Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы



бет12/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

Еңбекті нормалау - өндіріс жағдайында белгілі бір нақты жұмысты орындауға жұмыслатын уақыттың жоғары деңгейін анықтау (белгіленген сағат, алмасу уақыт бірлігінде жоғары көрсеткіште өнім өндіру).

Еңбекті нормалау статистикалық және талдау әдістері арқылы іске асырылады. Мұның ішінде талдау әдісі прогрессивті деуге болады, мұнда нормалаудың қалыптасуы ғылыми тұрғыда болғандаықтан өндірісте кең қолданылады. Ал тәжірибеде – статистикалық әдісте, кәсіпорындағы қалыптасқан мәлімет бойынша жоспардағы мезгіл мен өткендегі мерзімдер мәліметін салыстыру арқылы жүргізіледі.


Кәсіпорынның еңбек ресурстары бойынша тест сұрақтары

1. Кәсіпорын цехтарында, зауыт басқармасында, қоймада, зертханада, күзеттегі барлық категориядағы жұмыс істейтін негізгі және қосымша қызметкерлер қайсысына жатады?

а) өнеркәсібінде емес қызметкерлер

б) қызметшілер

в) өнеркәсіп - өндірісіндегі қызметкерлер

г) жұмысшылар

д) орта буындағы қызметкерлер

2. Өнеркәсіп - өндірісіндегі қызметкерлер өздерінің орындайтын қызметіне байланысты екі негізгі категорияға бөлінеді:

а) өндірістік және өндірістік емес қызметкерлер

б) негізгі және көмекші

в) қызметкерлер және өндірісте емес қызметкерлер

г) жұмысшылар және қызметкерлер

д) маусымдық және уақытша жұмысшылар

3. Шаруашылықта қызмет ету, есеп және тексеру, құжаттарды дайындауды іске асыруда, кәсіпорын жұмысшының міндеті – ол кім?

а) жұмысшы

б) қызметкер

в) өнеркәсіп - өндіріс қызметкерлер

г) мамандар

д) өнеркәсіпте емес бөлімше қызметкерлері


  1. Кәсіпорында кадрлардың тұрақсыздық коэффициентін қалай анықтайды?

а) шығып кеткен жұмысшылар санын немесе жұмыстан босаған санды орта тізімдегі санға бөлу арқылы

б) кәсіпорыннан босаған сан арқылы

в) жұмысқа қабылданған санның орта тізімдегі санға қатынасымен

г) есепті жылда жаңадан қабылданған жұмысшылардың санына қатынасымен

д) жұмысшылардың кәсіпорындағы орта тізімдегі санымен


  1. Еңбек ресурстары дегеніміз – ол:

а) жұмысқа қажетті еңбек құралдары

б) жұмыс үрдісінде пайдаланылатын зат

в) жұмыс күшін тиімді пайдалану

г) қоғамның маңызды өндіргіш күші

д) қоғамға түскен қаржы көлемі

Есеп:


Кәсіпорында жыл бойы жұмысшылардың орта тізімдегі саны 600 адам. Жыл бойы өз еркімен 37 адам жұмыстан кетті, еңбек тәртібін бұзғаны үшін 5 адам жұмыстан шығарылды, 11 адам зейнетке шықты, ЖОО, армия қатарына 13 адам кетті, кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне және басқа жұмысқа 30 адам ауыстырылды. Осы мәліметтерді қолдана отырып анықтау және түсіндірме беру керек.

  1. Кадрлардың шығып кету коэффициенті (%)

  2. Кадрлардың тұрақсыздық коэффициенті (%)

Шешімі:

  1. (37+5+11+13):600=0,11

  2. (37+5):600 =0,07

Есеп:


Кәсіпорын кадрлар мәліметі бойынша құрылымын талдау және түсіндіру:





Өндіріске қызмет істеушілер 980




Анықтау және түсіндірме беру керек.



  1. Кәсіпорындағы қызмет істеушілердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағы%

б) негізгі жұмысшылардың сандық коэффициенті, %

в) бір жұмысшы санына шаққанда өнімді өндіру, егер жалпы өнім (ЖӨ) көлемі.

Шешімі:

а) (420+400):1000 =0,82 немесе 82%

б) 420: 820=0,51

в) 7056 мың теңге : 980 =7200 теңге.


14 – тапсырма. Кәсіпорынның еңбек өнімділігі және арттыру жолдары
Еңбек өнімділігі дегеніміз – кәсіпорында жұмысшылардың нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытысында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория.

Еңбек өнімділігінің деңгейін өнімге кеткен еңбек шығынын еңбек үрдісінің қорытындысымен салыстыру арқылы анықтайды.

Еңбектің көп саладағы жұмсалған алуан түрлі шығындарын екі топқа бөлуге болады:

а) жанды еңбек шығыны – нақты өнім өндіру мен тікелей айналысатын жұмысшылар категориясының жұмыс уақыты;

б) заттанған немесе затқа айналған шығын немесе өткендегі еңбек шығыны. Бұл затқа айналған еңбекте өнеркәсіп өндірісіндегі өндіріс құралдарын жасауға кеткен еңбек шығындары, яғни, шикізат, материалдарды, жабдықтарды т.б. өнеркәсіп салаларындағы өнім өндіруде қолданылатын құралдарға кеткен, өткен мезгілдегі еңбек шығындары.

Осыған орай еңбек өнімділігі жанды еңбек өнімділігі және қоғамдағы еңбек өнімділігі болып бөлінеді.

Қоғамдағы еңбек өнімділігі барлық жанды еңбек шығыны мен өткендегі еңбек шығындарын қосып есепке алса, жанды еңбек шығыны тек кәсіпорындағы өнімге кеткен шығынды қамтиды.

Сонымен, жанды еңбек өнімділігі өнеркәсіптің әрбір өндіріс бұйымдарындағы – бригада, цехтардан бастап салаға дейінгі еңбек өнімділігінің тиімділігін сипаттайды. Тек жанды еңбек - өнімді тікелей дайындайды.

Затқа айналған еңбек шығыны - өндірістің бастапқы кезеңінде жанды еңбектеніп, жанды еңбектің материалды жағдайын көтеруге қызмет атқарып, жанды еңбек өнімділгіне қатыспайды.

Қоғамдық еңбек өнімділігінде ғана жинақталған қорытындыны, тиімділікті анықтағанда жанды және затқа айналған жалпы еңбек шығындары бірге есептелінеді.

Еңбек шығынын азайтып, еңбек өнімділігін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын арзандатуға болады. Өнім өндіруде еңбек шығыны азайған сайын, өнімнің өзіндік құны арзандап, кәсіпорынның пайдалылығы өседі.

Еңбек өнімділігі – бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны немесе өнімді өндіру бірлігінде жұмсалған еңбек шығынымен өлшенеді.

Еңбек өнімділігі бірінші жағдайда - өнімді өндіруге кеткен уақыт бірлігінде, екінші жағдайда – еңбек сиымдылығы – дайындалған өнім бірлігінде есептелінеді.

Еңбек өнімділігі төмендегі формуламен анықталады:

ЕӨ = Өк / Е (5.8)

Мұнда, ЕӨ - еңбек өнімділігі

Өк - өндірілген өнім көлемі

Е - өнімді өндіруге кеткен еңбек шығыны, немесе

ЕС = Е / Өк (5.9)

Мұнда, ЕС – еңбек сиымдылығы.



Еңбек сиымдылығы дегеніміз - өнімді өндіруге жұмсалған еңбек нормасының, өндіндірілген өнім көлеміне қатынасын айтамыз. Еңбек шығындары оның құрамына ендіруге байланысты технологиялық еңбек сыиымдылығы, өндірісте қызмет ету еңбек сыйымдылығы, өндірістегі еңбек сиымдылығы және өндірісті басқару еңбек сыиымдылығы болып бөлінеді. Осы аталған сыиымдылықтардың негізгісіне тоқталсақ:

Өндірістегі еңбек сиымдылығы (ӨЕС) негізгі және көмекші жұмысшылардың еңбек шығындарын қамтиды, оны мына формуламен анықтауға болады:

ӨЕС. = ТЕС + ҚЕС (6.0)

Мұнда, ӨЕ.С. - өндірістегі еңбек сиымдылығы

ТЕС – технологиялық еңбек сиымдылығы, оған барлық негізгі жұмысшылардың кесімді және мерзімді еңбек шығындары жатады.

КЕС - өндірісте қызмет ететін көмекші жұмысшылардың еңбек шығындары.

Толық еңбек сиымдылығы (ТЕС.) барлық категориядағы өнеркәсіп - өндіріс қызметкерлерінің еңбек шығындары, оны мына формуламен анықтайды:

ТЕС = ТЕС + КЕС + БЕС (6.1)

Мұнда, БЕС - өндірісті басқаруға маманданған инженерлік – техникалық жұмыс істеушілер, қызметкерлер, кіші қызмет етуші қызметшілер.

Сонымен, өнім бірлігіндегі толық еңбек сиымдылығы (ТЕС) - өнім бірлігін жасауға кеткен барлық жанды еңбек шығынның сомасы. Ол адам – сағатпен өлшенеді.

ТЕС. = жұмсалған уақыт саны, адам – сағат / өндірілген өнім көлемі

Бұл әдістер өнеркәсіп салаларында әртүрлі техникамен жабдықталуына сәйкес, әртүрлі деңгейдегі өлшем болуына байланысты тәжірибеде пайдалану белгілі қиындықтарды туғызады. Сондықтан, өнеркәсіпте бұл әдіс кейбір салаларда еңбек өнімділігін өлшеу болмаса, өндірісте сирек қолданылады.

Еңбек өнімділігін арттыруда ең басты мәселе – ірі индустрияның материалдық негізін қамтамасыз ету, өндіріске ғылыми – техникалық жетістіктерді ендіру, жұмысшылардың білімін көтеру, мәдени – техникалық деңгейін арттыру, еңбек тәртібін реттеу және оны ұйымдастыруды жақсарту.


Бақылауға арналған тест сұрақтары.


  1. Еңбек өнімділігі дегеніміз бұл:

а) еңбектің нақты нәтижесінде зор табысқа жету

б) еңбекті дұрыс ұйымдастыруда жұмыс орнын таза ұстау

в) өнімнің сапасын жақсартып, еңбек ақы көлемін көбейту

г) жұмысшылардың нақты еңбегі нәтижесінде белгіленген мерзімде өнімді өндіру тапсырмасын сапалы орындау

д) жұмысшылардың нақты еңбегі нәтижесінде кеткен шығында азайта отырып пайда көлемін жоғарлату


  1. Еңбек үрдісінің қорытындысында пайда болады:

а) еңбек бұйымы

б) жаңа тұтыну құны

в) еңбек құралы

г) өндіріс түрі

д) өндіріс үрдісі


  1. Көп саладағы жұмсалған түрлі еңбек шығындарын екі топқа бөледі, ол қайсысы?

а) тұрақты, айнымалы еңбек шығындары

б) жанды және заттанған еңбек шығындары

в) тура және жанама еңбек шығындары

г) қосымша және толық еңбек шығындары

д) тура жауабы жоқ
4. Бір жұмысшының белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, жыл) істеген мерзімінде өндірілген өнім көлемі немесе өнім өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығыны – бұл:

а) өнімнің өзіндік құны

б) пайда

в) еңбек өнімділігі

г) рентабельділік

д) еңбекақы көлемі


5.Еңбек сиымдылығы дегеніміз – ол:

а) өнімді өндіруге кеткен материалдар, шикізаттар сомасының орташа жұмысшылар сомасына қатынасы

б) өнімді өндіруге жұмсалған, еңбек санының өндірілген өнім көлеміне қатынасы

в) өнімді өндіруге жұмсалған шығынның орта тізімдегі жұмысшыларға қатынасы

г) өнімді өндіруге кеткен уақыттың жалпы өнім құнына қатынасы

д) дұрыс жауабы жоқ.

Есеп

Кәсіпорын жұмысы жылдың ІІІ тоқсанда төмендегі көрсеткіштерге жетті




Көрсеткіштер

ІІІ тоқсан

ІІ тоқсанмен салыстырған есебінде

Өнім көлемі, мың теңге

160

153,8

Жұмысшылар саны, адам

10

125,0

Орташа өнім, теңге

16

123,1

Осы көрсеткіштерді қолданып анықтау және түсіндіру керек:



  1. Жұмыс істеушілердің санын өсіру нәтижесінде өнімнің өсімі (мың теңге)

  2. Еңбек өнімділігін (%) арттыру үлесінен өнімнің өсімінің үлес салмағын.

Шешімі:

ІІ тоқсандағы абсалюттік көрсеткіштер: 101; 8; 13; олардың ІІІ тоқсанда өзгеруі: +54; +2; +3:

Бұл көрсеткіштен:


  1. 2 х 13 =26 мың.


  2. 1-

    0,25

    .100=53,6%

    0,538


Есеп.


Жоспарлы жылы өнім көлемінің құны-256 млн.теңге болды, есептік жылы-278 млн. теңге болды. Жоспарлы жылы 2 мың адам болды, ал есептік жылы 1,5%-ға кеміді. Еңбек өнімділігінің өсуін табыңыздар?

Шешімі:


265000000:2000=132500000 теңге/адам.

2000---100%

Х -- 1,5%

2000-30=1970 адам

278000000:1970=141116750 теңге/адам

141116750-132500000=8616750 теңге/адам.


Есеп:

ІІІ тоқсанда бір жұмысшының өндірген өнімі 5000 теңге/адамды құрады. IV тоқсанда кәсіпорын 15 млн.теңгелік өнімді шығаруды және жұмысшылар санын бір мезгілде 80 адамға төмендетуді жоспарлап отыр. Шешу және түсіндіру керек:

а) IV тоқсандағы бір жұмысшының өндірген өнімін (теңге адам)

б) еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлау (%)

Шешімі:

а) (15000000:5000)-80=2920 адам



15000000 :2920=5137 теңге/ адам

б) (5137 : 5000)х100-100=2,74%


1 есеп. Цехта 10 станок бар. Әр станок 1 сағатта 12 бұйым өндіреді. Құрал – жабдықтардың жұмыс істеу уақытының тиімді қоры 4200 сағатты құрады. Жоспарлы өнәм көлемі – 480000 бұйым.

Табу керек:

а) кәсіпорынның өндірістік қуатын (бұйым);

б) өндірістік қуаттың қолдану коэффициентін.

Шешуі:

а) Қ = Тт * Кө * n = 4200 * 12 * 10 = 504000 бұйым;

Qж 480000

б) Кқ.қ. = = = 0,95

К 504000
2 есеп. Кәсіпорындағы жұмыс уақыты – 8 сағат. Жоспарланған жөндеу жұмысын жүргізу уақыты – 1 сағат. Паспорттағы мәліметтер бойынша қондырғы сағатына 50 бұйым өндіруі керек. Ал қондырғының 1 күнде жұмыс істеу уақыты 6 сағатты құрап, 234 бұйым өндірілген.

Табу керек:

а) құрал – жабдықты қолданудың экстенсивті коэффициентін;

ә) құрал – жабдықты қолданудың интенсивті коэффициентін;

б) құрал – жабдықты қолданудың интегралды коэффициентін;



Шешуі:
Тф 6

а) Кэкс = = = 0,86

Тмакс – 1 8 – 1

Qф / Тф 23416

ә) Кинт = = = 0,78

Qn 50

б) Кинтег = Кэкс * Кинт = 0,86 * 0,78 = 0,67
3 есеп. Цехта 100 станок орнатылған. Екі ауысымда жұмыс істейді, ауысым ұзақтығы – 8 сағат. Бір жылдағы жұмыс күндерінің саны – 260. Шығарылған жылдық өнім көлемі – 280 мың бұйым, цехтың өндірістік қуаты – 31 мың бұйым. 1 ауысымда – станоктардың барлығы, ал ІІ сменада 50% - ы ғана жұмыс істейді. Бір жыл ішінде әр станоктың жұмыс істеген уақыты – 4 мың сағат.

Табу керек:

а) станок жұмысының ауысымдық коэффициентін;

ә) станокты қолданудың экстенсивті коэффициентін;

Шешуі:

(100 + 50)

а) Ксм = Мс/М = = 1,5

100
4000

ә) Кэкс = Тф / Тмак; Тмак = 260*8*2 = 4160 сағат; Кэкс = = 0,96

4160
4 есеп. Жылдық жоспар бойынша 8640 дана өнім өндіру керек. Өндірістік циклдегі бұйымдарды дайындау ұзақтығы – 12 күн, өндірілген бұйымның өзіндік құны – 140 теңге, жартылай өнімге және материалдарға кететін шығын – 100 теңге.

Табу керек:

а) тәуліктік өндірістік бағдарламасын (дана);

ә) аяқталмаған өндірістегі бұйымның өзіндік құнын (теңге);

б) аяқталмаған өндірістегі айналым қорының нормативін ( теңге);


Шешуі:

а) 8640 : 360 = 24 дана;

ә) бір мерзімдегі шығындар + ½ шығындардың өсуі = 100 + (40 : 2) = 120 теңге;

б) 24 дана * 12 күн * 120 теңге = 34560 теңге.


5 есеп. Кәсіпорындағы айналым құралдарының нормативі – 3300 мың теңге. Өнімді өткізу жоспары – 19,8 млн теңге.

Табу керек:

а) айналым құралдарының айналым коэффициентін (рет);

ә) бір айналымның ұзақтығын (күн).


Шешуі:

а) 19,8 : 3,3 = 6 рет;

ә) 360 күн : 6 = 60 күн.
15 – тапсырма. Кәсіпорынның еңбекке ақы төлеу жүйесі.
Өндіріс үрдісіне әсерін тигізетін маңызды мәселенің бірі - бұл еңбек ресурстарының бағасы - жұмысшылардың еңбекақысы.

Жұмысшыларды тиімді пайдалануда ынталандырудың негізгі бір жолы - еңбекақы төлеу.

Еңбекақы төлеу – бұл мемлекеттік кәсіпорында ұлттық табыстың бір бөлігінен әрбір жұмысшының еңбек шығынына қарай, еңбектің саны мен сапасы бойынша бөлінетін ақшалай түрдегі жұмысшыға төленетін еңбекақы.

Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай түрлері бар. Қызметкерге ақшаның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай түрдегі еңбекақы төлеудегі ең басты тәсілінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай тәсілі сирек кездеседі. Еңбекақы төлеудің мұндай тәсілі ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайында кең қолданылады.

Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы рыноктық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестердің қатынастарын дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен жұмыс істеушілердің арасында келісім-шарт жасалынады.

Еңбекақының көлеміне жұмысшылардың иемденетін ақшасының нормасы ғана емес, сонымен қатар оның ақшаға сатып алу қаблеті кіреді. Сатып алу қаблеттілігі нақтылы еңбекақы мен көрсетілген еңбекақының арақатынасы арқылы анықталады. Сондықтан, кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысы мемлекет бекіткен ең төменгі деңгейдегі еңбекақы көлемінен кем болмауы тиіс.

Сонымен, еңбекақы нақтылы еңбекақы және көрсетілген еңбекақыға ажыратылады.

Көрсетілген еңбекақы дегеніміз бұл есептелінген және жұмысшылардың белгілі уақыттағы еңбегіне ақшадай төленетін еңбекақысы.

Нақтылы еңбекақы - бұл нақты еңбекақысына белгілі сандағы тауарларды және қызметтерді сатып алуына, ие болуына мүмкіндігі немесе нақты еңбекақы – бұл көрсетілген еңбекақыға нақты заттарды «сатып алу мүмкіндігі». Нақтылы еңбекақы көрсетілген еңбекақы мен сатып алынатын тауардың нормасыне байланысты. Мысалы, көрсетілген еңбекақы 15% көбейіп, инфляция осы мерзімде 10% деңгейде болса, нақты еңбекақы тек қана 5%-ға көбейеді. Сонымен инфляцияның артуы көрсетілген еңбекақымен салыстырғанда нақты еңбекақының төмендеуіне, немесе керісінше болуы мүмкін. Инфляцияның әсері болмаған кезде көрсетілген еңбекақының өсуі нақтылы еңбекақының өсуін білдіреді.

Осымен бірге,егер баға өнім сапасын ескермесе, онда нақты еңбекақы өнім сапасына тікелей тәуелді болады. Сондықтан, еңбекақы жүйесін реттеуде инфляция үрдісінің ықпалы ескерілуі тиіс.

Еңбекақыны тәуелді жақсарту саясатында және оны ұйымдастыруда, кәсіпорын төмендегідей принциптерге сүйену керек:


  • әділдік, яғни еңбектің күрделігіне сәйкес төлеу;

  • еңбекақыны мамандық деңгейіне, орындалатын жұмыс күрделігіне қарай есептеу;

  • еңбек жағындайындағы зиянды және енбектің ауырлығын есепке алу:

  • еңбектін сапасын көтеруге және жұмыскердің еңбекке тыңғылықты қатынасын ынталадыру:

  • еңбекте сапасыз өнім өндірілген және өзінің жұмысына жауапкерсіз қараған жұмысшыларды материалдық жағынан әкімшілік жазаны қолдану;

  • еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, орта еңбекақы төлеудің өсу қарқынынан артуы;

  • инфляцияға сәйкес еңбекақыны төлеу деңгейін тиісінше индексация жасау;

  • кәсіпорында қазіргі жағдайға сәйкес еңбекақы төлеу жүйесін жақсартып, прогрессивті түрлерін қолдану.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы төлеу тәсіліне төмендегідей төлемдер жатады:



  • мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезіндегі орындалған жұмыстың сапасы және нормасы, пайданылған уақыт үшін төлемдер;

  • еңбекке қалыпты жағдайымен байланысты төлемдер, ағымдағы мерзімнен тыс жұмыстар, түнгі уақыттарға, мереке күндерде т. б. Күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;

  • сыйлықтар, сыйлықақы үстемелер;

  • жұмысшыларға қатысы жоқ себептерден техника мен жабдықтардың тоқтап қалған уақытына төлемдер және т. б.

  • қосымша еңбекақы төлеу, еңбек туралы заңда, кәсіпорынның келісім – шартында қарастырылған. сонымен бірге жұмыс уақытын пайдаланбаған келесі кездердегі төлемдер жатады:

  • демалыс уақыттарында ақы төлеу;

  • мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;

  • декретке шығып, нәресте көрген аналарға, жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;

  • кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

Кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің негізгі түрлерімен әртүрлі жүйелері қолданылады. Оның ішінде кең тараған түрі: кесімді еңбекақы мен мерзімді еңбекақы төлеу.

Кесімді еңбекақы төлеу – мұнда еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына сәйкес, оның күрделігі мен еңбек жағдайы ескеріліп, арнаулы бағалау арқылы төленеді.

Кесімді еңбекақы өнімнің саны мен сапасына тәуелді, ол төмендегі формула бойынша анықталады:

Еабм (6.2)

Бұл жерде: Еа- еңбекақы;

Кб -өнім бірлігінің кесімді бағалануы;

Өм- өндірілген өнімнің (қызметтің) мөлшерлері

Кесімді еңбекақыны төмендегідей түрлеріне бөлуге болады: т


  • тікелей немесе жай кесімді;

  • жанама кесімді;

  • кесімді – сыйлықты;

  • үдемелі – кесімді;

  • аккордтты – кесімді.

Жұмысшылардың еңбекақысы жеке және ұжымды болып жүйеленеді.

Тікелей немесе жай кесімді жүйеде еңбекақы өнім өндіру бірлігіндегі бағалау бойынша төленеді. Оны мына формуламен анықтайды:

Ерсс (6.3)

Мұнда: Ер - орындалатын жұмысқа тиісті белгіленген разрядтағы, графиктік сағат еңбекақы нормасы, теңге\сағат;

Ес – нақты өнімді шығарудағы сағат нормасы;

Жұмысшының жалпы еңбегін кесімді бағалауда есепті мезгілдегі өнімді өндіру санына көбейту арқылы анықталады.

Жанама кесімді еңбекақы төлеу түрі – тікелей еңбек қорытындысына байланысты, кесімді жұмысшылардың істеген еңбегіне қарай еңбекақы көлемі белгіленеді. Бұл жүйе бойынша көмекші жұмысшыларға (реттеушілерге, баптаушыларға т. б.) еңбекақы төленеді.
Бақылауға арналған тест сұрақтары:

а) тарифтік ставка, тарифтік коэфицент бойынша;

б) тура прогресивті, аккордты - кесімді;

в) кесімді салық, мерзімді силық төлеу;

г) кесімді, мерзімді;

д) жанама кесімді, тура кесімді.


Мерзімді еңбекақы төлеу формасында екі төлеу түрі бар.

Ол қайсысы?

а) кесімді силық, аккордты - кесімді;

б) нақты, кесімді;

в) жанама кесімді, тура үдемелі;

г) еңбекақы тарифтік жұмыс уақытына қарай, еңбекке мерзімді силық төлеу арқылы;

д) мерзімді, кесімді.
Мерзімді еңбекақы қалай төленеді?

а) істелген мерзім, нақты өндірілген өнім көлемі бойынша, өнімнің саны мен сапасына қарай берілетін еңбекақы төлемі;

б) кесімді шарт бойынша істелген жұмыс аккордты ақы төлеудің бір түрі;

в) жұмысшыларға кесімді шарт бойыншаөнімнің сапасын арттырғанда, жұмыстың сапасын жақсартқанда төленетін еңбекақы;

г) істелген уақыт санына байланысты сый беру және жұмыстағы басқадай ақша формасында нақты атқарылғанжұмысқа бекітілген тариф немесе еңбекақы болып төленетін жалақының бір түрі ;

д) дұрыс жауабы жоқ.


Жанама кесімді еңбекақы қалай төленеді?

а) тікелей еңбек қорытындысына сәйкес төлем;

б) еңбекақы өндірілген өнімнің саны мен сапасына қарай төленеді;

в) көтеріңкі бағамен, еңбекті бағалап төленеді;

г) мөлшерден артық өндірілген өнімге өскелең бағамен төленеді;

д) еңбек ақы тарифіне және жұмыс уақытына қарай төленеді.

1-кесте Бескүндік жұмыс аптасындағы бір жұмысшының жұмыс уақытының балансын есептеу.

р/с

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Жоспар бойынша бір жылға



Күнтізбелік уақыт қоры

күн

365



Демалыс пен мейрам күндері саны

күн

106



Жұмыс уақытының номиналдық қоры

күн

259



Жұмысқа қатыспау – барлығы соныі ішінде

күн

37

4.1

Кезекті және қосымша демалыстар

күн

24

4.2

Оқу бойынша демалыстар

күн

1

4.3

Деректі демалыстар

күн

1

4.4

Ауру бойынша жұмысқа келмеу

күн

8

4.5

Заң бойынша рұқсат етілген басқа да жұмыстан қалулар

күн

3

5

Жұмыс қорының пайдалы қоры

күн

222

6.

Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы

Сағат

8

7

Жұмыс уақытының тиімді қоры

Сағат

1776

2-кесте. Кесімді жүйедегі жұмысшылардың тікелей еңбек ақы қорын есептеу.




р/с

Жұмысшылардың катигория

Натуралды түрде шығарылған өнім көлемі, дана

Өнім бірлігінің кесімді бағасы, теңге

Кесімді жүйе бойынша жұмысшылардың еңбекақы қоры



Негізгі өндірістік жұмысшылар

«А» бұйымы

«Б» бұйымы

«В» бұйымы



295,6


490

378


120,0


40

20


35472


19600

7560




барлығы

-

-

62632



Көмекші жұмысшылар

-

-

150



Барлығы

-

-

62782

3-кесте. Мерзімді жүйедегі жұмысшылардың тікелей еңбекақы қорын есептеу




р/с

Жұмысшылардың катигориясы

Жұмысшылар саны

Орташа сағаттық тарифтік қоры, сағат

Жұмыс уақытының тиімді қоры, сағат

Тарифтік мөлшер мен жалақы бойынша еңбекақы қоры, мың теңге

Бір жұмысшының

Барлық жұмысшылардың



Өндірістік жұмысшылар

95

118,5

1776

168720

1999,320



Көмекші жұмысшылар

10

95,7

1779

1776

1699,632



Жалақыдағы көмекші жұмысшылар

5

-

-

-

650,0



Жұмысшы күзеттер саны

26

-

-

-

4688



Барлығы

136

-

-

-

27030,952



Каталог: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет