БАҒдарламасы 2013 жыл, Ұзынкөл мазмұны 1


Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының ауыртпалықтарын төмендету және алдын алу



бет4/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.94 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларының ауыртпалықтарын төмендету және алдын алу


Аудан аумағында су тасқыны, тұрмыстық, өндірістік және ландшафтық өрттер және қыс мерзіміндегі төтенше жағдайлар болып тұрады.

Елді мекендердің 95 пайыздан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің қызмет көрсету радиусынан шеткерек орналасқан, ал ең жақын өрт бөлімдерінің ара қашықтығы 10-дан 75-ге километрге дейін құрайды. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің осындай қашықтығы іс жүзінде тұрмыстық өртке шұғыл жылдам әрекет жасауға мүмкіндік бермейді. Ауданда 1 елді мекен, 6 мың тұратын адамдардың саны (Ұзынкөл), 1 селолық елді мекен (Троебрат) 2 мың тұрғындармен, 2 СЕМ (Пресногорьков, Ершов) 1,5 адамға дейін, қалғандар 1 мың адамнан аз емес. Ауданда 1 өрт сөндіру бөлімі, бар.

2012 жылы ауданда 37 тұрмыстық және өндірістік өрт тіркелді, оның нәтижесінде материалдық шығын 824,0 мың теңге құрады.

2012 жылы жалпы 23 гектар аумақта,орманды алқаптарда ормандар мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде 8 өрт жағдайы тіркелді. Материалдық шығын 460 мың теңгені құрады.

Қар қабаттары ұзындығы 178 км республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың 10 участкесінде автомобиль көлігінің қозғалысын қиындатуы немесе толық тоқтатуы мүмкін.

Төтенше жағдайлардың барлық спектріне төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың аумақтық облыстық кіші жүйесі күштерінің шұғыл әрекет жасау деңгейі құтқару жүйесінің, оның ішінде апаттық-құтқару қызметінің құрылымдарының хабарлау, ақпараттық қамтамасыз ету және байланыс, жеткіліксіз техникалық жарақтандырылуы сияқты құтқару жүйесін салудың аяқталмауына байланысты төмендеуде.

Апаттар мен апаттық жағдайларға қарсы іс-әрекеттер және жою жөніндегі шаралардың кешені олардың көп қаржы талап етуіне байланысты жеткілікті көлемде іске асырылмайды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар мониторингінің жүйесі жеткілікті түрде дамымаған.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің бөлімшелері, жоқ елді мекендерді
2.2.3 Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау

Коммуникация және байланыс

Ауданда «Ұзынкөл ауданы электрондық әкімдігін құрудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

техникалық жарақтандыру;

Ұзынкөл ауданда әкімінің ресми интернет-порталын құру және жаңарту;


«е-әкімдіктің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 80%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 256 kb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Ауданда аудан әкімінің www.kostanay.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда ақпараттық бөлім және интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, сауалдама жүргізу қызметі, жаңалықтарға жазылу) бар. Күн сайын аудан әкімінің ресми сайтында орташа 100-180 пайдаланушы бар.

Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде жұмыс стансалары және инфокиосктер түрінде орналасқан 10 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды, оның ішінде инфокиосктерде электрондық-сандық қолтаңбаларды тасымалдаушылар үшін USB-кірістер орнатылған.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2007-2012 жылдары Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылы ауданда бюджеттіктер және жұмыссыздар – 73 адам, бюджеттік еместер – 104 адам, барлығы 177 адам. 2008 жылда 2011 жылда 1318 адам оқытылды, мемлекеттік қызметкерлер – 161 адам, барлығы – 1479 адамдар . Ұйымдастырылған компютерлік сыныптар базасында тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету 13 орталықтары ашылды.

Ауданда ақпараттандыруды дамытудың болашағы:

өңірде ақпараттандыру үдерісінің одан әрі дамуы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды, әкімшілік тосқауылдар мен ақпараттық ресурстарды қорғаудың қысқаруын болжамдап отыр, атап айтқанда:

мемлекеттік қызметтердің 50%-ы электронды түрге ауысатын болады;

аудан тұрғындарының 40%-ы, мемлекеттік қызметшілердің 100%-ы мемлекеттік электрондық мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа оқытылатын болады;

ауданның жергілікті атқарушы органдарында ведомствоаралық және ведомство ішіндегі электрондық құжат айналымының үлесі 100% дейін жететін болады;

мемлекеттік органдардың қолданыстағы және қайтадан құрылатын ақпараттық жүйелерін және ресурстарын тиімді қорғау 100%-ға жүзеге асырылатын болады;

ИИС ХҚО арқылы МЖО мемлекеттік қызметтердің мониторингі 100%-ға қамтамасыз етілетін болады;

тұрғындар көрсетілетін қызметтердің жалпы санынан қызметтердің 20% дейін электронды түрде алатын болады;

электрондық мемлекеттік қызметтермен қанағаттанған пайдаланушылардың үлесі 95%-ға жететін болады;

электрондық сұранымдардың 100%-ы бастапқы өтініште рұқсат алатын болады;

қоғамдық кіру пункттерінің үздіксіз қызмет етуі қамтамасыз етіледі;

аудан әкімдігі мемлекеттік органдарының Интернет ресурстарына кіру және ашықтығының деңгейі 100%-ға дейін қамтамасыз етілетін болады;

Қойылған міндеттерді шешу үшін мынандай негізгі іс-шаралар іске асырылатын болады:

1. 2015 жылға қарай аудандық және ауылдық деңгейлердегі әкімдіктерді қоса отырып, IP-телефонияның аудан ішіндегі жүйесін және видеоконференция жүйесін құру;

2. Электрондық құжат айналымын дамыту және қолдау;

3. Аудан әкімдігінің ақпараттық-талдамалық жүйесін енгізу және құру;

4. «Электрондық үкімет» компоненттерімен өзара әрекет;

5. Аудан тұрғындарының арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;

6. Қоғамдық пайдалану пункттерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;

7. 2011-2015 жылдарға арналған электрондық қызметтерді әйгілендірудің PR-стратегияларын әзірлеу;

8. Құпиялылық, тұтастық және қол жетімділік өлшемдері бойынша АҚ жүйесінің тиімділігін бағалау әдісіне және ақпараттық қауіпсіздігі саясатына сәйкес әкімдік мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілерді бекіту;

9. ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электрондық сандық қолтаңбаларын (ҚР ҰКО ЭСҚ) мемлекеттік қызметшілердің алуын ұйымдастыру;

10. Электрондық түрде әкімдік органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін қамтамасыз ететін ведомстволық ақпараттық жүйені құру.

Құрылыс
2012 жылы ауданда Ұзынкөл селосында «Тарату жүйелерін қайта жаңарту» объектілер, орындалған құрылыс жұмысының көлемі 1003 млн. теңге құрады. 2010 жылы 2,3 есе оның ішінде объект бойынша: орындалған жұмыстың көлемі – 60 млн. теңге. «Ұзынкөл селосында 8 пәтерлік жалдамалы үйдің үйдің қайта құруы » орындалған жұмыстың көлемі – 59 млн. теңге.

Мемлекеттік сараптама қорытындысы оң бағасын және құжаттық ауыспалы жобаның өңдеуі.

2012 жылы 04. 06. № 13-0052/12 Ұзынкөл селосының Троебрат с. әкімдігінің 40 орынға балабақша 3,4 млн. теңге.

- 2012 ж. 28. 09. Ұзынкөл с. инженерлік желі № 17-0539/12 және 2012 ж. 11.10. № 17-0563/12 «Сәуле »балабақша ғимаратына күрделі жөндеу.

2012 жылы 30.03. № 13-0048/12 Ұзынкөл с. Воскресеновка, Новопокровка с. су бөліп тұратын желілерінің қайта құруына, ПСД ЖШС «Тойсай» қаражат есебінен өңделді.

- 2012 жылы 31.07. № 13-0152/12 Қостанай облысының Ұзынкөл ауданының Сокол селосының су құбырының бөліп тұратын желісінің қайта құру.

2012 жылдың аудан аймағында 1000 кв. тұрғын үйдің эксплуатациялық жүргізілген, 2010 жылы 50,4% оның ішінде 576 кв.м жекеменшік құрлысының және 424 кв.м. республикалық бюджеттен бөлінді.

2012 жылы құрлыс ғимаратының жалпы көлемі орташа құрлыс құнының 1 кв. метрі 35 мың. теңге.

Әрдайым конструциялық бұйымдарды өндірістік құрлыстық материалдарды, құрлыстық аймақты дамыту қажет.

Аудан аумағының қала құрылысын жоспарлау

2008 жылдың 9 қаңтарында «Қостанай облысының (облыстық және негізгі деңгейдегі) мемлекеттік қала құрылыстық кадастры автоматтандырылған ақпараттық-графикалық кадастрын құру» инвестициялық бағдарламасының техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша оң салалық қорытынды алынды. Осы техникалық-экономикалық негіздеме бойынша облыстық және базалық деңгейдегі кадастрлық қызметті құру құны 2007 жылдың желтоқсан айына қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету мен электрондық карталармен қоса алғанда 5 687,2 млн. теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың болмауына байланысты бағдарламаны іске асыру іс-шаралары басталған жоқ.

ҚР 2005-2012 жылдары «Электрондық үкімет» қалыптастырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар жоспарының іске асыру мақсатында соңынан бастап облыста «Атаулы тізім» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жүргізілуде.

Қазіргі уақытта аудан өңірлерінде оқудан өткен және жабдықтар алған мамандар өзекті атаулы деректерді толтыру жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Ұзынкөл ауданы көшелерді және үйлерді түгендеу нәтижесі бойынша: аудан бойынша көшелердің жалпы саны 319 құрды, аудан бойынша үйлердің жалпы саны 6430 құрайды.

Қалақұрылыстық қағидаттарға жаңа жолдарға сәйкес заңнамалық және нормативтік базалармен сәулет және құрылыс, экономика және көлік, экология сияқты көптеген тіршілік қызметі салаларын және тіршілік ету ортасын қалыптастырушы басқа да мәселелерді қозғайтын тиісті басты жоспарлардың ережелерін қолдану мүмкін болмай бара жатыр.



Көлік және жолдар

Автомобиль жолдары – тиімді жұмыс және тұрақты даму жаңа замандық шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыруға және шарттарын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болып отырған облыстың көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.

Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 420,4 км, оның ішінде: қара жабындымен – 281,4 км, ұсақ тасты жабындымен – 139 км, 63 су өткізгіш құбырлар бар.

Жолдардың аудандық автожолдар желісі бойынша жөндеу жүргізу мерзімдерінің нормативтеріне жету үшін жыл сайын қара жабындыны – 30 км-ге, ұсақ тасты жабындыны – 20 км-ге жөндеу жүргізу қажет.

Негізінен аудандық және облыстық маңызы бар жолдар III – IV техникалық санатқа жатады, ал ауылдық елді мекендерге кейбір кіріс жолдар V техникалық санатқа жатады. Жабындылардың үлгілері бар автомобиль жолдарының участкелері және балшық жолдар қозғалыс жылдамдығы жағынан да, өстік жүктемесі жағынан да талаптарға жауап бермейді және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамсыз етпейді.

Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Ауданда жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.

2012 жылдың соңында о аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының ақаусыздық көрсеткіші 46% құрады немесе жолдар мен жасанды құрылыстардың 62%-да ақаулар бар және бұзылу сатысында тұр, көпірлер мен жасанды құрылыстардың 38% көңіл толтырмайтын жағдайда.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жүк және жолаушыларды тасымалдаудың 50% дейін тиесілі.

Аудан экономикасының тұрақты дамуы үшін көлік-коммуникациялық желіні жаңарту қажет. Аудандық маңызы бар қатты жабындымен қапталған автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту; жабындылардың түрлерін жетілдіру; жол жиегіндегі автоқызметтердің деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралық облыстарына шығуды жаңарту.

2012 жылы Қостанай қ. Ұзынкөл аймағындағы аудандық орталыққа және селоларға ЖК А.У Сулейменов адамдарды апарып алып келуді жүзеге асыру: Новопокровка, Павловка арқылы Варваровка, Вершковой, және жеке такси, аудан орталығынан жергілікті селолық пункт және қостанай қ. 35 мың адамдарды 34 млн. теңге соммасына апарылды.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Газбен жабдықтау

Ауданда сұйытылған газды пайдалану көлемі 84 мың тоннаны құрайды. Негізгі газбен қамтамасыз етушілер: «База сжиженного газа Трейд» ЖШС, «Промбаза-7» ЖШС болып табылады. Ауданның сұйытылған газға орташа айлық қажеттілігі 7 тоннаны құрайды. Сұйытылған газды жеткізу автогазовозбен жүзеге асырылады.




Электр энергетикасы

Аудан бойынша 2012 жылы электр энергиясын пайдалану көлемі 23 млн. кВтс құрады.

Ауданның ауылдық елді мекендерін электрмен жабдықтауды қызмет көрсететін «Қостанайский ЭнергоЦентр» ЖШС Ұзынкөлдік РЭС жүзеге асырады, 16 селолық елді мекендерге қызмет көрсетеді.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 10 кВт – 593,229 мың км жуық, оның ішінде кабельдік желілер – 0,4 кВт – 530,830 мың км.

Аудан аумағында кернеулігі 234 станса бар.

Қолданыстағы электржелілік шаруашылықтың тозуы жаңа қуаттарды енгізу қарқынынан асып түседі, бұл жабдықтардың апатты ақаулары санының ұлғаюына және желідегі техникалық ысыраптарға әкеліп соғады.

Электр энергиясын тұтыну деңгейінің өсуі байқалуда. Жалпы аудан бойынша қалалардағы желілердің кернеулігі жоғары. Алайда қала мен ауыл арасындағы электр-жылу желілері тығыздығының сәйкессіздігін айтып өту керек.

Жылумен қамтамасыз ету

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 қазандық, соның ішінде 1 қазандық бюджеттік есебінен және Ұзынкөл с. 8 пәтерлік тұрғылықты үйдің 44 автономды жылу беру жүйелері бар.

Ауданның орталығында жылумен қамтамасыз ету «Ұзынкөл су» МКК болып табылады, құрамына 1 қазандық кіреді.

Сумен жабдықтау

2013 жылғы жағдай бойынша сапалы ауыз суымен 25 жергілікті пунктегі 19344 адам немесе 81% .

«Ұзынкөл су» МКК ауданның елді мекендеріне ауыз су тасымалдауды жүзеге 41,5% асырады, 7 ауданның 15 жергілікті елді мекендері 35,4% 30 селолық пункке ауыз су тасымалданады 23,1% Аудан су құбырлары желілерінің жалпы олардың ішінде магистралдық желілер және таратушы желілер құрайды. Жалпы «Ақ Бұлақ» бағдарламасын іске асыру сапалы ауыз суды пайдаланытын ауылдық елді мекендерде тұрғындардың санын ұлғайтуға әсерін тигізді. Ұзынкөл с. 2009 жылы мен 2013 жылы жумен қамсыздандыру жүйесі. Жалпы объекті 944 млн. теңге.Құрлыстық объекті аяқталды. Бүгінгі күнде 49,87 км полиэтикалық трубасының диаметрінің 110 мм және 785 құдық орнатылды. Соның ішінде 2 резурварлық құбыры 1 1 мың. куб. метр, сорғыш станциясын құру бойынша жұмысын орындау, ішкі көлем жүйесінің, жүргізілген жұмыстар бойынша су жүргізу жүйесі және көшелерді көгалдандыру.

Соның ішінде келесі жоба бойынша 2012 жылы республикалық бюджеттен құжаттық жоба өңделді: «Ұзыннкөл с. Сокол с. жүйесін жүйелеу реконструкциясы» айырбастау құны 349,8 млн.теңге, «Ұзынкөл с. Суворов с., Троебрат п. Карл- Маркс Тобол су жүйесі тобының учаскілік реконструкциясы» айырбастау құны 313, 3 млн.теңге.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрғындарының жалпы саны 5037 адамды құрайтын 6 елді мекенге ауыз су берілді.

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы


Ауылдық аумақтарды дамыту

2012 жылы ауданның ауылдық жерлерінде 52 елді мекен болды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 19 ауыл жоғары әлеуетті даму деңгейіне, 33 – орташа.

Ауылдың (селоның) тұрмысын көтеруге жақсы жағдайлар жасау үшін ауыл тұрғындарын әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде әрі қарай шешуді қажет ететін проблемалардың бірқатары бар:



Электрмен жабдықтау

2012 жылдың басында орталықтандырылған электр желілеріне 52 селолық елді мекенінен Чапай селолық округінің 1 село Өгізбалық қосылмаған. «Қазақстан Республикасының әкімшілік аймақтық құрылымы туралы » ҚР Заңына сәйкес, осы село жоюға жатады және оны электрмен жабдықтау мақсатқа сай емес.



Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету

2012 жылы тұрғындар өмір сүріп жатқан 52 елді мекеннің 52-і:

орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 7 АЕМ немесе АЕМ жалпы санынан 13,5%-ы ауыз суды пайдаланып отыр. Орталықсыздандыру сумен қамтамасыз ету жүйесінен 30 АЕМ немесе 23 %.

15 АЕМ-де тұрғындар тасымалданатын суды пайдаланады.

Сумен жабдықтау проблемасын шешу үшін ауданда жыл сайын мемлекеттік бюджеттен су объектілерінің құрылысы мен қайта жаңғыртуға қаражат бөлінеді.

Ауыл балаларын мектептермен қамтамасыз ету

2013 жылғы жағдай бойынша ауданның 25 елді мекенінде жалпы білім беру мектептері жоқ, оның ішінде 6 село –мектеп жасындағы балалар жоқ, 19-і – жақын жатқан мектепке дейін 3 км қашықтықта орналасқан, 204 оқушыны мектепке жеткізу жүзеге асырылады, 13 – мектеп жасындағы балалар орталықта, пәтерлерде немесе мектеп интернаттарында тұрады. 4 елді мекенде тиісті үлгідегі мектептер жоқ, алайда контингент бойынша ҚРҮҚ № 1256 сәйкес бастауыш мектептердің қызмет етуі қажет. Осы ауылдық елді мекендерде бастауыш мектептер жоқтығының негізгі себептері болашағы жоқ ауылдар, тұрғындардың кетуі, оқитын контингенттердің төмендігі, жақын мектептерге апарып салудың ұйымдастырылмауы болып табылады.



Денсаулық сақтау

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ыңғайластырылған жайларда 34 медицина мекемелері орналасқан (жалпы санның 97,2%).

17 ауылдық елді мекенде, олардың ішінен тұрғындарының саны 50 адамнан аспайтын 5 селода денсаулық сақтау объектілері жоқ. Жақын маңдағы медициналық мекемеге дейін арақашықтық 5 км аспайтын, тұрғындарының саны 50 көп 8 АЕМ-де медициналық мекеме қажет емес.

Мәдениет және спорт

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 АЕМ-де мәдениет объектілері бар, 42 – жоқ, олардың ішінен тұрғындары жоқ 12 село, ал 30 АЕМ-де халық саны 300 адамнан астам. АЕМ-дің клубтармен қамтылуы 19,2%, кітапханалармен қамтылуы – 17,3% құрайды.

Мәдениет объектілерінің толық қызмет етпеуінің жалпы проблемалары ауыл тұрғындарының аздығы, шалғайда жатқан ауылдарды мәдени-ағарту іс-шараларымен қамтамасыз ету үшін автокөліктердің, сонымен қатар мәдениет мекемелерін қалпына келтіруге, тарих және мәдениет мүсіндерін қалпына келтіруге, мәдениет объектілерінің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге бюджеттік қаражаттар мен шаруашылық субъектілерінің қаражаттарының жетіспеушілігі.

Аудан халқын тұрақтандыру түрлері
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14 селолық округ және 2 өздік село, барлығы 52 селолық пункті. Аудан аймағында 30 түрлі ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халық саны 23,9 мың. адам, оның ішінде: 41,0%- қазақтар, 42,0%-- орыстар, 9,6%-украиндер, 1,7%-немістер, 5,7%- басқа да ұлттар. Халық тұрғындары -2,7 адам бір квартал км. Халық саны Ұзынкөл с., Троебрат, ауданның селолық округінде, 0,2 ене 0,5 адам бір кварталдық км.

Ұзынкөл с. аудан орталығы болып келеді, Троебрат с.Пресногорьков темір жол станциясы бар.

2009 – 2012 жылдарға ауданда халық саны және 5,4% қысқартылды (2009 жылы 25264 адамға, 2012 жылы 23891 адам.)


2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау


Мемлекеттік орган қызметтердің сенімін күшейту және сыбайлас жемкорлыққа қарсы бұл маңызды аспект қызметінде мемлекеттік сапасын көтеру.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

2013 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданның мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 144 бірлікті, оның ішінде мәслихаттық – 5, Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің саны

68 (56,2%) құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41 жылды құрайды. Зейнетке жақын жастағы қызметкерлер – 8, шарт бойынша істейтін зейнеткерлердің саны – жоқ.

98 адамның (80,1%) жоғары білімі. 17 адамның (14%) орта кәсіптік – орта білімі бар.

Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 78 адам (64,5%), орыстар – 31 (25,6%), басқа ұлттар – 12 (9,9%).

Аудан бойынша мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 9,7 жылды, алатын лауазымы бойынша – 3,2 жылды құрайды.

Жергілікті өкілетті органдар – мәслихаттардың қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 21 қаңтардағы Заңымен реттеледі және ҚР Конституциясы 86-бабының 1-тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес маслихаттар халықпен жалпы, бірауыздан, тікелей сайлау құқығының негізінде құпия түрде дауыс беру арқылы төрт  жылға сайланады. Осыған байланысты маслихаттардың депутаттары іс жүзінде өзінің сайлаушыларымен қарым-қатынаста болып, оларға өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.

7-кесте


Ұзынкөл ауданының төртінші шақырылымы депутаттарының құрамы

2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша









оның ішінде

Депутат

тар


- барлығы

жынысы бойынша

жасы бойынша, жыл

ерлер

әйелдер

дейін 30

30-39

40-49

50-59

60 және жоғары

Барлығы

12

9

3

1

3

3

3

2

оның ішінде:

























саяси партиялардың фракциялары бойынша

11

8

3

1

3

3

3

1

олардың ішінен:

























«Нұр Отан» республикалық саяси партиясы

11

8

3

1

3

3

3

1

Фракция құрамына кірмейтін депутаттар

1

1
















1


Дерек көзі: Қостанай облысының статистика департаменті., Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;

Аудан бюджеті


Аудан бюджеті іс жүзінде бюджеттік әкімшілдіктің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің әлдеқайда ұлғаюымен сипатталады.

2012 жылы кірістер бойынша облыс бюджетінің көлемі 2360944 мың. теңге, теңгені құрады, яғни 2010 жылғы аудан бюджетінен 176,4% артық. 2012 жылы облыстық бюджеттен алынған трансферттер 2010 жылғыға қарағанда 172%, оның ішінде субвенциилер – 131% есе ұлғайтылды. Облыстық бюджеттен алынған трансферттердің үлесі 76,4% (2010 жыл – 78,2%), жеке кірістердің үлесі – 20,8% (2010 – 21,8) құрады.


2006-2012 жылдардағы кірістер бойынша аудан бюджеті 8 кесте
мың теңге

Атауы

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2010 ж. % 2006 ж

2011

2012

2012 ж

2010ж %

кірістер

766451

945487

976818

1045841

1338506

174,6

1616114

2360944

176,4

соның ішінде:




























жекеменшік кірістер

199181

264795

304837

282897

292158

146,7

359511

491329

168,2






























мың. теңге



Атауы

2006 ж..

2007 ж..

2008 ж.

2009ж..

2010 ж.

2010 ж % 2006 ж

2011

2012

2012 ж 2010ж. %

кірістер

766451

945487

976818

1045841

1338506

174,6

1616114

2360944

176,4

соның ішінде:




























жекеменшік кірістер

199181

264795

304837

282897

292158

146,7

359511

491329

168,2

облыстық бюджеттен трансферттер

567270

680692

671981

762944

1046348

184,4

1217010

1804548

172,5

соның ішінде




























нысаналы трансферттер

321379

358460

64788

59814

205076

63,8

207670

702830

343

субвенциялар

245891

322232

607193

703130

841272

342,1

1009340

1101718

131


2006-2012 жылдардағы аудан бюджетінің құрамы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді. Осыған байланысты нысаналы трансферттер көлемінің төмендеуі белгіленді.

2006-2012 жылдары өз кірістерінің түсу серпініне сәйкес 2012 жылға қарағанда 2010 жылы өз кірістерінің өсу қарқыны 168,2% құрады.

Соңғы екі жылдың ішінде облыс бюджетінің шығыстары 150% өсті және 2 321,3 млн. теңгені құрады.

Талдау кезеңде шығыс бөлімінің құрылымында көрсеткіштерге қатысты біраз өзгерістер болды. Аудан бюджеті әлеуметтік бағытта бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға бюджет қаражатының үлесі 63,6 % құрайды, 2012 жылға қарағанда 2010 жылы қаржыландыру көлемі 170,3% есе ұлғайды .

2006-2012 жылдардағы функционалдық топтар шегіндегі бюджет шығыстары 9 кесте

млн. теңге






Атауы

2006 ж

2007 ж

2008 ж.

2009 ж

2010 ж.

2010 ж.

2006 ж.

2011ж

2012ж

2012 ж. 2010

ж.

1

Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

79494

120098

127172

120545

146067

183,7

196282

225302

154,2


2

Қорғаныс

1219

1264

1109

954

1044

85,6

1117

1711

163,9

3

Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, соттық қылмыстық орындаушы қызметтер


















2053








4

Білім беру

370619

502939

581290

687676

771304

208,1

942326

1176415

152,5

6

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

37577

42530

59050

79886

95241

253,4

73547

82357

86,5


7

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық

16354

11960

58479

30140

43115

263,6

108410

637992

1479,7


8

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

17337

34446

41049

26451

39026

225,1

53297


60902

156,1


10

Ауыл су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

208876

168870

12265

29435

138893

66,5

92463

36261

26,1

11

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

3439

3863

4023

4610

3842

111,7

5123

5990

155,9


12

Көлік және коммуникация

17035

22426

55827

55762

59821

351,2

40791

29932

50,0


13

Басқалар

9882

7618

30439

11855

8823

230,7

18198

26656

302,1


14

Қарыздарды орындау



















1

3




15

Трансферттер

454

670

92

35

39486

8697,4

7126

10471

26,5




Аудан бойынша жиыны

762286

916684

970795

1047349

1346662

176,7

1540733

2293992

170,3

Ауданның бюджеттік саясаты барлық міндеттемелерді, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда облыс тұрғындарын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды облыстың толық және уақытында жүзеге асыруы үшін қаржы ресурстарын жаңашаландыруға және топтауға бағытталған.

Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағыты сақталған және шығыстарды жоспарлау кезінде әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ аудан экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау негізгі басымдылық болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет