Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 4


-мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу жолымен астананың адами капиталының сапасын арттыру



бет11/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.57 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2-мақсат. Азаматтардың денсаулығын нығайту саясатын жүргізу жолымен астананың адами капиталының сапасын арттыру





Р/с №


Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




Мақсатты индикаторлар:



Халықтың медициналық қызметтер сапасына қанағаттану деңгейі,%

86,4

85,0

85,0

90,0

90,0

ДБ



Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жас

73,25

73,3

73,5

74,0

74,5

ДБ



1000 адамға шаққанда жалпы өлімді төмендету

4,56

4,9

4,8

4,7

4,65

ДБ



Халық сан, мың адам







806,4

835,8

866,6

ББӘ


Негізгі міндеттер:


Р/с №


Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1-міндет. Денсаулық сақтауда қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру, тиімді тарифтік саясатты енгізу




Көрсеткіштер:



Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке шығындар деңгейін арттыру, жалпы көлемнің %

24,0

19,0

19,5

20,0

20,5

ДБ



Дәрігер мамандарға тапшылықты төмендету,бірлік

790,5

370,0

400

400

390

ДБ



Дәрігер біліктілік санатына ие медициналық қызметкерлердің үлес салмағы, %

43,0

45,0

44,0

44,5

45,0

ДБ



Орта медициналық қызметкерлер, %

41,5

43,0

43,0

43,1

43,5

ДБ



Халықтың жалпы санының 30% бөлігінің скринингтік тексерумен қамтылуын қамтамасыз ету, %

30,0

30,0

30,0

30,0

30,0

ДБ



Тегін дәрі-дәрмектік заттармен қамтамасыз етілген әлеуметтік маңызды аурулармен ауыратын науқастардың үлес салмағын ұлғайту, %

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

ДБ



Жедел медициналық жәрдем бригадасының 1 жеделді санатындағы пациент тұратын жерге жету уақыты, минут







20

20

20

ДБ



Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан -2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауына (бұдан әрі – Жолдау) сәйкес ұлттық денсаулық сақтау жүйесін ұзақмерзімді жаңғырту шеңберінде елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттары енгізіледі, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуы жақсарады, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызметтердің ұсынылуы қамтамасыз етіледі, балалар денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізіледі. Жолдаудың негізгі қағидаттары Астана қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласындағы міндеттер мен мақсаттарға жету жолдарын айқындаудың негізіне кірді.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру және басқару жүйесін жақсарту денсаулық сақтау объектілерін салу және қайта жаңарту және жоғары технологиялы қалпына келтіру технологияларын енгізе отырып алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АМӘК) деңгейінде қалпына келтіру және қалпына келтіріп емдеу қызметтерін жетілдіруді ескере отырып халықаралық стандарттарға сәйкес материалдық-техникалық базасын әрі қарай нығайту бойынша басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Ортамерзімді перспективада алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (бұдан әрі - АМСК) фин үлгісін енгізу және дамыту жұмысын өткізу көзделеді. Сондай-ақ, АМСК медициналық ұйымдарында электрондық кезек жүйесін енгізу жоспарланады, бұл халыққа медициналық қызмет көрсету үрдісін елеулі түрде төмендетуге және жүйелендіруге мүмкіндік береді.

Амбулаторлық үлгідегі жеке меншік медициналық мекемелерде мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен МЖӘ секторы кеңейтіледі. Астана қаласы тұрғындарының медициналық қызметтермен қамтылуын ұлғайту мақсатында МЖӘ шеңберінде қаланың шеттерінде Железнодорожный, Көктал-2, Өндіріс тұрғын үй алаптарында үш амбулаторлық-емханалық кешен салу жоспарланады.

Медициналық қызметтер көрсету және кадрлық әлеуетті дамытуды жетілдіру үшін ел ішінде, алыс және жақын шет елдердегі ғылыми медициналық орталықтарда медицина кадрларын дипломнан кейінгі үздіксіз кәсіптік оқытуды жүргізу, сондай-ақ қажетті мамандықтар бойынша кадрларды алғашқы қайта даярлау қарастырылатын болады.

Медицина ұйымдарының қызмет сапасын олардың қызметінің тиімділігін көрсететін индикаторларды енгізе отырып ішкі аудит және басқару жүйесін жетілдіру көзделетін болады, сондай-ақ 4 жылға аккредитациядан өткен медицина ұйымдарының үлес салмағын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. 2014 жылдан бастап елорданың медициналық мекемелері ISQua. Халықаралық стандарттар бойынша тіркеледі.

Психоактивті заттарды тұтынудың алдын алу, травматизмнің алдын алу және азаматтардың ортақ жауапкершілігі мәселелері бойынша сектораралық өзара әрекеттікті кеңейту «дөңгелек үстелдерді», мәжілістерді, оқытатын семинарлар мен конференциялар арқылы көзделеді.

Жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру мақсатында Smart-Astana тұжырымдамасы құрамында Е-жедел жобасын әрі қарай іске асыру қарастырылады. «Ересек пен балаға жедел көмек көрсету тактикасы (BLS курс)», «Тудыру», «Акушерлікте кезек күттірмейтін жағдай», «Травма кезінде кезек күттірмейтін көмек көрсету алгоритмі» сияқты тақырыптар бойынша дәрігерлер мен фельджерлерді үздіксіз оқыту жүйесі ұйымдастырылатын болады. Халықаралық стандарттар бойынша санитарлық автокөлік жүргізушілерін парамедикке оқыту жүйесі ұйымдастырылды.



Жоғарыда санамаланған шараларды іске асыру елордада демографиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, туудың ұлғаюына, халықтың өмір сүру ұзақтығына, жалпы өлімнің және әлеуметтік-маңызды ауруларды азайтуға әсер етеді, бұл халық санының өсуіне тікелей әсерін тигізеді. Болжамдық мәліметтер бойынша 2015 жылдың соңына қарай қала халқының саны 866,6 мың адамды құрайды.



Р/с №


Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2-міндет. Әйелдердің және балалардың денсаулығын нығайту, тууды ынталандыру




Көрсеткіштер:



Ана өлімін төмендету (тірі туған 100 мың балаға шаққандағы жағдай)

20,9

26,3

24,2

22,7

21,0

ДБ



Бала өлімін төмендету (тірі туған 1000 балаға шаққандағы жағдай)

11,8

10,8

10,6

10,4

10,2

ДБ



Бала өлімін тұрақтандыру және төмендету (1000 тірі туған балаға шаққандағы 0 жастан бастап 5 жасқа дейін)

12,7

15,7

15,6

15,5

15,4

ДБ


Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Әйелдер мен балалардың денсаулығын нығайту, туылуды ынталандыру бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу келесі шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады:

2013-2015 жылдары 8 денсаулық сақтау жүйесі объектісін пайдалануға енгізу жоспарланады. Жалпы АМСК салынып жатқан және қолданыстағы объектілері шамамен 950 мың адамды медициналық қызметпен қамтуға қабілетті халықаралық стандарттарға сәйкес бала тууға көмек көрсету және балалар ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту;

АМӘК, балалар және бала тууға көмек көрсету ұйымдарының жұмысына салмағы аз балаларды күту бойынша жаңа технологияларды және репродуктивті денсаулықты нығайтудың тиімді әдістерін енгізу;

нұсқаулықта белгіленген мерзімдерге сәйкес туғаннан гипотиреозды ертерек анықтауға жаңа туған балаларға неонатальды скрининг, сондай-ақ, туа біткен жүрек ақауымен жаңа туғандарды кардиохирургиялық клиникаларға уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету;

балалар және бала тууға көмек көрсету ұйымдарын білікті мамандармен жабдықтауды жалғастыру;

сыртқы жыныс мүшелері ауыратын жүкті әйелдердің аналық және перинаталдық қиындықтарының дамуы бойынша жоғары қауіпті әйелдер тобын дәрігерлік бақылауды жүзеге асыру және анықтау мақсатында аумақтық емханалар, қаланың отбасылық-дәрігерлік амбулаториялары және әйелдер кеңестері арасында сабақтастықты қамтамасыз ету;

жасанды емізілетін бір жасқа дейінгі балаларды тегін және емі бар азықпен қамтамасыз ету, егу күнтізбесіне сәйкес балаларға иммундауды уақытылы өткізуді қамсыздандыру және жиі ауыратын балаларды тұмауға қарсы жыл сайынғы вакциналаумен 100% қамту және пневмококты инфекциядан 2 жасқа дейінгі балаларға вакциналау өткізуді ұйымдастыру;

ата-аналар мен балалардың арасында ақпараттық жұмыстың және жол қозғалысының қауіпсіздігін, тұрмыстық және жол жарақатталыстың алдын алуды қамтамасыз ету аясындағы шаралардың тиімділігі мен жүйелілігін арттыру.




Р/с №


Индикаторлардың, көрсеткіштердің атауы

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

3-міндет. Негізгі (әлеуметтік маңызды) аурулардың, жарақаттың, мамандығына байланысты туындаған аурулардың және мүгедектіктің алдын алуды, емдеуді және қалпына келтіруді жетілдіру



Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлімді төмендету, 100 мың тұрғынға

181,8

217,2

210,1

205,7

198,3

ДБ



Онкологиялық аурулардан болатын өлімді азайту, 100 мың тұрғынға

75,8

87,8

87,6

87,0

86,8

ДБ

3.

Туберкулезден болатын өлімді төмендету, 100 мың тұрғынға

8,3

9,9

9,8

9,6

9,5

ДБ

4.

АИВ инфекцияның таралуын 0,2-0,6 % аспайтын шекте (15-49 жас тобында) тоқтату,%

0,1

0,3

0,3

0,4

0,4

ДБ



Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Халық денсаулығы көрсеткіштерінің оң серпіні біршама негізгі іс-шаралар қатарын іске асыру есебінен қамтамасыз етілетін болады:

АМӘК ұйымдары мен ауруханаларды қазіргі заманғы диагностикалық құралдармен және тамыр қысымына тәуліктік мониторинг жасау, жүрек қызметін холтерлік мониторингілеу аппаратурасымен, стационарлық сандық маммографпен және 2 қозғалмалы маммографпен, сараптаушы кластың жүрек-тамыр жүйесін ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттарымен және ішкі құрылыстарды УЗД-зерттеу аппараттарымен, 12 және 6 арналық электркардиографтармен жабдықтау;

жас-физиологиялық ерекшеліктерге және ДДСҰ ұсынымдарына негізделген (балалар, жасөспірімдер, репродуктивті жастағы әйелдер, негізгі аурулар бойынша тәуекел топтары, оның ішінде АИВ, жүрек-қан тамырлары, онкопатология, туберкулез, вирусты инфекциялар және эндокриндік аурулар, соның ішінде қант диабеті) тұрғындардың мақсатты топтары үшін скринингтік бағдарламалар кешенін АМӘК ұйымдарында енгізу;

АМӘК ұйымдары және қаланың мамандандырылған қызметтері арасында онкологиялық науқастарға ерте диагностика жасау және емдеу мәселелерінде өзара әрекеттестік;

мигранттардың туберкулезге тексерілулерін және емделуден бас тартқан туберкулездің белсенді нысанымен ауыратын науқастарды госпитальға жатқызылуын толық қамту бойынша әділет органдарымен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Ішкі істер департаменті» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – ҚР ІІМ ІІД) бірлескен жұмыс;

психикалық-әлеуметтік кеңес беру (ПӘК) және ПӘК кабинеттерінде және анонимді тестілеу кабинетінде АИВ-ға жүгінгендерді тестілеу, инъекциялық есірткі қабылдайтындар (ИЕҚ) контингентінен барлық ниет білдірушілердің піспегін ауыстыру бойынша жұмыстар;



Төтенше жағдайлар қызметінің, өрт қызметінің, полицияның, жол полициясының персоналына және көлік құралдары жүргізушілеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әрекеттерді үйлестіруді үнемі өңдеу жолымен жарақаттан, табиғи апаттан және төтенше жағдайлардан жапа шеккендерге уақытылы білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
3-мақсат. Тұрғындардың өнімді жұмыстылығын және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету


Р/с №


Индикаторлар, көрсеткіштердің атаулары

1-кезең

2-кезең

Жауап-

тылар

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл




Мақсатты индикаторлар:

1.

Жұмыссыздық деңгейі,%

5,8

5,8

5,5

5,4

5,3

ЖҚӘББ

2.

Күнкөріс минимумынан төмен кірісі бар халықтың үлесі,%

1,7

1,7

1,4

1,4

1,3

ЖҚӘББ

3.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетулермен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан), %

9,6

17,5

95,71

96,0

96,5

ЖҚӘББ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет