Батыс қазақстан облысы бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 2013 жылға арналған жұмыс



бет7/12
Дата25.04.2016
өлшемі2.14 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2012 жылғы тәрбие жұмысына талдау
Оқу үрдісіндегі тәрбие құрамдасын күшейту - Елбасы жолдауын іске асыру бағыттарының бірі.

Бұл тапсырма Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тәрбие жұмыстары мен жастар саясаты негізгі бағыт болып табылады. Мұндағы мақсат - жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, елжандылық сезімді, жоғары адамгершілік құндылықтар мен көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыру.

2012 жылы бойынша Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы бойынша аудан білім беру мекемелерінде жылдық жоспар құрылып, осы жоспарға сай шаралар өткізілді.

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – 30, оның ішінде 21-сы білім жетілдіру курсынан өткен . Олардың жоғары санаттысы – 4, І санатты – 11, ІІ санатты – 9, санаты жоқ – 6.

Аудан мектептерде жалпы саны 24 тәлімгерлер бар. Оның ішінде ІІ санатты – 5, санатсыз - 19 тәлімгер, сапалық құрамы тәлімгерлер арасында өте төмен.

Аудан 24 мектептерінде, 8 балабақшаларда және үздіксіз білім беру орталығында 42 педагог-психолог жұмыс жасайды. Оның ішінде жоғары санатты – 2, І санатты – 2, ІІ санатты – 13, санаты жоқ – 25.

Аудандық қосымша білім беру жүйесінде 4 қосымша білім беру мекемелері жұмыс атқарады: 1 – саз мектебі, 1-балалар өнер мектебі, 1 - мектептен тыс жұмыс орталығы, 1 - туризм орталығы.

Қосымша білім беру мекемелерінің желісінде өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс бар, оларда 2011жылы бала саны - 1890 (23,7%) болса, 2012 жылы 2222 (28,3%) оқушымен қамтылып отыр. Қосымша білім беру мекемелерінде 2011 жылы жалпы педагогтар саны – 112 болса, 2012жылы – 143 педагог.

Аудан мектептерінің оқушыларына музыкалық және көркемсурет шығармашылығымен, туристік-өлкетану ісімен айналысып, оларға облыстық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдарда табысты өнер көрсетулеріне мүмкіндік берілген.

Би ұжымдарының жетістіктері педагогтардың жоғары кәсіби дайындығының және оқу-тәрбие процесін үнемі жетілдіру жолындағы жұмыстарының көрсеткіші болып табылады.Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен халықаралық «Весенний перезвон» балалар фестивалінде мектептен тыс жұмыс орталығының «Әдемі» үлгілі би тобы ІІ және ІІІ дәрежелі лауреат атанды.

VIIІ Ұлттық Жастар Дельфилік ойындарының облыстық кезеңінде ауданымыздың 58 қатысушысы жетістікке жетті.

Мектептен тыс жұмыс орталығының «Әдемі» үлгілі би тобы екі І орынға, саз мектебінің оқушылары «Баян» номинациясы бойынша Балписов Қуаныш І орынға, Мұрзагереев Мансұр ІІ орынға, «Фортепиано» номинациясында Бикетова Жанат ІІ орынға, «Домбыра» номинациясында Әлсен Ислам ІІІ орынға, балалар өнер мектебінің оқушылары «Көркемсурет» номинациясында Балтиева Жания І орынға, Молдағалиева Агния ІІ орынға, «Фотосурет» номинациясында Черчимова Варя ІІ орынға, «Қолданбалы өнер» номинациясында Фатахова Ивилина ІІІ орынға, «Скрипка» номинациясында Юртубаева Алия, «Фотография» номинациясында Даниленко Сергей, «Хореография» номинациясында «Балдырған» би тобы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

Щучинск қаласында өткен VІ халықаралық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық конкурсында дизайн студия үйірмесінің тәрбиеленушісі Ахметова Малика «Кішкентай ханзада, кішкентай ханшайым» номинациясында І орынды иеленді.

Алматы қаласында өткен «Күншуақ» ІХ халықаралық байқауында домбыра үйірмесінің тәрбиеленушілері Боранова Жанна мен Жұмагельдин Аманжан ІІ орын алды.

Ауданымыздағы мектептен тыс мекемелердің тәрбиеленушілерінің басым бөлігі туристік-өлкетану ісімен жас туристер станциясына қарасты 24 филиалда айналысады. Жыл сайын аудан оқушылары «Қарлығаш», «Алтын дала», «Менің Отаным - Қазақстан», «Бердинг» атты туристік слеттер мен түрлі байқауларға қатысып, онда балаларды қоршаған ортамен таныстырып, білімдерін тереңдетіп, қауіпсіздіктің алдын алу және кедергілерді жеңудің жолдарын үйренеді.

Облыстық су туризмі жарысында Бөрлі ЖББОМ-нің командасы ІІ орын және «Менің Отаным - Қазақстан» республикалық туристік экспедиция шеңберінде өткізілген жарыста ІІІ орынды иеленді.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 21 жылдығын атап өту аясында оқушыларды «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты түрде өткізілді. Оның алғашқы мүшелігіне ауданымыздың 1100 оқушысы қабылданды.Олардың арасында түрлі деңгейдегі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, мектепішілік өзін-өзі басқару белсенділері бар.

Облыстық «Жайық ұландары – болашақ қырандары» слетінде Ақсай қаласының №5ЖББОМ командасы (В.Г.Лилекова) І орынды, облыстық «Жас құтқарушы» байқауында №2ЖББОМ (А.А.Қадырғалиева) ІІІ орынды иеленді.

Ауданның білім мекемелерінде өз Отанына деген мақтаныш сезіміне, мемлекеттік рәміздерге құрмет, Қазақстан Республикасының беделді образын қалыптастыруға тәрбиелеу жолында мақсатты жұмыстар жүргізіледі. «Мемлекеттік нышандарды үздік насихаттау» облыстық сырттай байқауында Ақсай қаласының №6ЖББОМ (К.М.Сұлтанова) І орынға ие болды.

Бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты әлеуметтік маңызы бар тапсырмалардың бірі - жастар арасындағы қылмыстың өсуін төмендету жолдарын іздеу мен алдын-алу тиімділігін көтеру болып табылады.

2012 жылы аудандық кәмелетке толмағандар есебінде тұрған оқушылар саны – 19, ол 2011 жылмен салыстырғанды 14 оқушыға кеміп отыр (33).

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себебі жасөспірімдер мен балаларды тәрбиелеудегі зерделі қарым-қатынастың жеткіліксіздігі. Бұл жерде отбасының орыны ерекше. Жыл сайын отбасылық тәрбиенің үздік тәжірибесін анықтау мақсатында аудандық «Алтын ұя», «Мөлдір бұлақ» байқаулары өткізіледі. 2011 жылдың қарашасында өткен облыстық «Алтын ұя» байқауында Ақсай қаласының №5ЖББОМ-нің Бижановтар отбасы ІІ орынды иеленді.

Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, мінездеріндегі қауіпті қылықтардың алдын-алу бойынша жұмыстардың жеткіліксіздігі аса мән беруді қажет етеді. Нашақорлық, токсикомания, ішімділікке салыну мәселелерін оңтайлы шешу жолының бірі - алдын алу жұмыстарын жоғарғы деңгейде ұйымдастыру. Бұл бағытта халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналған «Жайық жастары салауатты өмір салты үшін» аудандық фестивалінде Қызылтал ЖББОМ (М.М.Сиражева), Жарсуат ЖББОМ (А.Ж.Бижанова), №4ЖББОМ (М.Қ.Махауова), №3ЖББОМ (Н.А.Шығанақова) наркобекеттері тәжірибелі жұмыстарын көрсете білді.

Ауданда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны -59, ал 44 бала 38 жанұяның қамқоршылығы мен қорғаншылығында, 15 бала 12 жанұяның патронаттық тәрбиесінде. Даму мүмкіндігі шектеулі 38 бала үйде жеке оқытылады.

Балалардың сауықтырылуы мен жазғы демалысын ұйымдастыруға ауданымызда ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мақсаттарға аудан бюджеті есебінен 10 310 000 теңге қарастырылды.

Жазғы демалыс кезінде мектептерде 2550 баланы қамтыған 21 лагерь жұмыс жасады, «Жас турист» шатырлы лагерінде 360 оқушы, мектеп үлескілерінде көгалдандыру жұмысына 1664 оқушы қамтылды.

Аудан мектептерінің оқушылары Астана, Алматы, Қарағанды, Щучинск, Орал қалаларының лагерлерінде демалды.

Ағылшын тілін жетілдіру мақсатында 12 оқушы ата-аналар есебінен АҚШ-та оқыса, 3 бала Италияның Чезенатико сауықтыру лагерінде демалып қайтты.

Сонымен қатар, 2011-2012 оқу жылындағы күзгі, қысқы, көктемгі демалыстарында Аксай қаласы мектептерінің аз қамтылған және көп балалы отбасылар балалары «Талап» санаториясында 10946900 теңгеге демалып, денсаулықтарын түзеді.

Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы «...оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» деп атап көрсетті.



Жалпы аудандық әдістемелік кабинеттің жұмысы қойылған міндеттерге сәйкес терең, жүйелі жүргізілді. Бұл жұмыс формасының тиімділігін, орнықтылығын қамтамасыз етеді. Осындай ұтымды инновациялық сәйкестілік пен жүйелілік арқылы жұмыстың үйлесімділігі алдағы жылда да өз жалғасын табады.
Атқарылған жұмыстарға талдама жасай отырып, атқарылған жұмыстар бойынша

2013 жылға жаңадан міндеттер қабылданады:


  • мектепке дейінгі білім мекемелерінде педагог кадрлардың біліктіліктерін арттыру бойынша атқарылатын жұмыстар жүйесін әріге қарай дамыту, өзін-өзі дамытуды жүйелеу;

  • мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмыстарын жаңа сипатта жүргізуге, тиімділігін арттыруға әдістемелік көмек ұйымдастыру;

  • 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында педагогикалық кадрлардың сапалық құрамын жақсарту мақсатында педагогтардың кәсіби, әдістемелік құзырлылығын арттыру;

  • Білім беруді дамыту бағдарламасы аясында педагог кадрлардың жаңа педагогикалық және ақпаратық технологияларды қолдану есебінен мектептердің жұмыс тиімділігін арттыру;

  • ОЖСБ, ҰБТ нәтижелерін талдау және өзінше пайымдау есебінен білім жүйесі қызметінің және оның барлық компоненттерінің тиімділігін арттыру, білім беру технологияларын және оқыту әдістемелерін арттыру;

  • Эксперименталдық алаңдардың эксперименталдық және инновациялық іс-әрекетті сараптау және сапасын арттыруға әдістемелік көмек көрсету;

  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы бойынша тапсырылған өте көкейкесті болып табылатын «Қазақстан құқығы», «Өлкетану», жеке табысқа жетудің, жеке тұлғаның әлеуметтенуінің әдістемесі сынды «Акмеология» сияқты пәндерді оқыту үдерісінің сапасын бақылау және әдістемелік дайындығын назарға алу;

  • Білім берудегі инновациялық, педагогикалық тәжірибені анықтау, меңгеру мен бағалау нәтижелерін таратуда мұғалімдердің шығармашылық бастамалары мен кәсіби өсуін ынталандыруда қолдау көрсету;

  • Шағын жинақталған мектептерінің кадрлық потенциалын арттыруда жұмыс бағыттарын жандандыру;

  • Мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балалардың білім беру бағдарламалары мен түзету көмектеріне талдау, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар және жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білімді дамытуға арналған жағдайларын қамтамасыз ету, білім мекемелерінде мүгедек балалардың мүмкіндіктеріне арналған «қауіпсіз аймақтың» құрылуы;

  • Жеке тұлғаның қоғамдық белсенділігін, азаматтық әлеуметін, тілдесу мәдениетін және социумдағы тәрбиесін, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;

  • Әлеуметтік жетімдіктің және отбасылық сәтсіздіктің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйесін жандандыру;

  • Білім берудегі инновациялық, педагогикалық тәжірибені анықтау, меңгеру мен бағалау нәтижелерін таратуда педагогтардың шығармашылық бастамалары мен кәсіби өсуін ынталандыруда қолдау көрсете отырып, ұсыныстарын, пікірлерін, ой қозғауларын аяқсыз қалдырмау;

  • Педагогтардың шығармашылық ойларын дамыту, педагогикалық қызметкердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру;

  • Әдіскерлер мен педагогтардың облыстық, республикалық шараларға, конференцияларға, форумдарға белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

  • Кабинеттің тьюторлық моделі қызметін басқару, әдістемелік көмек беру, мұғалімдерінің кәсіби өсуін қамтамасыз етуді және педагогикалық озық іс-тәжірибелерді таратуды жалғастыру.


Әдістемелік кабинеттің проблемалық тақырыбы:
«Нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары».
Әдістемелік кабинет әдіскерлерінің ұстанымы:
Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы.

А. Байтұрсынов

III. 2013 жылға әдістемелік кеңестің жұмыс жоспары

Ақпан .



  1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысының және «Балапан» бағдарламасының Ақсай қаласының №4,5,6.7 МДҰ-да жүзеге асырылуы

Насипова Р.Т., әдіскер

  1. Қызылтал ЖББОМ, Приурал ЖОББМБ, Бумакөл ЖОББМБ –да қоғамдық - гуманитарлық бірлестіктерде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуы

Бураншеева А.О., әдіскер



  1. Сынып портфолиосы мен сынып жетекшінің қызметін қалыптастыру туралы (№1,3,4, Пугачев, Березоорта мектептері және Қанай негізгі мектебі,)

Итулина Г., әдіскер



Сәуір


  1. Ағылшын тілі мұғалімдерінің білімін жетілдіру

Султангалиева Ж.А., әдіскер

  1. Аудан мектептеріндегі бағдарлы оқытудың оқушының жеке тұлғасын дамытудағы маңызы.

Таменова Г.Н., әдіскер.


  1. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында 12 баллдық жүйеде оқушылардың өзін- өзі

бағалаудың тиімділігі.

Қарағойшиева С.Н., АӘК әдіскері.



  1. Ақсай қаласының № 2 ЖББОМ, №4 ЖББОМ, Ақсу ЖББОМ, Облавка НМ технология, бейнелеу өнері бойынша білім беру сапасы

Хасанова Б.А.,әдіскер
Қазан


  1. Ауыл мектептеріндегі ағылшын тілін ерте жастан оқыту және № 3, № 4, № 6 ЖББОМ

терендетіп оқытылатын сыныптарда білім сапасы туралы.

Султангалиева Ж.А., әдіскер



  1. ҰБТ және ОЖСБ-ға дайындықты көтеру мақсатында өткізілетін факультативтер мен арнайы курстардың жүргізілуі туралы. (Бөрлі, Березов, Приурал ЖББОМ)

Таменова Г. Н. – әдіскер

3. Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ, Киров ЖББОМ ,Акбулак ЖББОМ технология, бейнелеу өнері пәні білім беру жағдайы.

Хасанова Б, әдіскер


  1. .ШЖМ-де жас мамандар мектебінің жұмысы туралы ( Өспен НМ, Киров ЖББОМ, Бумакөл ЖББОМ ).

Байниязова А.Г., әдіскер

Желтоқсан


  1. АӘК- тің жобалық қызметінің кәсіби нәтижелері.

Жоба жетекшілері, әдіскерлер


  1. 2013 жылдағы аудандық әдістемелік кабинетінің жұмыстарының қортындысы және 2014 жылға жұмыс жоспарын бекіту.

Ахметова Р.К., АӘК меңгерушісі.
IV.АӘК меңгерушісі жанындағы кеңес


Ай-лар


Мәселелер


Жауапты

Қаңтар

1.Әдіскерлердің міндетті қызметтерін бөлу.

2.I-ші жарты жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы туралы.

3.Аудандық пән олимпиадаларының қорытындысы туралы


Р.К.Ахметова

Г.Н.Таменова,

әдіскерлер

Р.К.Ахметова



Наурыз

1.ҰБТ – ға дайындықтың барысы. (№4,5, Березовка, Кызылтал ЖББОМ)

2. Ақсай қаласының № 3 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тереңдетіліп оқытылу жағдайы.

3.Шағын комплектілі мектептерде «Мұғалімдердің оқушыларды жалпы оқу жетістіктерін бағалау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлау жұмыстарындағы тиімді әдіс-тәсілдері» (Ақұлақ ЖББОМ, Березов ЖББОМ)


Р.Т. Насипова,

Г.Н.Таменова

А.Бураншеева
А.Г.Байниязова


Мамыр

1.Оқушылардың білім сапасын жақсартуда кітап оқуға деген ынта- жігерін арттырудың маңызы.

2.Оқушылардың ғылыми жарысын өтікізудің

қорытындысы.

3.Жылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы

«On-Line» тәртібі бойынша өткізілетін консультацияға, семинарларға қатысу туралы


С.Н.Қарағойшиева

Р.К.Ахметова

Әдіскерлер

Г.Н.Таменова




Қыркүйек

1. Мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету барысы және кітапханашылардың кәсіби шеберлігі туралы

2.Кабинеттің жұмыс моделі тьюторлық қызмет барысы.

3.Білім мекемелерін педагог кадрлармен қамтамасыз етілу жағдайы.


Ж.Ш.Ниярова.
Р.К.Ахметова,

№1-6 ЖББОМ.

А.Г.Байниязова.


Қараша

1.Тереңдетілген сыныптардағы математика, физика және информатика пәнінің берілуі. (Ақсай қаласының № 1- 6 ЖББОМ)

2.Бөрлі, Бума, Приурал ,Александровка балабақшаларындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жағдайы, білім беру қызметінің сапасы

3.Ақсай қаласының № 3 ЖББОМ, Кирово ЖОББМБ, Тихонов НМ орыс тілі мен әдебиетінің берілу жағдайы.

4.Жарсуат ЖББОМ, Облавка ЖББОМ ,Тихонов ЖББОМ, Успен ЖББОМ, Карачаганак ЖББОМ, Ниязбек ЖББОМ технология, бейнелеу өнері және сызу пәні білім беру жағдайы.


Г. Таменова

Р.Т. Насипова


А.Даулетова


Б. Хасанова





Білім беру ұйымдары мен педагог қызметкерлердің аттестатталуы




Іс-шараның атауы

Өткізу мерзімі

Жауаптылар



Педагог қызметкерлердің қызмет нәтижелерін талдамалық қорытындылау

қаңтар-наурыз

Р.Ахметова, әдіскерлер



Аттестаттау комиссиясының қарауына құжаттарды дайындау

сәуір

ә.к.әдіскерлері, кадр бойынша әдіскер А.Байниязова



Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың екінші кезеңі–педагог қызметкерлер қызметінің талдамалық жалпылау қорытындысын өткізу

мамыр

Ә.К.әдіскерлері, Байниязова А.Г.



2013-2014 оқу жылында аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамын білім беру ұйымдарының алқалық шешімімен бекітіп, 2013 жылдың 10 маусымына дейін жасақтау

маусым

Ә.К. әдіскерлері

Байниязова А.Г.





Облыстық білім басқармасына 2013 жылдың 15 маусымына дейін 2013-2014 оқу жылында аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамын ұсыну.

маусым

Байниязова А.Г.



Нысан бойынша 2012-2013 оқу жылында аттестатталған педагог қызметкерлеріне қызметтік міндетіне сай санат беру туралы куәліктерді дайындау және беру.

маусым

Байниязова А.Г.



«Педагог қызметкер» туралы мәліметтер базасын толтыру.

қыркүйек

Ә.К. әдіскерлері

Байниязова А.Г.





Педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі - біліктілік тестілеуден өткізуді ұйымдастыру.

қазан-желтоқсан

Байниязова А.Г.

Каталог: documents -> ROO Zhosparlary
documents -> Эффективность применения коллоидной фитоформулы ангиомега комплекс в кардиологии
documents -> 2015 жылдың қазан айының репертуары
documents -> I. 2013-2015 жылдарға арналған Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
documents -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
documents -> Қызылорда облысы әкімінің 2013 жылға арналған Іс-қимыл жоспары
ROO Zhosparlary -> Аудандық әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілді 28. 12. 2012 жыл №5 хаттама «Бекітемін» Бөрлі ауданының білім беру
ROO Zhosparlary -> Ақпараттық технологиялардың маманы, физика, математика және информатика пәндерінің әдіскері Г. Таменованың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет