Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы


-1-тарау. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысуы



бет3/3
Дата02.05.2016
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3

3-1-тарау. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысуы

       Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      39-1-бап. Азаматтардың жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға
                 қатысуының негiздерi

      Қазақстан Республикасының азаматын жергiлiктi қоғамдастық мүшесi деп тануға жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шекарасының аумағындағы тұрғылықты жерi бойынша оны тiркеу фактiсi негiз болып табылады.


      Қазақстан Республикасы азаматтарының жергiлiктi қоғамдастық мүшелiгiне кiруiнiң осы бапта көзделген негiздерден басқа, қандай да бiр өзге де шарттарының белгiленуiне жол берiлмейдi.
      Жергiлiктi қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын жерi бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы Заңда немесе халықаралық шартта белгiленген шектерде жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.

      39-2-бап. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары


                 мен мiндеттерi

      1. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң:


      1) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, саяси партияларға және қоғамдық бiрлестiктерге тиесiлiгiне қарамастан тiкелей, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сайланбалы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға;
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi қоғамдастық мүшесiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берiлмейдi және сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
      2. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
      2) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;
      3) мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге мiндеттi.

      39-3-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы (жиыны)

      1. Тiкелей өз еркiн бiлдiру жолымен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешу үшiн жергiлiктi қоғамдастықтың жиналыстары (жиындары) өткiзiлуi мүмкiн.
      2. Жиналыстар (жиындар) өткiзу және шешiмдер қабылдау тәртiбiн облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттар айқындайды.
      3. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) қабылданған шешiмдер жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жiберiлуi мүмкiн.

      39-4-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының


                 мiндеттерi

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:


      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
      2) жалпымемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа, оның iшiнде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      3) бiрыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы мен дамуына кедергi келтiретiн шешiмдердiң қабылдануына жол бермеуге;
      4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      5) қызметтiң қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпымемлекеттiк стандарттарды сақтауға;
      6) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      7) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық пен ашықтық, қоғамдық пiкiрдi ескеру принциптерiн ұстануға, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қатысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      8) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуге қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

      39-5-бап. Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi


                 басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы

      1. Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығын жүзеге асыруына жәрдемдеседi.


      2. Мемлекет осы Заңда белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне кепiлдiк бередi.

      39-6-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының


                 жауаптылығы

      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергiлiктi қоғамдастық халқының алдында жауапты болады.



4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      40-бап. Жергiлiктi бюджет

      Ескерту. 40-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      41-бап. Осы Заңның өзге заң актiлерiмен арақатынасы


               және оның ережелерiн iске асыру тәртiбi

      1. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды қамтамасыз етудiң жекелеген бағыттары мен тетiктерiн регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау үшiн негiз болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және осы Заң күшiне енген күннен бастап бiр жылдың iшiнде оған сәйкес келтiрiлуге тиiс.
       Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет