Қаулысымен бекітілген «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»



бет1/3
Дата25.04.2016
өлшемі350.9 Kb.
  1   2   3
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 05.12.2013 12:30:01
Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 30 наурыздағы

1/230 қаулысымен бекітілген



 

 

«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызметінің регламенті

 

1. Негізгі ұғымдар



 

1. Осы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі негізгі ұғымдар қолданылады:

1) мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызмет;

2) іс қағазының макеті - азаматтың өтемақы алуға арналған жеке іс-қағазының макеті;

3) арнайы комиссиялар - мекен-жайлары мен жұмыс кестелері осы Регламенттің 3 қосымшасында көрсетілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, оларға жеңілдіктер және өтемақы алу құқығын растайтын куәлікті беру үшін аудандар (қалалар) әкімдерінің шешімдерімен құрылатын комиссиялар;



4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың ішкі жүйелері;

5) тұтынушылар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінің 2 тарауының 3 тармағының 2) тармақшасында аталған жеке тұлғалар.



 

 

2. Жалпы ережелер



 

2. Осы Регламент 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес жасалған.

3. Мемлекеттік қызмет тұтынушыға Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - арнайы комиссияның жұмыс органы) арқылы тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ұсынылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы ұсынылады.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесінің 2 тарауының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқару органдарымен көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысының негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі жұмыстарды және оларға куәліктер беруді қамтамасыз ететін арнайы комиссиялар қатысады.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне талаптар



 

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері, мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы ақпаратты мекен-жайлары мен жұмыс кестелері осы Регламенттің 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген арнайы комиссияның жұмыс органынан немесе Орталықтан алуға болады.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі жөніндегі толық ақпарат Басқарманың www.depcoz.narod.ru сайтында, сондай-ақ арнайы комиссиялардың жұмыс органдарында арнайы буклеттер мен қабырға стенділерінде орналасқан.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет тұтынушы осы Регламенттің 16 тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

арнайы комиссияның жұмыс органында - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде;

Орталықта - жиырма күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты (талон алғанға дейін) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты арнайы комиссияның жұмыс органында 15 минуттан аспайды, Орталықта - 30 минут.

11. Тексеру қорытындысы бойынша іс қағазының макеті рәсімделген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматқа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақының төлену фактісінің анықталуы, сондай-ақ тұтынушының құжаттарды тапсырған кезде толық емес және (немесе) жалған мәліметтер ұсынуы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады.



Арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы Регламенттің 16 тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы жүзеге асырылған кезде арнайы комиссияның жұмыс органы құжаттардың ресімделуінде қателер анықтаған кезде, осы Регламенттің 16 тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бас тарту себебін жазбаша негіздей отырып, оларды кейін тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының осы Регламенттің 4 қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес толтырылған өтінішін, Регламенттің 16 тармағында анықталған басқа да құжаттарын алғаннан кейінгі және мемлекеттік қызметтің нәтижесін бергенге дейінгі мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:



1) тұтынушы арнайы комиссияның жұмыс органына немесе Орталыққа өтініш тапсырады;

2) Орталық инспекторы құжаттарды қабылдайды, тіркеуге алады және жинақтаушы бөлімге жібереді, жинақтаушы бөлім инспекторы арнайы комиссияның жұмыс органына жібереді;

Орталықтан құжаттар пакетін арнайы комиссияның жұмыс органына нақты жіберілгенін, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін сканер штрихкоді көмегімен бекітіледі;

3) арнайы комиссияның жұмыс органының маманы Орталықтың ақпараттық жүйесінде тексереді (арнайы комиссияның жұмыс органында жеке ақпараттық жүйе болмаған жағдайда) және қабылданған құжаттарды тіркейді және басшыға қарауға жібереді;

4) арнайы комиссияның жұмыс органының басшысы қарап шыққаннан кейін арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты маманына жазады;

5) арнайы комиссияның жұмыс органының жауапты маманы Орталық немесе тұтынушы тапсырған құжаттарды қарауды жүзеге асырады, іс қағазының макетін дайдындайды және оны арнайы комиссияға жібереді, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап немесе Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама дайындайды, одан кейін арнайы комиссияның жұмыс органының басшысына қол қоюға жібереді;

6) арнайы комиссияның жұмыс органының маманы Орталықтың ақпараттық жүйесін бекіте отырып (арнайы комиссияның жұмыс органында жеке ақпараттық жүйе болмаған жағдайда) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Орталыққа жібереді немесе арнайы комиссияның жұмыс органына жүгінген жағдайда тұтынушыға береді.

Арнайы комиссияның жұмыс органнан мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесі қабылдаған кезде, Орталық келіп түскен құжаттарды сканер штрихкод көмегімен бекітеді;

7) Орталық тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап немесе Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама береді.

13. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру:



1. арнайы комиссияның жұмыс органына жүгінген кезде тұтынушының арнайы комиссияның жұмыс органына өзі келуі арқылы;

2. Орталыққа өзі барған кезде қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде «терезелер» арқылы күн сайын жүзеге асырылады.

14. Орталықта немесе арнайы комиссияның жұмыс органында мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың ең аз саны сәйкесінше бір қызметкерден тұрады.



 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әрекеттер (өзара әрекеттер) тәртібінің бейнеленуі



 

15. Осы регламенттің 16 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға:

1) арнайы комиссияның жұмыс органында - тұтынушыны тіркеу және оның мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2) Орталықта:

өтініштің нөмірі мен қабылдаған күні;

сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

Орталықтың құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған жауапты инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

16. Мемлекеттік қызметті алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:



1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін куәландыратын құжат;

4) салық төлеушінің куәлігі (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлік (бар болған жағдайда жеке сәйкестендіру нөмірі);

6) жинақ кітапшасын немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасалған шарт;

7) 1949 жылдан бастап 1965 жыл, 1966 жылдан бастап 1990 жыл кезеңдерінде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар (мұрағат анықтамалары, Халық депутаттары селолық, кенттік (ауылдық) кеңесінің, тұрғын-үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлік; Заңда белгіленген тәртіппен берілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адам ретінде жеңілдіктер алуға құқығын растайтын куәлік).

Егер мұрағаттық және өзге де құжаттар сақталмаса - ядролық сынақтар әсеріне ұшыраған аумақта тұрғанының заңды фактісі мен кезеңін анықтау туралы сот шешімі.

Салыстырып тексеру үшін Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін қажетті құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Жеке өтініш беруге мүмкіндігі болмаған жағдайда, азаматтар белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде өтінішпен және қажетті құжаттармен жүгіну үшін басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

17. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма тапсыратын мәліметтерден басқа, мемлекеттік қызмет тұтынушы тапсырған мәліметтер құпия сақталады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі ҚФБ қатысады:

1) Орталық инспекторы;

2) арнайы комиссияның жұмыс органы кеңсесінің маманы;

3) арнайы комиссияның жұмыс органының басшысы;

4) арнайы комиссияның жұмыс органының маманы;

5) арнайы комиссия.

19. Әрбір әкімшілік әрекеттердің орындалу мерзімі көрсетілген, әрбір ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің (үдерістерінің) жүйелілігі мен өзара әрекеттерінің мәтіндік кестелік көрінісі осы Регламенттің 5 қосымшасында келтірілген.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық жүйелілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты бейнелейтін сызба осы Регламенттің 6 қосымшасында келтірілген.

21. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу және есепке алу туралы шешім жөнінде хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауаптың үлгісі осы Регламенттің 7 қосымшасында көрсетілген.



 

 

5. Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметтік тұлғалардың жауапкершіліктері



 

22. Қызметтік тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдаған шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

 

«Семей ядролық сынақ полигонындағы



ядролық сынақтардың салдарынан зардап

шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызметінің регламентіне



1 қосымша

 

 

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мекен-жайлары мен жұмыс

кестелері

 

р/с

Атауы

Заңды мекенжайы

(қала, аудан, көше, үй (пәтер) №, электронды пошта мекен-жайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Алматы қаласы,

Қонаев көшесі, 122

depart_zan@mail.ru

8-727

261-67-78

261-52-02

Демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9-00-дан 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-00-ге дейін

2

Алатау аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Алатау ауданы, Шаңырак-2 шағынауданы,

Жанқожа батыр көшесі, 26 alatay_zan09@mail.ru  

8-727

299-87-79

3

Алмалы аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Алмалы ауданы,

Шевченко көшесі, 89 alm_soc@mail.ru  

8-727

267-45-80

4

Әуезов аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Әуезов ауданы,

3 шағынауданы, 41 а

auezzan@mail.ru

8-727

276-49-92

5

Бостандық аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Бостандық ауданы,

Жандосов көшесі, 2

bostan_zan@mail.ru

8-727

392-22-95

6

Жетісу аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Жетісу ауданы,

Мақатаев көшесі, 142

jetzan@mail.ru  

8-727

279-37-72

7

Медеу аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Медеу ауданы,

Төле би көшесі, 12

medeu_zan@mail.ru  

8-727

291-75-55

8

Түрксіб аудандық бөлімі

Алматы қаласы,

Түрксіб ауданы,

Рихард Зорге көшесі, 18

turk_zan@mail.ru

8-727

236-55-97

Каталог: files -> NREG
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
NREG -> Қаулысымен бекітілді «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
NREG -> Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2014 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысының
NREG -> Қаулысымен алып тасталды Алматы қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №1/231 қаулысымен


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет