Аудан әкімінің 2013 жылғы 01-08 ақпан аралығында қала және ауылдық округтер аумағында есеп беру кездесуінде айтылған



бет1/5
Дата03.05.2016
өлшемі377.17 Kb.
  1   2   3   4   5
Аудан әкімінің 2013 жылғы 01-08 ақпан аралығында қала және ауылдық округтер аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелердің орындалуы туралы


Аудан әкімінің 2013 жылғы 01 ақпан күні Қаратал ауылдық округі аумағында есеп беру кездесуінде айтылған

ұсыныс-пікірлер мен сын –ескертпелер



Аты-жөні


Жұмыс орны, қызметі

Ұсыныстар, пікірлер


Орындаушы

Мерзімі

Орындалуы

1

Көзжанов

Ақан

Қаратал ауылы, зейнеткер

Облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге ай сайын төленетін өтемақы неге төленбейді?

Д. Тожыбаев

Л. Дүйсенова

Т. Дүйсенбаев


01.03.2013 ж

«Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну туралы» 2007 жылғы 17 шілдедегі №24/388-III облыстық мәслихаттың шешімінің күшінің жойылуына байланысты 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап облыстық дәрежедегі дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету төлемі тоқтатылды.

2



Жүнісов Асылбек

Қаратал ауылы,

зейнеткер



1.Шекара аралық Ласты өзенінің мәселесі шешімін тапса

Д. Тожыбаев

Ж.Жапарқұлов

Ә. Қожекенов

Т. Дүйсенбаев


2013 ж


Ласты өзенінің мәселесін шешу мақсатында Үкіметаралық келісім-сөздер қазіргі уақытта жүргізіліп жатыр, сәуір айында Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары келіп,бұл жөнініде ҚХР-мен келісім сөздер жүргізген. Бүгінгі күнге дейін әлі нақты шешім қабылданған жоқ, бұл мәселе аудандық жер қатынастары бөлімінің бақылауында.

2.Зырян-Майқапшағай темір жолы салынған жағдайда Майқапшағай елді мекеніндегі кеденшілерге үй, әлеуметтік нысандар салынса

Р. Сансызбаев

А.Утебаев

Б.Көшербаев

С. Алпысбаев

Т. Дүйсенбаев


2014 - 2016 ж


Зырян-Майқапшағай темір жолын салу алдағы уақытқа жоспарланған. Темір жолдың қазіргі уақытта нақты қай жермен өтетінін кесіп айту қиын. Бүгінгі күні Қаратал ауылында кеденшілерге тұрғын үй салынып жатыр.

Майқапшағай елді мекеніндегі кеденшілерге үй, әлеуметтік нысандар салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбейді. Келешекте темір жол салынған жағдайда кеденшілер не теміржол ведомстволық министрлік арқылы қаржы қарастырылып, салынуы мүмкін.



3

Мәзбаев

Әденбек

Қаратал ауылы, зейнеткер

Орыс зиратын мал таптауда, қоршауын ұйымдастырса

Т. Дүйсенбаев

01.10.2013 ж




4

Сапарғалиев Әнуарбек

Қаратал ауылы зейнеткер

Қаратал ауылында емхана салынса

Д. Тожыбаев

Н. Тіметова

Т. Дүйсенбаев


2014 ж

Қаратал ауылына емхана салуға жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде, құрылыс жұмыстары 2014 жылға жоспарланған

6

Қалиева

Назира

Қаратал ауылы,

кітапханашы




Қаратал ауылындағы пошта мекемесінің ғимараты салынса


Д. Тожыбаев

А. Өтебаев

С. Алпысбаев

Б. Акимеева

Т. Дүйсенбаев


2013 ж

Пошта мекемесінің ғимаратын салу АО «Казпочтаның» қаржыландыруы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жергілікті бюджеттен бұндай нысандар салуға қаржы қарастырылмаған.

7

Зайтынов

Төкен

Қаратал ауылы зейнеткер

Үлкен- Қаратал ауылына газ құбыры тартылса

Р. Сансызбаев

Б. Көшербаев

А. Өтебаев

Т. Дүйсенбаев



2013 ж

2013 жылдың сәуір айынан бастап Зайсан ауылының 9 елді мекеніне көшеаралық және орамаралық газ құбырларының құрылысына ЖСҚ дайындалу үсітнде. Осы жобаның құрамына Үлкен-Қаратал ауылы енгізілген

8

Оспанов

Оразбай

Қаратал ауылы,

зейнеткер



Жасаңдағы арық суы жайылып, ауылға қарай жылжуда, ұйымдастыру шаралары жүргізілсе

Р. Сансызбаев

Қ.Рахымжанов

Б. Көшербаев

Ә.Қожекенов

Т. Дүйсенбаев


01.03.2013 ж

Осы суларды бұруға жобалық-сметалық құжат жасауға қаражат қарастырылуда.

9

Құрманов

Бақытбек


Қаратал ауылы


Бас жоспар бойынша Қаратал, Үлкен-Қаратал ауылдарының ортасына тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салынса


Р. Сансызбаев

Қ.Рахымжанов

Б. Көшербаев

Т. Дүйсенбаев



2013 ж

Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар Қаратал, Үлкен Қаратал ауылдарының бас жоспары негізінде ауданның даму бағдарламасына сәйкес жүзеге асады.

10

Қамытбаев Құдайберген

Үлкен-Қаратал ауылы,



Ауылымызда 970 адам тұрады, ауылға мәдениет үйі, балабақша, пошта, дәрігерлік амбулатория салынса

Р. Сансызбаев

Б. Көшербаев

А.Утебаев

С.Сиырбаев

Н.Тметова

Т. Дүйсенбаев



2013 ж

Үлкен-Қаратал ауылына клуб үйін салу жоспарлануда. 2013 жылға қаражат қаралған жоқ.

Дәрігерлік амбулатория мен мәдениет үйінің құрылысы Қаратал ауылдық округінің орталығы Қаратал ауылында салу жоспарланған.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2131 Қаулысына сәйкес елді мекендерде дәрігерлік амбулатория халық саны 2 мың тұрғыны бар елді мекенде салынады.



11

Ауыл тұрғындары

Қаратал ауылы,

Закенов көшесінің тұрғындары



Көктем, күз мезгілінде жер асты сулары көтеріліп, Закенов көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің қабырғалары сызаттануда,

канал салуға көмек болса



Р. Сансызбаев

Б. Көшербаев

А.Утебаев

Қ.Рахымжанов

Т. Дүйсенбаев


2013 ж

Осы суларды бұруға жобалық-сметалық құжат жасауға қаражат қарастырылуда.


Каталог: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет