Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Параграф. Мемлекеттік орман кадастры. Ормандардың экономикалық бағалануы



бет7/54
Дата28.04.2016
өлшемі6.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54

8. Параграф. Мемлекеттік орман кадастры. Ормандардың экономикалық бағалануы

      317. Орман орналастыру материалдары бойынша орман иеленушілер орман кадастры кітабын жүргізеді.


      Орман орналастыру жұмыстары кезінде бұл кітаптардың формалары мен тарауларының дұрыс толтырылуы тексеріліп, қажет болған жағдайда, орын алған ауытқулар көрсетіледі.
      318. Экономикалық бағалау өкілетті орган бекіткен әдістеме мен нормативтер бойынша жүргізіледі.
      Экономикалық бағалау нормативтері табиғи-экономикалық аймақтар мен МОҚ санаттары бойынша жасалады (мақсаты мен шаруашылық маңыздылығына байланысты).
      Бұл нормативтерде ормандардың саны мен сапасы (тұқымдық құрамы, жастық пен тауарлық құрылымы, өнімділігі), ормандардың табиғи пайдалы қасиеттері, аудандардың шаруашылық игерілуі мен орман учаскелерінің көлік үшін қолайлығы ескеріледі.
      319. Таксациялық телім алғашқы бағалау бірлігі болып табылады. Орман орналастыру объектіндегі орман қорының экономикалық бағалануы пайдалану түрлері бойынша келтіріледі.
      320. Экономикалық бағалаудың мәліметтері жобаланатын шараларды негіздеу мен тиімділігін болжау үшін қолданылады. Орман иеленушісі оларды тексеру кезеңі бойы орман қоры жерлерін қайтып алу үшін өтемақы  мөлшерін, жалға беру (алу) төлемін және орман заңдарын бұзу үшін айыппұл мөлшерін анықтауда қолданады.

3 Тарау. Өткен тексеру кезеңіндегі орман қорының динамикасы мен орман шаруашылық қызметін талдау

1. Параграф. Орман қорының динамикасын талдау

      321. Орман қорының динамикасы орман шаруашылық және ағаш дайындау қызметімен байланыста талданады (олардың орманға әсер ету деңгейін анықтау үшін).


      Талдау нәтижелері орман қоры динамикасындағы негативтік тенденцияларды жоюға және ормандардың экологиялық және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады және орман орналастыруды жобалаудағы приоритеттерді анықтаудың негізі ретінде қолданылады.
      322. Талдау осы және өткен орман орналастыру мәліметтерін салыстыру әдісімен жасалады. Орман қорының ұзақ кезеңдегі динамикасы туралы мәліметтер болған жағдайда, тапсырыс берушінің талабы бойынша сол кезеңге талдау жасалуы мүмкін. Ол бірінші орман орналастыру кеңесінің хаттамасына жазылады.
      Мыналар талданылады:
      1) орман қоры аудандарының МОҚ санаттары бойынша, ал олардың шегінде – жер түрлері бойынша бөлінуі;
      2) ормандардың тұқымдық құрамы мен ормандардың жастық құрылымы;
      3) басым тұқымдылар бойынша орташа таксациялық көрсеткіштер;
      4) ормандардың экологиялық жағдайы; орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының динамикасы; тұқымдылар бойынша жас сүрекдің тамырлық қоры; ормандардың кесілуі, өлуі және ұдайы өндірілуі араларындағы балансы (өткен тексеру кезеңіндегі).
      323. Көрсетілген өзгерістер бүтін орман орналастыру объекті бойынша салыстырылады.
      Объект шекараларының өзгеруі елеулі болған жағдайда – орманшылық немесе орманшылықтар тобы бойынша салыстырылады.
      Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында орман қорында болған өзгерістерге баға беріледі.
      Өзгерістердің себептері үш топқа бөлінеді:
      1) табиғи (табиғи апаттар, өсімі);
      2) орман шаруашылық қызметтің жүргізілуі, жүргізілмеуі, өнеркәсіп қалдықтарының орманға тигізетін әсері, рекреациялық жүктелім;
      3) объект ауданындағы кесу жастарының өзгеруіне байланысты өзгерістер.
      Өнеркәсіп қалдықтары мен басқа да зиянды заттардың орманға әсер ету дәрежесі көрсетіледі. Орман қорын мемлекеттік есепке алу түрлері бойынша орман орналастыру мәліметтері орман иеленушісінің орман орналастыру жылының орман кадастры кітабындағы мәліметтерімен салыстырылып, үйлеспеушіліктердің себептері анықталады.

2. Параграф. Орман шаруашылық қызметін талдау

      324. Орман шаруашылық қызметі орман шаруашылығын жүргізудің жақсы және жаман жақтарын (өткен тексеру кезеңіндегі) анықтап, оны жақсарту шараларын белгілеу мақсатында талданылады.


      Сонымен қатар, орман шаруашылық шараларын жүргізу әдісі мен технологиясы бағаланады және Негізгі қағидалар мен өткен орман орналастыру жобасынан ауытқудың себептері мен негізделуі көрсетіледі.
      Орман кесу ережелерін бұзушылықтар анықталады. Орман ресурстарын пайдалану толықтығы мен үнемділігі бағаланады.
      Сүрекдің шығыны аралап таксациялау нәтижелері бойынша анықталады.
      Нақты орындалған орман шаруашылық жұмыстардың көлемдері, оларды  өткен орман орналастырудағы орман орналастыру жобасына сәйкес орман қорындағы орналасуы салыстырылады. Ол үшін орман шаруашылық шаралар жүргізілген телімдердің таксациялық мәліметтері, табиғи жаңаруын, орман екпелерінің жағдайын, ормандардың экологиялық және санитарлық жағдайын тексеру нәтижелері, статистикалық есеп беру материалдары және басқа да мәліметтер қолданылады.
      Осы жұмыстардың соңында (нәтижесі ретінде) жобаланған және нақты орындалған орман шаруашылық шаралардың негізделуі мен тиімділігі бойынша қорытынды шығарылады, өткен орман орналастыру обасынан ауытқулардың себептері талданады және олардың орман қорының сапалық құрамымен құрылымы бағаланады.
      325. Жалпы қорытыдыда орман орналастыру объекті бойынша шаруашылық қызыметке жиынтық баға беріледі. Тиісті қорытындыларында атқарылған орман шаруашылық шаралары мен ағаш дайындау қызметінің негізгі таксациялық көрсеткіштеріне, ормандардың сапасына, өнімділігіне экологиялық және санитарлық жағдайына тигізетін әсері сипатталады.

4 Тарау. Орман орналастыруды жобалау

1. Параграф. Орман қоры иеленушілері үшін жобалау

      326. Орман қоры иеленушілері үшін орман шаруашылық шаралар Қазақстан Республикасының Орман кодексі талаптарына, Үкіметтің қаулылары мен шешімдеріне, басқа да директивтік құжаттар мен ережелерге сәйкес жобаланады.


      Жоба орман орналастыру жобасындағы түсіндірме жазбаның өкілетті органмен бекітілген бағдарламасына сәйкес, ал орман иеленушілері үшін – олардың тапсырысы бойынша және қосымша төлемге (келісім-шарттағы бағдарлама бойынша) жасалады.

2. Параграф. Ұйымдық-шаруашылық бірліктің құрылуы

      327. МОҚ санаттары мен орман құрушы тұқымдылар Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын жүргізудің негізі болып табылады. МОҚ санаттары белгіленген тәртіп бойынша (жеке аумақтардың мақсатын ескере отырып) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес анықталады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітіледі.



3. Параграф. Тұқымдылар топтары мен мақсатты тұқымдылар

      328. Басым тұқымдыларының ерекшеліктері мен өнімділігі және орман шаруашылығын жүргізу мақсаттары бойынша ағаш тұқымдылары 5 топқа топтасады:


      қылқан жапырақты, қатты жапырақты, жұмсақ жапырақты, сексеуілдіктер және басқалары.
      Әр топ ормандардың қорғаныш және басқа да пайдалы функцияларын тиімді атқаруын қамтамасыз ететін шаралар жүйесін іске асыру арқылы нақты бір мақсатты тұқымды өзіне сәйкес орман өсіру жағдайларында өсіруге бағытталады. Барлық бұталы тұқымдылар бұталар тобына біріктіріледі.
      329. Орман қорының тұқымдық құрамы орман шаруашылығын жүргізу мақсаттарына сәйкес келмеген жағдайда, құндылығы аз сүректерді мақсатты тұқымдылармен алмастыру шаралары қарастырылады.
      330. Орманмен қамтылмаған орманды жерлер орман өсіру жағдайлары бойынша болашақта ормандандырылатын мақсатты тұқымдыларға жатқызылады.

4. Параграф. Басты пайдаланудағы кесу жастарын белгілеу

      331. Басты пайдаланудағы кесу жастары кесу жұмыстары жүргізілетін МОҚ санаттары үшін белгіленеді. Басты пайдаланудан шығарылған ормандар үшін толысу жастары шартты түрде белгіленеді және олар барлық орман орналастыру құжаттарында кесу жастары болып алынады.


      332. Әр тұқым мен тұқымдылар тобы үшін кесу жастары олардың биологиялық ерекшеліктеріне, мақсатына және олардың табиғат қорғау, экономикалық, әлеуметтік функцияларына байланысты белгіленді.
      Орман пайдаланудың біркелкі болуын қамтамасыз ету үшін кесу жастары негізделген және тұрақты болады. Басты пайдаланудың кесу жастарын өзгерту немесе нақтылау қажеттілігі өкілетті органның ұсынысы бойынша орман орналастыру жұмыстарына дайындалу кезінде іске асырылады.
      Кесу жұмыстарын өзгерту қажеттілігінің негіздемесі дайындық жұмыстарын жүргізу қорытындылары жөніндегі хаттамаға енгізіледі. Кесу жастарын негіздеу ғылыми-зерттеу орман ұйымдарында жүргізіледі. Кесу жастарының өзгертілуі мен белгіленуін өкілетті орган бекітеді.
      333. Алқаағаштар жас топтарына басты пайдаланудағы белгіленген кесу жастары (немесе толысу жастары) мен жас кластарының ұзақтығына байланысты бөлінеді осы Ережеге 1-қосымшаның 14-кестесі.

5. Параграф. Орманды көп мақсатта пайдаланудағы жобалауды негізгі принциптері

      334. Ормандарды сарқылтпай, үздіксіз және тиімді пайдалана отырып, олардың қорғаныштық қасиеттерінің артуының толықтай сақталуын қамтамасыз ету орманшылықтың негізгі принциптері болып табылады.


      335. Орман қорында, оларды пайдаланудың мына түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
      1) ағаш сүректерін дайындау;
      2) ағаш сүректерін дайындау және шырындарын алу;
      3) қосалқы ағаш өнімдерін дайындау (қабақтарын, бұтақтарын, түбірлерін, жапырақтарын бүршіктерін);
      4) орманды қосымша пайдалану (шөп шабу, мал жаю, маралдарды бағу, аңшылық, бал ара шаруашылығы, бау бақшалық және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, дәрілік өсімдіктерді жинау және оларды техникалық шикізат ретінде пайдалану, жабайы жемістерді яғни жаңғақ, саңырауқұлақ, жидек және тағы басқа азықтық өнімдерді, мүкті, орман жамылғысын және түскен жапырақтарды, қамысты жинау);
      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығына, ғылыми-зерттеу мақсатында, мәдени-сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану.
      336. Орманды пайдаланудың басым түрі мемлекеттік орман қорына сәйкес: табиғат қорғау, экологиялық және әлеуметтік болады. Ормандардың функциясы мен жергілікті жер жағдайларына байланысты пайдалану тізімі бірінші орман орналастыру жиналысының шешімімен тағайындалады.
      337. Көп мақсатты орман пайдалануды жобалаудың негізгі принципі ретінде орманның барлық жарамды түрлерінің кешенді пайдаланылуы (сүректі және сүрексіз өнімдердің анықталған түрлері мен пайдалану мөлшерін қоса) алынады.
      Басты пайдалану үшін кесуге тыйым салынған ормандарда аралық пайдаланудың және басқа да кесу түрлерінің мөлшері мен түрі, олардың экологиялық-санитарлық жағдайы және алқаағаштардың өсімі мен сүректердің табиғи түсуін пайдалана отырып, олардың қорғаныштық қызметтерін арттыру арқылы анықталады.
      Ғылыми мекемелер орман қорларын көп мақсатта пайдаланудағы іс шараларды, орналасу аудандарының негізіне сүйене отырып, анықтайды, ал өкілетті ұйымдар оларды бекітеді.

6. Параграф. Орманды басты мақсатта пайдалану

      338. Басты мақсатта кесудің түрлері аумақтық ережелермен реттеледі. Біртіндеп және таңдамалы кесулердің негізі ретінде төмендегілер есепке алынуы тиіс:


      1) орман астарындағы табиғи жаңарудың жағдайы;
      2) орманды ұдайы өндіру кезеңі;
      3) кесу мезгілінің саны мен аралық мерзімі;
      4) орман қоры аумағы бойынша кесуге белгіленген учаскелердің орналасуы;
      5) кесудің қарқындылығы.
      339. Есептік кеспеағаш орман мекемесі бойынша есептеледі, ал орманшылықтар бойынша пайдалану қорына пропорционалды және алқаағаштардың жас құрылымы ерекшеліктерін ескере отырып есептеледі. Кейбір жағдайларда өкілетті ұйымдардың талабына байланысты есептік кеспеағаштар әр немесе жеке орманшылықтар бойынша есептелуі мүмкін. Орманды пайдаланудың есептеліп бекітілген қоры арқылы облыс аумағы бойынша есептік кеспеағаштар анықталады.
      340. Басты мақсатта пайдалану кеспеағаштары орман орналастыру кезінде анықталады. Есептік кеспеағаштар кезекті орман орналастыру мерзімінен бұрын мына жағдайларда ғана нақтыланады:
      1) мемлекеттік орман қоры жерлері бір санаттан екіншісіне ауыстырылған кезде;
      2) белгілі бір аудандарды алып тастағанда немесе қабылдаған кезде;
      3) орман иеленушілерінің қайта құрылуына немесе жойылуына байланысты орман қорында өзгерістер болған жағдайда;
      4) орман қорлары табиғи аппаттардың салдарынан апатқа ұшырағанда.
      Сонымен қатар, есептік кеспеағаш мына жағдайларда нақтыланады: өзгеруі оның мөлшерінің 20 пайызынан көп болғанда және кезекті орман орналастыруға дейінгі мерзімі 3 жылдан асып кетпесе.
      341. Есептік кеспеағаш Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерінде есептік кеспеағаштардың мөлшерін анықтау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар бойынша есептеледі осы Ережеге 26-қосымша. Орман орналастыру кезіндегі қабылданған кеспеағаш тексеру кезеңінің ұзақтығына байланысты есептеліп шығарылады.
      342. Есепті кеспеағаш МОҚ санаттары шегінде басым тұқымдылары мен кесу әдістері бойынша анықталады және жетуге қолайлылығына байланысты бөлініп есептеледі
      343. Есептік кеспеағашты анықтаған кезде, төмендегілер есепке алынбайды:
      1) Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес мемлекеттік орман қорларындағы басты мақсатта пайдалану үшін кесуге тыйым салынған МОҚ санаттары;
      2) орман кесулерінің қолданыстағы Ережелеріне сәйкес басты пайдалану мөлшерінің есебінен шығарылған ерекше қорғалатын орман учаскелері;
      3) орман кесулерінің қолданыстағы Ережелеріне сәйкес кесуге тыйым салынған бағалы және сирек кездесетін ағаштар.
      344. Орман орналастыру мекемесі объектілеріндегі есептік кеспеағаш бойынша ұсыныстар, екінші орман орналастыру жиналысында қабылданғаннан кейін өкілетті ұйымдарға бекітуге беріледі.
      345. Есепті кеспеағаш камералдық орман орналастыру жұмыстары жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады.
      346. Телімдерді кесуге белгіленгенде бірінші кезекте төменде көрсетілгендер ұсынылады: зақымданған алқаағаштар (дауыл құлатқан ағаштар), жағдайына байланысты кесуді талап ететін алқаағаштар; бұрынғы кесу жылынан қалып қалған шайыр алу жасынан шығып қалған, толысу жасынан асқан ағаштар.
      347. Басты мақсатта пайдаланып, кесуге бағытталған барлық  телімдер шолу планында боялып көрсетіледі және олар басты мақсатта пайдалану үшін кесу ведомосына тіркеледі. Орман пайдаланушыларға, экономикалық жағдайды ескере отырып, есептік кеспеағаш аумақтарының кесу учаскелерін таңдауға ерік беріледі. Орамдық немесе блокты кесулерді шоғырландыруға жол беріледі.

7. Параграф. Орманды аралық пайдалану

      348. Аралық пайдалануға төмендегілер жатады:


      1) орманды күту үшін кесу;
      2) таңдамалы санитарлық (тазартпалы) кесу;
      3) бұталар мен өнімділігі аз орман алқаағаштарының сүрегін құнды ағаштарға алмастыру үшін кесу;
      4) қорғаныш қасиеттері мен су реттегіштік және басқа да атқарушы қызметтерін жоғалтқан алқаағаштарды, балауса ағаштардағы пісіп жетілген және жеке тұрған ағаштарды кесу;
      349. Орман орналастыру мәліметтерінде, орман өсіру талаптарына сай кесулерді қажет ететін, алқаағаштардың барлық аудандары анықталып көрсетіледі. Елді мекендер, жолдар мен өрт қауіпі бар кәсіпорындармен шектес алқаағаштарды күту үшін кесуді жобалағанда, өртке қарсы тұра алатын бөгет жыралар қарастырылады. Олардың ені сол жерде орналасқан объектілердің ерекшеліктеріне байланысты болады.
      Жыл сайынғы күту үшін кесудің мөлшері, әрбір кесу түрлеріне байланысты таңдалған сүрекдіңдерінің ауданы мен көлемі арқылы анықталады. Кесу мөлшері күтіп-баптау кесулерін талап ететін алқаағаштар ауданын кесулердің қайталану мерзіміне бөлу арқылы, ал қоры - жылдық мөлшерін (ауданын) кесу қарқындылығы бойынша анықталады (1 га-дағы орташа кесу мөлшеріне көбейту арқылы).
      Құрылуы тексеру кезеңіне жобаланатын орман екпелері мен балауса ағаштардағы жарықтандыру мөлшері есептік жолмен анықталады және орман орналастыру жобасында жеке көрсетіледі.
      Күтіп-баптау кесулеріне белгіленген телімдерді іріктеу орамдардың игерілу кезектілігін, толымдылығын, ағаштардың жасы мен жағдайын ескере отырып жүргізіледі. Әр телім бойынша таңдалған қордың ауданы мен кесу түрі келтіріледі.
      350. Таңдамалы санитарлық кесулер, дің зиянкестері мекендеген алқаағаштардың санитарлық жағдайын, телімдегі ағаштардың толықтай немесе бірен-саран өрттен зақымдануын және басқа да табиғи аппаттарға ұшырауын зерттеу нәтижелері мен белгіленген шаруашылық шаралардың негізінде Қазақстан Республикасы ормандарындағы санитарлық кесу ережелерінің талаптарына сәйкес жобаланады.
      Таңдамалы санитарлық кесулерді жүргізу мерзімі зақымданған тұқымдылардың және таңдалған сүрекдің жалпы көлемінің биологиялық ерекшеліктері мен оны дайындау мүмкіндігіне байланысты 1-5 жыл болуы мүмкін.
      Таңдамалы санитарлық кесулердің көлемі алқаағаштардың санитарлық жағдайына байланысты жылдарға бөлініп белгіленуі мүмкін.
      Жыл сайынғы таңдамалы санитарлық кесудің көлемі таңдалған ағаш сүректерінің жалпы қорын бекітілген игеру кезеңіне бөлу арқылы анықталады.
      351. Санитарлық-гигиеналық және денсаулықты жақсарту қасиеті жоғары, ерекше бағалы, орман жеміс алқаағаштарын, мемлекеттік табиғи саябақтарды, ғылыми маңызы бар және табиғи ескерткіштері бар ормандарды ескі, кеуіп қалған, жел құлатқан, қатты дауылдан сынған ағаштардан тазарту жобаланады. Басқа орманда бұл тек іске жарамды сүрегі болса немесе өртке қарсы талаптарға сай келмеген жағдайда ғана, жоспарланады.
      Нақты шешімдер бірінші орман орналастыру кеңесінде қабылданады. Ескі, кеуіп қалған және шашылып жатқан ағаштардың жыл сайынғы көлемін анықтау, таңдамалы санитарлық кесуді жобалағандай жүгізіледі.
      352. Іріктелініп алынған телімдердегі таңдамалы санитарлық кесуді және қураған ағаштардан тазарту жұмыстарын жоспарлаудың жалпы көлемдері арнайы дайындалған ведомостарда көрсетіледі.
      353. Мемлекеттік орман қорының басты мақсатта пайдалануға тыйым салынған учаскелерінде күтіп-баптау және таңдамалы санитарлық кесу барлық алқаағаштарда, толысуға аз қалған, толысқан және толысу жасынан өтіп кеткен, біртіндеп жасартуды қажет ететін, экологиялық санитарлық қасиетін жақсартатын, қорғаныштық қасиетін сақтайтын және арттыратын ағаштарда, сонымен қоса толысқан ағаштарды техникалық қасиетін жоғалтқанға дейін және пайдалануға болатын алқаағаштардың барлығында жобаланады.
      Бұндай күту үшін кесуге жобаланған телімдер, аралық пайдалану үшін кесу ведомосына, жеке тараумен жазылады. Пайдалану мөлшері және жыл сайынғы басқа да мемлекеттік орман қорының жер жағдайлары бойынша пайдалану көлемі мен жылдық көлемдері жекеленіп көрсетіледі.
      354. Сүрегі құнсыз алқаағаштар мен бұталарды қайтадан жаңартып кесу жұмыстары төмендегідей учаскелерде жүргізіледі.
      1) өздеріне тән емес орман өсіру жағдайларында (өнімділігі жоғары алқаағаштар өспейтін) жұмсақ жапырақты (кейде қатты жапырақты) балауса тұқымдыларда;
      2) толымдылығы төмен, орта жастағы алқаағаштар мен балауса ағаштарда;
      3) мақсатты пайдалануға жарамсыз алқаағаштар мен бұталарда;
       Кесу және ағаш тұқымдыларын егу немесе себу арқылы жаңартуды қажет ететін құндылығы төмен алқаағаштардың ауданы қайта құру қорын құрайды. Сондықтан кесілетін ағаштардың көлемі мен алқаағаштарды жаңарту мерзімі арқылы жыл сайынғы кесілетін мөлшері анықталады.
      355. Басты мақсатта пайдалануға тыйым салынған мемлекеттік орман қоры санаттарында (мемлекеттік табиғи қорықтардан басқа), ерекше қорғалатын учаскелерде қорғаныштық, және басқа да функцияларын жоғалтқан алқаағаштардың барлығында кесу жұмыстары жүргізіледі.
      Олар таңдамалы санитарлық кесу сияқты жүргізіледі. Кесілетін учаскелерді таңдау және реттеу жұмыстары нормативтік іс қағаздарына сүйене отырып, жүзеге асырылады.
      356. Балауса ағаштардағы жеке тұрған толысқан, көнерген және балауса ағаштар арасында өзінің тұқым беру қасиетін аяқтаған ағаштар жекелеп кесуге белгіленеді.
      Орта жастағы, толысушы, толысқан және көнерген алқа-ағаштардағы ерекше айқындалатын ағаштар жекелеп кесілмейді. Олар мемлекеттік орман қорының басты мақсатта пайдалану үшін кесуге тыйым салынбаған жерлеріндегі кесулермен бірге жүргізіледі. Басқа МОҚ санаттарында олар санитарлық кесу кезінде бірге алынады.
      357. Орман орналастыру аралық кесу жұмыстарын жүргізген кезде, қолданыстағы нормативтер бойынша таңдалып алынған ағаш сүректерінде тауарландыру және сортименттеу жұмыстарын жүргізеді. Ал бұл жоқ болған жағдайда, алдыңғы орман орналастырулардың кесу жұмыстарының нақты көрсеткіштері арқылы жүзеге асырылады.

8. Параграф. Басқа да кесулер

      358. Басқа да кесулерге төмендегілер жатады:


      1) жаппай санитарлық кесулер;
      2) өртке қарсы үзілімдер мен соқпақтарды шабу;
      3) өртке қарсы үзілімдерді және соқпақтарды тазалау;
      4) қылқанды балауса ағаштарды блоктарға бөліп кесу;
      5) электр жүйелері өтетін, тас жолдарды салу мен құбырларды орнатуға байланысты жүргізілетін кесулер;
      6) әр түрлі құрылыстарға және кеңселерді салуға арналған аудандарды кесу;
      7) шашылған кәделік ағаштарды жинау;
      359. Шабылуға жобаланған өртке қарсы үзілімдер мен әртүрлі террассалардан кесілген ағаш сүректерінің көлемі, олардың еніне, ұзындығына және бағыт бойынша басып өткен телімдердің 1 гектарындағы қорына байланысты, есептеліп шығарылады.
      Ал соқпақтарды шабу кезіндегі көлемі, олардың жалпы ұзындығы мен ені және орманшылық бойынша 1 гектардағы сүректерінің орташа қоры арқылы анықталады.
      Жаппай санитарлық кесу және басқа да кесулердегі ағаш сүйектерінің көлемі, кеспеағаштарды белгілеу мәліметтері мен құрылысқа берілген жерлердің мәліметтері бойынша анықталады.

9. Параграф. Алқаағаштардан шайыр және шырын алу.
Түбір шайырын дайындау

      360. Негізгі алқаағаштардан шайыр алу қажеттілігі, сол аудандағы өкілетті ұйымдардың келісімімен шешіледі және ол бірінші орман орналастыру жиналысында тіркеледі.


      Қарағайлы ормандардан шайыр алудың шикізаттық базасы, орманды бағалаудың негізгі ережелеріне сәйкес анықталады.
      361. Техникалық және экономикалық тиімділігі бар шыршалы, майқарағайлы және балқарағайлы алқаағаштарда шайыр алуға жарамды учаскелер көрсетілген тұқымдылар бойынша таңдалады. Бұндай алқаағаштарда шайыр алу әдістерімен жүргізілетін көлемі туралы шешім бірінші орман орналастыру кеңесінде қабылданады.
      362. Қарағайлы алқаағаштарда шикізат алуға жарамды және төменгі бонитетті ағаштар болған жағдайда ғана шайыр алу жобаланады. Шайыр алу жобасының қажеттілігі өкілетті ұйымдармен шешіледі және бірінші орман орналастыру кеңесінде тіркеледі.
      363. Шайыр алуға және тағы басқа да мақсатта пайдалану үшін түбірлерді дайындау орман екпелерін отырғызуға арналған және орман алқаағаштарына зияны тимейтін жерлерде жүзеге асырылады. Қарағайлы түбірлерден шайыр алудың қажеттілігі, олардың ресурстық аудандары бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.

10. Параграф. Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау

      364. Қосалқы ағаш ресурстарына қабық, түбір, бұтақ, тамыр, жапырақ, бүршік жатады. Қосалқы ағаш сүректерінің қажеттілігі және олардың тізімі бірінші орман орналастыру кеңесінде анықталады.


      365. Қосалқы ағаш ресурстарын дайындау мүмкіндігінің көлемі мен аудандары, әртүрлі кесу шараларының жобалануына сәйкес болады.

11. Параграф. Ормандарды қайта қалпына келтіру, оларды дамыту және өнімділігі төмен ағаштарды жаңарту

      366. Ормандарды қайта қалпына келтіру және оларды дамыту шаралары шаруашылық шараларды жүргізуге болмайтын жерлерден басқа мемлекеттік орман қорының барлық рұқсат етілген жерлердің МОҚ санаттарында жүзеге асырылады.


      Жобалау жұмыстары орманды пайдаланушылардың көп жылдар бойы, орман екпелері мен табиғи жаңаруды зерттеу жұмыстары кезінде жиналған мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі.
      Жобаланылатын іс шаралардың құрамына төмендегілер кіреді:
      1) орманмен қамтылмаған аумақтарға екпе ормандарын отырғызу;
      2) өнімділігі төмен және бұталы ормандарды жаңарту үшін, жасанды алқаағаштарды құру;
      3) орманды басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде жас өскіндерді ескере отырып, олардың табиғи жаңаруының артуына әсер ету;
      4) табиғи жаңарудың келешекте орман құруына мүмкіншілігі бар аудандарды қалдыру;
      5) мелиоративтік орман өсіру.
      367. Ұдайы өндіру мен орман өсіруді талап ететін және шаруашылық әсер етуге қолайлы учаскелерге енетін орман екпелерінің қоры аралап көріп таксациялау мәліметтері бойынша анықталады:
      1) шаруашылық құнды тұқымдылардың табиғи жолмен өсуі мүмкін емес орманмен қамтылмаған учаскелер;
      2) тексеру кезеңінде жаппай кесуге жіберілген басым тұқымдылардың толымдылығы бойынша, табиғи жаңаруы мүмкін емес кеспеағаштар;
      3) қалпына келтірілген және басқа да орманмен қамтылмаған жерлер (орман мелиорациясы ретінде белгіленген, құмдар, жыралар, балкалар, карьерлер);
      4) өнімділігі, толымдылығы төмен алқаағаштар мен екпе ормандарды отырғызу жолымен қалпына келтірілетін бұталы өсімдіктер.
      368. Орман орналастыру кезеңіндегі кеспеағаштардың жасанды жолмен қайта қалпына келтіруді қажет ететін ауданы толысқан орман астарындағы табиғи жаңаруды және есепті кеспеағаштың нақты және болашақтағы пайдаланылуын ескере отырып есептеу арқылы анықталады.
      369. Орман екпелерін отырғызу шаралары белгіленген учаскелерде есептік әдістемелік картасы болмаған жағдайда, орман орналастыру жобасының түсініктеме қағазында отырғызылатын көшеттердің саны және орналасуы көрсетіледі.
      370. Алқаағаштары қайта құру кезінде ағаштар толық жойылғанда – орман екпелері жаппай жобаланады, ал коридорлар мен толымдылығы төмен телімдердің ашық жерлерінде көшет отырғызған жағдайда – жартылай жобаланады.
      371. Табиғи жаңаруға жәрдемдесу тексеру кезеңіндегі тұқымдылардың өскіні нашар кеспеағаштарда, орман астарындағы толымдылығы төмен толысқан, толысушы және көнерген ағаштарда, ағашы кесілген және басқа да орманы табиғи жолмен өсетін орманмен қамтылмаған жерлерде белгіленеді.
      Табиғи жаңаруға қолдан ықпал етудің әдістері төмендегідей болады:
      1) басты мақсатта пайдалану үшін жаппай кескен кезде, құнды тұқымдылар өскіні мен балауса ағаштарды сақтау мен оларды келешекте күту;
      2) шаруашылықта маңызы бар өздігінен шыққан ағаштар мен балауса ағаштарды күту;
      3) сақталған өскіні жеткіліксіз учаскелерде орман екпелерін отырғызу;
      4) біртіндеп топырағын өңдеу;
      5) табиғи жаңарып келе жатқан учаскелерді қоршау;
      6) жаңа кесілген жерлердегі табиғи жаңаруға қалдырылған жас өскіндерді жабайы және үй жануарлары зақым келтірмеуі үшін қоршап қою.
      372. Орманның табиғи жаңаруына арналған іс шаралар өткен жылдардағы кесілген жерлерді зерттеу жұмыстарының негізіне сүйене отырып, орманмен қамтылмаған аумақтардағы балауса ағаштардың динамикалық жағдайын талдау арқылы жүзеге асырылады.
      Табиғи жаңару учаскелерін таңдау басым тұқымдылардың орман жиегінде және кесілген жерлерде жақсы дамуына байланысты болады.
      373. Ормандары ұдайы өндіру немесе табиғи жаңаруға қалдыру жоспарланған учаскелерде іс шаралардың жоспарлары арнайы ведомосқа барлық іс шаралардың түрлері бойынша қорытынды шығарылып және әр отырғызу әдісі бойынша есептік технологиялық картасы көрсетіліп жазылады.
      374. Орманды дамыту кезінде жыралардың, балкалардың, құмдардың және тағы басқа ормансыз жерлердің жұмыс көлемі бөлек есептеледі.
      375. Ормандарды ұдайы өндіру, өсіру көлеміне байланысты уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерінің саны, орман тұқымбақтарының аудандары мен оларға қажетті орман тұқымдары есептеліп шығарылады.
      Орман орналастыру жобасының түсіндірме жазбасында орман тұқым шаруашылығы мен тұқымбақтарын дамыту, уақытша және тұрақты орман тұқым учаскелерін, аналық және ұластыру плантацияларын салу туралы ұсыныстар беріледі.

Каталог: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   54


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет