Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы


Бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесi



бет5/6
Дата25.04.2016
өлшемі1.08 Mb.
1   2   3   4   5   6

3. Бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесi

      Елiмiздiң химия өнеркәсiбiн индустриялық-инновациялық дамуын қолдау жөнiндегi ұсынылған мемлекеттiк iс-шаралардың сапасы мен тиiмдiлiгi айтарлықтай деңгейде бизнес өкiлдерiнiң аталған бағдарламаның iске асуына қызығушылығы мен белсендiлiгiне байланысты болады.


      Осыны назарда ұстай отырып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi тарапынан бизнес өкiлдерiмен қайта байланыс жүйесiн қамтамасыз ету шаралары қолданылатын болады. Олар бойынша мемлекеттiң атқарып жатқан шараларының тиiмдiлiгiн, химия кәсiпорындарының қажеттiлiктерiне сәйкестiгi жөнiнде кәсiпкерлердiң ойларын бiлiп отыруға және жобаларды iске асыру барысында пайда болатын түйткiлдерге дер кезiнде түзету әрекеттерiн жасай алу үшiн жасалып отыр.
      Бизнес өкiлдерiмен қайта байланысты қамтамасыз ету үшiн мынадай шаралар қолданылады:
      химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi конференциялар, кездесулер мен химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi жұмыс тобының саланы дамытудың мәселелерi мен даму перспективаларын және олар жөнiнен шешiмдер шығару мақсатында өткiзiлетiн отырыстары;
      Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi тарапынан бағдарламаның әлеуетiн және жұмыс iстеп тұрған қатысушыларымен тiкелей, телефонмен, электронды пошта арқылы байланыс орнатылады.
      теледидардан тұрақты негiзде саланың мәселелерi мен дамуына байланысты, бизнес пен билiк өкiлдерiнiң қатысуымен телевизиялық бағдарламалар өткiзiлетiн болады;
      бизнес өкiлдерi Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң поштасына өздерiнiң қиындықтарын, ұсыныстары мен саланың даму перспективаларын қалай көретiндiктерi туралы хаттар жазып, ұсынылған жобалар бойынша жаңа өндiрiстер ашу мен жаңа технологиялар енгiзу жөнiнде ақпаратпен алмаса алады.

6. Қажеттi ресурстар мен оларды қаржыландыру көздерi

1. Бағдарламаны қаржыландыру көздерi мен көлемi

      Бағдарламаны iске асыруға 2010 - 2014 жылдары меншiктi және қарыз қаражаты, сондай-ақ бекiтiлген республикалық бюджет шеңберiндегi қаражат бағытталатын болады.



2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздерi мен көлемi

      2010 - 2014 жылдарға арналған химия өнеркәсiбiнiң инвестициялық жобаларына арналған құралдарға жалпы қажеттiлiк шамамен алғанда 1050 млрд. теңгенi құрайды (осы бағдарламаның 1, 2-қосымшалары бойынша).


      ұлттық институттардың инвестициялары - 603 млн. теңге;
      жеке қарыз құралдар.

7. Қазақстан Республикасының химия өнеркәсiбiн дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары



Iс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауапты

Атқарылу мерзiмi

Болжанатын шығындар млн. теңге

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1. Экономикалық тиiмдi және экологиялық қауiпсiз жаңа химиялық өндiрiстер құру

1

«Көк-Жон» және «Гиммельфарбск» кен орындарының негiзiнде минералды тыңайтқыштар өндiретiн зауыттың құрылысы жобасын iске асыруды мемлекеттiк қолдау бойынша ұсыныстар дайындау және енгiзу

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

ИЖТМ, Қаржыминi, ЭДСМ, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ, (келiсiм бойынша) «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС (келiсiм бойынша)

2012 ж. I тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

2

Iрi инвестициялық жобалар үшiн импорттық құрал-жабдықтар мен олардың жинақтаушыларына кедендiк баждар салудан босату жөнiндегi ұсыныстарды дайындау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

ИЖТМ, Қаржыминi

2011-2014 ж.ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

2. Химиялық өнiмдердiң экспорттық әлеуетiн арттыру

1

9 техникалық регламенттi енгiзу

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы

ИЖТМ

2010-2011 ж.ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

2

225 мемлекеттiк стандартты әзiрлеу

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2010-2011 ж.ж. IV тоқсаны

Тиiстi жылдар бойынша республикалық бюджеттiң шеңберiнде

Республикалық бюджет

3

225 мемлекеттiк стандартты енгiзу

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ

2010-2011 ж.ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

4

Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласында Қазақстан Республикасының Заңнама талаптарына химиялық өнiмдердiң сәйкестiгiн айқындауға зертхана құру ұсынысын дайындау

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

ИЖТМ

2011 ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

5

Химиялық экспорттаушы компаниялардың халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу бойынша шығыстарын өтеуi (расталған шығыстардан алынады, бiрақ бiр өтiнiм берушiге бекiтiлген ең жоғары шектерден аспайды)

Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2011-2014 ж.ж. IV тоқсаны

Тиiстi жылдар бойынша республикалық бюджеттiң шеңберiнде

Республикалық бюджет

6

Еуроодақ елдерi аумағында 2011-2018 жылдар кезеңiнде сары фосфор тасу үшiн цистерналардың жүруiне арнайы рұқсат алу сұрағын шешу

Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, ККМ

2012 ж. I тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

3. Өнiмдердi iшкi нарықтағы өткiзу көлемдерiн ұлғайту

1

Жаңа қуаттарды енгiзе отырып, субсидияланатын минералдық тыңайтқыштардың және отандық өндiрiстiң агрохимиялық өнiмiнiң әралуандығын кеңейту.

АШМ ұсыныс

ИЖТМ

2014 ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi.

Қажет етiлмейдi.

4. Кәсiпорындардың инновациялық белсендiлiгiн арттыру, жоғары тиiмдiлiктi технологиялардың өндiрiсiне ғылыми әлеуеттi тарту тетiктерiн жетiлдiру

1

Химия өнеркәсiбiнiң басым өнiмдерi бойынша тәжiрибелiк-консрукторлық жұмыстар енгiзуге гранттар бөлу

Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ

2011-2014 ж.ж. IV тоқсаны

Тиiстi жылдар бойынша республикалық бюджеттiң шеңберiнде

Республикалық бюджет

2

Жетекшi шетелдiк бiр компаниямен бiрлесiп химия өнеркәсiбiнде арнайы мамандандырылған инжинирингтiк компания құру бойынша ұсыныс дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құру

Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИЖТМ, Қаржыминi

2011 ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

5. Кадрлық саясат

1

Химия өнеркәсiбi бойынша техникалық және кәсiптiлiк бiлiм берумен кадрлар дярларуды дамыту жөнiндегi салалық кеңес құру

Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат

ИЖТМ, БҒМ, Еңбекминi, облыстармен қалалардың әкiмдерi, кәсiпорындар (келiсiм бойынша)

2011 ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

2

Кәсiби стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастыру

Еңбекминi, БҒМ ақпарат

Жұмыс берушiлер қауымдастығы, ИЖТМ, Еңбекминi, БҒМ

2011-2014 ж.ж. IV тоқсаны

Қажет етiлмейдi

Қажет етiлмейдi

3

Тараз қаласында 600 орындық кәсiптiк лицей құрлысы

Қазақстан Республикасы Үкiметiне ақпарат

БҒМ ИЖТМ, Жамбыл облысы әкiмдiгi

2013 ж. IV тоқсаны

291,448

Республикалық бюджет

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ИЖТМ             - Индустрия және жаңа технологиялар


                         министрлiгi
      Қаржыминi        - Қаржы министрлiгi
      ЭДСМ             - Экономикалық даму және сауда министрлiгi
      БҒМ              - Бiлiм және ғылым министрлiгi
      Еңбекминi        - Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
                         министрлiгi
      АШМ              - Ауыл шаруашылығы министрлiгi
      ҰӘҚ              - Ұлттық әл-ауқат қоры
      ЖШС              - Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк
      АҚ               - Акционерлiк қоғам

Қазақстан Республикасының


химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi
2010-2014 жылдарға арналған
бағдарламаға
1-қосымша

Республикалық маңызы бар инвестициялық жобалар



Жоба атауы

Жоба бойынша iс-шаралар

Жоба мақсаты

Жобаның ТЭН және ҚЭН болуы, қай сатыда

Өңiрлiк орналасуы

Жобаның iске асырылу басы

Iске асырылу мерзiмдерi

Жауапты орындаушы

Инвестициялар көлемi, млн. теңге

Инвестициялар көздерi

 
 


Пысықталған жобалар

1

Хлор-негiздiк өнiмдер өндiрiсi «Каустик» АҚ

Пайдалануға беру

Каустикалық сода - 30 мың тонна; Тұз қышқылы - 45 мың тонна; Хлор - 9,6 мың тонна; Натрий гипохлоритi - 6,6 мың тонна

ҚЭН, ТЭН-бекiтiлдi

Павлодар  қаласы

2008 ж.

2010 жылғы желтоқсан

Павлодар облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

13 500

Жеке және қарыз құралдары

2

Күкiрт қышқылы зауытын қайта құрылымдау «Қазатомөнеркәсiбi» ЖШС

Қайта жаңғырту жөнiндегi жұмыстар, пайдалануға беру

Күкiрт қышқылы - 180 мың. тонна

ҚЭН, ТЭН-бекiтiлдi

Ақмола облысы

2009 ж.

2011 ж.

Ақмола облысының әкiмдiгi, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ, ИЖТМ

10 400

Жеке және қарыз құралдары

Перспективтi жобалар

3

«Көк-Жон» және «Гиммель фарбок» кенiштерiнiң негiзiнде минералдық тыңайтқыштар шығаратын зауыт салу, «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Бiрiккен химиялық компания» ЖШС капиталдандыру үшiн «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржыландыруы

МАФ - 400 мың тонна, кешендi тыңайтқыштар - 400 мың тонна, карбамид - 600 мың тонна

ҚЭН, ТЭН-жасалу үстiнде

Жамбыл облысы

2012 ж.

толық қуатына шығу - 2016 ж.

Жамбыл облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

359 503,5

Жеке және қарыз құралдары

Жеке және қарыз құралдары

4

Кен-байыту фабрикасын қайта құрылымдау, «Химфос» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Фабриканы қайта жаңғырту

Фосфор концектраты - 2 млн. тонна

ҚЭН, ТЭН-бекiтiлдi

Жамбыл облысы

2011 ж.

2013 ж.

Жамбыл облысының әкiмдiгi, "Самырұқ-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, ИЖТМ

37 750

Жеке және қарыз құралдары

5

Кен-байыту фабрикасы базасында күкiрт қышқылы цехының құрылысы, «Қазфосфат» ЖШС

Цехты жобалаумен салу

Күкiрт қышқылы - 650 мың тонна

ҚЭН, ТЭН-бекiтiлдi

Жамбыл облысы

2011 ж.

2013 ж.

Жамбыл облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

 
 


Жеке және қарыз құралдары

6

Аммиакты-карбамид кешенiнiң құрылысы, «Каспий азот» ЖШС

Аммиакты-карбамид кешенiнiң құрылысының жұмыс жобасын жасау

Карбамид - 850 мың тонна; аммиак - 527 мың тонна

ҚЭН, ТЭН жасалынды

Маңғыстау облысы

2011 ж.

2014 ж.

Маңғыстау облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

97 500

Жеке және қарыз құралдары

7

Шилiсай кенiшiнiң негiзiнде фосфор ұнын шығаратын өндiрiстi ұйымдастыру, «Темiр Сервис ЛТД» ЖШС

Пайдалануға беру

Фосфор ұны - 282 мың тонна

ҚЭН, ТЭН жасалынды

Ақтөбе облысы

2010 ж.

2011 ж.

Ақтөбе облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

17 250

Жеке құралдар

8

Аммофос өндiретiн зауыт салу, «Shilisai Chemicals» ЖШС

Құрылыс жұмыс жобасын жасау

МАФ/ДАФ-880 мың тонна

ҚЭН, ТЭН жасалу үстiнде

Ақтөбе облысы

2010 ж.

2014 ж.

Ақтөбе облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

266 000

Жеке және қарыз құралдары

9

Үшбас және Герес кенiштерiнiң негiзiнде моноаммоний мен диаммонийфосфат өндiру, «Үшгер» АҚ, «Қазақстан минералдық ресурстары» ЖШС, «Оңтүстiк» ӘКК» ҰК» АҚ

ТЭН жасау, ЖСҚ, ЖСҚ, құрылыс монтаж жұмыстары

МАФ/ДАФ-1 млн. тонна

ҚЭН, ТЭН-жасалынды

Оңтүстiк Қазақстан облысы

2011 ж.

2015 ж.

Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгi, ИЖТМ, "Оңтүстiк" ӘКК" ҰК" АҚ

157 500

Жеке және қарыз құралдары

10

Күкiрт қышқылын шығаратын зауыт құрылысы, «СКЗ-U» ЖШС

ТЭН жасау, ЖСҚ, ЖСҚ, құрылыс-монтаж жұмыстары

Күкiрт қышқылы-500 мың тонна

ҚЭН, ТЭН-жасалу үстiнде

Қызылорда облысы

2013 ж.

2015 ж.

Қызылорда облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

32 497,32

Жеке және қарыз құралдары

«Тауаша» жобалар

11

Шалқар және Жилян кенiштерiнiң негiзiнде калий тыңайтқыштарын өндiретiн зауыт құрылысы

ТЭН жасау және инвесторларды тарту

Калийлы тыңайтқыштар-800 мың тонна

ҚЭН, ТЭН-жоқ

Ақтөбе облысы

2010 ж.

2017 ж.

Ақтөбе облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

Нақтыланатын болады

Нақтыланатын болады

12

Кальцинирленген сода шығыратын зауыт құрылысы

ТЭН жасау

Кальцинирленген сода - 400 мың тонна

ҚЭН, ТЭН- жоқ

Павлодар облысы

2010 ж.

2014 ж.

Павлодар облысының әкiмдiгi, ИЖТМ

Нақтыланатын болады

Нақтыланатын болады

      Ескертпе аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ҚЭН             - Қаржы-экономикалық негiздеме


      ТЭН             - Техникалық-экономикалық негiздеме
      АҚ              - Акционерлiк қоғам
      ИЖТМ            - Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
      ҰӘҚ             - Ұлттық әл-ауқат қоры
      МАФ             - Моноаммонийфосфат
      ДАФ             - Диаммонийфосфат
      ЖСҚ             - Жобалау-сметалық кұжаттама
      ТРК             - Тау-рудалық компания
      ӘКК             - Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорация
      ҰК              - Ұлттық компания

Қазақстан Республикасының


химия өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi
2010-2014 жылдарға арналған
бағдарламаға
2-қосымша

Каталог: uploads -> files -> gos -> kaz
files -> ХҮ-ХҮІ ҒасырлардағЫ ҚЫРҒыз-қазақ халықтарының арасындағы саяси және этникалық байланыстар е. С. Альчикенов
kaz -> Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасындағы қазақстандық қамтуды дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
kaz -> Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi 2010 2014 жылдарға арналған бағдарлама туралы
kaz -> Жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет