БАҒдарламасы 2013 жыл, Ұзынкөл мазмұны 1


Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің ке



бет5/9
Дата28.04.2016
өлшемі1.94 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы


2007-2009 жылдары экономикалық өсудің оң қарқыны табиғат ресурстарында негізделетін өңір экономикасының құрылымында түбегейлі жылжуға әкелген жоқ, экономиканың өндіру секторына инвестициялардың өсуі және өңдеу өнеркәсібі үлесінің аздап өсуі байқалады. Облыс экономикалық кеңістігінің сапасы тек қана Қостанай, Рудный, Лисаков қалалық агломерациясының аймағында жақсарып келе жатыр, елді мекендер тұрғындарының тығыздығы, жолдардың тығыздығы және байланыстылылығы өсуде.

Денсаулық сақтау, білім беру және тұрғындарды әлеуметтік қорғау салаларында оң серпін байқалуда, өңірдің ірі корпорациялармен әлеуметтік әріптестігі және мемлекеттің коммерциялық емес секторлармен әріптестігі дамуда.

Өңір дамуындағы әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуындағы күшті және әлсіз тұстарын, оның шектеулері мен даму мүмкіндіктерін анықтаған басымдалған SWOT-талдауында көрсетіледі.


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Ауыл шаруашылығының маңызды экономикалық әлеуеті, топырақтың жоғары бонитеті

Елдің аумағында шекара маңында орналасуының есебінен облыстың маңызды транзиттік әлеуеті

Осы заманғы кәсіби білім үшін рерурстар кешенінің болуы: инфрақұрылым, профессорлық-ұстаздар құрамының жоғары біліктілігі

Денсаулық сақтаудың тұрақты әлеуеті: туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауырудың төмендеуі

Бала туу санының ұлғаюы

Денсаулық сақтау қызметтері нарығының болуы

Дамыған кәсіби дайындықтар инфрақұрылымының есебінен жұмыссыз-дық деңгейінің төмендігі

Тұрғындардың жан басына шаққандағы етпен, бидаймен және картоппен қамтамасыз етілуінің жеткілікті деңгейі

Шағын және орта бизнесті дамыту үшін инновациялық әлеует элементтері кешендердерінің болуы (бизнес- инкубаторлар, ӘӨК)


Салалық теңгерімнің жоқтығы: өндіріс және инвистициялар көлеміндегі өндіру өнеркәсібінің басым үлесі, шағын бизнестің әртараптандырылу деңгейінің төмендігі

Өнеркәсіп салаларында жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімдерді шығару жөніндегі өндірістің болмауы

АӨК және өнеркәсіптің шикізаттық бағыты

Село инфрақұрылымдық әлеуетінің біртексіз өсу дәрежесі

Ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне біртексіз қол жетімділігі

Азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі

Ұзынкөл селосының су құбырлары желілерінің 70%-дан 100% дейінгі тозуы

Көлік жолдарының 57,8%-ы қанағаттандырмайтын жағдайда болуы






2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
Ауданда қазіргі уақытта 3 өңірлік бағдарлама және 2 стратегия іске асырылуда.

Бағдарламалар әкімшілері өңірлік бағдарламалары мен есептерінің оларды іске асыру туралы мазмұнын талдау негізінде 2009 жылы әкімші осы бағдарламалардың жоспарланған іс-шараларының іске асырылу дәрежесін көрсететін жиынтық кесте құрастырылған (9-кесте).

9-кесте

Іске асыру кезеңінде Ұзынкөл ауданында өңірлік бағдарламаларды іске асыру дәрежесі



Жоспарланған шаралардың барлығы

Орындалды

Қалыпты іске асырылуда (50%-дан жоғары орындалу)

Нашар іске асырылуда

(20-50%-ға орындалу)

Орындалмаған (20%-дан төмен орындалу)

2011-2015 жылдарға арналған Ұзынкөл ауданының аймағын дамыту бағдарламасында жүзеге асыру
















2009-2011 жылдарға арналған Қостанай облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың өңірлік бағдарламасы

















Жалпы барлық бағдарламалар аяқталу сатысында, негізі барлық бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттар игерілді, жоспарланған іс-шаралар іске асырылды.
3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданы өңір тұрғындарының өмір сүруі мен жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға қабілетті, тартымды кәсіпкерлік ортасы бар және ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да үстеме құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағытталған серпінді дамып келе жатқан әртараптандырылған экономикасы бар агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейі бойынша жетекші-өңір болады.
Ұзынкөл ауданы 2015 жылда:

Агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігі, экономиканың әртараптануы және халықтың жұмыспен қамтылуын жоғарылатудың факторы ретінде дамитын болады.

Ішкі нарықтың азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету – 100%.

Ауыл шаруашылығының сапалы өнімдерін өндіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату – 100%.

2015 жылға қарай етті қайта өңдеу үлесін 1,3% дейін жоғарылату қажет.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай ауыл аймақта ауылдық елді мекендердің жалпы санынан 40%, аудан орталығында – 83,5% құрайды.

Озық технологиялардың көмегімен өңделетін дәнді дақылдар аумағының көлемін 2015 жылға қарай 94% дейін ұлғайту (2009 жылы – 77,7%).

2015 жылға қарай ауыл шаруашылығы малдарының санындағы ІҚМ – асыл тұқымды мал басының үлесін 5,5%-ға дейін ұлғайту
Тұрғындардың тұрмыс сапасы және әл-ауқаты өңір экономикасының өсуіне байланысты жақсаруда.

Еңбек өнiмдiлiгi өнеркәсiп және агроөнеркәсiп кешендерiн жетiлдiру есебiнен өсетiн болады.
ЖШҚ «Ұзынкөл элеватор 2030» бір кәсіпорын ХАССИ 2200 сериясымен және ХАССИ 9001 сериясымен МСО халықаралық қалпына кәсіпорындардың көшу және шығарылған өнімінің сапасын жақсарту жұмыстары жүріп жетыр.

Еңбек қорларының сапасы ауданның тұрғындарын сапалы біліммен және жұмыспен қамтамасыз ету арқылы жақсарады.

Бiлiм жүйесi сапалы және қол жетімді болады.

Бірінші кезекте кадрлық әлеуетті дамыту жөніндегі шаралар есебінен және облыстағы орта білімде мамандандыруды дамыту есебінен орта білімнің сапасы әлемдік деңгейге жеткізіледі. ТжКБ мен орта білімнен кейінгі білім мамандар дайындап шығару құрылымы жағынан да, олардың білімдерінің сапасы бойынша да облыс экономикасының қажеттеріне лайықты болады, және облыс бизнесі кейпін өзгерту мен жаңарту үдерісінде белсене қатысатын болады.

2015 жылы жұмыссыздық деңгейi – 135,0 % ұлғаюы (2012ж. – 125%).

Жұмысқа орналастыруға жәрдем сұраған тұлғалардан, жұмысқа орналасқан тұлғалардың үлесінің 2015 жылы – 1,5 % .

Аудан тұрғындарының полицияға деген сенімінің болжамдық деңгейі 2015 жылы – 54%.



Халықтың өмір сүру сапасын жоғарылату халықты әлеуметтік қолдаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, денсаулығын жақсарту және қолдау арқылы жақсарады.

Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесін (ДБҰЖ) енгізу аясында мыналар қамтамасыз етілетін болады:

емделушілердің дәрігер және дәрігерлік ұйымды еркін тандау құқықтары;

халыққа көрсетілетін дәрігерлік жәрдемнің сапасын жоғарылату;

тиімді дәрігерлік жәрдем көрсету және қаржыландырудың тиімді жүйесін құру арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.

Ауыл тұрғындарының дәрігерлік және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында дәріханалар ашу жоспарланып отыр. Телемедицинаны әрі қарай дамыту және жылжымалы кешендерді енгізу жалғастырылады, бұл халыққа, оның ішінде ауыл тұрғындарына көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын жақсартады және қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Облыстық және республикалық бюджеттен берілген нысаналы ағымдағы трансферттердің есебінен облыстық дәрігерлік ұйымдарды материалдық-техниқалық жарақтандыру жақсарады. Дәрігерлік ұйымдар сапалы дәрігерлік жәрдем көрсету үшін қазіргі жоғары технологиялық дәрігерлік құралдармен жабдықталады. Емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметшілері диагностика, емдеу және ауруларды сауықтырудың жаңа технологияларына үйретілетін болады. Өткізілетін нысаналы алдын-алу тексерулері, оның ішінде скринингтик тексерулер ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және дер кезінде емдеуге және сауықтыруға мүмкіндік береді.



Электр және жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және телекоммуникациялық дамудың жағдайын жақсарту арқылы көлік инфрақұрылымының деңгейін жоғарылату.

Қызметтерді пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтермен қанағаттануы 2015 жылға қарай – 100% (2009 жылы – 0%, сауалнама өткізілмеген).

Қалпы жақсы және қанағаттандыратын жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2015 жылға қарай 71% дейін (2009 ж. – 46%).

Аудан дамуының басты стратегиялық мақсаты тұрақты өткізу нарықтары бар ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілетті индустриялық және агроөнеркәсіптік кешенді қалыптастыру болып табылады.

Өңірдегі басты мақсатты іске асырудың маңызды нәтижесі халық әл-ауқатының жоғары деңгейін, денсаулық сақтауда, әлеуметтік қамтамасыз етуде, білімде, мәдениетте, спортта өмір сүру сапасының, көлік инфрақұрылымының және қолайлы тұрғын үйдің жоғары стандартарын қамтамасыз ететін серпінді дамып жатқан, теңгерімделген және бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаны орындаудың әр кезеңінде оны іске асырудың құралдары Ұзынкөл ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Іс-шаралар жоспары, тиісті мемлекеттік құрылымдар басқармаларының стратегиялық және операциялық жоспарлары, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың бизнес-жоспарлары мен жобалары болып табылады. Үстеме құны өте жоғары жеке салаларды басым дамыту үшін жағдайлар, сондай-ақ сарапшылар өсімнің барынша жоғары қарқындарын болжап отырған салалардың басым дамуы үшін ұйымдастыру-экономикалық алғышарттарын тиімді әкімшілеу және жасау. Дамудың бюджеттік қаражаттарын тиімді пайдалану.



4. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР , НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
1 Бағыт: Экономика

Өнеркәсіп

1-мақсат: Өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін дамыту








Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш. бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар







1

Өнеркәсіптің өндірісінің физикалық көлем индексі %

%

123,7

101,1

101,7

102,0

102,6

КАШБ







1-міндет. Әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенінің және өндеу өнеркәсібінің басым секторларын дамыту


п/п

Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш.бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

1.1

Өнеркәсіб өнімінің көлемі

млн. теңге

1118,8

1131,0

1150,3

1173,3

1203,8

КАШБ

1.2

Өнеркәсіп өндеу өнеркәсібі үлесінің ұлғаюы

Өткен жылға қарағанда а %

123,7

101,1

101,7

102,0

102,6

КАШБ

Демелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өңірлік деңгейде инвестициялық жобаларды іске асыру.

Аудан өндеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешендері өндірістік-экономикалық көрсеткіштері мониторингінің жүйесін ұйымдастыру, өнеркәсіп салаларын тиімді дамыту жөнінде шаралар әзірлеу.

Әлеуетті инвесторларды іздестіру мақсатында қаржыландыруды талап ететін облыс инвестициялық жобаларының тізімін аудан әкімінің сайтында орналастыру.

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тәртібі, жобалар бойынша шешім қабылдау үшін қажетті құжаттаманы дайындау жөніндегі түсіндіру жұмысы.

Жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша тауарлардағы қазақстандық қамту мониторингі.



Агроөнеркәсіп кешені

2-мақсат: Ішкі нарықтың қажеттілігін жабу және қалыптастыру үшін агро өнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің өсуі.


п/п

Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш.бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

2

Ауыл шаруашылығының өнімінің өндірісінің физикалық көлемінің индексі

%

179,5

46

102

103

104

КАШБ

2-міндет: АӨК өнім өндірісі тұрақты өсуінің негізінде ауданның азық-түлік

қауіпсіздігін қамтамасыз ету

п/п

Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш.бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

2.1

Физикалық көлем индексі мен өсімдік өнімін көбейту

%

257,8

49

102

103

104

КАШБ

2.2

ылғалды сақтайтын технология) өрлеу технологиялары арқылы дәнді астық егу алаңдарын көбейту

%

5

6

7

8

9

КАШБ

2.3

Мал шаруашылықтың жалпы өнімінің (қызмет) физикалық көлемінің индексі

%

100,9

63,0

100,2

101,0

102,0

КАШБ

2.4

Ауыл шаруашылық млдық жалпы басын асыл тұқымды мал көлеміне көбейту

%

2,0

3,0

4,0

5,0

5,5

КАШБ


1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдары:

Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін мыналардың есебінен қамтамасыз ету:

өсімдік және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемдерін ұлғайту;

малдың тектік әлеуетін жоғарылату және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында сүт, ет өнімдерінің сапасын жоғарылату;

техникалық және технологиялық жағынан саланы қайта жабдықтау;

ішкі нарықтың қажеттілігін азық-түлік тауарларымен қанағаттандыру,

сондай-ақ астықты, етті, сүтті, жүнді экспортқа шығаруды жүзеге асыру;

ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуде инвестициялық

жобаларды іске асыру үшін инвестицияларды тарту;

терең қайта өңдеу ауыл шаруашылығы өнімдерінің кеңейту.


Шағын және орта бизнес, сауда
3-мақсат: Бизнес-ортаны жақсарту


Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш.бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

шағын және орта кәсіпкерлік өнімінің ұлғаюы үлесінің көлемі

млн. теңге

1118,8

1131,0

1150,3

1173,3

1203,8

КАШБ

1-міндет: Бизнестің экономикалық белсенді өсуі үшін қолайлы жағдай жасау


Тікелей көрсеткіштердің

қортындысы

Өлш.бірл

2011

2012

2013

2014

2015

Жауапты орындау-шылар

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының өсуі 1000 тұрғындарға шаққанда

ед.

36,5

28,4

28,9

29,2

29,5

КАШБ


1 және 2-кезеңдерге қол жеткізу жолдары:

кәсiпкерлiк субъектілерi үшiн рұқсат беретiн үрдістерді (құжаттарды) түгендеу және қайта қарау жөніндегі жұмысты жалғастыру;

әдiл бәсекелестiк басымдылықтары туралы, кәсiпкерлiк секторды мемелекеттік қолдау туралы, ШОКС қызметінің нәтижелері туралы ақпараттық материалдармен жарық шығару (БАҚ-та жариялау, теледидар және радио бойынша сөз сөйлеу).

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру, жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы.



4 Мақсат : Ішкі сауданы дамыту арқылы ауданның экономикалық әлеуетән арттыру.


ппр

Р/с №


Нысаналы индикатолар


Өлш.бірл


2011


2012



2013



2014



2015



Жауап-ты

орындау-шылар

4

Бөлшектеп сату көлемінің физикалық индксі

%


107,1

106,7


102,8


102,8


102,8



ӨКБ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет