Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Асыл, металдар негізіндегі құймалар былай бөлінеді



бет5/5
Дата25.04.2016
өлшемі0.86 Mb.
1   2   3   4   5

Асыл, металдар негізіндегі құймалар былай бөлінеді:


Алтын және олардың құймалары: Тіс протездерін жасау үшін таза алтын қолданбанды өйткені ол бұл күйінде өте жұмсақ. Тіс протездерін қойылатын талаптарына байланысты алтынға күміс, мыс, платина, кодмий, паладий сияқты металдар қосып механикалық қасиетін жоғарлатады.

Қаттылығына байланысты алтын құймаларын жұмсақ, орташа қатты, өте қатты деп бөледі. Қатты және өте қатты құймаларды 700º С қыздырып 10 минут ішінде суытса жұмсарады.

Тіс протездері үшін мына таңбалы алтын қолданды: 900, 750, 583.

916 таңбалы құйманың түсі ақшыл – сары өңдеуге жеңіл. Ол көпіртектес протездер, қаптама, микропротез, жартылай қаптама және әшекейге орындық жасау үшін қолданады. Бұл құйманың кемшілік қаттылығынын жеткіліксіздігінде.

900 таңбалы құйма ауыз қуысында коррозияға тұрақта, 916 таңбалы құймаға қарағанда қатты, түсі қызғылт. Иленгіштігіне байланысты қалыптағанға да ыңғайлы. Алтынды қалыпқа салып қалыптағанда қорғасын жастықтарынан және тез балқығыш құймадан: қорғасынның, висмуттың, қалайының жаңқалары қалып қояды. Олар алтынды қыздырған кезде балқып онымен қосылысқа түседі. Сондықтан алтынды қыздырар алдында тұз қышқылына немесе азот қышқылына салып тазартып алады. Қыздырған кезде алтынның сыртқы қабаты тотығады. Бұл тотықты тазалау үшін тұз қышқылын қолданады.

750 таңбалы құйманың құрамына кадмий мен платина кіреді. Кадмийді 5-10% етіп қосатын болса құйманың балқу температурасы төмендейді. Сондықтан бұндай құйманы дәнекер ретінде қолдануға болады.



Алтын құймаларының топтастырылулары:

Тіс техникалық алтын құймалар өздерінің физикалық қасиеті жағынан 4 түрге бөлінеді:

а) жұмсақ – аз қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады (салмалар);

б) орташа жұмсақ – орташа қысым түсірілетін қондырғыларда қолданылады; қаптамалар, құйылған салмалар, көпір тектес протездердің аралық бөліктерін біріктіру үшін.

в) қатты түрі – көп қысым түсірілетін қондырғыларда: жартылай қаптама, жұқа құйылған салмалар, көпір тектес протездің элементтері.

г) өте қатты – жұқа бөліктері бар қатты қысым түсірілетін бұйымдарда: ершік, ілмектер, қаптамалар.

Күміс – палладий құймалары.

Бұл құмалар қасиеті жағынан алтынның құймаларына жақын. Құймалардың түсі ақ, серпімділігі жоғары. Балқу температурасы: 1100-1200 Сº. Бұл құйманың құрамында күміс 75%, палладий 10%, алтын 15%, бриннельдің көрсеткіші бойынша қаттылығы 30. Құйманың құрамында палладийдің мөлшері жоғарылатылса онда балқу температурасы да көтеріліп, қатты және жыртылуға мықты болады. Күміс құйманың негізі болып қаттылығын жоғарылатады, ал алтын болса құйылу сапасын жақсартып құймаға алтынның түсін береді. Ауыз қуысында бұл құймалар басқа металдармен қосылып микроток туғызбайды. Күміс паладий құймалары қондырғылармен бірге тот баспайтын болатты қосуға болмайды, өйткені ауыз қуысында гальваникалық элемент пайда болып, ол созылмалы интоксикацияға алып келеді. Қолданылуы: тіс протездерінің штампты бөліктерін дайындайды (қаптамалар, алынбалы протездің негіздері). Алтыннан және күміс құймаларынан қондырғыларды өңдегенде зиянды қоспалардың араласпағанын қадағалайды (қорғасын, қалайы, сурьма, күкірт, сынап, висмут), олар металдың ішіне оңай еніп оның химико – физхикалық қасиетін төмендетеді.

Мұндай құймаларды алтын дәнекерлерімен дәнкерлейді.
Мыс негізіндегі құймалар (Рандоль).

Рандоль – мыс мырыш құймасы. Сыртқы түсі алтынға ұқсас. Ауыз қуысында тотығып, бұзылады. Бірақ жылтыры кетпейді. Осыдан металл өзгермейді деген ұғым қалыптасқан. Ас тұзының ертіндісінен металдың бұзылуына әкеліп соғады. Ал органикалық қышқылдар мыс пен улы қосылыс түзіліп, қанға сіңеді және организмге зиянды әсерін тигізеді. Құймаға қажетті дәнекер. Бір бөлік күміс және бір бөлік латон.


Мыс – аллюминий құймасы.

Балқу температурасы 1030 Сº. Құрамында 9 бөлік мыс және 1 бөлік аллюминий бар. Құйманың түсі алтынның түсіне ұқсас. Ауыз қуысы ішінде қараймайды. Бірақ тотығу реакциясы тез болады. Бұл құйма ортодонтиямен бет жақ ортопедиясын байлам (сым) ретінде қолданылады.


Мыс - мырыш - никель құймасы.

Балқу температурасы – 1024 Сº. Құйманың құрамы – 30 бөлігі мыс, 22 бөлігі мырыш, 15 бөлігі никель. Никельді марганецпен ауыстыруға болады. Металл күміс түстес, ауыз қуысында тотықты қабатпен тез жабылады. Организм үшін құйма зиянсыз.

Дәнекерлегіш – күміс дәнекері қолданылады.

Дюрь аллюминий құймасы.

Балқу температурасы – 605 Сº. Құйманың құрамы аллюминий, 0,5% магний бар.

Дюрь аллюминий құймасы ауыз қуысында тотықпайды. Қалайы арқылы дәнекерленеді. Болмаса, дәнекерлеуді ультра дыбыс арқылы жүргізуге болады.

Аллюминий – магний құймасы (магналий).

Балқу температурасы – 657 Сº. Құрамы 9 бөлігі алюминий, 1 бөлігі магний. Құйманың түсі ақ күміс тәріздес. Алюминий қатты қышқылға төзімді, күкірт қышқылы және көптеген органикалық қышқылдар құймаға әсер етпейді. Дәнекері қалайы. Дәнекерлеуді ультра дыбыспен жүргізуге болады.


Афинаж – алтынды құрамды бөліктерге ажырату.

  1. тәсіл. Азот қышқылында күміс пен мыс еріп, алтыннан ажырайды. Ол үшін құйма дән тәрізді бөлшектерге бөлінеді. Бұл процесс күмістің қышқылда еруін жылдамдатады. Содан соң, оны фарфор табақшасына салып, үстіне азот қышқылын құйып қыздырады. Бұл кезде мыспен күміс ерітіндіге айналады да, алтын табақшаның түбіне қоңыр тұнба ретінде шөгеді. Құйманың кездейсоқ қоспаларын арылту үшін, жиналып алынған тұнба азот қышқылында тағы да, қайнатылады. Сонаң соң таза суда жуылып, кептіріледі де балқытылады. Алынған құйма таза алтын. Ерітіндіден таза күмісті де ажыратуға болады. Ол үшін ерітіндіге ас тұзын қосады. Нәтижесінде тұнбаға ақ хлорлы күміс түзеді. Тұнбаны жинап келтіреді, салмағының жартысындай болатын сода аз ған бура және силитра қосып таза күміс алуға болады.

  2. тәсіл. Бір бөлік азот және екі бөлік тұз қышқылын қосып патша арағын жасайды. Фарфор табақшаға алтын құймасын және патша арағын құяды. Содан соң қышқылды қыздырады. Патша арағы алатын ерітіндіге өтіп, күміс хлорлы күміс ретінде тұнбаға түседі, тұнбаны ерітіндіден ажыратып алып, таза суда жуады да, келтіріп, балқытады. Сонда таза алтын алынады.

Саяси стандарты бойынша барлық металл құймалары мына топтарға бөлінеді:



  1. Асыл металл құймалары алтынның негізінде

  2. Асыл металл құймаларының құрамында 25-50% алтын, платина және тағы басқа құнды металдар

  3. Асыл емес металл құймалары

  4. Металлокерамикаға арналған құйма конструкциясы.

а) Алтының жоғары құрамы (75%)

б) Құрамы жоғары, асыл металдар: (алтын, платина немесе алтын және паллади 75%)

в) Палладий негізінеде (50%) жақсы технологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді, коррозияға тұрақты, Таза алтын – жұмсақ металл. Жоғарғы мықтылығымен қатандыққа жету үшін оның құрамына лигатурлы металдар – мыс, күміс, платина, қосады.

Алтын құймасы бойынша оның құрамы пайызбен есептеледі.

Таза алтын метрлік сынама бойынша 1000 сынама болып есептеледі. Россияда алтындық сынаманың жоғарғы сынамасы 960 алтынды.

Англияда каратты сынамасы-жоғарғы проба 24 карат.

3 кесте - алтын құймалары әр-түрлі жүйе бойынша белгіленеді

Алтын құймаларының

Жүйе

Құрамында %

Метрлік

Алтынды

100

1000

24

Алтын құймаларының әр түрлі жүйе бойыншга белгіленуі (3-ші кестеде) көрсетілген.

4 кесте - алтын және хром – кобальт құймаларының физикалық және механикалық көрсеткіштері



Физикалық және механикалық көрсеткіштері

Сары алтын

Ақ алтын

Хром – кобальт құймасы

Балқу температурасы, Сº

Тығыздығы, г/см³

Бриннель қаттылығы бойынша, кгс/мм²

Мықтылық шегі, кгс/мм²

Ұзаруы, %


900

15
220

35

2-35


1000

11,5
140

22

20-25


1290-1400

8-9
370

35

2-11


(4 – ші кестеде) алтын және хром – кобальт құймаларының физикалық және механикалық көрсеткіштері берілген. Хром – кобальт құймалары алтын құймаларына қарағанда екі есе жеңіл және қатты. Сондықтан хром – кобальт құймаларынан жасалған протездер жұқа және жеңіл болады.

5 кесте - алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы



Құйма түрі

% саны

Au

Ag

Cu

Pd

Pt

Zn

Жұмсақ

Орташа қатты

Қатты

өте қатты



79-92,5

75-78


62-78

60-71,5


3-12

12-14,5


8-26

4,5-20


2-4,5

7-10


8-11

11-16


0-0,5

1-4


2-4

0-5


0-0,5

0-1


0-3

0-3


0,05

0,5


1,0

1-2


(5 – ші кестеде) алтын құймаларының қаттылығына байланысты құрамы көрсетілген. Қаттылығы тарапынан алтын құймаларын жұмсақ, орташа қатты, қатты және өте қатты деп бөледі.

6 кесте - әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы



Құйма түрі

% саны

Au

Ag

Cu

Pd

Pt

Zn

916

900


750

750


583

583


91,6

90,0


75,0

75,0


58,3

58,3


4,2

4,0


5,0

8,0


19,0

13,0


4,2

6,0


14,2

9,0


18,5

28,0


-

-

-



8,0

-

-



-

-

5,0



-

2,5


-

-

-

0,8



-

1,7


-

(6-шы кестеде) әр түрлі таңбалы алтын құймаларының құрамы белгіленген. Онда 900 – ші таңбалы құйма ауыз қуысында коррозияға тұрақты, 750-ші таңбалы құйманың құрамына кадмии мен платина кіреді, 916 –шы таңбалы құйманың түсі ақшыл сары өңдеуге жеңіл, 583-ші таңбалы құймамен көбінесе тіс протездерін жасау үшін қолданады.

Алтыннан және күміс – палладий құймаларынан штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдері металдан жасалған штампты қаптама дайындаудың клиника зертханалық кезеңдерінен айырмашылығы жоқ. Бірақ бірнеше ерекшеліктері бар.



  1. Алтыннан жасалған жасанды қаптаманың оклюзиялық бетінің қалыңдығы 0,28 - 0,3 мм .

  2. Алтыннан жасалған қаптамаларды өңдеу үшін мүйізді немесе пластмассалы балғалар қолданылады.

  3. Күміс палладий құймасының ағартқышы 10% НСl, ал алтын құймалары үшін 40-50% тұз немесе азот қышқылының ертіндісі жатады (бұйымды қыздырады да ертіндіге салады).

  4. Алтын бөлшектер металға қарағанда бір – бірімен оңай дәнекерленеді өйткені асыл металдардың бетінде тотықты қабат түзілмейді.

  5. Алтын қаптаманы екінші клиникалық шақтап келтіру кезеңінде тіс тұқылы тістесу бетінен дәнекердің қалыңдығы бойынша қосымша алынады.

  6. Алтын қаптаманың ішкі беті және кесу қыры алтын дәнекермен құйылады, металдың қаттылығы төмен болған соң.

8- ші . Дәріс: Пластмассадан жасанды сауыт және әрленген сауыт жасау технологиясы
Пластмасса – дегеніміз табиғи заттардан химиялық жолмен алынатын немесе төменгі молекулалық заттарды синтездеу арқылы түзілетін күрделі органикалық заттар. Табиғатта пластмассаның негізін құрайтын заттар: табиғи газ, тас көмір, мұнай, торф және басқа табиғи заттар.

Пластмассалар жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін. Жоғарғы температураның пластмассаның физикалық, механикалық және химиялық қасиеттеріне тигізетін әсеріне байланысты пластмассалар термопластикалық және термореактивтік болып екіге бөлінеді.

Термопластикалық пластмассалар жоғарғы температурада жұмсарады. Ал температура төмендегенде өзінің құрамын өзгертпестен, қайтадан қатаяды. Термопластикалық полимерлерге мына материалдар жатады: полиметилметакрелат, полистерол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен, фторопласт, поликарбонат.

Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар акрилаттар. Олар акрилді және метакрилді қышқылдардың полимерлері немесе сополимерлері.

Термореактивті полимерлерге бакелит, аминопласт және фенопласт жатады. Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу қажет. Пластмассалар ағза үшін оның зиянсыз болуы, ауыз қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, техналогиялық алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет. Стоматологияда кең қолданылатын пластмассалар: этакрил немесе АКР15, фторакс, акронил, бакрил.

Фторакс – құрамында фтор бар акрилаттар сополимерлер. Фторакс пластмассаның физикалық және химиялық қасиеттері өте жақсы: химиялық тұрақтылығы және мықтылығы өте жоғары. Ол жартылай мөлдір, түсі ауыз қуысының жұмсақ тіндеріне мейілінше жақын.

Акронил – метиметакрлаттың сополимері, құрамында поливинилэтилал бар. Мономерінің құрамында пластмассаның молекулалық байланысын күшейтетін диметакрилатэтиленгликоль бар. Акронил басқа материалдармен салыстырғанда техналогиялық көрсеткіштері жоғары және суда ісіну көрсеткіші төмен.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, мықты. Алмалы – салмалы тістерді жасауға қолданылатын негізгі (базисті) акрилатты пластмасса.

Полимер мен мономер қосылғанда химиялық реакция – полимеризация жүреді. Полимеризация дегеніміз – төменгі молекулалы заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын жоғарғы молекулалы зат алу. Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар :

а) Полимер мен мономер қосындысының қамыр тәріздес түрінде үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау.

ә) Полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю.

б) Полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.

Пластмассалы қаптамалардың металды қаптамағанда артықшылықтары болады, қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келеді, сондықтан оларды алдыңғы тістерге косметикалық мақсатымен дайындайды.

7 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клинико - зертханалық кезеңдері



Клиника (дәрігердің жұмысы)

Зертхана (тіс – технигінің жұмысы)

1- келуі :

Науқасты тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын құру.

- Тісті егелеп, екі жақтан да үлгі алу;

- Пластмассалы қаптама үшін түсін анықтау;


2-келуі:

Шақтап келтіру және қаптаманы цементке бекіту



  • Модель құю ;

  • Модельді орталық оклюзияда құрастырып, оклюдаторға бекіту;

  • Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау;




  • Балауызды пластмассаға ауыстыру.

  • Пластмассалы қаптаманы өңдеу және жылтырату.

(7-ші кестеде) пластмассалы қаптама дайындаудың клинико – зертханалық кезеңдері көрсетілген. Қаптама дайындау екі клиникалық және екі зертханалық кезеңдерден тұрады.

Егерде модель орталық оклюзияда құрастырылмаса тіс технигі тістесу біліктерін дайындайды. Бұл жағдайда пластмассалы қаптама науқастың үш рет келуімен бітеді.

Модель құйғаннан кейін тіс технигі егеленген тістің мойынын оюлайды және оны 0,3 мм ұзартады. Одан кейін балауыздан жасанды қаптаманың пішінін келтіреді. Балауыздан пластмассалы қаптаманың анатомиялық пішінін толық көлемде қалыптастырады, кейде ол аздап үлкен болады, өңдеу және жылтыратуға байланысты. Пішіндеуді ақ немесе сары балауызбен жүргізеді, өйткені түсті балауыз бояғыштары пластмассаның түсін өзгертуі мүмкін. Пішінделген балауыз қаптаманы көршілес тістер аймағымен аздап модельден кесіп алады да қалыпқа ғаныштайды. Ғаныш қатқаннан кейін балауызды ыстық судың көмегімен ағызып жібереді. Қалыпты суытады, керек түсті пластмассаны алып араластырады. Пластмасса ісінгеннен кейін оны қалыпқа салады, нығыздайды, бюгельге қысады да полимеризация жүргізеді. Көпіршіктер мен ішкі жарықшалар пайда болмас үшін полимеризацияны өте ұқыпты жүргізеді. Суыған қалыптан қаптаманы алып оны өңдейді, әрлейді, жылтыратады.
8 кесте - пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдер



Жұмыс істеу кезеңдері

Жұмыс істеу реттілігі.

  1. Ғаныштық үлгіні желімдеу.

  2. ғанышты модель дайындау.

  3. Балауыз біліктерін дайындау.

  4. модельді оклюдаторға ғаныштау.

  5. Пластмассалы қаптаманың балауыз мүсінін дайындау.

6. балауыз мүсінді қалыпқа ғаныштау.

7.пластмассалы қаптаманы қалыптау.


  1. полимеризация.

9. пластмассалы

қаптамны өңдеу және жылтырату.




· Қызыл иек жиегі сызығын белгілеу және тіс аралық кеңістікті ажырату.

· Ерітілген балауызды егеленген тіске құяды және қаптаманың анатомиялық пішінін келтіреді.

· Пластмассалы қаптама пішінделген тісті модельден кесіп алады.
· Қалыпты жұмысшы жағдайына келтіру.

· Қалыптың төменгі бөлігіне сұйық ғаныш құйылады да оның ішіне қаптаманың балауыз құрылымы салынады.

· Қалыптың жоғарғы бөлігі салынып үстінен ғаныш құйылады.

· Ғаныш қатқаннан кейін қалыпты ыстық суы бар ыдысқа салады.

· Қалыпты ашып ыстық сумен балауызды ағызып жібереді.
· Қамыр тәріздлі пластмассаны дайындау.

· Қаптаманы қалыптау.

· Қалыпты қыспақтың астына салу.

· Қалыпты қыспақтың астына алып оны бюгельге бекітеді.
· Қалыпты бюгельмен бірге суға салады. Полимеризация жүргізіледі, одан кейін суыған қалыптан қаптама алынады.
· Тегістегіш моторда тегістеу, зімпара қағазымен өңдеу. Ішкі бетін бұрғымен тегістеу.


(8-ші кестеде) пластмассалы қаптама дайындаудың клиникалық кезеңдері және жұмыс істеуге арналған құрал жабдықтармен жұмыс істеу реттілігі көрсетілген.

Дайын пластмассалы қаптаманы ауыз қуысында бекіткенге дейін судың ішінде сақталады.


1. Жасалынатын пластмассаның сауыт қалыңдығы 0,5-0,7 кем болмау керек. Бұл сауыттың беріктігі мен түсінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сауыт жасамас бұрын целлулоидты қалпақша дайындап алады. Содан кейін қалпақшаны тез қататын пластмассамен құйып толтырады. Пластмасса қатқан соң сыртқы қалпақшаны кесіп алып тастайды. Алынған сауытты тегістеп, жылтыратады.


2. Ең жақсы нәтижені алу үшін аралас әдістерді қолдану керек. Әуелі үлгі арқылы пластмассадан сауытты дайындап аламыз. Содан кейін оны жақтың қабысуына кедергі жасамау үшін оның енін пішінін және биіктігін қалыпқа келтіріп, тіс сауытына орналастырады. Содан соң сауытты тістен шешіп алып, оынң ішкі жағын мономерлеу сүртіп, ішіне тағы тез қататын пластмассамен толтырамыз. Бұны жасап біткеннен кейін сауытты тіске отырғызады. Сығылған пластмассаны алып тастайды. Пластмасса әбден қатқаннан кейін сауытты тістен шешіп аламаыз. Артық пластмассаны кетіріп, сауытты жылтыратып, оны гипске бекітеді. Бұл әдіс басқа әдістерге қарағанда тиімді.
3. Сақина көмегімен қалып шешу арқылы пластмассадан сауыт жасау. Сауытты термопластикалық масса мен цементпен құйып толтыру арқылы алады. Цементпен жасалған тістің үлгісін әуелі балауыздан үлгіні жасайды, оны гипстейді, пішінін келтіреді, сығады да пластмассаны жылтыратады. Цементпен жасалған тістің берік үлгісіне қарап, сауытты дайындағанда сауыт дәл шығады. Ол ауызда сауыттың тісте орнығуын жеңілдетеді.

Дәріс тақырыптарына байланысты тест сұрақтары
1. Протезді тегістеуге арналған аспаптар

а) бұрғы, ұштық, сепарациялық дискілер

б) егеу, штихел, қырғаныш

в) күйдіруші аппарат, құйма

г) жұмсақ және қақты щеткалар, кигізді фильцалар, резиналы дөңгелектер

д) түрпілік материалдар, щеткалар, резиналы дөңгелектер

2. Штамптау кезінде гильзаны шөпті сары түске дейін күйдіреді не үшін?

а) оған мықтылық пен қаттылық беру үшін

б) оған тұрақтылық пен қаттылық беру үшін

в) оған төзімділік пен қаттылық беру үшін

г) оған иімділік және созымдылы беру үшін

д) оған қаттылық және төзімділік бері ұшін

3. Жасанды тістердің шайнау беттерін пішіндегенде қажет:

а) айқын бұдырлар

б) дөңгеленген бұдырлар

в) айқын сызаттары

г) тегіс беткей

д) күрт шығыңқы бұдырлар


4. Егер сауытты қалыпқа егізу қиын болса, қажет:

а) қаттырақ басу

б) қалыпты қайта алу

в) бөлшектерді қосу, ең үлкен сауытқа кіші сауытты қосу

г) қалақша көмегімен араластырушы ғаныш таңдау

д) басқа әдіспен қалып алу


5. Үлгі қаптамалармен жабысуында қаптаманы ғанышқа жапсыру керек немен?

а) қатты қыздырлған балауызбен, қаптаманың бір бөлігіне орналасақан

б) қаптама бөлігінің шетіне орналасқан әлсіз қыздырылған балауызбен

в) қаптаманың бірнеше бөлігіне орналасқан қайнаған балауызбен

г) ұяшыққа құйылған қатты қыздырылған балауызбен

д) ұяшыққа құйылған әлсіз қызыдырылған балауызбен


6. Кіші азу тісті пішіндеу:

а) кесуші қырымен целиндрлік пішінді сауыт

б) кесуші қырымен қашау тәрізді пішінді сауыт

в) кубикалық пішінді бұдыр мен сызатты сауыт

г) бір бұдырлы конус тәрізді пішінді сауыт

д) екі бұдырлы целиндр пішінді сауыт


7. Күрек тісті пішіндеу:

а) екі бұдырлы целиндрлік формалы сауыт

б) тік кесуші қырымен қашау пішінді сауыт

в) өткір кесуші қырымен конус пішінді сауыт

г) екі бұдырлы қашау пішінді сауыт

д) үш бұдырлы куб тәрізді пішінді сауыт


8. Гой пастасы тегістеуге қолданылады

а) жеңіл еруші құймалар

б) КХҚ

в) пластмасты қаптамалар



г) күміс паладийлі құймалар

д) қаптаманың негіздік пластмассасы


9. Қалыптаушы материалдарға талаптар

а) отқа төзімделек

б) термопластикалық

в) ерітудің төмен температурасы

г) морт сынғыш

д) газды өткізбеушілік


10. Қалыптаушы материалдарға талаптар

а) термопластикалық

б) эластикалық

в) ерітудің төмен температурасы

г) хрупкость

д) газды өткізбеушілік


11. Пішіндеуші материалға талаптар

а) термопластикалық

б) эластикалық

в) балқытудың төмен температурасы

г) сынғыштық

д) газөткізгіштік


12. ҚММА ортопедиялық стоматология курсында қай штамптау әдісі қолданылады

а) Паркер

б) ММСИ

в) Гаврилов



г) Оксман

д) Сыртқы штамповка


13. Тотбаспайтын болаттан протезге ағартушы болып не табылады

а) 96 процент спирт

б) царская водка

в) 40-50 процент тұз қышқылы ерітіндісі

г) тұз қышқылы + азот қышқылы + су ерітіндісі

д) Сірке қышқылы


14. Күміс құймалар ағартушы болып

а) 96 прцент спирт

б) 50 процент тұз қышқылы ерітіндісі

в) дистирленген су

г) уксус қышқылы

д) тұз, азот және сірке қышқылы ерітіндісі


15. 96 процент спирт ағартушы болып табылады

а) тотбаспайтын болат

б) 900 таңбалы алтын

в) 750 таңбалы алтын

г) алтын құймалары

д) КХҚ
16. 40-50 процент тұз қышқылы ерітіндісі нені ағартады

а) тотбаспайтын болат

б) алтын құймалары

в) тезерігіш құймалар

г) күміс құймалары

д) КХҚ
17. Тұз, азот және күкірт қышқылы ерітіндісі ағартады

а) тотбаспайтын болат

б) алтын құймалары

в) тезбалқығыш құйма

г) күміс құйма

д) КХҚ
18. Тіс протездерінің біріктірілген металдық деталдарын тегістеудің механикалық әдісінде қолданылады

а) сулы ботқа түрінде бор

б) полипласт

в) ГОИ пастасы

г) электролит

д) графит
19. Түрпілік материалдарға талаптар

а) пішіндеу

б) протезді өңдеу

в) қалып алу

г) Мүсіннен көшірме алу

д) пластмасса полимеризациясы


20. Алтын дәнекерінің құрамы:

а) алтын- 75 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б.

б) алтын –60 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б.

в) алтын –50 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б

г) алтын –40 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б

д) алтын –85 %, күміс, мырыш, кадмий және т.б


21. Тотбаспайтын болатқа дәнекер ретінде

а) алтын дәнекері

б) 750 таңбалы алтын

в) күміс припой

г) 900 таңбалы алтын

д) тезерігіш метал
22. Штампталған қаптамалар дайындауға арналған стандартты гильзалар дайындалады

а) хромкобальтты құйма

б) хромникельді болат 1Х 18 Н9Т

в) 916 таңбалы алтын құймасы

г) нитрит-титан

д) цинк құймасы


23. Тотбаспайтын болат негізін құрайды

а) алтын


б) темір

в) күміс


г) кобальт

д) хром
24. Балауыздың қасиеті

а) ерудің жоғары температурасы

б) қайнаудың жоғары температурасы

в) иілгіштік

г) эластикалық

д) жоғары мықтылық
25. Стомальгин жатады

а) негіздік пластмассаға

б) пішіндеуші пластмассаға

в) үлгілік материалға

г) қалыптық материалға

д) түрпілік материалға


26. Балауыз қандай қалып алушы материалдың негізі

а) альгинатты

б) термопластикалық

в) гидрококоллоидты

г) силикоды

д) тиоколды


27. Силиконды қалыпты материалдар қасиеті

а) үлкен усадка

б) эластикалық

в) сынғыштық

г) қалып бойынша бірнеше модель құюға мүмкіншіліктің болмауы

д) протезді ложа тіннің дұрыс түспеуі

28. Қалыпты материал тиодент жатады

а) силиконды

б) альгинатты

в) тиоколды

г) гидроколлоидты

д) цинкоксидэвгинолды


29. Қалыпты материалға ортокор жатады

а) силиконды

б) алгинатты

в) тиоколды

г) гидроколлоидты

д) термопластикалық


30. Полимеризация тәртібі- бұл

а) пластмасты қамыр ұстау

б) протезді қайнатқанда температураны сақтау

в) пластмасты араластыру әдісі

г) протезді өңдеу

д) пластмасты қамырды арластырғаннан дайын протез болғанша процесс


31. Пластмастың газды тесілуі ненің әсерінен

а) мономер жетпеуінен

б) отыруынан

в) суытудың тегіс болмауынан

г) температуралық тәртіптің бұзылуынан

д) пішін ішінде қысымның болмауынан


32. Көмекші материалға жатады

а) балауыз

б) тотбаспайтын болат

в) боксил

г) КХҚ

д) Синма
33. Негізгі материалға жатады



а) ғаныш

б) стомальгин

в) КХҚ

г) балауыз



д) тезерігіш құйма
34. Көмекші материалға жатады

а) негізді пластмаса

б) стоматологиялық фарфор

в) КХҚ


г) отқа төзімді масса

д) ситаллы


35. Ғаныштың бірігу реакциясын тездету үшін қолданылады

а) кальцинирленген сода ерітіндісі

б) суық су ерітіндісі

в) 3-4 % ас тұз ерітіндісі

г) 4 % қант ерітіндісі

д) 4 % бикарбонат натрия ерітіндісі


36. Мүсіндеуші материалға жатады

а) ғаныш


б) стомальгин

в) лавакс

г) КХҚ

д) Фторакс


37. Пішіндеу үшін ғанышты штампикке балауыздың бірінші үлесті қалай саламыз

а) шайнау және кесетін беткейлері қайнаған балауызбен құйылады

б) ғанышты штампиктің бүкіл беткейіне балауыз жағу

в) қайнаған суда штампиктің шайнау және кесетін беткейіне бағытта штампиктің сауытты бөлігіне балауыздың бірінші үлес құйылады

г) барлық жауап дұрыс

д) барлық жауап дұрыс емес


38. Металды алынбайтын протездерді не үшін ағартады

а) мықтылығы үшін

б) коррозияға тұрақтылығы үшін

в) тотық қабатты алу үшін

г) эстетика, мықтылық үшін

д) эстетика, бүтіндігі үшін


39. Салма жасаудың балауызды моделдеуден кейінгі ауыспалы әдістің келесі кезеңі

а) тістен және тіс қатарынан үлгі алу

б) балауызды салманы металлға немесе пластмассаға ауыстыру

в) тісте қуысты пішіндеу

г) аралас модельді алу

д) салманың дұрыстығын тексеру, тіс қуысына бекіту


40. Штампталған қаптама жасаудың ғанышты мүсін алғаннан кейінгі кезең

а) ғаныш штамп алу

б) тіс қаптамаларын модельдеу

в) моделді окклюдаторға бекіту

г) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру

д) тіс өңдеу


41. Штампталған қаптама жасаудың ғанышты штампты алғаннан кейінгі кезең

а) металлды штамп алу

б) қаптама штамптау

в) гильзаларды таңдап дайындау

г) мүсінді окклюдаторға бекіту

д) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру

42. Штампталған қаптама жасаудың жасалған қаптаманың сапалығын клиникада тексергеннен кейінгі кезең

а) қаптама алу

б) орталық окклюзияны анықтау

в) қаптаманың соңғы штамптау

г) қаптаманы фосфат цементке бекіту

д) қаптаманы жылтырлату, тегістеу


43. Пластмассалы қаптама жасаудың тіс қаптамасын моделдегеннен кейінгі кезең

а) орталық окклюзияда мүсінді құрастыру

б) мүсінді окклюдаторға ғаныштау

в) қалыпқа ғаныштау

г) плстмассалы қамыр жасау

д) нығыздау


44. Пластмассалы қаптама жасаудың пластмассалы қамырды жасағаннан кейінгі кезең

а) «Изокол» айырғыш сұйықтықты жағу

б) қалыпты бюгелге қысу

в) пластмассаны полимеризациялау

г) балауызды қайнап тұрған сумен еріту

д) пластмассаны нығыздау


45. Пластмассалы қаптама жасаудың қаптаманы қалыптан алғаннан кейінгі кезең

а) пластмассаны полимеризациялау

б) қаптаманы тегістеу және жылтырлату

в) қалыпты бюгелге қысу

г) «Изокол» айырғыш сұйықтықты жағу

д) балауызды қайнап тұрған сумен еріту


46. Өздігімен қататын пластмассаны көрсетіңіз

а) этакрил

б) протакрил

в) акрил

г) фторакс

д) бакрил


47. Ғаныш қандай үлгілік материал

а) эластикалық

б) гидроколлоидты

в) қатты кристалды

г) альгинатты

д) термопластикалық


48. Ауыз қуысына қараған беткей – бұл

а) окклюзионды беткей

б) вестибулярлы беткей

в) оральді беткей

г) медиальді беткей

д) дистальді беткей




  1. Пластмассалы қаптаманы пішіндегенде қандай түсті балауыз қолданылады

а) көк түсті

б) қызыл түсті

в) түссіз балауыз

г) бал ара балауызы

д) ақ немесе сары балауыз


  1. Полимеризация кезеңі неше минут жүреді

а) 20-30 минут

б) 10-30 минут

в) 5-15 минут

г) 5-30 минут

д) 45 минут
Жауаптар:


1 - г

2 – г


3 – б

4 – в


5 – а

6 – д


7 - б

8 – б


9 – а

10 – д


11 – д

12 – б


13 – в

14 – а


15 – г

16 – б


17 – а

18 – в


19 – б

20 – а


21 – в

22 – б


23 – б

24 – в


25 – в

26 – б

27 – б


28 – в

29 – д


30 – б

31 – г


32 – а

33 – в


34 - г

35 – в


36 – в

37 – в


38 – в

39 – б


40 – г

41 – а


42 – д

43 – в


44 – д

45 – б


46 – б

47 – в


48 – в

49 – д


50 – д


Қолданылған оқулықтар

1. Бердімбетов Е.А. „Ортопедиялық стоматологиядағы материалтану“ оқулық құрал. – Қарағанды, 1993. – 63 б.

2. Копейкин В.Н., Кнубовец Я.С., Курляндский В.Ю., Оксман И.М. Зубопротезная техника. – М.:Москва,1978 – 425 с.

3. Рузуддинов С.Р., Морчик Н.В., Жақсыбаев Б.И. Техника изготовления несъемных зубных протезов. – Алматы, 2000. – 97с.

4. Трезубов В.Н., Щербаков А.С., Мишнёв Л.М. Ортопедическая стоматология. Пропедевтика и основы частного курса: Учебник для медицинских вузов. Под ред.проф. В.Н.Трезубова. – СП б.:СпецЛит, 2003. – 480с.

Мазмұны


Қысқартулар тізімі..............................................................................3

1 – ші. Дәріс : Тістердің функциональды анатомиясы

және олардың сауыт бөліктерінің құрылымдық

жалпы сипаттамасы..............................................................................4

2 – ші. Дәріс : Сауыт құрылымының

геометриялық пішініне қарап тіс сауытының

кескінін келтірудің анатомиялық ерекшеліктері...............................10

3 – ші. Дәріс : Протез бен аппарат

жасалатын негізгі конструкциялық

материалдар.........................................................................................18

4 – ші. Дәріс : Протездердің әр түрлі

кезеңдерінде қолданылатын қосымша

материалдар.........................................................................................22

5 – ші. Дәріс : Салма тістердің

дайындау технологиясы, қолданылуы,

клиникалық – зертханалық кезеңдері...............................................32

6 – ші. Дәріс : Асыл емес құймалардан

штампталған жасанды сауыттардың

жасалу технологиясы...........................................................................41

7 – ші. Дәріс : Асыл құймалардан штампталған

жасанды сауыттардың жасалу технологиясы....................................49

8 – ші. Дәріс : Пластмассадан жасанды

сауыт және әрленген сауыт жасау

технологиясы........................................................................................56

Тест сұрақтары.....................................................................................62

Қолданылған оқулықтар......................................................................70





Каталог: irbis64r 11 -> books -> %D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> %D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Физиотерапия
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қаз мма жоғары және жоо-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім беру оқу-әдістемелік секциясы
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Жаугашева с. К. Пивень л. И. Асмагамбетова м. Т. Дилдабекова г. Т. Дилдабекова н. Т. Фармакология бойынша та
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы м. Р. Беймбетова жыныстық жолмен жұҒатын аурулар
%D0%AD%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%B0%D1%8F %D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA%D0%B0 %D0%9F%D0%91%D0%94 -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы ж. А. Бейсенбекова; Д. Ж. Тайжанова
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> КӘсіби аурулар бойынша дәрістер курсы (ОҚУ-Әдістемелік қҰралы )
%D0%9C%D0%B5%D1%82. %D0%BF%D0%BE%D1%81%D0%BE %D0%B2%D1%8B%D0%BF%D1%83%D1%89%D0%B5%D0%BD -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы баймұхамбетов М. А. Медешова А. Т. Фармакогнозия пәні бойынша таңдамалы дәрістер жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет