«байқОҢыр ғарыш айлағы аумағындағы топырақТЫҢ ЖӘне өсімдіктердің ауыр металдармен ластану мөлшерін анықтау»



бет1/7
Дата18.02.2020
өлшемі1.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Қaзaқcтaн Pecпубликacы Білім жәнe ғылым миниcтpлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


«БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ЖӘНЕ ӨСІМДІКТЕРДІҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ЛАСТАНУ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ»

Қызылopдa қaлacы, 2020



МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қызылорда облысының географиялық орны.

Қызылорда облысының климаты

Сырдарияның төменгі ағысында атыраулық топырақ түрлерінің табиғи құнары

Тыңайтқыштардың топырақ құнарына әсері

Топырақтың ластану жағдайлары мен себептері

Топырақтың құнарлығын арттырудағы күрес

Жер байлықтары және оларды қорғау

Жер қойнауын қорғау

Байқоңыр қаласына қысқаша табиғи-климаттық сипаттама

Минералды шикізат ресурстары

Табиғаты


Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқан аймақтың экологиялық жағдайы

Экологиялық қолайсыз факторлардың қан құрамына әсері.

Токсиканттардың адам организміне әсері.

2. Зерттеу әдісі

2.1.Зерттеу орындары мен зерттеу объектісіне сипаттама


    1. Топырақтағы ауыр металдарды анықтау әдісі

2.3. Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау әдісі

    1. Өсімдіктердің кариотипіндегі өзгерістерді анықтау әдісі

    2. Ауыр металдардың физика-химиялық сипаттамасы

2.6. Хромосомалар және хромосомалық мутациялар(аберрациялар)

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

3.1 Байқоңыр қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану дәрежесі

3.2 Күріш өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері

3.3 Күріш өсімдігіне ауыр металдардың әсерінің мутациялық активтілігі

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның әртүрлі аймақтарының экологиялық жағдайына жүргізілген бақылау, көп жағдайда қоршаған ортаның күйі антропогендік, табиғатқа жауапсыз қараудың салдарынан санитарлық нормаға жауап бере алмайтындығын көрсетті. Бұның бәрі қоршаған ортаның ауыр металдар тұздары, радионуклидтер, пестицидтер, гербицидтер, мұнай және оның құрамындағы заттар, ракета жанармайы – 1,1-диметилгидразин (1,1-ДМГ) және оның нитрозодиметиламин (НДМА) сияқты туындылары, өндіріс және ауылшаруашылық қалдықтарымен ластануына әкеледі 1-4. Аталған улы заттар организмнің әр түрлі мүше мен жүйелеріне улы әсерін тигізеді [5-9]. Әдетте улы заттардың жеке әсері емес, бірлескен әсері көп орын алады. Ал қоршаған орта мен организмнің арақатынасын білудің қажеттілігін көптеген ғалымдар сөз еткенімен, ол өз дәрежесінде жетік зерттелмеген 10-14.

Қызылорда облысы территориясында көптеген жылдар бойы жүргізілген мониторинг кей жағдайда топырақтағы, судағы, аймақтағы өсімдіктер және жануар денесіндегі ауыр металдардың тұздары, пестицидтер, гербицидтер, гидразиннің әртүрлі туындылары сияқты токсиканттардың шектеулі рауалы концентрациядан біршама жоғары екенін көрсетті. Экологиялық дағдарыс аймағы жағдайларында тұрақты өмір сүріп жатқан адамдарда организмнің гомеостазын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын негізгі мүшелер мен мүшелер жүйесінде тіпті патологиялық ауытқуларға дейін баратын функциональдық өзгерістер анықталған. Бұл аймақтағы Құмкөл, Арысқұм және басқа кен орындарында мұнай-газды өнеркәсіптік игеруде қоршаған ортаға қосымша әсер етуде.

Арал аймағының адам организміне экологиялық қолайсыз факторлардың эритроцит мен лейкоциттер санына, гемоглобин мөлшеріне, жалпы физиологиялық параметрлеріне бірлескен кешенді әсерін және фитопрепараттар мен биологиялық белсенді заттардың көмегімен айқындалған өзгерістерді қалпына келтіру мүмкіндіктерін анықтау – экологиялық физиология ғылымының негізгі бағыты болып табылады және қазіргі кезде аса қызығушылық туғызуда.



Зерттеу нысаны. Байқоңыр ғарыш айлағының топырақ пен өсімдіктері.

Зерттеу мақсаты. Байқоңыр ғарыш айлағының топырақ пен өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшерін анықтау.

Міндеті:

- Ауыр металдардың топырақтағы мөлшерінің өзгерістерін зерттеу;

- Өсімдіктер ағзасында жинақталуы және дамуына әсерін зерттеу;

- Өсімдіктерге әсерін анықтайтын әдістемелік жүйелерге сүйене отырып, әртүрлі мөлшерінің өзгерістеріне талдаулар жасау.



Негізгі бөлім

Қызылорда облысының географиялық орны.

Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі. Қызылорда облысының байтағы 228,1 мың шарша шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 проценті тұрады. Бір шаршы шақырым жеге 2,7 адамнан келеді.

Қызылорда облысы шығысы мен оңтүстік шығысында – Байқоңыр, оңтүстігінде өзбек республикасымен шектеледі, яғни, Азиялық шөл даланың белдеуіне орналасқан. Батысында – Арал теңізі. Оның солтүстік және шығыс бөлігі аралдарымен қоса 28,5 шаршы шақырым болатын аумағы Қызылорда облысының құрамына енеді. Бұл облыс байтағының барлық көлемінің 11,8 проценті. Оңтүстігіне – Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігіне – Арал теңізінің жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және орталық Қазақстанның шет аймағына кіретін шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Оның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұнқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кіші-гірім өзендерден басын алып, батысқа қарай Сырдария болып ағатын өзен алдымен жол басындағы Қызылорда шұңқырына құйған. О заманда Сырдария суы мол ірі өзен болса керек. Өйткені, ол кезде Шу ен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген.

Ғылыми деректерге жүгінсек, бұл шұнқыр 56 мың жылда сумен келген шөгіндімен толып, осы заманғы геоморфологиялық аймақ қалыптасқан көрінеді. Сол геоморфологиялық аймақ солтүстік шығысында Қаратау, батысында Қызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр. Оны Сырдария ойпаты деп атайды. Ойпаттың ең терең жері Тартоғай стансасы тұсынан басталады да, Қызылорда арқылы Тереңөзекке дейін созылып, онан оңтүстік батысқа қарай бұрылып, Жаңадарияның арнасын бойлап жатыр. Шұңқырдың табанынан санағанда жиналған шөгінді үш қабаттан тұрады. Төменгі бірінші қабаттың қалыңдығы – 7 метрден аспайтын майда тас аралас құм мен саздан тұрады. Шұңқырдың орта тұсында, қазіргі Қызылорда қаласы мен Тереңөзектің тұрған жеріндегі екінші қабаттың қалыңдығы 60-80 метр болатын үрінді құмның қалыңдығы шетке қарай жұқара береді де, шірік Рабаттың тұсында 30-45 метр болса, шығыс Арал өңірінде 6-20 метрден аспайды. Бұл екінші қабат осы өлкені ең алғаш мекендеген Келтемұнар тайпасының атымен аталады. Ең үстінгі, яғни, төменнен санағанда үшінші қабаттың қалыңдығы 1-6 метр, кей жерлерде 9 метрге дейін болатын саз, құмшық және құм аралас шөгіндіден тұрады. Бұл қабатқа біздің дәуірге дейін осы өңірді мекендеген Ақсарт (немесе Масығұт) тайпасының аты берілген.

Батысындағы екінші қазан шұңқырда – қазіргі Арал теңізі. Аралға деген осы заманғы көзқарас әртүрлі. Біреулер оны әлемдегі таңғажайып су жинағы (водоем), енді біреулер – табиғаттың жұмбағы десе, тіпті кейбіреулер – табиғаттың қатесі дегенді айтып жұр.

Несін жасырайық, сонғысы қит етсе табиғаттан "қате" тауып, айдалада алақандай су жатса болды, делебелері қозып, техникасын сүйрете жүгіріп, не кеміп сағасын байлайтын немесе бұрып ағызып жіберетін су мамандарының ауызынан шыққаны ешкімді таңқалдырмайды. Қалай дегенде де Арал теңізінің өте ерекше географиялық құбылыс екені сөзсіз. Олай дейтініміз, әлемге әйгелі Жазира шөл – Тұран ойпатының едәуір бөлігін алып жатқан арал теңізі жылдың алты ай бойы мыс қазандай қызып, айнала бет қаратпайтын ыстық аптап шашып тұратын құмдардың ортасында жатыр. Осынша қатал климаттың бетін қайтарып, оны сәл де болса жұмсартып тұрған – сол Арал.

Әлемнің қай тұпкірі болса да, құжынаған тіршілік ең алдымен өзендердің төменгі ағысында басталғаны тарихтан белгеле. Соның бірі Сырдария өзенінің атырауы. Ол Тартоғай стансасының тұсында ені 20-30 шақырым болып басталады да, батысқа қарай біртіндеп кеңейіп, Арал теңізінің шығыс жағалауына жеткенде ені 350 шақырым болып тіреледі. Егер осы бейнені сызып қараса, ол теңізге жапсарлап тігінен қоя салған алып үш бұрыш болып шығар еді.

Жазықтың ең биік нүктелері Тартоғай тұсында 140-151 метр, Жосалы тұсында – 100 метр, ал Аралдың шығыс жағасында 55 метрден аспайды. Сонда Сырдың атырауы теңіз бағытымен баяу ылдилап, көлбеу жатқан жазық дала. Жазық бетінде әр жерде жатаған жусан өскен щағыл құм төбелер мен жал-жал бұйрат құмдар. Теңіздің шығыс жағалауында – Қуандария мен Жаңадария арасында келтемұнар дәуірінен қалған бұйрат құмдар едәуір үлкен кеңістікті алып жатыр. Кейде жазық бетінде жалғыз-жарым төбелер кездеседі, мысалы, Аққыр, Қарақ, Жосалы, Көксеңгір. Олардың биіктігі 60-80 метрге дейін барады. Бітім-бейнесі еш нәрсеге ұқсамайтын сол қира-қира шоқыладың бауырайы тік жар болып келеді.

Бұлардан басқа биіктігі 40 метрге дейін баратын шағындау төбелер әр жерден бой көрсетеді. Олар ескі заманнан қалған топырақ қорғандардың орны – асарлар. Құралыасар, Жалпақасар, Жетіасар, Құмқала, Шірік Рабат тағы басқалары сағыммен бұлдырап, жолаушының көзіне ондаған шақырымнан көрінеді.

Арналар арасындағы кеңістіктің бет-бедерінің өзіне тән ерекшелігі бар. Мұнда теңіздің толқыны тәрізді бұйраттанып жатқан ауқымы әр түрлі су айрықтары, айнала ат шаптырым жиегі түйетайлы ойпаттар. Дария тасығанда бұл ой-шұқырлардың бәрі сумен толып, бүкіл атырауда жүздеген көлдер пайда болатын. Олардың ішіндегі балығы мол тұнба көлдер – Соркөл Қаракөл, Көксу, Ақсай т.б. Айнала егістік, шабындық жерлерді су басып, ыза көтеріп кетпес үшін жиегін тоғандап қойған Далакөл, Жыңғылдыкөл, құм төбелердің ара-арасындағы ой жерлердегі ащы көлдер – Сыр атырауының келбетіне осы өлкеге тән ерекшелік берді. Кезінде бұл өлкеде көлдердің көп болған себебі Сырдария екі мың шақырымнан асатын ұзақ жолында өзінің арнасымен ағып келіп, осы даланың шетіне жеткенде арнасына сыймай жазық даланы жаппай қамтып бірнеше тарауға бөлініп ағатын болған. Баяғы заманда Қызылқұмды кемерлеп ескі дариялық, оның солтүстік шығыс жағынан Іңкәрдария, даланың орта тұсында Қуандария, онан оңға таман Жаңадария, сосын негізгі арна Сырдария болып теңізге құйған. Қазір олардың көпшілігі кеуіп, құрғақ арналары ғана қалды.


Қызылорда облысының климаты

Сырдария бассейнінің климаттық жағдайын сипаттайтын әдеби мәліметтер баршылық болғанымен, олардың көпшілігі Қызылорда облысының бүкіл байтағындағы климат жағдайының ерекшеліктеріне соқпай, шектес жатқан аумағы кең үлкен жерлердің климатын жалпы тұрғыдан талдайды. Жергілікті жерде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, ауаның айлық орташа температурасы бойынша, Қызылорда облысының жерін сұр топырақты белдіктің солтүстік жағына және қоныр топырақты шөлейт дала аймағына жатқызады (Боровский, Погребинский, 1958 ж).

Қызылорда облысының климаты еуроазиялық құрлықтың ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік жазы, ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы – қарсыз қысқа, бірақ суық. Континенттік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылуы байқалмайды. Облыс байтағының барлық жерінде шілде айының орта температурасы +250-280. Территорияның көпшілік бөлігінде ең жоғарғы абсолюттік температура +440-470. Қыста облыстың солтүстік және оңтүстік бөлігінің арасында температураның айырмашылығы байқалып тұрады. Мысалы, облыстың солтүстігінде орналасқан Арал қаласының төңірегінде ең суық ай қантардың орта температурасы – 13,40, ал оңтүстігінде "Аққұмда" – 6, 80 десек, екеуінің арасындағы айырмашылығы - 6, 60С.

Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың қысқа болса да суық болатыны сонан. Қыс айларында кейде ең төменгі абсолюттік температура +400-450-қа дейін төмендейді. Температураның жылдық абсолюттік тірбелуі (амплитуда), яғни жоғары және ең төменгі температураның айырмасы - +850-900.

Ауаның тәуліктік орта температурасы 00-тан жоғары болатын күннің саны – 235-275. Ол 23 ақпан – 18 наурыздан басталып, қарашаның 12-28-інде бітеді. Сондықтан егінді пісіріп жинау суық ұрмайтын кезең 160-205 күнге созылады. Облыстың климатына тән ерекшелігі – құрғақшылық. Жауын-шашын өте аз. Оның жылдық орта мөлшері 100-150 мм-ден аспайды және әр маусымда бірдей емес: 60 проценті қыс-көктем айларында жауады. Жазда жауған жауынның топыраққа және өсімдікке пайдасы жоқ. Қыста жауған қар жабындысы жартымсыз және тұрақты емес. Әдетте қар желтоқсан айының екінші-үшінші онкүндігініде жауады, қалыңдығы 10-25 см, 2,5 ай бойы жатады. Кей жылдары қардың жатысы 4 айға созылады. Мысалы, 1993-1994 жылдың қысында, қараша айының басынан бастап қыс бойы 14 рет жауған қалың қар наурыздың бірінші онкүндігіне дейін жатты.

Облыс территориясында солтүстік шығыстан қатты жел соғып тұрады. Желдің жылдық орта жылдамдығы 3,1-ден 6,0 метр/сек. Дауылдатып топырақ суырып соғатын қатты жел Арал теңізінің төңірегінде жиі болады. Қыс айлдарында соққан желден топырақтың беті шытынап жарылады. Жазда да алай-түлей жел жиі соғады, облыс жері шаңдатып жатады.

Облыс байтағының басым дені құмды және сазды келетін шөл және шөлейт жазық болғанымен оның агроклиматтық жағдайы біркелкі емес. Вегетация кезіндегі жылу мен ылғалдың көрсеткіштеріне орай, облыстың территориясы бірнеше агроклиматтық аудандарға бөлінеді. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +100 -тан жоғары болатын температураның жинағы 3400 - 43000 аралығында болады. Осы көрсеткіштеріне қарай мынадай агроклиматтық аудандарға бөлінеді:


  1. Ыстық аудан – жылудың (+100 -тан жоғары) жинағы - 3400 – 40000.

  2. Өте ыстық - 4000 – 43000

  3. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық.

  4. Тау бөктері.

Сонымен қатар топырақ жағдайына байланысты тағы екі ауданға бөлінеді 4 агроклиматтық аудан.

1. Өте құрғақ ыстық агроклиматтық ауданға кіретін әкімшілік аудандар мен олардың бөліктері: Арал, Қазалы, (орталық бөлігін қоспағанда), Қармақшы ауданының солтүстігі, Тереңөзек (орталық және оңтүстік бөлігін қоспағанда), Сырдария ауданының солтүстігі, Шиелі, Жаңақорған ауданнының орталық бөлігі. Аталмыш ауданда температураның жинағы 3400 – 40000.

Ауаның температурасы +100 -тан жоғары болатын кезең 175-195 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші онкүндігінің аяғында және үшінші онкүндікте басталып, 160-205 күнге созылады. Шілде айында орта температура +25-270. Қантар айында -9-130. Жылына жауатын жауын-шашынның мөлшері - 115-130 мм. Қар желтоқсаның екінші онкүндігінде жауады, қалыңдығы 10-25 см. Дақылдың қандай түрін егуге де ауа райы қолайлы.

2. Сырдария өңіріндегі агроклиматтық аудан – негізгі егіншілік аймақ. Ол негізінен Сырдария өзенінің бойына орналастырылған. Бұл Арал ауданының шағын ғана оңтүстік батыс бөлігін және Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының орталық бөлігін қамтиды.

Ауаның +100 -тан жоғары температурасының жинағы 3600 – 42000, ал мезгілдің ұзақтығы 180-200 күн. Жазы ыстық, ұзақ, шілдеде орта температура -6,5-110. Жауын-шашын аз жылына – 35-75 мм. Желтоқсанның екінші-үшінші онкүндігінде қалыңдығы 10-15 см қар жауады, ол 15-2,5 ай бойы жатады. Бұл ауданда жылу сүйгіш дақылдардың көбі егіледі. (күріш, жеміс-жидек, жүзім, көкініс, бақша).

3. Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық аудан Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Тереңөзек, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған әкімшілік аудандарының оңтүстік жағын алып жатыр. Ауаның температурасы +100 -тан жоғары болатын жылу жинағы -4000-43000С. Осы кезеңнің ұзақтығы 195-205 күн. Суық болмайтын мезгіл сәуірдің бірінші жартысында кіреді, оның ұзақтығы – 180-190 күн. Күзде қазанның бірінші жартысында егінді суық ұрады. Жазы өте ыстық. Шілдеде орта температура +27-280С. Жаз айларында Иран жақтан оқта-текте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +450 -қа дейін көтеріледі. Ондай ыстық егінге өте зиян-ақ дақыл ауып кетеді, ыстықты көкөніс-бақша да көтере алмай, өсуі нашарлайды. Жауын өте аз, анда-санда жауады, жылдық нормасы – 35-60 мм. Қыста қар жоқ, жауса да тез еріп кетеді. Су болмаған соң егін егілмейді. Бұл ауданға кіретін жерлер малдың жайылымы ретінде пайдаланылады.

4. Тау бөктеріндегі құрғақ агроклиматтық аудан мұнда +100 -тан жоғары, температураның жинағы 3700 – 35000. Бұл агроклиматтық ауданға Жаңақорған мен Шиелі әкімшілік аудандарының Қаратау етегін қамтитын оңтүстік шығыс бөліктері кіреді. Ауаның температурасы +100 -тан жоғары болатын маусым-сәуірдің ортасында басталып, 185-188 күнге созылады. Қазанның бірінші онкүндігінде егінді суық ұрады. Жылдық жауын-шашын – 75-125 мм. Қыста жауатын қардың қалыңдығы 20-25 см, ол 65-70 күн жатады. Климаты көптеген жылу сүзгіш дақылдар егуге қолайлы. Бұл ауданда суармалы егіншілік пен қатар азын-аулақ тәлімі егіншілік бар.
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Адамзат үшін ең басты өндіріс құралы болып табылатын топырақтың тек өзіне ғана тән ерекше қасиеті оның құнарлығы, яғни, биологиялық өнімділігі. Бұл қасиет топырақтан басқа ешбір табиғи денеде болмайды. Ауыл шаруашылық өндірісі топырақтың осы қасиетін пайдаланып, адамға қажетті жалпы азық-түліктің (салмақ есебімен) 98-99 пайызын өндіреді, оның ішінде белогы бар азық-түліктің 85-87 пайызын. Сонымен бірге топырақ барлық шөп қоректі хайуанаттарды азықпен (шөппен) қамтамасыз етеді. Шын мәнінде тірі ағзаның қоректену тізбегі, яғни, трофикалық сатының барлық буындары топырақ арқылы өтеді. Жер атмосферасының газ құрылымын реттеп тұратын өсімдіктердің өсіп-өнуі осы топырақ құнарымен байланысты. Демек, топырақ экологиялық және биосфералық функциялардың толық жинағын орындайтын бірден-бір табиғи дене. Топырақтың атмосфера, гидросфера сияқты табиғи денелермен салыстырғанда өзіндік тұрақты ерекшелігі бар. Онда жылжу, құбылу және ұйтқып тұру сияқты құбылыстар болмайды. Осы ерекшелігіне орай әр географйиялық аймақтарда жергілікті жердің климат жағдайына байланысты топырақ түрлері қалыптасады. Топырақтың тағы да бір ерекшелігі – оған түскен зиянды заттар (ингредиенттер) пәлендей күрделі өзгеріссіз сол ортада жинала береді. Топырақтың табиғи дербес дене болып қалыптасуы, оның тек өзіне ғана тән құнарлық қасиетінің толысуы табиғи экожүйенің компоненттері арасында тепе-тендік қалыптасуына және оның сақталуына тікелей ықпалын тигізеді. Бірақ бұл онай емес. Ол уақыт ішінде, жүретін күрделі процесс болғандықтан мындаған, тіпті миллиондаған жылдарға созылады. Оның өсімдік өсетін ең құнарлы жоғарғы қабатындағы аса маңызды бөлігі болатын қара шірінді, яғни, гумус заты. Сол заттың жиналуына уақыт керек. Осы тұрғыдан алғанда, табиғи жағдайда қалыптасқан құнарлықты пайдаланғаннан кейін оны антропогендік жолмен дәл бастапқы күйіндегідей дәрежеге жеткізуге болмайтын табиғи қазынаның түрі деп қарау керек. Олай болса, адам өзінің шаруашылық қызметінің барысында топырақты пайдаланып, өзіне керек қор алғанда, онда геологиялық дәуір ішінде қалыптасып, мысқалдап жиналған байлықыты пайдаланды екен. ЮНЕП-тың (Біріккен Ұлтар Ұйымының комитеті) 1984 жылғы мәліметі бойынша, жер шарында 4,5 миллиард гектар жер түгел болмағанымен белгілі дәрежеде қуандануға, құнарлық қасиетінің азғындауына беріліп тұрған көрінеді. Жыл сайын шамамен 21,0 миллион гектар жер ауыл шаруашылық өндірісінде айналымнан шығып қалуда. Оған себеп, топырақтың әр түрлі жолмен деградацияға (бұзылу) ұшырауы етек алып барады. Фактіге жүгінсек, жыл сайын әлемде 200-300 мың гектар суармалы жерлер шаруашылыққа жарамсыз күйге көшуде, соның 30- дан 80-ге дейінгі пайызы сорланып, шайылып және батпақтанудың себебінен. Егінге пайдаланатын жердің 35 пайызы эрозиядан бұзылады. Сайып келгенде әр он жылда әлемде топырақ бетінің шамамен 7 пайызы құнарлы қабатынан айырылып қалады екен.

Қазіргі кезде жер шарында халықтың жан басына шаққанда шамамен 45 гектар тіршілікке жарамды жер бар деп есептеледі, оның 0,35 гектары ғана егіндікке жарайды. Ғалымдардың болжауынша, екі мыңыншы жылдан кейін көптеген елдердің тұрғындары құнарлы топырағы бар жердің жетіспеуінен экономикалық қыспаққа ұшырайды. Халық санының өсуі жер ресурстарын көбірек пайдалануды қажет ететіні күмән келтірмесе керек. Соған орай, топырақ бетінің құрылымы бұзылады, құнарлы кемиді.

Қазіргі кезде Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісінде айналымда жүрген жер көлемі 214 млн гектар, яғни, бұл республика байтағының 83 пайызы. Оның 34 млн гектары егіндік, 179 млн гектары жайылымдық жерлер. Алайда, осынша көлемді егіндік жерлердің бәрінде топырақ құнары жоғары деңгейде деуге болмас. Оның түрлі себептері бар. Топырақ құнарына орасан зор зиян келтіретіні эрозия құбылысы. Эрозия көп жағдайда климаттық факторлардың әсерінен болады. Атап айтқанда, көп жауған жаңбыр мен қалың жауған қардың тез еруі су эрозиясын қоздырса, қатты соққан жел құрғақ топырақтың беткі қабатын ұшырып, жел эрозиясын күшейтеді. Мұның екеуі де құнарлы топырақтың жауы. Күн сайын майдалап соққан жед топырақ бетін аздап болса да үрлей береді, ал қатты жел мен қара дауылдың әсері топырақ бетінің астан-кестенін шығаратыны белгілі. Әсіресе қара дауыл соққанда топырақ бетінің құнарлы қабатын ұшырып кетумен бірге егінді не көміп тастайды, не жас сабақтарын жұмалаған қиыршақтар (минерал бөлшектер) ұстарадай қияды. Сонымен бірге, опырақ бетін боратып соққан қара дауыл қоршаған ортаны, оның жекелеген компоненттері – суды және ауаны ластайды, адамның, малдың және жабайы хайуанаттардың денсаулығына зиянды зардабын тигізеді. Кейде қыс айларында қарсыз топырақтың жалаңаш бетін жел үрлеп алып кетеді.

Қазақстан жерінде бұл құбылыс, әсіресе Солтүстік және орталық аймақтарда жиі болып тұрады. Бар мәлімет бойынша, республикада эрозияға ұшыраған жердің көлемі – 69,7 млн га, оның ішінде жел эрозиясынан бұзылатыны 52,4 млн га, сонан егін егілетіні – 8,2 млн гектар. Ғалымдардың есептеулері бойынша, механикалық құрамы жеңілдеу Оңтүстік қара топырақтың 50 см беткі қабатын жел үрлегенде онымен бірге әр гектардан 11,0-16,0 тонна гумус, 1500 келі жалпы азот, 120,0 келі фосфор және тоннаға дейін калий жоғалатын көрінеді. Осындай себептерден эрозияға ұшыраған топырақтарда гумус 59 пайызға, суда еритін фосфор 40 пайызға, жылжымалы калий 50 пайызға азаятыны зерттеулердің нәтижесінде дәлелденген. Демек, топырақтың құнары едәуір кемитіні белгілі болып тұр. Эрозиялық процестердің пайда болуы мен даму сипатына қарап, оларды қалыпты (нормальная) немесе геологиялық және жылдам (ускоренная) немесе антропогендік деп бөледі. Геологиялық эрозия орман ағаштары мен шөптің астында толассыз баяу жүре береді, бірақ оның топырақ бетіне тигізетін пәлендей зияны жоқ, өйткені, топырақ құнары тез-ақ қайтадан қалпына келеді. Ал антропогендік эрозия болса, ол жергілікті жағдайда табиғаттың ерекшелігін ескермей адамның қалай болса солай шаруашылық жүргізуінен болады. Сондықтан бұл процесс қайтымсыз жүреді. Экономиканың аграрлық секторында экологиялық және азық-түлік проблемаларын шешудің негізі болып табылатын топырақ құнарын жақсарту, сөйтіп жердің өнімділігін арттыру.

Топырақ құнары-табиғи, жасанды және экономикалық (тиімді-эффективное) болып бөлінеді.

Табиғи құнарлықты алатын болсақ, ол мындаған жылдар бойы геологиялық, климаттық және топырақ құрылу процесінің нәтижесінде қалыптасады. Ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі көбінесе топырақтың табиғи құнарына, ондағы қоректік заттардың мөлшеріне, ығалға, олардың өсімдікке тиімділігіне байланысты болады. Табиғи құнарлықты тиімді пайдалану үшін өндіргіш күштер дамыған және агротехникалық деңгей, яғни, егіншілік мәдениеті жоғары болуы тиіс.

Аталмыш факторларды дұрыс пайдалағанда бастапқы табиғи құнарлық кемімейді, қайта қосымша құнарлық пайда болып, оның тиімділігі жоғарылайды. Мұны жасанды құнарлық дейді. Табиғи және жасанды құнарлық екеуінің жинағынан экономикалық (тиімді) құнарлық туындайды. Бұл соңғы ұғым топырақтың биомасса жасау мүмкіндіктерін көрсетеді. Тиімді құнарлықтың деңгейін жер бетінің әр бір өлшем бірлігіне (на единицу площади) шаққанда алынатын өнімнің мөлшерімен бағаланады.



Қазіргі кезде топырақ құнарының құлдырап азғындауы агроөнеркәсіп кешенінде ең басты кезек күттірмейтін проблема болып отыр. Топырақтың табиғи құнарының қайтадан қалпына келу мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне ыңғай ауыл шаруашылығының экологиямен байланысты дамуының үш түрі бар деп айтуға болады.

  • ауыл шаруашылық өндірісін жүргізудің топырақ құнарын аздыратын үрі. Бұл жағдайда топырақтың табиғи құнарының қайтадан қалпына келуі толық болмайды (природоемкий – табиғатты аздырушы түрі).

  • ауыл шаруашылық өндірісінің табиғатты қорғайтын түрі, яғни, топырақ құнарын қалпына келтірудің қарапайым түрі.

  • ауыл шаруашылық өндірісінің табиғатты қорғап, оны сауқтыратын түрі, яғни, топырақ құнарын толық қалпына келтіру.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің топырақ құнарын аздыратын түрі қолданылып жүр. Яғни, табиғи құнарлықтың толық қалпына келу мүмкіндіктері жоқ. Олай дейтініміз, көптеген аймақтарда мұны жер қорларының азып-тозып кеткен күйінен байқауға болады. Бар мәліметтерге жүгінсек, Ресейде соңғы 25-30 жылда топырақтағы гумустың мөлшері 13 пайызға кеміп кеткен. Ал Украина мен Қазақстанда бұл көрсеткіш он пайызға кеміген болса, Белорус пен Балтық жағалауында топырақтағы гумустың мөлшері бұрынғысынан біршама көбейгені жөнінде деректер бар. Егіндік жердің сапасы тез төмендеп, жыл сайын мындаған гектар бұрын құнарлы жерлер айналымнан шығып қалуына қарағанда жер қорларының күш-қуаты (потенциалы) азғындап бара жатқан сынайлы. Мәселен, Ресейде 1970 жылдан бері эрозияға ұшыраған, сорланған, қышқылданған жерледің көлемі екі, ыза тепкені (батпақтанған) – екі, тастақтылары – үш, құмдауыт жер көлемі сегіз есе көбейген көрінеді. Мұндай жағдайда топырақтағы органикалық заттың шығыны тек жартылай ғана қалпына келеді. Соған орай, соңғы жылдары топырақтың табиғи құнарының төмендеуі салдарынан астықтың орта түсімі 10,0 центнерге төмендеп кеткен. Сырдарияның төменгі ағысындағы суармалы алқаптар да осының кебін киді десек шындықтан алыс емес. Оған дәлел, облыс байтағында жүрген 286,0 мың гектар суармалы жердің 58,5 мың гектары ызаланып, сорланып шаруашылыққа жарамсыз болып тұрғаны. Бұл мәлімет ресми ақпараттан алынған, ал шын мәнінде ондай жердің көлемі келтірген мәліметтен едәуір артық болуы ықтимал. Олай деуге негіз жоқ емес. Бұрыннан дәстүрлі егіп келе жатқан дақылдардың өнімі күрт төмендеп кеткеніне қарағанда, жағдай мәз емес сияқты. Қазір республикада және бүкіл әлемде тиімді (экономикалық) құнарлықты қайтадан қалпына келтіру проблемасына көбірек назар аударылуда. Әрине, бұл жолда теория мен практиканың үйлесімді болуы шарт. Десек те көп жағдайда тек экономикалық тиімді құнарлыққа бірыңғай бет бұрып, оны минералдық тыңайтқыштардың ғана көмегімен жасауға ұмтылыстың нәтижесінде күткен экономикалық тиімділік болмағаны өз алдына, ол орасан ауыр экологиялық дағдарысқа әкеліп тіреді. Оны Қызылорда облысының жағдайында соңғы 30 жылдық суармалы егіншілік әжірибесі көрсетіп отыр. Сол сияқты Ресейдің, Өзбекстанның бір қатар аймақтарында да жағдай дәл осындай. Оның басты себебі, жасанды өндіріс құралдарын көптен шығарып, оларды нақтылы аймақтың топырақ-климат ерекшеліктерін ескермей, қалай болса солай шектеусіз қарқынды пайдаланудың салдарынан топырақ құнарының табиғи қорын бей-берекет ысырапқа түсіреді. Мысалы, тың және тыңайған жерлерді игергенде алғашқы кезде бұрыннан ғасырлар бойы жиналып, қордаланған табиғи құнарлықтың деңгейі төменгі белгіде тұрақтанды немесе күрт кеміп, жер өндірістік айналымнан шығып қалды. Сөйтіп, табиғи құнарлықтың ретсіз ысырапқа ұшырап төмендеуін жасанды құнарлықты молайтудың есебінен толықтыру тиімсіз, оның келешегі күңгірт екені көрініп қалды. Көптеген аймақтарда топырақтың табиғи құнары бұзылып, агроэкожүйе азғындаған сайын техника, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданудың тиімділігі төмендеп барады. Жинақталған тәжірибеге жүгінсек, жасанды құралдарды (техника, минерал тыңайтқыштар, пестицидтер) көп қолдану топырақтың табиғи құнарының тапшылығын бүркемелеп қана тұратын сыңайлы. Мәселен, минерал тыңайтқышты алатын болсақ, көптеген ғалымдар мен мамандардың айтуынша, олар бүгінгінің ғана жасанды құралы болғандықтан, оларды көптеп қолдану топырақты жақсартатын ұзақ мерзімге бағытталған іс-әрекет емес. Сол себепті, минерал тыңайтқыштарды жыл сайын қайталап, мол қолданғанда топырақтағы табиғи құнарлықтың кемуі сырттай қарағанда байқалмайды, бірақ оның күрделі қоры қайтымсыз шығынға ұшырайды. Көптеген аймақтарда топырақтағы гумустың азаюы соның айғағы, әйтпесе, ол жерлерде минерал тыңайтқыштар тапшы болып тұрған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет