Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы


Жауапты мемлекеттiк және өзге органдар



бет3/5
Дата28.04.2016
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5

4.4. Жауапты мемлекеттiк және өзге органдар

      Бағдарламаны iске асыру үшiн мынадай органдардың: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Бәсекелестiктi қорғау агенттiгiнiң, ОҚО, БҚО, ШҚО, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстары, Алматы және Астана қалалары әкiмдiктерiнiң, «Қазақстанның ФармМедИндустрия» ЗТБ қауымдастығының, сондай-ақ Бiрыңғай дистрибьютор («СК-Фармация» ЖШС) жәрдемдесуi қажет.



5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi

5.1. Проблемаларды шешу жөнiндегi жұмыстардың негiзгi бағыттары

       Бұрын анықталған проблемаларды шешумен байланысты Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту бойынша жұмыстардың негiзгi бағыттары мыналар:


      1) нарығымен отандық фармацевтикалық және медициналық өнiмдердi тұрақты өткiзу қамтамасыз ету;
      2) саланы бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
      3) нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру;
      4) сауда саясаты;
      5) Бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары.

5.2. Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу құралдары мен тетiктерiнiң тiзбесi

       1-бағыт. Фармацевтикалық өнеркәсiп өнiмдерiн тұрақты өткiзу нарығымен қамтамасыз ету


      Отандық фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытудың бағыттары мыналарды қамтиды:
      отандық өндiрушiлерден медициналық мақсаттағы дәрiлiк заттар мен ММБ мемлекеттiк сатып алуды Бiрыңғай дистрибьютор арқылы 7 жылға дейiн ұзақ мерзiмдi шарттар жасау, ол осы саладағы өткiзу мәселесiн шешедi. Мемлекеттiк сатып алуға ұзақ мерзiмдi шарттар өндiрiстi жаңғырту (GMP талаптарына сәйкес), сондай-ақ шетелдiк әрiптестер тарапынан өнiмдiлiктi көтеру және/немесе технологиялар трансфертiн қамтамасыз етуде инвестицияларды жүзеге асырудың мiндеттi шарттарымен кәсiпорындарға берiлетiн болады;
      отандық өндiрушiлерден медициналық техниканы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру.
      Сыртқы экономикалық қызметiмен байланысты кәсiпорындардың шығыстарын өтеу жолымен экспорт үлесiн арттыру («KAZNEX INVEST» АҚ):
      шетелдiк өкiлдiктердi, сауда нүктелерiн ашу, кеңсенi ұстап отыру жөнiндегi шығыстарға;
      өнiмдердi шетелде тiркеу және сертификаттау бойынша;
      шетелдегi өнiмдер бойынша;
      шетелдегi тауардың брендингi және жарнамасыға;
      мамандандырылған көрмелерге қатысуға (алаңдарды жалға алу, тiркеу жарнасы).

      2-бағыт. Саланы бiлiктi кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету


      Кәсiпорындарда мамандарды оқыту:
      шетелдiк мамандарды тарта отырып, Қазақстан Республикасында жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен «жұмыс орындарында» бағдарламасын оқытатын «көшпелi мектеп» аясында фармацевтика өнеркәсiбiнiң 2012 - 2014 жылдары GMP стандарттарына сәйкес оқыту;
      2012 - 2014 жылдары фармацевтикалық кәсiпорындары өндiрiстерiнiң меңгерушiлерiн шетелде Үндiстанда немесе Батыс Еуропа елдерiнiң бiрiнде (Германия, Чехия немесе Польша) тағылымдамадан өткiзу.

       3-бағыт. Нормативтiк-құқықтық базаны жетiлдiру


      әкiмшiлiк кедергiлердi алып тастау:
      тегiн медициналық көмек көрсетудiң кепiлдi көлемiнiң шеңберiнде медициналық ұйымдардың дәрi-дәрмек формулярларының басымдықтарын қайта қарау: пациенттердiң шектеулi тобын қымбат тұратын емдеудiң орнына дәлелдi медицина деректерiнiң болмауынан дәрiлiк заттарды сатып алуды азайту арқылы жалпыға бiрдей және тиiмдi емдеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ препараттарды баламалы (топпен) алмастыру және отандық дженериктерге ауысу жүйесiн енгiзу;
      отандық өндiрушiлерге отандық өндiрушiлердiң дженериктi препараттарының тiркеу мерзiмiн қысқарту үшiн уәкiлеттi органның шешiмi бойынша дженериктi дәрiлiк препараттарды, ММБ мен медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеудiң жеңiлдетiлген рәсiмдерiн өткiзу нысанында преференцияларды беру.
      тiкелей инвестицияларға тартымды жағдай жасау:
      дәрiлiк заттарды өндiрушi кәсiпорындардың халықаралық стандартты (GMP) енгiзу бойынша жұмсаған шығындары, КПС бойынша салық салынатын базадан шығару коэффициентiн 150%-ға арттыру бөлiгiнде салық заңнамасына өзгерiстер енгiзу арқылы.

      4-бағыт. Сауда саясаты


      Кеден одағы шеңберiнде:
      Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн дәрiлiк құралдарға, медициналық жабдықтарға, ММБ арналған және медициналық жабдықтау, қосалқы станциялар, сондай-ақ дәрiлiк құралдарды жасауға арналған басқа да қосалқы заттарды шығаратын өндiрушiлер үшiн жабдықтаушы бөлшектердi әкелу жөнiндегi заңнамалық базаны Еуропалық Одақпен ұқсас үйлестiру жүргiзiледi;
      2014 жылдан бастап халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн дәрiлiк құралдарды отандық өндiрушiлердiң препараттарды тiркеу куәлiктерiн өзара тану қамтамасыз етiлетiн болады.

      5-бағыт. Бағдарламаны iске асырудың жобалық шаралары


      Отандық фармацевтикалық өнеркәсiптiң алдына қойған мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн Үдемелi индустриялық-инновациялық даму жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасымен мынадай инвестициялық жобаларды iске асыратын болады:
      пысықталған жобалар
      1) Астана қаласында - жылына 1000 млн. дана таблетка, капсула, драже антибиотик - жылына 30 млн. дана шығаратын GMP стандарттарына сәйкес «Химфарм» АҚ жаңа зауытын салу;
      2) Шымкент қаласындағы инфузиондық ерiтiндi - жылына 7 млн. дана, ампула - жылына 300 млн. дана шығаратын GMP стандарттарына сәйкес «Химфарм» АҚ зауытын кеңейту;
      3) Алматы қаласында GMP стандарттарына сәйкес қолданыстағы өндiрiстiк қуаттылықтарды жаңғырту жөнiндегi бiрiншi инвестициялық жобаны, сондай-ақ аумағында - 58 млн. дана таблетка, - 16 млн. дана капсула, - 1 млн. дана суспензия, - 1 млн. дана жақпа майлары дәрiлiк заттар шығаратын «Нобел АФФ» АҚ қосымша цехтар салу және пайдалануға берудi iске асыруын;
      4) Алматы қаласында GMP стандарттарына сәйкес зарарсыздандырылған және зарарсыздандырылмаған дәрiлiк заттар - 700 млн. дана таблетка, - 100 млн. дана капсула, - 20 млн. дана суспензия және сироп, - 180 млн. зарарсыздандырылған шығаратын «Нобел АФФ» АҚ-ны салу жөнiндегi екiншi инвестициялық жобаның құрылысы;
      5) Алматы облысында GMP стандарттарына сәйкес - 150 млн. дана таблетка, - 19 млн. дана капсула, - 2 млн. дана инъекциялық нысандар шығаратын «Глобал Нью Лайф» ЖШС толық циклдi фармацевтикалық зауыт салу;
      6) Семей қаласында GMP стандарттарына сәйкес «Ромат» ФК Семей медициналық препараттар зауытын қайта жаңарту: инфузиялық ерiтiндiлер  - 3 млн. дана, инъекциялық ерiтiндi - 1,2 млн. дана, ұнтақ - 43 мың дана;
      7) Павлодар қаласында GMP стандарттарына сәйкес «Павлодар фармацевтика зауыты» ЖШС жаңа зауытын салу: таблетка - 147 млн. дана, капсулалар - 3 млн. дана, жақпа майлар - жылына 13 мың дана;
      8) Павлодар қаласында GMP стандарттарына сәйкес «Ромат» компаниясының Медициналық зауытын қайта жаңарту және салу, шприцтер - 150 млн. дана, қауiпсiз пайдаға асыруға арналған контейнерлер - жылына 2 млн. дана;
      9) Алматы облысында GMP стандарттарына сәйкес «Алтомед» («Көпберген») ЖШС инфузиялық ерiтiндiлерге арналған бiр реттiк пайдаланылатын жүйе - жылына 16 млн. дана инфузиялық ерiтiндiлерге арналған бiр реттiк системалар шығару зауытын салу;
      10) Ақтөбе қаласында «Ақтөберентген» АҚ-ның медицина зауытын жаңғырту: медициналық техника - жылына 350 дана;
      11) ТМККК шеңберiнде зарарсыздандырылған ерiтiндiлер мен капсулалар шығаратын GMP стандарттарына сәйкес «Қарағанды фармацевтика кешенi» ЖШС өндiрiстi жаңғырту: зарарсыздандырылған нысандар - жылына 1 млн. дана, капсула - жылына 2 млн. дана;
      12) Атырау облысында «Brando» ЖШС жылына 150 млн. дана медициналық шприц шығаратын зауыт салу;
      13) Маңғыстау облысында - жылына 3 млн. дана инфузиялық ерiтiндi шығаратын «Медикал Фарм «Ча-Кур» ЖШС сұйық дәрiлiк нысандар өндiрiсiн iске асыру;
      14) Батыс Қазақстан облысында «Licorise Kazakhstan» ЖШС, «Фоняков» ЖК Мия тамырын қайта өңдеу цехын ұйымдастыру;
      15) Алматы қаласында - жылына 600 мың жиынтық концентрациялық ерiтiндiнi өндiретiн «Бирунифарм» ЖШС зауытын салу;
      тауаша жобалар:
      1) Алматы қаласында - жылына 4,5 млн. дана полимерлiк материалдардан жасалған бiр реттiк медициналық бұйым шығаратын зауыт салу;
      2) Алматы облысында инфузиялық ерiтiндiлер, таблеткалар, капсулалар, сироптар шығаратын зауыт салу;
      3) Алматы қаласында - жылына 15 млн. дана көзге, құлаққа арналған тамшылар, спрей қолданыстағы өндiрiстi жаңарту.

5.3. Бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесi

      Елiмiздегi фармацевтикалық өндiрiстi индустриялық-инновациялық дамуын қолдау жөнiндегi ұсынылатын мемлекеттiк шаралардың сапасы мен тиiмдiлiгi айтарлық дәрежеде аталған Бағдарламаны iске асыруда бизнес өкiлдерiнiң мүдделiлiгi мен белсендiлiгiне байланысты.


      Осының негiзiнде, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекет қабылдаған шешiмдерi, олардың тиiмдiлiгi, фармацевтикалық және медициналық өндiрiс өкiлдерiнiң қажеттiлiк баламалары бойынша кәсiпкерлердiң пiкiрiн есепке алу үшiн, сондай-ақ Бағдарламаны iске асыру барысында туындайтын проблемалар бойынша қазiргi заманғы түзету iс-қимылдарын қабылдау үшiн бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесiн қамтамасыз ету шараларын қабылдайтын болады.
      Бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесiн қамтамасыз ету үшiн мынадай шаралар қабылданатын болады:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң сайтында барлық мүдделi тараптардың өтiнiш беруi үшiн үнемi өңделiп отыратын онлайн-портал ашылатын болады;
      саланы дамытудың және ол бойынша шешiмдер әзiрлеудiң проблемалары мен перспективаларын зерделеуге байланысты салалық жұмыс тобының конференциялары, кездесулерi мен отырыстары тұрақты түрде өткiзiлетiн болады;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң қызметкерлерi Бағдарламаның әлеуеттi және қазiргi қатысушыларымен тiкелей телефон және электронды пошта арқылы байланысатын болады;
      бизнес пен билiк өкiлдерiнiң қатысуымен саланы дамыту проблемалары мен перспективаларына арналған телевизиялық бағдарламалар тұрақты түрде жүргiзiлетiн болады;
      бизнес өкiлдерi саланы дамытуда кездесетiн проблемалар, ұсыныстар мен пайымдарын, сондай-ақ ұсынылған жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру, жаңа технологияларды енгiзу жобалары туралы ақпаратты көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң поштасына хат жiбере алады.

6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Инвестициялық жобаларды iске асыру осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес кәсiпкерлердiң меншiктi және қарыз қаражатты есебiнен жүзеге асырылатын болады.



7. Фармацевтикалық өнеркәсiптi дамыту жөнiндегi 2010 - 2014
жылдар кезеңiне арналған iс-шаралар жоспары


р/с

Iс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзiмi

Болжамды шығыстар (млн. тт., жылдар)

Қаржыландыру көзi

2010

2011

2012

2013

2014

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.1

GMP стандарттарына сәйкес Бiрыңғай дистрибьютор арқылы 7 жылға дейiнгi мерзiммен отандық өндiрушiлерден дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды мемлекеттiк сатып алу

Шарттар жасау

Бiрыңғай дистрибьютор («СК- Фармация» ЖШС), ДСМ, ИЖТМ

2010 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.2

Отандық өндiрушiлерден медициналық техниканы мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру

Үкiметке аппарат

ДСМ

2011 жыл ғы шiл де

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.3

Фармацевтикалық кәсiпорындарда GMP стандарттарын енгiзу

Үкiметке ақпарат

ДСМ, ИЖТМ

2014 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.4

Фармацевтикалық кәсiпорындардың мамандарын GMP стандарттарына сәйкес оқыту

Үкiметке ақпарат

Кәсiпорындар, ИЖТМ

2012-2014 жылдар

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.5

Фармацевтикалық кәсiпорындардың өндiрiс меңгерушiлерiн GMP стандарттары бойынша оқыту (шетелдердегi тағылымдама)

Үкiметке ақпарат

Кәсiпорындар, ИЖТМ

2012-2014 жылдар

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.6

Тегiн медициналық көмектiк кепiлдiктi көлемiнiң шеңберiнде медициналық ұйымдардың дәрi-дәрмек формулярларының басымдықтарын қайта қарау: пациенттердiң шектеулi тобын қымбат тұратын емдеудiн орнына дәлелдi медицина деректерiнiң болмауынан дәрiлiк құралдарды сатып алуды азайту арқылы жалпыға бiрдей және тиiмдi емдеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ препараттарды баламалы (топтық) алмастыру және отандық дженериктерге ауысу жүйесiн енгiзу

ДСМ бұйрығы

ДСМ

2011 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.7

Отандық өндiрушiлерге отандық өңдiрушiлердiң дженерик препараттарын тiркеу мерзiмiн қысқарту үшiн уәкiлеттi органның шешiмi бойынша дженерик дәрiлiк препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттiк тiркеудiң жеделдетiлген рәсiмiн өткiзу нысанында преферениялар беру

ДСМ бұйрығы

ДСМ

2010 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.8

Салық заңнамасына дәрiлiк заттарды өндiрушi кәсiпорын GMP халықаралық стандартын енгiзу бойынша шепкен шығыстарға корпоративттiк табыс салығы бойынша салық салынатын базадан шегерiп тастау коэффициентiн 150%-ға арттыру бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу

Заңнама жобасының тұжырымдамасын ВАК-ка енгiзу

Қаржыминi

2010-2011 жылдар

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.9

Қазақстан Республикасында шығарылатын дәрiлiк құралдарға, медициналық мақсаттағы бұйымдарға және медициналық техникаға арналған және медициналық техниканы, қосалқы станцияларды, сондай-ақ дәрiлiк заттарды жасауға арналған басқа да қосалқы заттарды шығаратын өндiрушiлер үшiн жабдықтаушы бөлшектердi әкелу жөнiндегi заңнамалық базаны Еуропалық Одақпен ұқсас үйлестiру

ИЖТМ-не ұсыныс

ДСМ, ЭДСМ

2011 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.10

Отандық GMP талаптарына сәйкес келетiн дәрiлiк заттарды өндiрушiлердiң тiркеу куәлiктерiн өзара тануды қамтамасыз ету

ИЖТМ-не ақпарат

ДСМ, ЭДСМ

2014 жыл

-

-

-

-

-

-

Талап етiлмейдi

1.11

Инвестиииялық жобаларды iске асыру

Фармацевтика кәсiпорындары зауыттарды жаңғырту мен жаналарын салуды қарыз және меншiктi қаражат есебiнен жүргiзедi

ИЖТМ

2010 -2014 жылдар

-

-

-

-

-

33 810,7

Меншiктi және қарыз қаражаты

Ескертпе: * - қаржыландырудың болжамды сомасын жылдар бойынша бөлу нақтыланатын болады.

Қазақстан Республикасының фармацевтика   


өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 
жылдарға арналған бағдарламаға 1-қосымша 

Сала өнiмiнiң негiзгi түрлерiн өндiру, тұтыну, экспорттау,
импорттау болжамы

Дәрiлiк заттар бойынша

Көрсеткiш

Өлшем бiрл.

Жыл

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Өндiру

Млн. дана

122

162

180

170

205

242

292

350

Экспорт

Млн. дана

12

17

10

15

20

29

41

52

Импорт

Млн. дана

389

372

357

321

315

295

294

298

Iшкi нарықтағы көрiнетiн тұтыну

Млн. дана %

499

517

527

476

500

508

545

596

Өндiрiстегi экспорттың үлесi (заттай мәнде)

%

10%

11%

6%

9%

10%

12%

14%

15%

Iшкi нарықта тұтынудағы импорттың үлесi

%

78%

72%

68%

67%

63%

58%

54%

50%

Медициналық мақсаттағы бұйымдар

Көрсеткiш

Өлшем бiрл.

Жыл

2007

2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Өндiру

Млн. дана

15

14

29

34

52

98

120

167

Экспорт

Млн. дана

0

0

0

0

0

1

3

5

Импорт

Млн. дана

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Iшкi нарықтағы көрiнетiн тұтыну

Млн. дана

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Өндiрiстегi экспорттың үлесi (заттай мәнде)

%

0%

0%

0%

0%

0%

1%

2%

3%

Iшкi нарықта тұтынудағы импорттың үлесi

%

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

жоқ

Каталог: uploads -> files -> gos -> kaz
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
kaz -> Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет