Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет5/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Құзіреттілік. Мектепке дейінгі кіші жас аяғында балалардың әлеуметтік құзіреттілігі оның қарым-қатынас жасауға, әсіресе, өз құрдастарымен әңгімелесуге деген қажеттілігінің артуымен, олардың ортасында өз орнын анықтауымен сипатталады. Бала басқа адамдармен өзара қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін меңгеріп алады. Түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тілді және басқа да қарым-қатына құралдарын қолданады. Адамзат қарым-қатынасын өте жақсы бағдарлайды: жақын ересек адамның, құрдасының эмоционалдық күйін байқайды, оған назар аударып және жаны ашиды.

Интеллектуалды құзіреттілік - жоғары ойлау белсенділігімен сипатталады. Бес жасар «негештер» өмірдің түрлі салаларындағы себеп-салдарлық байланыстарға (тірі және өлі табиғаттың өзгеруімен, адамдардың шығу тегімен, олардың кәсіби іс-әрекеттерімен) қызығады. Бала өзі ойға алған нәрсесі мен сол үшін атқаратын іс-әрекетін қарапайым түрде жоспарлай алатын болады.

Ана тілін меңгеру барысында оған түрлі дыбыстармен, ұйқастармен, мағыналармен ойын әрекеті тән сипатта болады.



Дене құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.

Бес жасар баланың эмоционалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.

Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.

Креативтілік балалар әрекетінің арнайы түрлерінде: ойында, құрастыруда, сурет салуда, мүсіндеуде, музыкалық әрекеттерде, сонымен қатар сөйлеу барысында едәуір айқын білінеді. Бала бір материалды, оның түрлі пішіндері мен бейнелерін әртүрлі қырынан танып, оны өзінің салған суреті мен табиғи материалдардан жасалған көшірмелерде және т.б. бейнелеуі мүмкін. Бұл бейнелерді ойында, мәнерлі қимылда, ертегілер жазуда қолдануға болады. Түрлі материалдармен, дыбыстармен, сөздермен тәжірибе жасаудан ерекше рахат алады.

Бес жасар баланың ынталылығы түрлі ойындарды таңдау, ересектер мен құрдастарына сұрақ қою мен ұсыныс жасау, өздігінше тиімді әрекеттерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға ерекше белсенділік танытуы арқылы пайда болады.

Бұл жастағы баланың өз бетінше (дербес) әрекет етуі қарапайым өзіне-өзі қызмет етуде (киіну, шешіну, жуыну және т.б.), жекелеген тапсырмаларды орындауда (асханада кезекшілік ету, өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау); өз еріктерімен ойнайтын орта қалыптастыруда; түрлі тиімді іс-әрекет түрлерінде меңгерген білімдері мен тәсілдерін қолдануда көрінеді.

Бес жасар баланың мінез-құлық еркіндігі оның өз қөзқарасын қорғау, өзі қалаған нәрсені алуы, өзі ұнатқан баламен ойнауы сияқты тәуелсіз әрекеттері арқылы байқалады. Еркіндік сезімі балаға ашық, өз ойын, сезімін қысылмай жеткізу мүмкіндігін береді.


КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған




Күн тәртібінің элементтері

Уақыты (сағ., мин.)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды қабылдау.

Ойындар.

Ертеңгілік гимнастика.

Гигиеналық шаралар.

Таңғы ас.

Топтық қарым-қатынас: қызықты ұзақ және қысқа мерзімдік жұмыстарды бірлесіп жобалау.

Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық.



7.30 - 9.10

«Ойнайық та, ойлайық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілісті қосқанда, жалпы ұзақтығы)

Ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті.


9.10 — 10.10

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық.

Серуен.

Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу.

Гигиеналық және шынықтыру шаралары.


10.10-12.40


«Ас дәмді болсын!»

Түскі ас.



12.40 - 13.20

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.



13.20 - 15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну.

Сергіту гимнастикасы.

Шынықтыру шаралары. Бесін ас.



15.10 - 16.00

«Алақай, ойын!»

Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар.

Серуенге дайындық,

Серуен, қимылды ойындар.

Серуеннен оралу.

Гигиеналық және шынықтыру шаралары.



16.00 - 18.30

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Еркін ойын.

Балалардың үйге қайтуы.


18.30 - 19.00


«Денсаулық» білім беру саласы
Мақсаты: қимыл дағдыларын, жеке гигиена дағдыларын меңгертетін; түрлі оқиғаларға байланысты өзінің эмоционалдық көңіл күйін көрсете білетін; өзінің денсаулығына қарайтын және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережелерін сақтайтын денсаулықты сақтау құзіреттілігіне ие мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны:



а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

- дене шынықтыру арқылы



б) балалардың өмірлік іс-әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыру:

- дербес қимыл іс-әрекеті;

- мәдени-гигиеналық дағдылыр;

- салауатты өмір салты;

- сауықтыру-шынықтыру шаралары арқылы жүзеге асады.
Дене шынықтыру

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызғушылықтарын арттыру, қимылдай білуі мен дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері:

1. Жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып тосып алу, еңбектеу және өрмелеудегі негізгі қимыл түрлерін орындау дағдыларын жетілдіру.

2. Ептілік, үйлестіру қабілеттілігі, жалпы шыдамдылық, тепе-теңдік қасиеттерін дамыту.

3. Барлығы бірге, бірдей қарқынмен әрекет етуге үйрету.

4. Жеке бас гигиенасын сақтау дағдысы мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру.

5. Балаларды спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру.

6. Белсенді қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша түрлерін соның ішінде емдік-сауықтыру бағытындағы қимыл әрекеттерін енгізу, өз еркімен қимыл-қозғалыс жасау үшін күн тәртібінен уақыт бөліп, мүмкіншілік жасау) уақытын ұлғайту.

7. Қазақ және басқа да халықтардың қимылды ойындарына, сабақтағы спорттық снарядтарда шұғылдануға қызығушылықтарын қолдау.

8. Түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, алуан түрлі қимылдарды дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру.

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар



Жүру жаттығулары:

- бағытты өзгертіп қатармен жүру;

- қарқынды өзгертіп қатармен жүру;

- түрлі бағыттарда жүру;

- аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі жағымен жүру;

- қолды әртүрлі жағдайда қойып адымдап және тыпырлап жүру;

- сапта қарқынды өзгертіп шеңбер бойымен, бағытпен жүру;

- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа) жүру;

- басқа қимылдармен алмастырып жүру.

Жүгіру жаттығуулары:

- саптізбекте жұптасып және бір қатармен жүгіру;

- ұстап алу арқылы;

- бір қатарға қойылған заттардың арасынан «жыланша» ирелеңдеп жүгіру;

- қарқынды жылдамдатып және ақырындату арқылы;

- бағытты өзгерте отырып;

- екі сызықтың арасы арқылы жіңішке жолмен;

- алшақ адыммен;

- жылдам қарқында (арақашықтығы 15-20 метр) және баяу қарқынмен (1-1,5 мин);

- жүрумен алмастыра (40-60 метр) жүгіру.



Секіру жаттығулары:

- аяқты бірге, алшақ қойып, біреуін – алға, екіншісі – артқа қойып, бір орында тұрып жоғарыға секіру;

- бір орында тұрып оңға, солға бұрылып, бір орында тұрып айналып, жоғарыға секіру;

- бір орында тұрып 20 рет (үзіліс жасап, 2-3 рет қайталау) секіру;

- қос аяқпен 3-4 адымдап жоғарыға секіру;

- қос аяқпен арақашықтығы 2-3 метрге алға қарай жылжып секіру;

- бір орында тұрып ұзындыққа 4-6 сызықтың үстінен секіру;

- шеңберден шеңберге секіру;

- 20-30 см биіктіктен тереңдікке секіру;

- биіктігі 5-10 см 2-3 заттың үстінен бірізділікпен секіру;

- бір орында оң және сол аяқпен секіру;

- бір аяқтан екінші аяққа кезектесіп секіру;

- секіргіште қысқа секіртпемен секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату жаттығулары:

- допты, шарды бір-біріне, қақпаға таяқшалар, жіптер, сызықтар арасынан бір затқа тигізе отырып домалату,;

- еркін бағытта құрсауды домалату;

- допты жоғары лақтырып, қағып алу;

- допты еденге ұрып, қағып алу;

- допты кеудеден қос қолмен лақтыру;

- отыру және тұру қалпында допты басынан асыра лақтыру;

- допты қос қолмен еденге ұру;

- допты бір қолмен еденге ұру;

- затты тігінен және көлденеңінен арақашықтықта оң, сол қолмен лақтыру;

- допты қабырғаға ұрып, қағып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- 6-8 метр арақашықтыққа төрт тағандап еңбектеу, 40 см биіктікке көтерілген арқанның, доғаның, таяқтың астынан еңбектеу;

- түрлі тәсілдермен арқанның, доғаның астынан еңбектеп өту;

- тік және қырынан еңбектеу;

- төрттағандап заттардың арасымен еңбектеу;

- көлбеу саты бойымен көлденең салмаларынан қолмен ұстанып өрмелеу;

- көлбеу сатының жиегінен ұстап өрмелеу;

- еденде бір қырымен тұрған сатының көлбеу салмаларының арасымен өрмелеу;

- гимнастикалық қабырға бойымен жоғары - төмен қарай адыммен кезектестіріп еңбектеу;

- бір аралықтан екінші аралыққа оңға, солға кезектестірілген адыммен өту;

- бір орыннан екінші орынға оңға, солға адымдау.

Тепе-теңдікті сақтау жаттығулары:

- жүгіру барысында тоқтап, бұрылып, әрі қарай жүгіруді жалғастыру;

- тура және шеңбер бойымен, иректеліп қойылған жіптің бойымен жүру;

- басына қапшық (салмағы 400 грамм) қойып жіптің бойымен жүру;

- қабырғалы тақтай бойымен жүру;

- гимнастикалық орындық үстіне қойылған кубиктерді аттап, сатының тақтайшалары арқылы жүру;

- тақтайдың екі жақ басынан келе жатып ортасына келгенде екі жаққа кету;

- көлбеу қойылған тақтайдың үстімен жоғары-төмен түсу;

- көлденең бөрене бойымен тура және қырынан жүру;

- алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналу.



Сапқа тұр:

- дербес саптізбекке тұру;

- шағын топпен және барлық топпен шеңберге, екі-екіден, сапқа тұру;

- бағытқа қарап түзеліп, тізбектеліп тұру;

- оңға, солға, айнала бұрылу.

Музыкалық-ырғақтық жаттығулар

- музыка әуеніне қарай әртүрлі қимылдарды, түрлі ырғақпен орындау: ырғақты жүру, жеңіл жүгіру, тез және ырғақпен секіру, шыр айналу;

- жай, ырғақты отырып-тұру жаттығуларын жасау;

- ұлттық би элементтерін орындау, аяқтың ұшымен тұру;

- бір аяқпен жеңіл, бір аяғын топылдата отырып, әдемі қозғалыс жасау.

Жалпы дамыту жаттығулары

Қолға және иыққа арналған жаттығулар

Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және бір-бірлеп кезекпен түсіру.

Қолды алма-кезек алға - жоғары қарай тез көтеру және және түсіру, артқа жіберу (жұлқып). Қол екі жақта, алда болғанда саусақтарды бүгу және жазу, қолдың басын айналдыру, саусақтарды біріктіру, ажырату, созу. Екі қолды кеуде тұсына қою, желкеге салу және иықты түзулеу. Қолды шынтақтан бүгіп, айналмалы қимыл жасау. Орындықтың арқасына, қабырғаға арқасымын тығыз сүйене отырып, қолды екі жақтан жоғары көтеру. Таяқты, құрсауды жоғары көтеру, иықтан кейін түсіру. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.

Аяққа арналған жаттығулар

Аяқтың ұшымен көтерілу және тұру. Екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, 3 рет топылдату. Қатарынан 4-5 рет жартылай отыру. Екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақпен екі тұсқа жіберіп, отыру. Бір аяқты тізеден бүгу, алдыға жазу, қайтадан бүгу және жерге түсіру. Аяқтың ұшын созу, табанды бүгу. Аяқ саусақтарымен арқанды жинау, құм салынған дорбаларды бір орыннан екінші орынға қою. Өкшемен таяқтың, арқанның үстіне, аяқтың ұшымен еденге сүйене отырып, қырындап жүру. Тұрған күйі аяқ саусақтарымен орамал, тағы басқа ұсақ-түйек заттарды іліп алып, басқа орынға ауыстыру. Аяқ өкшесін айналдыру.



Кеудеге арналған жаттығулар

Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу (жұлқып және бір қалыпты).

Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю. Тұрған күйі екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу, заттарды қою және көтеру. Екі қол белде, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Бір аяқты алға түзулеп көтерген күйі астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған күйі арт жаққа қолмен сүйене отырып, екі аяқты жоғары көтеріп, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Жүрелеп тұрып, арқаны төмен қарай иіп және бүгу, кезекпен түзу аяқты бүге және жаза отырып, көтеру және түсіру. Зат ұстаған қолдарын созған қалыппен шалқасынан жатқан күйі етпетіне бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалпы иығын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен сырғанау, бірін-бірі сырғанату, шанамен төбешікке көтеру, төмен түсіп келе жатып тежеу.

Сырғанау. Өз еркімен мұз айдынында сырғанау.

Шаңғы. Бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу. Қиылысқан жерлері аз жерлерден жүру. Оңға және солға қарай жүріп бұрылу. Алға қарай, жартылай шырша сияқты (тура және қиғаш) аттап, төбешікке шығу.

Велосипед. Шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау.

Жүзуге дайындық. Суға түсу және бату, судың ішінде ойнау. Судың ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау. Судың түбінде (аяқты көлденең жіберіп) қолды тіреп, алға, артқа жылжу. Иекке, көзге дейін суға батырып отыру. Судан секіру. Суға бетін батыру. Суға басын батырып отыру. Өз еркімен жүзуге талпыну.

Ұзақтығы 20 минут болатын дене шынықтыру ойын-сауығын 2 айда 1 рет;

Ұзақтығы 45 минут болатын дене шынықтыру мерекелерін жылына 2 рет (қысқы және жазғы);

Ұзақтығы 30 минут болатын денсаулық күнін 2 айда 1 рет ұйымдастыру.



Жыл соңында дене шынықтыру бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- денсаулық пен дене жаттығуларының байланысы туралы;

- таңертеңгілік жаттығулар кешенін, сауықтыру жаттығуларын орындауды;

- жалпы дамыту жаттығуларын орындауда қажетті бастапқы қалыпты қабылдауды, орындауда бірізділікті сақтауды;

- қозғалыс ойындарын ойнауды;

- түрлі тәсілдермен жүру және жүгіруді, қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіруді, тепе-теңдікті сақтауды, басты тік ұстауды;

- бір орыннан секіруде дұрыс бастапқы қалыпты қабылдауды, жеңіл түсуді;

- түрлі бағыттарда және түрлі бастапқы қалыпта секірулерді орындауды;

- 70 см кем емес ұзындыққа бір орыннан секіруді;

- 20-30 см биіктіктен тереңдікке секіруді;

- допты лақтыру және оны қолмен қағып алуды;

- лақтыруда дұрыс бастапқы қалыпты қабылдап, заттарды алшақтыққа түрлі тәсілдермен көлденең және тік нысанада оң және сол қолмен лақтыруды;

- допты жерге 5 рет қатар соғуды;

- гимнастикалық қабырға бойымен көлденең таяқшаларды бос жібермей, бір аралықтан екінші аралыққа өрмелеуді;

- түрлі тәсілдермен: қолға, тізеге және аяқтың ұшына, табанға және алақанға, ішке сүйеніп, қолмен тартылып еңбектеуді;

- тіреуіштің шектеулі алаңы бойымен тепе-теңдікті сақтауды;

- бүкіл немесе шағын топпен саптізбекке, шеңберге, сапқа тұру, сапта өз орнын табуды;

- музыка әуенімен саппен жүруді;

- ойын кейіпкерлерінің би қимылдарын және бейнелі қимыл-қозғалысын орындауды;

- музыка әуенімен таныс дене жаттығуларын орындауды;

- биік емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін сырғанатуды;

- дербес мұз жолдарымен сырғанауды;

- шаңғымен түзу шаңғы жолмен жүру, шаңғы жолымен оңға және солға сырғанап жүруді;

- екі аяқты велосипед тебуді;

- суға кіру және шомылу, су ішінде ойнауды, еркін тәсілде жүзуді білуі тиіс.
Валеология

Валеологиялық тәрбие балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу: дербес қимыл іс-әрекеттері, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу дағдылары, салауатты өмір салты, сауықтыру-шынықтыру шаралары туралы дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асады.



Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың валеологиялық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір салтының құндылықтарын меңгеруге бейімдеу.

Міндеттері:

1. Өзінің денесі мен денсаулығына, ағзасына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.

2. Мәдени-гигиеналық дағдылары мен салауатты өмір салты дағдыларын жетілдіру және кеңейту.

3. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстау қауіпсіздік ережелерін үйрету.



Мазмұны:

Салауатты өмір салты

Өз-өзіне қарау дағдыларын (ауа райына байланысты киіну, жуыну, тарану, бет орамал қолдану, киіміндегі кемшіліктерді жөндеу), дұрыс тамақтану, аурудың алдын алу дағдыларын, еңбек пен демалысты кезектестіре білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту. Өз еріктерімен гигиеналық шараларды орындау дағдыларын бекіту.

Бала ағзасын шынықтыру мақсатында іс-шаралар өткізу, әр түрлі шынықтыру шараларын (беті, қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, салқын сумен аузын шаю, яқ-қолына су құю) жүзеге асыру.

Күн тәртібіне байланысты күнделікті балалардың таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ауа райына байланысты киінуге, үнемі серуендеуге, жаттығулармен айналысуға, күн тәртібін бұзбауға үйрету.

Гимнастика мен сылау (массаж) шараларын (таңертеңгілік, тыныс алу, артикуляциялық гимнастика, көзге, тіске арналған гимнастика және тіс жиегіне, қол мен табанға арналған сылау, нүктелі сылау) жүргізу.

Табиғат жағдайында адамдардың әрекеттерімен байланысты (көзге бөгде заттардың түсуінен қорғану, құлап қалу, жарақаттанудан сақтану, таныс емес адамдармен кездескенде сақтық жасау, өзіне таныс емес саңырауқұлақ пен жемістерді жемеу, таныс емес жануарлармен байланысқа түспеу, таныс емес сұйықтықтың дәмін татып көрмеу) өзін-өзі ұстау қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.

Қиын жағдайларда бір-біріне көмек көрсету тәсілдерімен таныстыру.

Бағдаршамның және көшедегі жол белгілерімен (жолаушы бөлігі мен жаяу жүргіншілер жолы), жолда жүру ережелерімен (жолдан қай жерден және қалай өту) таныстыру.



Мәдени-гигиеналық шаралар

Жеке басының тазалығы мен салауатты өмір салты туралы жалпы білімдері мен ұғымдарын кеңейтіп, балалардың дағдыларын жетілдіру.

Дене тазалығын сақтау (көшеден келгеннен соң, дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында қолын жуу, күнделікті жуыну, тісін тазалау, ұқыпты киіну, тарану), өз еркімен киіміндегі, шашындағы кемшіліктерді жөндеу және сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлерді таза ұстау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.

Балаларды үстел басында ыңғайлы, дұрыс қалыпты сақтап, асхана құралдарын, орамалды қолдануға үйрету.

Тамақтанудың мәдени дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ өтетін, ойнайтын, серуендейтін жерлердің тазалығын қадағалау. Киімдері мен ойыншықтарын, кітаптарын өз орындарына жинау сияқты пайдалы дағдыларын жетілдіру.

Өзінің және өзгенің заттарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Жыл соңында валеология бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- гигиеналық шаралар (тарану, қол орамалын қолдану, жуынғанда өз бетімен жеңін түріп, сабынмен беті қолын жуып және оларды жақсылап сүрту, тіс щеткасымен тісін тазалау, киімдерін суламау, сүлгіні өз орнына ілу) өткізуді;

- белгілі бір жүйелілікте киіну және шешінуді;

- негізгі азық-түліктерді атауды;

- кейбір денсаулықты нығайту шаралары туралы (шынықтыру, күн тәртібін сақтау, гигиеналық шараларды орындау);

- жануарлармен, жәндіктермен байланыста қауіпсіздік ережесін сақтауды;

- балабақшаның, өз үйінің жақын айналасында бағдарлауды білуі тиіс.




«ҚАТЫНАС» білім беру саласы
Мақсаты: коммуникативтік тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны:

а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- тіл дамыту;

- көркем әдебиет;

- қоршаған ортамен таныстыру;

- мемлекеттік тіл, орыс тілі және басқа тілдерді үйрету арқылы

ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесін ұйымдастыру:

- дербес көркем-тілдік қызмет;

- кіші-қойылымдарды сахналау;

- сөздік мазмұнды үстел үсті-баспа ойындар;

- театрландырылған ойындар арқылы іске асады.
Тіл дамыту

Мақсаты: балалардың ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеруі негізінде тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Артикуляциялық аппараттарын дамыту және сөздер мен барлық дыбыстарды дұрыс айтуға даярлау.

2. Білімдерін тереңдету және қоршаған әлем туралы түсніктердің негізінде балалардың сөздік қорларын байыту және оны белсендіру.

3. Сөйлемде сөздерді үйлестіру біліктерін қалыптастыру, тілдің грамматикасының дұрыс сақталуын қадағалау.

4. Диалогтік тілдесу дағдыларын жетілдіру, әңгімені қостау және қысқаша пікірлерін айту біліктерін дамыту.

5. Тілдік шығармашылыққа мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың тұрақты қызығушылығын тәрбиелеу.

6. Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу мәдениетінің дағдыларын жетілдіру.

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеу

Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды таза, анық айту дағдыларын бекіту.

Дауыс мәнерімен жұмыс істеуді жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестердің анық айтылуын жетілдіру. Ақырын немесе тез, қатты немесе жай сөйлеу біліктерін дамытуды жалғастыру.

Сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуын дамыту.

Фонематикалық қабылдауын (сөздердің айтылуында дыбысты ажырата білу) дамыту.

Сөздік жұмысы

Сөздік қорын: адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың бөліктері мен бөлшектерін білдіретін - зат есіммен, еңбек әрекетін білдіретін - етістікпен, үстеумен, шылаулармен байыту.

Заттардың қасиеті мен сапасын (көлем, түс, пішін) білдіретін сөздермен толықтыру.

Баланың сөздік қорын электротехникалық тұрмыстық заттардың атауларымен: тоңазытқыш, шаңсорғыш, қысқатолқынды пеш, теледидар, компьютермен толықтыру.

Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (жемістер, жидектер, көкөністер, құстар, ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыстар, жиһаз) сөздік қорына енгізу. Заттардың топтарын атау (ыдыс-аяқ: шай, ас үй; аяқ киімдер: жазғы, қысқы).

Сөздік қорын таңқаларлық және ұлттық заттар атауларымен толықтыру (сандық, тымақ, желпуіш, парик-жасанды шаш, теңге, қазан, арба т.б.) және олардың қызметтерін түсіндіру.

Антоним сөздерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын) сөздік қорына енгізу.

Үй-тұрмыстық заттары мен айналаны қоршаған заттардың маңызы туралы түсінік беру.



Балаларға заттың атауын және орнын білдіретін сөздерді (сол жақта, оң жақта, арасында (ортасында), қасында, жанында) үйретуді жалғастыру.

Тәулік бөліктерін білдіретін сөздерді енгізу.

Адамдардың көңіл күйін (көңілді, мұңлы, мейірімді және т.б.) білдіретін сөздерді қолдануға үйрету.

Сөзге деген қызығушылықтары мен зейінін дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру

Сөздерді септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс үйлестіре білуге үйретуді жалғастыру.

Сөздердің кейбір күрделі түрлерінің жасалуын үйрету. Мысалы:

- ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың, қонжықтардың);

- етістіктің бұйрық райына (сурет сал, секір, биле, ән сал, жат);

- етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру).

Жан-жануарларды, олардың төлдерін (үйрек - үйректер - үйректің балапаны, түйе - түйелер - бота - боталар) білдіретін сөздерді зат есімнің көпше және жекеше түрінде айту біліктерін дамыту.

Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру.

Сан есімдерді ретімен айтуға, оларды саналатын заттармен тектік, сан-мөлшерлік, есептік жағынан байланыстыруға үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

Балалардың тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау біліктерін қалыптастыру.

Тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар мен заттар туралы және сурет бойынша әңгіме құрастыру біліктерін дамыту.

Өз қалауымен, тәжірибесіне сүйене отырып (суреттің мазмұнына сәйкес) әңгіме құрауға үйрету.

Өздеріне таныс және сабақта өткен шағын ертегілерді қайталап айтып беруге үйрету.

Өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегілер үзіндісін драмалуға қатысу біліктерін дамыту.

Шығармашылық сөйлеу әрекеті

Шағын тақпақтарды жатқа айтуға үйрету.

Балаларға түсінікті қуыршақ театрының «жүргізу техникасын» қолданып, театрландырылған әрекеттерге, ойындарға - драматизациялауға, қуыршақ қойылымына қатысуға ниеттендіру.

Ойыншықтармен оқиғалар құрастыруға тарту.

Сөздік және саусақ ойындарына қатысуға ниеттендіру.

Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру.

Кейіпкерлердің бейнесін беру үшін сөздегі ырғақ мәнерінің тәсілдері мен қарқынын қадағалап, қолдануға үйрету.

Жыл соңында тіл дамыту бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды;

- берілген дыбыстарды сөздерден естіп, ажыратуды;

- жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (көкөністер, жемістер, жануарлар, ойыншықтар) қолдануды;

- заттардың орналасуын (сол жақта, оң жақта, арасында (ортасында), жанында, қасында) анықтап айтуды;

- сөздердің күрделі түрлерін: ілік септігіндегі зат есімнің көпше түрі (жолақтардың, ойыншықтардың), етістіктің бұйрық райы (сурет сал, ән сал, биле) қолдануды;

- сөздерді септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс үйлестіруді;

- кіші көркем әдеби әңгімелерді мазмұндауды;

- ойыншық жайлы және сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастыруды;

- өздеріне таныс әдеби шығармалар мен ертегілер үзінділерінің драмалауына қатысуды білуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет