Б. Серіков Кәсіпорын экономикасы


V БӨЛІМ. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша түсіндірме сөздер (Глоссарий)



бет17/18
Дата25.04.2016
өлшемі3.97 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

V БӨЛІМ. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша түсіндірме сөздер (Глоссарий)
А

Айналым капиталы - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларды құруға және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттар жиынтығы.

Айналмалы өндіретін қорларға жататындар – өндірістік запастар қорлар,( аяқталмаған өндіріс.

Айналым қаражаты - өнім өндіру мен оны сатудың үздіксіз өндіріс үдерісін қамтамасыз ету мақсатында өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға алдын – ала берілетін ақшалай қаражаттың жиынтығы.

Айналым қаражатының қызметі - өнімді өндіру және сату кезеңдерінде төлем – есеп айырысу жұмыстарынан тұрады. Міне, бұл жағдайда өндірістік айналым қорының қозғалысы дер кезіне материалдық факторлардың айналымын қалпына келтіруге, ал айналым қаражатының қозғалысы – ақша, төлем айналымына жалғасады.

Айналма шығындар – өндірісті ұйымдастыру үшін материалдық ресурстарды (тұқым, жанар жағармай, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер, т.б.) сатып алуға жұмсалатын шығындар.

Акционерлік қоғам (АҚ) – акционерлердің қоғамдық шаруашылығы, өз капиталын белгілі санды акция шығару, сату арқылы құрайды. Жауапкершілігі әрбір акция иесінің алған акция құны шегінде болады. Акционерлік қоғам – рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар заңды тұлға. Акционерлер болуға жеке адам да, заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін серіктестік келісімшарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп айтады. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылардың санына шек қойылмайды.

Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлік капиталына қатысатын жеке иеленушісіне қоғам таратылған жағдайда оның мүлкіне құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретінде шығарылады.

Ақпараттар ағымы – қандай өнімге сұраныс жоғары, қандай ресурстар қажет, өнім қай жерге өткізіледі деген сұрақтарға жауаптар.

Амортизация – белгілі уақыт негізінде құралдардың тозуы, өндірілген өнімнің құнына өзінің құнын бөлшектеніп шығысының мөлшері. Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың қатысуымен өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыруға арналған аударым.



Амортизациялық аударым – негізгі құрал – жабдықтардың тозуын толтыру үшін, яғни оны ұдайы жаңғырту үшін осы құрал – жабдықтар құнының бір бөлігін аудару.

Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін - өзі қаржыландыру және өзін - өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.

Ә

Әлеуметтік салық – қолданылып келген әлеуметтік қорларға, зейнетақы қорына, мемлекеттік әлуметтік сақтандыру қорына, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын міндетті төлем.



Әлеуметтік-экономикалық белгілер бойынша сегменттеу дегеніміз- тұтынушылардың топтарын әлеуметтік және кәсіптік белгілері, білім деңгейі, табыс деңгейі бойынша топтастыру бөліп көрсету.

Б

Баж салығы – мемлекетпен немесе өзара кәсіби қатынастар жасайтын жеке адамдардан , заңды ұйымдардан өндіріп алынатын тұтыну салығының бірі.



Баж төлемі – мемлекеттік шекарадан өткізілетін кеден қызметтерінің санаты бойынша салынатын салық.

Баланстық құн – активтер өткізілген айдың бірінші күнінде бухгалтерлік баланста көрсетілген құны.

Басқару персоналы – кәсіпорындағы кадр саясатын үйлестіру, таңдау, кәсіби денгейін және біліктілігін жоғарылату үдерісін ұйымдастыру.

Басқару үдерісі - өндіріс барысындағы пайда болған үйлесімділік бағыттарды реттеу.

Баға- өнім және қызмет, жұмыс бірліктер санының белгіленген валютадағы ақшалай құнының көрсетілуі.

Басқарудың міндеттері – агроқұрылымның өміршеңдігін қамтамасыз ету, тұрақты пайданы арттыру жолдарын айқындау.

Бәсеке - өнім өндіру мен оны сатудың ең қолайлы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік.

Бәсекелестік – өндірілген өнім сапасы және бағасы бойынша бірыңғай тауар өндірушілер арасындағы жарыс, тоғысу.

Бәсекелестікке қабілеттілік – өнімнің, кәсіпорынның саланың сапа, баға және сұраныс бойынша рыноктағы артықшылықтарын және үлесін арттыратын категория. Бәсекелестікке қабілеттілік – «Әрбір адамның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өнімділіктің тұрақты өсуі» (М.Портер)

Бизнес- ағылшын сөзі «іскерлік», «кәсіпкерлік» деген ұғым береді.

Бизнесмен – іскер адам, пайда табу мақсатында өзінің жеке кәсібімен шұғылданатын тұлға.

Бизнес орталық – іскерлік жұмысты ұйымдастыру, қызмет көрсету және ақпараттармен қамтамасыз ету орталығы.

Бизнес орта- өңірдегі озық бастамалар қалыптастыратын іскерлік орта, кәсіпкерлер Одағы.

Бизнес жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат. Бизнес-жоспар – іскерлікті жүзеге асыруда агроқұрылымның өндірістік, маркетинг және қаржы жоспарлары және стратегиялық бағдарламасы.

Болжамдағы шығыстар – өңірдің табиғи-топырақ жағдайына қарай тиімді технология таңдап соның шығыстарына болжам жасау.

В

Венчурлық қаржыландыру – бұл қаржыландырудың ерекше тәртіптегі жүйесі, тәуекелділігі жоғары, жаңа қызмет саласына жұмсалатын капитал.



Д

Дүниежүзі Сауда Ұйымы (ДСҰ)- халықаралық сауда ұйымы, құрамында 56 мемлекет сыртқы, халықаралық экономикалық қатынастарды, шикізат, тауар экспорт-импорт аиналымын арттыруға, интеграцияға бағытталған.

Диверсификация – экономиканың шикізаттық емес салаларын (мәшине жасау, агрокешен, құрылыс және құрылыс материалдары, өңдеу және терең өңдеу) дамыту яғни экономиканы әртараптандыру.

Дисконттау- бұл келешектегі табысты бүгінгі мезгілдегі сомаға келтіру.

Дисконт – келешектегі табыстың ағымдағы өзгеру мөлшері.

Е

Ендіру мен қолдану – жоспарды өндіріске ендіру үшін қажет ресурстарды, материалдарды сатып алу, үйлестіре отырып пайдалану.



Еңбекақы қоры - заңды тұлғалардың қызметкерлерге еңбекке ақы төлеу төлемдерінің жиынтығы.

Еңбекті ғылыми ұйымдастыру – еңбекті ұйымдастыру мен ақы төлеудің жаңа ғылыми жетістіктерге негізделген тәсілі.

Еңбек өнімділігі – белгілі жұмыс уақыты бірлігіне нақты еңбек мөлшерінің тұтыну құнын жасап шығару қабілеті.

Еңбек өнімділігі деңгейі- бір жұмысшыға өнім өндіру көлемін сипаттайды.

Еңбек ресурсын пайдалану коэффициенті – нақты жұмсалған адам/күннің жалпы уақыт қорына қатынасымен анықталады.

Еңбек өнімділігінің құндық көрсеткіші - өндірістік жұмыскерлердің орташа тізімдік бір жұмысшыға келетін өндірілген өнім құны.

Есептік операция өлшейтін негізгі көрсеткіш - уақыт бірлігінде өндірілген өнім.

Еңбекақы төлеудің кесімді түрі – өндірілген өнім мен атқарылған қызмет көлеміне сәйкес анықталады.

Еңбекке ақы төлеудің мерзімдік түрі – жұмыс істеген уақыты бойынша анықталады.

Еңбек шығымдылығы-өнім өндіруге жұмсалған еңбек мөлшерінің өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады.

Ж

Жабдықтаушы - нақты тауарлар өндірісін және көрсетілетін қызметтерді қажетті материалдық ресурстармен қамтамасыз етіп отыратын іскер кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.



Жалақы қоры – шығарылған өнімдердің өзіндік құнының есебінде қалыптасқан, барлық категориялы қызметкерлерге жалақы төлеудің негізгі көздері.

Жиынтық табысы- тауарларды сатудан түскен түсім – ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірген түпкі (дайын) өнімінің ( өнім, тауар, қызмет көрсету) рыноктық бағамен есептелген құны болып саналады. ЖҰӨ - ге осы елге тиесілі өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің құны кіреді.

Жалпы өнім- шаруашылық өндірген өнімнің және жұмыстың рыноктық бағадағы жалпы құны.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) - аса маңызды макроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі. Ол осы елдегі, сондай – ақ басқа да елдердегі өндіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жасалған түпкі өнімнің ( өнім, тауар, қызмет көрсету) рыноктық бағамен есептелген жиынтық құны.

Жарғылық капитал – мөлшері жарғыда көрсетіген және корпорация акцияларды сату нәтижесінде алған қаражаттан құралатын капитал.

Жауапкершілік – шешімнің нәтижесінің жауапкершілігі сол шешімді қабылдаған тұлғаға тиісті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік(ЖШС) – бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік– бұл қоғамның капиталы пайларға бөлінеді, мүшелеріне пай куәлігі беріледі, кредиторларының алдында өз пайының мөлшерімен жауап береді, пайды сатуға құқылы емес.

Жеке кәсіпкер – заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға.

Жеке инвестор – белгілі жобаны іске асырушы жеке кәсіпкер не тұлға қаржысының иесі.

Жеке табыс салығы – салық салу объектілері бар және белгілі бір көлемде табыс алған жеке тұлғалар төлейтін салық.

Жеткізуші – кәсіпорынның өндірістік қызметіне қажетті материалдық – техникалық ресурстарымен, құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етуші.

Жиынтық шығындар – ауыспалы егіс жүйесіндегі дақылдарды өсіру және жинау шығындарының жиынтығы.

Жиынтық айнымалы шығындар – дақылдарды өсіру үшін қажет ресурстар шығынының (тұқым, жанар-жағармай, тыңайтқыштар, қосалқы бөлшектер, т.б.) жиынтығы.

Жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.

Жұмыс операциялары – технологиялық картада анықталған баптар және өңдеу үдерісі.

Жұмыс уақыты – еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жұмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға жұмсайтын уақыты.

Жоспарлау – атқарылатын үдерістердің стратегиясын бейнелеу, бағытын және қажетті ресурстарды анықтау.

Жоспарлы-директивалық басқару- орталықтандырылған жоспарлау, директивалық және өкім шығару жолымен төмендегі кәсіпорынға бұйрық пен орындату тәсілі.

З

Заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдік заңды тұлға) немесе кәсіпорын.
И

Импорт - импорттаушы елдердің ішкі нарығында сату үшін елге тыс жерлерден шет ел тауарларын, технологияларын және қызмет түрлерін сатып алу мен алып келу.

Импорт алмастыру- рынокқа шет елдерден алынып келінетін тұтыну тауарларын отандық өндірісті ұйымдастыру жолымен алмастыру, бағасын төмендету.

Инвестиция – белгілі техника-экономикалық негізделген жобаға пайда табу мақсатында салынатын қаржы. Инвестиция - лизинг шартын жасаған кезден бастап лизинг заттарын, сондай – ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері

( жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту.



Инвестор - салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.

Инвестициялау ( инвестициялық үдеріс) - бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту үдерісі.

Инвестицияның жалпы (абсолюттік) тиімділігі – ресурстарды пайдаланудың мүмкін болатын тиімді варианты шығындар мен пайдалар мөлшерімен анықталады.

Инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңғыртуға инвестициялар көздейтін іс – шаралар кешені.

Индустриалдық жүйе – экономикалық даму институттарын қайта құру, жаңғырту жүйесі.

Интеграция – белгілі бір бөлшектерді, элементтерді қалыпқа келтіру, толықтыру, тұтастыра біріктіру, макро деңгейде екі немесе одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының өзара бейімделу және бірігіп жұмыс атқаруы.

Интеграцияланған экономика- экономикалық субьектілердің бірлесуі, қарым-қатынасын байланыстырып тереңдету және дамыту.

Интенсивті технологияны ендіру факторлары – техникалық жарақтандыру денгейін, ирригация-мелиорация қорларын жоғарылату, жаңа жоғары өнімді сорттарды, менеджмент тәсілдерін ендіру.

Интенсивті технология – 1 га өнімділігін арттыру мақсатында өндірістік негізгі қорларды шоғырландыру, жаңа техника мен технологияны өндіріске ендіру жолымен тиімділігін арттыру шарасы.

Инновация – ғылым мен техниканың жаңартпашылығы және менеджменттің еңбекті ұйымдастырудың озық тәжірибелерін өндіріске пайдалану. Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеу жетістіктерінің нәтижесі.

Инновациялық белсенді кәсіпорын – әзірлемелерді, жаңа жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үдерістерді жүзеге асыратын кәсіпорын.

Инновациялық қызметтер – ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижелерін және ғылым сиымдылығы жоғары технологияны өндіріске ендіру арқылы үдемелі нәтижелерге қол жеткізу іс-шаралары.

Инновациялық жоба- пайданы арттыру мақсатында өндірісті модернизациялау, жаңа өнім шығару үшін экономикалық тиімді жобаға қаржы капиталын салуды жүзеге асыру.

Инновациялық өнім – жаңа технологиямен ҒТП нәтижелерін өндіріске ендіру жолымен шығарылған жаңа сападағы өнім.

ISO 9000-2001 стандарты- өнім сапасын жоғарылату үдерісін дамытуға мүмкіндік ашатын халықаралық стандарт.

ISO 14001 стандарты – осы стандартқа сәйкес сертификат алған кәсіпорын жергілікті тұтынушылар, қоғам және үкімет тараптарынан сапаны жоғарылатуға қолдау табады.

К

Калькуляция – шикізат пен материалдар, отын және энергия, жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы, әлеуметтік аударымдар, үстеме және кезең шығындарының жиынтығын есептеу.



Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды талдаудың мақсаты – өнімнің бір бірлігінің өзіндік құнын анықтау.

Капитал- табыс және ресурстар алуға адамдар пайдаланып тауар өндіруге және қызметтер көрсетуге қабілетті активтер. Тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

Кәсіпкер – жеке тұлға. Ол өндірістік – шаруашылық, көтерме сауда, инновация, кеңестер беру, бағалы қағаз операциялары, басқа да заңмен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрлерімен айналысуға құқылы.

Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлік, шаруашылықтық және басқа да қызметтер.

Кәсіпкерлік табыс - табыстың ерекше түрі , яғни іскерлігі және арнайы шығармашылық белсенділігі үшін сыйақы, шағын бизнес саласындағы коммерциялық табыс әкелетін жаңа ойлар, техника мен технология енгізгенде пайда болады.

Кәсіпорын – дербес шаруашылық субьектісі, белгілі бір өнім өндіретін қызмет көрсететін және экономикалық іс-әрекеттермен айналысатын заңды тұлға.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты – технологиялық өңдеу, өндіріс жабдықтарының конструкторлық жылдық өнім шығару көлемінің мүмкіндігі.

Кәсіпорын жұмысшыларының тізімдік құрамы – бұл негізгі және одан басқа қызметтерге байланысты, бір күн және одан да ұзақ мерзімге тұрақты және уақытша жұмысқа қабылданғандардың есебі.

Компаудинг (кеңейту)- бүгінгі табысты келешек тапсырылған мерзімге есептеп келтіру әдісі.

Кәсіпорын экономикасы – өндіріс факторларының жиынтығы, айналым қорлары, дайын өнім, ақша құралдары, құнды қағаз, материалды емес қорлар, өнімді сатудан түскен пайда, несие және табыстар.

Кәсіпорын шығындары - өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік ресурстардың ақшалай мәні.

Көмекші материалдар- дайын өнімге кірмейтін және өндірістік үрдістің жүзеге асырылуына қатнасатын еңбек заттары.

Кәсіпорынның айнымалы шығындары - өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отыратын шығындар.

Кәсіпорынның тұрақты шығындары - өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар. Мысалы, кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары, үй – жай жалдауға амортизация және салыққа жұмсалатын шығындар. Тұрақты шығындар өнім, қызмет көлеміне тәуелді өзгермейді.

Кәсіпорынның таза пайдасы – жинақтау және тұтыну қорларын құруға бағытталады.

Коммуникация- іскерлік қарым-қатынасты орнатуда көлік, байланыс және инфрақұрылым мүмкіндіктері

Консальтинг – тауар өндірушілерге, сатушыларға, сатып алушыларға экономиканың қаржы және маркетингтік түрлі мәселелері бойынша кеңес беруші арнайы компания.

Тұиынушы Кооператив – бұл табыс табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Кооперативтер ең алдымен өндірістік қызмет көрсету және сауда – делдалдық салада дамуы қажет.

Кіріс ресурстары- өнімді өткізу үшін пайдаланылатын материалдық шикізат ресурстарының жиынтығы.

Қ

Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру , жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы: қаржы әдістері, қаржы тетіктері, құқықтық қамтамасыз ету, нормативті қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.



Қаржы ресурстары – мемлекеттің, кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың қарамағындағы ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы; қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құрылады.

Қозғалыс стандарттары- жұмыс операциясын дәл және сапалы орындау қимылдарының нормасы.

Қор қайтарымы- жалпы өнім құнының сол өнімді өндіру үшін қатынасқан негізгі құралдар құнына қатынасымен анықталады.

Қор сиымдылығы - негізгі құралдар құнының жалпы өнім құнына қатынасымен анықталады яғни қор қайтарымының кері мәні.

Қормен қамтамасыз етілу денгейі – негізгі қор құнының ауылшаруашылық алқаптарының көлеміне, яғни 1 га келетін қор құны мөлшерімен анықталады.

Қормен жарақтандыру деңгейі – негізгі құралдардың құнының орташа жылдық жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.

Қайтарым мерзімі - жобаланған пайданы толық алу мерзімі.

Құрал жабдықтардың экстенсивті пайдалану коэффициенті- нақты уақыт қорының жоспарлы уақыт қорына қатнасымен есептеледі.

Қызмет – жеке және заңды тұлғалардың немесе басқару органдарының атқаратын қызметтері мен міндеттерінің жиынтығы.

Қызмет көрсету - табыс табу немесе қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және үнемі қозғалыс түріндегі сату объектілері.

Қызметкерлер категориясы- бұл кәсіпорын жұмысшыларының тізімдегі құрамын есептегі еңбек бойынша бөліну топтары.

Құрал жабдықтарды пайдаланудың коэффициенті- нақты өндіріс көлемінің алдыңғы қатарлы мөлшер бойынша өндірілген өндіріс көлеміне қатынасымен есептеледі.

Құралдарды қолданудың интегралдық коэффициенті – құралдарды пайдаланудың уақыт және өнімділік бойынша кешенді сипаттайтын, экстенсивті және интенсивті көбейтіндісімен анықталады.

Л

Лицензия немесе патент – жеке кісінің іскерлік жұмысына құқық беретін рұқсат құжат.



Лизинг- негізгі қорларды белгілі мерзімге жалға беру және оның жалға беру ақысымен толық қайтару. Лизингтің үш қатынасушысы бар: жабдықтаушы өңдеуші-лизинг компания-лизинг алушы.

М

Маркетинг қызметі- рынокта сұранысқа, белгілі тұтынушыға бейімделіп өндірісті ұйымдастыру және басқару.



Маркетингтік делдалдар - кәсіпорынға тауарлардың клиенттер арасындағы қозғалысын реттеуіне, тауарды өткізіп, таратуына көмектесетін кәсіпорындар.

Маркетинг стратегиясы – рыноктың сұранысына сәйкес тауар өндіруге өндірісті бейімдеу, рыноктағы коньюктураны сараптау, салыстыру жолымен тауар түрін таңдау, сапасын және бағаны белгілеу арқылы барынша сату көлемін және пайданы арттыру.

Маржиналды пайда – баға мен айнымалы шығындар айырмасы, жалпы пайда немесе маржиналды пайда деп те аталады.

Мемстандарт – шитті мақтаның өндірісі, өткізу, қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу үдерісінде сақталатын мемлекет бекіткен сапалық көрсеткіштер базасы,шегі және нормасы.

Менеджмент- өндірісті және персоналды басқару қағидаттары, түрі және әдістерінің, тетіктерінің жиынтығы.

Менеджмент теориясы- кәсіпорынды және персоналды басқару ілімінің теориялық негіздері.

Менеджменттің теориялық-методологиялық негіздері- басқару ғылымының негіздері мен әдістерін, түрлі мектептерінің әдіснамалық толықтырулары.

Менеджер шешімі – іскерлікті ұйымдастыру бойынша ақпараттарға сәйкес іс-әрекеттер мен тұжырымдар.

Мотивация – басқарудың ынталандыру, мүдделі болу құралы.

Мерзімді жалақы – тарифтік нормалаудың жұмыс уақытының сағаттық шамасына көбейтумен анықталады.

Н

Натуралды түрдегі көрсеткіштер – негізгі және айналым қорларындағы материалдық құндылықтар есебін жүргізуде заттардың сандық өлшемі (дана, тонна).

Негізгі құралдар - қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын материалдық активтер.

Негізгі қорлардың бастапқы құны – зауыттан сатып алынған кездегі немесе құрылтайшылардың мүлік үлесі ретінде қабылданған кездегі қордың құны.

Негізгі қорлардың қалдық құны – бастапқы құнның жыл сайын шегерілген амортизация (тозу) аудармадан соң қалған құн.

Негізгі қорлардың табиғи тозуы – пайдалануға байланысты мәшинелер мен құрал жабдықтардың бастапқы қасиеттерін негізгі қорлардың моральдық тозуының себебі – ғылыми технология, негізгі үдеріс шикізат пен материалдарды дайын өнімге айналдыру үдерісі.


Ө

Өндірістік айналым қоры - бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының арзан бағалы және тез тозатын заттарды есепке алғандағы заттық мазмұны.

Өнімнің өзіндік құны – өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындардың ақшалай мәні.

Өндірістік кооператив (ӨК) – үлестік ( жер, мүлік) негізде өз еркімен біріктіру арқылы кәсіпкерлік капиталын құрайтын кәсіпорын. ӨК өнім өндірумен, қызмет көрсетумен айналысады. Еңбек іс-әрекеті әрбір мүшесінің еңбекке қатысуымен бағаланады. Өндірістік кооператив – азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.

Өндірістік факторларды пайдалану – жерді, еңбекті және капиталды үнемді және тиімді пайдалану.

Өндірістік қордың пайдалылығы – баланстық пайданың негізгі өндірістік қорларының орташа жылдық және нормаланған айналым қорының құнына қатынасы.

Өндірісті модернизациялау – кәсіпорынды жаңа мәшинелермен жабдықтау және технологиялық үдерістерді инновациялық негіздерде қайта құру.

Каталог: CDO -> BOOKS
BOOKS -> Европа Америка Австралия Литературно-библиографический справочник
BOOKS -> 100 великих спортсменов
BOOKS -> Г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев Әлем әдебиеті г. А. Дүйсенбиева Б. У. Курбаналиев
BOOKS -> 100 великих художников
BOOKS -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбу абдулла мұхаммед ибн исмайл ибн ибраһим ибн әл-муғира әл-бұхари сахих әл-бұхари
BOOKS -> Нұрғали Қадырбаев шығарма арқауы – шындық
BOOKS -> Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
BOOKS -> Шыңғыс айтматов таулар қҰЛАҒанда
BOOKS -> Кемел ойдың алыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет