«Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



бет12/17
Дата28.04.2016
өлшемі3.13 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

_______________________________

(Ф.И.О. заявители) (домашний адрес, тел.)




Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы
(үй малы, құс үшін)

Саяжай










Бақша










Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі










Шартты жер үлесі










Мүліктік пай (берілген жылы)










Үй малы, құс:









ірі қара мал: сиыр, бұқа










жылқы: бие, айғыр










түйе, інген










қой, ешкі










тауық, үйрек, қаз










шошқа









Өтініш берушінің қолы _________________


Күні«___» _________ 20__ ж.

Кент, село, селолық округ немесе

жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

туралы мәліметтерге қол қоюға уәкілетті органның

өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә. ___________ _____________________

(қолы) (тегі)

Жоба
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

ауылдық округтің әкіміне – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушы жүгінген күні сол жерде құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан асырмай есептегенде, кезектегі адамдардың санына байланысты;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

2) ауылдық округ әкімі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады;

3) ХҚО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге, ауылдық округ әкіміне не ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;

4) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;

5) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы;

6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарт.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) – 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың бланкілері мемлекеттік қызметті көрсету орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі және олар өздері толтырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжат түпнұсқада беріледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көрсетілген құжат салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмеде беріледі, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілген құжаттардағы ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде расталған кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде, ауылдық округ әкімінде – көрсетілетін қызметі алушыға тіркелген және мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да – тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні көрсетілген өтініш;

2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) мен орны;

5) орталықтың құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат беріледі.

10. Мыналар:

1) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан еңбекке жарамды Қазақстан Республикасының азаматтарына;

2) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады.

11. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және
(немесе) олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе әкімге жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі.

ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 15-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша және телефондар арқылы ХҚО басшысына беріледі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, пошта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімнің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он) бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде халыққа
қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктерін ескере
отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚО-ға өзі баруға мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарын қабылдауды ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.enbek.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

жобасына 1-қосымша         


______________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)    
уәкiлетті органына
______________________________________
(тұрғылықты жері, ауданы)    
______________________________________
(көшесi, үй және пәтер №, телефоны) 
мекенжайы бойынша тұратын
______________________________________
(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты)
жеке басын куәландыратын құжаттың №
______________________________________
_______________________________ берген
берiлген күнi ________________________
ЖСН __________________________________
жеке шотының № _______________________
қызмет түрі __________________________
Өтініш
      Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.

Менiң отбасым ______________________________________ адамнан тұрады.

Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды № 2-4 қосымшаларға сәйкес 3 данада ұсынамын.
      Өзгерiстер болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.
      Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
      Жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертiлді. Менің табысымды (отбасымның табысын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
      20 __ ж. «___»_____________       _____________________________
                                            (өтiнiш берушінің қолы)

      Құжаттар қабылданды


20 __ ж. «__»__________ _____________________________________________
                     (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

      Отбасының тiркеу нөмiрi


      Өтініш қоса беріліп отырған құжаттармен бірге учаскелік комиссияға 20__ ж. «__» _________ берілді.
      20__ж. «___»________ қабылданды _______________________________
құжатты қабылдап алған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы;
      құжаттардың ауыл, ауылдық округтің әкімінен қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі 20__ж. «__»_______ құжатты қабылдап
алған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы ________________________________
---------------------------------------------------------------------
(қию сызығы)
      Өзгерiстер болған жағдайда, олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн. Жалған ақпарат және дәйексіз (жасанды) құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы ескертiлді. Менің табысымды (отбасымның табысын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.

      Өтiнiш берушінің қолы _________________________________________


      Азамат (ша) ___________________ өтiнішімен қоса берiлiп отырған
құжаттар _____ данада, отбасының тiркелу нөмiрi ________________ 20__
жылғы «___»_____________ қабылданды.
____________________________________________________________________       құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік


көмек тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

жобасына 2-қосымша         


Отбасының тіркеу нөмірі _________
Өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтер
____________________________________ ________________________________
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.)                 (үйінің мекенжайы, тел.)


Р/с


Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған жылы
































      Өтініш берушінің қолы _________ Күні _________


      Органның отбасы құрамы
      туралы мәліметтерді растауға
      уәкілеттік берілген лауазымды
      адамының Т.А.Ә.______________________
                            (қолы)

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік


көмек тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты

жобасына 3-қосымша         


Отбасының тіркеу нөмірі ______
20__ жылғы _______ тоқсанда
адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің)
алған табыстары туралы
мәліметтер
_____________________________________________________________________                   (Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)



Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Жұмыс, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен тіркелу фактісін растайды)

Құжаттамалық расталған табыс сомалары

Өзге де мәлімделген табыстар

еңбек қызметінен

зейнетақы, жәрдемақы

кәсіпкерлік қызметтен

стипендиялар

алименттер

табыстың өзге де түрлері

















































      Өтініш берушінің қолы ______________________________
      Күні _______________________________________________
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты жобасына 4-қосымша

Отбасының тіркеу нөмірі __________


Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер

(табыстарды есептеу үшін)____________________________



_______________________________

(Ф.И.О. заявители) (домашний адрес, тел.)




Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Саны

Жасы
(үй малы, құс үшін)

Саяжай










Бақша










Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі










Шартты жер үлесі










Мүліктік пай (берілген жылы)










Үй малы, құс:









ірі қара мал: сиыр, бұқа










жылқы: бие, айғыр










түйе, інген










қой, ешкі










тауық, үйрек, қаз










шошқа










Өтініш берушінің қолы _________________

Күні «___» _________ 20__ ж.

Кент, село, селолық округ немесе

жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

туралы мәліметтерге қол қоюға уәкілетті органның

өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә. ___________ _____________________

(қолы) (тегі)
Жоба


Каталог: sites -> default -> files -> users -> kanat-korda -> proety gos uslug
kanat-korda -> ТОҚсан бестің толғауы (Ардагермен сыр-сұхбат)
kanat-korda -> Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының әзірлеу мониторингі бойынша жедел есептілік
kanat-korda -> Хабарландыру
kanat-korda -> Қазақстан: «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының екінші кезеңі
kanat-korda -> ДСҰ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі комитетімен 2013 ж. 1 31 наурыз аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> ДСҰ санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі Комитетімен 2013 жылғы 1-28 ақпан аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
kanat-korda -> Үзінді Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы
kanat-korda -> Выписка о награждении многодетных матерей подвесками «Алтын алқа» и «Күміс алқа» постановляю
proety gos uslug -> «Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесінің объектілерін алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
proety gos uslug -> «Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының режимін келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет