Қазақстан Республикасының орман қорында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы


Параграф. Самырсын алқаағаштарында орман шаруашылық шараларын жобалау ерекшеліктері



бет9/54
Дата28.04.2016
өлшемі6.58 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54

6. Параграф. Самырсын алқаағаштарында орман шаруашылық шараларын жобалау ерекшеліктері

      407. Самырсын алқаағаштарындағы, орман орналастырудың алдына қойылған мәселелердің негізгілері төменде көрсетілген:


      1) самырсын ағаштары кесілген және өлген жерлерде, олардың қайта жаңаруын қамтамасыз ету;
      2) самырсын алқаағаштарында басқа тұқымдардың алмасуына жол бермеу және құрамында самырсын ағаштары бар аумақтарда күтіп-баптау кесулерінің тиімділігін арттыру;
      3) самырсындардың тұқым беруін арттыру;
      4) самырсын ағаштарын, аралық кесу кезінде тиімді пайдалану;
      5) самырсын ағаштарының жағымды қасиеттерінің барлығын, сарқылтпай-үздіксіз және кешенді пайдалану;
      6) жаңғақ беретін ағаштардың барлығын кешенді пайдалану және төмен өнімді алқаағаштарды қайта жаңарту.
      7) бірінші кезекте жалпақ жапырақты орман астарынан самырсын өскіндерін босату мақсатында, оларды қалпына келтіру қорын анықтау.
      Сонымен қатар, самырсындардың бар көлемдерін сақтау және оларды арттыру жолдары бойынша басқа да шаруашылық іс-шаралар қарастырылады.
       408. Орман шаруашылық шаралары, ғылыми-зерттеу институттарымен жасалған және өкілетті ұйымдармен бекітілген ережелеріне сәйкес жобаланады немесе олар жоқ болған жағдайда, барлық мәселелер бірінші орман орналастыру кеңесінде шешіледі.

7. Параграф. Емен ағаштарындағы шаруашылық іс-шараларды жобалау ерекшеліктері

      409. Емен алқаағаштарындағы орман орналастыру жобасының негізгі мәселелері болып мыналар табылады:


      1) емен ағаштарының өнімділігі мен төзімділігін арттыру;
      2) тамыр атпалары арқылы шыққан емен ағаштарын, тұқымдық ағаштармен алмастыру;
      3) еменнің тұқымдық жолмен жаңаруын, оларды қалпына келтіруді максималды пайдалану;
      4) аралас, күрделі құрамды алқаағаштарды қалыптастыру;
      5) емендердің кері әсерлерге және ауруларға төзімді түрлерін пайдалану.
      410. Орман екпелері селекциялық негізде жобаланады.
      Селекциялық базаға сәйкес, жоғарғы өнімді плюсті ағаштар бар болған жағдайда, орман тұқым плантациясын және орман тұқым учаскелерін салу жобаланады.
      Алқаағаштардың құрамында емен болған жағдайда, орманды күту үшін кесуді жобалау олардағы қосалқы ағаштардың шығуына жол бермеуіне бағытталады.

6 Тарау. Өндіріске орман орналастыру жобаларын ендіруге авторлық қадағалау

1. Параграф. Авторлық қадағалауды жүргізу мақсаттары

      411. Орман орналастыру ұйымына жасаған орман орналастыру жобаларының орман иеленушілерімен орындалуын авторлық қадағалау – жобаланған орман шаруашылық шаралар көлемінің орындалуын және ағымдағы өзгерістерді орман орналастырудың материалдарына, орман есеп құжаттарына енгізу сапасын тексеру мақсатында жүргізіледі.


      412. Авторлық қадағалауды жүргізу бағдарламасына сәйкес осы Ережеге 27-қосымша жүргізіледі.

2. Параграф. Авторлық қадағалаудың жүргізілуін ұйымдастыру

      413. Авторлық қадағалау орман орналастыру жұмыстары 4 - 6 жыл бұрын жүргізілген орман жерлерінде жасалады.


      414. Авторлық қадағалауды орман орналастыру жобасын жасаған орман орналастыру ұйымы орман иеленушінің өкілдерінің қатысуымен жүргізеді.
      415. Авторлық қадағалау жүргізілетін объектісін өкілетті орган анықтайды.
      416. Авторлық қадағалаудың жетекшісі болып орман орналастыру жобасының авторы немесе сол жобаны дайындаған мамандардың бірі тағайындалады. Жеке жағдайларда басқа да мамандар қатыстырылады.
      417. Орман иеленушілері авторлық қадағалауды жүргізетін мамандарға қажетті техникалық, есеп беру және планды-картографиялық құжаттамамен танысуға мүмкіндік береді, кесу жұмыстары және орман шаруашылық шаралар жүргізілген жерлерді көрсетеді, сондай-ақ оларды көлікпен, кеңсемен, тұрғын үймен қамтамасыз етеді.
      418. Авторлық қадағалау бойынша далалық жұмыстар төменде келтірілген бағдарламаға сәйкес құрастырылған есеп берумен аяқталады. Берілген есепте орман шаруашылығын жүргізуде жинақталған тәжірибе мен кемшіліктер, жобаланған және нақты атқарылған шаралардың орман орналастыру жобасына сәйкестігі, жіберілген кемшіліктер және оларды жою бойынша ұсынымдар келтіріледі.
      Онда сондай-ақ орман орналастыру жобасындағы кемшіліктер көрсетілуі және тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
      419. Далалық жұмыстар аяқталғаннан кейін 1 айдың ішінде орман иеленушісіне, облыс әкімшілігіне (орман иеленуші оның қарамағында болған жағдайда), аймақтық және өкілетті органдарға авторлық қадағалау нәтижелері бойынша есеп беріледі.
      420. Авторлық қадағалаудың нәтижелері 1 айдың ішінде аймақтық органның өкілінің қатысуымен әкімшілікте (орман иеленушісі оның қарамағында болған жағдайда) немесе аймақтық органда (орман иеленушісі тікелей өкілетті органға қарасты болған жағдайда) орман орналастыру ұйымы өкілдерінің қатысуымен қаралады.
      Авторлық қадағалау нәтижелері бойынша кемшіліктер тым көп болған жағдайда облыстағы барлық орман иеленушілерінің өкілдері қатыстырылады.

3. Параграф. Авторлық қадағалау жүргізілгенде орындалатын міндеттер

      421. Авторлық қадағалау кезінде төмендегідей мәселелер талданады:


      орман иеленушілердің өз жұмысында орман шаруашылық қызметін жоспарлау мен оны іске асыру кезінде және орман ресурстарын тиімді пайдалану мен ұдайы өндіруде орман орналастыру жобасындағы ұсынымдарды қолдану толықтығы мен сапасы;
      нақты орындалған жұмыс көлемдері мен оларды жүргізу технологиясының, орналасуы мен орман шаруашылық шаралардың орман орналастыру жобасына сәйкес болуы;
      орман орналастыру, орман қоры мен орман кадастрын есепке алу материалдарына ағымдағы өзгерістерді енгізу толықтығы осы Ережеге 28-қосымша;
      орындалған шаруашылық шаралардың орман орналастыру белгілегендерден ауытқу дәрежесі мен себептері;
      орман орналастыру жобалаған шаралардың орман шаруашылығын жүргізу бағыттары мен экономикалық жағдайларына сәйкестігі.
      422. Авторлық қадағалаудың нәтижелері бойынша орман орналастыру ұйымы:
      орман шаруашылық шараларын жүргізу технологиясы мен сапасын жақсарту жөнінде ұсынымдар береді;
      орман иеленушісінің орман шаруашылық жұмыстарын атқару кезінде  жіберілген кемшіліктері елеулі және қаңға қайшы болған жағдайда ол туралы жоғары тұрған ұйымға хабарлайды.

7 Тарау. Орман карталарын құрастыру

1. Параграф. Орман карталарын құрастыру ерекшеліктері

      423. Жүргізілген орман орналастыру материалдары бойынша жасалатын планшеттердің, алқаағаш пландарының, карта-схемалардың (бұдан әрі – орман карталары) түрі, масштабы, мөлшерлері осы Ережеге 1-қосымшаның 17-кестесіндегі мәліметтерге сәйкес болады.


      424. Орман орналастыру планшеті геодезиялық немесе топографиялық негізде құрастырылатын негізгі планды – картографиялық құжат болып табылады.
      Алқаағаштардың пландары мен схемалық карталары планшеттердің (пландардың) кішірейтілген фотокөшірмелерін құрастыру әдісімен жасалады. Бірақ басқа да ресми қабылданған әдістер қолданылуы мүмкін, мысалы дәлдігі мен сапасын қамтамасыз ететін автоматтандырылған әдістер.
      425. Планшеттер мен орамдардың және таксациялық телімдердің аудандары сызылып, фотокескіндермен немесе кескіндермен (абрис) салыстырылып тексерілгеннен кейін есептеліп шығарылады. Планшеттер және тік сызықты соқпақтармен шектелген орамдардың аудандары екі мәрте геометриялық әдіспен есептеліп шығарылады.
      Планшет бөліктері және қисық сызықтармен шектелген бүтін орамдардың аудандары 4 мәрте планиметрмен өлшеу арқылы анықталады. Орамдар мен планшеттердің нақты ауданы ретінде жасалған өлшемдердің орташа арифметикалық мөлшері алынады (ауытқуы ±1 пайыз). Есептеліп шығарылған орман аудандарының планшет ауданынан ауытқуы ±1 пайыздан аспайды. Түзетілген және бүтін га дейін жинақталған орам аудандары нақты болып есептеледі.
      Таксациялық телімдердің аудандары, оларды екі мәрте планиметрмен өлшеу және үтірден кейін бір белгі дәлдігімен есептеп шығару арқылы анықталады. Екі өлшемнің орташасы нақты ауданы болып табылады. Тік бұрышты және кіші телімдердің ауданы палеткамен анық алады. Сызықты планшет жүктелімі элементтерінің аудандары (жолдар, соқпақтар) олардың ені мен ұзындығы бойынша анықталады.
      Телім аудандарының қосындысы мен орман аудандарының сәйкессіздігі ±2 пайыздан аспайды. Телімдердің ауданы 10 гектар асқан жағдайда ол сан бүтін гектар дейін жинақталады, ал 10 гектардан кем болса - жинақталмайды (орман орналастырудың барлық разрядтарында).
      Планшеттер мен орамдардың және телімдердің аудандарын есептеп шығару ерекшеліктері қосымшада келтірілген осы Ережеге 29-қосымша.
      Аудандардың дұрыс есептеліп шығарылуын, оларды планшеттер мен орамдардың, таксациялық телімдер мен басқа да элементтердің жалпы санының 10 пайызынан кем емес көлемінде қабылдайтын маман тексереді.
      Орамдар мен телімдердің есептелген және тексерілген аудандары таксациялық карточкаларға енгізіледі. Пландар мен планшеттерге тек телім нөмірлері түсіріледі.
      426. Барлық пландық - картографиялық материалдардың түпнұсқаларына орман орналастыру жұмыстары мен орамдарды таксациялауға қатысқан орындаушылар, түпнұсқаларды құрастырушылар және орман орналастыру партияларының бастықтары қол қояды.
      427. Орман карталарын жасау әдістері, олардың мазмұнына, жүктеліміне, дәлдігіне, сапасына, қолданылатын шартты белгілер жүйесіне қойылатын талаптарға, Орман карталарын жасау жөніндегі техникалық нұсқауларға сәйкес болады осы Ережеге 30-қосымша.

2. Параграф. Сандық орман карталарын құрастыру

      428. Белгіленген масштабты цифрлық орман карталары орман орналастыру кезінде орман картографиясының автоматтандырылған жүйесі арқылы құрастырылады және жеке телімдердегі өзгерістер туралы графикалық мәліметті жаңартып отыруға мүмкіндік беретін картографиялық мәліметтер банкін құру мен жүргізудің негізі болып табылады. Мәлімет жинау картографиялық негізді автоматтандырылған әдіспен құрастыру, картографиялық және орман орналастыру жүктелімін планшетке түсіру, сондай-ақ аэрофотосуреттерді өңдеумен қатар жүргізіледі.


      Телімдердің толық таксациялық сипаттамасы картографиялық және телімдер бойынша таксациялық мәліметтер базасын біріктіру арқылы алынуы мүмкін. Картографиялық мәліметтер банкіндегі көрсеткіштер бойынша жаңартылған орман картасы немесе оның қағаздағы фрагменті немесе дисплейдегі кескіні шығарылады.
      Орман орналастыру ұйымы орман орналастыру кезінде картографиялық мәліметтер банкін келісімшарт бойынша жасайды. Цифрлық орман карталары мен картографиялық мәліметтер банкін жасау үшін өнеркәсіпте пайдаланылатын орман картографиясының автоматтандырылған жүйесі қолданылады.

Қазақстан Республикасы   


орман қорында орман орналастыру
жұмыстарын жүргiзу ережелерiнiң
1-қосымшасы         

1-кесте


Орман орналастыру жұмыстарының разрядтары

Орман орналастыру разряды

Планшеттер масштабы

Орташа таксациялық телімнің ең үлкен ауданы, гектар

Таксациялық телімнің минималды ауданы, гектар

1

2

3

4

1 (бірінші)

1:10000

3-10

0,1

2 (екінші)

1:10000

11-20

0,1

1:25000

11-30

0,5

3 (үшінші)
(зерттеу)

1:25000

31 және жоғары

1,0

1:50000

31 және жоғары

5,0

2-кесте

Орман орналастыру жұмыстарының қайталану мерзімі



Орман иеленушілер

Орман орналастыру жұмыстарының қайталануы, жыл

1

2

3

1.

Мемлекеттік орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері

10-15

2.

Мемлекеттік табиғи қорықтар

20-25

3.

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік табиғи орман резерваттары

10-15

4.

Басқа орман иелері

Келісім бойынша, бірақ 25 жылдан көп емес

3-кесте

Далалық орман орналастыру жұмыстарының сапасын тексеру көрсеткіштері

Кім тексереді

Далалық кезеңдегі тексеру саны

1

2

Орман орналастыру ұйымының басшылығы

2 орман орналастыру партиясынан кем емес (бір партиядан 1-2 маман)

Орман орналастыру партиясының бастығы

Барлық орман орналастыру мамандарын бір маусымда 2 реттен кем емес

Орман иеленушілері бағынатын өкілетті орган

Өз шешімдері бойынша, бірақ облыстағы әр объектіде 1 маманнан кем емес

Орман иеленушілер

Обьект аумағында жұмыс істейтін барлық мамандарды, бір маусымда 1 реттен кем емес

4-кесте

Тауарлық кластары

Тауарлықкласы

Кәделік сүрекдің шығымы және кәделік ағаштардың тиісті саны % %

қылқан жапырақты алқаағаштар, балқарағайдан басқасы

жапырақты алқаағаштар және балқарағай

қоры бойынша

кәделік діңнің саны бойынша

қоры бойынша

кәделік діңнің саны бойынша

1

2

3

4

5

1

81 және жоғары

91 және жоғары

71 және жоғары

91 және жоғары

2

61-80

71-90

51-70

66-90

3

60-қа дейін

70-ке дейін

31-50

41-65

4

-

-

30-ға дейін

40-қа дейін

5-кесте

Таксациялық көрсеткіштерді анықтау дәлдігінің нормативтері



Таксациялық көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Таксациялық көрсеткіштерді анықтауда рұқсат етілетін ауытқулар "+", "-"4



1

2

3

4

1.

1 га қор:
а) басты мақсатта пайдалануға кесуге белгіленген алқаағаштарда

%

15




б) барлық қалған алқаағаштарда

%

20

2.

1 га қима ауданның жиынтығы

%

12

3.

Орташа биіктігі:
а) биіктігі 2,5 метр дейінгі сексеуілдер, алқаағаштар және бұталар

м

0,1




б) биіктігі 2,6-дан 5 метр дейінгі сексеуілдер, алқаағаштар және бұталар

м

0,5




в) биіктігі 6-дан 15 м дейінгі алқаағаштар

%

1,0




15 м жоғары

%

10,0

4.

Орташа диаметрі:










а) сексеуілдің түбір аузындағы диаметрі 20 см дейін кезінде

см

2,0




22 см және жоғары

см

4,0




сексеуіл желегінің диаметрі










3,2 метр дейін

см

20,0




3,4 метр және жоғары

см

40,0




б) бұталар 1,3 метр биіктігінде










в) алқаағаштарда 1,3 метр биіктіктегі орташа диаметрі 20 см дейін

см

2,0




22 см және жоғары

%

10,0

5.

Құрамының коэффициенті

бірл

1

6.

Толымдылығы

бірл

0,1

7.

Орташа жасы:
сексеуілдерде

жыл

5




1-2 жылдық жас класындағы бұталарда

жыл

1




5 жылдық жас класында

жыл

5




алқаағаштар 40 жасқа дейін

жыл

5




45-тен 100-ге дейін

жыл

10




110 жыл және одан жоғары

жыл

20

8.

Тауарлық класы




ауытқу жоқ

9.

Бонитет класы




ауытқу жоқ

10.

Орман өсу жағдайының типі, орман типтерінің тобы 1 га өскін саны




ауытқу жоқ

11.

Барлық таксациялық көрсеткіштер үшін жүйелі

дана

ауытқу жоқ
500

12.

қателер мен екі есе ауытқуларға рұқсат етілетін шаманың шегі

%

5

6-кесте

Шеңберлі қайта есептеу алаңшаларының радиустары

Толымдылығы

Шеңберлі қайта санау алаңдарының алқаағаштың орташа диаметріндегі радиусы, сантиметр, метр

алқаағаштың орташа диаметрі, сантиметр

32 және жоғары

10-ға дейін

20

24

28




1

2

3

4

5

6

Көлденең шеңберлі алаңның радиусы, метр

0,3-0,4

0,5-0,6


0,7-0,8

0,9-1,0


11,3

9,8


9,8

9,8


11,3

11,3


9,8

9,8


13,8

11,3


11,3

9,8


17,8

13,8


11,3

11,3


17,8

13,8


11,3

11,3


Әр түрлі радиустағы шеңбер алаңының ауданы туралы мәліметтер төменде берілген:

Радиусы, метр

Ауданы, м2



9,8

300


11,3

400


13,8

600


17,8

1000


7-кесте

Каталог: cms -> uploads -> files
files -> «бекітемін» «Насихат» мкқк директоры
files -> «бекітемін» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов
files -> Қр ауыл шаруашылығы министрлігі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» кақ
files -> Қазақстан Республикасының Орман кодексі
files -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
files -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 15 сәуiрдегi n 429 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Программа bas ебрр в Казахстане при поддержке Правительства Японии Спонсоры: партнер
files -> Тендерная документация по закупкам Установки дефектоскопной феррозондовой для контроля тележек пассажирских вагонов) (по коду енс тру 26. 51. 66. 25. 00. 00. 10. 25. 1) способом открытого тендера


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет