Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы



Дата03.05.2016
өлшемі90.27 Kb.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 5 сәуiрдегi N 248 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 12, 113-құжат


       Ескерту. Тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      2. "Республикалық меншiктегi ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметiнiң құнын субсидиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 40-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2006 жылғы 5 сәуiрдегi
N 248 қаулысымен  
бекiтiлген    

      Ескерту. Ережеде бүкiл мәтiн бойынша "департаментiне (басқармасына)", "департаментi (басқармасы)" және "департаменттерi (басқармалары)" деген сөздер тиiсiнше "басқармасына", "басқармасы" және "басқармалары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.


      Ескерту. Тақырыбында және барлық мәтiн бойынша "топтық" деген сөзден кейiн "және оқшау" деген сөздермен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.30 N 426 Қаулысымен.

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау ережесi

      1. Осы Ереже тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебiнен және шегiнде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiнен ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау тәртiбiн айқындайды.


      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      су берушi - ауыз су беру жөнiнде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн және су шаруашылығы жүйелерi қызметтерiн көрсету жөнiндегi табиғи монополия субъектiсi болып табылатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
      су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
      3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөнiндегi сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерiне қызмет көрсететiн су берушiлерге шығындарын толығымен немесе iшiнара өтеуге (қызметтердiң құнын арзандатуға) арналады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      4. Әрбiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшiн субсидиялардың сомасы заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негiзiнде бекiтiледi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      5. Субсидиялар су берушiлерге елдi мекендердегi бiр тұрғынға белгiленген орташа тәулiктiк үлестiк су тұтыну шегiнде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлiнген нүктелерiне ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтер үшiн төленедi.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.02.17 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      6. Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың топтық су құбырлары және оқшау жүйелерi бөлiнiсiнде су берушiлер үшiн берiлген ауыз судың 1 (бiр) текше метрiне бөлiнетiн, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған, тиiстi қаржы жылдарына арналған субсидиялар мөлшерiн табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтерге арналған тарифтiң айырмасы ретiнде:
      1) үйлерi немесе пәтерлерi iшкi сумен жабдықталған, жеке су өлшеуiш құралдарымен жарақтандырылған су пайдаланушыларға берiлген 1 (бiр) текше метр ауыз суға 30 (отыз) теңгенi;
      2) теңгерiмдiк тиесiлiлiгi шегiнде орналасқан және бiрыңғай су өлшеуiш құралдарымен жарақтандырылған сумен жабдықтау желiлерiн пайдаланатын су пайдаланушыларға берiлген 1 (бiр) текше метр ауыз суға 40 (қырық) теңгенi;
      3) бұдан әрi тазалауды және оны ауыз су су тұтыну жағдайына дейiн жеткiзудi қажет ететiн, ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзi болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше топтық және оқшау жүйелерiнен берiлген 1 (бiр) текше метр суға 0 (нөл) теңгенi шегергенде белгiленген лимиттiң шегiнде кепiлдiк берiлген сапада ауыз су беру жөнiнде көрсетiлген қызметтер үшiн белгiлейдi.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.23 N 943 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.
       6-1. Агенттiк бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ретiнде тиiстi жылға арналған төлемдер бойынша бағдарламаны қаржыландыру жоспарларына және облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкiмдерi және Агенттiк төрағасы арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмге сәйкес облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген субсидиялау көлемдерiне сәйкес облыстық бюджеттерге және Астана, Алматы қалаларының бюджеттерiне ағымдағы нысаналы трансферттердi аударады.
      Ескерту. 6-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      7. Ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге субсидиялар алу үшiн су берушi:


      1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлiмдерiмен келiсiлген субсидиялар ескерiле отырып берiлетiн ауыз су көлемiн, ұсынылған қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөнiндегi қызметтерге табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiткен тарифтi көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасал атын су пайдаланушылардың тiзбесiн (бұдан әрi - су пайдаланушылардың тiзбесi) ұсынады;
      2) осы Ережеге қосымшаға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) тұрғын үй-коммуналдық бөлiмдерiмен келiсiлген және үш данада (су берушi, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы үшiн) жасалған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде қызметтер көрсету актiлерiмен қоса, су пайдаланушылар бөлiнiсiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн бередi;
      3) алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.14 N 1201 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы:


      су пайдаланушылардың тiзбесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде оны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы  заңда көзделген қаражат шегiнде бекiтедi;
      су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ұсынылған субсидиялар ескерiле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн, осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетудi негiздейтiн құжаттарды ай сайын тексередi және алған күнiнен бастап он күн мерзiмде бекiтедi;
      ауыз су беру жөнiнде нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмiн және төлемге шоттарды алған күнiнен бастап он күн мерзiмде оларды субсидияларды төлеу үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына ұсынады;
      есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiне дейiн субсидиялардың тиесiлi сомаларын су берушiлердiң есеп шоттарына аударады;
      облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармалары ай сайын, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiне, бiрақ тиiстi жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей, Агенттiк бекiткен нысан бойынша Агенттiкке төленген субсидиялар көлемi туралы есеп пен субсидиялардың нысаналы пайдаланылғанын көрсететiн басқа да есептер бередi.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.30 N 426, 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулыларымен.

      9. Агенттiк нәтижелер туралы жасалған келiсiмдер негiзiнде төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттердiң аударылмағаны үшiн жауапты болады.


      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

       10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмi және жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тиiстi әкiмшiлерiнiң бiрiншi басшылары нысаналы трансферттердi нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы жасалған келiсiмге сәйкес келмейтiндей пайдаланғаны, тiкелей және түпкiлiктi нәтижелерге қол жеткiзбегенi, алынған нысаналы трансферттердi пайдалану есебiнен қол жеткiзiлген тiкелей және түпкiлiктi нәтижелер туралы есептi табыс етпегенi үшiн жауапты болады.


       Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.03.30. N 426 Қаулысымен.
      
      11. Қандай да бiр облыс және Астана, Алматы қалалары бөлiнген қаражатты толық игермеген жағдайда Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi жылға арналған республикалық бюджетке көзделген қаражат шегiнде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

                                   Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз


көзi болып табылатын сумен     
жабдықтаудың ерекше маңызды топтық
және оқшау жүйелерiнен     
ауыз су беру жөнiндегi қызметтердiң
құнын субсидиялау ережесiне     
қосымша           

«БЕКIТЕМIН»        


Облыстық (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың)     
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы басқармасы     

________________________


20 ___ жылғы «___» _____

      Су пайдаланушылар бөлiнiсiнде ауыз су беру жөнiндегi


нақты көрсетiлген қызметтердiң жиынтық тiзiлiмi
________________________ 20 жылғы _____
   (су берушiнiң атауы)            (ай)

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2012.04.19 № 489 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Р/с №

Су пайдаланушылардың атауы

Су беру лимитi мың текше метр

Берiлген су, мың текше метр

Бекiтiлген тариф 1000 текше метр үшiн теңге

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

1

2

3

4

5

6

     кестенiң жалғасы

Көрсетiлген қызметтердiң құны, теңге

Субсидиялар мөлшерi (тарифтiк сметаларда ескерiлген шығындардың %-ы) теңге

Жыл басынан берi субсидиялар төлендi, теңге

Төленуге тиiс, теңге

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

Жыл басынан берi

Оның iшiнде есептi айда

7

8

9

10

11

12



















      Су берушi ________________________________________________

      Ескертпе: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бекiткен су пайдаланушылар тiзбесiндегiдей ретпен келтiрiледi.
Каталог: fileadmin -> user upload -> npa
npa -> Елдi мекендердi сумен жабдықтау және су бұру жүйелерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
npa -> Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы
npa -> Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекiту туралы
npa -> Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексi
npa -> "Су көздерiне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшiн су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектiлерiнiң
npa -> Кодексi Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi n 481 Кодексi "Егемен Қазақстан"
npa -> Елдi мекендердiң су бұру жүйелерiне сарқынды суларды қабылдау ережесiн бекiту туралы
npa -> Сумен жабдықтау және су бұру қызметiнiң көрсетiлген көлемiн анықтау әдiстемесiн бекiту туралы
npa -> Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет