесін қарастыру болып шығады. Адамзат тарихының бастамасы – алғашқы қауымдық қоғам. Өндіргіш


63

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
күштердің даму дәрежесі өте төмен: ең қарапайым дөрекі еңбек құралдары шоқпар, тастан жасалған балталар, пышақтар, тас сүнгісі бар найза, әртүрлі торлар, т.с.с. Білім жоқ тәжірибе өте аз, төмен. Сөйтіп алғашқы қауымдық қоғам – адам дамуының ең төменгі сатысы. Ру мүшесі қатаң әлеуметтік байланыстарға бағынышты, оның не істейтіні, қалай істейтіні, өзінің қалауына байланысты емес, қалыптасқан өмір тәртібіне байланысты болады.

Таптық қоғамның алғашқы түрі – құл иеленушілік формация. Бұл қоғамның негізгі өндіргіш күші – құл, негізгі өндірістік қатынас - өндіріс құрал жабдықтары да құл да құл иеленушінің жекеменшігінде, өндірілген өнім. Түгелдей құл иеленушіге тиеді.

Алайда құл иеленушілік қоғамның бұл табыстарының көзі ең тұрпайы, аяусыз зорлыққа негізделген құлдық еңбек. Ертектегі Грецияның қоғамдық өмірін бір жағынан ұлы ғалымдардың ғажайып өнер иелерінің талантты мемлекет қайраткерлерінің, белсенді азаматтардың әрекеттері көрсеттсе екәнші жағынан, мал ретінде еңбек етуге мәжбүр болған құлдардың жағдайы сипаттайды.

Құл иеленушілік қоғамдағы прогрестің мұндай қайшылықтары кездейсоқтық емес, қажетті құбылыс. Феодалдық қоғам нақты тарихи жағдайларға байланысты құл иеленушілік қоғамның ыдырауы салдарынан пайда болады немесе тікелей алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы арқасында қалыптасады.

Адамға тән қажеттердің үздіксіз өсіп отыруы капитализммен бастап қана қоғам дамуының заңдылықтарына айналды. Алайда капитализм туғызған қоғам, адам дамуының мүкіндіктері шынайы өмірде қарым қатынас сипатта жүзеге асады.

Қоғам даму белгілі бір заңдылықтарға бағынатын процесс болғандықтан, қоғамдық процесс те заңды құбылысқа жатады. Әрбір қоғамдық экономикалық формация даму барысында өзінен гөрі жоғары келесі қоғамдық экономикалық формацияның қалыптасу мүмкіндіктерін туғызады.

Қоғамдық прогрестің заңдылығына күмән келтірудің екінші бар бағыты

социализмнің теориясы мен практикасы арасындағы орын алған терең алшақтықты тілге тиек етеді. Капитализмге қарағанда социолизм объективті түрде тарихи дамудың жоғарырақ сатысы еді.

Дегенмен, Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” деген кітабында бізде орнатылатын либералдық немесе халықтық капитализмде емес, не шынайы, немесе жаңартылған социолизм де емес, тек көп укладты
64

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
нарықтық экономикасы бар, әдеттегі демократиялық қоғам екенін айтады. Бірақ бұл бағдарлама. Оның нақты болмысын өмір көрсететін болады.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Прогресс идеясы, оның алғы шарттары, типтері.

  2. Ғылыми – техникалық прогресс.

  3. Әлеуметтік прогрестің алғы шарты және факторлары.

/1/ 173-182 бет /2/ 186-195 бет./5/ 179-188 бет.
28-ші дәріс.
Тақырып. Мәдениет және өркениет
Негізгі мақсаты: Мәдениет тарихы мен өркениет тарихының бірін-бір толықтырушы ұғымдар екенінін, өркениеттің бүгінігі күннің өмір сүру формасы екендігіне ғылыми талдау жасау.

Негізгі түсініктер: мәдениет, өркениет, өркениет құрылымы, трансформация, механизм, диалог, коммуникация, футурология.


  1. Мәдениет туралы әртүрлі ғылыми концепциялар, тұжырымдар.

  2. Мәдениет адам дамуының өлшемі

  3. Мәдениетжәне өркениет арақатынасы, байланысы, зандылықтар, ерекшеліктері.

Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жие пайданылады сонымен қатар адамзат тарихын зерттеушілер де мәдениет мәселесін қамтымайынша дұрыс қайымдаулар жасай алмайтынын ескерте кету керек.

Көпшілікке арналға әдебиетте мәдениет мәселесін рухани, көркемдік саласармен байланыстыра қарау басым. Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады.

Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі.

Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді. Сондықтан, мәдениеттегі қазіргі

65

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
бардың, болашақтың сабақтастық байланысын тани білу қажет.

Мәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады. Алғашқы еңбек бөлінісінен қазіргі кезеңге дейін еңбек материалдық өндіріс мәдениетін жетілдірудің негізі болып келеді. Мәдениат адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам өмірінде алатын орын түсінуге болады.

Мәдениет тарихи процестермен үштасып жасады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Сонымен бірге мәдениеттің бір ерекшелігі оның өз бойындағы сабақтастықты терең сақтай білуінде. Мәдениеттң түсіне үшін тарихи дәуірді білу, оның өндірістік қатынастары қандай болғаны анықтау, өмір салты, рухани дүниесі қандай ерекшеліктерімен анықталатынын ажырата білу керек.

Өткен уақыт мәдениеті – халықтық мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының сатысы, сондықтан бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлауды қажет етеді.

Мәдениет қандай тұр алса да адамдық мазмұнда болады. Мәдениеттегі адам қызметі өзінің субъективті мазмұны мен анықталады. Мәдениеттің ерекшелігі сол – ол тек объективті шындық тұрі ғана емес, шығу тегі жағынан алғандағ оның объективті мазмұнынан. Мәдениеттің материалдылығының өзі оның шығу көзі адамға байланыстылығында. Адамның өмір сүру әдісімен объективтік қызмет негізінде ғана мәдениет материалдық сипат алады.

Кең мағынада алғанда, мәдериет адамдардың өндірістік қызметінің барлық салаларын қамтиды, өйткені, еңбексіз адам тарихи процеске қатыса алмайды. Тар мағынада алғанда, мәдениет кәсібтік мамандығы бар адамдардың немесе кәсібтік одақтардың қызметі арқылы баянды болады бұл екі тұжырым да орынды.

Адам қызметінің қажетті шартты ретінде табиғатпен қоғам адамның мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі қасиетінің білдіре алады.

Табиғат пен мәдениет барлық уақытта бірдей пара – пар болмайды. Олардың терең мәңгі айырмашылықтары да бар. Табиғат мәдениеттен бұрын, адам керкіне, санасына тәуелсіз пайда болған, ал мәдениет – адамдар қызметінің жемісі, олардың қажеттерін өтеуге негізделген.

Мәдениет субъектісі бола отырып адам әр дайым өз белсенділігін көрсетіп отырады. Ол белсенділік ақылға сыйымды болса, мәдениет табиғаттың көркейіп, гүлденуіне демеуші болады.
66

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Адамның табиғанқа қатысы оның қоғамдық тіршілік әдісіне негізделеді. Осыдан келіп адамның мәдени деңгейін анықтау керек. Табиғаттағы бары молая түсіп, азды аялай білу адам мәдениенінің даму денгейін көрсетеді.

Мәдениеттің мазмұндылығы рухани арақатынастан айқын көрінеді, өйткені адам санасының мәдени – тарихи түрінің негізі философиялық дүниетаным болып табылады. Мәдениетпен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Өркениеттіліктің өндірістік дамытпай тұруы мүмкін емес, өндірісті дамыту дегеніміз жаңа материалдық және рухани қазыналар жасау болып табылады, ал мұның өзі күрделі қоғамдық қатынастарды қамтиды.

Сонымен бірге өркениеттілік пен мәдениеттің өзара байланысының сипаты қоғам құрылысына қарай өзгеріп отыратының да айту қажет. Антагонистік қоғамдарда олар жолында қиын терең қайшылықтар болады.

Мәдениет мәселесінің маңызды буындарының ішінде жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше рөл атқарады. Жеке адам мәдениеттің субъектісіде, объектісіде болып табылады.

Бұл екі ұғым бір – біріне өте жақын. Бірақ бір емес. Мәдениет-адам баласының ақылымен, қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып өндеген заты, құбылыс. Оның екі тұрі бар: бірі – материалдық жасанды дүние, екіншісі – рухани дүние . Біріншісіне – үй, өндіріс, киім – кешек, т.б. екіншісіне – қисса, ертек, өлең жыр, діни ғылыми ұғымдар, т.б. жатады. Өркениеттілік деген термин үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемді алғанда – алғашқы қауымдық құрылыстан таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында - әрбір елдің өз алдына даму ерекшеліктері, айталық, Үнді өркениет, Вавилон өркениеті, т.б.

Жоғары дамыған күрделі техника да, ғылыми табыстар да әр түрлі мақсатқа қолданылуы мүмкін. Өркениеттілікке оларды тек қоғамдық прогреске қызмет еккізу жатады. Мәселен АҚШ – озық дамыған капиталистік ел.

Мәдениет пен қоғам өзара тікелей байланысты. Қоғамның даму сатысы өзіне келетін мәдениет деңгейімен сипатталады, мәдениет қоғам жағдайына тәуелді. Кейде мәдениетті қоғамның белгілі бір тармағын ғана қамтитын құбылыс ретінде – сипаттау да кездеседі. Бұл пікірдің дұрыс жақтары бар.

Дүниежүзілік мәдениеттің даму – мәдениетінің бәр сатыда екінші сатыға көтерілуі, ол қоғамдық экономикалық формациялар ауысуымен


67

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
анықталатын процесс, яғни мәдениеттің мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәуелдә болады.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Мәдениет болашақты танудың жолы.

  2. Мәдениет және өркениет ұғымы.

  3. Мәдениет және руханият.

/1/ 183-192 бет /2/ 196-205 бет./3/ 17-50 бет.
29-шы дәріс.
Тақырып. Құндылықтар және олардың қоғаммен

мен адам өміріндеге рөлі.
Негізгі мақсаты: Құндылықтардың қоғамдығы орны мен рөлі, олардың адамдар дағдарыстарынан алып шығатын рухани күші туралы түсініктеме жасау.

Негізгі түсініктер: құндылық, аксиология, гуманистік дәстүр, адам, тұлға, мән, тарихи формалар.


  1. Құндылықтар жүйесі туралы түсінік.

  2. Адам және қоғам өміріндегі идеалдар, нормалар, заңдылықтар логикасы мәні болу шарт.

  3. Қоғамның болашағы үшін белгілі бір құндылықтар жүйесі, принциптерінің қалануы тиіс.

Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым – қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.

«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым – қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді.

68

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді.

Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып – ұнату шекаралары байқалып тұрады.

Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық – практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.

Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі.

Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс – тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез – келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады.

Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. Диалектикалықматериалистік философия оларды қарастыра отырып,әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады.


69

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл – индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз.

Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға )берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі ,мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады.

Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.

Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті

кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі – түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.

Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.

Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа – құндылық және logos – ілім, сөз)деп аталады. Ол – құндылықтар теориясы болып табылады.

Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім.

Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен
70

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады...

Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико – эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.

Диалектикалық – материализм құндықтарды олардың қоғамдық – тарихи, экономикалық және әлеуметтік – саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады.

Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы , үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден – бір объективті ең жоғарғы құндылық – адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі.

Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық – тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.



Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Құндылық орентация түсінігі.

  2. Діни құндылықтар және оның рөлі.

  3. Адам және қоғам арақатынасына құндылықтар орны.

/1/ 193-202 бет /2/ 206-215 бет./23/ 9-40 бет.
30-шы дәріс.
Тақырып. Қазіргі тандағы глобалдық проблемалар және

әлеуметтік болжамдар.
Негізгі мақсаты: Болашақты бағамдау, глобалды мәселелердің шығу жолдарын айқындау әрбір азаматтың парызы, әлемдік тұтастықты сақтау әрбір ұлттың борышы екендігін негіздеу.

Негізгі түсініктер: атом қаруы, вирустық қару, ҒТП, ҒТР, футуризм, нашақорлық, жезөкшелік, ішімдікке салыну т.б.


  1. Глобалдық проблемалар, оның ауқымдылығы зерттеуді қажет етуде.

  2. Сондықтан әлеуметтік болжамдар, біз қай жерде тұрмыз, қайда бағытталып барамыз өте актуальді.

  3. Ғылыми техникалық революция және болашақ проблемалары.

71

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Өткен және қазіргі өмір мен келешек бір – бірімен тамырларымен тарих тұңғиығына еніп кететін және әлем халықтарының көз жетерлік болашағына ұмтынатын қоғамның алға басқуның жалпы заңдылықтары арқылы байланысты.

Қазіргі өмір – бүкіл бүгінге дейінгі тарихтың қортындысы және біздің болашағымыздың негізі.

Болашақ, материалдық және рухани жағынан алып қарағанда, адамның осыған дейінгі бүкіл практикалық әрекетінің қортындысына қарай объективті түрде біздің бүгінгі өмірімізбен тығыз байланысты. Ол қазіргі және өткен өмірдің негізінде пайда болады. Ал оның қазіргі және келешек ұрпақтарға қалай болып көрінуі, олардың танымдық ойлау қабілеттеріне және шамаларына байланысты.

Нақтылы тарихи процесс өте күрделі, ол алдын – ала белгіленген бағытпен өрбіген де жоқ, өрбімейді де. Ол - әрдайым айналмалы соқпақ.

Адамзат, әрдайым түрліше табиғи және әлеуметтік сипаттағы кедергілерді жеңе отырып, болашаққа жол салды. Ешуақыта күні бұрын дайындалып қойған және адамдарды күтіп тұрған болашақ болған емес және болмайды да.

Болашақ жолын қарама – қарсылықтардың күресі, біріне – бірі кереғар әрекет ететін күштердің қақтығыстары арқылы жорамалдану керек.

Бұған қоса, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы жер шары тұрғындардының қоғамдық өмірді демократияландыруға ұмтылуымен, әлеуметтік құқықтарының және саяси бостандықтарының кеңейуімен, бұқара халық көпшілігінің рөлінің артуымен, империализмге қарсы күштердің ядросыз, зорлықсыз әлем және экологиялық таза орта, дүниежүзілік, саяси және мәдени байланыстарды күшейту, гуманистік құндылықтардың рөлін арттыру, әлеуметтік әділдік және тендік, ғылыми – техникалық жетістерінің табиғи ресурстарды ақылмен пайдалануға жұмсалуы, адамдардың табиғатпен ретті (гармониялық) қарым – қатынасқа (олардың біртұтас ноосферамен қатарласқан эволюциясына дейін) ұмтылуы үшін күреспен сипаталмақ.

Планетаның адамдары, міне, осы құндылықтарға бүгіннен бастап ұмтылуға тиісті. Сонда ғана адамзаттың лайықты болашағын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Дамудың тек осы бағыты ғана прогрессивті тарихи болашақ бола алады. Бұрынғы одақтас республикалардағы – бүгінгі егемен тәуелсіз мемлекеттерде жүріп жатқан қайта құру және жаңғыру процесі бұл бағыттағы әрекеттерге жол ашу тиіс.

Көз жетерлік келешектегі адамзаттың болашағы – бұл қоғам дамуындағы нақтылы тарихи прогрестің жаңа сатыларға көтерілуі. Ол - әлеуметтік прогресс деп аталынатын алға басқан қозғалыс.

72

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Болашақ болжап білу, ғылыми - әлеуметтік дамудың бағыттарын күні бұрын айқындау әрдайым біздің алдымызға өскелең талаптар қояды.

Болашақты болжау, тарихтың объективті заңдылықтарын дұрыс түсіну және біздің заманымыздың елеулі проблемаларын шешетін тиімді практикалық методтары мен құралдарын табу үшін өткеннің стеоретиптері мен дәстүрлі тәжірибені негізге алған жәй салихалы ақыл мен ой өте жеткіліксіз.

Жалпы дүние жүзі тарихының шеңберінде әлеуметтік прогресс болатынына күмән жоқ. Оның күрлілігі мен қайшылықтарына қарамастан, адамзат тарихынды ол үнемі адамзаттын әлеуметтік ұйымдастырудың төменгі формаларынан жоғарғыларына өрлеуі жағдайында болды.

Тарих көрсетіп отырғандай, әрбір нақтылы жағдайда бір – біріне қарама – қарсы түрған прогресс пен регресс күштерінің қақтығысуының қандай нәтижемен аяқталтынын міндетті түрде күні бұрын болжап, шешіп – біліп қоюға болмайды. Бұл жағдай адамзат өмір сүріп тұрғанда әлеуметтік прогресс үшін өз мәнін жоюға тиісті емес. Дей тұрғанмен, адамзаттық болашаққа қозғалысы жолында көптеген қиыншылықтар мен кедергілердің де бар екенін айтқан жөн. Олардың көбі адамдар санасынан орын алған және жаңаша ойлауды, болашақ проблемаларын шешу ісіне жаңаша қарауды талап етеді.

Ал, өмір жалғасуда, тарих созылуда, жаңа екпін алуда.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


  1. Глобалдық проблемалар аясы, маңызы.

  2. Әлеуметтік болжамдардың алғы шарттары және факторлары.

  3. Әлеуметтік болжам және болашақ.

/1/ 203-212 бет /2/ 216-225 бет.
3.Семинар сұрақтарының жоспары
Семинар 1. Философия: пән және функциялары.
Мақсаты.

Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру, оның құрылымы мен атқаратын қызметі жөнінде студенттердің сауатын ашу.

73

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Жоспары:

  1. Мифологиялық дүниегекөзқарастың ерекшеліктері.

  2. Діни дүниегекөзқарастың ерекшеліктері.

  3. Философия дүниегекөзқарас ретінде.

  4. Мәдениеттегі философияның орны.

  5. Мифология және дін.

Әдістемелік нұсқау

Философия пәні туралы түсінік қалыптастыру және қандай ғылымдармен байланысын ұғындыру.

Сұрақтар:


  1. Философия дегеніміз не?

  2. Философиялық білімдер жүйесі, олардың құндылығы.

  3. Философияның мәдениеттегі орны мен ролі.

/18/ 5-15 бет /22/ 5-20 бет./23/ 5-18 бет.
Семинар 2. Ежелгі Шығыс философиясы.
Мақсаты.

Ежелгі Шығыс және Антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.


Жоспары:

  1. Ведалар философиялық ойлардың қайнар көзі.

  2. Ежелгі үнді философиялық ойларындығф ведадан кейінгі кезең.

  3. Буддизм философиясы.

  4. Ежелгі Үндінің философиялық мектептері.

  5. Индуизм философиясы.

  6. Конфуций іліміндегі ұжым және тұлға мәселесі.

  7. Даосизмдегі адам мен ғарыш.

  8. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептер.

  9. Даосизм мен конфуцийшылдық іліміндегі адам мәселесі.

  10. Жетілген мемлекет туралы Конфукцийдің ілімі.

Әдістемелік нұсқау

Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.


Сұрақтар:

  1. Философиялық сутра – үнді философиясын өзінше баяндау.

  2. Буддизм – адамгершілік – этикалық ілім ретінде.

74

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.


  1. М.Ганди, Р.Тагор, А.Гхош – қазіргі заманғы философиялық ойдың көрнекті өкілдері.

  2. Тянь діні және көне Қытай философиясы.

  3. Мо Дидің философиялық идеялары.

  4. Легистердің саяси – этикалық ілімі.

/18/ 17-27 бет /22/ 21-34 бет./23/ 19-28 бет.
Семинар 3. Антикалық философия.
Мақсаты.

Антикалық мектептер мен грек классиктерінің топтамасы болған антикалық философиясына түсінік қалыптастыру, ерекшелігін көрсету.


Жоспары:

  1. Демокрит атомизмі.

  2. Пифогордың сан туралы ілімі.

  3. Зенон априориі және қозғалыс мүмкіндігін негіздеу мәселесі.

  4. Софистика философиялық құбылыс ретінде.

  5. Сократтың моралдық философиясы.

  6. Платонның жетілген мемлекетіндегі өнердің орны мен рөлі.

  7. Платонның мемлекет туралы ілімі.

  8. Платон және Сократ.

  9. Аристотель метафизикасы.

  10. Материя мен форма туралы ілім.

  11. Аристотель логикасы.

  12. Аристотель психологиясы.

Әдістемелік нұсқау

Антикалық философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.
Сұрақтар:


  1. Эмпедокл және төрт «негіз». Дүниенің қозғаушы күштері: Махаббат және Өштесу.

  2. Клазомендік Анаксагор. «Гомомериялар» заттыі тұқымдары, бөлшектері ретінде.

  3. Элей мектебі: Парменид және Зенон. Болмыстың ойлауға қатынасы.

  4. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

75

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.


  1. Киниктердегі Сократ мектебі: Антисфен және Диоген. Киник «Ессіз Сократ». Теңдік – жоғарғы игілік.

  2. Платонның жан туралы ілімі. Платонның космологиясы.

  3. Аристотель философиясы.

  4. Эллинистік философия.

/18/ 17-27 бет /22/ 21-34 бет./23/ 19-28 бет.
Семинар4. Ортағасырлық философия .
Мақсаты.

Орта ғасыр философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.


Жоспары:

  1. Библияның философиялық және этикалық идеялары.

  2. Ортағасырлық христиандық философиядағы тұлға мәселесі.

  3. Ортағасырлық христиан ойшылдырының философиялық ашылымдары.

  4. Ортағасырлық христиан ойшылдарының тарих және адам өмірінің мәні туралы ойлары.

  5. Ортағасырлық философиядағы табиғат және адам.

  6. Құранның философиялық және этикалық идеялары.

  7. Ислам және оның негізгі бағыттары.

  8. Ортағасырлық мұсылман философиясындағы жетілген адам мәселесі.

Әдістемелік нұсқау

Орта ғасыр философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. Ф.Аквинскийдің іліміндегі құдай идеясын негіздеу.

  2. Мейстер Экхарттың мистикалық пантейзмі.

  3. Пьер Абелярдың концептуализмі.

  4. Ибн Халдудың әлеуметтік – этикалық философиясы.

5. Араб тілді философияның ортағасырлық батысфилософиясына

тигізген әсері.

6. Омар Хайямның ғылыми – философиялық көзқарасы.

/1/ 30-42 бет /2/ 35-45 бет./5/ 29-38 бет.

76

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Cеминар 5. Қайта өрлеу дәуірі философиясы .
Мақсаты.

Қайта өрлеу дәуірі философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Орта ғасырдағы ойшылдардың догматтық схоластикасына сынау мәселесі.

Жоспары:


  1. Итальяндық гуманистер Данте мен Петрарканың әлем құрылымы мен адам туралы жаңаша түсіну.

  2. Н. Макиавеллидің «Ханзада» кітабындағы негізгі идеялар.

  3. Л.Винчидің шығармашылығыү

  4. Қайта өрлеу дәуірі философиясындағы тұлға мәселесі.

  5. Ренессанс дәуіріндегі философия мен өнер байланысы.

Әдістемелік нұсқау

Қайта өрлеу дәуірі философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. М.Монтеннің философиялық идеялары.

  2. Қайта Өрлеу Дәуіріндегі утопиялық идеялар.

  3. Қайта Өрлеу Дәуіріндегі эстетика.

/1/ 43-52 бет /2/ 46-55 бет./5/ 39-48 бет.
Семинар 6. Жаңа дәуір философиясы.
Мақсаты.

Жаңа дәуір философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Негізгі гносеалогиялық мәселе және оны шешудің жолдары. Әдіс мәселесі және рационалдық, эмпиристік бағыттар.


Жоспары:

  1. Ф. Бэкон эмпиризмі.

  2. Индуктивтік тәсілді өңдеу.

  3. Спиноза және оның этикасы.

  4. Лейбництің монадологиясы.

  5. Д. Берклидің философиясы.

  6. Д.Юм философиясындағы мораль концепциясы.

Әдістемелік нұсқау

Жаңа дәуір философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.


77

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Сұрақтар:


  1. Готфрид В.Лейбниц. Монадалар туралы ілім.

  2. Ф.Бэкон: «Жаңа Органон».

  3. Т.Гоббстың «Қоғамдық келісім» концепциясы.

  4. П.Гольбах пен Ж.Ламетридің натурфилософиясы.

  5. К.А.Гельвецийдің әлеуметтік – философиялық және этикалық көзқарастары.

  6. Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық келісім» теориясы.

/1/ 53-62 бет /2/ 56-65 бет./5/ 49-58 бет.
Семинар 7 . Неміс классикалық философиясы.
Мақсаты.

Классикалық неміс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Неміс философиясының идеализмі мен материализмі.


Жоспары:

  1. И.Канттың практикалық философиясы.

  2. Адам және адамзаттың бостандыққа жету мүмкіндігі (И.Фихте).

  3. Ф. Шеллингтің әлемді тану мәселесіндегі өзін-өзі дамыту принципі және мақсатқа жету.

  4. И.Канттың этикасы.

  5. И.Канттың космологиясы.

  6. Г. Гоголь логикасы және абсолюттік идея туралы ілім.

  7. Г. Гегель диалектикасы.

  8. Л. Фейербахтың бақыт туралы ілімі.

  9. Л.Фейербахтың құдай идеясының шығу тегі мен мәні туралы.

Әдістемелік нұсқау

Классикалық неміс философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. И.Канттың антиномиялары.

  2. И.Фихте философиясындағы субъект белсенділігі мәселесі.

  3. Ф.Шеллингтің натурфилософиясындағы адам, табиғат және «әлемдік жан».

  4. Гегельдің «Рух феноменологиясы».

  5. Гегельдің «Дін философиясы».

  6. Гегельдің «Құқық философиясы».

78

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.


  1. Л.Фейрбах түсінігіндегі адамның мәні.

  2. Л.Фейрбахтың гносеологиясы.

  3. Л.Фейрбах: философия мен діннің өзара байланысы.

/1/ 63-72 бет /2/ 66-75 бет./5/ 59-68 бет.
Семинар 8. ХІХ ғасыр философиясы.
Мақсаты.

ХІХ ғасыр философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Марксизм философиясының қалыптасуы.


Жоспары:

  1. А. Шопенгауэр және Ф. Ницше.

  2. Ф. Ницше және «қайрымдылық пен зұлымдықтың арғы жағы» моралі.

  3. Кьеркегор – экзистенциализмнің түп бастаушысы.

  4. Моральдық таңдау мәселесі.

  5. К.Маркстің жатсыну теориясы және оның әлеуметтік мәні.

  6. Маркістік философия.

  7. О.Конттың позитивизмі.

Әдістемелік нұсқау

ХІХ ғасыр философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. Қоғамдық – экономикалық формация ұғымы.

  2. Марксизм қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы.

  3. Марксизм философиясындағы жаттану мәселесі.

/1/ 73-82 бет /2/ 76-85 бет./5/ 69-78 бет.
Семинар 9. Қазіргі заманғы батыс философиясы.
Мақсаты.

Қазіргі заманғы батыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Классикалық философиядан арылу. Сцентристік үрдістер мен позитивизмнің тарихи формалары.


Жоспары:

  1. К.Поппер еңбегіндегі ашық қоғам ұғымы.

  2. Э. Гуссерль феноменологиясы.

79

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.


  1. Прагматизм философиясындағы ақиқат мәселесі.

  2. Экзистенциализм философиясындағы бостандық мәселесі.

  3. Герменевтика және мәтінді талдау мәселесі.

  4. Постпозитивизм: (Поппер, Витгенштейн, Кун, Лакатос, Фейерабенд).

Әдістемелік нұсқау

Қазіргі заманғы батыс философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. К.Ясперстің тарих философиясы.

  2. О.Конттың позитивизмі.

  3. Структуализм. К.Леви – Стросстың концепциясы.

/1/ 103-112 бет /2/ 106-115 бет./5/ 99-108 бет.
Семинар 10. Орыс философиясы.
Мақсаты.

Орыс философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару.

Жоспары:


  1. Ресейдегі мистикалық философия: Е.Блаватская, Рерихи, Д.Андреев.

  2. П. Чаадаевтің «Философиялық хаты» және қазіргі заман.

  3. Орыс космизмі философиясындағы адам және әлем.

  4. В. Соловьевтің махаббат философиясы.

  5. Ф. Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны.

Әдістемелік нұсқау

Орыс философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. ХҮІІ ғ. Орыс философиясы. М.Ломоносов, А.Радищев.

  2. Ф.Достоевский шығармашылығының философиялық мазмұны.

  3. Л.Толстойдың адамгершілік философиясы.

/1/ 93-102 бет /2/ 96-105 бет./5/ 89-98 бет.
Семинар 11. Қазақ философиясы.
Мақсаты.

Ұлттық философиясының дамуы, ерекшелігі мен қалыптасуына назар аудару. Дүние және адам туралы алғашқы көзқарастық бағыттар мен

философиялық толғаныстар.

80

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Жоспары:


  1. Ерте түріктердің мифологиясы.

  2. Ертетүріктік жазба ескерткіштер.

  3. А. Яссауи хикметтері.

  4. Ортаазиялық суфизмнің ерекшеліктері.

  5. 13-15 ғғ. Түркі тілді әдебиеттердегі махаббат және мораль тақырыбы.

  6. Абай философиясындағы адам және бостандықты таңдау мәселесі.

  7. Ауыз әдебиетіндегі философиялық мәселелер.

  8. Ә. Бөкейхановтың философиялық идеялары.

  9. Ш. Құдайбердиев философиясындағы сенім мен ақыл мәселелері.

  10. Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарихи-и-рашиди кітабындағы философия тарихы.

Әдістемелік нұсқау

Ұлттық философиясының ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. Ш.Құдайбердиевтің дін философиясы.

  2. М.Шоқайдың әлеуметтік – философиялық көзқарастары.

  3. Кеңестік дәуірдегі Қазақстандық философия.

/1/ 83-92 бет /2/ 86-95 бет./5/ 79-88 бет.
Семинар 12. Онтология: негізгі ұғымдары мен принциптері.
Мақсаты.

Болмыс ұғымы, оның мәні мен философиялық, физикалық түсініктері. Материя ұғымының философиялық материализм жүйесінің ролі.

Жоспары:


  1. Мәдениет философиясындағы болмыс мәселесі.

  2. Категориялар жоғарғы болмыс тегі ретінде және таным баспалдағы.

  3. Рухани даму болмысы.

  4. Философия тарихындағы болмыс мәселесі.

  5. Адам болмысының ерекшелгі.

  6. Әлемнің бірлігі мен көптүрлілігі туралы философия.

  7. Материя қозғалысының әлеуметтік формасы: ерекшелігі және мәні.

  8. Әлем бірлігі, кеңістік пен уақыт туралы философиялық көрністің дамуындағы салыстырмалы теорияның мәні.

81

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Әдістемелік нұсқау

Болмыстың және материяның философиялық ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. Заң қажеттілік ретінде, заң және мән.

  2. Дүниенің бірлігі және көптүрлілігі.

  3. Монизм. Дуализм. Философиялық плюрализм.

  4. Тірі және өлі материяның ұйымдасуының негізгі деңгейлері.

  5. Материяның философиялық және жаратылыстану – ғылыми түсінігі. Субстанция мәселесі.

/1/ 113-122 бет /2/ 116-125 бет./5/ 109-118 бет.
Семинар 13. Гносеология: жалпы мәселелер.

Мақсаты.


Танымның көптүрлілігі. Ғылыми, ғылымға дейінгі және ғылымнан тыс білімдер формалары.Танымның объектісі мен субъектісіне назар аудару.
Жоспары:

  1. Таным мен шығармашылық.

  2. Ғылымдардың философиялық негізі.

  3. Әлемнің ғылыми картинасы.

  4. Ғылыми ілім дамуындағы болжам рөлі.

  5. Ойлау стильі және зерттеу тәсілі.

  6. Ғылыми таным дамуындағы әлеуметтік факторлар.

  7. Философия және ғылым.

  8. Ғылымдағы түсіну мәселесі.

Әдістемелік нұсқау

Танымның философиялық ерекшелігіне, қалыптасуына негізгі назарын аудару.

Сұрақтар:


  1. Ақиқат және адасу.

  2. Ғылым және адамгершілік.

  3. Ғылыми танымның шындықты игерудің әдеттегі, көркемдік және басқа тәсілдерінен айырмашылығы.

  4. Логика және шығармашылық.

  5. Ғылыми танымдағы дағдарыстар мен революциялар.

  6. Диалектикалық логика – ғылыми танымның методологиясы.

/1/ 143-152 бет /2/ 156-165 бет./5/ 139-148 бет.

82

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.

Семинар 14. Адамның рухани әлемі.
Мақсаты.

Сана адамның өмір сүру формасы, рухани бағытын анықтау мен дүниені өзгерту құралы және сананың функцияларына назар аудару.


Жоспары:
  1. Философия тарихындағы сана мәселесі.

  2. Каталог: download
    download -> Оқушылардың орта буынға бейімделуі барысында жүргізген жұмыстар туралы анықтама. қазан 2014ж
    download -> Построение таблиц истинности логических выражений
    download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
    download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
    download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
    download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
    download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
    download -> Загальна характеристика роботи


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет