Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық



Дата17.05.2020
өлшемі29.17 Kb.

Ақтөбе қаласының білім бөлімі бойынша

БҰЙРЫҚ

Ақтөбе қаласы №47 «31»___01__2007 ж.


2006 жыл қорытындысы бойынша

мектептердегі құқық бұзушылық

пен қылмыстың алдын алу

жұмыстары туралы
2006 жылы профилактикалық жұмыс барысында Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқығын қорғау комиссиясында қала мектептерінен 62 іс қаралды. Ең көп іс қаралған мектептер:

7 - № 12 ОМ;

4 - № 19 ОМ, № 27 КОМ, № 34 ОМ;

3 - № 1 ОМ, № 20 ОМЛ, № 23 ОМЛ, № 29 ОМ, № 53 ОМ;

2 - № 5 ОМ/Б, № 11 АОМ, № 22 ОМ, № 26 ОМ, № 28 ОМ, № 40 ОМ;

1 - № 2 АОМ, № 3 ОМ, № 4 АОМ, № 13 ОМ, № 15 ОМ, № 17 ОМГ, № 31 ОМ, № 36 ОМ, № 37 ОМ, № 41 ОМ, № 44 А(К)НМ, Ақтөбе ОМ, Сазды ОМ, Елек ОМ, Новый ОМ, Пригород ОМ.



2006 жылы 60 құқық бұзушылық пен қылмыс тіркелді, оның ішінде 4 тоқсанда қала мектептері оқушыларының 8 құқық бұзушылығы тіркелді:

  • ұрлық жасағаны үшін – 1 оқушы - № 44 ОМ;

  • бұзақылығы үшін – 2 оқушы - № 24,27 ОМ;

  • тонағаны үшін – 2 оқушы - № 17,18 ОМ;

  • алаяқтығы үшін – 2 оқушы - № 2, 16 ОМ;

  • бопсалаушылығы үшін – 1 оқушы - № 27 ОМ.

Жыл басымен салыстырғанда құқық бұзушылық пен қылмыстың саны -өскен мектептер: № 27 ОМ (+2), № 2, 16, 17, 18, 24, 44 ОМ (бір-бірден), 2005 жылмен салыстырғанда бірінші тоқсанда 16 қылмыс тіркелді, екінші тоқсанда – 15, үшінші тоқсанда – 21, төртінші тоқсанда – 8.

Үш жылғы есепті салыстырғанда құқық бұзушылықтың саны азайған, егер 2004 жылы 115, 2005 жылы – 76 болса, 2006 ж. – 60, 16-ға азайған.

Сонымен қатар мына мектептерде құқық бұзушылық пен қылмыс саны 2005 жылмен салыстырғанда өскені байқалады:

+4 - № 28 ОМ;

+3 - № 27 ОМ;

+2 - № 2, 18, 22, 41, 43, Ақтөбе ОМ;

+1 - № 9, 11, 12, 15, 17, 31, 32, 37;

өткен жылғы деңгейде тұрған мектептер: № 1, 16, 23, 33, 36, 39;

үш жылдан бері тұрақты көрсеткіштері бар мектептер: № 29 ОМ.

Бұл мектептердегі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары өз нәтижесін бермей отыр.

Жоғарыда айтылғандар негізінде


Бұйырамын:


  1. Білім беру ұйымдарының басшыларына:

    1. Педагогикалық кеңесте құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары бойынша 2006 жылдың қорытындысы қаралып, талдансын, көрсетілген кемшіліктерді жоюдың нақты шаралары алынсын.

    2. Балалардың кешкі мезгілде көшеде жүруі шектелсін, төбелес, қақтығыс, жанжалдарды болдырмау шаралары алынсын, болған оқиғалар туралы Ақтөбе қаласының білім бөліміне және ішкі істер органдарына хабарлансын.

1.3 Жеке кешенді жоспар негізінде тәртібі нашар балалармен профилактикалық жұмыс жүргізу қайта қаралсын, мектеп психологтарының жұмысы белсендірілсін.

  1. № 24 ОМЛГ директоры (Қыстаубаева С.Ә.) 2006 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстарындағы кемшіліктерге назар аударсын.

  2. Мектеп директорларына: № 2 АОМ (Пак Р.А.), № 16 ОМ (Власова Г.П.), № 17 МГ (Сәндібекова А.А.), № 18 ОМ (Байжаркенова Р.У.), № 44 А(К)НМ (Тілеулиева Б.К.) 2006 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың біршама өсуіне жол бергендері үшін ескерту берілсін.

  3. № 27 ОМ директорына (Сағиданова Б.Ж.) құқық бұзушылық пен қылмыстың өскені үшін және алдын алу жұмыстарын жеткіліксіз бақылағаны үшін сөгіс жариялансын.

  4. Жұмыс тобы құрылсын және оқушылар арасындағы қылмысты азайтудың жолдары әзірленсін.

  5. Осы бұйрық барлық білім беру ұйымдарының басшыларына жеткізілсін.

7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау балалар құқығын қорғау бөлімінің бастығы А.Шагироваға жүктелсін.

Ақтөбе қаласы



білім бөлімінің бастығы Ә.Бекешев


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет