Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі ересек жастағЫ



бет7/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.37 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: ойын әрекеті процестерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану.

Міндеттері:

1. Бірлескен ойын әрекетінде жақсы әдеттер мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, білуге құмарлық пен танымдық қабілеттілікті дамыту, қимылдарды жетілдіру.

2. Әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесіне сәйкес ұстауды дамыту.

3. Ойын процесінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шеше білуді үйрету.

5. Бірлескен ойында өзін-өзі ұстау ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.

6. Ойыншықтар мен ойын материалдарына қамқорлықпен қарауға, өз бетімен ойыншықтарды ретке келтіруге тәрбиелеу.

7. Балалардың қоршаған тіршіліктің жағымды жақтарын бақылау және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінен алған білімдері негізінде ойын мазмұнын дамыту және молайту.

8. Отбасы және балабақша тұрмысын, түрлі саяхатты, адам еңбегін, қоғам өміріндегі айрықша оқиғаларды бейнелейтін ойындарды қолдау.



Мазмұны:

Cюжетті-рөлдік ойындар

Балалардың өзіндік өмірлік тәжірибесін, олардың ой-өрісін, әлеуметтік өмірге қызығушылығын, өмір жайлы түрлі білімдерді кеңейту негізінде сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұны, сюжеттің ауқымы және рөлдермен байыта отырып, жағдай жасау.

Балаларды ұжымдық ойындарда басқарушылық іскерліктерін қалыптастыру, бірлестікке, ынтымақтастыққа көмектесу: шағын топтарға бірігу, әрекет мазмұнын бірлесіп ойластыру, рөлдерді бөлу, мақсатқа жету құралдарын табу. Белсенді балалардың басқа балаларды басынбауын қадағалау, жасық, ұялшақ балалардың ойынға қатысуына көмектесу.

Рөлдерді орындауда икемді болуды дамыту, ойында ортақ мүддеге сай ойынды дамыта білу және өзінің жеке тілектестігін көрсету.

Заттық-ойын ортасын үнемі өзгерту, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Ойындағы бала бастамасын дамыту, ойындағы шығармашылыққа еркіндік беру, ойын желісіндегі тәрбиелік мәні қажетсіз жақтарын түзеу. Ойнаушылардың арасындағы жолдастық қарым-қатынасты тәрбиелеу.

Балалар шартты түрде дайын бейнелерді, ауыстырғыш заттарды қолданатын, өзіне жақсы таныс оқиғаларды (ертегіден, фильмдерден, тұрмыстан) бейнелейтін жеке және бірлескен режиссерлік ойындарды қолдау.

Балалардың ойындағы бастамасын, ұжымдық ойында жеке дара көрінуін мадақтау.

Балалардың дене, әлеуметтік, этномәдениет жағынан дамуына көмектесетін дәстүрлі ережелі халық ойындарын қолдану.

Сахналанған және мерекелік-шеру ойындарын ұйымдастыру.



Сахналау ойындары

Мектепке дейінгі ересек жас балаларының балалар әдебиетінен (ертегілер, өлеңдер) таныс көркем шығармалары бойынша көріністерді сахналай білуін дамыту. Ол үшін арнайы атрибуттар (қуыршақ, ойыншық, костюм және көркем безендіру элементтері) қолдануға үйрету.

Тәрбиеші-режиссердің ойлаған ойына бағына білу, сонымен бірге сахналық ойында өзінің рөлін мәнерлі орындау.

Орындаушылық біліктерді жетілдіру.



Музыкалық сахналық ойындар

Балаларға қимылы, сөзі, ән айтуы, балалардың музыкалық аспаптарында ойнауы сияқты рөлдік бояуы бар сахналық ойындарды ұсыну.

Музыкалық ойынды музыкалық-қимыл жүйесімен дайындау.

Балаларды түрлі кейіпкерлердің ұжымдық әрекетінен жеке әрекетке көшуін бейнелей білуге үйрету.

Балаларды ойын кейіпкерлерінің ерекшеліктерін, бейнелі, пантомимикалық, мимикалық және дауыс ырғақтық сипаттамаларын өздігінен таба білуге үйрету, шығармашылық қабілеттілікті дамыту.

Ойында орын ауыстырғыш заттарды, қиялдағы заттарды, «бейнеге ене білуді», сол бейнеде ойын аяғына дейін қала білуді меңгерту.



Құрылыс материалдарымен ойындар

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануға үйрету.

Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық құрылыс жасауға қатыстыру, жұмысты бірлесіп жоспарлауға, көре білуге, мақсат қоюға, келісуге, ойлаған ойларын ортаға салуға үйрету.

Ойында табиғат материалын кеңінен қолдануға жағдай жасау: құм, саз балшық, су, қар, мұз.



Қимылды ойындар

Балалардың қалыптасқан қимыл дағдыларын жетілдіру және қимылдарды орындаудың тиімді жолдарын таңдау, жиі өзгермелі ойын жағдайларында қимыл үйлесімділігін дамыту.

Достық сезімге, шыдамдылық және ұйымдастырушылық дағдыларға, ойын ережесін орындауға, әділ болуға тәрбиелеу.

Балалардың негізгі қимылдарын жетілдіретін, дене қимылдарын қалыптастыратын өз еркімен ойнайтын қимылды ойындарын мадақтау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының ерекшеліктерімен таныстыратын ойындарды қосу.

Балаларды спорттық ойындарға және эстафета ойындарына қатыстыру.



Дидактикалық ойындар

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, дидактикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану.

Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.

Жалпы ережелер негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатыса білуді тәрбиелеу.

Жыл соңында ойын бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- ойынның тақырыбын өз бетінше таңдау, сюжетін дамытуды;

- ұжымдық сюжеттік-рөлдік ойынға қатысуға талаптануды;

- қоршаған ортадағы шындықты сюжеттік-рөлдік ойындарда бейнелеуді және өзгертуді;

- барлық ойынға қатысушы ұйымдастырушының және орындаушының рөлін өзіне алуды;

- ойын тәртібін анық сақтауды және олардың орындалуына риза болуды;

- құрдастарының тобына жатуынан, оны басқа балалардың қабылдауынан қуаныш сезінуін;

- таныс сюжеттерді драмалауды;

- театрландырылған ойын, ойын-сауық ұйымдастыруды;

- өзара әрекет етудің жалпы ережелері негізінде бірлескен дидактикалық ойындарға қатысуды;

- ойында қойылған нәтижеге жетуге талаптануды;

- ойында әрекет логикасымен жүруді;

- ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алынған түрлі ғимараттардың суреттерін, фотосуреттерін құрастыру іскерліктерін пайдалануды;

- қимыл ойындарын, жарысу элементтері бар ойындарды, спорттық ойындарды өз бетімен ұйымдастыруды;

- ұлттық ойын ерекшеліктерін, оны сипаттайтын белгілерді және оның ұлттық мәдениетке жататын ажыратуды;

- бірін-бірі түсінуді, достық қарым-қатынас және өзара көмек көрсетуді;

- ойында өзінің мінез-құлқын және құрдастарының әрекеттерін бағалауды білуі тиіс.

ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ
Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды еңбек әрекетіне жүйелі қатыстыру, еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

Міндеттер:

1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың шамасы жететін еңбек түрлеріне дұрыс дағдыларын қалыптастыру.

2. Еңбек әрекеттерін, тапсырмаларды ыждағаттылықпен және ұқыпты орындауға үйрету. Айналасындағы адамдар үшін маңызды еңбекте нәтижеге жетуге ұмтылуға тәрбиелеу;

3. Материалдар мен еңбек құралдарына құнттап қарауды дағдыландыру.

4. Балаларға жұмысты дұрыс және жақсы бағалауға (өзінің және жолдастарының) көмектесу. Жолдастық өзара қарым-қатынастарды тәрбиелеуді жетілдіру.

5. Өзінің, ересектердің, жолдастарының еңбегін бағалай және сақтай білуді тәрбиелеу.



Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тазалық пен тәртіп әдетін қалыптастыру.

Өзінің сыртқы түрін қадағалау қажеттілігін дамыту (өздігінен киіну және шешіну, киімді шкафқа дұрыс және ұқыпты жинау, аяқ қиімді орнына қою, су киімдерді уақытында кептіру).

Өзінің сыртқы түріндегі кейбір олқылықтарды байқауға және жөндеуге үйрету.

Өзара көмек сезімін, құрдасының киімі, аяқ киімі, сыртқы түріндегі олқылықтарды жөндеуге көмектесу ықыласын тәрбиелеу.

Үйде және мектепке дейінгі балалар ұйымында кейбір міндеттерді үнемі орындап отыруға үйрету: өзінің төсек-орнын, ойыншықтарды, кітаптарды, сурет салу құралдарын жинау, өсімдіктерді суару, ересектерге дастарқан мәзірін дайындауға көмектесу және т.б.



Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды топ бөлмесін (ұйқыдан кейін төсек-орынды жинау, ойыннан кейін ойыншықтарды жинап, ұқыптап орнына қою, тәрбиешімен бірге кітаптар мен ойыншықтарды жөндеу) және балабақша ауласын (жолды сыпыру, құмға су құю, қыста жолды қардан тазалау) ретке келтіріп ұстауға үйрету.

Асханада кезекшілік міндетін орындау. Өз бетімен және жауапкершілікпен дастарқан мәзірін әзірлеуге, түскі ас кезінде үшінші тағам түрін таратып беруге, тәрбиеші көмекшісіне үстел үстін жинауға көмектесуге үйрету.

ҰОӘ кезекшілік міндетін орындау. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті материалдар мен құралдарды таратуға, сабақтан кейін орнына қоюға, жапсыруда, сурет салуда қолданған қылқалам, стақан, шүберекті жууға, жұмыстан кейін үстел үстін сүртуге үйрету.

Балаларды апта сайын топ бөлмесін жинауға қатыстыру (жиһаздың, ойыншықтардың шаңын сүрту, өсімдіктердің жапырақтарын жуу).

Табиғаттағы еңбек

Табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен және жауапкершілікпен орындай білуді қалыптастыру (гүлдерді суару, топырақ қопсыту, қураған жапырақтарды алып тастау, тірі табиғат бұрышының мекендеушілеріне жем дайындау). Тірі табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға өз бетінше қамқорлық жасауға үйрету.

Балаларды төмендегі жұмыс түрлері:

- күзде ересектерге балабақша ауласын (жапырақтарды бір жерге жинауға), көкөністерді, тұқымдарды жинауға;

- қыста тәрбиешімен бірге құстарға жем салғыш жасауға, жолдағы, алаңдағы қарды күреуге, ағаштар мен бұталардың түбіне қарды үюге;

- көктемде гүлдер мен көкөністердің тұқымдарын себуге, олардың өсуін бақылауға, ауланы жинауға;

- жазда гүлзардағы топырақты қопсытуға, арам шөптерді жұлуға, өсімдіктерді шабықтауға, оларды суаруға қатыстыру.

Бау-бақшада өнім жинауға; кезекшілерді күнделікті табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктерін суаруға, қажет болғанда топырақты қопсытып, тыңайтуға, өсімдікті басқа ыдысқа көшіріп отырғызуға, жәшіктерге қысқы-көктемгі көшеттерді отырғызуға (жасыл пияз, түбірлі көкөністер, жануарларға жасыл шөп: сұлы, кендір, салат), көшет өсіруге, табиғат бұрышындағы жануарларға жем беруге, аквариумды, құстардың торын тазалауға көмектесуге қатыстыру.

Балаларды жыл мезгіліне байланысты жұмыс түрлерінде күрек, тырма, су сепкішті пайдалануға үйрету.

Жұмыс процесінде өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылауға, өсімдіктерді, жануарларды дұрыс күтіп-бағу мен олардың жай-күйі арасындағы байланысты белгілеуге үйрету.



Қол еңбегі

Қол еңбегімен айналысу ынтасын тәрбиелеу.

Табиғат материалымен, қағазбен және қатырма қағазбен жұмыста құрастыру мен қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі меңгерген дағдылар мен біліктерді қолдануға үйрету.

Сюжеттік-рөлдік ойындарға ойыншықтарды, ата-анасына, достарына, таныстарына базарлықтарды өзі дайындай білуін қалыптастыру. Еңбек процесінде материалдың қасиеттері жөніндегі білімдерді бекіту.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үшін құрал әзірлеуге, кітап, ойыншықтарды жөндеуге қатыстыру. Материалдарды үнемді және орынды қолдануға үйрету.

Жыл соңында еңбекке тәрбиелеу бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- өзіне-өзі қызмет көрсетудің, тазалық пен реттіліктің қарапайым дағдыларын;

- өзінің сырт-келбетіне ұқыптылықпен қарауды, түр-сипатындағы кейбір олқылықтарды байқап оны түзеуді;

- өзара көмектесу сезімін білдіруді, құрбысының киіміндегі, аяқ киіміндегі, сырт-келбетіндегі олқылықтарды түзетуге көмектесуге ниет білдіруді,

- асхана бойынша, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша, табиғат бұрышы бойынша кезекші міндетін атқаруды;

- үйде және мектепке дейінгі ұйымда берілген тапсырмаларды өздігімен орындауды;

- табиғат бұрышының жануарлары мен өсімдіктерін күтуді;

- ауланы тазалауда ересектерге көмектесуді;

- табиғи материалмен, қағазбен, картонмен жұмыс істеу үшін құрастыру және қол еңбегі бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білік пен дағдыларын қолдануды;

- сюжеттік-рөлдік ойындарға өздігімен ойыншықтар, ата-аналарына, құрбыларына базарлық жасауды;

- тапсырмаларды ұжыммен орындауды, ынтымақтасуды;

- ауладағы, табиғат бұрышындағы заттармен және құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды;

- тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдай отыра, тапсырмалардың орындалу барысын жоспарлауды білуі тиіс.



МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ОЙЫН-САУЫҚТАР
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі ересек жастағы шығармашыл белсенді тұлғаны, оның эстетикалық эмоцияларын, сезімдерін, қарым-қатынастары мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттер:

1. Қоршаған шындықты эстетикалық қабылдауды, эстетикалық бейнелер қорын қалыптастыру.

2. Мемлекеттік және қоғамдық мерекелерге, ойын-сауықтарға ортақтастық сезімін, эмоционалдық ықыластылық, ұлтжандылық және азаматтық сезімдерін дамыту.

Мазмұны:

Балалармен мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелерді атау: Конституция күні, Білім күні, Қазақстан халықтарының тілдері күні, Қазақстан Республикасының күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа Жыл, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні, Отан қорғаушылар күні, Балаларды қорғау күні, осы мерекелерге белсенді қатысуға араластыру.

Мемлекеттік және жалпыхалықтық мерекелер жөнінде түсініктерін кеңейту. Ертеңгіліктерге белсенді қатысуға ниеттерін дамыту.

Балаларды мерекеге дайындыққа белсенді қатыстыру (топтағы бұйымдар, әшекейлерді дайындау).

Түрлі ойын-сауықтарды аптаның басты ерекше оқиғасы ретінде қабылдауға, сипаты және көңіл күйі бойынша ойын-сауықтарға эмоционалды үн қосуға үйрету.

Мектепке дейінгі ересек жас балаларымен спорттық мерекелер мен ойын-сауықтарды дайындауда және өткізуде дербестікті, дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген дене машықтарын көрсете білуді тәрбиелеу.

Балалардың ойындардағы, ойын-сауықтардағы, жарыстардағы шығармашылық бастамасын көтермелеу.

Достық сезімдерді ояту, командадағы жолдастарына қолдау көрсету, өз жолдастарының жетістіктері мен сәтсіздіктеріне ортақтасу, бір-бірін сақтандыру.

Балалардың түрлі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білім, білік, дағдыларын ойын-сауық мазмұнына сәйкес белсенді қолдану.

Балалар үшін қуыршақ, көлеңке театрының көріністерін, балалар күшімен қойылған концерттер, бейнефильм, слайд көрсету, музыка, ертегі, аудиожазба тыңдауды ұйымдастыру.



АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Мақсаты: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.

Міндеттері:

1. Ата-аналарға педагогикалық білім беру, олардың педагогикалық мәдениеттерін жетілдіру, ата-ана дағдыларын қалыптастыру.

2. Ата-аналарды балабақша өміріне отбасылармен тиімді жұмыс түрлерін іздестіру мен енгізу арқылы қатысуға бейімдеу.

3. Педагогтер мен ата-аналар арасында тиімді серіктестікті құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.

4. Өз баласының дамуы, тәрбиелеу мен білім беру саласында ата-аналардың қажеттіліктерін анықтау.

5. Отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату.



Мазмұны:

Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруда өзара қарым-қатынастың ұжымдық және жеке түрлерін (дөңгелек үстелдер, іскерлік ойындар, ата-аналардың конференциялары, кеңестер, педагогикалық кеңестер, ата-аналар жиналысы (жалпы және топтық) ауызша журналдар, ата-аналар клубтары және т.б.) қолдану.

Педагогикалық білімдерінің насихатын көрнекілік үгіттеу жүйесі арқылы жүргізу: жылжымалы папкалар, видеофильмдер, жаднама-нұсқаулар, шақыру қағаздары, сурет көрмелері ата-аналар бұрыштары және т.б.

Ата-аналарға отбасылық оқу әдебиеттерінен хабардар болуға, кездесу барысында талқыланатын тақырыпқа қызықтыруға, оларды тәрбиелеудің кеңінен тараған стереотиптерін талдауға, өз тәжірибелерінің ассоциациясын құруға көмектесу.

Педагог пен ата-ананың баланы тәрбиелеу мен дамыту бойынша бірлескен әрекеттерін жұмылдыру. Балабақшада немесе үйде нақты тұлғаны тәрбиелеудегі проблемаларын шешудің тиімді тәсілдерін табу үшін оларды ашық әңгімеге шақырып, педагогтермен бірге өз ойлары мен күдіктерін бөлісу ықыластарын оятып, қызықтыруға тырысу.

Отбасыларды зерттеу бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізу. Отбасылармен жеке және дифференциалды топтық жұмыстарда тиімді әдістері мен түрлерін қолдану.

Отбасылық тәрбиеге халықтық педагогиканың дәтүрлерін енгізу. Балаларды басқа келеңсіз көріністердің алдыналуда адамгершілік құндылықтарға негізделген отбасын құруда ата-аналарға көмек көрсету.

Отбасымен қалыпты қатынасын дамыту үшін ата-аналар және педагогтер бірлесіп іс-шаралар (ата-аналар конференциясы, кеңестер, әңгімелесу, сұрақ-жауап кештері, пікір-сайыс, ата-аналарға арналған үйірмелер және т.б.), сонымен қатар педагогтер, ата-аналар және балалармен бірлесіп (ертеңгіліктер және мерекелер, концерттер, ашық есіктер күні, викториналар, спорттық мерекелер мен ойын-сауықтар, газет шығару, бірлесіп жасаған шығармаларынан көрме ұйымдастыру және т.б.) іс-шаралар өткізу арқылы жағдай құруын жетілдіру.

Мамандармен (психолог, логопед, қосымша білім беру педагогтерімен т.б.) жеке кеңестер беру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету. Ата-аналарға мамандардың жұмыстарымен танысуға, балаларының мәселелері мен олардың дамуының алға басулары туралы ақпараттар алуларына мүмкіндік беру.

Ата-аналарға мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастыру тіршіліктеріне қатыстыру, олардың шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруларына жағдай жасау.

Ата-ана — әкелермен, аталармен, әжелермен қарым-қатынасының әртүрлі түрлерін қолдану. Олардың беделін көтеруге бағытталған шығармашылық, әлеуметтік маңызды әрекеттеріне балалармен бірлесе отырып қатыстыру.

Отбасылық тәрбиенің озат тәжірибиесін жүйелі жалпылау, суретті газеттер, ұжымдық жұмыстар, жинақталған суреттер түрінде ұсыну.



ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 27.07. 2007 ж., № 319-III ҚРЗ Заңы. Астана. Ақорда

2. ҚР МЖМБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». – Астана қ., 2004.

4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. – Алматы қ., 1999.

5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.

6. «Кел, ойнайық» (Әлем балаларының ойындары). Құрастырған және аударған Қ. Толыбаев. - Алматы: Өнер, 1990.

7. Гризик Т.И., Аймагамбетова К.А., Майкова Г.Ж. «Познаю мир»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

8. Грибовская А.А., Левченко Т.А. «Народное искусство и детское творчество»: Метод. пособие для воспитателей – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

9. На пороге школы: Методические рекомендации для воспитателей. Т.Н. Доронова и др. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007 год.

10. Арушанова А.Г. «Речь и речевое общение детей». – М.: Мозаика-Синтез, 1999.

11. Рунова М.Н. «Двигательная активность ребенка в детском саду». – М.: Мозаика-Синтез, 2003.

12. Рыжова Н.А. «Экологическое образование в детском саду». М.: Карапуз-Дидактика, 2004.

13. Терпугова Е.А. «Валеологическое воспитание детей дошкольного возраста: методич. пособие для педагогов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.

14. Соловьева Е.В., Коренькова Л.Г., Копытова В.И. «Математика и логика для дошкольников»: Метод. рекомендации для воспитателей. – Алматы: Просвещение-Казахстан, 2007.

15. Парамонова Л.А. «Теория и методика творческого конструирования».- М.: Академия, 2001.

16. Шулешко Е.Е. «Наглядно-дидактическое пособие по обучению дошкольников чтению, письму, счету» - М.: Мозаика-Синтез, 2002.



ҚОСЫМША
ҚИМЫЛДЫ ОЙЫНДАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ
Жүгіруга арналған ойындар: «Мысық пен торғайлар», «Ұстап ал», «Жұбыңды тап», «Аттар», «Құстар мен мысық», «Ұшақтар», «Бұрыштар», «Жұптасып жүгіру», «Тышқан аулаушы», «Аққу-қаздар», «Пішін жаса», «Табан мен шортан», «Жүгіріс», «Бос орын», «Жасырынбақ», «Бәйге», «Ақ сүйек», «Көкпар», «Аюдың апаны».

Секіруге арналған ойындар: «Қасқыр мен қояндар», «Кім жақсы секіреді?», «Қоян мен қасқыр», «Түлкі тауық қорада», «Мысық пен тышқан», «Еденде қалма», «Төмпешіктен төмпешікке», «Сыныптар», «Маймылдар», «Торғай мен мысық», «Күміс алу», «Ақ қоян».

Еңбектеп және өрмелеуге арналған ойындар: «Мысықтар мен күшіктер», «Қойшы мен табын», «Құстардың келуі», «Мысық пен қаздар», «Жалауға дейін тез жүгір», «Өрт сөндірушілер», «Күрес».

Лақтыру, домалату, қағып алуға арналған ойындар: «Лақтырам, қағып ал», «Допты тордан өткіз», «Лақтырамын, ұстап ал», «Қоян мен аңшылар», «Жалаушаға лақтыр», «Түйреуішті құлат», «Допты тордан өткіз», «Құрсауға дәлде», «Кеглиді құлат», «Ақ сүйек», «Асықтар», «Алысқа лақтыр», «Таяқ-тастау».

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар: «Қай жерде тығылған, тап», «Тап та, үндеме», «Кім кетті?», «Жасырынбақ», «Лақ», «Өз орныңды тап», «Тығылмақ», «Тас кімде?».

Эстафета-ойындар: «Жұптасқан эстафета», «Кеглиге тиіп кетпей, допты әкел», «Допты сақинаға сал», «Кедергі жолдар».

Судағы ойындар: «Фонтан», «Қорапша», «Теңіз толқиды», «Туннельдегі поезд», «Суды құй», «Теңіздегі толқын», «Өкшеңді көрсет», «Шеңбер ішіне кір», «Ау».


ҰСЫНЫЛАТЫН КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАРЫ
Оқу мен мазмұндауға арналған шығармалар

Халық ауыз шығармашылығы: мақал-мәтелдер, жұмбақтар.

Қазақ халық ертегілері: «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен маймыл», «Құлақ», «Қасқыр мен жігіт», «Шал мен дәу», «Жақсы мен жаман», «Жігіт пен мыстан», «Төрт дос», «Тапқыр бала», «Алтыншашты Тотамбай», «Қара қылыш», «Мерген атқыш», «Ақылды қыз», «Әби мен Тәби», «Ақсақ құлан» (аңыз), «Болашақ батыр» (өсиет).

Орыс халық ертегілері: «Мысық, әтеш және түлкі», «Ақымақ қасқыр», «Қорыққанға қос көрінер», «Маша мен маймақ», «Аяз», «Түлкі мен тырна», «Аққу-қаздар», «Хаврошка», «Қарша қыз», «Түлкі мен сұр қасқыр», «Аленушка мен Иванушка», «Түлкі мен қоян», «Шаруа пен аю», «Шортанның бұйрығымен».

Әлем халық ертегілері: «Үш торай» (ағылшын халық ертегісі), «Айога» (нанай халық ертегісі), «Ағайынды үш қыз» (татар халық ертегісі), «Пых» (белорусь халық ертегісі), «Күшіңе емес, ақылыңа сен» (белорусь халық ертегісі), «Көкек» (ненец халық ертегісі), «Күнге қонаққа барғанда» (словак халық ертегісі), «Екі сараң аю» (венгр халық ертегісі), «Асығам деп, күлкіге қаласың» (поляк халық ертегісі), «Ескі әмиян» (латыш халық ертегісі), Ш. Перро «Перінің сыйлығы».
Қазақстан, Ресей және ТМД елдері

жазушыларының әңгімелері

Ыбырай Алтынсарин «Аурудан - аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта», Жәнібек Карбозин «Алша», Мәдіхат Төрежанов «Өмірдің қайнар көзі», «Бұзау», «Көмек», «Ақ лақ», «Бұлбұл»; Дүкенбай Досжанов «Жылқышының ұлы - Ардақ», Өтебай Тұрманжанов «Ақ бота», Лев Толстой «Құс», Эдуард Шим «Тас, Бұлақ, Сүңгі және Күн», «Күн шуағы»; Евгений Чарушин «Бөлтірік».



Өлеңдер: Мұзафар Әлімбаев «Менің ойыншықтарым», «Мысықтың әдеттері», «Әдептілік әліппесі»; Оразақын Асқаров «Біздің ит»; Қабдыкәрім Ыдрысов «Жайлауда»; Қадыр Мырзалиев «Өзім»; Әнуарбек Дүйсенбиев «Жоғалған зат»; Жаркен Бодешев «Алма»; Қосжан Мүсірепов «Қырсық мысық»; Сергей Есенин «Ақ қайың»; Сергей Баруздин «Бөрене»; Расул Гамзатов «Менің атам»; Георгий Ладонщиков «Аю тұрды ұйқыдан»; Корней Чуковский «Айболит пен торғай».
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Ахмет Жұбанов
2015 -> Келісілді бекітемін
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты КӨне түркі поэзиясындағы дәСТҮр жалғастығЫ
2015 -> Көрсетілетін қызметті берушінің және оның филиалдарының мекенжайлары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет