БАҒдарламасы қостанай, 2010 жыл мазмұны 1



бет7/30
Дата28.04.2016
өлшемі5.42 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30

Азық базасы

2009 жылы азық дақылдарының алқабы 468,2 мың гектарды құрады, 2015 жылға қарай 529,1 мың гектарға жеткізілетін болады (өсуі 13). 2010 жылдың қыста малды қорада ұстау кезеңіне 793,9 мың тонна көлемінде шөп, 53,6 мың тонна пішендеме, 817,6 мың тонна сабан, 73,4 мың тонна сүрлем, 432 мың тонна азықтық жем дайындалды, бұл азық мұқтаждығын толық қамтамасыз етеді.

2015 жылғы қарай азықтың барлық түрлерін дайындау көлемі 1 малдың шартты басына шаққанда 25-30 центнер азықтық бірлікті құрайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Облыста 400-ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.



15-кесте

Қайта өңдеу кәсіпорындары

2008 жыл

2009 жыл

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

Диірмендер

105

5715

60

102

5617

62

Наубайханалар

221

218,2

82

219

193,3

82

Макарон цехтары

22

39,9

58

16

36,7

60

Өсімдік майын өндіру цехтары

4

5,4

25

4

5,5

43

Жарма өндіретін цехтар

5

22,5

76

7

56,92

76

Сүт қайта өңдеуші цехтар

15

693,5

40

15

693,5

41

Шұжық цехтары

37

43,4

33

36

46,2

33

Консервілеу цехтары

4

29000

15

4

29000

30

Жүнді қайта өңдеуші цехтар

3

3,1

70

3

3,1

70

Теріні қайта өңдеуші цехтар

2

6,5

0

2

6,5

0

Өндіріс көлемінің өсуі және өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру технологиялық желілер мен өндірістік қуаттылықтарды жаңарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру технологияларын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.

16-кесте



 

2008 жыл

2009 жыл

2008 жылғы қарағанда 2009 жылы, %

Ет және азықтық ішек-қарын өнімдері, тонна

3088

3549

114,9

Шұжық өнімдері, тонна

2439

2515

103,1

Сұйық өңделген сүт пен кілегей, тонна

31062

35623

114,7

Сары май, тонна

2113

2115

100,1

Сүт және қоюлатылған кілегей, тонна

732

911

124

Сүзбе және ірімшік, тонна

1906

2037

106,8

Ұн, тонна

859469

878982

102,3

Макарон, тонна

10707

11255

105,1

Жаңа піскен нан, тонна

31920

32196

100,9

Облыс өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтыған болып табылады: астық бойынша – 25,2 есе, нан өнімдері бойынша – 8,4 есе, еттің сойыс салмағы бойынша – 3,5 есе , сүт – 4,3 есе, жұмыртқа – 3,6 есе, сары май – 1,2 есе.

Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаттарын толтыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда.

Қайта өңдеуші 33 кәсіпорында халықаралық ИҚО және ХАССП менеджмент сапасы жүйесі енгізілді. 2010 жылдың аяғына дейін тағы да 15 кәсіпорында сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. 2015 жылға дейін сапа стандартын енгінзген кәіспорындардың саны 58 бірлікке жетеді. Өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей Федерациясының, Батыс Қазақстанның, Украина мен Белоруссияның шекаралас аудандары болып табылады.



Тауарлық балық өнімдерін өндіру

Балық қорларын ұлғайту және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес. Соңғы 3-5 жылда орта жылдық балық аулау көлемі (14 тонна тауарлық балық өндіруді қосқанда) 966 тоннаны құрады. Соңғы уақытта балық аулау көлемінің төмендеу үрдісі байқалып отыр. Табиғи су қоймаларында балық өсіру арқылы балық ресурстарын қалпына келтіру балық ресурстарының жағдайын қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік берсе де, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелерін шеше алмай отыр. Балық саласының басым бағыттары тауарлық балық өсіру болып табылады. Бірақ бұған: тауарлық өндірісті дамытуға нақты жауапты уәкілетті органның болмауы; тауарлы балық өндірумен айналысқан кезде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жүргізудің әділетсіздігі және мақсатқа лайықты болмауы, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарының тапшылығы сияқты мәселелер кедергі жасап отыр.



Агроқалашық

2009 жылы облыстың ауылдық жерлерінде 649 елді мекен болды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 266 елді мекен жоғары, 373-і – орта, 6-ы – төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді және 4-і – тұрғынсыз әлеуетке.

Облыста негізгі саланың бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Халықтың жартысы ауылдық жерлерде тұрады, сондықтан Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы үшін мықты ауыл шаруашылығы құрылымдары негізінде агроқалашықтар құру қажет.

Агроқалашық жаңа сапалы селолық кенттер ретінде айқындалады. Агроқалашық – мыңнан аспайтын халық саны бар, онда тұрып жатқан адамдар мен маңайындағы аумақтардың тұрғындарды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын жабдықталған елді мекен:

орталықтандырылған және жергілікті (суық және ыстық), оның ішінде өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау; орталықтандырылған газбен жабдықтау (немесе ұжымдық пайдаланудағы сұйытылған газбен жабдықтау жүйесін дамыту);

қатты жол жабындыларымен жабылған көшелер;

қызмет көрсететін аймақтағы елді мекендерді байланыстыратын жол жүйесі; облыстық және аудандық орталықтармен жолаушылардың көлік қатынасы;

стационарлық және мобилдік байланыс жүйелері негізінде телефон байланысының обьектілері;

тұтынушылар кооперацияларының сауда-сатылым обьектілері;

тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін аудандық кәсіпорындардың филиалдары; халықтың жеке көмекші шаруашылығына қызмет көрсететін құрылымдары; мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер;

спорт обьектілері мен құрылыстар, экологиялық туризмді ұйымдастыру, аңшылық шаруашылықтар;

жалпы тәжірибелі дәрігердің амбулаториясы, өрт сөндіруші апаттан қорғайтын депо мен бекеттер;

жол маңындағы сервистік қызмет көрсету обьектілері (қоғамдық тамақтану, ТҚС, АҚС, қонақ үйлер);

мәдениет мекемелері (мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар және т.б.), нотариалдықтарын қоса алғанда халыққа заңдық қызмет көрсету.

әрі қарай дамытуға бағытталған ауылдық елді мекендер үшін жоспарлау, салу және жайластыру жоспарларының жобаларын жетілдіру қажет, оларда ауыл тұрғындарының еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара байланыста болатын іс-шаралар кешені айқындалған.

Берілген құрылымдар мыналарға:

ауылдық жерлерде тұру мәртебелігі және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсарту үшін негізін қалап, ауыл тұрғындарының табыстарын арттыруға;

ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жағдай жасауға;

ішкі және сыртқы нарықтар үшін жеткілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті тиімді өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Құрылыс

2009 жылы облыста 294 құрылыс ұйымдары қызмет етті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 15,3 артық. Тиісінше 2009 жылы 37 627 млн. теңге құрайтын, орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі де өсті, бұл 2007 жылға қарағанда 24,5-ға асады.

2009 жылы облыс аумағында барлық қаржыландыру көздері бойынша 187,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2007 жылғыдан 15,9 жоғары, оның ішінде: 15 мың шаршы метр – жалдамалы тұрғын үй; 14,8 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй (10,1 мың шаршы метр – салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлері үшін, 4,7 мың шаршы метр – кредитті қайта пайдалану арқылы); 157,7 мың шаршы метр – азаматтардың қаражаттары және жеке инвестициялар, 0,4 мың шаршы метр – басқалар есебінен пайдалануға берілді.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 10364,7 млн. теңге инвестициялар бағытталды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың үлесі 8,5 құрайды.

2010 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үйлердің жалпы көлемінің бір шаршы метрінің нақты орташа құрылыстық құны 64,1 мың теңгені құрады.

Құрылыс нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайтын көптеген нақты және жасырын кедергілер орын алады. Олардың негізгілеріне:

кейбір нарыққа қатысушылардың билік органдарымен үлестесуіне байланысты әділетсіз бәсекелестілік;

салынған обьектілерге төмен төлеу қабілеттілікті сұраныс;

байқауға қойылған жер участкелерінің жеткіліксіз саны мен инфрақұрылымының төмен қамсыздандырылуы;

салынған және салынып жатқан обьектілердің инфрақұрылымдарына қосылу кезіндегі кедергілер жатады.


Туризм

Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, аңшылық пен балық аулау туризмін ұйымдастыру үшін табиғи және су ресурстарының болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туризм саласында 40 туристік ұйымдардың, олардың ішінде 5 туроператордың, 35 турагенттіктің жұмысы ұйымдастырылды. 2007-2009 жылдары туристік фирмалардың саны 7 бірлікке ұлғайды. 2009 жылы туристік фирмаларда 106 адам жұмыспен қамтылды немесе 2008 жылмен салыстырғанда 163-ға артты.

2009 жылы туристік ұйымдар 7593 адамға қызмет көрсетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 105-ды құрайды, оның ішінде келу туризмі бойынша – 63 туристке, ішкі туристік бағыттарда – 1805 туристке, сыртқы туризм желісі бойынша 5725 адамға қызмет көрсетілді.

17-кесте

2004-2009 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму серпіні


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Туристік қызметтерден көрсетілген қызметтер көлемі

млн. теңге

170,9

190,4

210,6

Келу туризмнің көлемі

мың адам

7,9

8,6

5,6

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

52,3

54,3

65,1

Туристік іс-шаралардың саны

бірлік

74

98

101

Облыста туристік имиджді қалыптастыратын жұмыс жүргізіледі: 2011 жылы республика облыстарының және Ресей Федерациясының туристік компанияларының өкілдерін шақыра отырып, Өңірлік туристік жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр; облыстың басым инвестициялық жобаларының қатарына (құрылыс құны – 140 млн. теңге жеке инвестициялар) «Қаратомар суқоймасы жағасында демалыс базасын салу» инвестициялық жобасын енгізу жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Бүгінгі таңда туристік обьектілер саны 101 бірлікті құрайды, оның ішінде 58 – қонақ үй, 17 – демалыс базасы, 17 – жазғы шынықтыру лагерьлері, 6 – шипажай мен профилакторий бар.

Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:

Күшті жақтары

Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.

Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.

«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.



Әлсіз жақтары

Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.

Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.

Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс танымау.



Мүмкіндіктері

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.

Туристік инфрақұрылымның дамуы.

Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.



Қауіп-қатерлер

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.

Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.

Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моралдік және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызмет көрсетуінің төмен деңгейі, қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристер үшін ұсынылған орналасу орындары халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту;

4) өңірді шетелде төмен деңгейде тануы, әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеттері жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.



Шағын және орта кәсіпкерлік

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ШОК белсенді субьектілерінің саны 45770 бірлікті, оның ішінде 2537 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары (жалпы саннан 5,5), 38241 – жеке кәсіпкерлер (83,6) және 4992 – шаруа (фермерлік) қожалықтары (10,9) құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарына дейін ШОК-та белсенді жұмыс істейтіндердің саны 116,4 мың адамды, соның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 24155 адамды, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 17174 адамды, жеке кәсіпкерлер – 64261 адамды және шаруа (фермерлік) қожалықтары – 10821 адамды құрады.

2009 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің өнім (тауар мен қызмет көрсету) шығаруы 191 млрд. теңгені, оның ішінде: шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 58,2 млрд. теңгені, орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 33,3 млрд. теңгені, жеке кәсіпкерлер – 42 млрд. теңгені және шаруа (фермерлік) қожалықтары – 57,4 млрд. теңгені құрады.

2009 жылы екінші деңгейдегі банктер филиалдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне 38,9 млрд. теңге сомасында кредит берді, бұл 2008 жылдан 27 төмен.

Берілген кредиттік ресурстар бойынша орташа пайыздық кредиттік мөлшерлеме 15,4 құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 1,3 төмен.

18-кесте

Облыста шағын кәсіпкерлік даму көрсеткіштерінің серпіні



Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны, бірлік

41653

43345

45599

Шағын кәсіпкерлікте жұмысқа тартылған адамдар саны, оның ішінде

89877

98427

99237

Шағын кәсіпкерліктің барлық субьектілерінің өнімдер шығаруы, млн. теңге

114031

142849

157697

2009 жылы «Даму – өңірлер» өңірлік бизнес жобаларын қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін 1,8 млрд. теңге бөлді. Бөлінген қаражаттар игерілді, 39 жобаға кредит берілді.

«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредиттер беру үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарын кредит беру» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлердің кәсіпкерлеріне кредит беру үшін 2009 жылы облыстық бюджет қаражатынан 50 млн. теңге бөлінді.

2010 жылы осы бағдарламаны әрі қарай іске асыру үшін облыстық бюджеттен қосымша 50 млн. теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға облысқа 509,6 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымның дамуына – 264 млн. теңге сомасында нысаналы ағымдағы трансферт бөлінді.

Әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі республикалық жұмыс тобы отырысының хаттамалық шешімін орындау үшін 2010 жылғы 4 мамырда облыста жергілікті деңгейде рұқсаттамалық жүйені оңтайландыру жөнінде жұмыс жүргізілді. Облыс әкімдігінің әр басқармасының жанында рұқсаттамалық ресімдерді оңтайландыру үшін Жұмыс топтары құрылды. Олардың құрамына қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар өкілдерінен басқа бизнес қоғамдардың өкілдері де қосылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде тексерілген 62 ресім ішінен 8-ін жою, 17-ін өзгеріссіз қалдыру (немесе 27,4), ал қалған 37-ін (немесе 59,7) оңтайландыру ұсынылды.

Сол сияқты 2009 жылдың қазанында әр өңірлік мемлекеттік орган жанында ұқсас топтар құрылды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы облыстағы халықтың кедейлік деңгейін төмендету мен жұмыспен қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді, ауыл шаруашылығынынң дамуында үлкен рөл атқарады, жалпы өңірлік өнімді ұлғайтады. Алайда облыстың шағын кәсіпкерлігінің әлсіз әртараптандырылған, төмен инновациялық белсенділікті болып қала беретінін мойындау керек.

Облыстың азық-түлік базарларындағы бәсекелестік ірі өндірістік кәсіпорындар мен шағын бизнес арасында, сонымен қатар жергілікті тауар өндірушілер мен отандық, шетелдік компаниялар арасында да байқалады. Ішкі азық-түлік базарлары басқа өңірлерден, жақын және алыс шет елдерден тауарлар әкелу арқылы қалыптасады.

Жергілікті тауар өндірушілердің негізгі әлеуетті бәсекелестік басымдылығы – жалпы өзіндік құнында көліктік шығындарөте төмен үлесінің есебінен өткізудің жоғары емес бағалары. Кемшіліктерге дамыған көлік-логистикалық жүйенің болмауын, қысқа мерзімді сақтау қоймалары жүйесінің дамымағандығын жатқызуға болады.

Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі бөгеттер:

қаржылық мәселелер: кепілдік қамтамасыз етудің болмауына, кредиттік мекемелерде жоғары пайыздық мөлшерлемелерге, құжаттарды қарастырудың ұзақ мерзімдігіне байланысты кредиттік ресурстарға шектелген рұқсат; салық төлеу саласында, кредиттік қатынастар саласында жеңілдіктердің болмауы.

кадрлық проблемалар, білікті мамандардың жетіспеушілігі;

шағын жергілікті өндірушілерге өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өз бетімен (немесе аз ғана делдалдармен) облыстың ішкі нарығындағыдай Қазақстан бойынша да сатуына кедергі жасайтын қалыптасқан өткізу нарығының болмауы;

шағын бизнеске қатысты НҚА-ның жетілдірілмеу проблемалары.
Ішкі сауда

Облыста соңғы жылдары ішкі сауда саласында тұрақты оң серпін байқалуда: халыққа сату көлемінің ұлғаюы, сауда желісі мен қызметтер инфрақұрылымының дамуы, оның ішінде осы заманғы технологияларды қолдана отырып, тауарларды сату үдерісін іске асыратын сауда обьектілері.

Сауда саласында экономикалық белсенді халық санынан жұмысқа тартылғандардың үлес салмағы 9,5 құрады.

3 жылда (2007-2009 жылдары) бөлшек сауда тауар айналымы 1,4 есе ұлғайды.

2009 жылы тауарларды бөлшектеп сатудан түскен айналым 76,4 млрд. теңгені құрап, 2008 жылға қарағанда 8,7 ұлғайды.

Бөлшек сауда тауар айналымы құрылымында өндірістік тауарлар үлесінің біртіндеп жоғарылауы (70) байқалып отыр, бұл азық-түлік емес тауарлар бағасының шамадан өсіп кетуінен және халықтың сатып алу қабілеттілігінің артуынан туып отыр.

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қызмет көрсету көлемі тұрақты өсу қарқынына ие және талданған кезең ішінде (2007-2009 жылдар) 2303,3 млн. теңгеден 2462,8 млн. теңгеге дейін немесе 6,9 өсті.

Көтерме сауда тауар айналымы 2009 жылы 2007 жылға қарағанда 31 төмендеді және 250876,5 млн. теңгені, оның ішінде: азық-түлік тауарлары – 70054,9 млн. теңгені (27,9), тағамдық емес тауарлар және өндірістік-техникалық бағыттағы таурлар – 80821,6 млн. теңгені (72,1) құрады.

Тиімді сауда саясатын жүргізу өңірлердің аумақтық дамуын, халықтың ауқаттылығын жоғарылатудың қамтушы болып табылады.

Жаһандану және қатал бәсекелестік жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мәселесі маңызды болып отыр. Кәсіпорындарға ішкі және әлемдік нарықтарда қолданыстағыларын бір қалыпта ұстап, жаңа «орындарды» өзіне бағындыруға тура келеді.

2010 жылдың 1 шілдесінде облыста 7164 сауда обьектілері, олардың ішінде елді мекендерде 3654-і, 978 қоғамдық тамақтану обьектілері, оның ішінде ауылдық жерлерде 492-і бар. 7164 обьектіден – 5785 дүкен, оның ішінде 2373 – азық-түлік, 1056 – азық-түлік емес, 2356 – әмбебап, 250 – стационарлық емес сауда обьектілері, 1129 – павильондар, қысқа мерзімде сатылатын тауарлар үшін қоймалар, уақытша сауда орындары болып табылады.

Облыс тұрғындарының сауда алаңдарымен қамтамасыз етілуі бір мың тұрғынға шаққанда 190 шаршы метрден келеді.

Облыста 52 сауда базары, 7,9 мың сауда орындары тіркелген, бұл 2009 жылдың басындағы жағдайға қарағанда 3-ке артық болып отыр, оның ішінде 2 базар коммуналдық нысанға ие. Қалалық жерлер бойынша 29 базар, ауылда – 23 тіркелген. Базарлардың түрлері бойынша азық-түлік, азық-түлік емес, мамандандырылғаны және әмбебап болып бөлінеді.


Каталог: downloads
downloads -> Правила соревнований международная Ассоциация Бокса [Преамбула]
downloads -> Бехаалотха Когда будешь зажигать Числа 8,1 12,16
downloads -> Жастарды еңбекке тәрбиелеудегі қазақ халқының Ұлттық салт-дәСТҮрлері. Шалғынбаева Қадиша Қадырқызы
downloads -> График проведения аттестации педагогических работников №
downloads -> Ғылыми кеңесшісі: тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қр білім және ғылым министрлігінің Р
downloads -> Қазақстан Республикасының юнеско және исеско істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы
downloads -> Жүйесінде пайдалану ТҰжырымдамасы алматы, 2004 ббк 74. 200. 52 Ш 21
downloads -> Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет