Қазақстан Республикасының Заңы Ақпараттандыру туралы



бет3/4
Дата17.05.2020
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4
16-бап. Меншік құқығының объектісі ретіндегі ақпараттық

жүйелер

1. Ақпараттық жүйенің меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.

2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері әртүрлі тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен айқындалады.

3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.



 

17-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, қол



жеткізу және пайдалану

1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру және басқару процестерін оңтайландыру мақсатында құрылады.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және оларды іске асыру тәртібі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға беру оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік ақпараттық жүйеге қол жеткізу мемлекеттік ақпараттық жүйенің иеленушісі әзірлейтін ережелермен айқындалады.



 

18-бап. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді құру, қол



жеткізу және пайдалану

1. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыру, ақпараттық жұмыстарды орындау және электрондық қызметтер көрсету мақсатында жеке және заңды тұлғалар құрады.

2. Мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге қол жеткізу және оны пайдалану тәртібін оның меншік иесі немесе иеленушісі айқындайды.

 

19-бап. Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы



1. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің меншік иелері және (немесе) иеленушілері Қазақстан Республикасында деректер берудің стандарттық хаттамаларын пайдалану негізінде әр түрлі ақпараттық жүйелер арасында ақпарат алмасуды және деректер беруді ұйымдастыру үшін желіаралық қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.

2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жедел-іздестіру қызметі Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интегра­цияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға жатады.

 

 

20-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі электрондық

ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және

резервтік көшіру құралдарына қойылатын міндетті

талаптар

1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің жұмыс істеу сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын техникалық құралдар техникалық реттеу саласындағы талаптарға сәйкес келуге тиіс.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды мемлекеттік ақпараттық жүйелерді иеленушілер қамтамасыз етеді, олар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуына, жоғалуына, бұрмалануына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауапты болады, ал қажет болған жағдайда оларды қалпына келтіруді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік ақпараттық жүйедегі мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін дайындау мемлекеттік ақпараттық жүйелерді иеленушілер үшін міндетті болып табылады.



Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтік көшірмені дайындау және оны сақтау тәсілі келесі резервтік көшірмені дайындаған кезге дейін электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.

 

21-бап. Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану



1. Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалану Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

2. Ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып халықаралық ақпарат алмасу Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардың талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды



3. Сот ақпараттық-коммуникациялық желілер бойын­ша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралы өнімінің Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруға не тоқтатуға міндетті.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды

4. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешімі үш айдан аспайтын мерзімге сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.

Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы сот шешімі домендік атаудың тіркелуінің күшін жоюға және тіркелуінің сот шешімімен бұрын күші жойылған сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.

 

 

5-тарау.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРДЫ, АҚПАРАТТЫҚ

ЖҮЙЕЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ

АУДИТІ

 

22-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды және

ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді

құжаттандыру

Электрондық ақпараттық ресурстарды және ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді құжаттандыруды Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес меншік иесі және (немесе) иеленушісі жүзеге асырады.

 

23-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық



жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық

ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді

тіркеу

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу:

1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер

туралы мәліметтерді жүйелеу;

2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларын электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер туралы хабардар ету;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын ақпараттық қамтамасыз ету;

4) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді әзірлеушілерге электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер арасында деректер алмасу үшін ақпараттар ұсыну мақсатында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заңда белгіленген тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде міндетті есепке алынуға жатады.

Бұл талапты сақтамау мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен жасалған мәмілелердің жарамсыз болуына әкеп соқтырады.

3. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді есепке алу осы Заңда белгіленген тәртіппен ерікті негізде жүзеге асырылады.

4. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде олардың меншік иесі немесе иеленушісі белгілеген тәртіппен оларды сақтау және пайдалану шарттары сақтала отырып тіркелуге жатады.

5. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға ол бекіткен нысандар бойынша жіберетін электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімінің негізінде жүзеге асырылады.

7. Тіркеуден өту кезінде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі уәкілетті органға электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қол қойған және куәландырған, тіркеу өтінімінің түпнұсқасы мен қағаз және электрондық жеткізгіштегі тиісті көшірмелерді ұсынады.

8. Уәкілетті орган тіркеу өтінімдерін алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыс толтырылуын тексереді.

9. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделген жағдайда уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің тіркелуін бес жұмыс күні ішінде жүргізеді және тіркеу нөмірін меншіктеп береді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Уәкілетті орган тіркелген кезден бастап электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне мәліметтерді енгізу үшін тіркеу өтінімдерінің көшірмелерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымға үш жұмыс күні ішінде жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы тиісті мәліметтерді бес жұмыс күні ішінде енгізеді.

12. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер тіркелген кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде тіркеу туралы куәлікті береді.

13. Тіркеу өтінімдері тиісінше ресімделмеген жағдайда уәкілетті орган оларды алған кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде осы тіркеу өтінімдерін қайтару себептерін көрсете отырып, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесіне немесе иеленушісіне қайтарады.

14. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі қайтарылған тіркеу өтінімдерін алған кезден бастап ескертпелерді түзейді және оларды уәкілетті органға тіркеу үшін қайтадан енгізеді.

15. Электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иеленушісінің тіркеу өтінішін қайта қарау осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

16. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесінен немесе иеленушісінен электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу кезінде тіркеу деректерінің құрамын немесе мазмұнын нақтылау үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпарат сұрата алады.

17. Тіркеу үшін қажетті электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер туралы қосымша ақпаратты беру туралы сауалды алған кезде, электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі тиісті сауалды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жан-жақты жауапты ұсынады.

 

24-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық



жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



1. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізуді уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді, кейіннен осы мәліметтерді жаңарта отырып енгізуді қамтиды.

3. Тіркелген электрондық ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелердің меншік иесі немесе иеленушісі жыл сайын 30 наурыздан кешіктірмей, уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жаңартылғаны туралы не жаңартудың жоқтығы туралы, не пайдаланудың тоқтатылу себебін дәлелді түрде жаза отырып пайдалану тоқтатылғаны туралы уәкілетті органға хабарлама береді.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы жаңартылған мәліметтерді енгізу электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу үшін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

5. Жаңартылған өтінім немесе электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарлама белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда, уәкілетті орган оның меншік иесі немесе иеленушісіне мәліметтерді жаңарту қажеттігі туралы тиісті ресми сауал жібереді.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Уәкілетті орган электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені пайдаланудың тоқтатылуы туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы электрондық ақпараттық ресурсты немесе ақпараттық жүйені тіркеу туралы куәлікті кері қайтарып алуды жүзеге асырады және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміне тиісті өзгерістер енгізуді он күн мерзімде қамтамасыз етеді.

7. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелер туралы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркеліміндегі мәліметтер, қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстары жоқ бөлігінде, жалпыға бірдей қолжетімді болып табылады және Интернет желісінде орналастырылуға тиіс.



 

25-бап. Депозитке беру және депозитарийді жүргізу

1. Депозитарийдегі ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерінің, бағдарламалық кодтарының және нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын сақтау оларды есепке алудың бірыңғай жүйесін құру, меншік иесі немесе иеленушісі сатып алған бағдарламалық өнімді жоғалтқан жағдайда оны ауыстыруды қамтамасыз ету, пайдаланушыларды бағдарламалық өнімдер мен оларды әзірлеушілер туралы хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

2. Бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы жинау, жүйелеу, жинақтау мен сақтау және Қазақстан Республикасының бағдарламалық өнімдерінің тізілімін жүргізу депозитарийдің негізгі міндеттері болып табылады.

3. Қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар және нормативтік-техникалық құжаттама депозитарийде міндетті түрде мемлекеттік есепке алынуға, тіркелуге және сақталуға тиіс.

4. Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркелген бағдарламалық өнімдер міндетті түрде депозитке берілуге тиіс.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Депозитарийдің қалыптастырылуы мен жүргізілуін, сондай-ақ бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың және нормативтік-техникалық құжаттаманың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның депозитарийде сақталатын бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы өзгертуге және (немесе) үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым бағдарламалық өнімнің меншік иесінің өтінімі бойынша депозитарийді жүргізген кезде бағдарламалық өнімнің көшірмелерін:

1) депозитке берілген дананың электрондық жеткізушісінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жағдайда бағдарламалық өнімді мұрағаттау немесе оның сақталуын қамтамасыз ету;

2) бағдарламалық өнім жоғалған, жойылған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайда бағдарламалық өнімнің түпнұсқасын ауыстыру үшін дайындауы мүмкін.

7. Уәкілетті орган депозитарийдің жүргізілуін тексеруді жылына кемінде бір рет жүзеге асырады.

8. Ақпараттық жүйе, бағдарламалық өнім, бағдарламалық код және нормативтік-техникалық құжаттама депозитке берілуге тиіс.

9. Ақпараттық жүйе:



1) ақпараттық жүйенің атқарылатын бағдарламалық кодтары;

2) жүктеме файлы;

3) қажет болған жағдайда меншік иесі немесе иеленушісі айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету;

4) ақпараттық жүйенің аңдатпалық немесе жарнамалық сипаттамасы;

5) нормативтік-техникалық құжаттама - ақпараттық жүйенің ерекшелігі, сипаттамасы, сынақ бағдарламасы мен әдістемесі, пайдалану құжаттамасы;

6) меншік иесінің немесе иеленушісінің қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттар құрамында депозитке берілуге тиіс.

10. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құруға арналған ақпараттандыру саласындағы тұжырымдамалар, бағдарламалар, нормативтік-техникалық құжаттама уәкілетті органның салалық бағалауымен бірге депозитарийге беріледі.

 

26-бап. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау

1. Ақпараттандыру саласындағы сәйкестікті растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы


Каталог: old -> files
files -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйелерін «электрондық үкіметтің» шлюзімен біріктіру мүмкіндіктерін зерделеу жөніндегі жұмыс жоспары
files -> 2012 жылдың Сәуір (апрель) айының Репертуары
files -> Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
files -> Келешектің құны немесе рухани абақтың азабы Құлтас достанов кеңестің кезеңін сынап-мінеп, көкезуленуге құмармыз. Сөз жоқ, «Біреудің боданында болудың несі игі?»
files -> Положение1 об Общественном Совете по рассмотрению информационных споров на внеочередных выборах Президента Республики Казахстан, назначенных на 3 апреля 2011 года
files -> Ғалымжанова Маржан Анесқызының жариялаған ғылыми-әдістемелік еңбектері 1 11 сыныптың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы «Информатика»
files -> Занятие Органоиды клетки и их функции. Вирусы
files -> Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, қол бастаған батыр Бұқарбай Естекбайұлының туғанына – 200 жыл
files -> Атанов С. К. Особенности проектирования самообучающихся нейронных сетей на базе нечетких предикатов Ахметова Б. З


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет