Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы



бет3/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Практика № 5


Тақырыбы: Тағамдық өсімдіктер және оларды пайдалану.

Жоспары:

1.Грек жаңғағы.

2.Қияр, Мандарин.

3.Шие, Шабдалы



Практикалық (семинар) мақсаты: Тағамдық өсімдіктердің пайдасы.

Практикалық (семинар) мәтіні: Грек жаңғағын - бұдан 10 ғасыр бұрын Россияға грек көпестері әкелген. Оның грек жаңғағы аталуы да сондықтан. Гректер бұл жаңғақты синап болмаса персі жаңғағы деп атаған.Бұл жаңғақтық отаны – Орта Азия . Гректер қырымды отарлағаннан бастап осы жаңғақты Қырым жерлеріне еге бастаған . Содан кейін Оңтүстік Россияға тараған . Грек жаңғағы көп елдерде байлықтың , ұзақ өмірдің белгісі деп танылған . Сондықтан грек хплқы той – думандарда бір-біріне осы жаңғақты сыйлық ретінде тарататын болған . Кавказда , Молдава халықтарында сол әдет осы уақытқа дейін сақталған . Яғни бала дүниеге келгенде соның құрметіне осы грек жаңғағын отырғызған . Грек жаңғағының тағамдық қасиеті өте жоғары . Оның құрамында 75 % жақөын май , 20% белок заты бар . Аскорбин қышқылы А, В, Р, Е витаминдері де өте көп мөлшерде болады. Грек жаңғағы жалпы организмді әлдендіруге , атеросклерозды емдеуге өте үлкен әсер етеді.

Қиярдың отаны- Индия , Египет және Грецияда да ерте заманнанөсірілген . Шамамен қиярдың Россияға келуі м 16 ғ бас жағы болса керек. Қазіргі кезе Оңтүстік аудандарда ал терістік жақта теплицалаларда өте көп мөлшерде өсіріледі. Қиярдың құрамында 37 %су , клетчатка , аскорбин қышқылы В витвмині каротин , калий аз мөлшерде азоттық заттар бар. Қиярдың өзіне тән жағымды иісі , дәмі адамның тамаққа тәбетін ашады. Зат алмасу процесі кезінде организмде пайда болған керексіз заттарды шығаруға көмектеседі. Ерте заманда Египеттіктер қияр сөлін щәр түрлі аурулар ды емдеуге соның ішінде ит қапқанда да қолданған .

Күнбағыс – Европаға Солтүстік Америкадан 1560 жылы , Россияға Петр 1 түсінда Голландиядан әкелінген. Қазіргі кезде елімізде өсімдік майы алынатын негізгі өсімдіктердің бірі. Дәнінде май 47% дейін жетеді. Белок пен углеводқа да өте бай . Бұдан басқа фитин , йлік заттары да болады. Өт жолдары бронхитті , пневмонияны емдеуге пайдалы.

Лимон –Оңтүстік елдерде өседі. Біздің елімізде Грузия , Кавказ , Орта Азия республикаларында өсіріледі. Жемісінде лимон қышқылы 7 % тей , қанттар 2-3 % болады. Бұлардан басқа аслкорбин қышқылы болады. Жемісі қабығында 0,6 % эфир майы болады. Лимон ішек асқазан ауруларын оранизмде зат алмасуын реттеуде баспа мен фарингитті емдеуге пайдаланады.

Мандарин – Кавказдың Қара теңіз жағалауларында өседі. Жеміс құрамында 10-12 % , органикалық қышқылдар пектин заттары , минералды тұздар , эфир майы болады.

Фитонцидтердің көптігі арқасында мандарин жемісі әртүрлі микробтармен күресуге әсерлі , асқорыту жұмысын реттеге көмектеседі.


Насыбайгүл – табиғатта Оңтүстік Америка , Иран , Қытанй и, Кавказ, Орта Азия , Қиыр Шығыста кездеседі. Батыс Европа, Азия , Африка , Америка жерлерінде біздің Закавказье , Орта Азия Краснодар өлкесінде өсіріледі. Тағамдыққа насыбацгүлдің пайдасы бар . Оның өте дәмді , бальзам иісі бар . Тағамдыққа гүлденуден бұрын жинау керек . Оның құрамында эфир майы , гликозидтер , сапониндер Р- рутин витамині , А провитамині бар . Насыбайгүлдің орталық нерв жүйесін қоздыратын қасиеті бар. Қан айналысын және тыныс алуды жақсартады.


Өрік – шығыс елінің өте ерхтеден келе жатқан өсімдігі. Табиғатта Тянь – Шань мен Қытайдың тоғайлы тауларында кездеседі. Мәдени өсімдік ретінде Орта Азияда , Иран – Кавказ , Европада сорттары өте кең таралған Самарқант , Ферғана , Қырым , Терістік Кавказ, Украна Молдава жерлерінде өсіріледі. Бұл өрік жемісі дәмі және қоректілігі өте күшті . Құрамында 25% қант органикалық қышқылдар , аскорбин қышқылы, және өте көп мөлшерде бар. Бұлардан басқа жемісінде темір, каротин , пектин , инулин заттары болады. Кептірілген өрік жемісінде қант мөлшері 80-85% болады. Жемісінің дәнінде 76% дейін май , 25% белок , В витамині болады. Дегенмен өрік жемісінің дәнін көп жеуге әуестенбеген орынгды. Себебі улылық қасиеті бар Өрік жемісінің қан толықтыратын қасиеті бар .

Сұлы - астық тұқымдастарының ең бірінші қатарындағы дақыл . Еліміздің барлық жерлерінде егіледі. Толық пісіліп жетілген дәнінің құрамында 10-11 % белок , 40% крахмал ,

4-6% май В тобындағы витаминдер т;б заттары бар . Осы заттардың арқасында сұлы емдік қасиеті бар диеталық тағамдар қатарына жатады. Сұлыдан жасалған тағамдар вирусты гепатитті , гастритті , ішек асқазан жарасын , қышыма емдеуге өте шипалы.



Шие- Америкада , Қытай Жапония елдерінде біздің еліміздің көптеген аудандарында өседі. Көлемі жәнінен шие алмадан кейінгі орында .Шие жидегінің құрамында 15 % қант , пектин органикалық қышқылдар , В, РР витаминдері бар . Минералды заттардан мыс , калии , темір , магнии болады. Жидегінің дәнінде 25-35 % дейін май эфир майлары бар . Шие жидегі тамаққа тәбет арттырады және жалпы организмді әлдендіруге көмектеседі.

Шомыр- еліміздің біраз жерінде өсіріледі. Шомыр тамырында 5-6 % қант лизоцим , рафанол , аскобин қышқылы В витамині , , кальций магний пурин негіздері , Эфирдің күкіртті майы болады. Шомыр көбіне холецистит және өтте тас пайда болағанда , бауыр церрозына пайдаланылады. Ал ішек – асқазан гастрит ауруларымен ауырғанда шомырды тағамға пайдаланылады.

Шабдалы- Қырым , Кавказ , Орта Азия Молдава , Украйна жерлерінде өседі. Жеміс құрамында 15 % дейін қант , органикалық қышқылдар эфир майы , В тобындағы витаминдер каротин болады. Жеміс дәнінде 57% май , амигдалин ликозиді , эфир мацы болады. Шабдалы жемісінің зәр айдауға , ас қорытуды жүрек жұмысын реттеуде , салқын тигенде емдеуге өте пайдалы.

Иван – шәй – Биіктігі 150 см ұзынша қоңыр жасыл жапырақты көпжылдық шөп өсімдігі . Тоғайлы жерлерде ой қыр беттерінде , жол жағалауында өседі. Жас жапырағы өркендері С витаминніне өте бай .. Оларды салат щи әзірлеуге пайдаланылады.

Құрма- Биіктігі 10-30 м Африка Азия жерлерінде өсетін пальма . Жапырақтары өте ірі 4 м діңгегінің басында 40-80 –нен топтанып өседі. Оның жидегі кіші Азия , Солтүстік Африка тұрғындарының негізгі тағамының бірі болып есептелінеді. Оны күн көзінде кептіріп , аздап қант қосып повидла жасайды, болмаса сол күйінде жейді. Олардың құрамында адам организміне қажетті витаминдер , аскорбин қышқылы тағы басқа да басты – басты тіршілікке керекті заттар болады. Олардан түрлі салаттар жасайды немесе демдеуіш көк ретінде тағамға қосуға болады.

Практика № 6

Тақырыбы: Витаминді өсімдіктер.

Жоспары:

1.Қауын.


2.Асқабақ.

Практикалық (семинар) мақсаты: Витаминді өсімдіктермен таныс болу.

Практикалық (семинар) мәтіні: Қауын дақылы Орта Азияда біздің дәуірге дейін шыққан. Біздің дәуірдің ІІ ғасырында Ферғана алқабында болған қытайлар онда жақсы қауындар бар екенін анықтаған. Хорезм маңындағы қазбалардан біздің дәуіріміздің ІІІ ғасырына жататын қауын дақылының дәндері табылған, ал Қырымдағы Севастополь түбіндегі қазбадан тіпті ерте дәуірдегі қауынның дәндері алынған.

Қауында қант қарбыздан да көп. Жеміснде сахароза басым, моносахаралар аз (фруктозалар мен глюкозалар шамамен тең мөлшерде). Орташа және кеш пісетін сорттарында қант көп – 1-5% дейін.

Қауын жемісінде клетчатка, гемицеллюлоза, пектин заттары, крахмал витаминдер: С, В1 В2, РР, фолий қышқылы, белоктар, ұшпа қош иісті заттар бар; күкірт пен натрий көп.

Қауын медицинада бүйрек, асқазан ауруларына, қан аздыққа, аруды басатын дәру ретінде, тіс еттерін нығайту, тыныс жолдарын тазарту үшін, бронхит пен туберкулезге кеңінен қолданылады. Қауынның жемісі шөлді басады. Оны жаңа және өңдеген күйінде қолданады – тосап, пюре, компот, цукат, бал жасап жейді. Кептірілген қауында 50%-ке дейін қант бар, ұзақ сақталады. Шала піскен қауынды тұздауға болады. Дәндерінде 19-35% май бар.

Қауын шөп тектес, көлбей өсетін сабағы бар, бір жылдық өсімдік, асқабақ тұқымдастарға жатады. Жылыны сүйгіш өсімдік, дәндері 15-180С-де көктейді. Қауынды көпжылдық шөптер өскен жер қыртысына және бұрын дәнді дақылдар егілген жерге еккен жақсы. Ал қауын егілген жерге басқа дақылдар да жақсы өседі, өйткені одан кейін егістікте арамшөптер азаяды.

Қауын топырақты терең өңдеуді қажет етеді. Себер алдында тұқымдарды ТМТД-мен (1кг тұқымға 3г) улайды. Оның үстіне тұқымды 3-4 минут ыстық суға (60-650С) салады, содан соң 250С-де 3-4 тәулік ұстайды. Тұқымды араларын 70х70 см, 70х210 см етіп себеді. Күтіп-баптаған кезде, міндетті түрде терең етіп қопсытады.

Қазақстанда қауынның мына сорттары аудандастырылған:

Колхозница – жемісі шар тәрізді, орташа көлемді, қызғылт-сары-жасыл түсті. Жұмсағы ақ, кейде жасыл қабатты болып та келеді, өте тәтті. Вегетациялық кезеңі 80-110 тәулік.

Бухарка – жемісі эллиптикалық формада, ірі, ақшыл-лимон түстес, қызғылт-сары сирек дақтары бар. Жұмсағы ақ, тәтті. Вегетациялық кезеңі 75-95 тәулік.

Жасыл гуляби – жемісі жұмыртқа тәрізді, тегіс, суретсіз, жасыл, сәл торкөзденген. Жұмсағы қалың, тығыз, өте тәтті. Ұзақ сақтауға жарайды. Вегетациялық кезеңі 135-140 тәулік.

Жергілікті сарғыш Хандалях – жемісі ұсақ, сопайғандау, сәл сегменттелген, торкөзді, сары. Жұмсағы ақ сары түсті, тәттілігі орташа. Вегетациялық кезеңі 60-65 тәулік.

Жергілікті қара гуляби – жемісі цилиндр формалас, ірі (5-7кг), үстіңгі беті қыртысты. Жұмсағы ақ, қалың, талшықты, сәл қытырлақ, шырынды, тәтті, ваниль дәмдес. Кеш пісетін сорт, ұзақ жатып піседі. Ұзақ сақтауға лайықталған.

Ірі жемісті Ич-Қызыл – жемісі сопақша, орта көлемді. Жемістің үсті тегіс, сарғыш-жасыл түсті. Жұмсағы қалың, ақшыл-қызғылт түсті, талшықты, қытырлақ, биязы, шырынды, тәтті. Орташа ерте пісетін сорт (83-87 тәулік). Кей жылдары жемісі жарылып кетеді.

Асқабақ – ежелден егілетін өсімдік. Мексика тұрғындары біздің дәуәрге дейін 3000 жл бұрын оны азық еткен. Асқабақтың жемісті жұмсағында пайдалы заттар көп. Одан В1, В2, В3, В9, С витаминдері, мыс, кобальт, кальций, темір тұздары және көптеген калий тұздары, каротин (А провитамині) табылған.

Мал азықтық асқабақтың мал өнімін арттыруда үлкен маңызы бар. Асқабақта белок заттары мал азықтық қызылшаға қарағанда 4 есе көп.

Асқабақ, этникалық деректер бойынша, басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Орта Азия халықтары асқабақтан тамақ салатын, сұйық құятын жеңіл әрі әсем ыдыстар мен сауыттар жасайды. Африкада көлебас асқабағынан әр алуан формада аспаптар жасайды, бұл асқабақ үйдің маңында өседі, оның жемісін көк күйінде байлап, қажетті көлемде өсіреді.

Біздің елде асқабақтың үш түрін: қатты қабықты, ірі жемісті және мускат өсіреді.

Қатты қабықты асқабақ Орталық Америкалық таулы аудандарынан шыққан. Асқабақтың басқа түрлеріне қарағанда, оны солтүстіктеу аудандар өсіреді. Ол ылғалды топырақты көбірек қажет етеді. Қатты қабықты асқабақтың сабағы өткір қырлы, сапалы, жеміс – сабағы тікенді-түкті келеді.

Ірі жемісті асқабақ Оңтүстік Американың жазық дала аудандарынан шыққан. Оның цилиндрлі сабағы және ұзын түкті дөңгелек жеміс-сабағы болады.

Мускат асқабағы Орталық Американың теңіз жағалауындағы аудандардан шыққан. Біздің елде оңтүстік аудандарда суарып өсіреді. Жемісінің түсі мен қабығы түсінің айырмашылығы шамалы, бірақ формасы жөнінен әр алуан болып келеді (жайпақ, сопақша, ұзынша, шоқпар тәріздес). Мускат асқабағының сабағы доғал-қырлы және жеміс сабағы жеміс түбінде өте жалпақ болады.

Асқабақ құнарлы жерді қажет етеді, жас қи тыңайтқышын төксе, жақсы өседі. Асқабақты мына схема бойынша себеді: 1,4х1,4, 2,1х2,1, 2,1х2,8 м. Асқабақ егісіне гүлдерді қосымша тозаңдатады, ал солтүстік аудандарда – суық түсерден бір ай бұрын өркендерді тұқыртады. Асқабақ жемісінде негізінен полисахаридтен шығатын көміртегі бар.



Қатты асқабақтың сорттары: Алтайская – жемісі ірі, ақшыл-қоңырқай үзік дағы бар ақшыл-қызғылт сары. Жұмсағының қалыңдығы орта көлемді, ақшыл-қызғылт сары түсті, тәтті. Вегетациялық кезңі 75-85 тәулік.

Мозолевская – кері жұмыртқа тәрізді, сары, жасыл-сарғыш суреттері бар. Жұмсағы қызғылт-сары не қоңыр-қызғылт сары, тәтті. Вегетациялық кезеңі 120-135 тәулік.

Ірі жемісті асқабақ сорттары: Волжская серая. Вегетациялық кезеңі 100-110 күн. Столовая зимняя. Кеш пісетін сорт. Цилиндрлі не шоқпар тәрізді жемістері бар мускат сортты асқабақтарды: Кашгарская, жергілікті Перехватка, Палавкаду – елдің оңтүстік аудандарында өсіріледі

Практика № 7


Тақырыбы: Қазақстан өсімдікдіктерін қорғау. Қызыл кітабқа енгізілген өсімдіктер.

Жоспары:

1.Кауфман қызғалдағы.

2.Регель қызғалдағы.

3.Островский қызғалдағы.



Практикалық (семинар) мақсаты: Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Келлер кестежусаны (Күрделігүлділер тұқымдасы) – Алтайдың ең сирек кездесетін өсімдігі. Бұл көп жылдық жергілікті түр әлемнің тек бір ғана нүктесінде – Азутау жотасының оңтүстік беткейіндегі Мрамор тауында (Шығыс Қазақстан облысы) кездеседі. Құрғақ тастақты беткейлерде, кейде сирек кездесетін Алтай қасқыржидегімен бірге өседі. Тамырсабағы өрмелегіш, бұтақтанған, сондай-ақ көп мөлшерде вегетативті, аз мөлшерде генеративті өскіндері өсіп жетіледі. Сабақтарының биіктігі 70 см-ге дейін. Бас жағында әлсіз бұтақтанған 2-6 гүлді себеті бар. Жапырағы жібек тәрізді сұрғылт қалың түкті, сабақты, сабақтағылары қауырсын тарамды тақталы. Тақтаның бүйір бөлігі ұсақ жіңішке соңғы бөлігі ірі, жалпақ жұмыртқа пішінді. Вегетативті өркендердің жапырағы жай дөңгеленген ромб тәрізді тақталы және ұзын сағақты. Гүл шоғыры диаметрі 3 см-ге дейін, ақ тілше тәрізді жиектегі гүлдерімен және сары қосжынысты түтік тәрізді. Пішіні және түсі жағынан гүлшоғыры түймедағына ұқсас, сондықтан кестежусанды жиі орыс тілінде “ромашник” деп те атайды. Бұл түр маусымда гүлдейді, шілде де жеміс береді. Жемістері көп сұр қабырғалы тұқымшалар, айдарсыз жай ғана жерге шашылып қалады. Келлер кестежусаны сирек кездесетін түр болғандықтан қорғауды қажет етеді, сондықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ол қолда жақсы өседі (вегетативті түрде көбейеді). Алматы ботаника бағында, Қарағанды және Риддерде. Декоративтік өсімдік ретінде үлкен қызығушылық туғызады. Өсе келе топырақ бетін көкшіл жапырақ шоқтарымен толық жабады, қыс мезгіліне дейін жас күйінде сақталады.

Кауфман қызғалдағы (Лалагүлдер қызғалдағы)-тек жұмсақтау және ылғалды Батыс Тянь-Шань (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) тау беткейлеріне дейін көтеріле өседі. Алдыңғы түрден едәуір қысқа. Сабағымен, жапырақтарының дақсыздығымен (әдетте, олар екіден, төрттен емес) едәуір жіңішке және ұсақ гүлдерімен (биіктігі 6 см) ерекшеленеді. Түске өте бай – ақ, ақшыл сары, жылтырауық, ашық сары, қызғылт сары, алқызыл, күңгірт қызыл. Гүлсерігінің сыртқы жапырақшаларының артқы жағында қарама-қарсы жолақтар жақсы бейнеленген (сирень түсті, жасылдау, қызыл, күңгірт қызыл). Жоғары декоративті түр, сұрыптауда кеңінен қолданылады. 200 сорты бар және мәдени қызғалдақтардың ерекше тобының бірі. Кауфман қызғалдағы және оның будандары ерте гүлдейтіндігімен бағалы, (наурыздың аяғы), және регетативті жолмен көбейеді. Қолда жақсы өседі, бес жылда гүлдейді. Өте тиімді сәндік түр. Алдыңғы түр сияқты адамдардың қолдары тимеген жерлерде қаулап өседі. Көктемгі жасыл алқапқа ашық және әртүрлі түстерімен сән береді. Ерекше қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Регель қызғалдағы (Лалагүлділер тұқымдасы) – Қазақстанға тән түр, тек Шу, Іле тауларында ғана кездеседі (Алматы облысының батысында, Жамбыл облысының шығысында) тасты, жартасты беткейлерде, жиіріек жалаңаш жартастарда кездеседі. Онша биік емес, сабағы (10 см-ге дейін) сабақты қапсыра қоршаған жапырағы эллипс пішінді, беткі жағында көптеген созыңқы тармдарымен. Барынша тығыз, көкшілдеу, басыңқырап көргенде, серпілділігін де байқау қиын емес. Гүлі де жалғыз, биіктігі 2,5-3 см жейін, гүлсерігі үшкірлеу жапырақтарымен. Олардың ішкі жағы ақ, түп жағы сары дақты, сыртқы үшеуінің артқы жағы ашық-күлгін түсті. Гүлдің оңтүстік бәйшешегіне ұқсастығына байланысты (алатау шафраны) жергілікті тұрғындар Регель қызғалдағын да “бәйшешек” деп атайды. Бұл түр өте ерте наурыздың аяғы, сәуірдің басында гүлдейді. Жемісі мамырдың аяғында піседі. Тұқымымен көбейеді, қолда өсіру қиын, ерекше күтімді талап етеді. Бұрыннан сақталған, сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Островский қызғалдағы (Лалагүлділер тұқымдасы) – тек Іле Алатау жотасының орталық және батыс бөлігінде және Қырғыз жотасының шығыс бөлігінде (Алматы және Жамбыл облыстарында) кездеседі. Алматы қаласының ма,ынан кездесетіндіктен көп уақыттар бойы Қазақстанға тән түр болып есептеліпкелді, кейіннен Қырғызстанмен шектесетін территориядан табылды. Таулардың төменгі, ортаңғы белдеулерінде, қоректік қоры мол топырақты беткейлерде өседі.бүршік жарған кезінде барынша биік иілгіш (40 см-ге дейін) сабағымен, қандауырша тәрізді жиектері толқындаған үш жапырағымен және ұзарған әдемі гүлімен ерекшеленеді. Жарық мықты болған кезде, жұлдызы тостаған тәрізді ашылады. Түсі – алқызыл, түбі қара немесе сары, кейде барынша күңгірт қызыл, сары, кейде сап-сары түстер кездеседі. Кеш гүлдейді, сәуірдің аяғынан мамырдың аяғына дейін, маусым-шілдеде жеміс береді. Тұқымымен көбейеді. Тиімді декоративті түр, мәдени түрде жақсы өседі, тұқымымен төртінші жылы гүлдейді. Ботаникалық бақтарда ьанымал және Батыс Европаның, АҚШ және Канаданың жеке топтамаларында белгілі. Сұрыптауда қолданылмайды, бірақ көгалдандыруда үлкен қызығушылық тудырып отыр, әсіресе Қазақстанның оңтүстік елді мекендерінде. Жеке түрлерінің саны табиғи популяцияларда мүлдем азайды, әсіресе Алматы маңында, себебі тау беткейлерін саяжайлар салу мақсатында жаппай игеру және тұрғындардың гүлшоқтарын жинауы осындай күйге жеткізді. Түр қорғауды қажет етеді. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Басқа қызғалдақтардай ерте көктемде аралар үшін бағалы азық болып табылады.

Сүйсін шиқылдақ (Құртқашаштар тұқымдасы) – туыс өкілі құртқашаш туысына жақын. Олардан айырмашылығы жер асты бөлігі пиязшық тәрізді. Жапырағы ораққа ұқсас. Туыс атауы әйелдердің табынушысы, ежелгі Рим құдайының құрметіне берілген. Қазақстандық 9 түрдің көпшілігі Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Ұсақ жапырақты және ірі қиыршық тасты беткейлерде, Батыс Тянь-Шаньның барлық жоталарының тау етегімен субальпі белдеуінің төменгі шекарасы аралықта өседі, (Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында). Пиязшығы кіндік тамырлы, сабағының биіктігі орташа 30 см-ге дейін, тарбиған, ашық жасыл түсті, орақ пішінді, жапырақтарымен. Гүлсерігінің саны әдетте 3-5, сирек олар көптеу немесе бір ғана, бозғылт сары, ірі (диаметрі 5-7 см), гүлсерігінің сыртқы жапырақшаларының ортаңғы бөлігі қанат тәрізді керілген, ұш жағында ашық сары дақтары бар. Ішкі жапырақтары ұсақ, ұзындығы 105 см аспайды. Тақтасы үшкір, үш қалақты. Сәуірдің ортасында гүлдейді, маусымның аяғына дейін, маусым-шілдеде жеміс салады. Тұқымымен де вегетативті жолмен де көбеюі тиімді. Тамаша сәндік өсімдік. Мәдени түрде де, табиғатта да бірқалыпты. Батыс Еуропаның гүл өсіретін фирмаларының каталогтарында жүз жылдан астам уақыттан бере орын алып келеді.

Батыс Тянь- Шань жергілікті түрі болып табылады. Қазақстанда тек ботаникалық бақтарда ғана өсіріледі. Тұқымы бір жылдан соң көктейді, тіршілігінің 3-4 жылдарында гүлдейді. Табиғаттағы саны аз, түр гүлшоқтары жинаудан зардап шегеді. Қазақстанның Қызыл кітабының екінші басылымына енгізілген.


Практика № 8


Тақырыбы: Су жануарлары. Итбалық.

Жоспары:

1. Итбалық.

2. Каспий итбалығы.

Практикалық (семинар) мақсаты: Су жануарлары мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Итбалық (тюлень) - ескек аяқты сүт қоректілердің бір тұқымдасы. Бұл тұқымдастарға жататын аңдардың суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында бірқатар сол ортаға бейімшілдіктері бар. Терісі қалың , түгі қысқа, шел майы салалы. Итбалықтың денесі ұзынша кеспелтек тәрізді, терісі қалың, түгі қысқа,шел майы қалың(8 см ге дейін), ал аяқтары атына сәйкес ескек болады. Мойны денесімен тұтас біткен, яғни басы айқын бөлектеніп тұрмайды, құлақ қалқаны болмайды, итбалық суға сүңгігенде құлақ тесігі жабылып қалады. Аяқтары түкті ,саусақтары тырнақты. Артқы аяқтары жер үстінде және мұзда жүруге бейімделген.

Бұл аңның дене жылуы мен оны сыртқы механикалық әсерден сақтауда және хайуанаттың меншікті салмағын реттеп отыруда тері астындағы май қабатыныңатқаратын ролі зор. Сонымен бірге итбалықтың иіс сезу мүшесі де жақсы жетілген, бірақ көзі нашар көреді.

Итбалықтың дене тұрқы 1,2 метрден 6,5 метрге дейін жетсе, ал салмағы 50-60 килограмнан 2-3,5 тоннаға дейін тартады. Тіршілігінің көбін суда, мұз үстінде өткізеді. Кейбіреулері су жиегін мекендейді.

Қазақстанда оның бір-ақ түрі – Каспий итбалығы (каспиский тюлень) ғана кездеседі.

Каспий итбалығы –дене тұрқы 150-160 сантиметрдей, салмағы 50-85 (орташа 70) килограмдай, тарғыл түсті аң. Бұл аңның салмағы әсіресе жасына және маусымға байланысты қатты өзгеріске ұшырап отырады.

Итбалық түлеп, шағылысатын және күшіктеитін мезгілдерінде мұздың үстіне шығады. Мұнда бірнешеуі бірігіп, топтанып күшіктейді. Осы кезде белгілі бір жерді “ жатақ” жасапп онда бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған итбалықтар шоғырланады. Оларды осы кезде аулайды.

Каспий итбалығының шағылысу кезеңі февральдың ортасынан және марттың алғашқы күндерінен басталады. Буаздық мерзімі бір жылдай. Одан кейін әдетте жалқы, ішінара егіз күшік табады. Күшігін өте дәмді және майлы сүтімен үш- төрт тәуліктей емізеді. Күшіктері ақ түсті, жүні үлпілдек болып туады да “ақ күшік” аталады.

Бұл күшіктер тез өсіп, екі-үш айлығында қатты семіреді. Бұл кезде оларды “май күшіктер” деп те атайды.

Күшіктер екі –үш тәуліктен кейін-ақ түлей бастайды. Сондықтан да екі-үш айлық күшіктерінің жүнінің түсі сұрғылт, ал бір жастағыларыныкі-қара қоңыр болады және соңғысынікі жүні сиректенеді. Бір жастағы күшіктерді “қара күшіктер” деп атайды. Сөйтіп, итбалықтардың алғашқ бір жылдың ішінде тері түгінің түсі бірнеше рет өзгереді. Итбалықтар жылына бір рет түлейді, бірақ та жалпы түлеу мерзімі ұзаққа (1,5-2 айдан 3-4 айға дейін) созылады.

Бұл аң жыныстық жағынан бес жылда жетіледі. Каспий итбалықтары “ұзақ жасайтындары” қатарына жатады. Кейбіреулері 50-55 жыл тіршілік етеді.

Итбалықтар балықтармен және шаян тәрізділермен, молюскалармен және басқа да омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді.

Ересек итбалықтар күзге және қысқа қарай бойына 40-50, кейде 60-70 килограмға дейін май жинайды. Қыста осы бойына жинаған майымен “қоректенеді”. Көктем шығарда денесіндегі майы едәуір сылынып, жүдейді.

Итбалықтың табиғи жаулары онша көп емес. Бұларға балықтардан –қортпа, ал жер үстінде тіршілік ететін омыртқалы хайуандардан-ұзынқұйрық, ақиық, су бүркіті және қыранқара сиақты ірі жыртқыш құстар жатады. Бұл қанаттылар көбінесе итбалықтың ақ күшіктерін аулайды.

Итбалық- ерекше кәсіптік маңызы бар аң. Үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарында Каспий теңізінде жылына 100 мыңға дейін итбалық терісі дайындалған. Олардың майы да пайдаланылған. Әсіресе ақ және май күшіктерінің терісі өте құнды бағаланған. Қазіргі кезде күшіктері ғана терісіне бола ауланады. Одақ бойынша жыл сайын мемлекетке40-50 мың итбалықтыңмамық елтірісі дайындалып тапсырылады. Бұл аңдардың, әсіресе ақ күшіктердің боялған терісі әр түрлі киімдер, әсіресе әиелдердің ішігін тігуде пайдаланылады. Ал, оның майы мен белогы медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылса, сүиегі мен еті құрамажем дайындауға кетеді.

Сондай-ақ итбалықтың майы негізінен техникалық былғары жасау, сабын жасау, үшін пайдалануға болады. Ал оның етімен аң шаруашылығында өсірілетін терісі бағалы аңдарды азықтандыруға болады. Итбалықты балық шаруашылығы саласында істейтіндер кәсіпшілік жолмен аулайды.

Практика № 9


Тақырыбы: Құстар. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін құстар.

Жоспары:

1.Жекдуадақ немесе жорға дуадақ.


2.Қарабауыр және ақбауыр бұлдырық.

3.Азия және үлкентұмсықты шүрілдек.



Практикалық (семинар) мақсаты: Шөл мен шөлейтте кездесетін құстар мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Жекдуадақ немесе жорға дуадақ – дуадақтар тұқымдасының өкілі. Дене пішіні орташа, салмағы 1-2,5 кг. Дуадақтан жағасындағы ақ қара қауырсындары мен ерекшеленеді. Шөлде онша көзге түсе бермейді, ұшқан кезде бірден байқалады. Қанатында ақ қара жолақтары бар ірі құс. Әсіресе сәуірдің басында таңертең аталықтары ойнақ салады. Бұлар қашқан кезде жылдамдығы 40 км/сағ дейін жетеді. Жекдуадақтың ең сүйікті мекендейтін жері балшықты жазықтың құммен шектескен жері. Бетпақдала мен Үстірттің ортасында тақырда мекендейді. Қазақстанда ұялайтын жекдуадақтар қыста Арабия, Иран, Ирак, Пакистан шөлдеріне ұшып кетеді. Бұл құстар Қызыл кітапқа енген.

Азия және үлкентұмсықты шүрілдек – бұл шөл балшықшылары, екеуінің де дене пішіні бірдей, салмағы 90-100 грамм, тез жүгіреді, жер бетіне жақын екпіндей ұшады. Екі шүрілдектің де денесінің үсті сұр-сарғылт, төменгі жағы ақ түсті. Үлкентұмсықты шүрілдектің жемсауы жалпақ сары, жолақ келеді, ал көзінің айналасында үлкен қара дағы бар. Ал Азия шүрілдегінің және Каспий шүрілдегінің айналасында қара дағы жоқ, ал сары жолағы жалпақтау. Бұлардың ең негізгі айырмашылығы тұмсығында: бірінші түрде жуандау, екінші түрде жіңішке. Екі шүрілдекте судан алыс шөл ортасында тіршілік етеді. Жұп болып қоныстанады. Қазақстанда наурыздан қыркүйекке дейін болады.

Қарабауыр және ақбауыр бұлдырық – бұлар кептерге ұқсас, салмағы 300-450 грамм, бұлдырықтар тұқымдасы, нағыз шөл құстары, сусыз әрі ыстық жағдайларға үйренген. Қазақстанда бұл тұқымдастың үш түрі бар. Оның екеуі бұлдырық туысына жатады. Қарабауыр бұлдырық ол ірілеу, құлағында үлкен қара дағы бар. Ақбауыр бұлдырықтың қара дағы жоқ. Қарабауыр бұлдырық әр түрлі шөлдерде – Зайсан шұңқырынан Каспий маңына дейін ал ақбауыр бұлдырық Арал теңізінің маңынан Балқаш көлінің батыс жағалауына дейін таралған. Екі бұлдырықта ешқандай төсенішсіз жердегі шұңқырға екі-үш шұбар жұмыртқаларын салады. Мамықты балапандары бірінші күннен бастап көлеңкеге кетуге тырысады, көбінесе бірнеше сағат бойы ыстық күн астында қалады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Қылаң төс бұлдырық немесе қылқұйрық – бұлдырықтардың жақын туысы, бір тұқымдасқа жатады. Денесі кішілеу, салмағы 200-250 грамм, дене пішіні ұзынша, құйрығындағы өте ұзын қауырсындары одан әрі ұзартып көрсетеді. Бұлдырықтардан айырмашылығы алдында бағытталған үш саусағы бірігіп өскен. Ұшқан кезде құрсағындағы қара дағы жақсы көрінеді. Құйрығындағы ұзын қауырсындары ұшқан да жеңіл әрі тез кетеді. Бұлдырықтың негізгі айырмашылығы – дауысы. Қызыл кітапқа енген.

Сарыалқым аражегіш немесе сары боздақ – жарқыраған түрлі түске боялған құстардың бірі. Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіндегі көгілдір құстар отрядының тропикалық өкілі. Оның денесінің пішіні қараторғайға ұқсас, салмағы 40-60 грамм, әлдеқайда сымбатты да әсем. Қауырсындары көгілдір, жасыл, сары және ашық сары түстермен боялған. Сарыалқым аражегіштің аяғының қысқалығы соншалықты жерде тіпті жүре алмайды, ұшқанда сымдар мен ағаштардың бұтағына қонақтап дем алады. Бұл Азия мен Европаның оңтүстік ормансыз аймақтарында кең тараған. Қазақстанда оңтүстік пен шығыстағы шөл-шөлейтті аласа тауларда кездеседі. Ұясын сары топырақты тік жарларға ұзын тұмсығымен қазып салады. Әр жұмыртқалағанда 4-7 жұмыртқа салады, 20 күнде басып шығарады. Қазақстанда 4 ай мамырдан қыркүйекке дейін болады.

Жасыл аражегіш – немесе, көк боздақ сары алқым аражегіштен айырмашылығы ашық сары және арқасындағы ашық қызғылт жолақтары жоқ, бояуы онша шұбар емес, даусы басқаша. Жасыл аражегіш онша көп таралмаған. Ол Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында, негізінен Сырдария, Жайық, Шу, Іле өзендерінде мекендейді. Африка мен Арабияда қыстайды. Шөл су қоймаларына жақын жерге орналасады, тік жарды керек етпейді. Ұя қазуда жердің кішкентай бедерінің өзі жарып тұр, тіпті машина дөңгелегінің ізінде пайдаланады. Сәуірдің екінші жартысында ұшып келіп, қыркүйек қазанда ұшып кетеді.

Қылаң тентек құс – кәдімгі тентек құстан шамалы ірі, салмағы 100 грамм, қауырсындары ашық түсті. Бұл құс күндіз бұтаның немесе жардың көлеңкесіне отырғанды ұнатады, күн батқаннан кейін шаң жолға отырады. Түнде белсенді тіршілік етеді. Қорегі түнгі көбелектер мен қоңыздар. Бұл шөл құсы Қазақстан да тек Қызылқұм шөлі мен Сырдария өзенінің оң жағалауындағы жазықтарда мекендейді. Қазақстанға сәуірдің соңы мамырдың басында ұшып келеді, тамыз-қыркүйекте ұшып кетеді.

Байғыз – жапалақтан 1,5 есе ірі, салмағы 150 грамм, оның айырмашылығы қауырсынды құлақтары жоқ, басының үсті тегіс. Арқасы мен қанатында ірі дөңгелек ақ дақтары, ал құрсақ жағында ұзынша теңбілдері болады. Бұл құмды және балшықты шөл мен шөлейттерде аласа тауларда тік жарларда мекендейді. Жеке иесіз қыстақтарда, мазарларда қоныстайды. Кейде күндіз көбінесе түстен кейін тіршілік етеді. Қорегі ұсақ кеміргіштер, құстар, бауырымен жорғалаушылар. Кейде қоры толық желінбесе ірі жемтігін қалқалау жерге бір күнге қалдырады. Бір-бірінен 1,5 км қашықтықта жұп болып ұялайды, 4-8 жұмыртқа салады. Аналығы 28 күнде басып шығарады. Балапандары 1 айдан кейін ұшады. Осыдан кейін келесі көктемге дейін байғыз жеке тіршілік етеді.

Практика № 10


Тақырыбы: Орманды дала жерлерінде кездесетін құстар.

Жоспары:

1.Құр, дыркептер.

2.Тырна, жылқышы.

3.Қырғи, аққұр.



Практикалық (семинар) мақсаты: Орманды жерлерде кездесетін құстар мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Құр – бұл құстың ерекшелігі аналығының құйрығында ешқандай желпеуіші жоқ, әрі өте реңсіз, сұр түсті құс. Құрдың аққұрдан айырмашылығы нағыз орман құсы. Жазда қорегін іздеп уақытының көбін жерде өткізеді, қыста ағаштарда қоректенеді. Жаздағы негізгі қорегі әр түрлі жеміс-жидектер, қыста бүршіктермен қоректенеді. Ағашта қоректеніп отырған құр қауіп төнген кезде, ешқандай шусыз ұшып кетеді, ал жерден ұшқанда барлықтары тауыққа тән қанаттарын қағумен жүреді. Аналықтары 4-12 шұбар жұмыртқа салады, 2 аптадан кейін балапандары ұшады.

Ителгі – Қазақстанда кездесетін 9 қыранның ішіндегі ең ірісі. Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда ителгі туралы тек орнитолог мамандар ғана білетін. Қазақстанның ірі қыраны. Қазіргі кезде оңтүстік және шығыс Қазақстанда ителгінің саны азайып, тек орман ды-далаларда қорықты жерлерді ұялайтын болған. Ителгі лашыннан шамалы ірі, салмағы 1,5 кг. Қорегі сүтқоректілер, ал құстардан шіл, үйрек, жекдуадақ. Ителгі өздері ұя салмайды, қарғалардың немесе жырқыш құстардың, жартастардың ұяларында орналасқан. Аналығы 2-6 жұмыртқа салады. 30 күнде басып шығарады. Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Тырна – көп тараған сұр тырна – ақбас тырнадан үлкендеу, салмағы 4-7 кг, түсі қаралау, ұзын сирақты, ұзын мойынды құс. Бұл орманды-далалы аймақтарда, балшықты жерлерде, ылғалдарда мекендейді. Тек кейбір жұптары өзен аңғар лары мен көл жағалауларында, қолайлы жерлерде яғни оңтүстікте солтүстік Тянь-Шань тауына дейін таралған. Ақбас тырнадан бұрын ұшып келіп, кейін ұшып кетеді. Жұптасып ылғал жерлерге қоныстанады, ұясын таяз жердегі томар, төмпешіктердің үстіне салады. Ұясы қолайсыз, үлкен, биік болып тұрады. Аналығы 2-3 жұмыртқа салады, 1 айда басып шығады. Олар 500-2000 м биіктікке дейін ұша алады. Тырналар өте сақ құс.

Қырғи – салмағы 150-300 грамм, нағыз орман жыртқышы, қысқа жалпақ қанатын ұзын құйрығымен бұтақтар арасынан жемтігін қудалауға өте қолайлы. Қорегі құстар. Қырғи жасырын құс, жемтігінің алдынан кенеттен пайда болса, бай-балаң тудырады. Ол өжет, батыл және қайсар өз мақсатына жету жолын қарастырады. Жемтігін есін жиғызбай соңынан түсіп ұстап алады. Негізгі қорегі бөдене және құстардың балапандары. Ұяларын ағаш басына салады. 2-5 жұмыртқа салады, 30 күнде басып шығарады. Орманды-даладан қазан да ұшып кетіп, сәуірде ұшып келеді.

Аққұр – орманды далаларда алыс солтүстік қонағы. Қазақстанда солтүстік, шығыс, кейбір орталық аудандарда таралған, ал қыста Сарыарқадан Балқаш көліне дейін жетеді. Қазақстанның солтүстігінде негізінен ақ қайың ормандарында, ал Алтайда шоқ ақ қайың тоғайларында мекендейді. Аққұрдың келбеті өте ерекше. Қыста бұл шағын тауық, салмағы 0,5-0,9 кг, аппақ болады, оның өзі ақ қауырсынмен жабылып тұрады. Көктемде аталықтарының қауырсындарында қоңыр сарғыш түс пайда болады, ал аналықтары түгелдей қара қоңыр түске шұбарланады. Аққұрдың қауырсындарының түсінің өзгеріп отыруы күрделірек, себебі аталығы бір жылда 4 рет, аналығы 3 рет түстерін өзгертеді. Ұясы жерде, түбіне шамалы шөп төселген. 10-12 жұбар жұмыртқаларын аналығы басып шығарады, аталығы қорғайды, балапандарын бірге ертіп жүреді. Балапандары ұшқаннан кейін, аққұрлар топ болып, көшпелі өмір сүреді. Аң аулау – нысаны.

Қарақұс - ірі қыран, бүркітке өте ұқсас, көбіне бүркітпен шатастырады. Қарақұстың айырмашылық белгісі – иығында ақ қауырсыны болады, бірақ ол көбіне байқала бермейді, бұл қырандарды айыру үшін еңбек дағдысы керек. Қазақстанның көп жерін мекендейді, бірақ орман даласы үшін әдеттегі құс, ағаштар ды ұялайды. Қылықтары мен аулау әдістері бүркітті еске түсіреді, бірақ қасқыр, түлкі сияқты ірі аңдарды жатыққан бүркіт ғана алады, қарақұстың бұларға күші жетпейді. Оның жемтіктері – сарышұнақ, қоян, аламан, кірпі, кейбір құстар мен жыландар. Ағашқа қолайсыз, үлкен ұяны екеуі салады, көптеген әртүрлі бұтақтарды төсейді. 2-3 шұбар жұмыртқаларын екеуі кезектесіп, 40 күннен аса басып шығарады. Балапандарын 70 күн асырайды. Қазақстанда наурыздан қарашаға дейін кездеседі. Бүркіт пен дала қыранына қарағанда аз кездеседі. Қазақстанның қызыл кіьтабына енгізілген.

Жылқышы – немісі тілінен аударғанда “орман шалшықшысы” ұзын тұмсықты, шымыр денелі, сары қауырсынды кішкене құс, салмағы 250-450 г. әуелде Еуропада патша қыр құсы деп есептел ген. өзінің суда тіршілік ететін туыстарынан айырмашылығы: жылқышы расында орманда мекендейді, ол күрең тартқан өткен жылғы төсеніш шөптің арасынан байқалмайды. Құрттармен, әртүрлі омыртқасыздармен қоректенеді. Тұмсығының ұшында жүйкелері шоғырланған, сол арқылы топырақтың ішіндегі жемтігінің аз қозғалысын байқап қояды. Сақ, әрі бұйығы, тек күй-ойнақ кезінде ерекше осқырған дыбыс шығарады. Орманның шалғай жерін таңдап, ұя салады, аналығы 22-24 күн ішінде 4 шұбар жұмыртқасын басып, балапандар шығарады, содан кейін оларды өзі ертіп жүреді. Бұл құстар не жұп, не топ құрайды. Қазақстанға наурыз-сәуірде ұшып келіп, қазан-қарашада ұшып кетеді.

Дыркептер – біздің фаунамыздағы ең үлкен кептер, салмағы 400-500 г. Қазақстанда орманды даланың солтүстік батысында және оңтүстік-шығыстың таулы ормандарында ұялайды. Ұшып өту кезеңінде Жайық аңғарынан басқа жердің бәрінде кездеседі, саны аз. Денесінің пішіні жағынан кептерге қарағанда, түркептерге ұқсас: денесі созылыңқы, құйрығы мен мойыны біршама ұзын, басының екі жағында ақшыл жақша тәрізді таңбасы жақсы көрініп тұрады, бұл – түркептерге тән қасиет. Ағаштар мен бұталардың тұқымдарымен, мысалы емен жаңғағымен қоректенеді. Суатқа ұдайы ұшады, ұясы ағаш бұтақтарында, түркептердікі сияқты ұқыпсыз салынған. Бұл науасыз, төсенішсіз шағын алаң, бұталар арасынан жұмыртқа жерден көрініп тұрады. Екі жұмыртқасын аталығы мен аналығы кезектесіп, 17-18 күнде басып шығарады. Балапандарын екеуі ұяда 20 күн қоректендіреді. Балапандары ұшқаннан кейін де, түнде ұяларына қайта талай оралады. Жылына 2-3 рет балапан шығарады. Дыркептер балапандары ұшқаннан кейін, топ болып далаларда қоныс аударып ұшып жүреді. Орманды дала аймақтарынан қазанда ұшып кетіп, наурыз-сәуірде ұшып келеді.

Түзкептер – дыркептерге қарағанда, онша көзге түсе бермейді, салмағы 250-300 г. Еуропа жалпақ жапырақты ормандарының өкілі. Қазақстанда тек 3 жерде ғана, оның екеуі – орманды дала аймағында, Жайық өзені аңғарында және қостанайға жақын Аманқарағай орманында кездеседі. Ұшып өту кезеңінде кең таралады. Саны аз құс. Бұл кептер жапырақты және аралас ормандардағы ескі ағаштарды ұнатады, олардың қуыстарында ұясын салады. Кәдімгі көксұр кептерге ұқсас, айырмашылығы – денесінің төменгі жағы ақшыл түсті және құйрық үсті ақ қацырсыны болмайды. Дауысы өзгеше, бірнеше рет “тутутутуту” деп дыбыс шығарады. Өте мәнерлі, орманды ағаштар арасында үлкен жылдамдықпен, керемет ептілікпен ұшады. Ұшқанда қауырсын қанаттары көксұр кептерде болмайтын өзіндік ысқырық шығарады. Жеке жұп болып ұялайды, қалған уақытта топ болып жүреді.

Аққабақ сайрақ – мысықторғайдың дене пішініндей, салмағы 60-90 г, бірақ бояуы қарапайым, торғайтектестер отрядының сайрақтар тұқымдасының өкілі. Жайық өзенінің аңғарындағы тал-теректі орманында қоныстанған. Ұшу, өту кезеңінде Қазақстанның көп жерінен кездестіруге болады. Бурабай көлінің маңында ұялауы мүмкін, себебі ұясын жаңа тастаған балапан дары кездескен. Ол әуезшіл сайраққа ұқсас, одан денесінің сары бүйірімен ерекшеленеді, шыңғырлаған әуенінде, көптеген дыбыстар бар, басқа сайрақтардың әуенінен нашарлау. Ағашта, сирек жерде ұялайды, 7 жұмыртқа салады. Кейбір жұптары екі рет балапан басып шығарады. Сәуірде ұшып келеді, тамызда ұшып кетеді. Басқа жерлерде қазанда да кездеседі. Пайдалы, жәндік жегіш құс.

Тұрымтай – денесінің жоғарғы жағы қоңыр көксұр және төменгі жағы сары қошқыл жіңішке ұзынша теңбілдері бар ашық түсті кішілеу қыран, салмағы 160-330 г. Қазақстанда орманды далалар мен далалы аймақтарда кең таралған. Мінезі қаршығаға ұқсайды, көбіне жерге жақын ұшып, жемтігін ұстау үшін кезкелген баспананың артына тығылады. Ормансыз жерде суат маңында жерге отырып, құстарды аңдиды. Тұрымтай жемтігін аңдып отырып, қырандар сияқты жоғарыдан түсіп, ауада алады, мүлт кеткен жағдайда, қырғи сияқты соңынан қуады. Негізгі жемтіктері – құстар, сонымен қатар ұсақ сүтқоректілерді де алады, жәндіктерден де кет әрі емес. Ұясы жерде, ағаш басында сирек кездеседі. 4-5 сарғыш түсті қоңыр дақты жұмыртқаларын аналығы бір ай шамасында басып шығарады, кейде аталығы кезектесуі мүмкін. Балапандарын ұясында екеуі бір айдай асырайды. Орманды далаларда наурыздан қазанға дейін кездеседі.

Практика № 11


Тақырыбы: Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар.

Жоспары:

1. Бұйра және қызғылт бірқазандар.

2. Кіші және сары аққұтан.

3. Ақ ләйлек.



Практикалық (семинар) мақсаты: Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген құстар мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: - Бұйра бірқазан, қызылжемсаулы қарашақаз, қытай қазы немесе қутұмсық, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмәр шүрегей, алакөз сүңгуір, дөңтұмсық тұрпан, қаратұрпан, ақбас үйрек, балықшы тұйғын, жыланжегіш қыран, бақылдақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, кезқұйрықты субүркіт, аққұйрықты субүркіт, сақалтай, жұршы, құмай, ақсұңқар, ителгі, бидайық, лашын, алтай ұлары, ақ тырна, сұр тырна, ақбас тырна, көкмаңдай, дуадақ, кезкелдек, жорға жуадақ, тарғақ, орақтұмсық, құртамыш шалшықты, шитұмсық шалшықты, тарбақ шырғалақ, қарабас өгіз шағала, рилікті шағала, қарабауыр бұлдырық, ақбауыр бұлдырық, қылқұйрық бұлдырық, қоңыр кептер, үкі, іле жорға торғайы, көкқұс, үлкен құралай.

Бұйра бірқазан – саны кеміп келе жатқан түр. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарындағы және Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі кейбір өзен –көлдерде жекеленіп ұялайтын топтарыда кездеседі. Тіршілік мекенінің нашарлауынан, республикамызда бар –жоғы 2мыңға жуық жұбы қалған. Ең алдымен Іле өзенінің бойында,сол сияқты Торғай өзенінің көлдерінде қорғалған.

Қызғылт бірқазан – Қазақстанда Арал теңізі мен Сырдария өзенінің төменгі сағасында қазір кездеспейтін болды. Ал қазіргі таңда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап Зайсан көліне дейінгі аралықтағы кейбір өзен –көлдерде әлі де кездеседі. Санының төмендеуінің себептері- өзендіедің су режімдерін реттеуге байланысты тіршілік ортасының өзгеруі, ұялайтын жерлеріндегі қамыс-құрақтарды өртеу.

Сары аққұтан- Еділдің атырауымен Жайық өзенінің төменгі сағасында ұялайды. Ол жерлерде оның саны 1000 ғана. Санының азаюының негізгі себептері өзен ағысын реттеуге байланысты тіршілік мекенінің азып тозуы және су қоймаларының ластануы, қоректену қорының төмендеуі.Құтандардың көбею жағдайын жақсарту үшін Еділ мен Жайықтың атырауларында маусымдық қорықшалар ұйымдастыру керек.


Кіші аққұтан- Республикада таралу мекендерінде кездесетін сирек түр. Еділ мен Жайықтың аралығындағы Каспий теңізінің солтүстік жағалауында мекендейді. Ертеректе Арлар теңізі мен Сырдарияда да мекендеген.Қазір қазақстанда ьар жоғы 500 құс ұялайды. Санының төмендеу себептері- басқа қанаттыларға әсер ететін жағдайлар. Ұялайтын жерлерінде маусымдық қорықшалар ұйымдастыру қажет.

Қалбағай- кейде оның жалбағай депте атайды. Ертеде қазақстанның жазықты жерлеріндегі көптеген суқоймаларында мекендеген. Ал қазір санының өте шапшаң кемуіне байланысты республикасыздың батыс, орталық оңтүстік және шығыс облыстарының кейбір жерлерінде ғана 800 –1200 қалбағай сақталып қалған. Санының азаюының негізгі себебі; көбею жағдайының нашарлауы. Іле өзенінің атырауында қорықтар, ал Қара ертіс өзенінің төменгі сағасында қорықша ұйымдастыру қажет болып отыр.

Қарабай – соңғы 15 жылдың ішінде қалбағай тәрізді бұл құстың таралу аймағы тез таралып, саны төмендеп кетті. Қазір тек Еділдің атырауында қарабайдың 200 дей ғана ұясы белгілі. Бұл түрге ұялайтын су қоймаларының гидрологиялық жағдайын жақсарту және қорықтар ұйымдастыру керек.

Ақ ләйлек – кейде оны ақ дегелек деп атайды. Қазақстандағы ақ ләйлектің түркістандық түршесі жойылып кету қаупінде. Оның бірнеші ондаған жұбы тек Оңтүстік қазақсьан облысының оңтүстік аудандарында және Жамбыл облысының шектелетін аймақтарында ғана сақталып қалған. Санының кемуінің негізгі себептері -өзендердегі су деңгейінің төмендеуі мен ластануына байланысты тіршілік жағдайының өзгеруі. Ұяларын жиі бұзуы. Ұялайтын жерлерді қорғайтын ұйымдастыру.

Қоқиқаз – саны кеміп келе жатқан, республикамыздың түрлі аудандарында ұялайтын түр. Орталық қазақстандағы теңіз көлі қоқиқаздың евразияның ең солтүстігіндегі ұялайтын қонысы болып табылады. Бұл құстың тобындағы саны жылма – жыл 5 мыңнан 50 мыңға дейін ауытқып отырады. Су қоймаларының гидрологиялық жағдайының бұзылуы және ұялайтын уақытта құстар жиналған жерде адамдардың болуы қоқиқаз үшін аса қауіпті.

Практика № 12


Тақырыбы: Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар.

Жоспары:

1.Сұр кесел. Дала ешкіемері.



2.Оқ жылан. Дала тасбақасы.

Практикалық (семинар) мақсаты: Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін бауырмен жорғалаушылар мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Сұр кесел -Қазақстандағы ең ірі кесіртке (денесінің ұзындығы 60 см, құйрығы 100 см, аслмағы 3,5 кг-ға дейін). Атам заманғы сарғыш түсті кесіртке сияқты, ашық қара-сары көлденең жолақтары бар және піспегі сияқты ұзын айыр тілін жиі көрсетеді. Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі мен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сырдария өзененінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерде қоныстайды. Жылына 5 ай белсенді. Қыркүйектен наурызға дейін ұйқыға кетеді. Күндіз ұясында жатады, таңертең, кешке құмтышқан, сарышұнақ, құс, кесіртке, жыландарды аулайды. Аналығы маусымда құмға 20-25 жұмыртқа салады. Одан ұрпақтары тамыз-қыркүйекте шығады. “сүр кеселді кездестірген адам ауру болады” себебі атының өзі айтылып тұр, сондықтан оны жиі өлтіреді. Қазіргі таңда азайып кеткен. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізген.

Дала ешкіемері – немесе бұғақты ешкіемер тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушылар. Денесі ірі, ұзындығы 12 см, салмағы 45 гр, түсі сұр-қоңыр, оның қабыршағы қатты, тікенді, жабын денесіне тығыз жанасып жатпайды, басы денесінен айқын бөлінген. Күйлеу кезеңінде жоғары температурадан немесе қозған кезде аталығының тамағы мен денесінің екі шеті көк түске, аналығының арқасындағы дағы қоңыр түске боялады. Шөл мен шөлейтті жерлерде кең тараған. Кеміргіштердің ұяларын пайдаланады. Бұтағын ұшына шығып алып тік тұратын әдеті бар, себебі қатты қызған құмнан қашады. Қысқы ұйқысы 5 айға созылады, қазаннан наурызға дейін. Жазда күндіз белсенді. Жәндіктермен, өрмекшілермен, өсімдіктердің жапырағымен, гүлдерімен қоректенеді. Олар көбіне 8-10 жұмыртқа салады, 50-60 күнде жетіледі.

Оқ жылан – жіңішке, ақшыл түсті жылан. Ұзындығы 125 см, тегіс қабыршақтары денесіне тығыз жабысқан. Ол өте жылдам, улы безі бар, бірақ оның адамды шаңуы мүмкін емес, себебі улы тістері ауыз қуысында терең, жоғарғы жағының түбінде орналасқан. Қорегі кішкентай тышқан. Оқ жылан адамға оқталады, бірақ шақпайды. Қазақстандағы шөл мен шөлейттерде, құрғақ, ыстық тау аңғарларында кездеседі. Кеміргіштердің інін, тас арасындағы қуысты, жер жарықтырын паналайды. Күндіз белсенді, таңертең салқын кезде аз қозғалады. Қазан мен сәуір айында ұйқыға кетеді.

Дала тасбақасы – қазіргі кезде көбіне орта Азиялық тасбақа деп атайды. Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі. Аналығының ұзындығы 20 см, салмағы 2,5 кг, аталықтары кішілеу. Қауіпті жағдайда басы мен аяқтарын жинап тығылатын сүйекті сауыты болады, ол тасбақаны төрт аяқты жыртқыштардан берік қорғайды. Бірақ кейбір қырандар тасбақаны биіктен тасқа лақтырып сауытын жаруға машықтанып алған. Ал сауыты қатпаған жас тасбақаларды тіпті қарғаларда шоқып тастайды. Тасбақа тек өсімдіктермен қоректенеді. Тасбақа 3-4 ай наурыз бен маусым айының соңына дейін белсенді тіршілік етеді, қалған уақыттарында құмда 2 м тереңдікке дейін көміледі де, ұйқыға кетеді. Бұлар көбінесе көктем жаз айларында белсенді тіршілік етеді. Сәуірде шағылысады. Аналығы сәуір-мамырда екі рет бір немесе төрт жұмыртқасын жерджегі шұңқырларға салады.

Құлақты батбат – Қазақстанда мекендейтін осы туыстың 6 түрінің ішіндегі ең ірісі, денесінің ұзындығы 12 см. Оның аузының екі шетінде шашақты тері қатпары бар, осы арқылы аузын қатты ашып, қорқынышты кейіп көрсетеді. Бұлар құмда мекендейді, қауіп төнген кезде, өте тез көреді, көзінің алдына әр түрлі тербеліс-қозғалыстар көре бастайды, сол уақытта құмға сіңіп жоқ болып кетеді.бұл ірі кесіртке қорқақ емес, улы қалқан тұмсық жыланға қарсы тұра алады. Түсі құм тәріздес, құмда жатқан кезде байқау қиын. Кесіртке тығылғанда, қашуға кеш болса, осылай қозғалыссыз жата береді. Қазаннан наурыздың соңы сәуірдің басына дейін ұйқыда болады. Күйлеу кезеңі мамырдың басында басталады, мамырдың ортасынан шілденің аяғына дейін аналығы қанша рет жұмыртқа салатыны белгісіз. Ұрпақтары мамыр-қыркүйекте пайда болады, екінші жылдың аяғында ғана жынысты жетіледі.

Жалтырауық жармасқы – бұл өзгеше түнгі кесіртке, тек құмда мекендейді. Қазақстандағы ерекше жармасқы тұқымдасының 6 түрінің бірі. Бұл кесірткенің сырт пішіні қызық: қысқы және толықша, денесінің ұзындығы 11 см, үлкен бұрышты басында күндізгі жарыққа үйренбеген үлкен көздері бар. Түнде жарықтың түсу бұрышына байланысты көздері біресе суық жасыл түспен, біресе ашық қызыл рубин түспен жанады. Бұл түнгі жануардың терісі өте нәзік, байқамай тиіп кетсе, киім сияқты үстінен шешіліп қалады, ал құйрығын лезде тастайды. Қоректері шегіртке, түрлі дернәсілдермен қоректенеді.

Құм айдаһаршасы – кішілеу, ұзындығы 60 см, қоңыр түсті, доғал құйрықты жылан. Алыстан екі жағыда бірдей жуан сияқты болып көрінеді, сондықтан екі басы бар бұл жылан, біресе бір жағына, біресе екінші жағына қозғала алады. Каспий маңы мен Қызыл құм шөлдерінде яғни Батыс пен Оңтүстік Қазақстан құмдарында тіршілік етеді. Құмға өздері ін қазады, ал сазды жерлерде сарышұнақ пен қосаяқтың індерін паналайды. Күндіз тіршілік ететінің екі түрі бар: таңертең және кешкі. Қорегі кеміруші ұсақ құстар. Ересектері таңғы 7-ден демалысқа кетеді, ал жастары 10-11-де белсенді тіршілік етеді, жәндіктермен қоректенеді. Кеміргіштердің інін пайдаланып қазаннан сәуірге дейін ұйқыға кетеді. Бұл усыз жылан, қорегін шаншып өлтіреді. Маусым-шілде айларында аналығы ұзындығы 12-13 см келетін 10 жұмыртқа салады. Сырдарияның шығысында шығыс айдаһаршасы шөлдерде тіршілік етеді.

Тақыр батбаты – орташа пішінді кесіртке, денесінің ұзындығы 6 см, жалпақ, денесінің сырты кедір-бұдыр, қабыршақпен қапталған. Арқасы сұр немесе қоңыр түсті, көлденең қоңыр дақтары бар. Мойындарының екі шетінде бір-бірден қызыл дағы ақшыл-көгілдір түспен боялған. Құрсақ жағы ақ, тек құйрығының төменгі жағы қызыл. Тақыр, сортан, балшықты, тасты, шөлдерде, шөлейттерде кең таралған. Қысқы ұйқыға қазанда кетіп, наурызда оянады. Күндіз белсенді, ыстық күндері өте қатты жүгіреді, тіпті үрейлі кезде 10-20 м-ге жейін тығылады. Бұлтты күндері таңертең салқын болған кезде қозғалады. Қорегі ұсақ омыртқасыз жануарлар. Аналығы мамыр-маусым аяғында бірнеше рет жұмыртқа салады.

Практика № 13


Тақырыбы: Сүтқоректілер. Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер.

Жоспары:

1.Қарақұйрық.

2.Үстірт арқары.

3.Шиебөрі.



Практикалық (семинар) мақсаты: Шөл мен шөлейтті жерлерде кездесетін сүтқоректілер мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Ақбөкен- Қазақстанда кездеседі. Сүтқоректілер жұптұяқтылар отряды, қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі денесінің ұзындығы - 150 см, салмағы 50 кг - ға жуық, мүйізі - 80см.Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жеріндегі Қара теңіз қуаң далаларда мекендеген.60-70жылдары ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, 20ғ-дың басында күрт азайып кеткен. Каспий маңымен Қазақстанның қуаң аймақтарында сақталған. Төлдеу орны – Орталық

Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін бетпақ дала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, Үстірт және Еділ –Жайық өзен аралық Оңтүстік аймақтарына кетеді. 10 –12 жыл өмір сүреді, аталығы 1,5 ал аналығы жарты жылда жыныстық жағы жетіледі.Ақбөкен үшін өте



қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Жауы қасқыр, оның саны Қазақстн шөлінде әлсін - әлсін өсіп отырады. Дегенмен ақбөкен санының көп төмендеуі адамның әсері өте көп, Тибет медицинасында бағалатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жіберді.

Қарақұйрық –сымбатты жіңішке аяқтары бар, әсем жұп тұяқты жануар. Денесінің ұзындығы 1м, шоқтығының биіктігі 60-75 см. Аталығының басында ұзындығы 40 см жіңішке мүйізі болады, аналығы мүйізсіз.Шөлге бейімделген және ұзақ уақыт бойы су ішпей жүре береді. Көктемде және жаздың бірінші жартысында аздаған топ болып жүреді, күзге жақын, қыста үлкен үйірбірнеше жүздеген бас болып жиналады. 5-6 ай буаздықтан кейін, әдетте мамырдың басында аналығы 1-2 төлін дүниеге әкеледі. Төлі алғашқы күндері суық пен бөтен көзден бұталардың ығы мен ой-шұңқырларға тығылады. Жаулары-қасқыр, түлкі, төлдерін кейде қыран, бүркіттер алады, ең үлкен қауіп – мылтықты адам. Осылай қарақұйрықтың саны күрт азайып, ұлттық қана емес, Халықаралық Қызыл кітапқа да енгізілді. Қазақстанда бұл жануардың саны жайлап өсіп келеді.

Үстірт арқары – дене пішіні орташа, ұзын аяқты жабайы қой (аталығының денесінің ұзындығы 160 см, аналығы 140 см, аталығының салмағы 70, аналығы 40 кг). Ол үстірттің ойпатқа бағытталған жыраларында – Қарынжарық құмы мен Кендірлісор шөлді жазықтығында, сонымен қатар, Маңғыстау түбегеінің ойпаты мен түбегінде мекендейді. Кәрі аталықтарының мүйізі – толық бұрама құрайды, ал аналықтарында – кішілеу доғатәрізді мүйіз. Үстірт арқары - өте елгезек, ол тік жардан тез түсіп, тез шығады, биік жерден төменге оңай секіреді. Мардымсыз шөл өсімдіктерімен қоректенеді, ащы және тұщы суларды ішеді. Таңертең және кешке белсенді. Қозылары әдетте, сәуірде туылады, аналықтары оларды қазанға дейін сүтімен қоректендіреді. Негізгі жаулары – қасқырлар және браконьерлер.

Шиебөрі – дене пішіні кішілеу, ұзындығы 80-90 см, салмағы 9-12 кг. Қасқыр туысы, құйрығы қысқа, денесінің ұзындығының 1/3 бөлігіне зорға жетеді. Азияны түгел мекендейтін – Қазақстанның оңтүстік түрі, тек Сырдария өзенінің алабы мен Арал теңізінің жағалауында кездеседі. Бірақ соңғы 30 жылда ол Тянь-Шань таулары мен шөл өзендерінің тоғайларынан Бетпақдала мен Оңтүстік Балқаш маңы шөлдеріне қоныстанатын бастады. Тоғайлы ормандар мен ну қамыс ішінде тіршілік етеді. Сәуір-мамырда 4-7 күшігін дүниеге әкеледі. Негізінен түнде белсенді. Қырғауыл, үйрек, ондатр, құм қояндарын ұстап, оларға біршама зиян келтіреді.

Шұбар күзен – сусарлар тұқымдасының орташа пішінді жыртқышы (денесінің ұзындығы 35-38 см, салмағы 650680 г). Сырт пішіні күзенге ұқсас, бірақ арқасы алабажақ; құрсағы қара түсті, басының ортасынан көлденең үлкен ақ жолақ өтеді. Күзенге тағы бір ұқсастығы арқасын доға тәрізді иіп, секіріп қозғалуы. Қорыққанда немес ызалағанда, өзіне тән қимылмен шашақталған құйрығын арқасына тастап, басын көтеріп, тісін сірестіріп, ит сияқты ырылдаған дыбыс шығарады. Каспийден Ертіске дейінгі шөлді жерлерді мекендейді. Бірақ барлық жерде сирек, сол үшін Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Бұл сарышұнақтар, құмтышқандар, жерде ұялайтын құстармен қоректенеді. 15 жыл өмір сүреді. Інде ұялайды.

Құлақты кірпі – кәдімгі кірпінің көшірмесі, тек дене пішіні кішілеу (ұзындығы 20 см, салмағы 600 г). Қазақстанда биік таулардан басқа жердің бәрінде кездеседі. Ну бұталар арасы мен бөтен ұяларды паналайды. Ымырт пен түнде белсенді. Жәндіктер, құрттар, бақалар, кеміргіштер, жыландармен (олардың уынан инелері қорғайды) қоректенеді. Қыста ұйқыға кетеді. Жылына бір рет 3-6 ұрпақтан береді. 6 жыл өмір сүреді.

Шағыл мысығы – кішірек жабайы мысық. Денесінің ұзындығы 40-50 см, құйрығы 20-30 см, салмағы 1,5-3 кг. Қызылқұм шөлі мен Каспий теңізі маңында үйілген құм төбелерде мекендейді. Жемтігін түнде, суық кезде күндіз аулайды. Тышқантәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстар, сирек бауырымен жорғалаушылар және жәндіктермен қоректенеді. Негізгі жемтігі – құмтышқандар. Мысықтың санының артуы мен таралуы – құмтышқанның көп болуына тығыз байланысты. Шағыл мысығы сирек кездесетін түр ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Қарсақ – түлкіге өте ұқсас, бірақ едәуір кіші (денесінің ұзындығы 45-60 см, құйрығы 35 см, салмағы 1,7-3,2 кг). Қазақстанның шөл және шөлейттерінде кең таралған. өмірлерінде бір рет қана жұп құрып, сөйтіп қалған өмірінде бірге болады. Сарышұнақ, суырлардың індерін пайдаланады, өзі інді сирек қазады. Кеміргіштер мен құстарды аулайды. Ымыртта белсенді. Наурыз-сәуірде аналығы 16-ға дейін, көбіне 3-6 жәутігін туады. 5-6 жыл өмір сүреді. Терісі жұмсақ және үлпілдеген, бірақ аса бағаланбайды. Қазақстанда жылына 15 мың қарсақ терісі дайындалады.

Құмқояны – Қазақстанда мекендейтін үш қоянның ішіндегі ең кішкентайы (денесінің ұзындығы 50 см, салмағы 2,5 кг). Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр. Ін қазбайды. Күндіз демалысы үшін таяз сайларды пайдаланады. Жатқанда жүні ұйпаланбай және бөтен дыбыстарды есіту үшін басын желге қаратып жатады. Жел бағыты ауысқан сайын, бұл да бағытын ауыстырып отырады. Басқа қояндар сияқты бұл да жылына 4 рет көбейеді, бір көбейгенде 3-7 көжек туады. Көжектері үстін қалың жүн басқан және көздері ашық болып туады. Аналығы алғашқы кезде көжектерінің қастарынан ешқайда кетпей, қамқор болады. Құмқоян – қасқыр, түлкі, дала мысығы және ірі қанатты жыртқыштар – бүркіт, кезқұйрық, тілеміш, тіпті шөл қарсағының да негізгі қорегі болып табылады. Үкі қояндарға көп зиян келтіреді. Аң аулау кәсібінің нысаны болып табылады. Қазақстанда жылына 85 мың құмқоян терісін даярлайтын болған.

Құлан – ат пен есектің жабайы туысы. Еліміздегі тақтұяқты сүтқоректілер отрядының жалғыз өкілі. Бұл мықты, кішілеу келген ат (денесінің ұзындығы 2 м, шоқтығының биіктігі 125 см), ашық сарғыш сұр түсті, жотасын бойлай қара жолағы, үлкен басында ұзын құлақтары және қысқа тіке тұратын жалы бар. Құлан осыдан 100 жыл бұрын Қазақстан мен Орта Азияның барлық шөл-шөлейтті жерлерінде, Каспийден Ертіске дейін мекендеген және де ең үлкен территорияны Қазақстан құланы алып жатқан. 50-жылдарға дейін бұл жанур Қазақстанда болмаған. Тек 1953 жылы Арал теңізіндегі Барсакелмес аралына Оңтүстік Түркімениядан құланның басқа түрінің бірнешеуі әкелінген.

Практика № 14


Тақырыбы: Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары. Ит тұқымдас жыртқыштар.

Жоспары:

1.Қасқыр.

2.Шиебөрі.

3.Қызыл түлкі.



4.Қарсақ.

Практикалық (семинар) мақсаты: Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Жер жүзінде ит тұқымдастарына жататын аңдардың 37-дей түрі бар болса,оның ішіндегі 7түрі Қазақстанда таралған.Олардың тек бір түрінен –қызыл қасқырдан басқасы терісіне бола ауланатын аңдарға жатады.Сондықтан аңдарға тиым салынған.Ауланатын аңдарға қасқыр, ише бөрі, қызыл түлкі,қарсақ,жанат және шайқағыш жанат жатады.Жанттың екі түрі біздің республикада жерсіндірілген.Ит тұқымдастардың маңғызы өте зор.Олрдың ішіндегі қасқыр, қызыл түлкі, қарсақ сияқты аңдар кең таралған.Ит тұқымдас жыртқыштар көбінесе етпен қоректенеді.Олар ауыл шаруашылығына зиянкес кемаіргіштермен қоректену арқылы пайда кетіретіндері де бар.

Қасқыр-мал шаруашылығына көп зиянын тигізетін жыртқыш.сондықтан жыл бойына ауланатын терісі бағалы аң.Бұл Европада,Азия, Солтүстік Америкада кездесетін жыртқыш.Қасқыр Қазақстанның территориясында кеңінен таралған.Ол әсіресе Каспий теңііз маңында, Торғай, Қостанай, Ақтөбе, Сарысук, Алматы, Сырдария, Талдықорған, Жамбыл, Шымкент облыстарында жиі кездеседі.Қасқырдың негізгі ерекшелігі –кез-келгген ортаға тез бейімделгіш.Сондықтан да болар қасқырдың кездеспейтін жері жоқ. Олар көбінесе сай-салалы,жыралы,бұталы және суат пен ойлы қырлы жерде мекндеді.Олар мал жайылымдарында және жабайы тұяқты хайуанаттар,кездесетін жерлер де кездеседі.Бұл жыртқыштар түнде жүреді.Қасқырлар топтасып жүріп, 150-300шаршы километр жерге дей ін аңшылық қылады.Бір түнде қорегін іздеп 60-70 километр жер жүреді.Сондықтан да “қасқырды аяғы асырайды” деп текке айтпаған.Қасқыр –батыл да қанқұмар жыртқыш. Оның басқа жыртқыштардан айырмашылы –жануарларды қсрегі үшін ғана өлтіріп қоймай текке қыра береді.Оның қорегі тек етг.Ересек қасқыр тәулігіне 4,5-5 килограм ет жейді.Артығын белгілі жерге көміп. Жасырып қою-қасқыр атаулыға тән қасиет. Қасқыр өте сақ аң,сондықтан көзге көріне бермейді.Олар топтанып жүреді,әр тобында 3-12қасқырдан болады.Қасықр жылына бір рет күшіктейді.Олар көбінесе 5-7,ал өте сирек12-13 күшікке дейін өсім береді.Күшіктерді 5-6 апта сүтімен асырап,одан кйн олар етпен қоректене бастайды. Бөлтіріктері ертіп жүріп аңға шабуыл жасауға баулиды.Қасқырлар 15-16жылдай тіршілік етеді.Қасқырдың мал және аңшылық шаруашылығына үлкен зиян келтіретіні мәлім.Бұл жыртқыш әсіресе ақ бөкен төлдеріне аса қауіпті.Бұл аша Тұяқтылардың төлдеу мерзімі қасқырлардың бөлтіріктерін тірі жануарларды аулауға баулитын уақытқа тура келеді,сол себепті жыртқыштар ақбөкеннің төліне көп зиянын тигізеді.Қасқыр адамға,жабайы және үй жануарларына құтыру сияқты ауруларды жұқтырып,таратушы болып саналады.

Шиебөрі немесе шүйебөрі- cыртқы түрі қасқырға өте ұқсас, бірақ одан екі есе кішкене келеді.Денесінің ұзындығы 73-90, құйрығы - 23-27 см,с алмағы 8-13кг болды.Шиебөрі-тоғайда және қасмысты қопада мекендеуге жақсы бейімделген.Жүні сарғыш сұр,тек арқасының жүні қаралау келеді. Шиебөрі Солтүстік Африка және Европа мен Азияның оңтүстігінде таралған.Қазіргі кезде біздің өлекмізде шиебөрі Қызылорда және Шымкент облыстарында тараған. Осы аймақта ббұл аң ертеде тек Сырдария өзенінің орта шенінде ғана таралған.Қазір ол Сырдария өзенінің бралық жерінде таралған.Шымкент облысында шиебөрі Келес,Күреккелес, Арыс,Бөген,Бадам сияқты өзендердің жайылмасында және Бөген су қоймасында кездеседі.Арал теңізінің жағалауында да шиебөрі тараған.Мұнда тоғайларда,қамыстарда,қалың бұталы аудандарда, тік сатылы жарларда қоныстанады.Шиебөрінің негізгі мекені –тоғайлы орман және көлдердің жағалары каналдар мен су қоймаларының бойлары.Аңға мұндай қамыс-құрақты мекендер жақсы қорғаныс та және паналайтын орын болады.Ол ит тұмсығы өтпейтін қопалардың арасында жасырынып,қолайсыз ауа райынан және жауларынан қорғанады.Бұл аң үңгірде,жатақта және інде тұрады.Қысқы жатағының орташа ұзындығы 60,ені 43 және тереңдігі 60см, ал жазғы немесе уақытша жатағының көлемі бұған қарағанда кішілеу. Қысқы және балалайтын жатағы көбіне жыңңғыл,жиде сияқты тікенекті тоғайлардың және ну қоп-қамыстардың арасына салады.Шиебөрінің тіршілік әрекетінің ерекшелігі –оның қыста және күзде қасқыр сияқты ұлиды. Ол көбінесе күн батқанан кейін, ымырт жабылған кезде,қорек іздеуге шығар алдында ұли бастайды.Шиебөрілерді ұлитын ершклігі арқылы олардың қай жерде таралғанын,мекендейтінін және жаңа қоныстарға ауысқынын шгамамен анықтауға болады.Шиебөрі-қорек талғамайды,ол жануарлар мен өсімдіктің 90-нан астам түрімен қоректенеді.Шиебөрінің тағы бір ерекшелігі-“аңшылық” ететін учаскелердеі ізддеу үшін маусымға байланысты бір жерден екінші жерге қоныс ауыстырып отырады.Шиебөрі өсіп-өну кезінде жұптасып жүреді.Бұл аң февраль айында марттың ортасына дейін ұйығады.Ал шағылысу апрель айына дейін созылады.Содан соң екі айдан кейін 4-7ге дейін,күшік табады.Шиебөрі жылына екі рет түлейді.Апрель және июнь айының соңына дейін,сентябрьдың басына дейін түлейді.Мал шаруашылығына зиян келтіртіретін аң.Бұл жыртқыш малдың төліне қауіпті. Ол ондатра,құм қояны,саз кәмшаты сияқты аңмен қырғауыл және су құстарымен қоректену арқылы аңшылық шаруашылығына зиян келтіреді,сонымен қатар қауын,қырбыз секілді бақшаны құр қалдырмайды.Бұл жыртқыш ауру тарататын оның ішінде құтыру, ет қоректі аңдардың обсы сияқты ауруларды таратушы болып саналады.Оны кәсіптік жолмен реттеп отыру керек.

Қызыл түлкі - Түлкілердің ішіндегі ең ірісі. Денесінің ұзындығы 52-77,құйрығы39-51см,салмағы 6-7килограмдай.Әсіресе қардың қызыл түлкісі өлкеміздің оңтүстігін мекендейтін түлкілерге қарағанда ден тұрқы ірірек келеді.Түлкі Европа, Азияда,Солтүстік Африкада және Солтүтік Америкада кездеседі. Біздің елімізде Торғай,Қостанай,Көкшетау,Тобыл,Есіл,Ертіс,Ақкөл,Жаманақкөл секілді көлдердің төңірегінде кездеседі.Қазақстан территориясында түлкі әр түрлі жерде кездеседі. Орманды дала аймағындаол орманның,тоғайдың шетінде,оның ашық алаңында, өзеннің жағасында ,шоқ-шоқ қарғайлы ауданда жүреді.Таулы аймақтарда олар таулардың етегінде,өзен аңғарында және жыраларда көп жүреді.Жаз айларында бұл жыртқыштар қары мәңгі жататтын белдеуде дейін барады. Ал қыс айларында олар елді мекендердің маңына да жиі келеді.Түлкінің ерекшелігі .маусымға байланысты бір жерден екінші жерге мекенін ауыстырып отырады.Бұл аңның күздің аяғына және қыстың басына жаппай қоныс алмастыратыны байқалады.Інді сай,жыраларың беткейлеріне қазып салады.Кейде борсықтың,суырдың інін пайдаланады. Түлкі жаз айларында інінен күн батар алдында шығып ,таң аиқанша қорек іздеп жортып келеді.Қазақстанның шөлді аймағында оның негігзі қорегі кемргіштер. Олаға саршұнақ,қосаяқтар,құм тышқандары,атжалман т.б жатады.Түлкі жылына бір рет күшіктейді.Күшіктер өте тез өседі.Туған соң 18-20күнен кейін олар індерінің аузына шығады,бірақ алысқа кетпейді.Ересек түлкі 1-1,5 айлық күшіктерін ұсақ кеміргіштермен қоректендіреді.Содан соң 1,5-2,5 айлық күшітері індерден едәуір алыстау кетіп,жеке қоректенеді.Күшіктер ересектерімен тұрақты інде 3-4 айдай бірге тұрады,кейін бөлініп кетеді.Түлкілер табиғи жағдайда 8-12 жылдай тіршілік етеді.Олар жылына бір рет түлейді.Түлкі-жан-жақты маңызы бар аң. Біріншіден зиянкестермен қоректеніп ауыл шаруаышлығына едәуір пайдасын тигізеді және өлекселермен қоректкеніп санитарлық қызмет атқарады.Сонымен қатар жыртқыш кәсіптік маңызы бар қоян,ондатра шаруашылығына айтарлықтай зиян тегізеді.Зиян келтіру мұнымен бітпейді.Ол адамға,жабайы және үй жануарларына құтыру,брузеллез,тулеремия, сияқты жұқпалы ауруларды таратушы болып есептеледі.

Қарсақ – дене тұрқы 50-60, құйрығы 25-35 см келетін аң. Түлкіге қарағанда құлағы үлкен, тұмсығы сүйір. Құйрығының ұшы қара қоңыр. Қарсақ Оңтүстік-Шығыс Европада,Орта Азияда кең тараған.Қазақстанда көп таралған. Біздің республикамызда тау мен ормандарынан басқа барлық территориясында,әсіресе шөлейт аймағында көп.Негізінде Орал,Гурев,Ақтөбе,Торғай,Қарағанды,Жезқазған облыстарында көбірек.Оны селеу,жусан,сексеуіл өскен құмды төбелерден де кездестіруге болады.Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлары сайларды да жақсы мекен етеді.Қарсақ көбіне түнде тіршілік ететін жыртқыш.Қарсақ терең ін қазып алып,сонда тұрады.Тұрақты індерінде төрт беске дейін жататын ұясы болады.Бірақ төсеніш болмайды.Сондай-ақ ол саршұнақтың және құмытшқандармен қоректенеді. Қысытың күні ауыл маңына келеді.Үй малының өлекселерімен жиі қоректенеді. Сөйтіп олар санитарлық рольде атқарады.Әртүрлі аймақта оның негізі қорегі кемрішіштер. Сөйтіп қарсақ көптеген зиянкестермен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.Көктемде және жазда күніне 200-260граммдай ,ал қыста 300-350граммдай азық етеді.Қорек жетіспеген жағдайда мекенін ауыстырып отырады.Қарсақ шылына бір рет күшіктейді.Қазақстанның дала аймағында ол февральдыыың екінші жартысына, ал шөл және шөлейт аймақта январьдың аяғына тура келеді.Күшіктері өте тез өседі.бір айлығында етпен қоректене бастайды.Қарсақ 5-6 жылдай тіршілік етеді.Олар көктемде түлейді.Қарсақ –Қазақстанның территориясында терісі үшін ауланады.


Каталог: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет