БАҒдарламасы өскемен қ., 2012 жыл 1 паспорт



бет7/19
Дата28.04.2016
өлшемі3.35 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Әлеуметтік сала




2.2.2.1 Білім беру


2007 жылдан 2010 жылдар аралығында білім беру саласында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, 2005-2007 жылдарға арналған білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу және материалдық техникалық базасын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілунің аясында білімге қолжетімділік пен сапаны қамтамасыз ету, ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды. 2010 жылы облыста 133 балабақша және 936 шағын орталық жұмыс істеді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санынан мектепке дейінгі біліммен қамтылу 71,9 % (43644 бала) құрады. 2007 жылмен салыстырғанда балабақшалар желісі 33 ұйымға артты, 496 шағын-орталық ашылды, ондағы орын саны 3,0 артты.

5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығымен қамту 100% құрады.

Сондай-ақ, облыстағы қалалармен аудандарда мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға 17114 өтініш тіркелді. Ең көп орынға қажеттілік Өскемен қаласында (жалпы қажеттіліктен 29,8 %), Семей қаласында (27,6 %) Риддерде (13,2%) және Зырянда (8,5%) байқалады.


Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы

9 кесте


Мектепке дейінгі мекемелер саны

Шағын орталықтар саны

Балалардың мектепке дейінгі қамтылуы

Шағын орталықтармен қамтылуы

Балалардың жалпы қамтылуы%

1.01.2011ж. Кезектегі адамдар саны

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010ж

2009ж

2010

115

133

675

936

20988

23646

14094

19998

59

71,9

20445

Мектепке дейінгі ұйымдардың 12% бейімделген ғимараттарда орналасқан, балабақшалардың 25% ыстық сумен қамтамасыз етілмеген, Үржар ауданының 2 мектепке дейінгі ұйымдарында кәріздер жоқ.

2007-2010 жылдары мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын күшейтуге 132,6 млн. теңге бөлінді.
Орта білім беруде 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуге дайындалу, мектеп жасындағы балалардың оқумен толық қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді.

Облыста жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Контингенттердің жоқтығынан жалпы білім мектептерінің санының азаюы байқалады.


2007-2010 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептер желісінің өзгеру динамикасы

10 кесте



2007ж.

2009ж.

2010ж.

бірл. саны.

контингент, адам

бірл. саны.

контингент, адам

бірл. саны

контингент, адам

791

197541

750

181143

731

175781

Облыстың барлық мектептері компьютерленген. 2010 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 10 оқушыға бір компьютерді құрайды. Интернетке мектептердің 34,1% қосылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауда пәндік кабинеттер және қондырғылармен жабдықтау жеткіліксіз болып қалып отыр. 2010 жылы мультимедиялық кабинеттермен жабдықтау – 53,3 % физика- 56,5 %, химия-14,2 %, биология-24,9% құрайды.
2010жылы мектептерді пән кабинеттері мен құрал-жабдықтармен

қамту динамикасы

11 кесте


Мультимедиялық кабинеттер

Физика кабинеттері

Химия кабинеттері

Биология кабинеттері

саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

383

53,3

359

56,5

90

14,2

158

24,9


731 жалпы білім мектептерінің 264 бейімделген бөлмежйларда орналасқан, 28 мектеп апаттық деп саналады. Қосымша білім ұйымдарының әлсіз материалды-техникалық базасы – 47 ұйым бейімделген бөлмежйларда орналасқан, 5 ғимарат апаттық жағдайда.

Оқушылардың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау мақсатында мектептер құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылы жалпы сомасы 7,2 млрд. теңгеге 10 мектеп пайдалануға берілді.

2010 жылы Жол картасын жүзеге асыру барысында 289 білім беру нысандарына 2,989 млд. теңге сомасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,958 млрд. теңге.

Облыс мектептерінде 21 мың педогогикалық қызметкерлер жұмыс істейді, оның ішінде 17,8 мың адам және 84,7% әйел. Соның ішін ауылды мекенде – 61,8 %. Аз тартудың және еңбекақының аз болуы себебінен мектептерге жас педагогтар ағымы жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасында сапалы білім жүйесін енгізуге сәйкес облыс мектептерінің оқушыларыбіріңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі ҰБТ) формасында аттестациядан сәтті өтеді. ҰБТ мониторингі 2010 жылғы түлектердің білімінің сапасы бойынша негізгі көрсеткіштер 2009 жылмен салыстырғанда бірталай жоғары екенін көрсетеді. ҰБТ нәтижелері бойынша орташа балл 93,3 баллды құрады (республикада ІІІ орын).

Облыста 4,5 мыңнан артық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады, 2534 бала қамқорлыққа (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге берілді. 29 интернаттық үлгідегі мекемелерде 2968 бала оқытылып тәрбиеленеді, оның ішінде 1814 жетім бала және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, 7 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық мекемелерде 727 бала тұрып білім алады. 109 баланың қамтылуымен девиантты мінез-құлықты балаларға арналған 2 интернат жұмыс істейді. Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балалардың 35,6% арнайы білім бағдарламаларымен қамтылған.

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін қамқоршы отбасына және асырап алушылар отбасыларына беру есебінен интернатта тұратын балалардың әлеуметтенуі өзекті міндеттердің бірі болып табылады.

Жаз кезінде облыс бойынша 28 стационарлық қала шетіндегі сауықтыру лагерлері жұмыс істейді. Қала шетіндегі лагерлер 7 ауданда, 1 қалада және 8 жетім балаларға арналған мекемелерде жоқ.

Балалар мен жасөспірімдерді қосымша білім берумен қамту жеткіліксіз болып отыр.



Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 2007 жылдан бастап 9 ұйымға артты. Облыста 99 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істейді (ТжКБ), оның ішінде 43 кәсіптік лицей және 56 колледж. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ТжКБ ұйымдарының желісі 3 бірлікке артты. Облыстың барлық аудандары кәсіптік біліммен қамтылған.

ТжКБ оқу мекемелерінде 47,0 адам оқиды (сырттай оқу түрін қосқанда), соның ішінде мемлекеттік білім тапсырмасы бойынша 19,2 мың адам (немесе 36,3% орта республикалық көрсеткіш кезінде 40,8 % ), кадрларды даярлау 115 мамандық бойынша (147 біліктілік) жүзеге асырылады, бұл экономика саласын техникалық және кәсіптік біліммен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша 21,5 мың адам оқиды (жалпы контингенттен 45,7 %).

2010 жылы мамандарды және жұмыс кадрларын енгізу 12,1 мың адамды құрайды, оның ішінде 69,5 % жұмысқа орналасты, 12,0 % блімін жалғастырды.

«Кадрларды дайындау және қайта даярлау» бағыты бойынша «Жол картасын» іске асыру аясында 2009, 2010 жылдары кәсіби лицейлерде, колледждерде және оқу орталықтарында 15,0 мың адам жаңа мамандық алды (біліктілік). Курстық дайындықты аяқтағаннан кейін 63,8 % жұмысқа орналастырылды.

Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында консультативті-кеңестік органдардың қалыптасуы аяқталды:


  • Облыс әкімдігі жанында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім және кадрларды дайындауды дамыту мәселелері бойынша кеңес қызмет етеді;

  • Қалалар және аудандары әкімдіктерінің жанында кадрларды дайындау бойынша кеңестер құрылған;

  • Облысты шағын мамандандыру есебімен алалық кеңестер құрылған (аграрлы сала, туризм, металлургиялық сала).

«ШҚО Кәсіптік білімін өңірлік дамыту моделі» пилотты жобасын іске асыру аясында қазақстан-норвег «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту қоры» құрылды, оның негізгі мақсаты әлеуметтік серіктестік және кадрларды дайындаудың сапасын арттыру мәселесін дамыту болып табылады, сондай-ақ Норвегия Корольдігі Рогланд округын курстық және кәсіптік дайындау орталығы өкілдігі ашылды. Сондай-ақ, Ресеймен, Голландиямен, Германиямен, Франциямен халықаралық серіктестік дамып келеді.

Жұмыс берушілер білім мекемелерінің материалды-техникалық базаны нығайтуға, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруға және шеберлерді өндірістік оқытуға, оқушылардың өндірістік тәжірибеден өту үшін орын құруға қатысады. Осылайша, 2009 жылы жұмыс берушілер МТБ нығайтуға 37,5 млн. теңге инвестициялады, 2010 жылы – 41,2 млн. теңге.

Жол картасын іске асыру мақсатында 2010 жылы 204,721 млн. теңге сомаға ТжКБ 26 нысандарына күрделі жөндеу жүргізілді, соның ішінде республикалық бюджеттен 149,0 млн. теңге.

Жеткіліксіз кәсіптік бағдарланған жұмыстың күшіне, соның ішінде жұмыс берушілер тарапынан экономика саласының кадрларға және нақты дайындыққа мұқтаждығы проблемасы келіспеушілік болып қалады.

Саланың даму жағдайын SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

1 Балабақшалар желісінің және шағын орталықтардың ашылуының артуы;

2. Балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен қамтудың артуы;

3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары желісінің сақталуы;

4. 3 ауысымды оқытудың жойылуы;

5. Жыл сайын ҰБТ көрсеткіштерінің өсуі;



Әлсіз жақтары:

1. 40,2% мектеп жасына дейінгі балалар мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған;

2. Демографиялық және көші-қондық үрдістер әсерінен оқушылар санының азаюы;

3. Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасының, оның ішінде мектептер асханаларының технологиялық жабдықтармен жеткіліксіз қамтылуы;

4. Техникалық және кәсіптік блім беру ұйымдарында алған мамандықтары (біліктіліктері) бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 64 % құрайды;

5. ТжКБ ұйымдарында арнайы пәндік оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы;



Қауіптер:

1. Апаттық жағдайдағы мектептер санының өсуі;

2. Еңбекақы көлемінің төмен болуынан кәсіптік және техникалық білім ұйымдарынан оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің кетуі Мүмкіндіктер:


  1. Жаңа мектептер салу жолымен апаттық мектептерді жою;

  2. Білім беру нысандарын салуда мемлекеттік-меншік серіктестігін дамыту;

  3. Электронды оқытуды енгізу.

  4. Білімнің мектепке дейінгі мекемелерінде орын тапшылығын азайту;

  5. Қосымша білім ұйымдарының жүйесін арттыру;

  6. ТжКБ жүйесін жаңарту;

  7. Жетім және АҚҚ (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған) балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.


2.2.2.2 Денсаулық

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезеңде облыста демографиялық жағдайдың оң динамикасы байқалады:

– тұрғындардың туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 15,3-тен бастап (2007 жылы) 16,79-ға (2010 жылы) дейін артуы;

– өлім көрсеткішінің 1000 тұрғынға шаққанда 2010 жылғы 12,20-ге (2007 жылы – 13,28) дейін төмендеуі;

– тұрғындардың табиғи өсім коэффициенті 1000 тұрғынға шаққанда 2010 жылы «+2,02» (2007 жыл) қарсы «+4,59» дейін артқаны байқалады.
ШҚО және ҚР бойынша өлім-жітім динамикасы

23 сурет


Демографиялық жағдайдағы оң ілгерілеулерге қарамастан облыста туудың төмен деңгейі сақталып отыр: 2010 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш (16,79) орташа республикалық көрсеткіштен 1,3 есеге төмен (ҚР – 22,53; өлім орташа республикалық көрсеткіштен 1,4 есеге артады (ҚР – 8,94).

Облыста туудың барынша төмен көрсетіштері облыстың жекелеген өңірлерінде тұратын тұрғындардың жыныстық-жастық құрамының, яғни ұрпақты болу жасындағы (15-49 жас) тұрғындар жасына қатысты бала көтергіштіктің әсер етумен түсіндіріледі. Облыс тұрғындары демографиялық қатынаста жастардың төменгі үлес салмағы есебінен қартаю беталысы бар.

Аталған жағдай облыстағы еркектер мен әйелдер күтілетін өмір сүру ұзақтығы деңгейінде де байқалады: 2010 жылы көрсеткіш 2007 жылы 67,20-ға қарсы 66,98 құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 % төмен (ҚР – 2010 ж. 68,6); еркектер арасында өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші барынша төмен – 61,71; бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,8 % төмен (ҚР – 63,51).

Ластанудың жоғары деңгейі бар өндірістік қалалардың болуы, ластану аймағында радиобелсенді шөгінділерде тұрғындардың көп жыл тұру факторы өңір экологиясына әсер етіп, тұрғындар денсаулығына теріс әсерін тигізді, сонымен қатар, облыстың шекараға жақын сипаты және белсенді көші-қон үрдісі де облыс тұрғындарының денсаулығына әсер етеді.

Облыста әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. Ана өлімінің көрсеткіші 2007 жылғы 59,8-ден бастап 2010 жылғы 21,5-ға дейін төмендегені байқалады, ҚР бойынша көрсеткіште 100 000 тірі туғанға шаққанда 22,7 (ҚР – 2007 ж. 46,8).

Ана өлімінің басты себептері-акушерлік қан кету, гестоздар, экстрагениталды патология, түсік пен аурушаңдықтың жоғары деңгейінің салдары (жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпалар, анемия) болып табылады. Бұл жағдай медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі және білікті кадрлардың, әсіресе ауылдарда тапшылығымен түсіндіріледі. 2010 жылы ана өлімі облыстың 5 ауданында тіркелген.

Облыс бойынша нәресте өлімі көрсеткішінің төмендеу үрдісіне қарамастан соңғы жылдардағы динамикада 2008 жылы тірі және өлі туу халықаралық өлшемдерінің енгізілуіне байланысты 1000 тірі туғанға шаққанда 15,2 бастап (2007 жыл) 20,0-ға (2010 жыл) дейін артқан.
ШҚО бойынша ана және нәресте өлімінің динамикасы

24 сурет

Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер), жалпы облыстағы және жекелеген аудандардағы жайсыз экологиялық жағдайлармен түсіндіріледі.

Облыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтосқандағы № 1325 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ана және бала өлімін төмендету бойынша 2008-2010 жылдарға арналған бағдарлама жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру босанатын әйелдер медицинасын 66,0 дейін, балалар ұйымдарын 65,4 % дейін материалды техникалық жабдықтауды жақсартуға мүмкіндік берді; жүктілік және босандыруды жүргізудің жаңа технологияларын енгізуге, перинаталды көмекті аудандастыруға жәрдемдесті.

Өткен 4 жылда облыста аурушаңдықтың көрсеткіші 2010 жылы 69176,1-тен 70423,5-дейін 2 % артты; алайда аталған көрсеткіш ортареспубликалық деңгейден 1,2 есе асады (ҚР – 2010 жылы 58 077,1).

Ортареспубликалық көрсеткіштерден асу көптеген көрсеткіштер бойынша байқалады: эндокринді аурулар, соның ішінде қант диабеті, тыныс алу органдарының аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйелері, зәр шығару жүйесі, жарақат және уланулар.

Өткен жылдары халықт әлеуметтік-маңызды аурулардың таралуының және ауруының көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Облыста туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішінің төмендеуі байқалады 100 мың халыққа 2007 жылы 138,1-ден 2010 жылы 124,0 дейін, бұл 2010 жылғы ортареспубликалық көрсеткіштен 30% артты (ҚР- 95,3).
ШҚО және ҚР бойынша туберкулез аурушаңдығы

(100 мың тұрғынға шаққанда)

25 сурет


Туберкулезден болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2007 жылғы 23,1-ден бастап 2010 жылғы 17,7-ге дейін төмендені байқалады, ҚР бойынша көрсеткіш 2010 жылы 10,6 артады.

Эпидемиологиялық көрсеткішті тұрақтандыруға бағытталған беталысқа қарамастан туберкулез аурушаңдылығының алдағы уақытта жасаруы (18 жастан 55 жасқа дейінгі тұлғалар ауырғандардың жалпы санының 76,4 пайызын құрайды), жұмыссыздар мен әлеуметтік бейімделмеген топтар санынан ауырғандардың үлес салмағының артуы байқалады, туберкулездің дәріге көнбейтін аурушаңдық өсуі байқалып отыр.

2010 жылы балалар аурушаңдығының көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 23,5, жасөспірімдер – 116,7 құрады (Қазақстан Республикасы бойынша сәйкес халықтың 100 мыңына 15,1 және 97,4). Туберкулез жұқпасы ошағынан балаларды оқшаулау төртінші жағдайда ғана жүзеге асырылады, осының нәтижесінде жыл сайын туберкулездің асқынған түрімен ауырған балалар айқындалуда, сонымен қатар қатынаста болғандар арасында туберкулездің өсуі байқалады. Облыста мектепке дейінгі санаторлық топтар жетіспейді, сондықтан оқшаулау мен сауықтыруды жұқпа ошағынан шыққан балалардың 50 пайыздан астам жағдайы, «қауіп-қатер» тобынан 90 пайыздан астамы қажет етеді. Облыстағы эпидемиологиялық жағдай түзеу мекемелері санының көп болуынан, ондағы туберкулез науқастарының едәуір санымен шиеленісіп отыр. Осы контингент арасында белсенді туберкулез аурушаңдығы облыстың азамат тұрғындары арасында 6,3 еседен жоғары. Осы мекемелердегі өлім көрсеткіші жоғары деңгейде қалып отыр және 100 мың түрме тұрғынына шаққанда 81,2 құрайды.

Туберкулез жөніндегі бағдарламаны іске асыру бойынша өткізілген іс-шараларға қарамастан науқастарға әлеуметтік көмек көрсету мәселелері (тұрғын үй бөлу, жол ақысын төлеу, туберкулез науқастарына, балаларды қоса алғанда тамақтануға қаражат бөлу) өзекті болып отыр.

Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 2007 жылғы 266,5 бастап 2010 жылғы 272,3 дейін артқаны байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішті 2010 жылы 181,2. Аурудың артуы анықтаушылықтың жақсаруымен, қатерді ісік ауруларының алдынғы диагностикасы бойынша скринингтік бағдарламаларды енгізумен түсіндіріледі.
ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығымен ауыру

(100 000 тұрғынға шаққанда)

26 сурет

Қатерлі ісікпен барынша көп аурушаңдық облыстың мынадай өндірістік дамыған аудандарында және бұрынғы Семей сынақ полигонына іргелес жатқан аумақтарда тіркелген: Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалалары, Бесқарағай, Бородулиха, Глубокое, Ұлан, Шемонайха аудандары.

Облыста қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлімнің 100 мың тұрғынға шаққанда 164,8 бастап 2010 жылғы 161,8 дейін төмендегені байқалады, бұл ҚР бойынша көрсеткішін 2010 жылынан 1,5 есе көп 108,9 құрайды.

ШҚО және ҚР бойынша қатерлі ісік аурушаңдығынан болған өлім

(100 000 тұрғынға шаққанда)

27 сурет

Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. Жалпы өлім құрылымында 50 пайыздан астам барынша көп үлес салмағы қан айналымы жүйесі ауруларына келеді. 2010 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 528,2 құрады, Қазақстан Республикасы бойынша көрсеткіште 2010 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 403,9.


2007-2010 жылдардағы ШҚО және ҚР ҚАЖА өлу көрсеткіші

28 сурет
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болған өлімді төмендету мақсатында облыста кардиохирургиялық көмек қызметінің жұмысы жолға қойылған. Жүрек патологиясы бар, әсіресе жіті коронарлық синдромы бар науқастарға емдеу тактикасын таңдауда жүрек қантамырлары патологиясын ерте диагностикалау әдісі және негізгі дифференциалдық әдіс ретінде коронарография енгізілген. Облыста кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің дамуы, емдеу мен тексерудің жаңа әдістері енгізілуі 2010 жылы жүректің ишемиялық ауруынан болған өлімнің 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе төмендеуіне әкелді.

Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған (12,1%) өлімі облыс тұрғындары өлімінің себептері арасында үшнші орынды алады – 2010 жылы 144,9, 2007 жылмен салыстырғанда төмендеу 22,4%, ҚР көрсеткіші – 108,7 (ҚР ДСМ жинағының мәліметтері бойынша).
Жарақаттардан, бақытсыз жағдайлардан және уланулардан болған өлім

29 сурет
Өңір облыс тұрғындары арасында АИТВ жұқпасы таралауының індеттің концентрациялық сатысында тұр. АИТВ-жұқпасы аурушаңдығы динамикасын талдау аурушаңдықтың төмендеуін көрсетеді, 2010 жылы 304 жағдай анықталған (төмендеу 1,4 есе).

Індеттің шоғырланған сатысында АИТВ жұқпасының таралуының індеттің концентрациялық сатысында тұрақтандыру мақсатында алдын алу іс-шараларын кеңейту, сондай-ақ вирусқа қарсы терапияны қажет ететін ЖИТС науқастарын толық көлемде қамтамасыз ету жалғасуда.

АИТВ-жұқтырғандарды медициналық қызметтермен толық көлемде қамтамасыз ету мақсатында, АИТВ –жұқтырғандарды тексеру және емдеу үшін облыстың 5 стационары базасында төсек орындар бөлінген.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне арналған шығыстар 2007 жылғы 18,3 млрд. теңгеден бастап 20109 жылғы 25,2 млрд. теңгеге дейін артып, облыстың денсаулық сақтау ісін тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр. Соңғы жылдары облыстың денсаулық сақтау ісінің, соның ішінде ТМККК-не бір тұрғынға шаққандағы шығыстары 2010 жылы 24236 теңгеге дейін өсті.

ШҚО бойынша денсаулық сақтау ісіне арналған шығыстар

(ТМКК мың теңге)

30 сурет


Ауылдық тұрғындарға дәрілік көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдық елді мекендерде БМСК объектілері арқылы дәрі-дәрмектер сату ұйымдастырылған.

Облыстың денсаулық сақтау ісіні білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі маңызды проблема болып отыр. 2010 жылы дәрігерлер саны – 5558 (мем. – 4440), орта медициналық жұмысшылар – 12445 адам (мем. – 10420).

Халықтың барлық мамандықтар, барлық ұйымдарды қосақанда дәрігерлік кадрларымен қамтамасыз 2009 жылы 39,4-тен 2010 жылғы 39,8-ге дейін артуына қарамастан бірнеше жылдар бойы практикалық бейін дәрігерлермен қамтамасыз ету бір деңгейде қалады – 31,8 (2009 жылы 31,6). Медициналық ұйымдардың дәрігерлермен жарақталуы 2010 жылы 96,3 пайызды құрайды.

2010 жылдың басында кадрлар тапшылығы 518 дәрігер, 135 орта медициналық қызметкер, соның ішінде ауылдық жерлерде 175 дәрігер және 35 орта медициналық қызметкерді құрады. 2010 жылы медициналық ЖОО 97 түлегі облысқа, соның ішінде ауылдық жерлерге 32 жас маман келді. Барлығы 28 адам көтермеақы алып, 22 дәрігер тұрғын үймен қамтамасыз етілді.


ШҚО бойынша дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу (мем. құрылымдар)

31 сурет
Дәрігер кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады: 50 жастан жоғары жастағы тұлғалар 36,4 пайызды, 30 жасқа дейінгі 11,6 пайызды құрады. 25 жылдан астам өтілі бар мамандардың үлес салмағы артып отыр, бұл жас кадрлар келуінің төмендегені туралы куәландырылады.

Денсаулық сақтауды проблемаларды айқындау үшін SWOT-талдау жүргізіледі.

Саланың даму жағдайын SWOT-талдау:

Күшті жақтар:

1. Демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, туудың өсуі, өлім-жітімнің азаюы, табиғи өсімнің артуы;

2. Ана өлімі көрсеткішінің төмендеуі;

3. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тұрғындар үшін медициналық көмек жоғары технологиялық түрлеріне қолжетімділіктің жақсаруы;

4. Кардиологиялық және кардиохирургиялық қызметтің дамуы;

Әлсіз жақтар:

1. Тұрғындардың денсаулық жағдайына әсер ететін өңірдегі экологиялық ахуал;

2. нәресте өлімінің жоғары көрсеткіші

3. тұрғындардағы әлеуметтік-маңызды аурушаңдықтардың жоғары деңгейі

4. Облыс бойынша дәрігерлер тапшылығы 280 адам;

5. Ұсынылатын медициналық қызмет сапасының жеткіліксіз болуы;

6. Медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі.

Қауіптер:

1. Саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық құрал жабдық пен медицина мекемелерінің ғимараттарының тозуына әкеледі, бұл ауруларға уақытында диагностика жасау мен халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын төмендетеді;

2. Мамандар тапшылығының артуы;

Мүмкіндіктері:


  1. заманауи медициналық объектілер құрылысын қаржыландыруды арттыру;

  2. жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу;

  3. жұмыс орнына, атап айтқанда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу.

Сонымен, облыстың денсаулық сақтау ісіндегі негізгі мәселелер әйелдер мен балалар денсаулығының төмен индексі; нәресте өлімінің жоғарғы көрсеткіші; кадрлық мәселелер болып отыр. Тұрғындар аурушаңдығының, әлеуметтік-маңызды аурулар аурушаңдығын-онкологиялық аурушаңдықтарды, туберкулез аурушаңдығын қоса алғанда жоғары деңгейі; жарақаттар мен уланулар дың жоғары деңгейі; өңірдің экологиялық проблемалары және денсаулықты қорғау мәселелерінде тиімділігі аз сектораралық өзара әрекет, тұрғындардың өз денсаулықтарына жеткіліксіз жауапкершілігі.

Емдеу алдын алу ұйымдарының, әсіресе ауылдық жерлердегі ұйымдардың материалдық техникалық базасы әлі жеткіліксіз болып отыр.




Каталог: download -> kaz
download -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы
download -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
download -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
download -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
download -> Мы молімся за вас жыццё Змяні сваё жыццё Захавайце наша жыццё! Мы любім вас Змяні сваё сэрца Змяні сваё харчаванне
download -> Загальна характеристика роботи
kaz -> Журналист, жазушы, ксро және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, географиялық қоғам мүшесі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы
kaz -> Құрастырған: ЕршоваЛ. А
kaz -> Казақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика департаменті Ақтөбе облысы халқының тұрмыс деңгейі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет