Қатысушыларға берілер сұрақтар



бет1/2
Дата18.09.2020
өлшемі106.92 Kb.
  1   2
Қатысушыларға берілер сұрақтар:

- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?


- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?


- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?


- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?


-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?


- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?


- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?
-Ауданымызды өркендету үшін бүгінгі таңда қандай маман иелері керек деп ойлайсыз?
Психологиялық сәт:

"Психогеометрия"- өзін- өзі тану:

Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.


Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын.


Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.


Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.










Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет