Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет7/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы
Мақсаты: эстетикалық талғамын, қиялын, шығармашылық қабілетін қарастыратын шығармашылық құзіреттілігін меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет салу;

- музыка арқылы

ә) балалардың өмірлік іс-әрекеттері мен тәрбиесі:

- шығармашылық дербес іс-әрекеттері (бейнелеу, музыкалық, театрландырылған);

- тәрбиешімен бірлескен шығармашылық;

- ән-күймен және қылқалам шеберлерінің өнер туындыларымен таныстыру;

- саяхаттар, зерттеулер, балалар шығармашылығының көрмесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады.
Мүсіндеу

Мақсаты: мүсіндеуге қызығушылығын қалыптастыру негізінде көркемдік талғамын жетілдіру.

Міндеттері:

1. Заттардың ерекшеліктеріне тән түрлі пластикалық материалдардан мүсіндеу іскерліктерін дамыту.

2. Заттарды бейнелеу тәсілдері мен мәнерлеу құралдарын өз еркімен таңдап алуға үйрету.

3. Шығармашылық әрекеттер үдерісіне, көркем шығармаларға, халық шығармашылығына жағымды қатынасын білдіру іскерліктеріне тәрбиелеу.



Мазмұны:

Алақан арасына салып түзу және домалақтап ширату іскерліктерін жетілдіру.

Саз балшықтың, қамырдың, ермексаздың, қардың кесегінен мүсіндеуге және мүсіндеудің түрлі ширату, жалпайту, пішіннің шетін шымшып жалғастыру тәсілдерін қолдана отырып бейнелер жасауға үйрету.

Сазбалшықтан пішіннің негізгі бөлігін созуға (құстың тұмсығы, қоянның құлағы), пішіннің үстін тегістеуге, бөліктерді біріктіруге, оларды қысу және жағуға (шыны аяқтың тұтқасы), толық пішінді беру үшін ішіне қарай басуға (табақ, кружка) үйрету.

Балаларды бейнелік ойыншықтарға, бейнелеу өнері заттары мен сәндік-қолданбалы өнерге талпындыру.

Заттардың бірнеше бөліктерін тепе-теңдік қалпын сақтап, бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы мүсіндеудің тәсілдерін көрсету.

Балаларға түрлі материалдарды қосып (ермексаз, саз балшық, табиғи және қалдық материал) мүсіндеуге үйрету, шығармашылық қиялын дамыту.

Балаларды көлемді пішіндер мен қарапайым композиция мүсіндеуге қызықтыру.

Адамдар мен жануарларды мүсіндеудің түрлі тәсілдерін көрсету.

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияға біріктіру жолдарын үйрету.

Стектерді қолданып жұмыс істеуге үйрету.

Жыл соңында мүсіндеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- бірнеше бөліктерден тұратын заттарды мүсіндеуді, илеу, жалпақтау, қосу, шымшу тәсілдерін қолдануды;

- мүсіндеуде әртүрлі материалды (пластилин, сазбалшық, табиғи және қалдық материалдар) бірлестіруді;

- жұмыста стектерді қолдануды білуі тиіс.
Жапсыру

Мақсаты: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларға қарапайым пішіндерді қиып және өз еркімен, шығармашылық пен қиялын таныта отырып, үлгіге қарап бейне құрастыруға үйрету.

2. Заттардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерімен және оларды орындау техникасымен таныстыру.

Мазмұны:

Қайшымен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Шаршы мен тіктөртбұрышты қиғаш сызық бойынша кесуге, шеңбер мен сопақшаны жіңішкелеп ортасынан кесу, содан соң жалпақ жолақша етіп кесуге үйрету.

Адам мен жануарлардың пішіндерін, едәуір күрделі заттарды бейнелеуге үйрету.

Ұсақ бөлшектерді құрастырып және желімдеуге, яғни заттардың бейнесін алдымен қағаз бетіне қойып алып, содан соң оларды желімдеуге үйрету.

Заттар мен өрнектердің пішіндеріне байланысты жазықтықта орналасу заңдылықтарын, элементтердің бірізділігі мен олардың арасындағы арақашықтықты сақтауын көрсету.

Домалақ, шаршы, жолақшадағы өсімдіктер пішінінде және басқа да пішіннен геометриялық элементтерден өрнек құрастыру тәсілдерін көрсету.

Қылқалам мен желімді пайдаланып, клеенкадағы пішінге ұқыпты жағу, су орамалды қолдану іскерліктерін дамыту.

Қағаздың: жыртылатыны, оңай мыжылатыны және желімнің: желімденетіні, ұқыптылықпен қолдануды қажет ететін мүмкіндіктері туралы ұғымдарын бекіту.

Ұжымдық композиция қалай құру керектігін үйрету.

Жапсыруға қызығушылықтарын дамыту.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері - кілемге жапсырумен таныстыру.

Балаларды түрлі бейнелеу материалдарын (жапсыру мен сурет салу) үйлестіріп жапсыруға үйрету, шығармашылық қиялын дамыту.

Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қайшыны дұрыс ұстап, оны дұрыс қолдана білуді;

- шаршы мен төртбұрышты диагоналі бойынша қиюды;

- шаршыдан дөңгелек, төртбұрыштан сопақша қиюды және қиғаш қиюды;

- жеке бөліктерден тұратын заттарды орналастырып, желімдеуді;

- жолақшаның, шаршының, дөңгелектің үстіне өсімдік пен геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруды, оларды кезектестіруді және біртіндеп желімдеуді білуі тиіс.
Сурет салу

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларға қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу тәсілін үйрету негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Заттар мен өнер шығармаларының, халық ойыншықтарымен және сәндік-қолданбалы өнер шығармаларының эстетикалық қасиеттерімен таныстыру.

2. Қарапайым заттар мен қоршаған ортаның құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеу тәсілдерін үйрету.

3. Қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнерін сурет салуда қолдануға үйрету.



Мазмұны:

Заттарды, адам мен жануарларды, табиғат құбылыстарын, өздеріне таныс ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге үйрету.

Сәндік-қолданбалы өнердің кейбір түрлерімен, керамикалық ыдыстармен, балалар көркем әдебиеті шығармаларының суреттерімен, атақты қазақ және басқа суретшілердің көшірмесімен, кіші пішіндегі мүсінмен таныстыру, олардың мазмұнын түсіне білуге үйрету.

Балаларды күрделі заттардың суретте ораналасқан бөліктерін (жоғарыда, төменде, бір жағымен, екінші жағымен) бейнелеу барысында және оларды көлемі бойынша үйлестіре білуге үйрету.

Адамдар мен жануарлардың суретін салу тәсілдерін көрсету.

Балаларды негізгі түстермен және олардың реңктерімен, қағаз бетін бағдарлап, сурет салу тәсілдерімен таныстыруды жалғастыру.

Көлеміне байланысты жазықтыққа ою-өрнекті орналастыру заңдылықтарын, элементтердің бірізділігін және олардың арқашықтығын сақтауларын көрсету.

Халық ойыншығының сарыны бойынша, керамикалық ыдыс-аяққа, дөңгелекке, жолақшаға, шаршыға, дайын пішінге өрнектің элементтерінің суретін салуға, өрнектің элементін ырғақты орналастыру, симметрияны сақтауға үйрету.

Қазақ халқының және дымковтық ойыншықтардың ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету.

Сурет салудың техникалық дағдыларын бекіту: қаламмен, қылқаламмен (акварельдік бояу, гуашь) тек бір бағытта – жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай, бояуды ырғақпен жағу, бүкіл пішінді үзік сызықпен сызу, сұлбаның шегінен шығып кетпей, қылқаламмен жалпақ сызық жүргізу, ал жіңішке сызықты, түктің ұшымен немесе қылқалам сабынының ұшымен нүкте арқылы суреттерді бояу.



Жыл соңында сурет салу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- суреттегі образдың мәнерлі болуы үшін, түс пен рең үйлесімділігін қолдануды;

- суретте заттың пішінін, құрылымын, бөліктердің орналасуын, көлемі бойынша арақатынастарын дұрыс көрсетуді;

- бір суретте бірнеше затты бір жолақшаға бүкіл параққа орналастырып бейнелеуді, бірыңғай мазмұнмен байланыстыруды;

- жолақтың, шаршының, дөңгелектің бетіне өрнек салуды, элементтерді бір қалыпта орналастыруды білуі тиіс.
Музыка

Мақсаты: балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкалық шығармашылық әрекеттер түріне эмоционалдық қатынасын білдіруге талпындыру.

Міндеттері:

1. Кейбір музыкалық мәнерлілік құралдары туралы музыкалық қабылдау ұғымдарын қалыптастыру.

2. Музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажыратуға үйрету, даңғырлатып ойнайтын оркестрге қатысу.

3. Би қимылдарын орындауға, музыкалық ойын әрекеттеріне талпындыру.

4. Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету.

5. Сазды әуенмен, күшенбей, мәнерлі, табиғи даусымен ән айтуға үйрету.

6. Адамгершілік-эстетикалық сезімге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Ән тыңдау

Түрлі сипаттағы (көңілді, көңілсіз, жылдам, баяу) музыкалық шығарманы қабылдауға үйрету.

Музыкалық шығарманы аяғына дейін тыңдау, шығарманың бөлімін ажырату, музыканың сипатын анықтау іскерлігін дамыту.

Әнде не туралы айтылғанын әңгімелеу іскерлігін дамыту.

Музыкалық ойыншықтар мен аспаптарды (асатаяқ, домбыра, қобыз, барабан, сылдырмақ, дабыл және т.б.) ажырату іскерліктерін дамыту.

Музыкалық шығармалар мен олардың жанры туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Дыбыстардың биіктігі, дыбыстау ұзақтығы, ырғақ пен тембр туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Ән салу

Жеке және хормен ән айту, дыбысталуын созып, дауыс ырғағын таза келтіріп айту дағдыларын қалыптастыру.

Бір қарқында (жылдам - баяу) бірдей дыбыстау күшімен (қатты - ақырын) ән айтуға үйрету. Түрлі сипаттағы әндерді орындауды қолдану, секірмелі және әдемі сазды қарқынмен дауысты бере білуге үйрету.

Табиғи дауыспен ән салуға, күштенбей, сөзі мен дыбысты таза және анық, кіріспе музыкадан кейін әнді бастауға, музыкалық сөздің арасында тыныс алуға, әнді бір уақытта бастап аяқтауға, сазды дұрыс бере білуге, әннің аяғын саздылық етуге үйрету.

Кварта аралығында, музыка сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән салу. Дыбыстарды биіктігі бойынша (октава шегінде) ажырату, басы мен аяғын сезіну.

Балалар композиторларының шығармаларын, халық музыкасын, бағдарламалық шығармалар мен олардың авторларының аттарын атап, тани білуге үйрету.



Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Жаттығулар, ойындар, хороводтар, билер, би шығармашылығы. Музыка сипатына сай қимылдарын өзгерту, пьесаның соңын сезіну, музыка сипатына қимылды үйлестіруге талпыну іскерліктерін дамыту.

Музыканың түрлі бөліктерін: ән бастамасы, қайырмасын ажыратуға үйрету.

Би қимылдарын, музыкалық ойын әрекеттерін орындауға талпындыру.

Би қимылдарымен, би билеу, ойын және хороводтармен таныстыру.

Музыка сипатының алмасуын сезінуге үйрету.

Таныс әннің мазмұнын сахналауға қатыстыру.

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

Ересектердің домбырада, сазсырнайда, қобызда, аккордеонда, металлофонда, ксилофонда және басқа да түрлі музыкалық және даңғырлақ аспаптарындағы ойнауын тыңдау іскерлігіне тәрбиелеу. Күрделі емес ырғақта үшбұрышта, румбада, табақшада өз еріктерімен орындау іскерліктерін дамыту. Шулы оркестрге қатысуын талпындыру. Балалар музыкалық аспаптарын танып, атай білуге үйрету.



Жыл соңында музыка бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- музыкалық шығарманы зейін қойып тыңдауды;

- әндерді әуені бойынша танып білуді;

- дауысты ырғағы бойынша танып білуді;

- әнді созып айтуды, мәтіннің сөздерін анық айтуды;

- ән айтуды бірге бастап бірге аяқтауды;

- музыканың сипатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды орындап оларды музыкалық шығарманың мазмұнына байланысты өзгертуді;

- би қимылдарын (секіру, жұптасып шеңбер бойында би қимылдарын орындау, бір орында тұрып айналу және жұптасып айналу) орындауды;

- заттармен бірге қимылдар (қол орамалымен, жолақшалармен, қуыршақтармен) орындауды;

- әндер мен қол ұстасып шеңбер жасауды сахналап көрсетуді;

- үшбұрышты дағара аспабында, румбада, тәрелкеде жеңіл әуендерді ойнай білуі тиіс.
«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: қоғамдық норма және ережелерді білу негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, әлеуметтік құзіреттілікті игереген тұлға қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны:



а) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:

- қоршаған ортамен таныстыру;

- экология негіздері;

- көркем әдебиет арқылы



б) балалардың өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеу:

- ойын іс-әрекеті;

- қарым-қатынас және өзара әрекет үлгілері;

- әлеуметтік құзіреттілікті қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;

- шамасы жететін көмек көрсету;

- еңбек тапсырмалары;

- негізгі мейрам күндерін мерекелеуге қатыстыру;

- әлемді, адам сезімдерін, мінез-құлық нормаларын және ережелерін ашатын арнайы ойындар және жаттығулар арқылы жүзеге асады.


Қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Отаншылдық сезімін, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін, ересектерді құрметтеу сезімін қалыптастыру.

2. Әрекеттердің әр түріне қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту.

3. Ересектер мен құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.



Мен - кіммін?

Өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.

Өзін-өзі танудағы талаптарын мадақтау. Маған дене мүшелері не үшін қажет (қол, аяқ, бас және т.б.), көру, есту, дәм сезу, сипап сезу мүшелері не үшін қажет. Мен қандай көңіл күйде боламын (қуанамын, ренжимін, ашуланамын және т.б.).

Өзін-өзі дұрыс бағалау қажеттілігін қолдау.

Өзіне, өз күшіне сенімін нығайтып, өзіне құрметі мен дербестігін дамытуға мүмкіндік туғызу.

Өзінің қолынан келетіні, жақсы көретіні, не сезетіні, жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым қарым-қатынастар туралы ойлап, өз ойын айта білуге үйрету. Құрдастарының арасында өз жағдайын, басқа балалардың өзіне қарым-қатынасын білуге үйрету.



Адам - тіршілік иесі

Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Жақын әлеуметтік ортасы, қарапайым туыстық және қоғамдық қарым-қатынастар туралы білімдерін қалыптастыру.

Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру.

Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі. Адамдардың бірдей ішкі құрылыстары (жүрек, асқазан, өкпе) бар.

Адамдардың бір-бірімен айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар (сырт келбеті, әдеттері, түрлі сезімдер мен көңіл күйлерді сезінеді).

Адамның өсуі үшін қажетті шарттар - су, жарық, жылу, тағам, қозғалыс пен демалыс, күтім мен махаббат. Адамдар бірдей сезімдерді сезінеді: қуаныш, ауру, өкініш.

Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ түсінуге үйрету.



Отбасы

Отбасы бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелерін, қызметтері мен қарым-қатынастарын (немен айналысады, бір-біріне қандай қамқорлық жасайды, қайда баруы мүмкін және т.б.) атауға ынталандыру.

Ойын жағдайларында отбасы үшін бөлмені жабдықтау: жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды орналастыру, отбасылық қарым-қатынастар мен ересектердің еңбегін ойын әрекеттерінде көрсету.

Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеуге ынталандыру. Өзінің отбасы мен бір-біріне қалай көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын жақсы көріп қамқорлық жасайтыны туралы түсіну.



Ересектердің еңбегі

Ересектердің еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, аспаз, сатушы, дәрігер, құрылысшы, пошташы) туралы түсініктерін кеңейту.

Түрлі мамандық иелері (жүргізуші, ұшқыш, машинист, капитан) әртүрлі көлік құралдарын басқаратыны туралы білім беру.

Балабақша

Балабақша қызметкерлері туралы білімдерін кеңейту.

Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, ас үй, кір жуатын т.б. бөлмелерімен таныстыру. Қай бөлме неге арналғандығын ажыратуға үйрету: бұл бөлмелерде не жұмыс істейтінін сұрау, әр бөлмедегі жұмыс туралы, оған қажетті құрал-саймандардың атын, неден жасалғандығын, айту, көрсету, түсіндіру. Қайда?, кімде?, қандай?, кім?, не істейді? сұрақтарына дұрыс жауап беру.

Заттарды, кабинеттерді бір-бірімен салыстыруға (кең, тар, жарық, үлкен т.б.) үйрету. Заттардың мөлшерін (ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы) шартты белгілердің көмегімен салыстыруға үйрету.

Қазақстанда өсетін бөлме өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттілігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру.

Өсімдіктердің көптүрлілігі мен оларға әртүрлі күтім керектігі (суару, жапырақтарды сүрту) туралы білімдерін бекіту. Тірі табиғат бұрышын мекендеушілер мен өсімдіктердің белгілерін білдіретін сөздерді қолдануға үйрету. Бейнелеу өнеріндегі қол еңбек бұрышы, көркем шығармашылық, музыка бөлмесіндегі ұлттық музыка аспаптары (домбыра, қобыз) туралы түсінік беріп, олармен таныстыру. Домбыраның сыртқы бейнесін сызуға, суретін салуға үйрету.

Алаңмен, аумақпен таныстыру. Балабақша ауласын көгалдандыру, гүлзарлар балабақша келбетін көркейтетіні туралы түсіндіру.

Ағаштар, гүлдер және құстардың белгілеріне қарай анықтап және ажырату іскерліктерін дамыту.

Маусымдық өзгерістерді байқауға үйрету.

Балабақшаның сыртқы және ішкі безендірулеріне көңіл аударуға үйрету.



Мінез-құлық дағдылары

Ұлттық педагогика негіздеріне сүйене отырып мінез-құлық ережелерін сақтауды үйрету.

Құрдастарымен келіспеушілік болған жағдайда, «келісімге келуге», «татуласуға», өзгелерді тыңдауға, олардың тілектерін түсінуге ынталандыру.

Қоршаған ортамен танысу процесінде қарапайым әдептілік дағдыларымен (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, өзінің көмегін ұсыну ) таныстыру.

Балалардың мінез-құлқында қарапайым әдеп ережелерін: үлкеннің сөзін бөлмеу, орын беру, ойыншықтарымен бөлісу, қоғамдық орындарда өзін мәдениетті ұстау т.б. бекіту.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы

Кішіге (бауырларына, қарындастарына) - ізет, үлкенге ата, әжелеріне) - құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Өзінің тегінің шежіресіне қызығушылығын ояту.

Ата-анасы, отбасы мүшелері мен өзінің аты-жөнін дұрыс айтуға үйрету.

Отбасылық мерекелер туралы әңгімелеуді үйрету, оны өткізуге дайындыққа қатысу ниетін тәрбиелеу.

Құрдастарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын бағалауға, кім кіммен жақын дос, олар не үшін бір-біріне жақын деген мәселелер туралы көзқарастарын білу дағдыларын қалыптастыру.

Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту және оның нәтижелеріне ұқыпты қарау, балаларды ересектермен бірлескен еңбек іс-әрекеттеріне қосу.



Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әртүрлі жағдайда және түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда балаларды мінез-құлық нормалары мен ережелерін таныстыру.

Қарапайым адамгершілік нормаларын қалыптастыру және салт-дәстүрлермен: қазақ халқының қонақжайлылығын, жақындарына, балабақшасына, еліне, жеріне, достарына, елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдеріне сүйіспеншілігі мен сыйластығын таныстыру.

Өзіне, өзінің қадір-қасиетін бағалауға тәрбиелеу, ересектердің балаға әрі - сыншы, әрі - қолдаушы екендігін ұғындыру.



Экология негіздері

Мақсаты: тірі және өлі табиғат объектілеріне оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Мектеп жасына дейінгі балаларға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы, табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы және қоршаған орта жағдайы туралы түсініктерін кеңейту.

2. Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.

3. Балаларда табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.



Мазмұны:

Мінез-құлық дағдылары

Өзін-өзі тану, табиғаттағы өз орнын білуге талпынысын қолдау. Өзіне, өзінің мүмкіншіліктері мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін бағалауға дағдыландыру.

Табиғатты бақылауда өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге, Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. Мысалы, егер орманда қоқыс қалдырса, онда өрт шығуы мүмкін – орман өртенеді, жәндіктер және құстар өледі, егер өзенді ластаса, онда шомылуға болмайды, балықтар өледі.

Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы

Өз-өзіне қызмет етуі мен тірі табиғат бұрышындағы, балабақша ауласындағы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек түрлерін атқару барысында ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату белсенділіктерін қолдау.

Түрлі тәсілдер мен қарым-қатынас құралдарын меңгерту үшін: ересектерді аты-жөнімен атау; құрдастарын атымен атау; өзіне басқа адамның назарын аударту үшін тілдік, сондай-ақ тілдік емес тәсілдерді қолдану, бұл ретте тура көзге қарап, өтінішке сыпайы жауап беріп, басқа балалардың жауабын тыңдауға жағдай жасау.

Мейірімділікті көрсетуді, басқа адамдар туралы қамқорлыққа ынталандыруды жалғастыру.

Отбасы мүшелерінің кейбір еңбек әрекеттері туралы білімдерін қалыптастыру.

Адам туралы, оның адамзат қоғамның өкілі екені туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру.



Адамгершілік нормалары туралы түсінік

Айналадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын тілектестік сезімін (табиғатта өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелерін сақтау, «болады және болмайды», «керек және қажет», «жақсы және жаман» түсіну).

Табиғат әлеміне жылы сезімін тәрбиелеу, оны аялауға, күтіп-баптауға тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық қарым-қатынас қажет екендігін түсіну.

Өсімдіктер мен жануарлырдың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастырып, балаларды өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға қатыстыру.

Ересектер мен құрдастарының табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету.

Табиғатта қарапайым қауіпсіздік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.


Көркем әдебиет

Мақсаты: балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындыларын талдау арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік сапасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Көркем әдебиет шығармалары арқылы балаларды өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстыру.

2. Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылауға, өз көзқарасын білдіруге тәрбиелей отырып әдебиетке қызығушылығын ояту.

Мазмұны:

Мінез-құлық дағдылары

Балаларды ертегілер мен әдебиет шығармалар кейіпкерлерінің мінез-құлықтарына және қарым-қатынастарына эмоционалды ықыластығын ынталандыру.

Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттері мен мінез-құлықтарын талдауға, оларды қабылданған ережелерге сәйкес бағалауға үйрету.

Балабақшада, қоғамдық орында өзін мәдениетті ұстаудың қарапайым дағдыларын бекіту.

Ертегілерге және әдеби шығармаларға суретшілердің иллюстрацияларын қарастыруға, кейіпкерлер қарым-қатынасының мінез-құлықтары мен тәсілдерін, өзара қарым-қатынасын талқылауға және әрекеттері мен мінез-құлқына өзінің қарым-қатынасын көрсетуді үйретуді жалғастыру.

Басқа адамдарға, табиғатқа және жануарларға деген қамқорлығын көрсететін кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын бөліп қарау.

Ересектердің еңбегіне қызығушылығын, оның нәтижелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Ересектер және құрдастарымен өзара іс-әрекеті

Балаларға ойдан шығарылған кейіпкерлері мен олардың ішкі жан-дүниесіне жан ашуға үйрету. Өзінің және басқалардың эмоционалдық күйлері және шығу себептері арасындағы байланыстарын адамдардың сезімі мен қарым-қатынастарын білдіретін көркем әдебиеттерді қолдана отырып, табуға ынталандыру.

Қазақ және басқа да халықтардың ертегілері мен әдеби шығармаларының мазмұны арқылы ер (күшті, батыл, ер-батыр, қамқор) және әйел (мейірімді, нәзік, сұлу, ару) адамдардың қылықтарының ерекшеліктерін бағалауға үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен бірлескен іс-әрекет барысында қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету. Басқа адамға қамқорлық жасап, қолдан келгенше көмектесуге ынталандыруды жалғастыру.

Балалардың бір-бірімен дау-жанжалдар барысында «келісу» және осы дау-жанжалдың шешу «татуласу» тәсілдерін іскерліктерін қалыптастыру.

Ойындарда рөлдік диалогтерді балалардың аша білуіне, қарым-қатынастарда сыпайылықты сақтау (сөзді бөлмеу, мұқият тыңдау, келісу) іскерліктеріне мүмкіндіктер туғызу.

Ересектерді құрметтеуге, кішілерге қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Әдеби кейіпкерліктердің өзін-өзі ұстауы мен қылықтарын талдауы мен бағалауы негізінде мейірімді, қайырымды және басқа да игі қасиеттерді бойына сіңіруіне үйрету.

Тұлға аралық қатынастарының адамгершілік қағидаларымен және әлеуметтік ортадағы өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Сыпайылықтың қарапайым дағдыларына (амандасау қоштасу, кешірім сұрау және өзінің көмегін ұсына білу) тәрбиелеу. Қарым-қатынас негізінде туындайтын әр түрлі жағдайларды (жақсы мен жаманның, солай еткім келеді және осылай істеу қажет, неліктен осылай болды) түсінуге мүмкіндік туғызу.

Ертегілер мен әдеби шығармалар кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау және оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктерін қалыптастыру.

Жыл соңында Әлеуметтік орта білім беру саласы бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- әрбір баланың отбасы, ата-аналары бар екенін, ата-аналары балаларын жақсы көретінін, оларға қамқор болатынын түсінуді;

- өзінің атын, ата-анасының аты-жөнін;

- туыс және айналасындағы адамдарға қарапайым қамқорлық көрсетуді;

- құрдастарымен бірге бірлескен іс-әрекетке қатысуды;

- қарапайым мінез-құлық нормалары мен ережелерін;

- адамдарға байланысты ненің жақсы, ненің жаман екенін;

- қолайлы формада өзінің қажеттіліктері туралы айтуды;

- өзінің жүріс-тұрысымен басқаларға бөгет жасамай, ойынға қатысуды;

- басқа балалардың ынталарымен есептесіп, олардың эмоционалдық өзгерістерін байқауды;

- ойын тәртібін сақтауды;

- халықтық салт-дәстүріне негізделген адамгершілік нормалары мен мінез-құлық ережелерін, үлкендерге құрмет көрсетуді;

- ертегі, әңгімелерді, өлеңдерді, тыңдауды, әрекеттердің дамуын бақылауды;

- әдебиет кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын талдау, олардың кемшіліктерін ғана емес, сондай-ақ жақсылықтарын да байқауды;

- әдебиет кейіпкерлерінің әрекетіне өзінің қарым-қатынасын әңгімелеуді, оны адамгершілік нормалары мен түсініктері тұрғысынан бағалауды;

- өзін табиғатта қалай ұстау керектігін;

- өсімдіктер мен жануарларды шамасы жеткенше күтуге қатыса білуі тиіс.


ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: серіктестік қатынас жасаудың алғашқы іскерліктерін меңгерген, бір-бірімен, ересектермен жағымды қатынас жасауға қабілетті, әлеуметтік белсенді бала тұлғасын қалыптастыру,

Міндеттері:

1. Әртүрлі ойындарға және ойнай білу қызығушылығын дамыту. Өз бетінше ойнай білу қабілеттілігін тәрбиелеу. Шағын топтарда бірлескен (2-3 адам) іс-әрекетке үйрету. Ойын таңдауда, ойға алғанын іске асыруда дербестігін дамытуға, белсенді іс-әрекетке ынталандыру,

2. Ойын әрекетінің тәсілдерін: белгілі бір сюжетті басқа баламен бірігіп көрсетуге қатыстыруды, ойынға қажетті заттар мен ойыншықтарды таңдап алуды, дидактикалық және қимыл-қозғалыс ойындарына қажетті ойын материалын дұрыс таңдап, орынды қолдану іскерліктерін дамытуды қалыптастыру.

3. Ойыншықтарды тиісті орындарына орналастыруды, құрылыс материалдарын жинауды үйретуді жалғастыру.

4. Топырақ, су, балшық және қармен ойнау арқылы олардың қасиеттері туралы түсініктерін тиянақтау.

5. Басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу. Құрдастарымен, ересектермен жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.



Мазмұны:

Сюжетті-рөлдік ойындар

Тәрбиешінің қатысуымен бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін 2-3 рөлдік қойылымдарға қатысуға ынталандыру.

Басқа балаларға рөлдерді ұсыну, берілген рөлдерге сәйкес оған қажетті заттар мен атрибуттарды таңдауға үйрету.

Ұсынылған рөлдерді ойнау барысында өзін-өзі ұстаудың мәдени дағдылары мен адамгершілік, мейірімділік, қамқорлық қасиеттерін көрсетуге ынталандыру.

Балаларды дербес ойнауға және шартты ойын әрекеттерін орындауға, бақылау нәтижелері бойынша дербес күрделі емес, оңайлау сюжеттер дамыту («Отбасы», «Дүкенде», «Балабақшада», «Ауруханада» т.б.).

Тәрбиешінің көмегімен көркемдік-образдық бейнелеу құралдарын (екпін, ым-ишара, жүріс-тұрыс т.б.) пайдаланып, өздеріне таныс ертегілер мен қазіргі әдеби шығармалардан сюжеттерді сахналау. Ертегілер мен әдебиет шығармаларының мазмұны бойынша ойындар, мысалы, «Қу түлкі» ертегісі бойынша және т.б. Көріністерге ойыншықтар мен театр қуыршақтарын қолдануға үйрету.

Балалардың өз бетімен атрибуттар мен көмекші-заттарды таңдай білуін, шартты ойын әрекетін орындауға талаптануын мадақтау.

Балаларды ойында құрылыс материалдары мен ағаш және пластикалық конструкторларды пайдалануға үйрету.

Ересектердің көмегімен ойынға ыңғайлы жер таңдау, оны ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Сюжеттік-рөлдік ойындарға табиғи заттарды да пайдалануға ынталандыру.

Қимылды ойындар

Секіру, жүгіру, лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытатын доппен, шармен, секіртпемен ойнауға қызығушылығын ынталандыру.

Балаларды ептілікті, шапшаңдықты, тапқырлықты, кеңістікті бағдарлауды қажет ететін, ережелері күрделірек, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.

Балалардың ойын ережелеріне бағынуын, жауапты рөлдерді орындай білудін дамыту..

Судың айналасы мен орман-тоғайларда ойнау іскерліктерін қалыптастыру.

Ересектердің көмегінсіз турниктер мен әткеншектерде ойнауға үйрету.



Дидактикалық ойындар

Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар ойнауға үйрету. Заттарды сыртқы белгілеріне қарай үйрету. Заттардың функционалды қызметтеріне қарай заттарды топтастыру іскерліктерін дамыту: ыдыс-аяқ - шай, асхана, ас үй; жазғы және қысқы аяқ киім. Бірдей заттар мен әртүрлі заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен орналастыру іскерліктерін дамыту. Ойынға жүргізуші ретінде қатысуға ынталандыру.

Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.

Музыкалық-дидактикалық ойындарда дыбыстардың биіктігін ажыратуға, түрлі жануарлардың дауыстарына еліктеп «қаз-қаздың балапандары, ешкі-лақтар, қарға-қарғаның балапандары» жоғарғы және төменгі дыбыстарды айта білуге үйрету.

Ойынға қатысушыларды дауыс тембріне қарай ажырату, бірнеше музыкалық аспаптардың (металлофон, сыбызғы, асатаяқ, қобыз, дауылпаз, сылдырмақ, даңғара т.б.) даусын анықтау.

Әннің мәтініне сәйкес даңғараға ырғақты соққылармен музыканың қатты және ақырын дыбысталуын бере білуге үйрету.

Металлофонда әннің өзгеретін ырғағын тәрбиешіден соң қайталап орындау іскерлігін дамыту.


ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Еңбекке жағымды қарым-қатынас және еңбек ету ниетін тәрбиелеу.

2. Жеке және ұжымдық тапсырмаларды орындауға үйрету.

3. Тәрбиешінің көмегімен жұмысты бөліп алуға келісу, бірлескен тапсырманы өз уақытында аяқтау іскерліктерін қалыптастыру.

4. Тапсырмаға жауапты (бастаған істі аяғына дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі, адал және сапалы орындау) қарауын қалыптастыру.

5. Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.

6. Жолдастары мен ересектерге көмек көрсету талабын көтермелеу.

7. Өзінің және ересектердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.



Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.

Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға: үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру - тазалауға, құрғатуға тәрбиелеу.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Балаларды өз бетінше топ бөлмесін ретке келтіруге үйрету: конструкторлар мен ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу.

Асханада кезекшілік міндетін өз бетінше орындауға үйрету: табақшаларды орындарына қою, шыны аяқты табақшасымен бірге қою, нан салғышты, майлықты, асхана құралдарын (қасық, шанышқы, пышақ) ажыратып қою.

Екінші жарты жылдықта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне материалдарды дайындау кезекшілік міндетін орындауға үйрету: құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтан соң оларды жинау.



Табиғат бұрышындағы еңбек

Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.

Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.

Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.



Табиғаттағы еңбек

Өсімдіктерді өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.

Гүлзарлар мен бақшада (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау) жұмыс істеуге үйрету.

Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды сыпыруға үйрету.

Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың азығы болатын өсімдіктерді өсіруге қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).

Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету.



МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР
Қазақстан Республикасының күні – «Еліміздің туған күні»

Тәуелсіздік күні

Білім күні

Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі

Жаңа Жылдық мереке

8 Наурыз – «Аналар мерекесі»

Қазақстан халықтарының бірлігі күні – «Достық күні»

Жеңіс күні

Балаларды қорғау күні

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;

2. Елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балаларды меркелер мен ойын-сауықтарға белсенді қатысуға араластыру.

Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.

Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.

Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.

Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Ересектерді мерекемен құттықтауға үйрету.

Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.

Ересектер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).

Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.
АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол – салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының жылылығы мен махаббаты - баланың өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал етеді.



«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы тәрбиешілерге отбасымен ынтымақтасуға бағыттайды.

Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату.

2. Баланы дамыту мен тәрбиелеу үшін күш біріктіру.

3. Ортақ қызығушылықтар мен туындаған қиыншылықтарда бірлесіп шешім қабылдау, бір-бірін қолдау.

4. Ата-аналардың тәрбиешілік шеберлігін, білімдерін ынталандыру мен байыту, өзіндік педагогикалық мүмкіндіктеріне сенімін арттыру.

5. Балаларды жақындарына сыйластық сезімімен қарауға тәрбиелеу.



Мазмұны: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірімі мен сыйластығын қалыптастыру.

Ашық, еркін қарым-қатынас жасауға жағдай жасау. Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың ересектермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би т.б. жасауына жағдай жасау.

Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру процесіне қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша, ата-аналар балаларын басқа қырынан тану мүмкіншілігіне ие болады.

Ата-аналар мен педагогтердің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог). Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен балалардың жетістігі, әрекеті туралы айтып отырады. Ата-аналар мен тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен дамуында ауытқушылықтары бар, көңіл күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе отырып шешім қабылдайды. Балаға ата-анасы оны қандай болса да жақсы көретінін сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру жөнінде ақыл-кеңестер береді. Педагогтер баланы жан-жақты дамытуға, оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады. Тәрбиеші ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар.

Арнайы мамандар мен ата-аналардың оңаша әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог, логопед) маңызды. Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы ерекшеліктері мен кедергілері туралы мәлімет беріп отырады.

Тәрбиешінің балалардың үйдегі өмірімен танысуы. Отбасының бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей, қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешеді. Қажет болса, арнайы мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.



Жұмыс түрлері

- рөлдік ойындар;

- педагогикалық сырсандық (отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесі жөнінде тәжірибе алмасуы);

- жеке әңгімелесу;

- балалар мен ересектердің қазақ және басқа халықтардың дәстүрлерін қолдана отырып бірлескен көңіл көтеру, демалыс уақыты;

- ұлттық нақыштағы отбасылық кештер;

- танымдық-викториналық ойындар;

- педагогикалық тренингтер;

- пікірталас клубы;

- «Сенім» клубы (ата-аналардың арнайы мамандармен оңаша әңгімесі);

- көрмелер ұйымдастыру;

- ақпараттық және тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар;

- радиохабарлар, бейнефильмдер;

- конференциялар;

- лекциялар;

- баланың отбасына бару.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

2. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

3. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы (бірнеше томдық). Алматы, Жалын, 1989 ж. М.Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов, Е. Өтетілеуов.

4. Халық педагогика негіздері. С. Ғаббасов, Алматы, 1985 ж.

5. Төленбаев С., Өмірбекова М. Ою-өрнектер құрастырудың тәсілдері. Алматы: Қанағат ЛТД; Қазақстан, 1993.

6. С.С. Лебедева, Л.М. Маневцова Управление инновационным дошкольным образовательным учреждением в условиях социального партнерства, Санк-Петербург, «Детство-пресс», 2005.

7. Средообразовательный процесс и становление личности, Материалы международной научно-практической конференции, Костанай, 2003.

8. В.И. Мигаль, Е.А. Мигаль, Управление современной школой, Изд. «Учитель», 2005.

9. Майлз Дауни Эффективный коучинг. Уроки тренера коучей. М., 2005.

10. Т.Н. Князева Я учусь учиться. Психологический курс развивающихся занятий для младших школьников. М., АРКТИ, 2004.

11. Инновационное обучение. Стратегия и практика. МГУ им. Ломоносова, М., 1994.

12. Л.Н. Галигузова, Е.О. Смирнова Ступени общения: от года до семи лет. М., Просвещение, 1992.

13. Алиева Т.И., Арнаутова Е.П., Протасова Е.Ю. Программно-методическое пособие, М.: 1999.

14. Арнаутова Е.П. «Педагог и семья», М.: 2002.

15. Арушанова А.Г. Речь и речевое общение дошкольника. М.: 2002.

16. Давидчук А.Н. Индивидуально-ориентированное обучение младшего дошкольника. М.: 2000.

17. Новоселова С.Л. Развивающая предметная среда. М.: 2002.

18. Рунова М.А. Физкультурное и спортивно-игровое оборудование для детей. М.: 2000.

19. Реуцкая Н.А. Игровое оборудование для дошкольной организации. Аннотированный перечень. М.: 1999.

20. Павлова Л.Н. Раннее детство: развитие речи, мышления. М.: 2000.

21. Пилютина Э.Г. Познавательное развитие. М.: 2000.

22. Парамонова Л.А. Детское творческое конструирование.

23. Петрова В.А. Музыка – малышам.

24. Шулешко Е.В. Наглядно-дидактическое пособие по обучению грамоте.

25. Пищулин В.Г., Смирнов И.П. Новые подходы, квалификация, мастерство. М.: 2008.

26. Доронова Т.Н. Младший возраст. Планирование работы с детьми. М.: 2007.

27. Гризик Т.Н. «Познаю мир». М.: 2008.

28. Скаткин М.Н. «Как учить творчеству», журнал «Педагогика». № 8, 2004.

29. Тестов В.А. «Жесткие» и «мягкие» модели обучения. Журнал «Педагогика». № 8, 2004.

30. Савенков А. Исследовательские методы обучения в дошкольном образовании / Журнал «Дошкольное воспитание». № 12, 2005.

31. Кайкенова Ж.К. Системный подход к подготовке учителя новой формации / Журнал «12-летнее образование». №6, 2006.

32. Жаменова К.Х. Сущность психолого-педагогического сопровождения //Журнал «12-летнее образование». № 7, 2006.

33. Исмагамбетова Л.Ж. О проблеме здоровьесберегающей среды. Журнал «12-летнее образование». № 6, 2007.

34. Фуряева Т. «Диагностика начального дошкольного воспитания». Журнал «Детский сад от А до Я». №5 - М.: 2006.

35. Белкина В.Н., Искатова Т.Г., Диагностика педагогического регулирования взаимодействия детей раннего и дошкольного возраста. Журнал «Детский сад от А до Я». №2. - М.: 2006.

36. Ежкова Н.С. Диагностика ценностных ориентаций детей младшего дошкольного возраста. Просвещение: № 5, 2006.

37. Урунтаева Г.А. Дошкольная психология. М.: 2000.

38. Ежова Н.Н. Научись общаться. Феникс. - Ростов-на-Дону, 2005.

39. Оверчук Т.И. 120 ответов на вопросы. М.: 2002.

40. Честнова Н.Ю. «Настольная книга педагога детского сада», Феникс, Ростов-на-Дону: 2005.

41. Вассерман Ф.Я. Управление качеством обучения на основе ИКТ. Алматы, 2008.

42. Француазо Дольто. На стороне ребенка. М.: 1999.

43. Шерон Лин Каган. «Стандарты раннего детства в Америке». Перевод стандарта. 2005.

44. Хелен Пенн. «Стандарты Великобритании». Алматы, 2003.

45. Рудольф Герр. «Образование в Германии». М.: 2004.

46. Каптерев П. «О природе детей». М.: 2005.

ҚОСЫМША
Қосымшада бейнелеу өнері, көркем әдебиет шығармалары, музыка, қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындарының тақырыптар үлгісі берілген. Бұл тәрбиешіге ұсынылған материалдардан іріктеу немесе тәжірибесі, педагогтің кәсіби құзыреттілігі, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері, аймақтың өзгешелігі, балалардың құрамы есебінен өзгертулер енгізу мүмкіндігін береді.

Педагогтер ұсынылған тақырыптар мен шығармалардың қажет санына артық немесе керісінше аздығымен кездесуі мүмкін. Алайда артық тақырыптардан таңдау жеңіл, ал азына ұқсас тақырыптарды қосу қажет. Дегенмен, шығармалар мен ойындардың мазмұны бағдарламаның қағидалары мен ұстанымдарына және базалық мазмұна сай болуы шарт.

Бейнелеу мен мүсіндеу өнері туындылары, ұлттық қолданбалы өнер шеберлерінің еңбектері, үй тұрмыстық заттары мен киім-кешектердің суреттерін қарастырып, көркем әдебиет пен ауыз әдебиеті шығармаларының мазмұнымен таныстыруда баланың жас ерекшеліктері мен білім беру салаларының мазмұнына лайықталып берілуі керек.
II СӘБИЛЕР ТОБЫ

(3 жастан бастап 4 жасқа дейін)
СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕР КӨШІРМЕСІНІҢ ҮЛГІСІ
Ә. Қастеев «Киіз үйді әшекейлеу»;

Ә. Қастеев «Наурыз»;

Ә. Қастеев «Ауылда»;

Ә. Қастеев «Жайлауда»;

А. Ғалымбаева «Дәмді шай», «Дастарқан»;

М. Кенбаев «Текемет басу»;

В. Токарев «Көктем ертегісі»;

В. Яценко «Көктем»;

Ю. Кугач «Отбасы»;

И. Левитан «Алтын күз»;

И. Хруцкий «Гүлдер мен оның жемісі»;

П. Кончаловский «Натюрморт»;

В. Васнецов «Алёнушка»;

И. Панов «Ағашқы қар»;

Кітаптағы Ю. Васнецов, В. Лебедев, Ю. Коровин, Е. Рачеевтің суреттері;

Тұрмыстық заттар, шеберлердің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, ұлттық тұрмыстық және мерекелік киімдерді қарастыру.



МҮСІНДЕУ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
Заттық мүсіндеу

Таяқшалар;

Бауырсақтар;

Әжеме арналған моншақ;

Шұжықтар;

Сақиналар;

Бауырсақ;

Шыныаяқ;

Печенье;

Кірпіге арналған алмалар мен жидектер;

Қалаштар;

Тоқаштар;

Білезік;

Жаңғақтар;

Шелпектер;

Саңырауқұлақтар;

Ұшақ;

Кесе;


Қарға арналған күрек;

Сылдырмақ;

Мандариндер мен апельсиндер;

Үлкен-кіші сәбіздер;

Пирамида;

Аққала;


Табақ;

Ұзын құлақ сұр қоян;

Бота;

Құстар;


Үйрек;

Құмға арналған қалақ.



Сюжеттік мүсіндеу

Бауырсақ жол бойымен домалап келеді;

Құстар дән шоқуда;

Мысықтың баласы доппен ойнайды;

Көп ұшақтар (ұжымдық);

Өз бетінше мүсіндеу

Жамила апаға арналған тағамдар (бауырсақтар, печенье, тоқаштар, кәмпиттер);

Жаңа жыл шыршасын сәндеу (шарлар, моншақтар, т.б.);

Қоян мен кірпіге арналған сыйлықтар (сәбіздер, алмалар, саңырауқұлақтар);

Біздің ойыншықтар (қоян, қуыршақ, құс, сылдырмақ).
СУРЕТ САЛУ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Заттық сурет салу

Түрлі-түсті ленталар;

Түрлі-түсті орамалдар;

Түрлі-түсті қарындаштар;

Сақина мен домалақтар;

Қар кесегі;

Әжеме арналған моншақтар;

Саты;


Қақпа;

Кірпіге арналған алма мен жидектер;

Саңырауқұлақтар;

Ұшақ;


Сылдырмақ;

Мандариндер мен апельсиндер;

Үлкен-кіші сәбіздер;

Пирамида;

Аққала;

Табақ;


Ұзын құлақ сұр қоян;

Құстар;


Үйрек;

Тікенекті кірпі;

Арба;

Машина.


Сюжеттік сурет

Бұлт күнді жапты;

Қоңыр күз;

Ағашқа ақырындап қар жауып тұр;

Мерекелік от шашу;

Жарқыра жаңа жылдық шырша;

Күн жарқырап, шөп өсті;

Бақбақ;


Балапандар көкшалғында;

Жол бойымен арба келеді.



Сәндік сурет

Жолақшалы кілем;

Әдемі көйлек;

Кесені әшекейлеу (қазақ ұлттық ою-өрнегінің элементін ортаға салу);

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің екі элементінің суретін салу (жолақшаға);

Бет орамалды әшекейлеу (қазақ ұлттық ою-өрнегін шаршының бұрыштарына салу);

Табақты әшекейлеу (домалаққа, сопақшаға қазақ ұлттық ою-өрнегін салу);

Алжапқышты әшекейлеу (киімнің жиегіне қазақ ұлттық ою-өрнегін салу).


Өз бетінше сурет салу

Шыршаға арналған әшекей (шарлар, моншақтар);

Қоянға арналған әшекей (сәбіз, қырыққабат);

Сүйікті ойыншықтар (қоян, құс, сылдырмақ);

Кірпіге арналған әшекей (алмалар, саңырауқұлақтар).
ЖАПСЫРУ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
Заттық жапсыру

Әжелерге арналған түрлі-түсті моншақтар;

Табақтағы алмалар мен жемістер (сопақша пішінде қиылған қағаз бетіне);

Саңырауқұлақтар;

Табақтағы қияр мен қызанақ (дөңгелек пішінде қиылған қағаз бетіне);

Саты;


Қақпа;

Ұшақ;


Сылдырмақ;

Пирамида;

Аққала;

Ұзын құлақ сұр қоян;



Қазақ қызы;

Қуыршақ;


Құс;

Машина.


Сюжеттік жапсыру

Жапырақтар түсіп жатыр;

Кірпілер отбасы (үлкен және кішкене кірпі);

Тәрелкедегі құрттар;

Шырша оттары;

Бақбақтар;

Көгалдағы балапандар;

Арба жол бойымен келеді.



Сәндік жапсыру

Жолақшалы кілем;

Әдемі көйлек;

Кесені әшекейлейміз (қазақ ұлттық ою-өрнегінің элементін ортаға жапсыру);

Кілемді әшекейлейміз (жолақшаға қазақ ұлттық ою-өрнегінің екі элементін жапсыру);

Беторамалды әшекейлейміз (қазақ ұлттық ою-өрнегін шаршының бұрыштарына жапсыру).



Өз бетімен жапсыру

Түрлі-түсті қазақ көрпелері (түрлі геометриялық пішіндерден қазақ өрнектерін құрастыру);

Домалақ заттарға не жатады? (алма, шарлар, моншақтар);

Шаршы заттарға не жатады? (жалаушалар, кубиктер, бет орамалдар;

Мен анама не сыйлаймын? (түрлі-түсті моншақтар, алмалар, жемістер, саңырауқұлақтар);

Сүйікті ойыншықтар (ұшақ, сылдырмақ, пирамида, қуыршақтар, машина);

Сүйікті жануарлар (қодық, құлыншақ пен бота).

ЗЕРТТЕУ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР МЕН ОЙЫНДАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ
Қардың суға ғажайып өзгеруі

Қардың еруі;

Түрлі-түсті сүңгілер (суды бояп, қатыру).

Құммен және қармен ойындар

«Құмдағы жолдар мен өрнектер», «Жолдағы аяқтардың іздері» (қар бетіндегі түрлі аяқ киімдердің іздері, ойыншық дөңгелектің немесе шананың іздері, ойыншықтар үйіне дейін кең және тар көшелерді таптау).



Сумен ойындар

Түрлі заттарды (қайықтар, жаңқалар, кемелер) су құйылған ыдыстарға, шалшық суларға, бұлақтарға жіберіп, олардың қалай жүзетінін және «толқын» мен «желді» жасайтынын бақылау. Бояуларды сумен араластыру (керемет тамшылар).

Кішкентай доптар, үрмелi резеңке ойыншықтар, пинг-понгтің шарлары Су құйылған ыдыста бататынын-батпайтынын бақылау. Әртүрлі поролон губкаларын суға салу және оларды сығып алу. Ыдыстағы суды келесі ыдысқа ауыстырып құю. Резеңке ойыншықтар мен бөтелкені суға салып ауаларын шығару және ауаның қалай шығатынын бақылау.

Сабын және көбік сумен ойын

Су құйылған ыдыста сабынды көпірту.



Қағазбен ойындар

Қағазды умаждау, «қар кесегін жасау», олармен ойнау. Қайшымен түсті қағаздан жіңішке таспа қиып алып, қатты қағаз, желпуіш немесе үрлеу арқылы жасалынған «желдің» көмегімен ұшыру, «ұшуын» бақылау.



Көлеңкемен ойындар

Қол, ойыншық, заттардың бейнелерінің көлеңкелерімен тәжірибелер жасау:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет