«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Акционерлерінің жалпы жиналысының 2008 жылғы 11 наурыздағы шешімімен №35 хаттама бекітілді (29. 12. 2011ж жағдай бойынша) «Қазақтелеком»



бет2/3
Дата17.05.2020
өлшемі0.51 Mb.
1   2   3

77. Қоғамның органдары мен лауазымды тұлғаларының акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған іс-жосықтарды қамтамасыз етуі, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік басқару және листингілік ережелер саласындағы заңнама нормаларын, Жарғыны және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарын ұстануы корпоративтік хатшыға жүктеледі. Корпоративтік хатшы Қоғам органдары арасында ақпаратпен тиімді алмасуға да ықпал етеді және Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының мүшелері үшін корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңесші фунцияларын орындайды.

78. Қоғам мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынас бекітілген корпоративтік іс-жосықтар шеңберінде Қоғамның тиісті органдары мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Қоғам қызметкерлерінің бекітілген корпоративтік іс-жосықтар шегінен тыс еншілес және тәуелді ұйымдарға бейресми өтініш білдіруіне тыйым салынады.


2-ТАРАУ. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМАНЫҢ ТИІСТІ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ
79. Қоғам кәсіби және тәуелсіз Директорлар кеңесінің болуын тиімді корпоративтік басқарудың маңызды бөлігі деп санайды. Сонымен қатар Қоғамды басқару үдерісінде Басқарма маңызды рөл атқарады. Осы екі орган арасындағы тиімді іс-қимыл мен олардың өкілеттіктерін айқын шектеу корпоративтік басқарудың тиісті деңгейін қамтамасыз етуде басты фактор болып табылады.

1. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
1.1. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ
80. Директорлар кеңесі өз функцияларын Жарғыға, Кодекске, Директорлар кеңесі туралы ережеге және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.

81. Директорлар кеңесі Қоғамның стратегиялық мақсаттарын, басымды даму бағыттарын анықтайды және ұзақ мерзімді перспективаға оның қызметінің негізгі бағыттарын бегілейді, алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қажетті қаржылық және адами ресурстардың болуын қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесі Басқарма қызметіне бақылау жүргізеді.

82. Директорлар кеңесі нарықтық жағдайды, Қоғамның қаржылық жағдайын және және басқа да қаржы-шаруашылық қызметіне әсер ететін факторларды ескере отырып, бекітілген басым бағыттарға сәйкестікті объективті бағалауды жүргізеді.

83. Директорлар кеңесінің құзыретіне Қоғамның тәуекелдерді басқару бойынша ішкі іс-жосықтарын бекіту, осындай іс-жосықтарды сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тиімділігін талдау және жетілдіру жатады. Бұл ретте бұл іс-жосықтар Директорлар кеңесінің тәуекелдерді басқару жүйесіндегі елеулі кемшіліктер туралы уақытылы хабарлама жасауын көздейді.

84. Директорлар кеңесі қажетіне қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Қоғамның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін қайта қарауды қамтамасыз етеді және акционерлер алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп береді.

85. Директорлар кеңесі Қоғамның ақпараттық саясатын айқындайды, акционерлер алдында жариялауға жататын және жариялауға жатпайтын ақпаратты жіктеуді негіздейді, Қоғамның ақпаратты ашуын мен Қоғам қызметінің ақпараттық жариялануын заңнама және листингілік ережелер талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді.

86. Директорлар кеңесі акционерлермен тиісті диалогты қамтамасыз етуге жауапты болады. Директорлар кеңесінің төрағасы акционерлердің көзқарасын жалпы Директорлар кеңесіне жеткізуді қамтамасыз етеді. Директорлар кеңесінің төрағасы ірі акционерлермен Қоғамның даму стратегиясын талқылауы тиіс.

87. Барлық директорлар барлық қажетті ақпарат негізінде Қоғам мен оның акционерлерінің мүддесі үшін адал және тиісті деңгейдегі мұқияттылықпен әрекет етуі тиіс және Қоғам мүддесі үшін объективті шешімдер қабылдауы қажет.

88. Әр директор Директорлар кеңесінің және құрамына кіретін комитеттің барлық отырыстарына қатысуы тиіс. Бұл нормадан ауытқуға Директорлар кеңесі туралы ережеде айтылған ерекше жағдайларда жол беріледі.

89. Директорлар кеңесі директорлардың (мемлекеттік қызметші болып табылатын директорларды қоспағанда), Басқарма мүшелерінің, лауазымға тағайындалуын (сайлануын) Директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның басқа да қызметкерлерінің басқа ұйымдарда жұмыс істеу және/немесе лауазымды атқару мүмкіндігіне қатысты келісім беру туралы шешім қабылдайды.

90. Директорлар кеңесі өз қызметін және жекелеген директорлар жұмысын бағалау құрылымын әзірлейді, Директорлар кеңесінің, директорлардың, Басқарманың, Басқарма төрағасы мен мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі мен оның басшысы қызметін бағалау әдістері мен критерийлерін жасайды және оны тұрақты түрде қайта қарайды.

1.2. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІН ҚҰРУ
91. Директорлар кеңесінің құрылымы акционерлердің мүдделерін әділ және объективті қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

92. Директорлар кеңесінің сан құрамын акционерлер белгілейді.
(93-тармаққа өзгеріс енгізілді, 2011.29.12 № 46 АКЖЖ хаттамасы)

93. Директорларды үш жылдан аспайтын мерзімге сайлау ұсынылады. Директорлар кеңесінің құрамына қатарынан 6 жылдан аса мерзімге сайлаудың кез келген мерзімі Директорлар кеңесінің құрамын сапалы жаңарту қажеттілігін ескере отырып, ерекше қаралуға жатады. Бір тұлға Директорлар кеңесіне қатарынан тоғыз жылдан аса сайлана алмайды. Тоғыз жылдан асатын мерзімге сайлауға ерекше жағдайларда жол беріледі, бірақ бұл жағдайда мұндай тұлғаны Директорлар кеңесіне сайлау жыл сайын жүргізілуі қажет.

94. Жаңа директорларды сайлау заңнамада көзделген тәртіпте, ресми, қатаң және транспарентті іс-жосыққа сәйкес жүзеге асады.

95. Акционерлерге директор болуға кандидат туралы жеткілікті ақпарат берілуі тиіс, оның ішінде өмірбаяндық, кандидат пен Қоғамның өзара қарым-қатынастары туралы ақпарат (аффилиирленгендігі, ынтымақтастығы және т.б.) және акционерлерге оларды сайлау туралы мәлімет берілетін шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін басқа да тиісті ақпарат ұсынылуы тиіс.

96. Директор лауазымына кандидаттардың және директорлардың өздері лауазымдық міндеттерін орындау және акционерлер мен Қоғамның мүддесі үшін бүкіл Директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыруға қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімі, біліктілігі, іскери орта мен салада оң табыстары мен мінсіз абыройы болуы тиіс.

97. Директор лауазымына мынадай тұлғалар сайлана алмайды:

- өтелмеген немесе заңмен белгіленген тәртіппен алынып тасталмаған соттылығы бар;

- бұрын белгіленген тәртіппен банкрот ретінде танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде тарату немесе акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу немесе консервация туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде бір жыл бұрынғы кезең ішінде осындай заңды тұлғаның директорлар кеңесінің төрағасы, бірінші басшы (басқарма төрағасы), басшының орынбасары, бас бухгалтері болған. Бұл талап белгіленген тәртіппен банкрот ретінде танылған басқа заңды тұлғаны мәжбүрлі түрде тарату немесе акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу немесе консервация туралы шешім қабылданған күннен кейін 5 (бес) жыл ішінде қолданылады.

Осы тармақта көрсетілген ережелер Жарғыда белгіленуі қажет.



98. Директорларды сайлау талаптарында оларды сайлаудың көзделген мерзімі, олардың өз міндеттерін орындауға жұмсар уақыты көрсетілуі тиіс. Директорларды сайлау талаптары тексеруге қолжетімді болуы тиіс.

99. Директорлар кеңесі сайланған директорларға лауазымға толыққанды кірісуі үшін тиісті оқыту ұйымдастырады, сондай-ақ Директорлар кеңесі құрамындағы жұмысына қажетті білім мен дағдыларын жетілдіру тұрақты жүргізіледі.

100. Директорлар мен Қоғам арасындағы қарым-қатынас шарттармен ресімделеді.

Шарттардың қолданылу мерзімі оны ұқсас немесе жаңа талаптармен бір жылға, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен бір жыл құрайды.

Шарттарда тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және басқа да елеулі талаптар, сондай-ақ директордың осы Кодекс ережелерін сақтау бойынша міндеттемелері, оның ішінде оларға жүктелетін функцияларды орындауға қажетті уақыт бөлу, Қоғам қызметін тоқтатқаннан кейін Директорлар кеңесі белгілеген мерзім ішінде Қоғам туралы ішкі ақпаратты жарияламау туралы және тәуелсіз директорлардың мәртебесі мен функцияларына байланысты қосымша міндеттемелерді (тәуелсіздігін жоғалту туралы және т.б. туралы уақытылы хабарлау бөлігінде) сақтау қамтылуы қажет.

Шарттарда директорлардың жекелеген міндеттерді орындау мерзімі белгіленуі мүмкін.

Акционерлердің жалпы жиналысы директормен жасалатын үлгі шартты бекітуі мүмкін.

101. Директорды сайлау және өкілеттіктерін тоқтату, директорды лауазымға кіріскеннен кейін істермен және қызмет үдерістерімен таныстыру тәртібі, өкілеттіктерді өз еркімен қосу тәртібі, Директорлар кеңесін шақыру мен өткізу және Директорлар кеңесінің қызметімен байланысты басқа да мәселелер заңнамамен, Жарғымен және Акционерлердің жалпы жиналысы бекітетін Директорлар кеңесі туралы ережемен айқындалады.

102. Директорлар кеңесі құрамында Қоғамның жылдық есебі бар, Акционерлердің жалпы жиналысына ұсынатын өз қызметі туралы жылдық есебінде өзі тәуелсіз деп санайтын әрбір директорды атап көрсетуі тиіс. Директорлар кеңесі шешім қабылдау кезінде директордың тәуелсіз болғанын анықтауы, директордың тәуелсіз деп танылуының себептерін көрсетуі тиіс, бұл ретте директордың заңнама бойынша тәуелсіздік критерийіне сәйкестігін, сондай-ақ директорды тәуелсіз деп тануға ықпал етуі мүмкін қатынастар мен жағдайлардың болуын көрсету қажет, оның ішінде, егер директор:

- соңғы бес жыл ішінде Қоғамның немесе оның еншілес кәсіпорнының қызметкері болса;

- директордың сыйақысын қоспағанда, Қоғамнан қосымша сыйақы алған болса немесе алып отырса;

- басқа ұйымдар немесе органдарда осындай лауазымды атқара отырып, басқа ұйымдар немесе органдарда осындай қатысу арқылы басқа директорлармен маңызды байланыстары болса;

- акционерлердің немесе мемлекеттік басқару органдарының мүддесін қорғаса;

- қатарынан тоғыз жылдан аса директор болса.

Осы тармақта көрсетілген ережелер Жарғыда белгіленуі тиіс.

1.3. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМИТЕТТЕРІ
103. Қоғамда мынадай комитеттер құрылады:

- Аудит комитеті;

- Тағайындау комитеті;

- Сыйақылау комитеті;

- Директорлар кеңесінің қарауы бойынша өзге де комитеттер.

104. Комитеттер Директорлар кеңесі функцияларын тиімді орындауға көмек көрсету мақсатында құрылады.

105. Барлық комитеттердің қызметі комитет құрамы, құзыреті, мүшелерін сайлау тәртібі, комитеттердің жұмыс тәртібі, сондай-ақ олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы ережелері бар Директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжаттармен реттеледі. Акционерлер комитеттер туралы ережелермен танысуға құқылы.

106. Комитеттерді Директорлар кеңесі директорлардан құрады, олардың бірі комитет төрағасы болып тағайындалады. Қажет болған жағдайда, комитеттердің құрамына нақты бағыт бойынша жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімі бар сарапшылар қосылуы мүмкін. Комитеттер мүшелерінің өкілеттік мерзімдері олардың директорлар ретіндегі өкілеттік мерзімімен сәйкес келеді, алайда Директорлар кеңесінде жыл сайын қайта қаралып отырады.

Басқарма төрағасы комитеттің мүшесі бола алмайды.



107. Комитет төрағасы мен оның мүшелерінен басқа, комитеттердің отырыстарына ешкімнің қатысуға құқы жоқ. Комитет отырыстарына басқа тұлғалардың қатысуына тиісті комитеттің шақыруы бойынша ғана жол беріледі.

108. Директорлар кеңесі және комитеттер жыл сайын өз жұмыс жоспарын құрады, Директорлар кеңесі мен комитеттердің отырыстары тұрақты өткізілуі тиіс. Комитет отырысының хаттамасы Директорлар кеңесіне беріледі. Директорлар кеңесінің жылдық есебінің жеке бір бөлігі комитеттердің жұмысына арналады.

109. Директорлар кеңесі бір жыл ішінде кез келген уақытта комитеттерден ағымдағы қызмет туралы есеп ұсынуды талап етуге құқылы. Мұндай есепті дайындау мен ұсыну мерзімін Директорлар кеңесі белгілейді.

АУДИТ КОМИТЕТІ
110. Аудит комитеті тәуелсіз директор болып табылатын кемінде екі адамнан тұруы қажет. Аудит комитетінің төрағасы оның мүшелерінің арасынан сайланады.

Тәуелсіз болып табылмайтын директор Қоғамның Директорлар кеңесі осы тұлғаның мүше болуы Қоғам мен оның акционерлерінің мүддесі үшін қажет деп тапқан ерекше жағдайда комитет құрамына сайлануы мүмкін. Осы тағайындау болған жағдайда, Директорлар кеңесі директордың тәуелділік сипатын ашып, Аудит комитеті құрамына қабылдау туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы алдында жылдық есепте негіздеуі тиіс.



Аудит комитеті құрамында мүшелерінің кемінде біреуінің бухгалтерлік есеп саласында және/немесе қаржылық есептілік дайындау және/немесе қаржы және/немесе аудит саласында терең білімі болуы тиіс.

111. Аудит комитетінің қызметі Директорлар кеңесіне сыртқы және ішкі аудит, қаржылық есептілік, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару, заңнаманы сақтау мәселелері бойынша, сондай-ақ Директорлар кеңесінің тапсыруымен басқа мәселелер бойынша көмек көрсетуге бағытталған.

Тағайындау КОМИТЕТІ
112. Директорлар кеңесі Тағайындау комитетін құрады. Тағайындау комитетінің құрамына кемінде үш директор кіреді, оның кемінде үштен екісі тәуелсіз директор болуы тиіс. Тағайындау комитетінің төрағасын Директорлар кеңесі тәуелсіз директорлар құрамынан сайлайды.

113. Тағайындау комитеті Директорлар кеңесінің, Басқарманың құрамына және тағайындауын (сайлауын) Директорлар кеңесі жүзеге асыратын Қоғамдағы басқа да лауазымдарға білікті мамандарды тарту бойынша ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құрылады.
СЫЙАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
114. Сыйақылау комитеті кемінде үш директордан тұрады, оның кемінде үштен екісі тәуелсіз директор болуы тиіс. Сыйақылау комитетінің төрағасын Директорлар кеңесі тәуелсіз директорлар арасынан сайлайды.

115. Сыйақылау комитеті директорларды, Басқарма мүшелерін және тағайындауын немесе тағайындауын келісуді Директорлар кеңесі жүзеге асыратын Қоғамның басқа да басшы қызметкерлерін сыйақылау мәселелері бойынша Директорлар кеңесіне ұсыныстар әзірлейді.

116. Сыйақылау комитеті осы Кодекстің 115-тармағында көрсетілген тұлғаларды сыйақылауды қарау кезінде олардың лауазымдық міндеттерін және/немесе Акционерлердің жалпы жиналысы және/немесе Директорлар кеңесі бекіткен Қоғам қызметінің басты көрсеткіштерін орындауын, сондай-ақ қызмет түрі мен ауқымы ұқсас басқа компаниялардағы еңбекке ақы төлеуді назарға алады. Бұл ретте Қоғамның қызметін тиісті деңгейде жетілдірмей, сыйақылауды көтеру тәуекелін ескеру қажет.

117. Сыйақылау комитеті еншілес және тәуелді ұйымдардың директорларға және Басқарма мүшелеріне (бірегей атқарушы органға) сыйақы төлеу бойынша үлгі ережелерін қарайды және тиісті ұсыныстар мен ескертулер береді.

118. Директорлар, Басқарма мүшелері және Қоғамның басқа да қызметкерлері консультациялық қызметке немесе Сыйақылау комитетіне көмек көрсетуге тартылған жағдайларда, соңғысы мүдделер қақтығысын анықтап, алдын алу қажет. Бірде-бір тұлға өзін сыйақылауды анықтау үдерісіне қатыспауы тиіс.

1.4. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
119. Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, белсенділік, әділдік, адалдық, жауапкершілік және дәлме-дәлдік қағидаттарына негізделеді.

120. Директорлар кеңесінің отырыстары ұтымдылық, тиімділік және тұрақтылық қағидаттарына сүйене отырып, өкілеттігі басталған мерзімнен бастап жыл сайын жасалатын графикке сәйкес өткізіледі. Директорлар кеңесі жылына кемінде алты рет отырыс өткізуі тиіс.

121. Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізу бойынша ішкі іс-жосықтарды әзірлейді және оларды орындайды. Бұл іс-жосықтар Директорлар кеңесі отырыстарының барлық қажетті қызмет параметрлерін тәртіптемелеуі тиіс.

122. Директорлар кеңесі өз отырыстарының толық хаттамаларын жүргізеді, онда барлық мәселелердің талқылануы тиісті деңгейде тіркеледі. Қатысу тәртібімен өткізілетін отырыстың хаттамасына директорлар, корпоративтік хатшы немесе Директорлар кеңесі анықтаған өзге тұлға қол қояды және жеке дауыс беру нәтижелері қамтылады. Қоғам Директорлар кеңесінің қабылдаған ірі мәмілелерді мақұлдау сынды барлық маңызды шешімдерін көрсететін стенограмманы сақтайды. Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруді өткізу ерекшеліктері заңнамада, Қоғам Жарғысында және Директорлар кеңесі туралы ережеде белгіленеді.

123. Директорлар кеңесінің отырыстарын өткізу дауыс берудің нақты нысанын таңдауды негіздей отырып, қатысу тәртібімен немесе сырттай дауыс беру нысанында көзделеді, бұл ретте сырттай дауыс беру нысанындағы отырыстар саны барынша азайтылуы тиіс. Тізбесі белгіленуі тиіс маңызды мәселелер Директорлар кеңесінің қатысу тәртібімен дауыс беру нысанындағы отырыстарында ғана қаралады.

124. Қоғам қызметінің аса маңызды, басты, стратегиялық мәселелерін қарау және шешімдер қабылдау Директорлар кеңесінің қатысу тәртібімен дауыс беру нысандағы отырыстарында жүзеге асырылады. Мұндай мәселелердің нақты тізбесін Директорлар кеңесі бекітеді.

125. Ерекше жағдайларда Директорлар кеңесі отырысының екі нысаны біріктірілуі мүмкін. Бұл бір немесе бірнеше директор (30% аспайды) Директорлар кеңесінің отырысына жеке өзі қатыса алмайтын жағдайларға қатысты. Бұл ретте болмаған директор қаралатын мәселелердің талқылауына техникалық байланыс құралдарын пайдалану арқылы қатыса алады және өз пікірін жазбаша түрде ұсынуы тиіс.

126. Директорлар кеңесінің қарауына шығарылған мәселе бойынша мүддесі бар директор осы мәселе бойынша талқылауға және дауыс беруге қатыспайды, бұл жөнінде Директорлар кеңесінің хаттамасына тиісті жазба түсіріледі.

127. Директорлардың сыйақы мөлшері туралы мәліметті Қоғам заңнамаға сәйкес ашады. Есепті кезеңде директорлардың сыйақы мөлшері туралы мәліметтер акционерлерге дайындалған жылдық есепте міндетті түрде ашылуы тиіс.

128. Директорлар Қоғам жағдайының мониторингін жүргізуі және Басқарма мүшелерімен және Қоғам қызметкерлерімен тұрақты байланыс ұстауы тиіс.

129. Директорлар кеңесі бұрынғы директорлардың Директорлар кеңесі құрамындағы қызметі тоқтағаннан кейін Қоғам туралы ішкі (қызметтік) ақпаратты жарияламау бойынша ескіру мерзімін белгілейді.

130. Құрамына Қоғамның жылдық есебі қосылатын және Акционерлердің жалпы жиналысына ұсынылатын Директорлар кеңесінің жылдық есебінде белгілеген тәртіп пен мерзімде мынадай ақпарат көрсетіледі, бірақ мұнымен шектелмейді:

- Директорлар кеңесінің және Басқарманың құрамы, оның ішінде Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директорлар, тәуелсіз директорларды, Басқарма төрағасын және комитет мүшелерін таңдау критерийлері көрсетіліп;

- Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің отырыстарының саны, сондай-ақ әрбір директордың Директорлар кеңесінің және құрамына кіретін комитеттің отырыстарына қатысуы;

- функцияларын орындауы бойынша комитеттердің жұмысы туралы есеп, оның ішінде Директорлар кеңесінің комитеттердің жекелеген ұсыныстары және/немесе ұсынымдарын қайтару себептерін көрсетіп;

- шешімін Директорлар кеңесі немесе Басқарма қабылдайтын мәселелер туралы, сондай-ақ Басқарма төрағасына шешім қабылдау сеніп тапсырылған мәселелер туралы толық ақпаратты қоса алғанда, Директорлар кеңесінің және Басқарманың жұмысы туралы есеп;

- Қоғамның позициясын және оның даму перспективасын бағалау;

- Директорлар кеңесінің, комитеттердің, жекелеген директорлардың, Басқарманың, Ішкі аудит қызметінің және оның басшысының қызметтерін бағалау үдерісі;

- Қоғамға қатысты акционерлердің пікірін есепке алу бойынша Директорлар кеңесінің қабылдаған шаралары (тікелей қарым-қатынас, брифинг арқылы).



1.5. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ
131. Директорлар кеңесі жыл сайын өз қызметінің, оның комитеттерінің, әрбір директордың жұмысының ресми және жан-жақты бағасын беру қажет. Бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің отырысында талқыланады. Ешбір директор өз қызметін бағалау үдерісіне қатыспауы тиіс.

132. Директорлар төраға жұмысын бағалау бойынша бір тәуелсіз директордың басшылығымен жыл сайынғы отырыстар өткізеді.

133. Директорлар кеңесінің төрағасы, Тағайындау комитеті мен Сыйақылау комитеті Директорлар кеңесі қызметін бағалау нәтижелерімен танысып, оның нәтижелерін ескере отырып әрекет етуі тиіс, Директорлар кеңесінің мықты және әлсіз жақтарын тануы және қажет болған жағдайда, акционерлерге Директорлар кеңесіне жаңа мүшелерді сайлауды және/немесе директорларды лауазымынан босатуды ұсынады.

1.6. АҚПАРАТ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ
134. Директорлар кеңесіне уақытылы өз міндеттерін орындауға мүмкіндік беретін сапалы ақпарат ұсынылуы қажет. Барлық директорлар өз лауазымына ресми түрде кірісіп, өз кәсіби білімі мен дағдыларын тұрақты түрде жетілдіріп отыруы тиіс.

135. Директорлар кеңесінің төрағасы директорлардың дәл және айқын ақпаратты уақытылы алуын қамтамасыз етеді. Басқарма, Ішкі аудит қызметі мұндай ақпаратты ұсынуға міндетті, ал директорлар қажет болған жағдайда түсініктемелер мен түсіндірмелерді талап ете алады.

136. Директорлар кеңесінің төрағасы жаңадан сайланған директорларға лауазымға қосылу бағдарламасын беруді қамтамасыз етуі тиіс.

137. Директорлар кеңесі мен оның комитеттері белгіленген тәртіппен тиісті жылға Қоғамның бюджетінде көзделген қаражат шегінде сыртқы сарапшылар мен консультанттардың қызметін пайдалануға құқылы.

138. Директорлар кеңесі өз функцияларын толыққанды орындауына қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі тиіс.

1.7. СЫЙАҚЫЛАУ
139. Директорларға сыйақы беру мәселелері Акционерлердің жалпы жиналысының шешіміне шығарылады.

140. Сыйақы мөлшері директорларды тарту, сақтау және уәждемелеу үшін және олардың тиімді қызметі үшін жеткілікті болуы қажет.

141. Қоғамда директорларға сыйақы берудің транспарентті саясаты болуы қажет. Директорлардың сыйақы мөлшері олардың жұмысқа бөлетін уақытына және директорлардың өз міндеттерін орындау сапасына бара-бар болуы қажет.

142. Директорларға сыйақы беру шарттары олармен жасалатын шарттарда және қажет болған жағдайда, Қоғамның ішкі құжатында көрсетілуі тиіс.

143. Басқарма төрағасы Директорлар кеңесінің құрамына сайланған жағдайда, Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы алмайды.
2. БАСҚАРМА
144. Басқарма Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.

145. Басқарма заңнама мен Жарғы бойынша Қоғамның басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған Қоғам қызметінің кез келген мәселелері бойынша шешім қабылдауға құқылы.

146. Басқарма заңнама және листингілік ереже талаптарына сәйкес ақпаратты ашу мен Қоғам қызметін ақпараттық жария еткені үшін жауапты және ішкі (қызметтік) ақпаратты қорғауға және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

147. Басқарма Акционерлердің жалпы жиналысы мен Директорлар кеңесінің қойған мақсаттарын жүзеге асыру үшін адами ресурстарды бөлуге жауапты.

148. Басқарма Қоғам қызметкерлерінің тиімді жұмысқа деген мүдделілігін жасауы қажет, әрбір қызметкердің Қоғамдағы өз жұмысын құрметтей алатын жағдай туғызуға талпынуы, оның өз материалдық жағдайы жалпы Қоғам жұмысының нәтижесіне байланысты екенін түсінуі қажет.

149. Басқарма мүшелігіне кандидатты таңдаудың міндеттері, функциялары, критерийлері және Кодекстен басқа, Басқарма қызметінің тәртібі Жарғыда және Қоғамның ішкі құжаттарында анықталады.

2.1. БАСҚАРМАНЫ ҚҰРУ
150. Басқармадағы лауазымға сайлау кезінде Директорлар кеңесі осы лауазымдардың кандидаттарына қойылатын біліктілік талаптарын анықтайтын Қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін және оларды сайлау іс-жосықтарын ұстанады. Директорлар кеңесі белгіленген тәртіппен Басқарма мүшелерінің өкілеттіктерін тоқтата алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет