Бағдарламасы Астана қаласы, 2010 жыл мазмұны кіріспе 4


 Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



бет3/14
Дата02.05.2016
өлшемі2.57 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

3.2. Қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



3.2.1. Экономикалық даму
Қала экономикасын дамытуды, сондай-ақ, оның тұрғындарының әл-ауқатын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі адам басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) болып табылады.

Қазақстанның өңірлері бойынша ЖӨӨ деңгейі 2009 жылы тең болған жоқ - кейбір өңірлер Қазақстан бойынша ЖӨӨ-нің өте жоғары деңгейіне, кейбіреулері өте төмен деңгейіне ие. Республиканың жағдайы ең жақсы өңірі (Алматы қаласы) мен ЖӨӨ ең төменгі көлемді өңірі (Жамбыл облысы) арасындағы ерекшелік 9,1 есені құрайды.

2009 жылы Астана қаласының ЖӨӨ мөлшері 1 373 186,9 млн. теңгені құрады - жалпы республикалық көрсеткіштегі салым мөлшері бойынша 4 орын. 2007 жылмен салыстырғанда Астна қаласының ЖӨӨ үлесі республикалық деңгейде 0,76 %-ға азайды. Бұған қарамастан, Астана қаласы бойынша адам басына шаққандағы ЖӨӨ Қазақстан бойынша орта көрсеткіштен жоғары. 2009 жылы ол 2 189,4 мың теңгені (14,8 мың АҚШ доллары) құрады – Қазақстан бойынша орта есеппен алғанда 2,1 есеге жоғары.

2007-2009 жылдардағы ЖӨӨ серпіні көрсеткіштің өсуін көрсетеді.



Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1

Астана қаласының ЖӨӨ, млн. теңге

1 134 213,5

1 291 813,2

1 373 186,9

2

Астана қаласының адам басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

1 927,0

2 080,2

2 189,4

3

ҚР ЖӨӨ-дегі Астана қаласының ЖӨӨ үлесті салмағы, %

8,83

8,05

8,07




Анықтама:










1

ҚР ЖӨӨ, млн. теңге

12 849 794,0

16 052 919,2

17 007 647,0

2

ҚР адам басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге

829,9

1 024,2

1 056,8

Сонымен қатар, өткен жылдары ЖӨӨ тез және қатысты өсуі көп жағдайда елордадағы жылжымайтын мүлік нарығының «қайнауына» байланысты болды.



Нарық қарқынының төмендеуінен кейін 2007 жылдың соңынан бастап ЖӨӨ құрылымының өзгеруі байқалады. Сауда, қызмет көрсету саласы, көлік және байланыс болып табылатын өсудің жаңа әдістері іздестірілуде. Талдау кезеңінде қаланың ЖӨӨ құрылымында құрылысы саласының үлесті салмағы 22,3%-дан 16 %-ға дейін төмендеді, бұл қаладағы құрылыс қарқынының жалпы төмендеуімен негізделеді.
Астана қаласының жалпы өңірлік өнімінің құрылымы


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

млн. тг

%

млн. тг

%

млн. тг

%




Барлығы

1 134 213,5

100

1 291 813,2

100

1 373 186,9

100

1

Ауыл шаруашылығы

4 111,9

0,4

5 215,9

0,4

733,1

0,1

2

Өнеркәсіп

53 127,5

4,7

51 671,1

4,0

51 077,8

3,7

3

Құрылыс

253 087,8

22,3

220 478,9

17,1

219 136,6

16,0

4

Сауда

204 785,4

18,1

256 336,4

19,9

266 371,1

19,4

5

Көлік және байланыс

193 968,1

17,1

258 363,7

20,0

237 904,1

17,3

6

Өзге де қызметтер

425 132,8

37,4

499 747,2

38,6

597 964,2

43,5

Қаланың ЖӨӨ құрылымының өзгеруі:



  • Республиканың елордасын Астана қаласына көшіру өңірде құрылыс қарқынын тудырды, жыл сайын пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғаюда. Алайда, құрылыс жұмыстары қарқынының төмендеуіне және дағдарыстың келуіне байланысты ЖӨӨ салалық құрылымында маңызды өзгерістер болуда;

  • кәсіпкерлік саласы – шағын және орта бизнесті дамыту, сыртқы байланысты кеңейту және жаңа серіктестік қатынастарды орнату ЖӨӨ-дегі сауда үлесінің маңызды түрде өсуіне әсерін тигізді;

  • соңғы уақытта, қызмет көрсету секторы үлкен айналымға және қарқынға ие, бұл халықтың кірісі деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ қызметтерді тұтыну және көрсетудің өсуіне байланысты болды.

  • Қала экономикасын дамытудың негізгі индикаторларының өсуі нақты мәнде және 2010-2012 жылдар бойы ЖӨӨ көлемдерінің орта есеппен 1774,2 млрд. теңгеден 2582,9 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай ұлғаюының байқалатын үрдісін сақтауға ықпал етті.

Қаланың сыртқы сауда айналымы талдау кезеңінде 3,2 млрд. АҚШ долларына азайды, 2009 жылы экспорт үлесі 56,4%, импорт – 43,6 %.

Қаланың экспорт өнімінің негізгі тұтынушылары 2009 жыл бойы алыс шетел мемлекеттері (93,5 %) болып табылады. Импорт көлемдері бойынша ТМД елдерінің және алыс шетелдердің үлесі арасындағы айырмашылық көп емес (тиісінше 43,5 және 56,6 %).

Экспорт өнімінің құрылымында минеральды өнімдер, жер бетіндегі, әуе, су көліктерінің құралдары, олардың бөлшектері мен жабдықтары, сондай-ақ, өсімдік өнімдері; импорт құрылымында – машиналар, құралдар, көлік құралдары, жабдықтар, қымбат емес металлдар және олардан жасалған бұйымдар, минеральды өнімдер басым болды.

2012 жылдың қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымы 58% құрайды және 10,2 млрд. АҚШ долларына жетті (2010 жылы – 6,4 млрд. теңге), сыртқы сауда операциялары бойынша сальдо оңтайлы түрде қалыптасты.

Тұтыну бағасының индексі инфляцияның негізгі индикаторы ретінде, талдау кезеңінде аса көп мәнге ие болды, 2007 жылы – 119,8 %, сонымен қатар, азық - түлік тауарларына бағалар рекорды 30,1 %-ға өсті.

2009 жылы талдау кезеңіндегіден 6,5 %-ға төмен болды. Бұл өсу ақылы қызметтер мен азық – түлік емес тауарларына бағаның өсуі есебінен болды. Қала әкімдігі қолданған бағаның маңызды түрде өсуін болдырмау жөніндегі шаралар 2012 жылдың қорытындысы бойынша инфляция индексін 6,2%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік тудырды.


Өнеркәсіптік өндіріс

Қаланың өнеркәсіптік секторының 2004-2007 жылдардағы жоғарғы өсу қарқыны 2008-2009 жылдары өндірістің құлдырауымен ауысты. Сонымен, 2009 жылы төмендеу 4,8 пайызды, немесе 12,2 млрд.теңгені құрады, өңдеуші секторының көлемдері 2009 жылы 4,5 пайызға немесе 16,6 млрд.теңгеге төмендеді.

2009 жылы қала өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 71,1 млрд.теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 12,9 пайызға өсті.

Қаланың өнеркәсіптік өндірісінің негізін өңдеуші сектор құрайды (81 пайыз). 2004-2009жж. өңдеуші сектордың нақты шығару көлемі 1,7 есеге көбейді. Өнеркәсіптік өндірістің құрылымында үлестің көбін мына салалар алады: басқа да бейметалл минералды өнімдер – 32 пайыз, тамақ өнімдері мен сусындар – 20,5 пайыз, машина жасау – 17,6 пайыз, дайын металл бұйымдар – 15,3 пайыз.

Өңдеуші өнеркәсіпте 2009 жылы өндірістің көлемі 77,4 млрд.теңгені құрады. Өңдеуші өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі 2009 жылы 95,5 пайызды құрады.

Қаланың өңдеуші өнеркәсіп инвестициясының көлемі 2009 жылы 11,1 млрд. теңгені құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға ұлғайды.

Қаланың өнеркәсіптік дамуындағы құлаудың себебі әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс болып табылды, ол бірінші кезекте қаланың құрылыс саласына да әсер етті. Астана өнеркәсібін құрылыс саласына (құрылыс материалдары) бағыттау өндірістің күрт қысқаруына әкеп соқтырды.

Құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізген факторлар болып мыналар табылды: қолда бар өндірістің төмен технологиялық деңгейі және құрылыс материалдарын өндіру саласындағы еңбек өнімділігінің төмен деңгейі, негізгі қаражаттардың тозуы деңгейінің жоғарылығы, баға құрудың ескірген принциптері.

Халықаралық дағдарыстың сынақтық кезеңі тамақ өнеркәсібіне де әсер етті. Бұл саладағы көлемнің төмендеуі халықтың реальный ақша кірістерінің қысқаруының, жабық жұмыссыздықтың, тұтынушылардың таңдауын қараудың, халықтың кірістерін сақтауға бейімдігінің күшеюінің нәтижесінде болды.

Аталған себептер кейбір дәрежеде қаланың барлық өнеркәсіп салаларында болды.

2009 жылы машина жасауда шығарылған өнімнің көлемі 13 625,2 млн.теңгені құрады. Физикалық объемнің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,4 пайызды құрады.

Машина жасау саласының негізгі құрамы (95 пайызға дейін) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату болып табылады – 12 957,8 млн.теңге.

басқа да көлік қаражаттарын өндіру – 251,5 млн.теңге;

басқа санаттарға жатқызыдмаған машиналар мен жабдықтар өндіру – 223,2 млн.теңге;

электр жабдықтарын өндіру - 181,9 млн. теңге;

компьютерлер, электрондық және оптикалық өнімдер шығару – 10,7 млн. теңге.

Машина жасау саласын дамыту мақсатында 2009 жылы Индустриалдық парк аумағында «Lokomotiv Leasing» ЖШС «General Electric» (АҚШ) компаниясының (қазіргі таратылған «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ) технологиясы бойынша локомотив құрастыру зауытының құрылысы бойынша жобаның 1-этапы іске асырылды. 2014 жылға қарай толық өндірістік қуатқа (бір жылда 100 локомотив) шығу жоспарланып отыр. Бұл жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ қажеттілігін қанағаттандыра алады және алдағы уақытта ТМД елдерінің тұтынушы нарығына бағытталады.

Машина жасауда 2009 жылы инвестиция көлемі 9,8 млрд. теңгені құрады.

Машиналарды, жабдықтарды, көлік қаражаттарын, құралдарды және аппараттарды экспорттық жеткізу 2009 жылы 71,8 млн. АҚШ долларын құрады.

2012 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау негізгі сала болып табылды, оның үлесіне өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі 40,6 %.

Осы саланы дамытудың тежеуші факторлардың бірі ішкі нарықтың салыстырмалы шектілігі, локализациялаудың төменгі деңгейі болып табылады. Өндірілетін өнім көлемдерінің жыл сайынғы ұлғаюы әрі қарай жергілікті нарықтың толуына және өндіріс көлемдерінің төмендеуіне әкеліп соғады, сондықтан экспорт көлемдерін ұлғайту жолымен тұрмыс нарығын кеңейту бойынша шаралар қабылдау қажет.

Металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдарын өндіруде 2009 жылы 12 016 млн.теңгеге өнім шығарылды. Жалпы қызмет түрі бойынша өнімнің физикалық көлемінің индексі 2008 жылы шойын құю және темір жолдардың жылжымалы құрамына арналған элементтерді жасау бойынша қызметтер көрсету көлемінің ұлғаюы есебінен 51,2 пайызға көтерілді.

Металлургиялық өнеркәсіптің экспорттық жеткізулері 2009 жылы 2,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Басқа да бейметалл минералдық өнімдердің өндірісінде 2009 жылы 24 741,4 млн. теңгеге өнімдер шығарылды. Физикалық көлемнің индексі 2009 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,3 пайызды құрады.

Өндіріс көлемінің төмендеуі тауарлық бетонның (2008 жылдың деңгейіне 87,1 пайызға), бетоннан жасалған жинақтық құрылыс конструкцияларының (75,4 пайызға), құрылысқа арналған жинақтық конструкция элементтерінің (67,7 пайызға), керамикалық құрылыс кірпіштерінің (33,8 пайызға) өндірісіне сұраныстың қысқару салдарынан болды, бұл себептер өз кезегінде өнімге тапсырыстың жоқтығынан, қаланың құрылыс саласында жұмыс көлемінің қысқарғандығынан кәсіпорындардың өнім тұтынушыларының төменгі төлем қабілетінен туындаған.

Басқа да металлды емес минералды өнімдердің өндірістегі инвестиция көлемі 2009 жылы 0,4 млрд. теңгені құрады.

Өнеркәсіптің осы саласының осал жағы оның қысқа бағыттылығы болып табылады. 2012 жылдың қорытындысы бойынша бұл саланы бетон және бетон бұйымдарын, кірпіштер және т.б. шығаратын кәсіпорындар ұсынады, оларды шығару көлемі елордада құрылыс жұмыстарының барысына тікелей тәуелді болып табылады. Мысалы, 2012 жылы құрылыс жұмыстары көлемдерінің өсуі 2011 жылға 0,5% құрады, осыған байланысты, құрылыс материалдарын шығару көлемдерінің ұлғаюы барлық тауар үрдістеріне белгіленді (құрылыс мақсаттары үшін бетоннан бұйымдар 2011 жылғыдан 17,4 %, қабырға блоктары – 48,4 %, құрама құрастырулар – 29,1% шығарылды).

Сонымен қатар, қалада әрлеу материалдарын өндіру дамымаған, осы нарықта негізінен импорт өнімдері жоғары.

Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарды өндіруде 2009 жылы әрекеттегі бағаларда 573,5 млн.теңгеге өнімдер шығарылған, 2008 жылдың осыған жақын кезеңімен салыстырғанда 5,9 есеге өскен. Өндіріс көлемінің өсуі ағаш терезе жақтауларын, есіктер және олардың жақтауларын, жинақтық ағаш конструкцияларын және т.б. шығару көлемінің ұлғаюына байланысты.

Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 2009 жылы 393,7 млн.теңгеге өнім өндірді. Өндірістің 2008 жылдың осыған жақын кезеңімен салыстырғанда 57,6 пайызға өсуі дайын тоқыма бұйымдарының және киім өндірісінің көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілген. Бұл салада қызметті бір ірі өндіріс («Мәншүк» ЖШС) және дайын тоқыма бұйымдары мен сырт киім өндірісі саласында қызметін жүзеге асыратын шағын кәсіпорындар (тігін салондары, ательелер) жүзеге асырады.

Жеңіл өнеркәсіптің экспорттық жеткізімдері 2009 жылы 2,4 млн. АҚШ долларын құрады.

Осы саланы дамытудың тежеуші факторларының бірі негізгі қорлардың айтарлықтай ескіруі болып табылады. Кәсіпорындардың жаңа қорларды жаңарту үшін жеткілікті қоры жоқ және бәсекеге қабілетсіз өнімдерді шығара отырып, ескі құралдарда жұмыстарды жалғастыруда.

Жеңіл өнеркәсіптегі жергілікті өнімнің бесекеге қабілеттілігінің төмендігі және алыс және жақын шетелдерден импорт көлемінің жоғары болуы жергілікті өндірушілерге ыңғайсыз жағдай тудыруда.

Тамақ өнімдерінің өнідірісі, сусындарды қосқанда 2009 жылы 16 202,9 млн. теңгеге өнім шығарылды, бұл 2008 жылдыңғ ұқсас кезені деңгейімен салыстырғанда 7% төмен. Тамақ өнімдерін өндірудің, сусындарды қосқанда физикалық көлемінің төмендеуі бұйымдар, ет және тамақ субтүліктері, шұжық өнімдері, өнделген сұйық сүт және кілегей, сыр және ірімшік, йогурт, сүт және ферменттелген кілегей немесе ашыған және басқа да, жаңадан пісірілген нан этил спирті, сыра, алкогольсіз сусындар өнімдерінің өндіруді қысқартуымен түсіндіріледі.

Тамақ өнімдерін өндірудегі инвестициялардың көлемі 2009 жылы 0,8 млрд. теңге.

Тамақ өнімдерінің экспорт жеткізулері дайын азық-түлік тауарларын қоса алғанда 2009 жылы 340,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Айта кететін жай, қаланың өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қауттары 2009 жылы шамамен 30% жұмыспен жүктелді.

Қазақстан Республикасының Индустрияландыру картасы шегінде жобалар мынадай басымды салаларда: машина жасауда, АӨК және ауыл шаруашылық өңдеуде, ғарыш қызметінде, құрылыс индустриясында, фармацевтикалық, өзге де салаларда іске асырылады.

2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Индустрияландыру картасы шегінде 72,6 млрд. теңге сомасына 11 жоба іске асырылды (әрекет етуде), шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды.

Қала өнідірісінің негізгі мәселелері:

кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы мен өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі;

айналымдағы қаражаттардың жетіспеушілігі және несие беру қажеттілігі;

кәсіпорындардың инновациялық белсендігінің төмен деңгейі;

өндірістік өнімге сұраныстың төмендеуі;

өндірістік кәсіпорындардағы еңбектің төмен өнімділігі;

машина жасау саласындағы зауытаралық кооперацияның жоқтығы;

машина жасау өнімдерінің сатудан кейінгі сервис деңгейінің нашарлығы.
Ауыл шаруашылығы

2007-2009 жылдары Астана қаласы бойынша ауылшаруашылық құрылыстардың саны 16 бірлікке ұлғайды және 2009 жылдың соңына 24 бірлік болды, бұның ішінде ауылшаруашылық кәсіпорындар – 8 бірлік, диқандық (фермерлік) шаруашылықтар – 16 бірлік. Аталған мерзім ішінде халық шаруашылықтың саны 2855 өсті және 2009 жылға 18788 бірлік болды. Негізгі ауылшаруашылық өсімдіктерінің егіндік алқабы 2007 жылда 2,9 мың га өсті, ал 2009 жылда 2,5 мың га дейін өсті.

2007 жылдан 2009 жылға дейін ауыл шаруашылықтың жалпы өнімнің көлемі Астана қаласы бойынша шындық көлемінде 1,3% дейін ұлғайды және 2009 жылда 1536,2 мың теңге құрады.

Ауыл шаруашылықтың жалпы өнімнің көлемінде 88% өсімдік зерттеу өнімдері құрады. 2007-2009 жылдарында жалпы көліміндегі оның үлесі 9,5 п.п. құрады.

2010 жылдан 2012 жыл аралығында осы саланың орнықсыз дамуы байқалады, бұл ауа – райы факторларымен және үнемі мемлекет мұқтажы үшін ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюға негізделеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы көлемінде осы уақытқа дейін өсімдік шаруашылығы жоғары үлеске ие, ол 2010 жылдан 49,3%-дан 2012 жылы 65,3%-ға дейін ұлғайды, бұл жылы–жай шаруашылығының дамуына байланысты болды. 2012 жылы жалпы қуаты жылына 2500 тонна өнім шығаратын 2 жылыжай енгізілді, сондай-ақ, жылына қуаты 3000 тонна 1 жылыжайдың құрылысы жүргізілуде, өнімділігі 5200 тоннадан асатын 3 объекті жобалануда.

Қайта өңдеуші кәсіпорындар. Азық – түлік өнімдерінің көлемі сусындарды қоса алғанда 2009 жылы 15527,3 млн. теңгені құрады. Бұл өндіріс келесі қайта өндеуші кәсіпорындарды іске асырылады:

Астықты өңдеу бойынша қалада 17 кәсіпорындар қызмет етеді, оның сомалық өндірістік қуаты жылына 316,9 мың тонна болады. Іс жүзіндегі өндірістік қуатының жүктілігі 2009 жылы 61-64% құрады. Кәсіпорындардың жалпы санынан «ЦеснаАстық» Концерні» ЖШС, «Агроком» ЖШС, «Егіс Жер» ЖШС ірі кәсіпорындары болып танылады, олардың іс жүзіндегі нақты жүктілігі 57-64% құрайды. 2009 жылы 166,6 мың тонна ұн шығарылды.

Қалада 25 нан және нан-тоқаш өнімдерін шығару бойынша кәсіпорын қызмет етеді, олар 90,0 мың тонна өнім шығарды. «Цесна Астық» Концерні» ЖШС, «Татым» ЖШС, «Столичный хлеб» ЖШС ірі кәсіпорындардың бірі болады.

Ет өңдеу бойынша 7 ет, және шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорын қызмет етеді: «Апрель» ЖШС, «Целинный» ЖШС, «Пищекомбинат Астаналық» ЖШС, Вельк ЖК, Александров ЖК, Бакунов ЖК, Протянова ЖК, олардың сомалық қуаты жылына 11744 тонна.

2009 жылда аталған кәсіпорындар 2433 тонна өнім шығарды.

Сүт өңдеу. Астанада 3 сүт өнімдерін шығару бойынша 3 кәсіпорын қызмет етеді: «Столичный» сүт зауыты» ЖШС, «Астана ботлерс» ЖШС, «Астана Өнім» ЖШС, олардың сомалық қуаты жылына 6250 тонна. 2009 жылда аталған кәсіпорындар жылына 902 тонна өнім шығарды.

2010-2012 жылдары өндеуші өнеркәсіпте өндірістің 13,7 млрд. теңгеден 16,6 млрд. теңгеге дейін өсуі байқалды, бұл ұн өнімдерін, нан өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың дамуына байланысты. Осы өніммен қаланы толығымен жергілікті кәсіпорындар қамтамасыз етуде. Өзге түрлер бойынша қала қажеттілігін өзге өңірлерден жеткізілетін өнімдер толықтырады.

Бұл ретте, азық – түлік сызығындағы отандық өнім шығарушылардың үлесі жеткіліксіз, сонымен қатар, Қазақстанның Кедендік одаққа енуіне байланысты қиындады, осыған байланысты, осы нарықтағы бәсекелестік бірнеше есеге ұлғайды.

Көкөніс пен картоп сақтау қоймаларының бар болуы. Астана қаласы аумағында сақтаудың жалпы көлемінде 12 мың тонна 3 көкөніс сақтау қоймалары қызмет етеді:




Нысанның атауы

Сақтау қуаты, мың тонна

«Картофель и овощи» ЖШС

6,5

«Агро-Нива» ЖШС

0,5

«Кироль Сарыарқа» ЖШС

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет