Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы



бет2/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Практика № 3


Тақырыбы: Қазақстанның эфир майлы өсімдіктері.

Жоспары:

1.Әсем шөлмасақ.

2.Сақалсыз жыланбас.

3.Мускат шалфейі.



Практикалық (семинар) мақсаты: Эфир майлы өсімдіктері мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Әсем шөлмасақ(еріндігүлділер тұқымдасы) – Тау бөктерлерінен бастап субальпі белдеулеріндегі барлық Тянь –Шань және жоңғар алатау жоталарынжа кеңінен таралған.Құрғақ тастақты және далалы беткейлерде, кесілген ормандар мен бұталардың түбінде өседі. Онша көп кезбегенімен де жиі таулы ландшафтың тартымды, көрнекті, таным белгісі болып табылады. Көпжылдық тамыр сабағы қысқа, тамырлы түйнек тәрізді жуандаған. Сабақтары(биіктігі 75 см) түзу мықты, төрт құрлы, қалың, ұзын, ақ түк басқан. Сабақ түбігндегі жапырақтар ұзын сағақты, біркелкі емес, тісшелі бөліктеге қауырсынды тілімделген. Сабақтағы жапырақтар сабақ түбіндегілеріне ұқсас, тек қысқалау сағақты, гүл маңындағы жапырақтар отырыңқы, тісшелі.Барлық жапырақтардың үстіңгі жағы жасыл түсті, асты сұр(ұзын, айқасқан, жұлдызшалы, түкті). Гүлшоғыры бірнеше топталған (8 дейін) шоқтан тұрады, тығыз, сопақша, масақ құрады.Тостағанша түтікті, ақтүкті, қысқа үшбұрышты тістерімен тісшелерінің ұшында өткір тікенектері бар.Күлте, тостағаншадан екі есе ірі 5см, сары құс ерінді. Жоғарғы еріні телпек пішінді, төменгісі 3 қалақты, жиегі толқындалған. Шөл масақ маусымнан шілдеге дейін гүлдейді, шілде –тамызда жеміс салады. Жемістері 4 –3 құрлы бас жағы түкті жаңғақшаға айырылады. Құрамында эфир майы бар, омарталық және сәндік өсімдік. Өсімдіктің тұнбасы қан қысымын төмендедеді, яғни медицинада қолдануға болады.

Сақалсыз жыланбас (Еріндігүлділер тұқымдасы) – Алтайдан бастап Батыс Тянь-Шаньға дейінгі аралықта, Альпі ендігінің тас баурайларында және ұсақ тас жыныстарында тіршілік ететін Қазақстанда кездесетін 22 түрдің ең көп таралғаны және ең әдемісі. Биіктігі 30 см тамырсабағынан төселмей бірнеше кейде ондаған гүлді өркен шығаратын онша биік емес көп жылдық өсімдік. Тамырға жақын жердегі жапырақтары ұзын сабақты аласа жоққа жиналған, сабақтағысы біртіндеп ұшына қарай кішірейе береді. Жапырақ тақталары сопақша-бүйрек тәрізді (1-4 см диаметрі) шеттерінде ірі доғал тістері бар. Гүлдері қалың жұмыртқа тәрізді гүл шоғырына жиналған. Күлтелері тостағаншадан қысқа, жоғарғы бөліктері қылқанды қалаққа бөлінген. Тостағаншасы қандауырша тәрізді, тістері бар онша анық емес екі ерінді болып келеді. Күлтесі үлкен (3-4 см-ге дейін ұзын) жіңішке түтікті және қайырылған қос ерінді болып келеді. Жоғарғы еріні екі жартылай дөңгелек қалаққа бөлінген төменгісі ұзындау үш қалақты: ортаңғы қалақ бүйрек тәрізді, жанындағыларға қарағанда үш есе кең. Күлтесі қанық – көк түсті кейде ақшыл түстері де кездеседі. Маусым-шілде айларында гүлдейді, жемістері тамызда пісіп жетіледі. Жапырағы мен гүлі антибактерилды белсенділігі бар 0,5 пайыз эфир майынан тұрады.

Аталық жыланбас (еріндігүлділер тұқымдасы) – бұрынғы теңіздердің орнында, қорымдарда және құрғақ малта тасты өзен арналарында Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай Альпі белдеуінде (теңіз деңгейінен 4000 м-ге дейін) өседі. Алдыңғы түрден айырмашылығы, сабағы жайылған саны көп (биіктігі 7-30 см) түп құрайды. Сабақтары жұқа, бұтақтанған, жиі, түсі күлгін болып келеді. Сондай-ақ жапырақ тақталарының ұқсамайтындығымен ерекшеленеді. Бұл түрдің жапырақ тақтасы дөңгеленген жүрек тәрізді (диаметрі 1,5 см) қалың қысқа түктері сұрғылт түс береді. Гүлшоғыры тығыз басты, бірнеше шығынқы шоқтармен. Тостағаншасы анық, қос ерінді, үшкір тісті. Күлтесі ұсақ, көк-күлгін, шығыңқы аталықтарымен. Сондықтан түрге аталық деп атау берген. Шілде-тамызда гүлдейді, тамыз-қыркүйекте жемісі піседі. Жер асты бөлігінің құрамында 0,4 пайыөға дейін эфир майы бар, ауруды басатын әсер береді. Омарталық және декоративті өсімдік, мәдени жағдайда зерттелмеген.

Мускат шалфейі (Еріндігүлділер тұқымдасы) – Қазақстандық 8 түрдің ішіндегі тиімді және көріктісі. Батыс Тянь-Шаньның, Шу, Іле тауларының және Іле Алатауының оңтүстік батыс бөлігіндегі барлық жоталарда (Жамбыл және оңтүстік Қазақстан облыстары) кездеседі. Кеуіп қалған арналардағы малта тастарда, аласа таулардың ірі қиыршық тасты және ұсақ топырақты беткейлеріне, кейде бақшаларда, арық жағасында, егістіктерде өседі. Бұл биік көп жылдық, түзу төрт қырлы шатысқан қалың түкті сабақты. Ал гүлшоғыры безді түкті. Сабақтағы жапырақтары ірі, жұмыртқа пішінді, қатпарлы түкті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді бұтақтанған, гүлдері қысқа гүлтабанында, гүл маңындағы жапырақтардың қолтығына екіден орналасқан. Гүлдері ірі, ұзындығы 3 см-ге дейін, екі ерінді, қоңыраулы тостағаншасымен және немесе ашық күлгін түсті күлтелі. Күлте түтігі қысқа, қап тәрізді кеңейген, үстіңгі еріні астыңғысынан ұзындау, жарты телпектің пішініндей, астыңғысы үш қалақты. Аталығы 4-еу, оның екеуі жеміс береді, түйін бағанасы аталықтардан ұзын және күлтеден қылтиып шығып тұрады.

Гүлдеу мерзімінде (маусым-шілде) шалфей айтарлықтай көрнекті, бұл мезгілде әдемі гүлдері ғана емес, ашық түсті (ақ, ашық-күлгін немесе көкшіл) үлкен гүл маңайындағы жапырақтары көз тұндырады. Жемістері (жалаңаш, қоңыр жаңғақшалар) шілде-тамызда піседі.

Шалфейдің жер асты бөлігі иісі жағымды эфир майын бөледі. Бұл тағам өнімдерін өндіруде және косметикалық заттар жасауда пайдаланады. Майлы бояулар және олиф өндіруде қолданылады. Жапырағы, гүлшоғыры, гүлдері және тұқымы халықтық медицинада бүйрек, жұтқыншақ, тіс, асқазан жарасын емдеуге, суық тигенде (тұмау), іріңді жараны және сыздауықты емдеуге қолданылады. Жапырағы көкөніс консервілегенде, тамаққа дәм беретін қоспа ретінде, ірімшік пен шәйді хош иістендіруге пайдаланады. Мускат шалфейі Қырымды, Краснодор өлкесінде және Қырғызстанда ертеден мәдени жағдайда өсіріліп келеді. Мәдени түрде өсірілетін өсімдік 1 га-дан 20 кг эфир майын береді.

Практика № 4


Тақырыбы: Қазақстанның улы өсімдіктері. Көкнәр.

Жоспары:

1.Көкнәр.Тоты көкнәр.

2.Сеппе көкнәр.

3.Жалаңсабақ көкнәр.



Практикалық (семинар) мақсаты: Қазақстанның улы өсімдіктері мен таныстыру.””

Практикалық (семинар) мәтіні: Қатты аурудан, күрделі аперациядан кейін адамды ұйықтататын, тыныштандыратын морфий дәрісін жасауды адам баласы ертеден білген.

Көкнәр өсімдігінің жабайы түрлері гүлдеген кезде далаға мыңдаған қызыл жалау тігіп тастағандай құлпырып кетеді. Тік өсетін, өте сымбатты бұл өсімдікті халық майлы тұқымы, медицинада қолданылатын сөлі үшін бұрыннан құрметтейді. Ол сөлді апиын деген атпен пайдаланған. Шығыс халықтарының халықтық медицинасында апиын алғашқы кезде шипалық мақсатта қолданыла бастаған. Ауру адамға шайға қосып қайнатып берсе денесінің ауырғанын білмей, рахаттанып ұйқыға кетеді. Кейін келе көкнәрді темекі сияқты тартатындар шықты. Мұндай пайдаланудан адам организмі уланып нашашыға айналады. Наша тартқан адам басқа бір өмірге енгендей күйге түседі, күйбең тіршілігінің бәрі ұмытылып, рахатқа бөленеді. Ауада қалқып ұшып немесе суда малтып жүргендей сезім пайда болады. Стакандағы су нашаға масболған адамға толқындаған теңіз сияқты көрінеді. Көзіне бұдан басқа да ғажап заттар елестейді, адам қарқылдап күліп немесе еңіреп жылайды. Бұған әбден үйренген адам наша тартпай тұра алмайды. Мұның салдары ақырында адамды жазылуы өте қиын жүйке ауруларына шалдықтырады. Адамның мінез-құлқы өзгереді, ешнәрсеге қызықпайды. Көңіл-күйі тез өзгеріп, жұмыс істеу қабілеті нашарлап, ұмытшақ және өтірікші бола бастайды. Бұдан келіп адамның денсаулығы төмендеп жүдейді, зат алмасуы нашарлап, ішкі органдарының қызметі бұзылады. Ақырында нашашылар наша тартуды уақытынша тоқтатқан жағдайда көңіл-күйі бұзылып, ол қорқынышқа ауысады, түнімен ұйықтамай жанталасып шығатын халге жетеді. Мұндай адамдар енді қоғам үшін қауіпті. Ол өзіне, туған-туысқандарына немесе басқа адамдарға қол жұмсауы да мүмкін.

Көкнәрдің барлық түрі әсемдік жағынан өте жоғары бағаланады. Олардың ішінде көп жылдық шығыс көкнәрі ерекше құрметке ие. Басқа түрлерден биік өсетін бұл түр гүлінің диаметрі 25 см-ге дейін жетеді. Көкнәр алыстан жалындайтын “қызыл жалауын” июнь айының басында көтереді. Бұл кезде көктем гүлдері түсіп қалып, жазда гүлдейтін өсімдіктер әлі гүлдемеген кез болғандықтан, көкнәр далаға жеке өзі ғана қожалық етеді. Бұл кезде көкнәрдан жалау тіккен қызыл дала еріксіз қызықтырады.

Шығыс көкнәрін алғаш рет өткен ғасырда белгілі француз ботанигі Жозеф Турисфор Армениядағы Арарат тауынан тауыпты.

Көкнәрді қолдан да өсіреді. Ерте көктемде оның тұқымдарын жақсы өңделген топыраққа сепсе болады, келесі жылы газондар біркелкі өскен ашық түсті көкнәр гүлдерімен көмкеріліп тұрады.

Көкнәрдің тағы бір жақсы қасиеті тұқымды өте көп береді және олардың өнгіштік қабілеті де жоғары.

Шығыс көкнәрін түбін бөлу арқылы вегетативтік жолмен қолдан көбейтуге болады. Мұның екі жақты пайдасы бар. Біріншіден, жан-жаққа жайылып өсетін түбі сиретуді қажет етсе, екінші жағынан кесіп алынған өсімдікті басқа жерге отырғызуға болады. Бұл жұмысты өркендері қаулап өсетін апрель айында жүргізу керек. Көкнәр күтім талғамайды, өте “көңілшек” өсімдік. Ол қандай жер болса да өсе береді. Арамшөптерден де қорықпайды. Олармен күресте әр уақытта жеңіске жетеді.

Көкнәрдің әсемдік сапасы гүлдеген кезде өте жоғары болады. Гүлдеп біткен соң күлтелері ғана емес, ерекше жапырақтары дакеуіп қалады. Тек күзде ғана әдемі дөңгелек жапырақтары бар нәзік жас өскіндер шығарады. Ол өскіндер қар астында қыстап шығады, одан келесі жылы гүлді өркен пайда болады. Алайда, ғалымдар шығыс көкнәрін бір жылда екі рет гүлдетуге болатындығын дәлелдейді. Ол үшін көкнәрға жақсы күтім керек. Көктемнен бастап топырағын қопсытып, арамшөптен тазартып, суарып және органикалық-минералдық тыңайтқыштарды үзбей беріп тұру қажет. Көкнәр ұшында ірі жасыл түсті бітеугүл және жапырағы бар сыртқы түкті мықты сабақ шығады. Ал сентябрь айның басында ол жастығына қайта оралып екінші рет гүлдейді. Басқа өсімдіктердің гүлі түсіп қурай бастаған кезде, көкнәр өсімдігі көзге көктемді елестетіп, өзінің балауса гүлімен жанға айырықша шуақ үйіреді.

Көкнәрді ағаштардың арасына, бұталардың алдына, гүлзарлардың және гүлкөмбелердің ортасына тобымен егуге болады. Сондай-ақ, жерді арнайы даярлап, белгілі пішін беріп өсірсе де тиімді.

Көкнәр тұқымы арқылы көбейеді. Жемісі піскен кезде жоғары жағында тесігі бар құрғақ қораптың ішінде тұқымдары бос жатады. Жел соққан кезде ұзын жеміс сағағына орналасқан қорап жан-жаққа теңселеді де айналасына әлгі тесігі арқылы тұқымдарын шашады.

Көкнәрдің сақтана жүруді қажет ететін тағы бір сыры бар. Ол улылығы. Гүлдің қорабы піспеген кезде улы болады. Оның улылығы сүт шырынының құрамындағы морфин, кодеин, папаверин сияқты алколоидтарға байланысты. Дайындалған шөп пен сабанның құрамына көкнәр еніп кетсе мал уланып қалады.

Тоты көкнәр (Мак павлиный). Бұл негізінен Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шаньда тасты, құмды беткейлерге тараған түр. Тек өсетін сабағының ұзындығы 15-65 см-ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Кейде бір түптен бірнеше сабақ та шығуы мүмкін. Ал сабаққа бекіген жапырақтарының сағағы болмайды. Гүлдері ірі, диаметрі 3-5 см-ге дейін жетеді. Күлтелері бітеугүлдің ішінде жатқанда солғын қызыл болса, ашылған соң ашық қызыл реңге енеді. Бұл кезде күлте ұзындығы 2-5 см-ге жетеді. Күлтелерінің төменгі жағында доға тәрізденген қара күлте сағағында қара көк дақтары бар. Ол екеуінің аралығындағы күлтенің түгі қызыл-көк немесе күңгірт-қызыл түсті болады. Табиғатта бұл түрдің кейбір жеке өсімдіктерінде қызыл түсі басым, олар кейін қызыл түсінен айрылады. Гүлдеуі өскен жерінің биіктігіне айланысты апрель-июнь айларында жүреді. өсірілген жер ластанбас үшін гүлдеп болған соң тұқымы піспес бұрын шауып тастау керек.

Сеппе көкнәр (Мак самосейка). Бұл Алтай, Жоңғар және Іле Алатауларында өсетін түр. Европалық бөлігінде, Батыс Сібірде кездеседі. Биіктігі 90 см-ге жететінтүкті сабағы бар, бір жылдық өсімдік. Күлтелерінің төменгі жағында ірі қара дағы бар, қалған бөлігі ақ түсті болуы мүмкін.

Жалаңсабақ көкнәр (Голостебельный). Алтай, Тарбағатай тауларының қорым тасты беткейлерінде, құмды жайылымдарда альпі және субальпі белдеулерінде өседі. Республикадан тыс Батыс және Шығыс Сібірде кездеседі. Бұл биіктігі 15-50 см-ге жететін сабағы бар, өркендері жиі өсетіндіктен шым құрайтын көп жылдық өсімдік. Ұзын түкті жапырақтарының түсі сұрғылт. Тік өсетін мықты және сырты түкті гүл сағақтары бар. Сары түсті күлтелері тез өсіп қалады. Қораптарының сыртын ақ немесе сарғыш түктер басып жатады. Июнь және июль айларында гүлдейді. Тұқымы арқылы оңай көбейтуге болады.

Қазақстанда өсетін жіңішке көкнәр деген түр азайып кетуіне байланысты “Қызыл кітапқа” еніп отыр. Бұл Орталық Қазақстанның шығыс бөлігіндегі жартастарда, тасты беткейлерде, тау жайылымдарында, Қазақстандық Алтайдың қырқаларында ғана кездеседі.



Каталог: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет