"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы



бет1/10
Дата18.05.2020
өлшемі1.05 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 2), 5), 11) тармақшаларына, 17-бабының 4-тармағына және 28-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:


      1. Қоса берілген:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары;
      2) осы бұйрықтың 
2-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары;
      3) осы бұйрықтың 
3-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 
4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.


      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері министрі                Т.Донақов

Қазақстан Республикасының  
Мемлекеттік қызмет істері 
 
министрінің       
 
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 12 бұйрығына 1-қосымша

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер


      1. Осы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 27-бабына сәйкес «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізудің тәртiбiн айқындайды.
      2. Конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке тең қол жеткiзу конституциялық құқығын қамтамасыз етедi.
      3. Конкурс «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдары бар (бұдан әрі – бос лауазымдар) мемлекеттік органмен өткiзіледi.
      4. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы бар кезде мемлекеттік орган конкурсты өткізбей тұрып, сәйкес келетін лауазым санаты бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадрлық резервінде тұрған азаматтардың тізімін қарастырады.
      «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне қабылданған азаматтың мемлекеттік орган белгілеген бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік орган оны Заңның 
68-бабына сәйкес «Б» корпусының кадрлық резервінде болудың жылдық мерзімі өткенге дейін «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына конкурс өткізбей тағайындай алады.
      Осы тармақ 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.
      5. Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асыру үшін конкурс комиссиясын қалыптастырады.
      6. Конкурс комиссиясының шешiмi бос лауазымға қабылдау немесе мұндай лауазымға қабылдаудан бас тарту үшін негiз болып табылады.
      7. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оны өткізудің кез келген кезеңінде тоқтатылуға тиіс.

2. Конкурс өткiзудiң тәртiбi


      8. «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:
      1) ішкі конкурс;
      2) жалпы конкурс.
      9. Конкурс бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
      1) конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
      2) конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтардың құжаттарын қабылдау;
      3) мемлекеттік органның конкурс комиссиясын немесе бірыңғай конкурс комиссиясын құру;
      4) конкурсқа қатысушылар құжаттарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн қарау;
      5) кандидаттармен мемлекеттік органның конкурс комиссиясы өткiзетiн әңгiмелесу;
      6) мемлекеттік органның конкурс комиссиясының қорытындысы.
      10. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
      11. Конкурсқа Заңның 
16-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
      12. Конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін мемлекеттік органға құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары конкурс қатысушылары болып табылады.
      13. Конкурс комиссиясы шешімінің негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурс қатысушылары бос лауазымға орналасуға кандидаттар (бұдан әрі – кандидаттар) болып табылады.
      14. Конкурс комиссиясы конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, кандидаттармен әңгiмелесу өткiзедi және бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға iрiктеудi жүзеге асырады.


Каталог: zagruz -> files
files -> Федоров ауданы әкімінің ресми порталының «Бизнесті қорғау» бөліміне келіп түскен кәсіпкерлердің өтініштерін қарау ережесі жалпы ережелер Осы Ереже Федоров ауданы әкімі ресми порталының «Бизнесті қорғау»
files -> Құрамы 1 Аслиев Александр Хаджиевич «Федоров ауданының ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы
files -> Общие сведения о районе
files -> Қостанай облысы Федоров ауданы Федоров ауылдық округі әкімінің шешімі Федоров ауылы №11 2018 жылғы 15 қаңтар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
files -> 2015 жылғы «23» 10 №303 қаулысымен мақұлданды
files -> 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет