Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы



бет4/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
1   2   3   4

Жанат -Қазақстанда бұл аңның екі түрі кездеседі.Жанат немесе Жәнеті ит және шайқағыш жанат.Бұл аңдар бір-біріне өте ұқсас келеді.Олар- терісіне бола ауланады.Жанат итке өте ұқсас келеді,сондықтан кейде жанат тәрізді ит деп атайды. Денесінің ұзындығы 65-80, құйрығы 15-25 см -дей, жазда саламағы 4-6, күзде 6-10 килограммдай болады. Жүні ұзын жұмсақ қылшықты қоңырқый,қылшығының ұшы қара болады.Қсықы жүні түбітті болады.Жанат Оңтүстік-шығыс Азияда, Жапонияда, Қытайда,Кореяда таралған.Еліміздің көп жерінде жерсіндірілген.Жанат қазір Гурьев облысында,Еділ атырауында, Каспий теңізінің жағасында,Жайық өзеннің сағасында дейін кездеседі.Жанат негізінде өзен көлдердің жағалауында,балшықты жерде мекендейді.Олар жан-жағы ағашпен қоршалған ашық алаңға ,өзен бойына ,таудың құлама беткейінде орналасқан.бұл сияқты таудың құлама беткейінде жжабайы алма өскен қалың орман, әр түрлі жеміс және қалың шөп болады.Жанат терең інде жатады,інді ағаштардың тамырының түбіне немесе қалың қамысты жерде қазады.Індері үлкен тастың астында немесе жыраларда орналасады.Жаз бойы семірген жанаттар қалың қар жауысымен аю және борсық сияқты қысқы ұйқыға кетеді.Бұның тіршілігіндегі бір ерекше қасиеті.Күн жылына бастағанда інінен қайта шығады.Бұл жыртқыш негізінде қос мекенділермен,кеміргіштермен, құстармен қоректенеді.Жанат жылына бір рет туады. Оның буаз уақытынан орта есеппен екі айға созылады.Жанат 6-8ге дейін күшіктейді.Күшіктерін өсірген кезде жанаттың еркегі мен ұрғашысы бір інде жатады.Күшіктері май айының соңында шыға бастайды,ал августта ересектермен бірге шығы бастайды.Кешкі уақытта корек іздеп шыға бастайды.Жанат ондатр және құс өсіретін аудандарда өте зиян аң.Ал терісі бағалы.


Шайқағыш жанат-терісі бағалы аң .Оның осылай аталу себебі ол қандай қорегін болса да суға малып жейді.Негізгі мекені-Солтүстік Америка.Бұл аң көбінесе таудан аққан өзеннің бойында,жаңғақты орманда жақсы қоныстанады.Ол түнде тіршілік етеді.Жылына бір рет күшіктейді, 3-6 күшіктен.Шайқағыш жанат өте сирек кездеседі.

Аюлар-Дүние жүзінде аюлардың 7түрі тараған.Соның ішінде 3түрлі-ақ, қара,қоңыр аю ТМД –елдерінде тараған.Қазақстанда бір түрі кездеседі, ол қоңыр аю.Тек қоңыр аю кәсіптік жолмен ауланады.Ал тырнақты аю біздің өлкемізде өте аз,шағын келген аудандар да мекндейді.Сол себепті оны Қазақстанның “қызыл кітабына” енгізілген.

Қоңыр аю-терісі, майы және шипалық қасиеті бар өті үшін ауланатын бағалы аң.Бұл құрлықта кездесетін аңдардың ішіндегі ең ірісі. Оның салмағы 200-250кг жетеді.Бұл- нағыз орманды аймақта кездеседі.Жыл маусымына байланысты аюлар таудың әртүрлі биіктігінде болады.Қоңыр аю Азияда,Америкада кездеседі.Аюдың биологиялық ерекшелігі азық талғамайды.Бірақ оның негізгі азығы тауда өсетін витаминдерге бай өсімдіктер,әсіресе жеміс-жидек пен ағаштар.Оларға самырын,майқарағай,итмұрын, қарақат,бүлдірген т.б өсімдіктер жатады.Олар тау өзендердің жағасынан балықты да ұстап азық етеді.Жануарға малға шабуыл жасайды.Аюлардың пайдасы ірі жануарларға шабуыл жасауы,олар ауру әлсіз жануарларға сұрыптау жасап шабуыл жасайды.Екінші биологиялық ерекшклігі –сиректеу жатып қыста ұйқыға кету.Үңгірде 3-4ай жатқанда да ол сергектігін және тіршілік ету қабілетін сақтайды.Егер қауіп төнсе, үңгірді тастап басқа үңгірге қашады.Күзге қарай бойына 2-3 пұтқа дейін май жинайды. Қыста соны пайдаланады.Қыстың ортасында ұрғашы аюдың семьясына бір-екі, сирек жағдайда үш-төрт кішкентай ғана қонжық қосылады.Олардың әрқайсысының салмағы 500-грамдай болады.Қонжықтар бір айдан кейін көзін ашады.Үңгірде жер бетіне шыққанша жай өседі.Жер бетіне шықыннан соң жылдам өсе бастайды.Аю 30-жылдай өмір сүреді.Мінез жағынан қоңыр аю қорқақтау келеді.Жаз айында олар таудың арасында аюлар жиі қоректеніп жүреді және бұл кезде еркек және ұрғашы аюдың ойыны басталады.Қоңыр аю ауланатын бағалы аң.Біздің еліміздебұл аңды кәсіптік тұрғыдан аулау жолға қойылған.Қазақстан бойынша жылына 50-ге жуық аю терісі дайындалады.Қазақстанның териториясында 1-октябрьден, 1-февральға дейін аулауға рұқсат берген. Қорыта айтқанда орман көркі ,таудың қожасы –қоңыр аюды браканерлерден қорғау,қамқорлық жасау-аңшылар мен табиғат қамқоршыларының,әсіресе орман сақшыларының міндеті болып табылады.


Практика № 15


Тақырыбы: Қазақстанның ерекшк қорғалатын табиғи территориялары және олардың ресурстық түрлерді қалпына келтіру. Қорғалжын мемлекеттік қорығы.

Жоспары:

1.Қорғалжын қорығы.

2.Өсімдіктер дүниесі.

3.Жануарлар дүниесі.



Практикалық (семинар) мақсаты: Қорғалжын мемлекеттік қорығы мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алматы қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)



бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы Целиноград облысының Қорғалжын ауданында орналасқан. 1958 жылы ұйымдастарылды. Бұл қорық Целиноградтың оңтүстік-батыс жағында 140 шақырымдай жердегі Қорғалжын көлінің оңтүстік жағалауын алып жатыр. Апрель, май айларында Қорғалжын мен Теңіз көлдерін су құстары мекендейді. Қорғалжын көліне 32 мың қасқалдақ, 10-12 мыңдай үйрек. Қорғалжын қорығының мақтанышы – дүние жүзінде өте сирек кездесетін әсем, ғжайып құс – қоқиқаз (фламинго).




Өсімдіктері. Қорықтың территориясында көбінесе жусан, көкпек, бос селеу ясекілді өсімдіктер өседі. Өзен, көл жағаларында құрақ, қамыс, тал биікте бітік өседі. Қорық даласында Арқа жеріне кең тараған бұтаның түрі - қызғылт тобылғы орманын көресіз, оның маңында теңіздей толқыған бидайық, кілемдий құлпырған бозшөп жайқалады. Қорғалжын көлінде суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі кездеседі. Олардың ішінде құрақ, қоға, көл қамысы және жебе жапырақ кең таралған.

Жер бедері мен ауа райы. Қорғалжын қорығы шөлді, дала аймағына орналасқан. Ол негізінен Қорғалжын және Теңіз сияқты екі ірі көлдің территориясын алып жатыр. Қорғалжын көлінің көлемі 39,6 мың гектардай, жағаларының ұзындығы 135 километрдей. Қорықтың шығысында – Нұра, оңтүстігін жағалай Құланөтпес өзендері ағады. Бұл өзендердің де жағалары қалың қамыс,көк шалғын –түрлі аңдармен құстардың мекендеуіне қолайлы. Қыста ауның температурасы – 41-42 градус суық болса, июльде температура +38+39 градусқа жетеді. 125-130 күнде аязсыз шуақ болады. Алғашқы суық сентябрьде түсіп, май айының басында ғана аяқталады.Жылына 200мм шамасында жауын – шашын түседі. Жаз айларының өзінде де күндізгі ыстықтатан кейін кешке қарай салқын самал соғады. Жауын – шашын июнь августь айларында жиі байқалады. Қыста қақаған аяз, бұрқыраған боран, қар қалын болады.

Жануарлар дүниесі. Ауа райы, өсімдік сияқты , жер құрылысына сәйкес жануарларды әртүрлі бұл қорықтың территориясында құстардың 225 , сүтқоректілердің 30, қосмекенділермен бауырмен жорғалаушылардың 10 шақты түрі таралған.Қорғалжын көлінде балықтың көбеюі үшін қолайлы жағдай бар. Мұнда шортан, мөңке , қара балық, аққайран, шабақ, алабұға, сазан мекндейді.Қорғалжын көлінде шағалалар , қасқалдақтар,қызыл үйректер және қызыл тұмсық үйректер көптеп жұмыртқалайды.

Қоқиқаз немесе қызыл қаз - дүние жүзінде өте сирек кездесетіндігімен назар аударады.Бұл елімізде, тек Қазақстан жерінде –осы Теңіз көлінде ұялап , жұмыртқа салады. Оны кейде қызыл қанат деп те атайды. Қызылқаздың сыртқы пішіні әсем, аяғямен мойны ұзын, алыстан қарағанда аздап аққуға ұқсайды. Тек аққудан айырмашылығы-оның тұмсығының ұшы сүйірленіп имекше келеді. Сондай-ақ, құстың аты айтып тұрғандай, қанатының түсі қызғылт болады. Соған сәйкес бұл құстар ұшқан кезде бүкіл көл айданы қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді.

Қызылқаз – дүние жүзіндегі ең бойшаң құстардың бірі . Оның биіктігі 1,5 метр болса, салмағы орташа –4 киллограмға жетеді. Май , июль айларында көбейеді. Олар жылы жақтан ұшып келісімен жыл сайын жаңғыртып ұя салып отырады.Балдырды сазға араластырып жасайтын қызылқаздың ұясы конус тәрізді келеді.



Айдын- шалқар көл еркесі – аққу . Қорықтың айдың көлдерінде сыбырлауық аққу(лебедь - шипун) тіршілік етеді. Бұл аққу тұмсығының кейбір жері қара, қалғаны қызғылт сары және тұмсығының үстінде томпақша мүйізше болады.Сыбырлауық аққу – салмағы 10-12 килограмдай ірі құс.




Кербез сұлу аққудың тіршілігіндегі бір ерекшелік- ол өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді . Бұл құс ұя салуға ну қопалы, суы сондай таза , әрі тұщы , ірі көлдерді таңдап алады және ол төңіректе адамның болуында ұната бермейді. Оны “құс патшасы”деп тегі атамаған ғой.Адамның баруы қиын қопалар арасында аққу ұясын қамыс, құрақтан соғады. Бұл қанаттылар екеуден өзара жұптасқан соң өле - өлгенше жазбайды.

Аққулар 3-7 жұмыртқа салады, оны мекиені 35-40 күн басып, балапан шығарады. Осы кезде қоразы ұя төңірегінен шықпай , балапандарын қорғап жүреді. Аққулар балапандарымен күзге дейін бірге болып, оларды қорғаштайды.Июль- август айларында мамырлайды. Осы кезде аққулар көлдің адам бара алмайтын ну құрақты қалыңдарын таңдап алады. Күзде жылы жаққа кетер алдында 7-10-нан топтасады. Аққулар су өсімдіктерінің жыпырақтары мен тамырларын қорек етеді және ұсақ жәндіктерді де жейді. Сыбырлауық аққу жүзіп жүргенде мойнын S әріпі тәрізді иіп, басы мен тұмсығын су бетінде тік ұстайды және аққулар арасындағы ең көріктісі болумен қатар олар, қолға тез үйренетіндігімен ерекшеленеді.

Аққулар суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Айдын көлдер аруы-аққу сондай сақ, батыл және күшті. Қазақ халқы аққуды “киелі, қасиетті” құс деп санап, оған тимей, қайта оның көл маңында көбірек жүруін ұнатады.



Көгілдір айдын байлығы – қоңырқаз. Бұл қаз жағасында жайқалып қамыс-құрақ, қоға өсетін өзен-көл құсы. Қорықтың алқабында қоңырқаз Қорғалжың көлінде және Нұра өзені бойында таралған. Бұл аймақтарда көктемде және күзде қоңырқаздар көптеп кездеседі. Мұнда марттың аяғы – апрельдің басында ұшып келеді. Ұясын қамыс, қоға арасына, салындылар үстіне салады. Ұяны негізінен қамыстан салады. Оған 3-тен 9-ға дейін, көбіне 4-6 жұмыртқа салып, оны мекиендері бір айға жуық басады. Ал, қораздары ұя төңірегін күзетіп жүреді. Балапандарының ұшуға қабілеті жеткен уақытта қаздар мамырлай бастайды. Қаздың жаппай мамырлауы – түлеуі июньнің басында жүрееді. Бұл кезде олар көлдің адам бара алмайтын қамысты-құрақты жерін және жыныстарын таңдап алады. Мамырлаған кезде қаздар жөнді ұша алмай қалады. Осы кезде бұлар аса қорғауды керек етеді. Өйткені, бір кішкентай көлге бірнеше жүздей дәрменсіз қанаттылар жиналады. Июльдің аяғында көлдерде қаздардың мамырлау процесі бітеді. Енді олар оннан-жүзден бірнеше топқа бөлініп көл маңындағы дәнекті шөптеріне жайылып, семіруге кіріседі, тәулігіне екі мезгіл – таңертеңгілік және кешкілік азықтануға ұшып кетеді.



Олардың топтанып жүруінің үлкен маңызы бар. Үйірінде әр уақытта бір немесе бірнеше “күзетші” құстар болады. Қауіпті жағдайды сезсе, олар алдымен қаңқылдап, басқаларына “дайындалыңдар” деген хабарды жеткізеді. Сөйтіп, осындай сақтығының арқасында кез келген жауларынан жақсы қорғана алады.

Қоңырқаз – тек өсімдік тектес азықпен қоректенетін құс. Көбіне суда өсетін шөптердің жапырағын, бүрін азық етеді.

Қорғалжын қорығының көгілдір айдынында, әсіресе Қорғалжың және Теңіз сияқты ащы көлдерде ұялаған кезде қоңыр қаздар секілді көптеп кездесетін қанаттылардың бірі – қара ала қаздар. Сондай-ақ, қара ала қаз жазықтықта ұялап, жұмыртқа салады. Қыста жылы жаққа қарай ұшқан кезінде олар тұщы көлдер мен өзендерге қоныстанады. Бұл кезде әр тобында 5-15-тен, ал кейде бір үйірінде 50-ге дейін қаз болады. Бұл қаздар қорықтың аймағына апрельдің аяғында ұшып келеді. Көктемде жұптаса ұшып келген олар бір-екі тәуліктен соң ұя салуға кіріседі. Қара ала қаздар түлкінің, қарсақтың және суырдың індеріне ұялайды, кейде олар өздері қазған ұяларға да жұмыртқалайды. Ұяға құрғақ шөп, жұмсақ қауырсын мен мамық төсейді. Бір ұяға 6-дан 18-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны тек мекиені бір айдай басады. Ұя әр уақытта суға жақын жерге орналасады. Жас балапандар өсіп, қанаттанысымен-ақ ата-аналары оларды суға өргізіп алып кетеді. Бұл кезең олар үшін өте қауіпті. Себебі, осы уақытта жас балапандар жыртқыш құстарға, әсіресе жас құладыны, қарға және өзгішшағала сияқтыларға оңай жем болады. Сондықтанда бұл кезде ата – аналары балапандарының жанында жүреді және оларды мүмкіншілігінше қорғайды. Балапандарын әбден аяқтандырғаннан соң, көлге бірнеше үйірлес қара ала қаздар жиналады, содан соң көп кешікпей – ақ олар мамырлайды, түлейді. Қара ала қаздардың түлеуі июльде басталып, августа жүреді, осы кезде олардың қатарына балапандары қосылады. Содан қашан күз келіп жылы жаққа қарай ұшып кеткенше тодымен тіршілік етеді. Қара ала қаздар қыстайтын мекендеріне қарай сентябрь- октябрь айларында қайтады.

Қара ала қаздар негізінен насекомдармен қоректенеді. Оларға: су шаяндары, насекомдардың личинкалары және басқада жер бетінде кездесетін омыртқасыз жәндіктер жатады.


Қызыл тұмсық үйрек - орташа салмағы 1,2 килограмдай, қанатының ұзындығы 240 – 280 милиметірдей келген ірі үйрек. Басы, мойнының үстіңгі жағы қызғылт – жирен, алқымы кеудесі, бауыры қара, бүйірі ақ жотасы қоңырқай келеді Басқа үйректерден

тұмсығы мен басының түсі арқылы ажыратуға болады. Ұясын көлдегі және аралдағы ну құрақтың арасына, кейде көлге жақын жерге жасап, оған 6 – 9 жұмыртқа салады. Мамырлаған кезде көлге топталып үйір – үйір болып жиналады. Негізінен су өсімдіктерімен, балдырлармен қоректенеді. Бұл – кәсіптік маңызы бар құс.



Тұрпан - ірі үйректің бірі, салмағы – 1- 1,5 килограмдай. Бұл құс жағасында қамыс, құрақ өскен, үлкен айдынды көлдерде жұмыртқалайды. Тұрпан Қорғалжын көлінің жанындағы ұзынкөлден ғана ұшырайды. Өте сақ құс. Негізгі азықтары - су насекомдарының личинкасы және балық аздап су өсімдіктерін де қорек етеді. Қорғауды аса керек ететін құс.

Бұйра бірқазан – салмағы 12 килограмдай ірі құс. Бірқазанның тұмсығының астыңғы жағында созылмалы жалаңаш теріден тұратын қалтасы болады. Ересек бұйра бірқазанның қауырсыны көбіне ақ, желке қауырсыны жалданып, бұйра болып келеді, сондықтанда оны бұйра бірқазан деп атаған болуы керек. Бұл құс көлдер мен өзендердің жағалауларында, ну құрақты аралдарда сирек кездеседі. Мәселен, қорық қызметкерлерінің санағына қарағанда, мұнда 1972 жылы – 9, 1973 жылы – 7, 1974 жылы - 11, 1975 жылы – 10 жұп бірқазан ұяалаған. Бірқазандар жақсы жүзгенімен, сүңи алмайды. Олар көбінесе балықпен қоректенеді. Бұйра бірқазан – топталып жүретін колониялы өзен – көл құсы. Көгілдір тыңның көркі, су құстарының алыбы бірқазандар барлық таралған аудандарында қорғауға алынған.



Қара дегелек – дене тұрқы 10 сантиметрдей, қауырсынсыз, тұмсығы, сирағы қара, саусақтары жүзу жарғағымен жалғасқан. Қорық аймағында күзде қыстайтын жерлеріне қайту шағында кездеседі. Барлық қоныстарында қара дегелектің саны өте аз. Сондықтан




да біздің елімізде және бүкіл Батыс Европа елдерінде қорғауға алынған.



Аққұтан – тұмсығы қара, сирағы көкшіл қара, ал қауырсынының қалған бөлігі қардай аппақ болып келген құс. Қорғалжын иқорығында аққұтан сирек. Көбіне екі- бестен топталып жүретін құс. Өзен - көл жағасында олар ұсақ шабақтарды, қорек етеді. Аққұтан да қорғауға алынған.

Қалбағай – дене мөлшері аққұтандай болатын, ұзын сирақты, ақ түсті құс. Қалбағайдың Аққұтаннан айырмашылығы – тұмсығы сүйір емес, ұшы күрек тәрізді жалпақ болып келеді. Сонымен қатар желкесінде ақшыл сары ұзын қауырсындары болады. Қорғалжын көлінің құрақ өскен су айдынында тіршілік етеді. Судағы әр түрлі жәндіктермен, олардың личинкаларымен және балық шабақтарымен қоректенеді. Көбінесе суы таяз аралдарда, жайылымдарда, сазды шалшық суларда кездеседі. Сондай – ақ, қорықтың көлдерінде жоғарыда аталған су құстарынан басқа мұнда қара жемсаулы гагара, бізтұмсық, күжіркей, көкқұтан, балшықшы, жіңішке тұмсықты шағала (морской голубок), савка – үйректің бір түрі, волчок – құтанның бір түрі, сұқсыр үйрек сияқты аймақта мекендейтін қанаттылар кездеседі. Сонымен қатар қорықтың шөлейт жәнет дала аймақтарында да құстардың көптеген гүрлері таралған. Оларға – дуадақ, безгелдек, тарғақ, ақбас тырна сияқты кәсіптік маңызы бар және өте аз кездесетін қанаттылар жатады.

Қорғалжын қорығының териториясында сүт қоректілердің 30 – ға жуық түрі таралға болса, мұнда әсіресе, жабайы шошқа, күзен, түлкі, қарсақ, зоман, ондатыр, суыр, ақ және ор қояндар көбірек кездеседі.





Жабайы шошқа - дене тұрқы екі метірдей, салмағы 250 килограмдай аша тұяқты аң. Қорықтың өзен, көл бойындағы қалың құрғақ, қоға арасында тіршілік етеді. Бұл – қорек талғамайтын хайуанат.

Түлкі - тамақ талғамайтын жыртқыш. Ол көбінесе қояндар, саршұнақтар, ұсақ тышқан сияқты хайуанаттарды қорек етеді. Бұл жыртқыш қорықтың шөлейт, далалы аймақтарында көп кездепеді. Түлкі көбінесе су бойындағы тоғайлардың ішінде мекендейді. Ол күндіз інінде болады. Інінен іңірде шығып, түнімен тамақ іздеп, жортады. Түлкі жылына бір рет күшіктейді, 4 – 5 күшік туады. Түлкі терісі бағалы кәсәптік аңдардың санатына жатады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

а) негізгі:

1.Растительное сырье СССР. тт.1-5, 1949 –1956.

2.Павлов.Н.В.Дикие полезные и технические растения СССР. 1942.

3.Павлов.Н.В.Растительное сырье Казахстана .1948.

4.Кукенов. М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана. Алматы. Ғылым. 1999.

5.Методы полевых исследования сырьевых растений 1946.

6.Бекенов.А, Есжанов.Б, Махмұтов.С. Қазақстан сүтқоректілері.- Алматы “Ғылым”. 1995 –380С.

7.Гаврилов.Э.И. Фауна и распространение птиц Казахстана. – Алматы 1999-198С.

8.Методы учета основных охотничье –промысловых и редких видов животных Казахстана –Алматы.2000. 172С.

ә) қосымша

9.Станков.С.С. Дикорастущие полезные растения. 1955.

10.Лекарственные растения Казахстана. Алма – ата, 1966.

11.Середин.Р.М,Соколов.С.Д. Лекарственные растения и их применение. 1969.

12.Худайбергено.Э.Б. Солодки Казахстана. Алма –Ата.1987.127с.

13.Кукенов.М.К. и др. Лекарственные растения Казахстана и их использование. Алматы.1997.



14.Книга генетического фонда фауны Казахской СССР.Алма – Ата “Наука” –1989. –215С.




Каталог: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет