Ақтөбе облыстық білім басқармасы Ақтөбе облыстық ғылыми -тәжірибелік орталығы



бет3/5
Дата17.05.2020
өлшемі1.39 Mb.
1   2   3   4   5
Сапалық есептер шығару

Берілген мөлшердегі ертінділерді дайындау

І Проценттік концентрациясы берілген ерітінді дайындау

Есеп: Кристаллогидраттар негізінде ертінділер дайындаған кезде оның құрамындағы суды ескере отырып есептеулер жүргізу керек.

Мысалы, мыс купоросын пайдаланып массасы 200г 0,08 мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау



  1. Алдымен қажетті сусыз мыс сульфатының массасын табамыз.

m (CuSO4) = 200×0,08=16

  1. Оған сәйкес мыс купоросының массасын есептейміз.

3.16г хг

CuSO4——— CuSO4×5Н2О



160г 250г

 = х==25(г)

3.Қосатын судың массасы

m(H2 O)=200-250 = 175г немесе 175 мл (судың тығыздығын 1г/мл деп аламыз)

Қажетті ертіндіні дайындау үшін 25 г мыс купоросын таразыға өлшеп алып , оны 175 мл суда ерітеміз.

6 – есеп: ІІ Концентрлі ерітіндіден сұйытылған ерітінді дайындау.

Концентрлі күкірт қышқылынан (96 % H2SO4) оның 500 мл 10 %ерітіндісін дайындау.

1.Анықтамалық кестелерден күкірт қышқылының сулы ерітінділерінің тығыздықтары мен оларға сәйкес концентрацияларын табамыз.

Мысалы , анықтамалық кестелер бойынша 96 % H2SO4 ертіндісінің тығыздығы 1,836 г/см3

2.Көлемі 500мл 10% ерітінді дайындау үшін есептеу жүргіземіз

Ертіндінің массасын табу

m(ерітінді) = V ерітінді×500мл × 1,066 г/ мл =533г

Ондағы сусыз H2SO4 массасы

533 г——100% х==55,3г

хг——10 %


17

Құрамында 53,3 г H2SO4 болатын концентрлі ерітіндінің массасы

100г —— 96г х==55,3

хг ——53,3г

Оның көлемі

V== ==30,23г

3) Шамамен 450 мл суға концентрлі ертіндінің есептелген көлемін 30,23 мл аз – аздан араластыра отырып қосамыз. Ерітінді бөлме температурасына дейін суыған соң оның көлемі 500мл дейін жеткенше дистильденген су қосып араластырамыз сосын ыдыстың сыртына заттың формуласын концентрациясы және дайындалған күні жазылған этикетка жапсырамыз.

III Молярлық концентрациялары берілген ертінділерді дайындау

Есеп: Мыс купоросынан концентрациясы 0,1 моль/л , көлемі 500мыс (ІІ) сульфатының ертіндісін дайындау


  1. Кристаллогидраттың (CuSO4×5Н2О) қажетті массасын есептейміз

m= C×M×V = 0,1 моль/л × 250г/ моль ×0,5 л = 12

Кристаллогидраттың өлшендісін сыйымдылығы 500 мл колбаға воронка арқылы саламыз және дистильденген сумен шаямыз. Шайынды колбаның ішіне бару керек. Үстіне колбаның белгі сызығына сәл жеткізбей су құямыз. Ертіндінің менискісі өлшеуіш колбаның белгі сызығына сәйкес келу керек.

І Ертінділерді сұйылтуға есеп шығару

Ерітінділерді сұйылтуға арналған есептерді шығаруда қолданылатын формула

W(ер.зат)=

Есеп: Натрий гидроксидінің массалық үлесі 10% немесе (0,1) массасы 45г ерітіндісіне 105г су қосылды.Алынған ерітіндідегі натрий гидроксидінің массалық үлесі қандай?

W(NaOH)===0,03 немесе 3%

Жауабы:W(NaOH) =3%

V. Ерітінділерді араластыруға есеп шығару

Ерітінділерді араластыруға байланысты есептерді мына формулаларды пайдаланып шығаруға болады.

W(ер.зат) =

18

Есеп: Натрий хлоридінің массалық үлесі 0,05 массасы 100г ерітіндімен құрамында натрий хлоридінің массалық үлесі 0,15 массасы 300г ерітіндісі араластырылды. Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есептеңдер



Берілгені:

W1(NaCL)=0,05 W(NaCl)====0,125

W2(NaCL)=0,15 Жауабы: W(NaCl)=0,125немесе 12,5%

m1(ері)=100г

m2(ері)=300г

табу керек: W(NaCl)

Есеп: Тұз қышқылының массалық үлесі 15% массасы 300г ерітіндісін дайындау үшін тұз қышқылының массалық үлесі 20% және 12% екі ерітіндісінің қандай массаларын араластыру қажет

Есепті “Крест ережесі,” немесе “Пирсон квадраты,” әдісімен шығару жеңілдеу 1.Диагональдың сол жағындағы жоғары және төменгі бұрыштарына бастапқы есептің шарты бойынша берілген екі ерітіндінің массалық үлестерін W1 мен W2 (20% және 12%) диагональдың қиылысқан ортасына дайындалатын ерітіндінің (3-ерітінді) массалық үлесін W3(15%) жазамыз.

2. Диагональдың оң жақтағы бұрыштарына, диагональдың бойына орналасқан сандардың (массалық үлестердің) айырымдарын(үлкен саннан кішісін алып)жазамыз:

20 3 W1 W3 - W2

15 яғни W3

12 5 W2 W1 – W3

3. Бұл айырым сандар бастапқы ерітінділердің салмақ бөліктерін (c.б.) көрсетеді, яғни 20 ерітіндінің 3 c.б. мен 12% ерітіндінің 5 c.б. алып, барлығы.

3 c.б.+5 c.б.=8 c.б. ерітінді дайындау керек олай болса 8 c.б.=300г

1 c.б.==37,5г

4.Тапқан c.б. мәндерін c.б. санына көбейтіп, бастапқы ерітінділердің массасын табамыз:

m1(ері)=37,5×3=112,5г

m2(ері)=37,5×5=187,5г

19

Есепті тексеру:



m3(ері)= m1(ері)+ m2(ері)=112,5+187,5=300г

Жауабы: m1(ері)=112,5г

m2(ері)=185,7г

Химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білуге эксперименттік есептер шығару

1.Тұз ерітінділері кұйылған сынауықтардың қайсысында темір(ІІІ) хлориді, мыс(ІІ) хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

Әр ерітінді құйылған сынауыққа аммоний тиоцианатын тамызамыз. Нәтижесінде қызыл-қан түске өзгерген сынауықта-темір(ІІІ) хлориді, қара түске өзгергені –мыс(ІІ) хлориді ал ешқандай эффект байқалмаған сынауықтағы кальций хлориді

FeCl+3NH4CNS=Fe(CNS)3+3NH4Cl

қызыл қан тусті

CuCl2+2NH4CNS=Cu(CNS)2+2NH4Cl

қара түс

Немесе:

Әр сынауыққа NaOH тамызамыз.Қызыл-қоңыр тұнба түзілген сынауықтағы темір(III) хлориді, қөгілдір түсті тұнба түзілген мыс(II) хлориді ал реакция жүрмей, өзгеріссіз қалған сынауықта- кальций хлориді болған



FeCl3+3NaOH=Fe(OH)3 +3NaCl

қызыл-қоңыр

CuCl2+2NaOH=Cu(OH)2 +2NaCl

көгілдір


СaCl2+NaOH=

Түзілген темір(ІІІ) гидроксидін қыздырсақ күрең-қоңыр түсті темір(ІІІ) оксиді, ал мыс(II) гидроксидін қыздырсақ қара түсті мыс(II) оксиді түзіледі



2Fe(OH)3=Fe2O3+3H2O

күрең-қоңыр

Сu(OH)2=CuO+H2O

қара 20

Заттың сапалық құрамын анықтауға эксперименттік есептер шығару



1.Хлорид ионға сапалық реакция

Төрт сынауыққа 5-7 тамшыдан мынадай: бірінші сынауыққа-кальций хлориді, төртіншісіне-натрий хлориді ерітінділерін құйыңдар.

Әр сынауыққа 2 тамшыдан күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар.

Барлық сынауықтағы нәтижелерді салыстырыңдар.

Ұқсастық байқала ма? Оны немен түсіндіруге болады? Барлық жүрген реакциялардың молекулалық және иондық түрде теңдеулерін жазыңдар.Барлық иондық теңдеулекрді өзара салыстырыңдар.

Әр сынауыққа 1 тамшы концентрлі азот қышқылын қосыңдар.

Өзгеріс байқала ма? Күміс хлоридінің қышқылдық ортадағы жай-күйі туралы не айтуға болады? Хлор анионына Cl қандай ион реактив болатынына қорытынды жасаңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: кальций хлориді, барий хлориді, калий хлориді, күміс нитраты, концентрлі азот қышқылы ерітінділері, сынауықтар.K

Сынауықтарға ерітінділерді құйып, оларға күміс нитратының ерітіндісін қосқанда төрт сынауықта да бірдей ірімшік тәрізді ақ тұнба түзіледі. Себебі, реакция нәтижесінде төрт сынауықта да түзілген зат бірдей-күміс хлориді AgCl.

Реактив

CaCl2

BaCl2

KCl

NaCl

+AgNO3

AgCl

AgCl

AgCl 

AgCl

Жүрген раекция теңдеулері:

Бірінші сынауықта:

CaCl2+2AgNO3=2 AgCl+ Ca(NO3)2 молекулалық теңдеу

2Cl-+2Ag+ =2AgClқысқартылған иондық теңдеу

Екінші сынауықта:

BaCl2+2AgNO3=2AgCl + Ba(NO3)2 молекулалық теңдеу

2Сl-+2Ag+=2AgCl қысқартылған иондық теңдеу

21

Үшінші сынауықта:



KCl+AgNO3=KNO3+AgClмолекулалық теңдеу

Cl-+Ag+=AgCl қысқартылған иондық теңдеу

Төртінші сынауықта:

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl молекулалық теңдеу

Cl+Ag=AgClқысқартылған иондық теңдеу

Бұдан әрі, сынауыққа концентрлі азот қышқылын қосқанда ешқандай өзгеріс байқалмайды. Демек, күміс хлориді азот қышқылында ерімейді.

Хлор анионына Cl- күміс ионы Ag+ реактив болып табылады.


  1. Сульфат-ионына сапалық реакция

Бір сынауыққа сұйытылған күкірт қышқылын, екіншісіне натрий сульфатын құйыңдар және әрқайсысына барий хлориді немесе нитраты ерітіндісін қосыңдар.

Түзілген тұнбаның құрамы қандай? Реакцияның молекулалық, толық және қысқартылған иондық түрде теңдеуін жазыңдар.

SO 42- ионына қандай ион реактив болып табылады?

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: сұйытылған күкірт қышқылы, натрий сульфаты, барий хлориді немесе нитраты ерітінділері, сынауықтар.

Реакция нәти+жесінде екі сынауықта бірдей, Ba2+ және SO42-

иондарынан құрылған ерімейтін ақ тұнба түзіледі.






BaCl2

Ba(NO3)2

H2SO4

BaSO4

BaSO4

Na2SO4

BaSO4

BaSO4

Бірінші сынауықта:

H2SO4+BaCl2=BaSO4  +2HCl молекулалық теңдеу

SO42-+Ba2+=BaSO4 қысқартылған иондық теңдеу

22

Екінші сынауықта:



NaSO4+BaCl2=BaSO4 +2NaCl молекулалық теңдеу

SO42-+Ba2+=BaSO4 қысқартылған иондық теңдеу

Демек, SO42-+Ba2+ катионы реактив болып табылады.


  1. Нитрат- ионына сапалық реакция

Сынауыққа 0,5г натрий нитратын (немесе басқа нитратты) салып, тұзды толығымен жабатындай етіп концентрлі күкірт қышқылының ерітіндісін құйыңдар, содан кейін біраз мыс ұнтағын қосып

қыздырыңдар. Қандай газ бөлінеді? Сынауықтағы ерітінді неге көгереді? Реакция теңдеуін жазып, электронды баланс әдісімен коэффициенттерін қойыңдар. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.



Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: құрғақ натрий нитраты, концентрлі күкірт қышқылы, мыс ұнтағы, сынауықтар, таразы, қалақша.

Реакция нәтижесінде қоңыр-қошқыл газ бөлінеді. Сынауықта көк түсті мыс(ІІ) сульфаты түзіледі:

2NaNO3+4H2SO4+3Cu=3CuSO4+2NO +4H2O+Na2SO4



2NO3-+8H++3Cu=3Cu2++4H2O+2NO

2NO +O2=2NO2

Демек,

2NaNO3+2H2SO4+Cu=CuSO4+2NO2 +2H2O+Na2SO4



Осы теңдеуді электрондық баланс әдісімен теңестірсек:

+5 0 +2 +4

2NaNO3+2H2SO4+Cu=CuSO4+2NO2 +2H2O+Na2SO4

Тотықсыздану N+5+1ê=N+4 2

Тотығу Cu0-2ê=C+2 1

2N+5+Cu0=N+4+Cu2+

Бұдан көрініп тұрғандай, азот (нитрат ионы)- тотықтырғыш,ал мыс-тотықсыздандырғыш.

23

Осы теңдеуді электрондық-иондық әдіспен теңестірер болсақ:



NO3-+2H++ ê=NO2  +H2O 2

Cu0-2ê=Cu2+ 1

Яғни,

2NO3-+4H++Cu0=2NO2 +2H2O+Cu2+



  1. Фосфат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1-2 мл ортофосфор қышқылының ерітіндісін құйып,осындай мөлшерде күміс нитратының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: ортофосфор қышқылы, күміс нитраты ерітінділері, сынауықтар.

Фосфат ионына PO43- күміс Ag+ катионы сапалық реактив болып табылады. Сондықтан, ортофосфор қышқылының ерітіндісіне күміс нитратының ерітіндісін қосқанда сары тұнба түзіледі:

H3PO4+3AgNO3=Ag3PO4 +3HNO3

PO43-+3Ag+=Ag3PO4

5.Карбонат-ионға сапалық реакция.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін және осындай көлемде барий хлориді ерітіндісін құйыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Сынауыққа 1 мл натрий карбонаты ерітіндісін құйып, бірнеше тамшы күміс нитратын қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеуін жазыңдар.

Түзілген тұнбаға 0,5мл сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Реакцияның толық және қысқартылған иондық теңдеулерін жазыңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий карбонаты, барий хлориді,күміс нитраты, сұйытылған азот қышқылы ерітінділері, сынауықтар.

Натрий карбонатының ерітіндісіне барий хлоридінің ерітіндісін қосқанда ақ барий карбонатының тұнбасы түзіледі:

24

Na 2CO3+BaCl2=BaCO3 +2NaCl молекулалық теңдеу



2Na++CO32-+Ba2++2Cl-=BaCO3  +2Na++2Cl- толық иондық теңдеу

CO32-+ Ba2+= BaCO3  қысқартылған иондық теңдеу

Ал күміс нитратының ерітіндісін қосқанда ақ күміс карбонатының тұнбасы түзіледі:

Na 2CO3+2AgNO3=Ag2CO3  + 2NaNO3молекулалық теңдеу

2Na++CO32-+2Ag++2NO3- -=Ag2CO3+2Na++2NO3- толық иондық теңдеу

CO32-+2Ag+= Ag2CO3  қысқартылған иондық теңдеу

Ag2CO3= Ag2O +CO2

қара тұнба

Түзілген тұнбаға сұйытылған азот қышқылының ерітіндісін қосқанда жүретін реакция теңдеулері:

BaCO3  +2HNO3(сұйы)= Ba(NO3)22O+CO2

Ag2CO3  + 2HNO3(сұйы)=2 AgNO3+ Н2O+CO2

6.Аммоний ионына сапалық реакция

Сынауыққа 5-7 тамшы аммоний сульфаты ерітіндісін құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосыңдар.

Дымқыл лакмус немесе фенолфталеин қағазын дайындаңдар. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне индикатор қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырыңдар.

Индикатордың түсі өзгерді ме? Неге? Аммоний ионына қандай реакция сапалық болып табылатыны туралы қорытынды жасаңдар.

1 мл еритін алюминий тұзы ерітіндісіне 1 тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Не байқалды? Содан кейін тағы да бірнеше тамшы сілті ерітіндісін қосыңдар. Жүрген реакцияның теңдеуін жазыңдар.

Аммоний тұздарын танып-білу туралы қорытынды жасаңдар.



Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний сульфатының ерітіндісі, концентрлі сілті ерітіндісі, алюминий тұзының ерітіндісі, индикаторлар, спиртшам, сынауықтар.

25

Аммоний сульфатының ерітіндісіне концентрлі сілті ерітіндісін қоссақ:



(NH4)2SO4+2NaOH(конц)=Na2SO4+2NH3 + 2H2O

Реакция нәтижесінде бөлінген газ сілтілік қасиеттер көрсететін болғандықтан дымқылданған лакмус қағазы-көк түске, ал дымқылданған фенолфталеин қағазы – таңқурай түске өзгереді(1-кесте(8-бетте)). Аммоний тұзын реакция нәтижесінде бөлінетін аммиактың иісінен байқаймыз. Демек, аммоний ионына концентрлі сілті ерітіндісі сапалық реактив болып табылады.

Алюминий тұзы ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосқанда жүретін реакция теңдеуі:

AlCl3+3NaOH=Al(OH)3 +3NaCl

Түзілген алюминий гидроксиді сілтінің артық мөлшерінде еріп, комплексті қосылыс-натрий тетрагидроксоалюминатын береді;

Al(OH)3+NaOH=Na [Al(OH)4]



«Бейметалдар» тақырыбына эксперименттік есептер

1-есеп. Нөмірленген үш сынауықта келесі заттардың құрғақ үлгілері берілген: натрий сульфаты, магний сульфаты және аммоний сульфаты. Қай сынауықта аммоний сульфаты бар екенін тәжірибелік жолмен анықтаңыздар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: натрий сульфаты, магний сульфаты және аммоний сульфатының құрғақ үлгілері, концентрлі сілті ерітіндісі, спиртшам, сынауықтар.

Берілген заттардың аниондары бірдей (сульфат) болғандықтан, оларды бір бірінен ажырату үшін катиондарының химиялық қасиеттерінің айырмашылықтарына сүйенеміз. Мысалы, олардвы натрий гидроксиді ерітіндісінің әсері мен олардың тұздарының жалынға әсері бойынша анықтауға болады. Тәжірибелер кезінде байқалатын эффектілерді көрнекі болу үшін төмендегідей теориялық кестеге жинауға болады.




NaOH(конц)

Жалын түсі

Байқалатын эффект

Na2SO4


-

сары түске

боялады


жалын сары түске

боялады


MgSO4

Mg(OH)2 ақ тұнба

-

ақ түсті тұнба түзіледі

(NH4)2SO4

NH3

-

иісті газ бөлінеді

26

Реакция теңдеуері:



Na2SO4+NaOH(конц)

MgSO4+2NaOH(конц)=Mg(OH)2 +Na2SO4



(NH4)2SO4+2NaOH(конц)=Na2SO4+2NH3 +2H2O

2-қадам. Тәжірибелік кесте.

Берілген заттарды суда ерітіп, ары қарай олардың ерітінділермен жұмыс істейміз. Енді нөмірленген сынауықтардағы ерітінділермен теориялық кестеде жоспарланған тәжірибелерді жасап, олардың нәтижелерін тәжірибелік кестеге жинастырамыз. Кестені толтырған кезде оның қиылыстарына нөмірленген сынауықтардағы заттарды бір біріне құған кезде байқалатын эффектілерді шартты белгілермен белгілейміз. Мысалы, нәтижелер келесідегідей болсын делік.






NaOH(конц)

Жалын түсі

Байқалатын эффект

№1

иісті газ

-

иісті газ бөлінеді


№2

ақ тұнба

-

ақ түсті тұнба түзіледі

№3

-

сары түске

боялады


жалын сары түске боялады

Әдетте, түскен тұнбалардың түсіне және олардың кейбір қасиеттеріне көңіл аударған жөн.

3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстыра отырып, қорытынды жасаймыз. Мысалы, осы жағдайда, бірінші сынауықта-аммоний сульфаты, екінші сынауықта-магний сульфаты, ал үшінші сынауықта- натрий сульфаты болғаны.

2-есеп. Берілген зат- аммоний сульфаты екенін тәжірибе жүзінде анықтаңдар.

Шешуі.

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний сульфаты, концентрлі сілті ерітіндісі, барий хлориді ерітіндісі, барий хлориді ерітіндісі, индикаторлар, сынауықтар, пипетка.

Егер зат құрғақ күйде берілсе, онда оны суда ерітіп (аммоний сульфатының суда ерігіштігі-70,6г/100мл(00 C), 74,4 г/100мл (200C),103,8г/100 мл (1000C)), оның ерітіндісімен жұмыс жасаған жөн. Берілген зат аммоний сульфаты екенін тәжірибе жүзінде анықтау үшін оның 5-7 тамшысын сынауыққа құйып, 1-2 тамшы концентрлі сілті ерітіндісін қосамыз. Сынауықтың қабырғасына тигізбей шетіне дымқыл лакмус немесе фенолфталеин қағазын ұстап тұрып, сынауықтағы қоспаны қыздырамыз. Реакция теңдеуі:

(NH4)2SO4+2NaOH=Na2SO4+2NH3 + 2H2O

27

Реакция нәтижесінде аммиактың иісі арқылы оның бөлінгенін білеміз. Лакмус қағазын бақылайтын болсақ, оның көк түске боялғанын көреміз (кесте-1). Бұл берілген заттың құрамында аммоний ионының бар екенін көрсетеді.



Бұдан әрі, берілген заттың мөлшеріндей етіп оған барий хлоридін қосамыз. Ақ тұнба түзіледі:

(NH4)2SO4+BaCl2=BaSO4 +2NH4Cl

Ақ тұнбаның түзілуі берілген заттың құрамында сульфат ионы SO42- бар екенін көрсетеді

3-есеп. Лакмуспен аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділерін сынаңдар және байқалған өзгерісті түсіндіріңдер.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний нитраты, натрий карбонаты және калий хлориді ерітінділері, лакмус қағазы не ерітіндісі сынауықтар.

Заттар ерігенде су молекулаларымен алмасу реакциясына түсіп, гидролизге ұшырайды.

Аммоний нитраты сулы ерітіндісіне лакмус қағазы қызыл түске боялады. Бұдан гидролиз нәтижесінде түзілген орта қышқылдық болатынына көз жеткізуге болады. Гидролиз процесінің молекулалық және иондық теңдеулері:

NH4NO3+HOH NH4OH+HNO3(орта қышқылдық)

NH4++HOH NH4OH+H+

Ал, натрий карбонатының гидролизі екі сатыда жүреді.

І саты:

Na2CO3+HOH NaOH+CO2 +H2O

CO32-+HOH HCO3-+OH-

ІІ саты:

NaHCO3+HOH NaOH+CO2 + H2O

HCO3-+ HOH H2O+CO + OH- орта негіздік

Негіздік ортада лакмус қағазы көк түске боялады( 1-кесте (8-бетте)).

Ал, калий хлориді KCl гидролизге ұшырамайды, себебі ол күшті негіз бен күшті қышқылдың тұзы. Орта бейтарап болғандықтан лакмус қағазы күлгін түске боялады.

28

4-есеп. Сынауықтарда хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері бар. Қай сынауықта қышқыл бар екенін анықтаңдар.



Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар : хлорсутек (тұз), азот және күкірт қышқылы ерітінділері, күміс нитраты,барий хлориді ерітінділері, сынауықтар.

Есепті шешу үшін алдымен теориялық кесте құрамыз.

1-қадам. Теориялық кесте.




AgNO3

BaCl2

Байқалатын эффект

HCl

AgCl

-

ақ тұнба

HNO3

-

-

-

H2SO4

Ag2SO4 ақ

BaSO4 ақ

екі ақ тұнба

Реакция теңдеулері:

HCl+AgNO3=AgCl + HNO3



HNO3+AgNO3

H2O4+2AgNO3=Ag2SO4 +2HNO3

HCl+BaCl2

2HNO3+BaCl2=Ba(NO3)2+2HCl

H2SO4+BaCl2=BaSO4 +2HCl

2-қадам. Тәжірибелік кесте. Бұдан әрі, теориялық кестеде жоспарланған тәжірибелерді жасай отырып, олардың нәтижелерін тәжірибелік кестеге түсіреміз. Кестені жоғарыдағы (1-есептің 2 қадамындағыдай) тәртіп бойынша толтырамыз. Мысалы, нәтижелер келесідегідей болсын делік:




AgNO3

BaCl2

Байқалатын эффект

№1

Ag2SO4 ақ

BaSO4 ақ

екі ақ тұнба

№2

-







№3

AgCl ақ

-

ақ тұнба



3-қадам. Енді тжірибе кезінде байқалатын эффектілерді теориялық кестедегі эффектілермен салыстыра отырып қорытынды жасаймыз және осы жасаған қорытындымыздың көмегімен қай заттың қай сынауықта екендігін шатастырмай таба аламыз. Мысалы, осы жағдайда, басқаларымен екі тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-күкірт қышқылы. Басқалармен еш өзгеріс байқалмайтын бір ғана зат бар, ол – тұз қышқылы.

29

5-есеп. Нөмірленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: а) аммоний сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.



Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: аммоний сульфаты, аммоний хлориді және аммоний нитраты, натрий хлориді, натрий карбонаты, натрий сульфаты, барий хлориді,күміс нитраты,тұз қышқылы ерітінділері, сынауықтар.

Есепті шешу үшін жоғарыдағыдай теориялық және тәжірибелік кестелер құрамыз.

1-қадам. Теориялық кесте.




BaCl2

AgNO3

Байқалатын эффект

(NH4)2SO4

BaSO4 ақ

Ag2SO4 ақ

екі ақ тұнба

NH4 Cl

-

AgCl ақ

ақ тұнба

NH4NO3

Ba(NO3)2

-

-

Реакция теңдеулері:

(NH4)2SO4+ BaCl2=BaSO4 + 2NH4Cl

NH4 Cl+ BaCl2

2NH4NO3+BaCl2=Ba(NO3)2+2NH4Cl

(NH4)2SO4+2AgNO3=Ag2SO4 +2NH4NO3

NH4Cl+AgNO3=AgCl +NH4NO3

NH4NO3+AgNO3

2-қадам.Тәжірибелік кесте. Мұнда нөмірленген сынауықтардағы ерітінділермен теориялық кестеде жоспарланған тәжірибелерді жасап, одан байқалатын эффектілерді тәжірибелік кестеге жинақтаймыз.

Мысалы, нәтижелео төмендегідей болсын делік:






BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

№1

Ba(NO3)2

-

-

№2

BaSO4 ақ

Ag2SO4 ақ

екі ақ тұнба

№3

-

AgCl ақ

ақ тұнба

30

3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстырамыз: басқаларымен әрекеттеспейтін зат біреу, ол- аммоний нитраты,екі тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-аммоний сульфаты. Сол сияқты, басқаларымен бір тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-аммоний хлориді.

ә ) Нөмірленген үш сынауықта тұз ерітінділері бар: натрий хлориді, натрий карбонаты, натрий сульфаты. Қай сынауықта қандай тұз бар екенін анықтаңдар.

Есепті шешу үшін теориялық және тәжірибелік кестелер құрамыз.



1-қадам. Теориялық кесте.




BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

NaCl

-

-

-

Na2CO3

BaCO3 ақ

CO2 газ

бір тұнба, бір газ

Na2SO4

BaSO4 ақ

-




Реакция теңдеулері:

NaCl+BaCl2

Na2CO3+BaCl2=BaCO3 + 2NaCl

Na2SO4+BaCl2=BaSO4 +2NaCl

NaCl+HCl≠

Na2CO3+2HCl(сұйық)=2NaCl+CO2 H2O

Na2SO4+HCl≠

2-қадам. Тәжірибелік кесте. Мұнда теориялық кестедегі заттардың формулаларының орнына заттар құйылған сынауықтардың нөмірлерін жазамыз. Кестені толтырған кезде оның қиылыстарына нөмірленген сынауықтардың бір біріне құйған кезде байқалатын эффектерді шартты белгілермен белгілейміз. Мысалы, алынған нәтижелер былай болсын делік: оларды




BaCl2

HCl

Байқалатын эффект

№1

(aқ)

газ

бір тұнба,бір газ

№2

-

-

-

№3

(aқ)

-




Түскен тұнбалардың түсіне және олардың кейбір қасиеттеріне көңіл аударған жөн.

31

3-қадам. Тәжірибелік кесте мен теориялық кестені салыстыра отырып, қорытынды жасаймыз. Реактивтермен бір тұнба, бір газ беретін бір ғана зат бар,ол- натрий карбонаты. Демек, ол №1 сынауықта. Реактивтермен әрекеттеспейтін зат біреу, ол –натрий хлориді.Демек, ол №2 сынауықта. Сол сияқты, реактивтермен бір тұнба беретін бір ғана зат бар, ол-натрий сульфаты. Демек,ол №3 сынауықта.



6-есеп. Екі ақ ұнтақты: кальций карбонаты мен натрий карбонатын қалай ажыратуға болады?

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: кальций карбонаты мен натрий карбонатының ұнтақтары, дистилденген су, тұз қышқылы, платина сымы, сынауықтар, спиртшам, шыны таяқша.

Кальций карбонаты мен натрий карбонатының ақ ұнтақтарын ажырату үшін оларды суда еріту қажет.

Натрий карбонаты суда жақсы ериді. Оның осы қасиетін пайдаланып, оны кальций карбонатынан ажыратуға болады.

Бұдан әрі, нақтырақ көз жеткізу үшін екі затты жалыны арқылы да ажыратуға болады. Ол үшін сынауыққа 1 мл тұз қышқылын құйып, оған бірнеше секундқа екі сымды саламыз. Содан соң сымдарды жалынның үстінде түсі өзгергенше ұстап, түсі өзгерген соң сымдарды суытып, оның біреуінің ұшына құрғақ кальций карбонатын,екіншісінің ұшына натрий карбонатының біраз бөлігін іліп аламыз да тұздарды жеке-жеке жалынға апарамыз. Кальций катионы жалынды қызыл-кірпішті түске, ал натрий катионы бар тұз жалынды сары түске бояйды.

7-есеп.а) мыс нитратын; ә) кальций карбонатын екі әдіспен алыңдар.

Шешуі:

Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар: мыс нитраты, кальций карбонаты, концентрлі азот қышқылы, жаңадан дайындалған кальций гидроксиді, кальций сульфаты ерітінділері, сынауықтар, шыны түтікше.

а) Мыс нитратын алу:

1. Сынауыққа мыс жоңқасының бірнеше кесегін салып, 0,5 мл концентрлі азот қышқылының ерітіндісін қосамыз.

32

Нәтижесінде мыс нитраты алынады.



Cu+4HNO3(конц)=Cu(NO3)2+2NO2 +2H2O

1.Мыс нитратын алу үшін сынауыққа 1-2 мл мыс оксидін құйып, оған сондай мөлшерде азот қышқылын қосамыз.

CuO+2HNO3=Cu(NO3)2+H2O

ә) Кальций карбонатын алу үшін сынауыққа 2-3 мл жаңадан дайындалған кальций гидроксидін құйып, сынауықтағы ерітіндіге шыны түтік арқылы абайлап ауа үрлейміз, Ерітінді лайланады. Бұл кальций карбонатының алынуының белгісі.

Ca(OH)2+CO2=CaCO3 + H2O

1.Сынауыққа 1-2 мл кальций сульфатын құйып, оған 1-2 мл натрий карбонатын қосамыз. Кальций карбонаты ақ тұнба түрінде алынады:

CaSO4+ NaCO3=CaCO3 + Na2SO4

8-есеп. Мынадай айналуларды жүзеге асыру үшін тәжірибе жүргізіңдер:

a) C CO  2 CaCO3 CO2;

ә) P P2O5 H3PO4 Na2HPO4

Ag3PO4

Шешуі:

Есепті шешу үшін алдымен реакция теңдеулерін нөмірлеп шығамыз.

1 2 3

a) C CO2 CaCO3 CO2



ә) P P2O5 H3PO4 Na2HPO4

3(a)


Ag3PO4

33

Бұдан әрі, әрбір фрагмент үшін реакцияның бастапқы затының және өнімінің құрамын талдап шығамыз да, бастапқы затпен қандай прлоцесті жүргізгенде көрсетілген өнімді алуға болатынын анықтай отырып, сол процессті жүргізуге қажетті заттарды таңдап аламыз.



а)Бұл тізбектегі өзгерістерді орындау үшін кальцийгидроксидін, көмір түйірлерін, шыны түтікше, темір қасық, спиртшам және сынауықтарды таңдап аламыз.

1.Темір қасыққа бірнеше көмір түйірін салып, оны ауада (600-7000 С) жаққанда көміртек (ІV) оксиді бөлінеді:

C+O2= CO2 (600-7000 C, ауада жаққанда)

Осы тәжірибеге қажетті заттарды жинап, тәжірибені орындаймыз.

2. Бұдан әрі, сынауыққа 2-3 мл кальций гидроксидін құйып, оған шыны түтікшемен мұқият ауа үрлейміз.

Ерітінді лайланып, ақ тұнба түрінде кальций карбонаты алынады.

CO2+Ca(OH)2=CaCO3 + H2O

3. Бұдан әрі, алынған кальций карбонатын (900-12000C) қыздырамыз. Көміртек (IV) оксиді алынады.

CaCO3=CaO+CO2 (900-12000C)

ә) Тәжірибеге қажетті заттарды таңдап аламыз да төмендегі тәжірибелерді жүзеге асырамыз.

1.Фосфордан фосфор ангидридін алу үшін тығыны жоғары арнайы шыны колокол немесе түбі кесілген бөтелке қолданылады.

Колоколдың көлемі 6 бөлікке бөлінген. Оның 5 бөлігі тең болуы тиіс, ал алтыншысы жанама белгіленуі тиіс. Бұл бөлікті колоколдың жанынан 4-5 см-ден төмен алмау керек, өйткені фосфор жанғанда суды іштен ығыстыратын ауа тез кеңейеді. Осылайша колокол суға бірінші сызыққа дейін батырылса, ал қалған көлем 5 бөлікке бөлінеді.

Тәжірибе басында кристаллизаторға суды оның беті колоколдың бірінші бөлігі деңгейінде болатындай етіп құю керек. Суға фарфор тигельден қақпағы бар үлкен тығынды салады немесе тығында тереңдетіп тесік жасайды. Тигельдің қақпағына немесе тесігіне шамалы құрғақ қызыл форфор салады. Колоколды ашады, оны кристализаторда балқитын тығынмен бекітеді. Егер су деңгейі төмендесе, онда оған беті бірінші бөлікке сәйкес келетіндей су құяды. Содан кейін спиртшам жалынымен немесе газды жанарғымен шыны таяқшаны қатты қыздырып, қатты қызған оның соңын колоколға салады және қызыл фосфорға жанастырады. Фосфор жанады. Таяқшаны алып, колоколды тығынмен жабады(тығын резиналы болғаны дұрыс). 34

Фосфор жанады, колокол фосфор ангидридінің ақ түтінімен толады:

4P+5O2=2P2O5

2.Бұдан әрі, 10-15 минуттан кейін фосфорлы ангидридке сссу қосамыз. Фосфор қышқылы алынады:

P2 O5 +3H2 O=2H3 PO4

3.Алынған фосфор қышқылына натрий гидроксидінің ерітіндісін қосқанда натрий гидрофосфаты алынады:

H3 PO4(сұй)+2NaOH(сұй)=Na2HPO4 +2H2O

3(а). Фосфор қышқылына сондай көлемде күміс нитратын қосамыз. Күмістің ортофосфаты сары тұнба түрінде алынады:

H3 PO4 +3AgNO3=Ag3 PO4 +3HNO3

Аудандық химия олимпиадаларының тәжірибелік тур есептері

8-2006 ауд. Бес нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: барий хлориді, натрий хлориді, алюминий нитраты, калий карбонаты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

Шешуі:

Теориялық матрица:






BaCl2

NaCl

Ag(NO3)3

K2CO3

H2SO4

Эффект

BaCl2

*

-

-

BaCO3

BaSO4




NaCl

-

*

-

-

-

-

Al(NO3)3


-

-

*

Al(OH)3

+CO2



-

+

K2CO3


BaCO3

-

Al(OH)3

+CO2



*




+

H2SO4

BaSO4

-

-




*

+

35

Реакция теңдеулері:

1.BaCl2+K2CO3=BaCO3 +2KCl

2.BaCl2+H2SO4=BaSO4 +2HCl

3.3K2CO3+2Al(NO3)3+3H2O=2Al(OH)3 +6KNO3 +3CO2

9-2006ауд. Бес нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: Тұз қышқылы, күкірт қышқылы, калий сульфаты,натрий карбонаты, барий хлориді. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.

Шешуі:




HCl

H2SO4

K2SO4

Na2CO3

BaCl2

Эффект

HCl

*

-

-

CO2

-



H2SO4

-

*

-

CO2

Ba SO4



K2SO4

-

-

*

-

Ba SO4



Na2CO3

CO2

CO2

-

*

Ba SO3



BaCl2

-

BaSO4

BaSO4

BaSO4

*



1. Na2CO3+2HCl=2NaCl+CO2 +H2O

2. Na2CO3+H2SO4=2 Na2SO4+ CO2 +H2O

3. BaCl2 + H2SO4=BaSO4 +2HCl

4. BaCl2+ K2SO4= BaSO4 +2KCl

5. BaCl2+ K2SO3= BaCO3 + 2KCl

10-2006ауд. Алты нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: азот қышқылы, күкірт қышқылы, алюминий хлориді, калий карбонаты, барий нитраты және алюминий сульфаты. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.




HNO3

H2SO4

AlCl3

K2CO3

Ba(NO3)2

Al2(SO4)3

Эффект

HNO3

*

-

-




-

-




H2SO4

-

*

-







-

+

AlCl3

-

-

*

+




-

+

K2CO3










*






2 +

3


Ba(NO3)2

-
















3

Al2(SO4)3

-

-

-






*

2

36

11-2006ауд.Жеті нөмірленген сынауыққа келесі заттардың ерітінділері құйылған: барий хлориді,натрий сульфаты, барий гидроксиді, натрий карбонаты, магний нитраты және күкірт қышқылы. Оптималь жоспар құрып және басқа заттарды пайдаланбай қай сынауыққа қай заттың ерітіндісі құйылғанын анықтаңыздар. Сәйкес реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыздар.


Каталог: uploads -> doc
doc -> Фио: Сабитова Лилия Фэргатовна
doc -> Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары!
doc -> Знаменитые трезвые люди планеты
doc -> Апарат верховної ради україни інформаційне управління відділ інформаційно-бібліотечного забезпечення
doc -> Технические характеристики горелок газовых серии гкс
doc -> Региональная энергетическая комиссия свердловской области
doc -> М. Ушачи Белоусов Степан Гаврилович
doc -> Городской поселок россоны захоронение в мемориальном сквере
doc -> Райффайзен Банк Аваль модернизировал контактный центр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет