Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 4



бет2/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

3. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ




3.1. Қаланың позитивті және негативті жақтарын, сондай-ақ, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

Қала аумағының рельефі төмен алқап үстіндегі террасалардан қалыптасқан. Ауа-райы күрт өзгермелі. Гидрографиялық желісі жалғыз Есіл өзені мен қаланың Сарыбұлақ және Ақбұлақ аумақтарынан өтетін шағын оң құрғамалы салаларынан қалыптасқан. Астана қаласының айналасында 25-30 радиусында көптеген тұзды және тұщы көлдері бар.

2010 жылдың 1 қаңтарында қала халқының саны 649,5 мың тұрғынды құрады. 2009 жылдың қорытыныдысы бойынша Астана қаласы көші-қон сальдосы республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш - 31 908 адамды құрады. Қалаға келіп жатқан көші-қон легінің негізін Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тұрғындар құрайды. Қала адами капиталдың тартылыс орталығы болып жалғасуда, сонымен бірге, халықтың ақшалай кірісінің деңгейі бойынша көсбасшы. Сонымен, 2013 жылдың 1 қаңтарына халық саны 2010 жылға қарай 128,7 адамға өсумен 778,2 мың адамды құрады, оның ішінде көші – қон есебінен 65,4 % және табиғи өсім есебінен 34,6%. Осындай жолмен, көші – қон сальдосы 2010 жылғы 33 808 адамнан 19 239 адамға дейін төмендеді. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі 13 929 адамнан 15 926 адамға дейін ұлғайды.

Қала аумағының ауданы – 71 мың га. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, азербайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер, және т.б.

Дәл қазір Астана елдің тұрғындары тығыз орналасқан аймағының бірі болып табылады, 2009 жылы халықтың тығыздығы 913,3 шаршы метр/адамды құрады.

Қала экономикасының негізі: сауда, көлік және байланыс, құрылыстан тұрады. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне үлес қосу бойынша Астана облыстар мен республикалық маңыздағы қалалардың ішінде Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Екі қала Алматы және Астананың жиынтық аймақтық өнімі Қазақстанның сауда қабатының бүкіл көлемінің жартысынан көбін құрайды. Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана елімізде екінші орында.

Астана құрылыс қарқыны бойынша республикада көсбасшы. Қазақстандағы пайдалануға енгізілген тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің бестен бір бөлігін 2009 жылы Астана қаласы құрады. Бес жылдан астам уақыт бойы қала тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға енгізу көлемі бойынша көсбасшы болып келе жатыр.

Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің басым көпшілігі құрылыс материалдарын, тамақ өнімдерін/сусындарды шығарудан және машина құрылысынан тұрады. Қазақстанда Астана құрылыс металл бұйымдарын, пайдалануға дайын бетон, бетоннан жасалған құрылыс материалдарын өндіруден көсбасшылық орын алады. Сонымен қатар, құрылыстық металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандарын, көтергіш көлік жабдықтарын өндіруде қаланың үлесі жоғары.

Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22-ге жақын пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етеді.

Дамудың негізгі бағдарламалары шегінде мемлекеттік қолдау тетіктері жолымен халықтың экономикалық белсенділігін ынталандыру нәтижесінде жалпы өңірлік өнім құрылымындағы шағын және орта бизнес үлесі 45% дейін ұлғайды.

Инвесторларды тарту және жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту мақсатында, қалада «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы қызмет атқарады. АЭА басымдығы, салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын ерекше құқықтық режимнің болуында. АЭА аумағында түрлі бағыттардағы жобалар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, қаланың дамуы оның ішкі жалпы өнімінің маңызды бөлшегімен, әрі туризмнің дамыған қабатымен қамтамасыз ететін өңдеуші өнеркәсіптік секторларымен (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнеркәсібі және т.б.), кіші кәсіпкерлікпен дамыған өндірістің жалпы көлеміндегі жоғары үлестегі инновациялық өнімі бар бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.

Елорданың білім беру жүйесін 115 мыңнан астам бала оқып-тәрбиеленетін 206 білім беру ұйымдары құрайды. Қаланың білім беру жүйесінде 8282 педагог жұмыс істейді. 2010 жылы Жаңа халықаралық деңгейдегі университет ашылды. Бұл университеттің даму стратегиясы үш басты қағидада негізделеді: біріншісі – әлемнің жетекші білім беру мекемелерімен әріптестікте болу, екіншісі – қазіргі заманғы ғылыми инфрақұрылымы бар зерттеу университеті, үшіншісі – қазіргі заманғы басқару және қаржыландыру тәжірбиесі.

2010-2012 жылдар бойы жаңа объектілерді енгізу есебінен білім беру жүйесі ұйымдарының саны оқушылар контингентінің 150 мың оқушыға дейін өсуімен 280 бірлікке дейін ұлғайды. Сонымен, педагогтар саны 3 мыңға өсті және 11 мыңнан астам адамды құрады.

Денсаулық сақтау жүйесі 34 мемлекеттік және 120 мемлекеттік емес медициналық ұйымдардан тұрады.

2010-2012 жылдар бойы 4 денсаулық сақтау объектісі пайдалануға берілді. 8 салынып жатқан объектіні 2013-2015 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда. Алғашқы медициналық – санитарлық көмектің салынып жатқан және қолданыстағы объектілері 950 000 адамды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ете алады.»

2009 жылдың нәтижесі бойынша жұмыссыздықтың деңгейі 6,6 пайызды құрады, бұл орта республикалық деңгейге сәйкес келеді. 2009 жылы 17 854 жұмыс орны құрылды, 10 455 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген, әрі мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетіледі.

2009 жылдан осы уақытқа дейін Астанада 60 мыңнан астам жұмыс орны немесе орта есеппен жыл сайын 15 мыңнан, 2012 жылы экономиканың әр түрлі салаларында 18024 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде шағын бизнес саласында – 10982 орын (60,9%). Нәтижесінде, жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 5,7% дейін төмендеді.

Қазіргі таңда қаланың әлеуметтік көмек және халықты қорғау жүйесінде арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары енгізілді, барлық жаңа әдістер қолданылады, олар: әлеуметтік сауықтыру, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік қамқоршылық және қамқорлық, әлеуметтік алдын алу, медициналық – педагогикалық сауықтыру.

Елордада құқық тәртібі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде позитивтік қарқын байқалады. Сонымен, 2004 жылдан бастап қылмыстың барлық түрлері бойынша қылмысты ашу 10 пайызға дейін жақсартылған. Басқа аймақтардан келген көші-қон легі нәтижесінде қала халқы санының өсуіне қарамастан, ауыр және аса ауыр қылмыстардың маңызды салмағы көрсеткіші тұрақты болып қалды.

Елордада ерекше сәулетті келбет және авторлары атақты сәулетшілер Кисё Курокава, Норман Фостер, Манфреди Николетти және басқалар болып табылатын өзіне шығыс және европа мәдениетінің үздік салттарын үйлестірген стиль құрылды.

Жалпы өткен үш жылдың ішінде қала әлеуметтік-экономикалық дамуда оң қарқынға ие болды. Алайда, 2008-2009 жылдары әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың әсерінен өткен кезеңдерге қатысты кейбір экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы байқалды.

Экономиканың дағдарыстан кейінгі қалыптасуының белсенді мемлекеттік саясатын іске асыру қала экономикасын дамытудың негізгі индикаторларының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2010-2012 жылдар бойы ЖӨӨ көлемдерінің жылына орта есеппен 10 % -ға жыл сайынғы өсуі байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет