Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы


– тапсырма. Кәсіпорынның айналым құралы



бет11/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

10 – тапсырма. Кәсіпорынның айналым құралы
Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір – бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым құралдарын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.

Айналым қаржылары (капиталы) – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым құралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа – айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді. Айналым өндіріс қоры шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және энергияқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетіктер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшадай көрсеткіште сипатталады.



Айналым қорының құрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, кассадағы ақша, есеп айырысып бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.

Айналым құралы айналымдық үрдісінде үш сатыдан өтеді: біріншісі – ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі - өндіріс (өнімді дайындау үрдісі), үшіншісі – тауарлы (дайын өнімді сату), яғни кәсіпорындарда ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады (А – А1). Өнімді сатудан түскен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құрлдары жаңа айналымдылық шеңберіне ауысады.

Айналым құралы нормалық деңгейде нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді.

Нормаланатын айналым құралына өндіріс босалқыларын құрайтын шикізат, материалдар, ыдыс-қорап, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар т.б. жатады.

Өндірісте әлі де болса өңдеуден өтпеген (көмір, мұнай, мақта, ағаш т.с.с.) еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтуға болады. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалдарды жатқызамыз (мәшине жасау зауытында метал, нан пісіретін наубайханада ұн, маталарда мақта т.б.). ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті және оның сырт түрімен талапқа сай болуын (лак, сыр, тұз, қант, жіп, май) немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін керекті заттарды жатқызамыз.



Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өңдеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер. Аяқталмаған өнімге кеткен материалдарға, отынға, энергияқуатына, еңбек ақыға белгілі көлемде шығындар жұмсалады, бірақ олар әлі де болса өңдеуден толығымен өтпеген, сол себептен оларды сатуға болмайды.

Айналым құралын нормалауда табиғи және ақшалай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.

Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сиымдылығы (МС) және оның кері көрсеткіші - өнімнің материал қайтарымдылығын (МҚ) көрсетеді.

Материал сиымдылығы (МС) және өнімнің материал қайтарымдылығы (МҚ) тауарлы өнім көлеміне (ТӨ) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.

Мш ТӨ

МС = —— ; Мк = —— ; (4.3)



ТӨ Мш
Сатылған өнім көлеміне (СӨ) есептегенде:

Мш СӨ


МС = —— ; МҚ = —— ; (4.4)

СӨ Мш
Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштерінге келесілер жатады:



  • Айналым құралының айналым коэффициенті;

  • Айналым құралының жүктеу коэффициенті;

  • Айналым құралының айналу жылдамдығы.

Айналым құралының айналым коэффициенті (Ка) – бір жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипатталынады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сомасын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы нормасын көрсетеді:

СӨ

Ка = —— ; (4.5)



АҚ

Мұнда, Ка – айналым құралының айналым коэффициенті;

СӨ - сатылған өнім көлемі, теңге;

АҚ – айналым қорының орташа жылдық құны, теңге.

Айналым коэффициенті жоғары болғаны – айналым құралының тиімді пайдаланғанын көрсетеді.

Айналым құралын тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш – айналым құралын жүктеу болып табылады, айналым коэффициентінің өлшемінің кері қатынасын көрсетеді. Ол айналым құралының сомасына, сатылған өнімге жұмсалған шығындардың бір теңгесімен сипатталынады:


АҚ

КЖ = —— ; (4.6)

СӨ

Мұнда, КЖ – айналым құралының жүктеу коэффициенті.



Неғұрлым айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым құралы тиімді пайдаланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.

Кәсіпорында айналым құралының айналымдылығы келесі факторларға байланысты болып келеді: өндіріс циклының ұзақтығына, шығарылатын өнімнің сапасына және оның бәсекеге төтеп беруіне, өнімнің материал сиымдылығын төмендету жолдарына, жабдықтау тәсілі және өнімді өткізу әдістеріне, айналым құралын тиімді пайдалану бағыттарын жетілдіруге.

Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым құралы неше уақытта толық айналымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклының ұзақтығын (ҮӨ) айналым коэффициентіне (КА) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады:

К

ҮӨ = —— ; (4.7)



Ка

Мұнда, К – мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)

Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын немесе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдылық саны артса, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналыста болса, соншама оларды тиімді пайдаланады.

Айналым құралдарының айналымын жеделдету – кәсіпорынның бірінші кезектегі мәселесі, оны орындауды келесі жолдармен іске асырады.


  1. Өндіріс босалқы қоры сатысында – ғылыми түрде негізделген босалқы нормасын ендіру; тұтынушыларға шикізатты, жартылай фабрикаттарды, жабдықтаушы бұйымдарды т.б. қамтамасыз етушілерге жақындату; тұрақты байланыстарды нығайту.

  2. Аяқталмаған өндіріс сатысында – ғылыми – техникалық прогресті тездету, үлгіге салу, үйлестіруді, өндіріс үлгісін дамыту;шикізат және отын – энергетикалық ресурстарды пайдалануды үнемдеу; жоғарғы сұраныстағы өнімнің үлес салмағын арттыру.

  3. Айналым сатысында - өнімді өндірушілерді тұтынушыларға жақындату, есеп айырысу жүйесін жаңалау, тыңғылықты және өз уақытында партиялар, ассортименттер, транзиттық мөлшерде жасасқан келісім – шарт бойынша өте қатаң түрде өнімді жеткізіп беру.

Кәсіпорында айналым құралдарының нормасы өндіріс үрдісінің ойдағыдай жұмыс істеуіне жеткілікті, ең аз мөлшердегі анықталған айналым құралының көлемі деп түсінеміз.

Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорында айналым құралын жоғарыдан ешкім белгілемейді және тексермейді. Сондықтан кәсіпорын алдағы тіршілігін өзі белгілеп, үнемі бақылаудан өткізіп отырады. Рыноктық қатынас жағдайында айналым құралын нормалау маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның соңғы көрсеткіштері – төлеу қабілеттілігі және қаржылық жағдайының жақсаруына ықпал етеді.

Жалпы айналым құралын нормалау (Нж) жеке мөлшерлер сомасынан тұрады:

Нж = Нөб + Наө + Ндө + Наш, (4.8)

Мұнда, Нөз - өндіріс босалқысының нормасы;

Нао – аяқталмаған өндіріс нормасы;

Ндө - дайын өнім нормасы;

Наш – алдағы мезгілде жұмсалатын шығын нормасы.

Мөз – күнделікті босалқы нормасынен, дайындалған және сақтандырылған босалқы қорларынан қалыптасады. Ол төмендегі формула бойынша анықталады:
Мөз = Өтэу (Nкз + Nдз + Nсақ), (4.9)

Мұнда, Өтэу – материалдарда орта тәулік пайдалану;

Nкз – күнделікті босалқы нормасы, күн;

Nдз – дайындалған босалқы нормасы, күн;

Nсақ – сақтандыру босалқы нормасы, күн.

Аяқталып бітпеген өндірісті нормалау (Нао) көлемі төмендегі формуламен анықталуы мүмкін:
Наө = ӨҚ * ҮӨ * Кү, (5.0)

Мұнда, ӨҚ– жоспарлы өнім шығару көлемінің өзіндік құны;

ҮӨ - өндіріс циклінің ұзақтығы;

Кү– шығынның үдемелі коэффициенті.

Кәсіпорында өнімді бір қалыпта шығару үшін, шығынның үдемелі коэффициентін (Кү) келесі формула бойынша анықтауға болады:


Кү =

Шб + 0,5Ш

Шб + Ша

(5.1)


Мұнда, Шб - өндіріс үрдісіндегі бастапқы бір жолғы туындаған шығын;

Ша – дайын өнімді өндіру аяқталғанға дейінгі соңғы шығындар.

Сонымен, аяқталмаған өндірісте айналым құралдар нормасы, өнімді өндіру тәуліктік көлеміне, өндірістің цикл ұзақтығына және шығынның үдемелі коэффициентіне байланысты. Ол бұйымның дайындық деңгейіне және аяқталмаған өндірістің өзіндік құны, дайын өнім өзіндік құнына қатынасымен сипатталады.

Айналым құралының дайын өнім босалқы нормасын (Ндө) төмендегі формула бойынша анықтауға болады:
Нqө = ӨҚ(Уж + Ук), (5.2)

Мұнда, ӨҚ - тәуліктегі дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны;

Уж – тұтынушыларға дайын өнім партиясын жіберудегі керекті уақыт, күн;

Ук – тұтынушыларға жүкті жіберудегі тиісті құжаттарын дайындауға қажетті уақыт, күн, сағат;

Кәсіпорында айналым құралдарын нормалау – негізгі және маңызды басқару жұмысы болып саналады. Бұл әсіресе орта және ірі кәсіпорындарда алдына қойылған мәселенің негізгісі болып табылады.

Бақылауға арналған тест сұрақтары


  1. Айналым құралы – бұл:

а) өзінің құнын біртіндеп өнімге аударатын құралдар;

б) өндірістің бір циклінде тұтынылып толығымен қолданылатын өндіріс қорының бір бөлігі;

в) өзінің заттай түрін өзгертпейтін еңбек заттары;

г) өндіріс циклінде қызмет етіп, өндіріс үрдісінде біраз қатысатын құралдар;

д) өзінің заттай түрін өзгертпейтін, ұзақ уақыт өндірісте қызмет ететін еңбек құралы;


  1. Өңделу қорынтындысында пайда болған еңбек заттары және өндірістің бақылау қызметкерлерінің қабылдауынан өткен бұйымды не деп атаймыз?

а) өзі өндірген жартылай фабрикаттар;

б) сатып алынған жартылай фабрикаттар;

в) дайын өнім;

г) аяқталып бітпеген өндіріс;

д) алдағы жылдарда жұмсалатын шығын;


  1. Өндірістік босалқы құрамына кірмейтіні қайсысы?

а) шикізат және негізгі материалдар;

б) көмекші материалдар;

в) қосалқы бөлшектер;

г) сатып алынған жартылай фабрикаттар;

д) өзі өндірген жартылай фабрикаттар;


  1. Айналым қорын және қор айналымын тұтас алғанда нені көрсетеді?

а) негізгі құралын;

б) айналым құралын;

в) өндіріс қорын;

г) айналым қорын;

д) дұрыс жауабы жоқ;


  1. Айналым құралын жоспарлағанда келесі үш әдісті қолданады:

а) талдау, коэффициенттік және тура есеп әдісі;

б) статистикалық, тарифтік және жанама есеп әдісі;

в) статистикалық, талдау және орта жылдық есеп әдісі;

г) нақты мәлімет, болжамдау мәліметі және тура есеп әдісі;

д) дұрыс жауабы жоқ;


  1. Айналым қорына төмендегінің қайсысы жатпайды?

а) дебиторлық қарыздар;

б) қоймадағы дайын өнімдер;

в) ақша қаражаттары;

г) тиеліп жіберген дайын өнімдер;

д) алдағы мерзімде орын алатын шығын;


  1. Сатылған өнімнің құнын, кәсіпорындағы айналым құралының (бір жыл, тоқсан, ай) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым құралдың орташа қалдығына қатынасымен анықталады, оны не деп атайды?

а) айналым құралын үнемдеу;

б) айналым құралының айналым жылдамдығы;

в) айналым құралының айналым коэффициенті;

г) айналым құралын пайдалану тиімділігі;

д) дұрыс жауабы жоқ;


  1. Айналым құралының өндіріс босалқыларына төмендегі аталғандардың қайсысы жатады?

а) қоймадағы дайын өнімдер;

б) тиеліп жіберген бұйымдар;

в) ақша қаражаттары;

г) аяқталмаған өндіріс;

д) шикізаттар, негізгі материалдар, отын, жабдықтар;


  1. Қор айналымына жататындар:

а) дайын өнім, алдағы жылдардағы шығын, аяқталмаған өндіріс;

б) өндіріс босалқыларына жататын алдағы шығындар;

в) өндіріс босалқытары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім;

г) дайын өнім, ақша қаражаттары, есеп – шоттардағы барлық түрдегі ақша қаражаттары;

д) аяқталмаған өндіріс, алдағы жылдарда болатын шығын;


  1. Өндірістің шеңберінен, айналым шеңберіне айналым құралдарының үздіксіз өтуі және біртіндеп айналуы нені көрсетеді?

а) өндіріс үрдісін;

б) айналым құралының айналымдылығын;

в) еңбек заттарын дайындау;

г) еңбек заттарын сату;

д) еңбек үрдісін;
11 – тапсырма. Кәсіпорынның айналым құралдары бойынша есептер
1. Өткен жылы шығарылған трактордың қуаттылығы 110 ат күшін құрды, ал оның салмағы 3,56 т. Биылғы жылы тракторды келесі көрсеткіштермен шығара бастады: қуаттылығ – 150 ат күші, оның салмағы бұрынғы базалық модельмен салыстырғанда 10% - ға көбейді. Жаңа модель мен ескі трактордың салыстырмалы материал сиымдылығын анықтау керек.

Шешімі:


БС

а) МС= ——— ; (5.3)

Қс

3560

б) Сб.с.(өткен жыл) = ——— = 32,364 кг/ат күші;

110

3560*1,1 3916кг



в) МС= (биылғы жыл) = ———— = ———— = 26,107 кг/ат күші.

150 150ат күші


2. Кәсіпорын бойынша келесі кестедегі мәліметтерге қарап, айналым құралының айналымдылық коэффициентін анықтау керек:


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Саны

Жылдық өндірілген тауарлы өнімнің өзіндік құны

мың теңге

1100

Оның ішінде материал шығындары

мың теңге

500

Өндіріс қорының нормасы

күндер

15

Дайын өнімнің қор нормасы

күндер

10

Тауарлы өнімге шаққандағы бір теңге шығыны

теңге / теңге

0,7

Өндіріс циклының ұзақтығы

күндер

30

Шешімі:


  1. Айналым құралының нормаланатын жалпы сомасы:

НАҚ = ӨҚ + НӨМ + НДО
500 мың теңге

а) ӨҚ = —————— * 15 күн = 20,83 мың теңге

360 күн

1100 мың теңге



б) НӨМ = —————— * 30 күн * 0,73 = 66,92 мың теңге

360 күн


500 мың теңге + (1100 мың теңге – 500 мың теңге)

Кау = ———————————————————————— * 0,73 = 0,73

1100 мың теңге
1100 мың теңге

в) НӨМ = —————— * 10 күн = 30,56 мың теңге

360 күн
НАҚ = 20,83 мың теңге + 66,92 мың теңге + 30,56 мың теңге = 118,31 мың теңге.


  1. Айналым коэффициенті:

1100 теңге

Өск = ———— = 1571,43 мың теңге

0,7 теңге

1571,43 мың теңге

Кақ = ———————— = 13,28

118,31 мың теңге


3. Кәсіпорынның есепті жылда айналым құралы 1400 мың теңгені құрды. Материалдық шығындардың жалпы айналым құралындағы үлес салмағы – 25 %. Келесі жылы материалдарды жұмсауды бір бұйымға шаққанда 15% - ға төмендетуді жоспарлап отыр. Жұмсалатын материал нормасын қысқарту есебінен келесі жылы айналым құралының көлемі қандай болатынын анықтау керек:

Шешімі:


1) Есепті жылда айналым құралының жалпы сомадағы материалдар құнына шаққанда:
1400 мың теңге * 25 %

МҚ = ——————————— = 350 мың теңге

100%
2) Келесі жылы материалдардың құны айналым құралының жалпы сомасына қанша көлемде төмендейді:
350 мың теңге * 15 %

МҚж. = ——————————— = 52,5 мың теңге

100%
3) Келесі жылы материалға жұмсалатын шығынды қысқарту есебінен айналым құралының көлемі қандай болады:
АҚ = 1400 мың теңге – 52 мың теңге = 1347,5 мың теңге
12 – тапсырма. Кәсіпорынның айналым құралдары бойынша есептер
1. Есепті жылда кәсіпорында мөлшерленетін құрал сомасы 100000 мың теңгені құрады. Бір айналым құралының айналым ұзақтығы 35 күн. Келесі жылы өнімді сату көлемі 5 % - ға өсіріледі. Мөлшерленетін айналым құралының сол қалыптағы көлемінде бір айналым уақыты қанша күнге қысқарады.

Шешімі:


360 күн

1) Есепті жылда айналу коэффициенті: Каке = ———— = 10,3

35 күн
2) Есепті жылда өнімді сату көлемі(ӨСК)

ӨСК = КАҚ * АОҚ = 10,3 * 100000 теңге = 1030000 теңге

3) Келесі жылда өнімді сату көлемі:

ӨСК = ӨСК* 1,05 / АОҚ = 1030000 теңге * 1,05 / 100000 = 10,8


4) Келесі мезгілде айналу коэффициенті:

ӨСК


Аақж = ——— = 1081000 теңге / 100000 = 10,8

Ақ
5) Келесі мезгілде айналым ұзақтығы: (АҰ)

360 күн 360 күн

АҰ = ———— = ———— = 33,3 күн

Каак 10,81
6) Келешек мезгілде бір айналымның ұзақтығы қысқартылады:

∆АҰ= АҰ – АҰ = 33,3 күн – 35 күн = - 1,7 күн немесе 1,7 күнге қысқарады.


2. 65 дана «А» түріндегі бұйымды дайындауға 6,5 т. болат жұмсалады, оның бағасы 205 теңге/т., мата – 1725м2, бағасы 30 теңге/м2, сым темір – 600метр, бағасы 230 теңге/метр, желім құрама – 800кг., бағасы 78 теңге/кг.

Материал сиымдылығы бірлігін анықтау керек:

Шешімі:

∑ ж мш күнделікті өндіру



Мбірлігі = —————————————

Q

6,5 * 205 + 1725 * 30 + 600 * 230 + 800 * 78



Мбірлігі = —————————————————— = 3899,7 теңге

65
3. Өнімді сату көлемі есепті жылда 20 млрд теңгені құрды, орта жылдық айналым құралының қалдығы – 5 млрд теңге. Жоспарлы мезгілде өнімді сатуды 20% - ға көбейту белгіленіп отыр, ал айналымдық коэффициентті – бір айналымға жоспарланған. Айналым құралын пайдалану және оның басталуын есепті және жоспарлы мезгілде көрсеткіштерін анықтау керек.

Шешімі:


  1. Айналым құралын есепті мезгілде пайдалану көрсеткішін анықтаймыз:

20 360

Ка = —— = 4 айналым; Кұұ = ——— = 90 күн

5 4


  1. Айналым құралын жоспарлы мезгілде пайдалану көрсеткішін анықтаймыз:

360

Ка = 4 + 1 = 5 айналым; Кұз = ——— = 72 күн

5


  1. Айналым құралын босатылуын анықтаймыз:

∆Q = Qa – Qжос

24 24

∆Q = —— - —— = 6 – 4,8 = 1,2 млрд. теңге



  1. 5

Мұнда, Qa – жоспарлы мерзімдегі айналым құралына талабы, егер оның жедел айналымдылығы болмаған жағдайда. Qжос – жоспарлы мерзімдегі айналым құралына талабы, олардың айналымдылығын тездету.


13 – тапсырма. Кәсіпорынның еңбек ресурстары
Кәсіпорын өндірісіндегі негізгі факторларға еңбек құралы, еңбек заты және мамандар жатады.

Еңбек – негізгі материалдық және рухани байлық көзі, ал еңбек ететін мамандар – қоғамның басты өндіргіш күші. Еңбек ететін адамдар – бұлар іртүрлі қабілеттегі, ынтадағы және талаптағы адамдар.

Еңбек ресурстары дегеніміз – халықтың еңбекке жарамды бөлігі, күш жігері мол, білімді және халық шаруашылығында жұмыс істеуге тәжірибесі бар адамдарды айтады.

Халықтың еңбекке жарамдылығы деген ұғым өндірістің шешуші факторы ретіндегі жұмыс күшін қолдану үрдісінде адамның қолданатын күш – қуат және интеллектік қабілеттердің жиынтығын білдіреді. Оның үстіне жұмыс күші тікелей адамның белгілі көлемдегі және сападағы жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімі мен қабілетін құрайды.

Белгілі уақыттағы еңбек ресурстарының тізімдегі құрамы – мамандардың және жұмысшылардың санын құрайды. Тізімдегі құрамға: 1) негізгі, 2) негізгі емес етіп қызметке қабылданған – тұрақты, уақытша және маусымдық жұмысшылар саны кіреді.

Тізімдегі құрамға – барлық жұмысқа келген, сонымен бірге демалыстағы, іс – сапардағы, ауруына сәйкес жұмысқа келе алмаған, өндіріс саласындағы қызмет атқарып жүрген адамдар кіреді. Тізім бойынша құрамдағы адамдардың орташа тізімдегі санынан айырмашылығы апта, ай, тоқсан, жыл аралықтарындағы көрсеткішпен анықталады.

Орта тізімдегі санды – бір ай ішіндегі істеген жұмысшылар санын, бір айдағы күндерді қосып (демалыс, мейрам күндерін қоса) қосындыны ай ішіндегі күндерге бөлу арқылы анықтайды. Осы тәсілмен сол сияқты, тоқсан, жылдық орташа тізімдегі жұмысшылар санын шығарады.

Өндіріс саласында істейтін жұмысшыларды өздерінің өндіріс жұмысына қатысуына байланысты екі топқа бөлуге болады:

а) өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет етушілер (негізгі қызмет етушілер);

б) өнеркәсіптік емес мекемелерде (негізгі емес) болып бөлінеді.

Өнеркәсіп - өндіріс саласындағы қызмет етушілер өздерінің жұмыс қызметіне байланысты екі топқа бөлінеді:

а) жұмысшылар және

б) қызметкерлер болып

жұмысшылар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Кәсіпорында бұлардың ара қатынасы талдау көрсеткішімен сипатталады.

Негізгі жұмысшылардың сандық коэффициентін төмендегі формуламен анықтаймыз:

Кнж = 1 – Жкж / Жжэ (5.4)

Мұнда, Кнж – негізгі жұмысшылардың сандық коэффициенті;

Жкж – бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі қосымша жұмысшылар саны, адам.

Жж - бөлімшелерде, цехта, кәсіпорында орта тізімдегі барлық жұмысшылар саны, адам.

Бөлімшелердегі, цехта, кәсіпорындағы мамандардың құрамы деп әртүрлі категориядағы, жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық жұмысшылар санына қатынасын айтамыз.

Мамандардың құрамын талдау жасап анықтағанда жұмысшылар саны (ЖС) кәсіпорындағы жалпы орта тізімдегі жұмысшылар (Жж) санына салыстыру арқылы анықталады.

ЖС= Жі / Жж, немесе ЖС = (Жі * 100) / Жж (5.5)

Мұнда, Жі – орта тізімдегі жұмысшылар сандары (і - категориядағы), адам.

Еңбек ұжымы сан, құрамы жағынан, маманданған деңгейі әр уақытта тұрақты көлемде болмайды. Олар өзгеріп отырады: кейбір жұмысшы жұмысын өзгертеді, оның орнына басқа жұмысшы қабылданады. Осындай мамандардың өзгеріп отыруын – мамандардың ауысуы дейміз.

Кәсіпорындарда мамандардың осындай жағдайын бірнеше көрсеткіштер көмегімен анықтап отырады:

1. Мамандардың (жұмысшылардың) ауысу (кету) коэффициенті (Каж) – белгілі бір уақытта түрлі жағдаймен жұмыстан шығарылған жұмысшылар санының (ЖСжш) дәл сол уақыттағы жалпы орта тізімдегі санына (ЖС0) қатынасымен анықтайды:

КАЖ = ЖСжш / ЖС0 * 100 (%) (5.6)

2. Мамандарды (жұмысшыларды) қабылдау коэффициенті (Кқж) – белгілі бір уақытта қабылданған жұмысшылар санының (ЖСқж) дәл сол уақыттағы жалпы орта тізімдегі санына (ЖСж) қатынасымен анықталады:

Кқж = ЖСқж / ЖСж * 100 (%) (5.7)

Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды дұрыс жүргізуде және жоспардағы белгіленген жұмыс көлемін орындау үшін, әрбір жұмысшының еңбек етіп отырған саласындағы жұмысын анықтау мақсаты мен еңбегі нормалануы тиіс.



Каталог: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет