БАҒдарламасы шымкент, 2011 ж. Қабылдау емтиханының бағдарламасы 5В011200-химия мамандығының



бет1/2
Дата25.04.2016
өлшемі421.5 Kb.
түріБағдарламасы
  1   2
Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы
«ХИмияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

Бекітемін

ҒЖ және ХБ жөніндегі проректоры

_______________Бахов Ж.К.

(қолы, аты-жөні)

« » ____________2011 ж.


6м011200 «Химия»

мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011 ж.

Қабылдау емтиханының бағдарламасы 5В011200-химия мамандығының бейорганикалық химияның теориялық негіздері, органикалық химияның теориялық негіздері, аналитикалық химия, химияны оқыту әдістемесі, химиядан есеп шығару әдістемесі пәндерінің типтік бағдарламалары негізінде құрылған.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

« 07 » 04 2011, № _10__ хаттамасы
Кафедра меңгерушісі __________________т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жартылыстану-педагогикалық факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

23. 05. 2011ж., № _10__ хаттамасы

Төрағасы ______________________Бозшатаева Г.Т.


Қабылдау емтиханының бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген


ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Изтаев

Кіріспе

Мамандық бойынша магистратуралық емтихан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарынан кейінгі түлектерін дайындау бөлігі болып табылады.

Магистратураға мамандық бойынша емтиханға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.

Білім беру үрдісінің аяқталуының негізгі өлшемі білім алушылардың жоғары білім мамандықтары ҚР МЖМБС талаптарына сай оқудың теориялық курсының қажетті көлемін меңгеруі болып табылады.



Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушыларды ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (МЖМБС) белгіленген нысандары бойынша өткізіледі.

Шынайылық, міндеттілік және жариялылық емтиханның негізгі критериі болып табылады.

1. 6М011200 –Химия мамандығы бойынша магистрдің біліктілік сипаттамасы

Аталмыш біліктілікті алған түлек осы мамандықтың пәндері бойынша білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге, жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына және кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге, ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (МЖМБС) талаптарына сай оқытудың тәсілдерін және әдістерін пайдалана отырып ықпал етуіне құқығы бар.


  • Кәсіби қызметінің өрісі

  • Кәсіби қызметінің объектілері

  • Кәсіби қызметінің пәні

  • Кәсіби қызметінің түрлері

  • Кәсіби қызметінің функциясы

  • Кәсіби қызметінің типтік міндеттері

  • Кәсіби қызметінің бағыттары

  • Кәсіби қызметінің мазмұны

  • 6N0112 – Химия мамандығы бойынша магистрдің негізгі қызметіне қойылатын талаптар

2 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

6М011200 – Химия мамандығы бойынша бітірген түлекке «Химия магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Химия магистрі біліктілігі бойынша жоғары буын маман болып табылады және мынандай қызметтерді атқара алады:


  • химиялық және педагогикалық салалардағы ғылыми-зерттеу ұйымдарында аға оқытушы, оқытушы, маман және т.б.;

  • химия пәнінің оқытушысы, директор, ғылым, оқу және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша директорының орынбасары, оқу-тәрбие орындарында, жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс және қосымша білім беру мен тәрбиелеу ұйымдарында педагогикалық жұмыстарға теңестірілетін басқа жұмыстарда кәсіби шеберхана басшысы, үйірме жетекшісі, аға тәрбиеші және т.б.

3. Кәсіби қызметінің өрісі

Химия магистрі – химия ғылымы, химия өнеркәсібі және химиядан білім беру салаларында жұмыс жасай алады.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі – жалпы және жоғары білім беру, кәсіптік-техникалық білім беру, арнайы орта білім беру, сонымен қатар мектептен тыс ұйымдарда және қосымша білім және тәрбиелеу ұйымдарында және мекемелеріндегі оқу-тәрбиелік процесс бола алады.

4. Кәсіби қызметінің функциясы

6М011200 – Химия мамандығы бойынша магистр мынандай кәсіптік қызмет функцияларын орындауға мүмкіндігі бар: педагогикалық, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушы-басқарушылық,.



  1. . 6М011200 – Химия мамандығы бойынша магистрдің негізгі қызметіне қойылатын талаптар:

  • заттар және химиялық құбылыстардың бірлігі және әртүрлігімен олардың табиғатта және адам өмірінде алатын орнымен оқушыларды таныстыру;

  • химиялық түсінік жүйесінің бір-бірімен байланысын қалыптастыру;

  • жаратылыстану ғылымдарына орай табиғатты тану әдістерімен таныстыру;

  • химияға және оның белгілі бір саласына деген қызығушылықты қалыптастыру және дамыту;

  • күнделікті өмірде қажет заттарды қолдануда қауіпсіздікті байқау қажеттілігін қалыптастыру;

  • адам денсаулығына, табиғатқа бағалы қатынасты тәрбиелеу;

  • алынған ақпаратты сын көзбен ойлау білігін дамыту;

  • барлық оқу кезіндегі мотивация.



  1. . Оқу бітірушілердің білім деңгейіне қойылатын талаптар

Жалпы білімділікке қойылатын талаптар 6М011200– Химия мамандығы бойынша магистр мынандай талаптарға сәйкес келуі қажет:

  • табиғат, қоғам және адам туралы ғылым негіздерімен таныс болуы керек;

  • диалектикалық-материалистік дүниетаным болуы керек;

  • дамыған танымдық қабілеті болу керек;

  • ақпаратты ізденудің, жинақтауың, талдаудың, өңдеудің және берудің әртүрлі әдістерін білу керек;

  • өз халқының, мемлекетінің тарихын білу және даму тарихы туралы жалпы түсінігі болуы керек;

  • мемлекеттік тіл, ұлттаралық қатынас тілін және бір немесе бірнеше шетел тілдерін білу керек;

  • адамның адамға, қоғамға және қоршаған ортаға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды білу керек;

  • өмірде денсаулығы мықты және өздігінен даму жолдарына, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылу.



  1. . Магистратураға қабылдау емтиханға шығарылатын барлық мамандандыруды, кәсіптік қызметтің түрлерін және ауқымын ескеретін пәндердің тізімі: химия, органикалық химия, химияны оқытудың әдістемесі және педагогика.



1. Пәндердін атауы және олардың негізгі бөлімдері:

1.1 «Бейорганикалық химия» пәнінің бағдарламасының қысқаша мазмұны

Бейорганикалық химияның теориялық негіздері және оның даму тарихы. Атом-молекулалық ілім, атоманың электрондық құрылысы. Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Химиялық байланыс, валенттілік. Химиялық қосылыстардың негізгі кластары. Химиялық термодинамиканың, ерітінділер теориясының және электрохимияның негіздері. Периодтық жүйенің химиялық элементтерінің қасиеттері. Бейорганикалық заттарды талдаудың әдістері.

Басты топша элементтерінің жалпы сипаттамасы. Ауыспалы элементтердің химиясы. Атом құрылысы. Элементтердің және олардың қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттері. Алудың жалпы принциптері.

Органикалық қосылыстардың теориялық негіздері және оның даму тарихы. Органикалық молекулалардың құрылысы теориясындағы электронды әдістер. Химиялық байланыстың электрондық теориясы. Бағытталған валенттіліктердің теориясы, электронды ығысу теориясы. Органикалық заттардың және органикалық реакциялардың жіктелуі. Ациклді, карбоциклді және гетероциклді органикалық қосылыстардың номенклатурасы, құрылысы және қасиеттері, олардың алудың әдістері және қолданылуы.

Көмірсулардың жіктелуі, стереохимия және оптитикалық изомерия, қасиеттері, көмірсуларды алу әдістері және қолданылуы. Моносахаридтер, олигосахаридтер, полисахаридтер. Алициклді және ароматтық қатардағы карбоциклді және гетероциклді органикалық қосылыстардың жіктелуі, номенклатурасы, құрылысының ерекшеліктері және қасиеттері,олардың алыну әдістері және қолданылуы. Циклдік қатардағы органикалық қосылыстардың функционалдық туындылары.

1.2 «Органикалық химия» пәнінің бағдарламасының қысқаша мазмұны:

Органикалық химия теориясының қазіргі күйі. Стереохимиялық теория.(конформация, коеформациялық анализ). Реакцияар мен реагенттердің классификациясы. Органикалық қосылыстардың молекулаларындағы электрондық эффектілер. Индукциялық эффектілер., таутомерлік эффектілер.

Гиперконьюгация. Көміртектің қаныққан атомындағы алмасу реакцияларының механизмі. Ауыспалы күй теориясы, Тұрақтану факторлары. Нуклеофильді алмасу (реакция факторларық стереохимиялық эффект), үшмолекулалы механизм. Электрофильді алмасу( Екі механизм, екі механизм арасындағы шекті жағдайлар, реакция факторлары, стереохимия және кинетика). Гомолитикалық алмасу(ерекшеліктері, механизмі, бос радикалдардың селективтілігі, «клеткалы эффект»). Қанықпаған жүйелерге қосылу реакциялары(механизмі, процес сатылары, стереохимия), қосарланған диендерге қосылу. Ароматты қатардағы алмасу. Ароматтылық, бензолды емес ароматты құрылымдар. Бензол сақинасындағы алмасу теориясы. Бағдарлау ережесі, молекуланың копланарлығы. Молекулалық қайтадан топтасулар.

1.3. «Аналитикалық химия» пәнінің бағдарламасының қысқаша мазмұны:

Аналитикалық химияның теориялық негіздері. Пролитикалық тепе-теңдіктер, комплекс түзілу тепе-теңдігі, тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі, сұйық және қатты фазалар арасындағы тепе-теңдік;

Сапалық және сандық анализ. Химиялық элементтерді алудың, бөлудің және концентрлеудің әдістері: тұндыру, экстракция, хромотография, иондық алмасу және т.б. Маңызды катиондарды және аниондарды анықтаудың реакциялары, органикалық қосылыстардың маңызды функциялық топтарын анықтайтын реакциялар; сандық талдаудың негізгі әдістері: гравиметрия, титриметрия ( Қышқылды-негіздік, редоксиметрия, комплексонометрия және т.б.), кинетикалық, хромотографиялық, электрхимиялық және оатикалық талдау әдістері; аналитикалық химияның метрологиялық негіздері, аналитикалық химияда терминология және белгілеулер бойынша IUPAK ұсыныстары.

1.4 «Химияны оқытудың әдістемесі» пәнінің бағдарламасының қысқаша мазмұны

Химияны оқыту үрдісінің жалпы моделі. Оқытудың әдісі. Ғылыми жеткіліктік, танымдылық, белсенділік және көрнекілік принциптері. Теорияның тәжірибемен байланыс принципі, дамыта оқыту принципі. Мектептегі химиялық бөлме.

Курсты құраудың ғылыми-теориялық негіздері. Химия курсының мазмұны. Мектептегі химия курсының құрылысы.

Химияны оқытудың әдістері. Жалпы логикалық әдістер. Химияны оқыту үрдісіндегі оқу жұмысының әдістері Оқулықтармен өзіндік жұмыстарға қойылатын талаптар.

Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сабақ. Сабаққа қойылатын басты талаптар, олардың жіктелуі. Химияны оқытуды ұйымдастырудың басқа түрлері: химиядан факультативті сабақтар, оларды құрастыру және мазмұны.

1.5. «Химиядан есеп шығару әдістемесі» пәнінің бағдарламасының қысқаша мазмұны

Химиялық есептерді шығаруға арналған жалпы әдістемелік талаптар. Химиялық есептер жүйесі, олардың химияны оқыту әдістемесі курсындағы орны. Химиялық есептерді шығарудың көмегімен жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру. Химиялық есепті талдау. Физика және математика пәндері бойынша алған білімдерді химия есептерін шығаруда пайдалану. Химиялық есептерді шығару жалдары. Оқушыларға есеп шығаруды үйретуде студенттердің білімі мен біліктілігін қалыптастыру. Химия сабағында есептерді пайдалану әдістемесі. Химиялық есептерді шығаруда оқушылардың білімі мен біліктілігін жинақтау. Есептерді шығаруда пәнаралық ақпаратты пайдалану. Орта мектеп курсының бағдарламасына сай қарастырылған есептердың жеке типтерін үйрету әдістемесі. Күрделі және химиялық олимпиада есептерін шығаруды үйрету әдістемесі.





  1. 6М011200-Химия мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі:



1. «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні


  1. Химия пәні және мақсаты, оның жаратылыстану ғылымындағы орны. Атом-молекулалық ілім. Материя туралы түсінік. Материя қозғалысының түрлері.

  2. Атомдық және молекулалық массаларды анықтау тәсілдері. Менделеев –Клайперон теңдеуі. Дюлонг-Пти және Канициаро әдісі.

  3. Химияның негізігі ұғымдары мен заңдары. Заттың салыстырмалы атомдық және молекулалық массалары. Атом, молекула, моль.

  4. Химиялық реакциялар және олардың әрекеттесуші заттардың әрекеттесу сипаты бойынша жіктелуі (алмасу, тотығу-тотықсыздану, комплекстүзілу).

  5. Химияның негізгі газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың мольдік көлемі. Газ күйіндегі заттардың молярлық массасын анықтау (Бойль-Мариот, Гей-Люссак заңдары).

  6. Эквивалент. Эквиваленттер заңы. Жай және күрделі заттардың эквивлентті молярлы массаларын анықтау. Эквивалентті молярлы көлем.

  7. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Оксидтер. Тұз түзетін және тұзтүзбейтін оксидтер. Қышқылдық, негіздік және амфотерлі оксидтер. Оксидтердің номенклатурасы. Химиялық қасиеттері, алынуы.

  8. Гидроксидтер. Бір және көп қышқылды гидроксидтер. Сілті. Гидроксидтердің номенклатурасы. Химиялық қасиеттері, алынуы.

  9. Қышқылдар: оттекті және оттексіз. Бір және көпнегізді қышқылдар. Химиялық қасиеттері, алынуы.

  10. Тұздар. Орта, қышқылдық, негіздік тұздар. Комплексті және қос тұздар. Тұздардың аталуы. Химиялық қасиеттері, алынуы.

  11. Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланыс. Заттардың өзара айналуы.

  12. Атомның күрделі екендігі жайындағы экспериментальдық негіздемелер. Электронның ашылуы. Радиоактивтілік -, -, - сәулелері және олардың сипаттары. Атомның Томсон ұсынған моделі. - бөлшектерінің сейілуі бойынша жүргізілген Резерфордтың тәжірибелері. Атомның планетарлық моделі, оның жетістіктері мен кемшіліктері.

  13. Ядро протондар мен нейтрондардың динамикалық жүйесі. Тұрақты және тұрақсыз ядролар. Ядролық реакциялар және химиялық элементтердің өзгеруі. Ядро құрылысы. Иваненко мен Гапонның протонды-нейтронды теориясы.

  14. Кванттық сандар электронның атомдағы күйін анықтайтын параметр ретінде. Бас (n), орбиталь (l), магниттік (m) кванттық сандар. Кванттық сандардың физикалық мәні. Спиндік кванттық сан. Атомда орбитальдардың толуының үш ұстанымы: Паули принципі, Гунд ережесі. Атом орбитальдарының толу реті. Клечковский ережесі. Электрондық формулалар.

  15. Д.И.Менделеевтің периодтық заңды ашуы. Периодтық заңның жаңа анықтамасы. Периодтық жүйе элементтердің табиғи жүйесі. Периодтық жүйенің ұзын және қысқа түрі. Периодтар, топтар, топшалар.

  16. Периодтық жүйедегі элементтердің орны мен олардың атомдарының электрондық құрылысымен байланнысы. s-, p-, d-, f-элементтер. Элементтердің химиялық қасиеттерінің олардың периодтық жүйедегі орннымен байланысы.

  17. Элементтер қасиеттерінің периодты және периодты емес өзгеруі. Атомдардың радиустарының, иондану энергияларының, электронға жақындығының және электртерістіліктерінің олардың ядро зарядтарының өсуі бойынша өзгеруі.

  18. Химиялық байланыстың типтері. Иондық, металдық химиялық байланыстар және олардың сипаттамалары. Сутектік байланыс. Молекулааралық әсерлесу (мысалдар).

  19. Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қазіргі кездегі теориялары жөніндегі ұғым: ВБ, МО. Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары: энергиясы, ұзындығы, бағыты.

  20. Ковалентті байланыстың түзілуінің екі механизмі: дара электрондардың ортақтасуы (алмасуы) және донорлы акцепторлық.

  21. Ковалентті байланыс. Ковалентті байланыстың қасиеттері: қанығуы, бағытталуы, полярлануы, π- және δ-байланыстар. Ковалентті байланыстың сандық қасиеттері: байланыс энергиясы, байланыс ұзындығы, валенттілік бұрышы.

  22. Молекулалық орбитальдар әдісі (МОӘ). Әдістің физикалық идеясы: электрон тығыздығының барлық ядролар арасында делокализациялануы. АОСК әдісі.

  23. Кристалл торларының типтері: атомдық, молекулалық, иондық. Заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың сипатымен кристалл торларының типтеріне байланыстылығы.

  24. Химиялық реакциялардың энергетикасы. Изохоралы және изобаралы процестер.

  25. Гесс заңы. Энтальпия, энтропия, Гиббс энергиясы және олардың сипаттамалары.

  26. Дисперстік жүйелердің қысқаша сипаты және олардың жіктелуі: суспензия, эмульсия, коллоидтар, шынайы ерітінділер.

  27. Ерітінділер концентрациясы. Ерітінділер концентрацияларын көрсетудің әдістері (еріген заттың массалық үлесі, молярлы концентрация, моляльды концентрация, мольдік үлес, нормальды концентрация).Титр.

  28. Электролит ерітінділері. Электролиттік диссоциация. Электролиттік диссоциацияның механизмдері. Әлсіз электролиттер. Диссоциациялану дәрежесі мен константасы. Күшті электролиттер. Иондардың активтілігі.

  29. Су. Су молекуласының құрылысы. Судың физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері, маңызды қосылыстары, оларды алу жолдары мен қасиеттері, қолданылуы.

  30. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Индикаторлар.

  31. Судың кермектілігі. Кермектіліктің түрлері, оны жою әдістері.

  32. Электролит ерітінділеріндегі алмасу реакциялары. Тұздардың гидролизі (тұздардың төрт типі).

  33. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Гомогенді және гетерогенді процестер. Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар. Әрекеттесуші массалар заңы. Катализаторлар.

  34. Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер етуші факторлар. Ле-Шателье принципі.

  35. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу дәрежесі. Электрон-иондық және электрондық баланс әдісі. Реакция типтері. Маңызды тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар.

  36. Тотығу және тотықсыздану процестері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теңдеулерін құру. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын өндірісте қолдану.

  37. Электролиз ұғымы. Тұздар балқымалары мен ерітінділерінің электролизі (мысалдар).

  38. Металдардың коррозиясы. Коррозия түрлері. Коррозиядан қорғау тәсілдері.

  39. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Гальваникалық элемент. Нернст теңдеуі.




  1. А.Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары. Комплекстің ішкі және сыртқы сферасы. Лигандалардың сипаттамалары. Комплекстүзушінің координациялық саны. Комплексті ионның заряды.

  2. Комплекс қосылыстардың негізгі кластары. Комплексті қосылыстардың номенклатурасы. Гидраттар (аквакомплекстер). Комплекстті қосылыстардың изомериясы.

  3. Сутек. Сутегінің изотоптары. Сутегінің табиғатта таралуы. Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі.

  4. Сутегі. Сутек молекуласына валенттілік байланыс әдісі және молекулалық орбитальдар әдісі тұрғысынан сипаттама: энергиясы, ұзындығы, байланыс жиілігі. Сутегін өндірісте және зертханада алу тәсілдері, оның физикалық және химиялық қасиеттері.

  5. VII топтың негізгі топша элементтері. Элементтерге жалпы сипаттама. Атомдардың электрондық құрылысы. Иондану энергиясы және электронға жақындық энергиясы. Элементтердің топшада орналасуы және атомдардың электрондық құрылысы негізінде элементтердің химиялық қасиеттеріне сипаттама.

  6. VI топтың негізігі топша элементтері. Оттегі. Оттегінің таралуы. Аллотропиясы. Физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері және практикада қолданылуы.

  7. Күкірт. Табиғаттағы күкірт. Күкірттің аллотропиялары. Физикалық және химиялық қасиеттері. Күкірттің қосылыстары: оксидтері, қышқылдары, тұздары.

  8. V топтың негізгі топша элементтері. Азот және оның табиғатта таралуы. Азоттың физикалық және химиядлық қасиеттері. Азоттың оксидтері. Азот қышқылы. Азот қышқылының тұздары.

  9. IV топтың негізгі топша элементтері. Элементтер атомдары мен жай заттарға жалпы сипаттама. Көміртегі. Көміртегінің аллотропиясы. Көміртегінің химиялық қасиеттері. Коміртегінің қосылыстары және оның қасиеттері.

  10. ІІІ топтың негізгі топша элементтері. Жер қыртысында таралуы, изотоптық құрамы, маңызды табиғи қосылыстары. Атом элементтерінің жалпы сипаттамасы, жай заттарының физикалық және химиялық қасиеттері.

  11. Сілітілік және сілтілік жер металдарына жалпы сипаттама. Кальций, табиғатта таралуы, қасиеттері, маңызды қосылыстары, алынуы.

  12. Тотығу-тотықсыздану үрдісінің жүруіне ортаның әсері. Тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңдеулерін құру ережесі.

  13. Электролиз. Катодта және анодта жүретін үрдістері. Балқымалар және сулы ерітінділер электролизі. Электродты потенциалдар. Фарадей заңы.

  14. Металдардың коррозиясы. Коррозия түрлері. Коррозиядан қорғау тәсілдері.

  15. Стандартты электродтық потенциялдар, металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Гальваникалық элемент. Металдардың электродтық потенциялы, оның ерітіндідегі иондарының концентрациясына тәуелділігі (Нернст теңдеуі).

  16. Комплексті (координациялық) қосылыстар. А.Вернердің координациялық теориясының негізгі қағидалары (орталық атом, лиганда, ішкі және сыртқы сфералар, координациялық сан). Комплексті қосылыстардың номенклатурасы. Тұрақсыздану константасы, оның математикалы өрнектелуі.

  17. Комплекс қосылыстардың негізгі кластары. Гидраттар (аквакомплекстер). Кристаллогидраттар аквакомплекстердің бір мысалы.

  18. Комплекс қосылыстар. Комплекс қосылыстардың изомериясы. Гидраттық және координациялық изомерия.

  19. Комплекс қосылыстар. Цис және транс изомерия. Комплекс қосылыстардың номенклатурасы.

  20. Сутегі атомы, изотоптары. Сутегінің табиғатта таралуы. Периодтық жүйедегі орналасу ерекшелігі.

  21. Сутегі. Сутек малекуласына валенттілік байланыс әдісі және молекулалық орбитальдар әдісі тұрғысынан сипаттама: энергиясы, ұзындығы, байланыс жиілігі.

  22. Сутегін өндірісте және зертханада алу тәсілдері, оның физикалық және химиялық қасиеттері.

  23. VII топтың негізгі топша элементтері. Элементтерге жалпы сипаттама. Атомдардың электррндық құрылысы.Иондану энергиясы және электронға жақындық энергиясы. Элементтердің топшада орналасуы және атомдардың электрондық құрылысы негізінде элементтердің химиялық қасиеттеріне сипаттама.

  24. VI топтың негізігі топша элементтері. Жай заттар мен элементтер атомдарына жалпы сипаттама.

  25. Күкірт. Табиғаттағы күкірт. Күкірттің аллотропиясы. Оның маңызды модификацияларының физикалық, қасиеттері. Күкірттің химиялық қасиеті және практикада қолданылуы.

  26. Оттегі. Табиғатта кездесуі. Аллотропиясы.Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері

  27. Күкірттің оттекті қосылыстары: молекула құрылысы, валенттілік байланысының сипаты. Күкірт (VI) оксиді, физикалық және химиялық қасиеті, зертханалық және өнеркәсіптік алу тәсілдері, ШМК – сы.

  28. Күкіртті қышқыл және сульфидтердің химиялық қасиеттері.

  29. V топтың негізгі топша элементтері. Элемент атомдары және жай заттарға жалпы сипаттама.

  30. Азот. Табиғаттағы азот. Физикалық және химиялық қасиеті. Азоттың сутегімен әрекеттесуінің ерекшелігі, оны химиялық термодинамика тұрғысынан түсіндіру.

  31. Азот қышқылын зертханалық және өнеркәсіптік алу жолдары. Азот қышқылының химиялық қасиеті. Металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі.

  32. IV топтың негізгі топша элементтері. Элементтер атомдары мен жай заттарға жалпы сипаттама. Көміртегі. Табиғаттағы көміртегі. Көміртегінің аллотропиясы. Көміртегінің химиялық қаиеті.

  33. Негізгі топша элементтерінің оксидтері мен гидроксидтерінің қышқылдылық – негіздік қасиеттері. Оксидтер. Гидроксидтер, негізгі топша, бірінші, екінші, бесінші, алтыншы және жетінші топ және үшінші период элементтері гидроксидтерінің диссоциацияға тәуелділігі.

  34. I топтың негізгі топша элементтері. Жер қыртысында таралуы, маңызды табиғи қосылыстары. Элементтер атомдарына жалпы сипаттама, жай заттардың химиялық және физикалық қаиеттері.. сілтілік металдарды алу әдістері.

  35. Су. Су молекуласының құрылысы. Судың физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері, маңызды қосылыстары, оларды алу жолдары мен қасиеттері.

  36. Судың ионды көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш. Судың электролиттік диссоциациясы. Судың диссоциациялану процесіне температураның әсері. Ерітінділердегі сутегі ионының концентрациясы.

  37. Судың кермектілігі. Кермектіліктің түрлері, оны жою әдістері.

  38. Тұздардың гидролизі. Гидролиздің дәрежесі және константасы. Гидролиз тепе-теңдігін ығыстыратын факторлар.

  39. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оның концентрацияға, температураға, әрекеттесуші заттар табиғатына, катализаторға тәуелділігі. Әрекеттесуші массалар заңы, оның математикалық өрнегі. Катализатор, катализ құбылысы.

  40. Химиялық реакциялардың қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялары. Химиялық тепе-теңдік константасы, оның математикалық өрнектелуі. Ле-Шателье принципі.

  41. Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының теориясы. Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері: молекуларалық, молекулаішілік және диспропорциялану.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет